«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы



ЖОСПАР:
Кріспе
І БӨЛІМ. Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі
> 1.1. Кредиторлық қарыздардың түсінігі мен маңызы
1.2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
1.3. Банктік операциялар есебі

II БӨЛІМ.«АТФ банктің» қысқаша сипаттамасы.
2.1. «АТФ банктің» кредиторлық қарыздарының түсінігі мен маңызы
2.2. «АТФ банктің» бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
2.3. «АТФ банктің» банктік операциялар есебі

III БӨЛІМ.«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы.
3.1.«АТФ банктің» есебі бойынша ішікі аудитті жүргізу
3.2.«АТФ банктегі» 1 С . тің жүргізілуі

Қорытынды
Падаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кріспе

І БӨЛІМ. Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі

1.1. Кредиторлық қарыздардың түсінігі мен маңызы

1.2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі

1.3. Банктік операциялар есебі

II БӨЛІМ.АТФ банктің қысқаша сипаттамасы.

2.1. АТФ банктің кредиторлық қарыздарының түсінігі мен маңызы

2.2. АТФ банктің бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі

2.3. АТФ банктің банктік операциялар есебі

III БӨЛІМ.АТФ банктің есебін жетілдіру шараларының методикалық
нұсқаулығы.

3.1.АТФ банктің есебі бойынша ішікі аудитті жүргізу
3.2.АТФ банктегі 1 С – тің жүргізілуі
Қорытынды
Падаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын
көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл
орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша
бағаламауға болмайды.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру
мүмкін емес.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады.Ол
кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау
үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс
процесін шынайы көрсетіп береді.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында және
субъектілердің қаржылық- шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен
ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша
ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару
үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел
экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық
тетігінің бірі ретінде пайдаланады.
Экономикалық саласының мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін
жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың

ережелерін, нұсқауларын және басқа да нормативтік актілердің қатаң
сақтаулары қажет. Бухгалтерлік есеп жүйесінде басты маңызды орын алатын
сала кредиторлық борыштармен есеп жүйесі болып табылады.
Ал кредиторлық қарыздар – алынған ТМҚ жеткізушілермен қарыздары,
орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге байланысты, мемлекеттік
бюджетпен есеп айырысулар мен қорларға төлемдер және салықтық төлемдер.
Курстық жұмыстың мақсаты – бухгалтерлік есепте кредиторлық борыштардың
мөлшерін қарастырудың алғы шараларын талдау.
Ал тақырыптың өзектілігі – кредиторлық борыштарға байланысты
бюджетпен есеп айырысулар мен банктік операциялардың маңыздылығын ашуға
негізделген.

І. Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі

1. Кредиторлық қарыздардың түсінігі мен маңызы

Кредиторлық қарыздар – алынған ТМҚ жеткізушілермен қарыздары,
орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге байланысты, мемлекеттік
бюджетпен есеп айырысулар мен қорларға төлемдер және салықтық төлемдер.
Кредиторлық қарыздардың аналитикалық есебі шығындардың мынадай
номенклатурасына жіктеледі:
-жұмыскерлердің еңбек ақысы; әкімшілік тұрғыда,
-персоналдарға еңбек ақы, өндіріс қызметкерлері;
- бөлімдерде қызмет көрсететін қызметкерлер, материалдық-
техникалық және көліктік қызмет көрсетулер;
-жабдықтаушылармен, жеткізушілермен есеп айырысу;
-бюджетпен есеп айырысу;
-Іс сапар шығындары;
- коммуналдық төлемдер, күзет бөлімдері мен өрт сөндіру
бөлімдері;
- қоймадағы жетіспеушіліктер;
- айыппұлдар, келісім шарт негіздері;
Барлық кредиторлық қарыздарды мынадай топтары, түрлері бойынша
қарастырамыз: нақты, мерзімі өткен, келісілмеген, бірқалыпты.
Осындай түрлерін қарастыра келе ең алдымен кредиторлық қарыздарды
болдырмауды қадағалаймыз. Мерзімі өтпей жоғарыда аталған барлық кезеңді
орындауға кірісеміз.
Алдымен, салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде
белгілеге, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусніз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Ал банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының,
ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен
шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін
болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Несиелер несиелендіру процесінде банк пен оның клиентінің өзара
қатынасы алдымен келісімдік сипатта жасалады, яғни несие сомасы және
проценттік ставкалар мөлшері, оны көрсету әдісі және қайтару мерзімі
несиелік келісім-шартта көрсетіледі.

1.2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі

Салықтардың пайда болуы бюджеттің қалыптасуы және пайдаланылуы жүйелі
мінезге ие болғанда, қаржылардың пайда болуымен, сәйкесінше тұрақты мінезге
ие болатын кірістердің қажеттілігімен байланысты.
Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде
белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің
функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын
ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салық есебін бухгалтерлік есепті қатысу деңгейіне байланысты 3 түрге
бөліуге болады:
1. Бухгалтерлік салық есебі. Салық есебінің көрсеткіштері тек қана
бухгалтерлік есептің мәліметтері арқылы дайындалады. (Қазақстанда бүндай
есептің түрі 1995жылға дейін болған). Жеке салықтар бойынша (әлеуметтік
салық, меншікке салық, көлікке салынатын салық)бұндай есеп түрлері элі
күнгедейін қолданыста.
2. Аралас салық есебі. Салық есебінің көрсеткіштері бухгалтерлік есеп
мэліметтері негізінде қүрылады, бірақ салық салу мақсатында анықталған
эдістерде пайдаланылады. Бүндай есептің түрі Қазақстанда 1995 жылдан бастап
салықтардың түрлері, яғни қосымша сомаға салынтан салық, заңды түлғаларға
ҚҚС-мен қоса қолданылады.
3. Абсолюттік салық есебі. Бүл салық есебінің қолданылуы көрсеткішінің
қалыптасуы бухгалтерлік есептің қатысуынсыз жүргізіледі. Мұндай есеп тек
теория жүзінде қалыптасқан. Былайша кедендік баж, мемлекеттік баж, сатуға
төлеу және басқадай жағдайлар бухгалтерлік есептің қатысуынсыз болатыны
қателік. Ешқандай төлемдер бухгалтердің қатысуынсыз жүргізілмейді.
Сол себептен қазіргі ҚР-да жүргізіліп жатқан салық есебі екінші түрге
жақынырақ, яғни аралас салық есебі.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының бюджет кодексі мен
қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
тәртіпен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің
міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен
басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер:
Салықтар:
1. Корпоративтік табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
7. Әлеуметтік салық.
8. Жер салығы.
9. Көлік құралдарына салынатын салық.
10. Мүлікке салынатын салық.
11. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттары бойынша өнімді
бөлу жөніндегі үлесі.
2006 жылдан бастап тағы да арнаулы салық режимі арқылы салық
салынатын шағын бизнес өкілдеріне салық жүктемесін төмендету мәселесі,
корпорациялық табыс салығын ставкасын төмендету, қызметінің негізгі түрі
қазіргі кездегі технологияларды ойлап табу және дамыту болып табылатын
арнаулы экономикалық зоналарда қызметін жүзеге асырушылардың салық режимін
дұрыс жолға қою және т.б. өзгерістер енгізу талқыланып жатыр.
Салық есебі – салық төлеушілермен, салық агенттерімен, олардың
орындаушыларымен арнайы үлгіде жасалады. (заңдылықтарға сәйкес)
Салық есебін – салық ұйымдастыру бөлімдері жеке формада салық төлеу
уақыты басталғаннан салық төлеу уақыты аяқталғанға дейін дайындайды.
Баланста көрсетілгеннен кейін дайындалған есеп беруді 15 күн ішінде
салық органдарына өткізеді.
Салық төлеушілер, салық агенттері өз есеп берулерін мынадай үлгіде
берулеріне құқылары бар:
- арнайы хат арқылы
- жеке формада келіп көрсетуге
- электрондық үлгіде ақпараттарды ҚР ҚМ салық комитетінің ережелеріне
сай компьютерге енгізуге.
Салық есебіне байланысты ең маңызды кезең – толықтырулар мен
өзгертулер. Толықтырулар мен өзгертулер салық декларациясында енгізілгенде
орындалған есеп берулерге қосымша декларация толтырылған, онда кейінгі
кезеңдегі өзгертулер мен толықтырулар көрсетіледі.

1.3. Банктік операциялар есебі

Банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының,
ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен
шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін
болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп беру - бұл:
- банк туралы қаржылық мәліметтер жиналған ақпараттық жүйе;
- банктің жарғылық капиталы туралы экономикалық мәліметтерді жинау;
- банктің шектеулі ссудалық ресурстарды тиімді қолданудың тәсілі.
Банктердегі бухгалтерлік есептің объектісі біріңғай ақшалай өлшеммен
бейнеленетін тұтас оның жарғылық қызметі болып табылады және меншікті
негізгі және айналмалы құралдарды, олардың қалыптасуынан қайнар көздердің
тартылған құралдарды, банктің жарғылық қызметін орындауда пайда болған
процесстер, сонымен қатар қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Шаруашылық құралдардың ішінде дебиторлық қарыздар да үлкен үлес
алады. Оның негізгі бөлігін клиенттерге берілген банк несиелері құрайды.
Банк қаржысының негізгі тобын айналымнан тыс қаржылар құрайды – жыл
ағымында бюджетке табысқа салық түрінде пайдаланылатын табыстың сомасы.
Меншікті және сырттан алынған қаржылар пайда болу көздеріне , яғни
банк қаржылары ресурстарына жатады.
Меншікті қаржыларына банктің жарғылық капиталы, резервтік және
арнайы қорлар, экономикалық ынталандыру және табыс қоры жатады.
Жарғылық капитал – акционерлердің қаржылары немесе банкті құрғанда
салынған банктің құрылтайшыларының жарналары; ол қосымша акцияларда
шығаруда, жаңа құрылтайшыларды алуда өсуі мүмкін.
Резервтік капитал – күтілмеген, жоспарланбаған шығындарды, зиянды,
төлемдерді жабу мақсатында құрылады.
Арнайы қор – банк шығындарына тозу түрінде жатқызылған бұрын сатып
алынған негізгі қорларды жабатын шығындар сомалары.
Экономикалық ынталандыру қоры – банктің материалдық-техникалық
базасын дамытуға және банк қызметкерлерін материалдық мадақтауда
қолданылады.
Банктегі бухгалтерлік есептің негізі операциондық жұмыc
болып табылады. Оған келесілер жатады:
-банк клиенттерінің ақшалай құжаттарын қабылдау және дұрыстығын
тексеру;
-бухгалтерлік есепте бейнелеу үшін құжаттарды дайындау;
-ақшалай қаржылардың және төлемдердің түсуінің жедел есебі;
-төлемдердің мерзімділігін бақылау;
-банк ссудалары бойынша қарыздарды реттеу үшін мәліметтер есебі;
-ақшалай қаржылардың аударылуын бақылау.
Банктердегі операциялық жұмыс әртүрлі және күрделі, ол ақшалай есеп
айырысу формаларының көп болуынан, ссудаларды беру және жою тәсілдері мен
ережелерінен, төлемдерді жүзеге асырудың көптүрлігінен көрінеді.
Операциялық жұмыс процесінде кассалық, есеп айырысу және басқадай ақшалай
қаржылар мен төлемдердің жүзеге асырылуына бақылау жасалады.
Күнделікті операциялық жұмысты орындау және оған байланысты
бухгалтерлік есепті жүргізу есеп-операциондық жұмыс деп аталады, сәйкес
функцияларды орындайтын жұмысшылар – банктің есеп-операционды аппараты
болып есептеледі.
Несиелік операциялар коммерциялық мекеме ретінде банк қызметінің
негізгі дәстүрлі активті қызметі болып табылады. Несиелер ұсыну
фирмалардың, кәсіпкерлік компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және
жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыру
үшін жүзеге асырылатын оның басты экономикалық функциясы болып табылады.
Банктер табыстың негізгі мөлшерін несиелік операциядан алады.
Көптеген банктерде ссудалық операциялар олардың жиынтық активтерінің
жартысынан көбін құрайды және табыстың 70 пайызына жуығын құрайды.
Несиелер несиелендіру процесінде банк пен оның клиентінің өзара
қатынасы алдымен келісімдік сипатта жасалады, яғни несие сомасы және
проценттік ставкалар мөлшері, оны көрсету әдісі және қайтару мерзімі
несиелік келісім-шартта көрсетіледі. Несиелер тек несие қабілетті қарыз
алушыларға беріледі.
Ссудалық шоттар жай ссудалық шот және арнайы ссудалық шот болады. Жай
ссудалық шоттар бір реттік ссудалар қарыз алушының ағымдағы және есеп
айырысу шоттарға есептелгенде және одан жою жүргізілгенде болады; арнайы
ссудалық шот сауда, сауда-делдалдық ұйымдармен жабдықтаушылардың есеп
айырысу құжаттарын төлеумен және жабдықтаушылардан табысты аударумен ,
сонымен қарыз жойылуында ашылады. Әрбір 10-15 күнде банк пен клиент
арасындағы келісім шартқа сәйкес арнайы ссудалық шотты реттеу жүргізіледі.
Бұл үшін дебет және кредит бойынша айналымдар салыстырылады, ал айырма есеп
айырысу шотына жазылады немесе одан қажетсіздендіріледі.
Несиелер мерзімі бойынша келесідей түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан
аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалдық құндылықтарға, төлемдердің
ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі бір жылдан асатын несиелер жатады.
Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі құралдардың
қалыптасуы үшін қажеттілігіне беріледі.

II БӨЛІМ.АТФ банктің қысқаша сипаттамасы.

2.1. АТФ банктің кредиторлық қарыздарының түсінігі мен маңызы

АТФ банктің кредиторлық қарыздары – алынған ТМҚ жеткізушілермен
қарыздары, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге байланысты,
мемлекеттік бюджетпен есеп айырысулар мен қорларға төлемдер және салықтық
төлемдер. Кредиторлық қарыздардың аналитикалық есебі шығындардың мынадай
номенклатурасына жіктеледі:
-жұмыскерлердің еңбек ақысы; әкімшілік тұрғыда,
-персоналдарға еңбек ақы, өндіріс қызметкерлері;
-бөлімдерде қызмет көрсететін қызметкерлер, материалдық-техникалық
және көліктік қызмет көрсетулер;
-жабдықтаушылармен, жеткізушілермен есеп айырысу;
-бюджетпен есеп айырысу;
-Іс сапар шығындары;
- коммуналдық төлемдер, күзет бөлімдері мен өрт сөндіру
бөлімдері;
- қоймадағы жетіспеушіліктер;
- айыппұлдар, келісім шарт негіздері;
АТФ банктегі осындай түрлерді қарастыра келе ең алдымен кредиторлық
қарыздарды болдырмауды қадағалаймыз. Мерзімі өтпей жоғарыда аталған барлық
кезеңді орындауға кірісеміз.
Алдымен, салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң
жүзінде белгілеге, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке
төленетін қайтарусыз және өтеусніз сипаттағы міндетті ақшалай
төлемдер болып табылады.
АТФ банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша
қаражаттарының, ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы
туралы, табыстар мен шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен
қатар банк қызметін болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін
көрсетеді.
Несиелер несиелендіру процесінде АТФ банк пен оның клиентінің өзара
қатынасы алдымен келісімдік сипатта жасалады, яғни несие сомасы және
проценттік ставкалар мөлшері, оны көрсету әдісі және қайтару мерзімі
несиелік келісім-шартта көрсетіледі.

2.2. АТФ банктің бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі

Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде
белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың пайда болуы бюджеттің қалыптасуы және пайдаланылуы жүйелі
мінезге ие болғанда, қаржылардың пайда болуымен, сәйкесінше тұрақты мінезге
ие болатын кірістердің қажеттілігімен байланысты. Салықтардың
экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге
асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып
табылатындығында.
АТФ банктегі салық есебін бухгалтерлік есепті қатысу деңгейіне
байланысты 3 түрге бөліуге болады:
4. Бухгалтерлік салық есебі. Салық есебінің көрсеткіштері тек қана
бухгалтерлік есептің мәліметтері арқылы дайындалады. (Қазақстанда
бүндай есептің түрі 1995жылға дейін болған). Жеке салықтар бойынша
(әлеуметтік салық, меншікке салық, көлікке салынатын салық)бұндай есеп
түрлері элі күнгедейін қолданыста.
5. Аралас салық есебі. Салық есебінің көрсеткіштері бухгалтерлік есеп
мэліметтері негізінде қүрылады, бірақ салық салу мақсатында анықталған
эдістерде пайдаланылады. Бүндай есептің түрі Қазақстанда 1995 жылдан
бастап салықтардың түрлері, яғни қосымша сомаға салынтан салық, заңды
түлғаларға ҚҚС-мен қоса қолданылады.
6. Абсолюттік салық есебі. Бүл салық есебінің қолданылуы көрсеткішінің
қалыптасуы бухгалтерлік есептің қатысуынсыз жүргізіледі. Мұндай есеп
тек теория жүзінде қалыптасқан. Былайша кедендік баж, мемлекеттік баж,
сатуға төлеу және басқадай жағдайлар бухгалтерлік есептің қатысуынсыз
болатыны қателік. Ешқандай төлемдер бухгалтердің қатысуынсыз
жүргізілмейді.
Қазіргі кезде АТФ банкте және де ҚР-да жүргізіліп жатқан салық
есебі екінші түрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
«Семей жолдары» ЖШС-тың жылдық жиынтық табысы
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж-нің негізгі құралдар есебі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Банктің операцияларын талдау
Банк қызметіндегі маркетинг
ІI-деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыру
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері
Пәндер