Негізгі құралдардың мәні, есепке алудың теориялық негізі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндірістік құрал - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысты. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым - қатынастар саясаты жаңа сипат алды. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс - әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру қағидаларына негізделуі тиіс.

Нарықтық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жасалған Бухгалтерлік есеп стандарттары мен қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ қағидалар мен ережелерге және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және олардық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының президентінің “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар №2732 Жарлығы қабылданды. Бұл заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасынан қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері жаңа БЕС бойынша өз жұмыстарын жүзеге асыра бастады.

Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орындардың бірін алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бекітілген номативтік - құқықтық актілердің жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімділігін жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.

Қазақстан экономикасының дамуында, оның стратегиялық маңызды салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар ерекше орын алады. Олардың балансында мемелекеттің ұлттық байлығының маңызды бөлігін құрайтын негізгі құралдардың басым бөлігі шоғырланған. Ал кәсіпорын өз алдына олардың есебін жүргізуі тиіс. Негізгі құралдар әр уақытта кез - келген кәсіпорынның негізі болып табылғандықтан және онысыз ешбір кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыра алмайтындықтан, олардың есебін жүргізу де әрқашан көкейкесті мәселелердің бірі болып қала береді.

Курстық жұмыстың мақсаты - негізгі құралдарды есептен шығару.

Бұдан барып келесідей мәселелер орын алады:

  • негізгі құралдарды есептен шығарудың жағдайлары;
  • негізгі құралдарды есептен шығарудың тәртібі;
  • негізгі құралдардың тозуы және қайта бағалау;
  • амортизацияны есептеу әдістері;
  • негізгі құралдардың есебін жетілдіру.

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курсттык жұмысты жазу барысында Қ. К. Кеулімжаевтың “Қаржылық есеп”, “Бухгалтерлік есеп принциптері”, В. К. Родосотовецтың “Кәсәпорындағы бухгалтерлік есеп” әдебиеттерін және мерзімдік басылымдардың материалдарын пайдаландым.

1. Негізгі құралдардың мәні, есепке алудың теориялық негізі

  1. Негізгі құралдардың мәні

Әрқилы меншік фомасындағағы және түрлі салада қызмет ететін кәсіпорынның айналымнан тыс активтерді негізгі капиталды құрайды, оның құрамына: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және ұзақ мерзімді инвестициялар кіреді.

1 - сызба «Айналымнан тыс активтер»

Кез-келген өндіріс өз қызметіне кұрал-жабдықтарын тартса ғана жұреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралды (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалы: автокөлік сатумен айналысатын фирма үшін жеңіл автокөлік - ТМҚ, ал оны сатып алып, мақсатты пайдаланушы үшін осы автокөлік - еңбек құралы болып саналады. Сол сияқты жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын фирма үшін жер - ТМҚ қатарына, ал құрылыс салынған жер - негізгі құралдар қатарына енеді. Егер де сатып алынған жер учаскелері мен ғимараттарды шаруашылық субъект өзі пайдаланбай, ұзақ мерзімдік қаржылық салым ретінде салса, ол қаржылық инвестиция болып есептеледі.

Бухгалтерлік есепте негізгі ќұралдар деп - өндірістік үдерісінде үзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп аударып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Өндірістік процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар:

  • өндірістік
  • өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Өндірістік негізгі құралдарға жататын еңбек құралдары өндірістік процестерге тікелей қатысады, болмаса оның жүзеге асуына мүмкіндік туғыдады (өндірістік ғимарат, құрылыстар, көлік құралдары, құрал-жабдықтар және басқалары) .

Негізгі құралдарың өндірістік емес түрлеріне өндіріс процесіне қатыспайтын және өндірістік емес тұтыну мақсаттарына арналған қорлар жатады. Мысалы, тұрғын үйлер, амбулаториялар, демалыс үйлері.

Иелігіне қарай негізгі құралдар:

  • Меншікті;
  • Жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.

Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар-жалға алынған құралдар болып саналады.

Пайдалану сатысында қарай негізгі құралдар:

  • жұмыс істеп тұрған;
  • істемей түрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.

Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады.

Жұмыс істемей тұрғандар бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланасты уақытша пайдаланатын негізгі құралдар.

Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар:

  • Мүліктік;
  • Мүліктік емес болып бөлінеді.

Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.

Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жолға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

  1. Негізгі құралдардың жіктелуі

Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі олардың есебін дұрыс жүргізудің маңызды шарты болып табылады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал - жабдық; көлік құралдары, құрал - сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік болып саналады;

Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сатуға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.

Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтері орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұнғысы, мұндай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.

Өткізгіш тетіктер (қондырылған) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құрбылар) . Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынаң және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.

Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғандар мен лабороториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектісінің бөлшігі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топтан тұрады:

Күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электірлік двигательдер)

Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесіне еңбек затына механикалық, жылу және химиялық єсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) .

Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабороториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерде реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабараторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;

Есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, кондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;

Басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;

Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құрамдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.

Құрал-сайман - қол еңбегінің механикалындырылған немесе механикалындырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы жән басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті болалады.

Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объекті - мүліктік объект бола алады.

Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар, өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.

Көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдерің көп жылдық түрлері, роза плантацялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз ) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;

Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Жіктемелік топтарға өндірістік - техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі құралдар енгізіледі.

1. 3 Синтетикалық және аналитикалық шоттар.

1кесте - «Негізгі құралдар» бойынша шот -фактуралар

Операциялар мазмұны
Сәйкес құжаттар
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
№: 1
Операциялар мазмұны: 2
Сәйкес құжаттар: 3
Шоттар корреспонденциясы: 4
5
№: 1
Операциялар мазмұны: Жарияланған капиталға салымдардың
Сәйкес құжаттар: Құрылтай құжаттары (актілер,
Шоттар корреспонденциясы: 2411-2417
5020
№: 1
Операциялар мазмұны: 2
Сәйкес құжаттар: 3
Шоттар корреспонденциясы: 4
5
№:
Операциялар мазмұны: (келісілген құны бойынша) есебіне енгізілген негізгі құралдар обьектіліерін кіріске енгізу
Сәйкес құжаттар: анықтамалар) шот-фактуралар
Шоттар корреспонденциясы:

2510

2520

5020
№: 2
Операциялар мазмұны: Заңды және жеке тұлғалардан төлем үшін (төлемге дейін және кейін) сатып алынған негізгі құралдар обьектілерін кіріске енгізу
Сәйкес құжаттар: Келісімшарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, касса чектері, жүк құжаттары
Шоттар корреспонденциясы:

2411-2417

2510

2520

1010, 1040

1050, 1070

3310, 3390

№: 3
Операциялар мазмұны: Құрылыстың аяқтауы бойынша пайдалануға берілген негзгі құралдарды кіріске енгізу
Сәйкес құжаттар:
Шоттар корреспонденциясы:
№: 4
Операциялар мазмұны:

Басқа заңды тұлғалардан қайтарамсыз алынған негізгі құралдарды кіріске енгізу:

- қалдық құны бойынша;

- тозу сомасы бойынша;

Сәйкес құжаттар: Жүк құжаттар, қабылдау - өткізу актісі, тозу сомасы
Шоттар корреспонденциясы: 2411-2417

6280,

2423, 2425,

2427, 2428,

2429

№: 5
Операциялар мазмұны: Меншікті негізгі құралдардың сатылуы, есептен шығарылуы, қайтарамсыз берілуі, жетіспеуі, бұзылуы кезінде олардың тозуының сомасын есептен шығарылуы
Сәйкес құжаттар: Тозу сомасын есптен шығару актісі және шот - фактуралар
Шоттар корреспонденциясы:

2421, 2423,

2425, 2427,

2428, 2429

2412 -2417
№: 6
Операциялар мазмұны: Шығарылған тасталған негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыстың қалдық құнының есептен шығарылуы
Сәйкес құжаттар: Негізгі құралдарды есептен шығару актісі
Шоттар корреспонденциясы: 7410

2412 - 2417

2510, 2520

2. жшс «семей цемент» зауытында негізгі құралдарды есептен шығару

2. 1 ЖШС «Семей Цемент» зауытының қызметіне сипаттама .

ЖШС «Семей Цемент» зауытының іргетасы 1954 жылы қаланып, 1958 жылы ұлы қазан мерекесінің құрметіне алғашқы өнім шығарып, сол жылы аяғына дейін өнім көлемін 14 мың тоннаға жеткізген. «Семей Цемент» зауытына 2008 жылы 50 жыл толды. Сағатына 100 тоннлық өнім беретін қуатты бар кәсіпорын сол кезде үлкен мақтаныш болатын. 1958 жылдардғы сол кездегі завод дегеніміз әрқайсысы 150 метрлік айналмалы пеші еді. Арада жиырма жыл өткен соң ескі жабдықтар тозып, күйдургіш пештерді ауыстыру қажет болды. 1992 жылдардағы мәліметтер бойынша сол жылдары өнім өткеруді 103, 8 процентке орындаған.

«Семей Цемент» заводының екінші тынысы 2001 жылы ашылды. Осы жылдары нарықтың заңын игерген, өндірісші -менеджер Ерболат Нәдірбекұлы Әпсәләмов завод тізгінің қолына алды. Сол 2001 жылы завод қайта іске қосылып, бірден өнім көлемі 370 мың тоннаға жетті. Келесі, 2002 жылы завод 580 мың тонна цемент шығарды. 2003 жылы 750 мың тонна. Жұмыс маусымдық сипатта жүргізіледі. Мамыр айынан қазан айына деін толық қуатында жұмыс істейді де, қыста жөндеу, жаңарту жұмыстарымен айналысады. Қазіргі уақытта 1300 мың адам жұмыс істейді. «Семей Цемент» зауытында 4 негізгі цехтар және 7 көмекші цехтар бар. Негізгі цехтар: 1 - Шикізаттік (Сырьевой ), 2 - Обжиг, 3- Ұнтақтау (Помол), 4 - Орау (Упаковычный) цех. Көмекші цехтарға мыналар жатады: 1 - Котельная, 2 - Гараж, 3 - Лабаратория, 4 - Компресс, 5 - Құрылыс, 6 - Негізгі құралды жөндеу цехы, 7 - Механикалық цех. Еліміздегі цемент өндіретін төрт заводтың арасында өнім өндіру мен өткеруден бірінші орында. Нарық заңына сәйкес тұтынушылармен келісім шарт негізінде жұмыс істейді. Тұтынушылар Алтайдан, Атрауға дейін кең байтақ өлкеміздің барлық аймағында бар. Өнім негізінен темір жол арқылы жеткізіледі. Орташа жалақы 32 мың теңгені құрайды. Цехтар жаңартылып, жаңа жабдықтар орнатылуда. Мамандардың біліктілігін жетілдіру - назарда. Инженер, техниктер, механиктер, технологтар аттестациядан өткізіледі. Жұмысшылардың өзі жоғары білімді мамандар. Қоршаған ортаны ластамау үшін ұнтақтау цехтарын жаңа жабдықтармен жарақтандыруға 19 млн. теңге бөлініген.

2. 2. ЖШС «Семей Цемент» зауытында негізгі құралдарды есептен шығарудың жағдайлары

Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жеңдеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетгі құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия кұрылады. Бұл комиссияның құрамында мьшадай қызметкерлер болуы тиіс: • кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде) ;

• бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;

• негізгі құралдың сақталуына жауапты адам;

• негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;

• мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шыгаратын жағдайда) ; ;

• тағы да басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.

Бұл жоғарыда аталған адамдардың кұрамында кұрылған іюмиссия ұйымда мынадай жұмыс пен міндетті атқарады:

• есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тек- серіп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтыңдығын немесе жарамайтындығын анықтайды;

• объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалықтозғандығы, табиғитозғандығы, апатболғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан жэне тағы да басқа жағдайлардан) ;

• негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептен) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды;

• есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді;

• есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат жэне түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» немесе үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісінің» тиістілері толтырьшады.

Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

•объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (күні, айы, жылы) ;

• ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты (күні, айы, жылы) ;

• пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жьшы) ;

• объектінің бастапкы құны (қалпына келтіру кұны) ;

• бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;

• жөндеулердің жүргізілген уақьггы (күні, айы, жылы) ;

• көлік кұралын есептен шығарарда, сонымен қатар коліктің, жүрген жолы (км) көрсетіледі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Кірістер аудитінің бағдарламасы
Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі
Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті
Ұзақ мерзімді активтер есебінің әдістемесін зерттеу
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы
Тауарлардың есептен шығарылуы
Аудит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz