Тауарлы-материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып көрсету



МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3

I. Тауарлы.материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып
көрсету.
1.1. Тауарлы.материалды қорларды түгендеудің маңызы мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Тауарлы.материалды қорларды түгендеудің түрлері мен өткізу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Тауарлы.материалды қорларды түгендеу бойынша жасалатын құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.4. Есеп беруде тауарлы.материалды қорларды түгендеуді ашып көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

II. «Семей Жолдары »ЖШС тауарлы материалдық қорларды түгендеудің ұйымдастыруы
2.1 «Семей Жолдары »ЖШС кәсіпорынның қысқаша мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. «Семей Жолдары »ЖШС .гі түгендеудің маңыздылығы ... ... ... ... .17
2.3. «Семей Жолдары »ЖШС түгендеу түрлері және өткізу тәртібі ... ...19
2.5. «Семей Жолдары »ЖШС түгендеу бойынша жасалатын құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.6. «Семей Жолдары »ЖШС есеп берудегі құжатталуы ... ... ... ... ... ... 25

III. Тауарлы.материалды қорларды түгендеудің есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқалықтары.
3.1. ХҚЕС көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
I. Тауарлы-материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып
көрсету.

1.1. Тауарлы-материалды қорларды түгендеудің маңызы мен мақсаты.

Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды
бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс
ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
1. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды.
Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін –
шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және
көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды,
өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану
санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға,
наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы
және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын
жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін
береді.(қант, сүт, хош иіс)
2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір
сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және
материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
3. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары
бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және
шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын
болып бөлінеді.
4. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын
өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
5. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған
бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
6. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе
қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып
тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін
ақшаларды енгізеді.
7. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт
ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің
өзіндік құнына қосылатын материалдар.
8. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын,
құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және
конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж
жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс
мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды
білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді
бағалай білудің үлкен маңызы бар.
Тауарлы-материалды қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың,
дайын өнімнің, қорлардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс
кезеңдерінде сақталуын тексеруге олардың өндіріске қолдануды бақылауға,
өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақытылы анықтауға саяды.
Түгендеу материалдарға жауапты адамдардың қатысуымен міндетті түрде қайта
есептеу, қайта өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды
жауапты адамның айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды.
Жеке бөлімшелерден жүйелі өткізілген түгендеуден кейін оларға кіруге
болмайтындай жабылып, мөрленді. Егер түгендеуді өткізу кезінде тауарлы-
материалдық қорлар түссе онда оларды материалды жауапты адам түгендеу
коммиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім және
материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай
күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойып
түгендеу кезінде түскен тауарлы- материалдық қорлар атты арнайы тізімдеме
жасалады.
Түгендеу – бұл негізгі құралдар, тауарлы- материалдық құндылықтар,
аяқталмаған өндіріс, ақша қаражаты, есеп айырысуларды есеп мәліметтерімен
салыстыратын бухгалтерлік есеп әдісі элементтерінің бірі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп әдісі элементіне қатысты ол тек ол тек бухгалтерлік
есептің маңыздылығын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар бухгалтер тәжірибе
жүзінде өте қажетті болғандықтан, осы сауалға неғұрлым толығырақ
тоқталайық.
Түгендеуді меншік нысанына, қызмет ету түріне және жұмыс істеу
тәртібіне қарамастан барлық кәсіпорында жүргізеді.Ол құжаттандырудың
міндетті қосымшасы болып табылады. Барлық шаруашылық құбылыстарының толық
және дұрыс көрсетілуін түгендеуді құжаттандырудың көмегімен ғана
қамтамассыз етуге болады.
Шаруашылық құралдарын қамту толықтығына байланысты түгендеу толық
және ішінара болып бөлінеді.
Толық түгендеуді, ереже бойынша, жылына бір рет жылдық есеп берудің
алдында жүргізеді, оның мақсаты- кәсіпорын балансында барлық активтер мен
пассивтердің шынайы бейнеленіп көрсетілуін қамтамассыз етеді. Сонымен бірге
толық түгендеу бақылау жүргізуші органдардың талап етуі бойынша да
жүргізілуі мүмкін.
Ішінара түгендеу түгенделетін объектілердің тек белгілі бір бөлігін
қамтиды, яғни шаруашылық құралдарының қандай да бір түрін ғана , мысалы,
негізгі құралдар, кассадағы бар ақшалай қаражат.
Түгендеу сипатына байланысты былай бөледі:
Жоспарлы, түгендеу жүргізудің мақсаты мен мүмкіндігіне байлланысты
алдын ала белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын түгендеу;
Кездейсоқ, кәсіпорын басшысының өкімімен, бақылаушы органдардың
тапсырысы мен, материалды- жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде, табиғат
апатынан кейін жүргізілетін түгендеу.
Түгендеуді тексерілетін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға
болып тағайындалған арнайы коммиссия жүргізеді.
Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу коммиссиясының
құрамы әр бір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында
бекітіледі.
Түгендеу негізінде аса қажет болған жағдайда тек қана субъекті
басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен тауарлы- материалдық
қорларды босатады, ал түгендеу комиссиясының төр ағасы қол қойған төр ағасы
қол қойған түгендеу кезінде босатылған тауарлы- материалдық қорлар жеке
тізімдемесіне өткізіледі.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің
құрамына, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеренде болатын барлық
өзгерістерді уақытында және нақты көрсетуге арналған. Есеп мәліметтері
нақты бар шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздеріне сәйкес келуі
керек. Бірақ тәжірибе жүзінде кей кезде есеп мәліметтерімен нақты бар
мәліметтердің арасында ауытқулар болып тұрады. Ауытқулар табиғи кемулардің,
тауарлы- материалдық құндылықтарды тасымалдаудың, біртекті өнімдер
сорттарының араласып кетуінің, салмақ өлшнгіш аспаптарының қате
көрсетуінің, әрекеттерді рәсімдеу кезінде болатын арифметикалық қателер мен
материалдық жауапты және бөтен тұлғалардың қасақана қарекеттерінің
салдарынан болуы мүмкін.
Осы жағдайлар кәсіпорын басшысының мерзім сайын материалды жауапты
тұлғаның міндетті түрде қатысуымен құндылықтардың нақты бар болуы мен есеп
айырысулардың мәліметтерін текскру қажеттілігін тудырады. Мұндай тексеруді
түгендеу деп атайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген
дайын бұйымдарды, сату үшін сатып алған тауарларды,сатып алған бірақ әзірге
ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен
қызметтері, сондай- ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету
барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және
ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдарды сол
ұйымның тауарлық- материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып
табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндіріске
пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге
ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп
бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары
өндірістік қор болып табылады.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір- бірінен өндірісте атқаратын
міндеттеріне қарай, сондай- ақ физикалық және химиалық қасиеттеріне қарай
өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс
ұйымдастырудың ең басты мәселесі- оларға экономикалық жағынан дәлелденген
жіктеу жасау болып табылады. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін
өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген өнімдері- мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын
өңдеуші өнеркәсіп өнімдері- ұн, мата, кірпіш және тағыда басқалары жатады.
Өндірістік үрдістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдбар алынады. Олардың аяқталмаған
өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда
жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да
әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып
алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар
қатарына құрылыс ұйымдарында- бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда-
шойын мен болатты жатқызуға болады. Жалпы осы тауарлы- материалдық қордың
түрлеріне ерекшеліктеріне қарай түгендеу жүргізіледі.
Қоймадан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен
жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтерімен
салыстырылады. Құжаттардың бірінші даналары есептемеге пайдаланады, ал
екінші даналарды сакталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және
номенклатуралық номері бойынша орындалады. Олар анықтамалық мақсаттарда
және қоймалар, бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып, тексеру үшін
пайдаланады.
Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп
топтары бойынша (материалдар, метиздерді) ағаш материалдарды және т.с.с.
материалдарды жинақтап есепке алудың құндылықтар кірісі мен
шығысы.Бухгалтерияда (сальдо) материадық жинақтама есебінің жинаушы
тізімдемесінің негізінде (сальдо әдісі қолданылғанда) немесе материалдық
жағынан жауапты адамның материалдық құндылықтардың қалдықтары мен
қозғалысы туралы есеп берулерде (егер есеп әдісі қолданылса)
материалдардың ақша түріндегі қозғалысы деген тізімдемесі жасалынады. Бұл
тізімдемесінде материалдық жауапты адамдар арасындағы қозғаласы
көрсетіліп, өзіндік құнымен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық
құндылықтары мен кірісі туралы деректері шығарылады. Олардың негізінде
материалдық жауапты адамдардар арасындағы қозғалысы көрсетіліп, нақты
өзіндік құндылықтардың есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық
құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректері шығарылады.
Олардың негізінде материалдардың сомалық және пайыздық негізінде
есептеледі.

1.2. Тауарлы-материалды қорларды түгендеудің түрлері мен өткізу
тәртібі.

Бухгалтерлік есеп стандартында әр түрлі шаруашылық құралдары мен
міндеттемелерге түгенддеу жүргізу тәртібі қарастырылған, енді біз оның
жүргізілуін жалпы тәртібіне тоқталайық.
Түгендеу жүргізудің алдында түгендеудің жұмыс коммиссиясы өз
мүшелерене жұмыстың басталу мен аяқталу мерзіміндегі бекітілген бұйрық
ұсынады.
Нақты қалдықтарын алуды аяқтаған күнге құндылықтардың кірісі мен
шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталып, талдау себебін
карточкаларында сәйкес жазбалар жүргізіліп, түгендеу күніне қалдықтары
шығарылып болу керек.
-Тауарлы- материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруді бастамас
бұрын түгендеудің жұмыс коммиссиясы мыналарды жүзеге асыруға міндетті: Жеке
кіретін және шығатын жерлері бар құндылықтар сақталған барлық сақтау
орындарын, қосалқы орындарды пломбалау керек;
-Барлық самақ өлшегіш аспаптарының дұрыстығын тексеру керек;
-Материалдық құндылықтар менақшалай қаражаттың қозғалысы туралы түгендеу
жүргізудің алдында соңғы кіріс және шығыс құжаттарының тізілімдері мен есеп
беруді алу керек.
-Түгендеу коммиссиясының төрағасы түгендеу жүргізгенге дейін...
күнге деген белгімен тізілімдерге тіркелген барлық кіріс мен шығыс
құжаттарына борыштама қояды. Ол бухгалтерлерге есеп мәліметтері бойынша
түгендеу жүргізудің алдында құндылықтардың қалдығынанықтау үшін негіздеме
болып табылады.
Құндылықтарға жауапты тұлғалар түгендеу жүргізудің алдында
құндылықтарға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерларға
тапсырмаларды және оған жауапкершілікке жүктелген барлық құндылықтар
кірістелді, ал шығарылғандары шығындарға жатқызылды деп тізіміне қолхат
береді. Осыған ұқсас қолқаттарды құндылықтарды алуға берілген есеп беруге
тиісті сомалары және сенім хаттары бар тұлғалардан да алады.
Кездейсоқ түгендеу кезінде барлық тауарлы- материалдық құндылықтарды
түгендеу коммиссиясының алдында түгендеуге, ал қалған жағдайларда алдын ала
дайындайды. Олар топтастырылған, сортталған және өздерінің атаулары,
сорттары, мөлшерлері бойынша белгілі бір тәртіппен, олардың санын санауға
қолайлы жағдайда болуы керек.
Негізгі құралдар, шикізат, дайын өнім, тауарлар, ақшалай қаражат және
басқа құндылықтарды түгендеуді олардың орналасу орындары мен осы
құндылықтарды сақтауға алған жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі.
Құндылықтардың нақты қалдықтарын тексеру материалдық жауапты
тұлғалардың міндетті түрде қатысуымен асырылады.
Түгендеу кезінде құндылықтардың болуы қайта санау, қайта салмағын
өлшеу, қайта ұзындығын өлшеу жолымен анықталған.
Жабдықтаушының тиісуге болмайтын орауында сақтаулы материалдар мен
тауарлар бойынша олардың саны таңдау жүргізу арқылы осы құндылықтардың бір
бөлігін ғана міндетті тексеру негізінде анықталуы мүмкін. Материалдардың
салмағын анықтауды өлшеу және техникалық есептеулер негізінде жүргізуге
болады: өлшеу және есептеуге актілері тізімге қосылады. Салмақталатын
атаулардың үлкен мөлшерін түгендеген кезде өлшеу ведомасттарын,түгендеудің
жұмыс коммиссиясының бір мүшесі мен материалдық жауапты тұлға жүргізеді.
Жұмыс күнінің соңында осы ведомасттардың мәліметтерін салыстырады және
дұрыс жиынын түгендеудің тізіміне енгізеді. Қайта өлшеу ведомостарын
түгендеу тізіміне қосады.
Түгенделетін құндылықтар мен объектіцлердің атауларын, олардың санын
есепке алынатын номенклатура және өлшем бірліктері бойынша тізімде
көрсетіледі.
Түгендеу тізіміне жұмыс коммиссиясының барлық мүшелері мен материалды
жауапты тұлға қолдарын қояды. Тізімнің осында материалдық жауапты тұлға
коммиссияссының көзінше құнрндылықтарды түгендеуді растайтын қолхат береді.

Материалдық жауапты тұлғалар ауысқан кезде жүргізілетін тексеру
кезінде түгендеу тізімінде құндылықтарды қабылдаған тұлға оларды
қабылдағаны туралы, ал тапсырған тұлға оларды тапсырғаны туралы қолтаңба
қояды.
Шаруашылыққа қатысы жоқ, бірақ онда тұрған құндылықтарға жеке
тізімдер жасалады.
Егер құндылықтарды түгендеу бір күннің ішінде аяқталмаса, онда келесі
күндердің ішінде міндетті түрде аяқталуы тиіс. Мұнддай кезде құндылықтар
сақталған орындар түгендеу коммиссиясы кеткенг кезде мөртаңбалануы қажет.
Түгендеу комиссиясының жұмысы кезіндегі пломба комиссия төрағасының қолында
сақталады. Түгендеу комиссиясы жұмысының үзілісі кезінде тізімдер түгендеу
жүргізіліп жатқан жабық орындағы жәшіктерде сақталлуы керек.
Түгендеу комиссиясы жұмысын түгендеу нәтижесі, сонымен қатар қойма
шаруашылығы жағдайын тексеру мен тауарлы- материалдық құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз етуін көрсететін хаттама мен рәсімдейді.
Пайдаланатын және толық емес тауаралы- материалдық құндылықтардың
болуы кезінде хаттамада оларды әкелу уақыты, жабдықтаушының атауы, түгендеу
жүргізу кезіндегі құндылықтардың жай- күйі мен олардың сапасының төмендеу
себептері көрсетіледі. Осындай тауарлы- материалдық құндылықтарға арнайы
түгендеу тізімдерін жасайды, ал осы құндылықтардың өздері сақтау
орындарында ерекше орналастырылады.
Жарамсыз болып қалған құндылықтарға жеке түгендеу тізімін жасайды.
Комиссия хаттамасында оларды жеке көрсетеді және бүліну себептері мен оған
кінәлі тұлғалар көрсетіледі.
Хаттамада комиссия түгендеу қорытындысы бойынша өздерінің шешімдерін
жазады және анықталған кемшіліктер, жетіспеушіліктер есебі мен қайта
сорттау кезіндегі артықшылықтар көрсетіледі, сонымен қатар табиғи кему
нормасы шегінде жетіспеушіліктерді шығару бойынша олардың алдын- алу
шараларын ұсынады.
Түгендеу аяқталғаннан кейін барлық материалдар бойынша және комиссия
хаттамасын үнемі қызмет етуші түгендеу комиссиясына қарауға береді.
Басқа кәсіпорындардың қоймасында сақталған тауарлы- материалдық
қорларды жауапты сақтауға бергендігін растаушы құжаттардың негізінде
тізімгге алады. Тізімде осы құндылықтардың атауын, санын, сортын, нақты
құнын , жүктің сақтауға алынған күні, сақтау орны, құжаттардың нөмері мен
күнін көрсетеді.
Жауапты түрде сақтауға кәсіпорындардан алынған осы құндылықтарға
түгендеу тізімінің көшірмесін комиссия құжаттар бойынша бекітілген
құндылықтардың нақты болуын санымен салыстырады.
Түгенделетін негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар,
материалдық емес активтер тізімге енгізіледі: ақшалай қаражаттар, бағалы
қағаздар мен есе,п айырысулар түгендеуін актімен рәсімдйді.
Түгендеу тізімдері есептеу немесе басқа техникалардың көмегімен,
сондай- ақ қолмен толтыру әдісімен толтырылуы мүмкін.
Ешқандай шимайлар мен өшірулер жүргізуге жол берілмейді.
Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған бос бағандар қалдыруға болмайды.
Тізімдердің соңғы беттерінде толтырылмаған бағандар сызылады.
Егер материалдық жауапты тұлға түгендеу жүргізіп болғаннан кейін
түгендеу тізімдерінде қате тауып алған жағдайда, бұл жайында түгендеу
комиссиясына хабарлауына болады. Материалдық жауапты тұлғаның
жетіспеушіліктер немесе артықшылықтар атаулары толтырылмай кеткенде, дұрыс
санамай кеткенде болған қателіктерден туындағаны жөніндегі өтініші түгендеу
жүргізілген қойма, кілет, сексия ашылғанға дейін қабылданады.
Түгендеу комиссиясы көрсетілген фактілерді тексеруді жүзеге асырады
және олар расталған кезде белгіленген тәртіп бойынша табылған қателерді
жөндеді жүзеге асырады. Қателерді жөндеу тізімнің барлық даналарында дұрыс
дұрыс емес жазбаларын сызу жолымен және сызылғандардың астынан дұрыстарын
жазу жолымен жүргізіледі. Қатені жөндеу түгендеу комиссиясының барлық
мүшелерінің және материалдық жауапты тұлғалардың қолымен расталады.
Кесте 1

Тауарлы-материалды қорларды түгендеу бойынша шаруашылық
операциялардың мазмұны

Шаруашылық операциялардың мазмұны Шоттар корреспонденциясы

Дебет Кредит
1. Көмекші өндіріске материалдар жіберілді 8031 1311
2. Негізгі өндіріске отын жіберілді 8011 1312
3. Дайын өнім кірістелді 1320 6280
4. Өнім өндіру үшін қосалқы бөлшектер сатып1314 3310
алынды
5. Текке материалдар алынды 1310 6220

1.3. Тауарлы-материалды қорларды түгендеу бойынша жүргізілетін
құжаттар.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтар мен
қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым
бойынша келер жылы өндірелетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем
бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап,
жабдықтаушы мекемелер мен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт
жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін
уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта
көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін
материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол
жүкқұжаты, көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар
алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау
бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі келген жүкті есептеу журналына
тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға
береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат
беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1
түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап
отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған
уақыты мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және нөмерін жазады.
Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе
жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті
алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М- 2А сенімхаты беріледі. М-2
түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға
ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл
сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады.
Жабдықтаушы ұйым тауарлық- материалдық қорларды автомобиль көлігі
арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 дана етіліп
Тауар- көлік жүкқұжаты толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген
материалдарды жіберушіде қалдырылады : екінші, үшінші және төртінші
даналары материалдарды жіберуші ұйымның мөрі және лауазымды адамдардың
қолымен расталып, сондай- ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті
жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.
Бухгалтерияда түгендеу тізімінің мәліметтері есепте көрсетілген
қалдықтармен салыстырылады және есеп мәліметтері мен ауытқу анықталған
позициялар бойынша салыстыру веддомастары құрылады.
Салыстыру ведомостарын құру жұмыстарын бастамас және түгендеу
нәтижелерін анықтамас бұрын бухгалтерия түгендеу тізімінде келтірілген
барлық есептемелердің жиындарын дұрыстап санап тексереді. Бағаларында,
таксировкада және есептеулерді жіберілген қателер түзетіліп, бұл комиссия
мүшелері мен материалдық жауапты тұлғаның қолы мен расталады.
Түгендеу тізімінің соңғы бетінде сонымен бірге осы тексеруді
жүргізген тұлғалардың қолы бар жиындардың таксировкасы мен қайта санаулары,
бағаларын тексеру жүргізу керек.
Салыстыру ведомостары түгендеу кезінде есеп мәліметтеріне ауытқулар
анықталған құндылықтар бойынша да құрылады.
Салыстыру ведомостары мен материалдық жауапты тұлғалардан алынған
түсініктемелердің негізінде түгендеу комиссиясы анықталған
жетіспеушіліктердің, жоғалтулар мен бүлінулердің, артықшылықтардың
себептерін анықтайды және осыған байланысты алынған айырмашылықтардың
тәртібін реттейді. Барлық жетіспеушіліктер мен артықшылықтар бойынша,
сонымен қатар дебиторлық қарыз бойынша комиссиясымен сәйкес жұмысшылардан
жазбаша түсініктеме алынуы керек. Ұсынылған түсініктемелер мен
материалдардың негізінде тұрақты әрекет етуші түгендеу комиссисы анықталған
жетіспеушіліктер, жоғалтулар мен құндылықтар бүлінуінің, сонымен қатар
артықшылардың сипаттамасын бекітеді. Тұрақты әрекет етуші түгендеу
комиссиясы салыстыру ведомрстарын дұрыстығын тексереді және өз
қорытындыларын түгендеу нәтижесі бойынша хаттамада көрсетеді. Онда
жетіспеушілікке, жоғалтуға және артықшылыққа кінәлілер мен оның себептері
туралы толық мәліметтер келтіріледі, сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты
қандай шаралар қолданылғандығы, әрі бухгалтерлік есеп мәліметтеріне қарсы
құндылықтардың нақты болуын реттеу бойынша ұсыныстар келтіріледі.
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық
қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға
босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа
берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де
орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде
танылады.Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша
рәсімделеді:Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға
арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы,
накладной.Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген
бөлігіне 3 данада накладной жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні
көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің
өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен
соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға
тапсырады. Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз
пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек
құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және
қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз
бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе
жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір
данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың
қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік
– жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да
бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы
шығарылды.
Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың
лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу
кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы
лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.

1.4. Есеп беруде тауарлы-материалды қорларды түгендеуді ашып көрсету.

Түгендеу материалдарға жауапты адамдардың қатысуымен міндетті түрде
қайта есептеу, қайта өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей,
материалды жауапты адамның айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды.

Жеке бөлімшелерден жүйелі өткізілген түгендеуден кейін, оларға кіруге
болмайтындай жабылып, мөрленді. Егер түгендеуді өткізу кезінде тауарлы-
материалдық қорлар түссе онда оларды материалды жауапты адам түгендеу
коммиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім және
материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай
күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойып
түгендеу кезінде түскен тауарлы- материалдық қорлар атты арнайы тізімдеме
жасалады.
Түгендеу – бұл негізгі құралдар, тауарлы- материалдық құндылықтар,
аяқталмаған өндіріс, ақша қаражаты, есеп айырысуларды есеп мәліметтерімен
салыстыратын бухгалтерлік есеп әдісі элементтерінің бірі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп әдісі элементіне қатысты ол тек ол тек бухгалтерлік
есептің маңыздылығын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар бухгалтер тәжірибе
жүзінде өте қажетті болғандықтан, осы сауалға неғұрлым толығырақ
тоқталайық.
Түгендеуді меншік нысанына, қызмет ету түріне және жұмыс істеу
тәртібіне қарамастан барлық кәсіпорында жүргізеді.Ол құжаттандырудың
міндетті қосымшасы болып табылады. Барлық шаруашылық құбылыстарының толық
және дұрыс көрсетілуін түгендеуді құжаттандырудың көмегімен ғана
қамтамассыз етуге болады.
Шаруашылық құралдарын қамту толықтығына байланысты түгендеу толық
және ішінара болып бөлінеді.
Толық түгендеуді, ереже бойынша, жылына бір рет жылдық есеп берудің
алдында жүргізеді, оның мақсаты- кәсіпорын балансында барлық активтер мен
пассивтердің шынайы бейнеленіп көрсетілуін қамтамассыз етеді. Сонымен бірге
толық түгендеу бақылау жүргізуші органдардың талап етуі бойынша да
жүргізілуі мүмкін.
Ішінара түгендеу түгенделетін объектілердің тек белгілі бір бөлігін
қамтиды, яғни шаруашылық құралдарының қандай да бір түрін ғана, мысалы,
негізгі құралдар, кассадағы бар ақшалай қаражат.
Түгендеу сипатына байланысты былай бөледі:
Жоспарлы, түгендеу жүргізудің мақсаты мен мүмкіндігіне байлланысты
алдын ала белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын түгендеу;
Кездейсоқ, кәсіпорын басшысының өкімімен, бақылаушы органдардың
тапсырысы мен, материалды- жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде, табиғат
апатынан кейін жүргізілетін түгендеу.
Түгендеуді тексерілетін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға
болып тағайындалған арнайы коммиссия жүргізеді.
Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу коммиссиясының
құрамы әр бір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында
бекітіледі.

II. Семей Жолдары ЖШС тауарлы материалдық қорларды түгендеудің
ұйымдастыруы

2.1 Семей Жолдары ЖШС кәсіпорынның қысқаша мінездемесі.

Семей жолдары ЖШС даму тарихы өте бай және өз даму түбірлері өте
ерте замаңға келеді. Сақталған құжаттармен 1932 жылы Каздортранса (Алма-
Ата қаласы), Облдортранс (Семей, Киров қалалары №108) бағындыруында болғаны
белгілі.
1935 жылы облыстық жол бөлімі болды (Кеңестік к. №51) НКВД ішінде
ГУШОСДОРА (Алма - Ата ) қармағында болды.
1953 ж. Облдоротдел автотрестіммен бірігіп, автомобильдік көлік және
тас төселген КазССР жолдарының министірлктері қармағында болды .
1954 жылы автомобильдік көлік және тас төселген жолдарының КазССР
№14 министірінің бұйрығымен 1954 жылының қараша айында Облдор.отдел.
жаңадан ерекшеленген және еңбекші депутаттардың атқару комитет
Обл.советасы артынан тас төселген жолдары атауымен аталған. ( Киров
көшесі. 108
Семей қаласының жаңа тас төселген жолдардың облыстық басқарушыларының
ең басты мақсаты магистральді жолдардың салу, жөңдеу, ескіріп кеткен
жолдарды, сонымен қатар облыстық және жергілікті жолдарының ұстауы .
Семей қаласының тас төселген жолдарының басқарушының атауы 1981
жылы КазССР министрларының №126 кеңесі бұйрық негізінде
1981 жылы тоғызыншы сәуірде өндірісті облыстық және жергілікті
автомобильдік жолдарының басқарушы жаңадан аталған болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті №1136 05.03.1993 жылғы
қаулыларымен ұйымдық шешім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік
қоғамдар №1291 қаулысымен 23.06.1991 жылы өзгертілді. Мемлекеттік
акционерлік қоғам Семей жолдары облыстық өндірісті автожолдардың
басқарулары мемлекеттік акционерлік қоғамның
"Семей жолдары" куәлікпен мемлекеттік акционерлік қоғам тіркеуі
туралы "Семей жолдары" №1869 19.11.1993 жылы өзгертілді.
"Семей жолдары " жауапкершiлігі шектеулі серіктестік ретінде жұмыс
істеу кезеңінде кәсіпорынды жоғары дәрежеге көтеру, іскерлік қасиетті
жеткізілетін өнімнің, қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша көптеген
жұмыстар атқарды.
2006 жылы кәсіпорын айналымдар көбейе бастады. Қаржы көлемі жоғарлай
бастағанмен көп бөлігі ақшаның өндіріске маңызды құрал жабдықтар сатып
алынды, бұған қарамастан, еңбекақы көтеру туралы шешімдер қабылданды. Дәл
осылай 2006 жылы 18 бірлік шетелдік өндірістік қымбат техникалық
жабдықтар, жөндейтін жұмыстарды АБЗ-ға өткізген. Құжаттардың тиісті
дайындау өткізу құқығымен жөндейтін жұмыстың бұрынғы қалпына келумен
техниктер және транспорттық құралдардың, туған жерлеріне орнатып жатқан
және басқа да жұмыстар атқарды.
2007 жылы 10 айдың ішінде жөңдеу қалпына келтіру 13 бірлікті сатып
алынған . Сонымен жақын аралықта басшылық мүмкіндікке қарай РСУ
аумақтарына Прежевальского көшесі 80 б, Жалпак АБЗ ст. және Суықбулақ
кешенінде ЗНСМ әкімшілік ғимараты күрделі жөңдеудің өткізуді жоспарлады.
Сөйтіп, Семей жолдары ЖШС кәсіпорының өсуі үшін шығындарын көбеюі
динамикасын артыру өткізуге болады.
2005 жылы сатып алуға және жөңдеу жұмыстарына кеткенде шығындар
арқасында орта есеппен 28,5 миллион теңге шығындалды.
2006 жылы орта есеппен 253,4 миллион тенге шығындалды. Сонымен
қатар, келісім шартқа отыру статистикасында ұлғайғаның ескеруге болды.
2005 жылы өнімді өткізу бойынша 4 келісім-шарт, қызмет көрсетуді
және өнімдерді алу бойынша шетел ұйымдармен 17 келісім шарт.
2006 жылы біздің өнімді жеткізу бойынша 20 келісім шарт, мемлекетік
сатып алу бойынша 10 келісім шарт.
Ең бастысы жылдан жылға барлық позиция бойынша келісім шартқа
отырудың өсуін көре отырып, шығындар өскені мезгілде келісім шарттардын
көлемі өсті, бұл кәсіпорынға маңызды пайда әкеледі. Сонымен қатар, жұмыс
орындардың саны өсті.
Семей Жолдары ЖШС Шығыс Қазақстан облсының Әділет
Департаментінде тіркелді, оның мемлекеттік тіркелу куәлігі №18458-1917-ЖШС
23.09.2005 жылғы қаулы бойынша Өскемен қаласында заңды бойынша тіркелді.
Кәсіпорын заңды тұлға болып келеді және өзінің жұмысында Қазақстан
Республикасының Заңымен басқарылады, сонымен қатар Кәсіпорынның Жарғысымен
іске асады. Меншіктін түрі- жеке. Ұйымдық-заңға сүйенген түрі-
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.Орналасу орны- Семей қаласы, Прежеваль
көшесі, 80 б, Есеп айрысу шоттары
АҚ - ЦентрКредитБанк № 5467735
АҚ - КазКоммерцБанк № 4467502
Семей Жолдары ЖШС қызметтің негізгі түрлері яғни құм-қиыршықты
қоспа шығарумен Жалпак № 006 1.09.1996 жылдан 11.09.2016 жылға дейін
келісім бойынша айналысады.Серия СО. порфирит дайындау өндірісі Талас-ІІ
сериясы ВК №29 01.04.1998 жылдан 01.04.2018 жылға дейін жарамды. Порфирит
дайындау өндірісі Новотаубинском туған жерімен, №157 тіркелімді
11.07.2005ж.
Бухгалтерлік есеп ЖШС Семей Жолдарында бухгалтерлік есептің
қаржылық-шаруашылық субъектілердің әрекеті және Бухгалтерлік стандарт бас
жоспары негізінде ұйымдастырылған. Бухгалтерлік есептің жүйесі
танымалдарды негіздейді дүниежүзілік тәжірибелі принциптар бойынша:
- толық құжаттандыру
- шоттардағы жалпы ақпараттандыру
- тексеру (инвентаризация)
- екі жақты жазу
- баланс пен қорытындыны жүргізу

2.2. Семей Жолдары ЖШС түгендеудің маңыздылығы.

Түгендеу негізінде аса қажет болған жағдайда тек қана субъекті
басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен тауарлы- материалдық
қорларды босатады, ал түгендеу комиссиясының төр ағасы қол қойған төр ағасы
қол қойған түгендеу кезінде босатылған тауарлы- материалдық қорлар жеке
тізімдемесіне өткізіледі.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің
құрамына, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеренде болатын барлық
өзгерістерді уақытында және нақты көрсетуге арналған. Есеп мәліметтері
нақты бар шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздеріне сәйкес келуі
керек. Бірақ тәжірибе жүзінде кей кезде есеп мәліметтерімен нақты бар
мәліметтердің арасында ауытқулар болып тұрады. Ауытқулар табиғи кемулардің,
тауарлы- материалдық құндылықтарды тасымалдаудың, біртекті өнімдер
сорттарының араласып кетуінің, салмақ өлшнгіш аспаптарының қате
көрсетуінің, әрекеттерді рәсімдеу кезінде болатын арифметикалық қателер мен
материалдық жауапты және бөтен тұлғалардың қасақана қарекеттерінің
салдарынан болуы мүмкін.
Осы жағдайлар кәсіпорын басшысының мерзім сайын материалды жауапты
тұлғаның міндетті түрде қатысуымен құндылықтардың нақты бар болуы мен есеп
айырысулардың мәліметтерін текскру қажеттілігін тудырады. Мұндай тексеруді
түгендеу деп атайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген
дайын бұйымдарды, сату үшін сатып алған тауарларды,сатып алған бірақ әзірге
ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен
қызметтері, сондай- ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету
барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және
ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдарды сол
ұйымның тауарлық- материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып
табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндіріске
пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге
ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп
бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары
өндірістік қор болып табылады.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір- бірінен өндірісте атқаратын
міндеттеріне қарай, сондай- ақ физикалық және химиалық қасиеттеріне қарай
өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс
ұйымдастырудың ең басты мәселесі- оларға экономикалық жағынан дәлелденген
жіктеу жасау болып табылады. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін
өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген өнімдері- мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын
өңдеуші өнеркәсіп өнімдері- ұн, мата, кірпіш және тағыда басқалары
енеді.
Өндірістік үрдістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдбар алынады. Олардың аяқталмаған
өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда
жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да
әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып
алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар
қатарына құрылыс ұйымдарында- бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда-
шойын мен болатты жатқызуға болады. Жалпы осы тауарлы- материалдық қордың
түрлеріне ерекшеліктеріне қарай түгендеу жүргізіледі.
Кесте 2.1.2.
Тауарлы-материалды қорларды түгендеу бойынша шаруашылық
операциялардың мазмұны.

Рет Шаруашылық операциялардың Сома, Шоттар корреспонденциясы
№ мазмұны мың,
теңге
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1. Жабдықтаушылардан кірпіш келіп 50000 1317 3310
түсті
2. Алынған материал үшін 65900 3310 1040
жабдықтаушылар шот акцептелді
3. ҚҚС сомасына алынған материалдар78999 1420 3310
үшін шоты акцептелді
4. Түгендеу кезінде анықталған 2565 3310 6280
шикізат артықшылығы кіріске
алынды
5. Аяқталмаған құрылысқа құрылыс 8566 7210 1317
материалдары жіберілді
6. Түгендеу кезінде анықталған 25655 1314 6280
қосалқы бөлшектін артықшылығы
кіріске алынды
7. Кеңсе ғимаратын жөндеуге 54555 7210 1317
материалдар мына шот бойынша
жіберілді
8. Еншілес серіктестіктен мына шот58890 1314 3320
бойынша қосалқы бөлшектер саты
алынды

2.3. Семей Жолдары ЖШС түгендеу түрлері және өткізу тәртібі.

Бухгалтерлік есеп стандартында әр түрлі шаруашылық құралдары мен
міндеттемелерге түгенддеу жүргізу тәртібі қарастырылған, енді біз оның
жүргізілуін жалпы тәртібіне тоқталайық.
Түгендеу жүргізудің алдында түгендеудің жұмыс коммиссиясы өз
мүшелерене жұмыстың басталу мен аяқталу мерзіміндегі бекітілген бұйрық
ұсынады.
Нақты қалдықтарын алуды аяқтаған күнге құндылықтардың кірісі мен
шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталып, талдау себебін
карточкаларында сәйкес жазбалар жүргізіліп, түгендеу күніне қалдықтары
шығарылып болу керек.
Тауарлы- материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруді бастамас
бұрын түгендеудің жұмыс коммиссиясы мыналарды жүзеге асыруға міндетті:
← Жеке кіретін және шығатын жерлері бар құндылықтар сақталған барлық
сақтау орындарын, қосалқы орындарды пломбалау керек;
← Барлық самақ өлшегіш аспаптарының дұрыстығын тексеру керек;
← Материалдық құндылықтар менақшалай қаражаттың қозғалысы туралы
түгендеу жүргізудің алдында соңғы кіріс және шығыс құжаттарының
тізілімдері мен есеп беруді алу керек.
Түгендеу коммиссиясының төрағасы түгендеу жүргізгенге дейін...
күнге деген белгімен тізілімдерге тіркелген барлық кіріс мен шығыс
құжаттарына борыштама қояды. Ол бухгалтерлерге есеп мәліметтері бойынша
түгендеу жүргізудің алдында құндылықтардың қалдығынанықтау үшін негіздеме
болып табылады.
Құндылықтарға жауапты тұлғалар түгендеу жүргізудің алдында
құндылықтарға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерларға
тапсырмаларды және оған жауапкершілікке жүктелген барлық құндылықтар
кірістелді, ал шығарылғандары шығындарға жатқызылды деп тізіміне қолхат
береді. Осыған ұқсас қолқаттарды құндылықтарды алуға берілген есеп беруге
тиісті сомалары және сенім хаттары бар тұлғалардан да алады.
Кездейсоқ түгендеу кезінде барлық тауарлы- материалдық құндылықтарды
түгендеу коммиссиясының алдында түгендеуге, ал қалған жағдайларда алдын ала
дайындайды. Олар топтастырылған, сортталған және өздерінің атаулары,
сорттары, мөлшерлері бойынша белгілі бір тәртіппен, олардың санын санауға
қолайлы жағдайда болуы керек.
Негізгі құралдар, шикізат, дайын өнім, тауарлар, ақшалай қаражат және
басқа құндылықтарды түгендеуді олардың орналасу орындары мен осы
құндылықтарды сақтауға алған жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі.
Құндылықтардың нақты қалдықтарын тексеру материалдық жауапты
тұлғалардың міндетті түрде қатысуымен асырылады.
Түгендеу кезінде құндылықтардың болуы қайта санау, қайта салмағын
өлшеу, қайта ұзындығын өлшеу жолымен анықталған.
Жабдықтаушының тиісуге болмайтын орауында сақтаулы материалдар мен
тауарлар бойынша олардың саны таңдау жүргізу арқылы осы құндылықтардың бір
бөлігін ғана міндетті тексеру негізінде анықталуы мүмкін. Материалдардың
салмағын анықтауды өлшеу және техникалық есептеулер негізінде жүргізуге
болады: өлшеу және есептеуге актілері тізімге қосылады. Салмақталатын
атаулардың үлкен мөлшерін түгендеген кезде өлшеу ведомасттарын,түгендеудің
жұмыс коммиссиясының бір мүшесі мен материалдық жауапты тұлға жүргізеді.
Жұмыс күнінің соңында осы ведомасттардың мәліметтерін салыстырады және
дұрыс жиынын түгендеудің тізіміне енгізеді. Қайта өлшеу ведомостарын
түгендеу тізіміне қосады.
Түгенделетін құндылықтар мен объектіцлердің атауларын, олардың санын
есепке алынатын номенклатура және өлшем бірліктері бойынша тізімде
көрсетіледі.
Түгендеу тізіміне жұмыс коммиссиясының барлық мүшелері мен материалды
жауапты тұлға қолдарын қояды. Тізімнің осында материалдық жауапты тұлға
коммиссияссының көзінше құнрндылықтарды түгендеуді растайтын қолхат береді.

Материалдық жауапты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы-материалдық қорларды талдау
ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
Қоймадағы материалдық қор есебі
Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі туралы ақпарат
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оны талдау
Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы
Өндірістік корлар есебі және аудиті
Тауарлы - материалдық қорлардың жіктелуі
Пәндер