ЖШС «КАНТ - ЭЙР»-дің шаруашылық субьектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ.

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: І. ЖШС «КАНТ - ЭЙР»-дің шаруашылық субьектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
3:
КІРІСПЕ: 1. 1 Шаруашылық субьектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
3: 5
КІРІСПЕ: ІІ. ЖШС «КАНТ - ЭЙР» кәсіпорындағы ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.
3:
КІРІСПЕ: 2. 1 Ұлттық және шетел валютасындағы касса операцияларының есебі.
3: 8
КІРІСПЕ: 2. 2 Несие бойынша операциялар есебі.
3: 10
КІРІСПЕ: 2. 3 Есеп беруші тұлғамен есеп айырысу есебі.
3: 12
КІРІСПЕ: 2. 4 Салық бойынша бюджетпен есеп айрысу есебі.
3: 14
КІРІСПЕ: ІІІ. Негізгі құралдар және материалды емес активтердің есебі.
3:
КІРІСПЕ: 3. 1 Негізгі құралдар есебі. №6 «Негізгі құралдар есебі».
3: 19
КІРІСПЕ: 3. 2 Материалды емес активтердің есебі.
3: 22
КІРІСПЕ: 3. 3 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің тозуы мен амортизацияның есебі.
3: 24
КІРІСПЕ: IV. Тауарлы - материалдық запас және жабдықтаушылармен алу реті және оның құжатталуы.
3:
КІРІСПЕ: 4. 1 Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті және оның құжатталуы.
3: 27
КІРІСПЕ: 4. 2 Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы.
3: 29
КІРІСПЕ: 4. 3 Тауарлы есеп беруді қабылдау және тексеру тәртібі.
3: 31
КІРІСПЕ: 4. 4 Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі.
3: 35
КІРІСПЕ: 4. 5 Тауарды сату бойынша шығын есебі.
3: 37
КІРІСПЕ: V. Еңбек және төлемнің есебі.
3:
КІРІСПЕ: 5. 1 Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың рәсімделу тәртібі.
3: 41
КІРІСПЕ: 5. 2 Еңбек ақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі.
3: 44
КІРІСПЕ: 5. 3 Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
3: 46
КІРІСПЕ: 5. 4 Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы.
3: 47
КІРІСПЕ: 5. 5 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі.
3: 48
КІРІСПЕ: VІ. Меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі.
3:
КІРІСПЕ: 6. 1 Мекеменің жарғылық капиталының дұрыс қалыптасуы және құжаттардың дұрыс толтырылуы.
3: 51
КІРІСПЕ: 6. 2 Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі.
3: 52
КІРІСПЕ: VІІ. Қаржылық есеп беру.
3:
КІРІСПЕ: 7. 1 Жылдық есеп берудің құрылуы және байланысы, алдын-ала жүргізілетін жұмыстар тәртібі.
3: 53
КІРІСПЕ: 7. 2 Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация.
3: 54
КІРІСПЕ: 7. 3 Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы.
3: 55
КІРІСПЕ: VІІІ. Аудиторлық кәсіпорынның құрылымы мен құрылысы. Аудиттің функционалды міндеттері.
3:
КІРІСПЕ: 8. 1 Аудиторлық өзінің міндеті.
3: 57
КІРІСПЕ: ІХ. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті.
3:
КІРІСПЕ: 9. 1 Журнал - ордер №12 және бас кітабы, балансты құрудағы жазу сәйкестігін тексеру.
3: 60
КІРІСПЕ: 9. 2 МЕА синтетикалық және аналитикалық есебінің жүргізілуінің тексеру.
3: 63
КІРІСПЕ: 9. 3 МЕА амортизацияның есептелуін тексеру.
3: 65
КІРІСПЕ: Х. Ағымдағы активтердің аудиті.
3:
КІРІСПЕ: 10. 1 Материалдық құндылықтарының түсу операцияларын тексеру.
3: 68
КІРІСПЕ: 10. 2 Материалды құндылықтарының шығындары мен есептен шығару операцияларын тексеру.
3: 70
КІРІСПЕ: 10. 3 Материалдардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыстығын тексеру.
3: 73
КІРІСПЕ: 10. 4 ТМЗ қорларының инвентаризациялық түгендеуінің есеб.
3: 74
КІРІСПЕ: ХІ. Ақша қаражатының аудиті.
3:
КІРІСПЕ: 11. 1 Кассадағы ақша қаражатының шығындары. Ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ету.
3: 78
КІРІСПЕ: 11. 2 Ақша қаражатының есеп шотында, валюталық шотында есебін тексеру.
3: 80
КІРІСПЕ: 11. 3 Кассада түгендеуді дұрыс жүргізу тәртібі.
3: 84
КІРІСПЕ: 11. 4 Курстық айырмасының анықтамасы мен өзгеруін тексеру.
3: 86
КІРІСПЕ: ХІІ. Аудиттің міндеттемелері.
3:
КІРІСПЕ: 12. 1 Несиелік есеп айырысу операцияларынтексеру, банк несиелерін алу және оларды төлеу.
3: 87
КІРІСПЕ: 12. 2 Банк несиесіндегі аналитикалық және синтетикалық шоттардың байланысы.
3: 89
КІРІСПЕ: 12. 3 Салықты өз уақытында төлеу, салық жиналымының толық өз уақытында төлеу есебін дұрыстығын тексеру.
3: 90
КІРІСПЕ: 12. 4 Әлеуметтік салық және жинақтаушы зейнетақы қорының салымдарының дұрыс есептелуін өз уақытынды тексерді.
3: 91
КІРІСПЕ: ХІІІ. Еңбекақыны есептеу аудиті.
3:
КІРІСПЕ: 13. 1 Штат тәртібін, қызметкерлердің қызметі бойынша еңбекақыны қадағалау.
3: 96
КІРІСПЕ: 13. 2 Еңбекақының ұсталуы және жіберілуін тексеру.
3: 97
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 100
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТЕР ТІЗІМІ.
3: 102

Кіріспе.

Қандай да ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б. Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін - бірі түсінбес еді» - деген болса, оның әріптесі П. Самуэльсон «Біздің ғасырымыз - машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады», - дейді.

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орыналады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағадайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналыста және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ержелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамсыз етеді.

Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс - әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілерінің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдау қажетті ақпаратты жинақтайды. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының өткізілген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», - деген сөздің жайдан - жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет.

Экономикалық барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамуту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорынмен өнім өндіруші ұйымдармен, сондай ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетігінің бірі ретінде пайдаланады.

І. ЖШС «КАНТ - ЭЙР»-дің шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.

1. 1Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.

1. 1 Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.

«КАНТ - ЭЙР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған, заңды тұлға болып табылады. Серіктестіктің құрылтайшылары болып табылады:

жеке тұлға - ҚР азаматы: Мухамадиев Қанат Төлешевич, 27. 02. 1961 жылы туған, жеке куәлігі №0799164, 21. 01. 1997 жылы ҚР ІІМ берілген, тұратын жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Ленина 47 «а».

Кайнбеков Эрлан Садыкович 19. 06. 1961 жылы туған, жеке куәлігі №0799004, 21. 01. 1997 жылы ҚР ІІМ берілген, тұратын жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Ленина 47 «а».

Серіктестікің мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, 35 квартал 24.

Серіктестіктің мақсаты таза пайда табу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі қызметінің түрлерін көрсетеді:

  • құрылыс жұмыстарын жүргізу және жөндеу - құрылыс жұмыстарын жүргізу;
  • құрылыс - құрастыру жұмыстарын жөндеу:

құрылыс материалдармен өнімдерді және құрастыруларды өндіру;

  • сауда - саттық қызмет (көтерме және бөлшек) ;
  • коммерциялық және эмиссиондық сауда магазиндерін ашу;
  • өндірісті-техникалық өнімдерді шығару;
  • жиҺаздар жасау;
  • қоғамдық тамақтандыру саласында (кафе, асхана, дәмхана) қызмет көрсету;
  • халыққа тұтылатын өнімдерін дайындау;
  • автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қаматамасыз ету;
  • қонақүй шаруашылығы;
  • жайларды жалға беру;
  • құрылыс және өнеркәсіптік жадығаттарды, құрал - саймандарды және жарақты өндіру;
  • ағаш өнімдерін шығару;
  • күрделі жөндеу;
  • әрлеу жұмыстары;
  • сыртқы экономикалық қызмет;
  • түрлі-түсті және қара металдарды жинау, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және сату;
  • автотұрақты ұйымдастыру;
  • автосервис саласында қызмет көрсету;
  • нан, макарон, кондитерлік, шұжық өнімдерін өңдеп сату;
  • маркетинг;
  • АЗС-ды ашу және жанаржағармай сату;
  • ауыл шаруашлық өнімдерін өңдеу, қайта өңдеу және сату;
  • ара және мал шаруашылығы (ірі мал, қой, құс, жылқы, шошқа және басқа да малдар) өсіру;
  • ағаштау жинау, дайындау, қайта өңдеу, пилорама;
  • халыққа ақылық қызмет көрсету;
  • өнеркәсіптік, транспорттық, ақпараттық, сервистік және тұрмыстық қызмет көрсету;
  • жүк және жол көлігі тағы басқа жол көлігі қызметі;
  • шаруашылық және сыртқы экономикалық қызмет түрлерінің барлық түрлерімен аумағы, соның ішінде импорт, әкспорт, сатып алу, сауда, айырбас саудасы, басқа коммерциялық қзметі агент принципі, делдал және басқа да сондай түрде;
  • Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерін көрсету.

Лицензияға жататын қызметті жүзеге асыру кезінде, серіктестік бектілген тәртіпте лицензия алуға міндеттінде.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорында жеке құрылым ретінде ұйымдастырылған. Бухгалтерлік құрылым әр түрлі функционалдық секторлардан құрылады (кәсіпорынның орындалған қызметіне байланысты) .

Нормативтік құқықтық акті, кәсіпорынның бухгалтерия қызметін растайтын құжат, ол бухгалтерия туралы қалып.

Жалпы есеп жүйесі ЖШС бөлінеді:

  • Қаржылық есеп беру
  • Статистикалық есеп
  • Салықтық есеп
  • Басқару есебі.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттары:

  1. Бухгалтерлік есеп берудің ішкі пайдаланушыларына және сыртқы пайдаланушыларына қажетті ұйымның қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және рас ақпаратты сұрастыру;
  2. Бухгалтерлік есеп берудің ішкі және сыртқы пайдаланушыларына қажетті ақапарат пен қамтамасыз ету:
  • шаруашылық операцияларды жүргізгендегі кәсіпорынның Қазақстан заңдылығын сақтауға, бақылау жүргізу үшін;
  • мүліктің жәнеміндеттемелердің бар болуына, және қозғалысына бақылау жүргізу үшін;
  • бекітілген нормаларға, нормативтерге және сметаға сәйкес материалды, еңбек - қаржылық ресурстарды пайдалануға бақылау жүргізу үшін;
  1. Ұйымның шаруашлық қызметінің теріс қорытындыларына жол бермеу және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуін, ішкі шаруашылық резервтерін анықтау.

Бухгалтерлік есепте мүлік, міндеттемелер шаруашылық операциялар жүргізіледі тенге және де тиынмен компьютерлік бағдарламасы «1С. Предприятие» қолданылады. Ішкі бақылау орындалып жатқан шаруашылық операциялар бухгалтерияда бастапқы есеп құжаттарымен бірге есепке алынып жүргізіледі, және де келесідей принциптерді орындайды (ҚР -ның бухгалтерлік есеп принциптерімен айқындалған) :

  • Есептеу принципі (кәсіпорындағы кез -келген операциялар есептеліп отыру қажет) ;
  • Үздіксіз принципі (ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалады) ;
  • Мәнділік принципі (ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы керек) ;
  • Түсініктілік принципі (бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдау барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі) ;
  • Маңыздылық принципі (бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдануы үшін қажет болуымен рәсімделеді) ;
  • Сенімділік принципі (берілген ақпараттық мәліметтерді сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады) ;
  • Салыстырмалы принципі (қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметері өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі) ;
  • Сақтық принципі (бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын сандар, кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді және пайдаланушылар осы мәліметтер арқылы түрлі шешім қабылдайды) .
  • Бейтараптық принцип (ақпарат сенімді болу үшін, алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болу керек. )
  • Әділетті және тура көрсету принципі (кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтердің пайдаланушылардың қаржылық жағдайы және ақша қаржаттары туралы нақты әрі әділетті мәліметтермен қамтамасыз ету қажет) .
  • Толықтылық принципі (ұйымның қаржылық есептегіндегі ақпарттық мәліметтерге сенімді болу үшін толық және толық болуды қажет етеді) .
  • Дәйектілік принципі (өзінің таңдап алған есеп жүргізу саясатпен есепті кезеңнің басынан сонынан дейін дәйекті түрде қолдану керек) .

ІІ. ЖШС «КАНТ - ЭЙР» кәсіпорындағы ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.

  1. Ұлттық және шетел валютасындағы касса операцияларының есебі.
  2. Несие бойынша опреациялар.
  3. Есеп беруші тұлғамен есеп айырысу есебі.
  4. Салық бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі.

2. 1 Ұлттық және шетел валютасындағы касса операцияларының есебі.

«Кассадағы ұлттық валюта және шетел валютасындағы түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі ЖШС «КАНТ - ЭЙР» - де «Кассалық операцияларды жүргізу туралы қалып» 4 ақпанда 2005 жылы бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын аңықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлеріне басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізілімдерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірі, оның кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін кұжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі. Ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналын да тек құжатың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшылардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү. №КО - 4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәләндырады.

Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толытырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан («Құн басындағы қалдық» деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

Кассирдің есебінде шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 - "Кассадағы ақша қаражаттары", 1020 - "Кассадағы валюталық ақша қаражаттары" шотының дебеті мен кредиті бойынша есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың калдығына сәйкес келуге тиіс.

Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 " Кассадағы ақша қаражаттары " шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

1030 - "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;

1250(2150), 1280, (2180) - "Қызметкерлердің дебиторлық берешегі", "Өзге дебиторлық берешек" қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т. б. бойынша кассаға өткізілген карыздар;

Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:

3350 (4150) - "Еңбекақы төлеу бойынша берешек" шоты - кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;

3310 (4110) - "Жеткізушілер мен мердігерлерге берешек" шоты - алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;

Шетел валютасындағы операциялар есебі кәсіпорында ХБЕС №21 «Валюталық бағамдар өзгерістерінің әсері» арқылы қолданылады.

Барлық валюталық операциялар өкілетті банктер арқылы іске асырылады. Операцияның басында шетел валютасы тенгемен спот-курс есебімен, операцияның күнің жазу керек.

Курстық айырма кезінде пайда болған кіріс немесе шығыс қаржылық есептемеде «Басқа да кірістер/шығыстар» шотында көрсетіледі.

Курстық айырманы көрсету үшін мына синтетикалық шоттар қолданылады:

6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кіріс»

7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»

2. 2 Несие бойынша операциялар.

Бұл шаруашылық жүргізуші субъекті өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Кәсіпорынның арасындағы есеп айырысу қатынастары бір кәсіпорынның басқаларына құралдарды тасымалдауымен немесе қызмет көрсетулерді асықпай ақы төлеумен байланысты шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаты операцияларының есебі
Қаржылық есеп беру және оның талдауы
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
«AV ENERGY» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Кәсіпорынның қаржылық негізгі құралдар есебі
«Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы
«Финансовый консалтинг Е&K» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Барлық материалдық шығындар
Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру
«Казахцемент» ЖШС-дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz