Кречмер бойынша дене типтерінің құрылысы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. ЖАЛПЫ ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПТЕРІ БОЙЫНША АДАМНЫҢ ДЕНЕ БІТІМІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Кречмер бойынша дене типтерінің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Тұлға типологиясының басты проблемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. ЖАЛПЫ ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПТЕРІ БОЙЫНША АДАМНЫҢ ДЕНЕ БІТІМІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

0.1. Кречмер бойынша дене типтерінің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.2. Тұлға типологиясының басты проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Адамдар Жер шарының түкпір-түкпірлеріне дейін қоныс теуіп, қоршаған тіршілік ортаның әртүрлі ықпалына ұшырады. Қоршаған орта тұқым қуалау үрдісімен бірге организмнің құрлымдарының барлық деңгейінде әсер етеді, әсіресе организмнің конституциясына.
Қазіргі кезеңде конституцияның жіктелуі (классификациясы) туралы қолданыстағы жалпыға бірдей теория жоқ. Конституция (лат. constitutio - орнату, ұйымдастыру) - тұқымқуалаумен негізделген, сонымен қатар қоршаған ортаның әсеріне жауап реакцияларының қалыптасуымен жүретін жеке тұлғаның салыстырмалы тұрақты морфологиялық, физиологиялық және психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Конституция туралы ілім ерте кезеңде туындады. Әрбір дәуір конституцияның анықтамасы мен топтарына өзінің көзқарасын қалыптастырды. Бірінші рет конституция ұғымымен біз Гиппократ еңбектерінде кездесеміз. Ол белгілі бір конституция типі адамға туғаннан тән және ол өмір бойында өзгермейді деп есептеген. Сонымен қатар, ол жақсы-жаман, күшті-әлсіз, құрғақ-ылғалды, енжар-серпінді деген конституция түрлерін ажыратқан. Темперамент бойынша адам конституциясының төрт түрі: сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик, Гиппократтың пікірі бойынша организмде қанның, сілемейдің, өттің және гипотетикалық қара өттің қайсысының басымдық көрсетуіне байланысты көрініс береді және адамның мінез-құлығын айқындайды.
Анатом-морфологиялық даму кезеңдегі медицинаға адам денесінің пропорциясы мен ішкі ағзаларының мөлшерін өлшеу негізінде қалыптасқан конституция классификациясы тән: жіңішке, орташа, кең типті; долихоморфты (дене тұрқының ұзындық мөлшері басым), брахиморфты (дене тұрқының көлденең мөлшері басым) т.б.
Кейбір авторлар, әр түрлі конституциялық типтердің болуы - бұл адам организіміне сыртқы орта факторларының әсерлерінің нәтижесі, деп есептейді. Бұл әсерлер төрт канал арқылы: атмосфера ауасы - тыныс алу ағзаларына, суда еріген тамақ - асқазан-ішек, ауыз қуысына, топырақ құрылымдары - бұлшық ет аппаратына, ал жарық пен дыбыс сезім мүшелері арқылы миға және шеткі нерв жүйесіне әсер етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Э.Кречмер бойынша темперамент турлері адамның дене құрылысымен, конституциясымен байланысын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Кречмер бойынша дене типтерінің құрылысы
мәселелері туралы әдебиеттер мен материалдарға психологиялық талдаулар жасау.
2. Дене типтерінің құрылысының өзекті мәселелеріне теориялық талдау жасау.
3. темперамент пен дене типтерінің құрылысының орнын анықтау.
Курстық жұмыстың методологиялық негізі: И.П.Павлов ., Грэйс Крайг., Сапогова Е.Е., Кулагина И.Ю., Обухова Л.Ф., Богомолец А.А., М.В.Черноруцкидің т.б. ңалымдардың еңбектеріне сүйене жазылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, бір тарау, әдебиеттер тізімінен, қорытындыдан тұрады.

І тарау. ЖАЛПЫ ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПТЕРІ БОЙЫНША АДАМНЫҢ ДЕНЕ БІТІМІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

1.1.Кречмер бойынша дене типтерінің құрылысы

Адамдар Жер шарының түкпір-түкпірлеріне дейін қоныс теуіп, қоршаған тіршілік ортаның әртүрлі ықпалына ұшырады. Қоршаған орта тұқым қуалау үрдісімен бірге организмнің құрлымдарының барлық деңгейінде әсер етеді, әсіресе организмнің конституциясына.
Қазіргі кезеңде конституцияның жіктелуі (классификациясы) туралы қолданыстағы жалпыға бірдей теория жоқ. Конституция (лат. constitutio - орнату, ұйымдастыру) - тұқымқуалаумен негізделген, сонымен қатар қоршаған ортаның әсеріне жауап реакцияларының қалыптасуымен жүретін жеке тұлғаның салыстырмалы тұрақты морфологиялық, физиологиялық және психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Конституция туралы ілім ерте кезеңде туындады. Әрбір дәуір конституцияның анықтамасы мен топтарына өзінің көзқарасын қалыптастырды. Бірінші рет конституция ұғымымен біз Гиппократ еңбектерінде кездесеміз. Ол белгілі бір конституция типі адамға туғаннан тән және ол өмір бойында өзгермейді деп есептеген. Сонымен қатар, ол жақсы-жаман, күшті-әлсіз, құрғақ-ылғалды, енжар-серпінді деген конституция түрлерін ажыратқан. Темперамент бойынша адам конституциясының төрт түрі: сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик, Гиппократтың пікірі бойынша организмде қанның, сілемейдің, өттің және гипотетикалық қара өттің қайсысының басымдық көрсетуіне байланысты көрініс береді және адамның мінез-құлығын айқындайды.
Анатом-морфологиялық даму кезеңдегі медицинаға адам денесінің пропорциясы мен ішкі ағзаларының мөлшерін өлшеу негізінде қалыптасқан конституция классификациясы тән: жіңішке, орташа, кең типті; долихоморфты (дене тұрқының ұзындық мөлшері басым), брахиморфты (дене тұрқының көлденең мөлшері басым) т.б.
XX ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі Э. Кречмер (1888-1964). Ол Тән құрылысы және мінез атты еңбегінде темперамент турлері адамның дене құрылысымен конституциясымен байланысты болады деді. Кречмер адамдарды дене құрылысымен конституциясына қарай тӛрт типке бәледі. Олар: пикник, атлетик, лептосоматик, диспластик.
Э. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі төртпақ, қол аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар, сүйектері борпылдақ, іші мен бөксесі үлкен, көкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді;
Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен
бөксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрылысы пропорциялы болып келеді.
Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр түрлі мүшелік зақым сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзыр, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер.
Лептосоматик бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол аяғы ұзын, сидыйған.
Адамның дене құрылысын осылайша сипаттай келе, Кречмер темпераменттерді екіге бөледі. Пикниктердің темпераментін Кречмер кебінесе - сиклотиник, ал атлетик пен астениктің темпераменттері шизотимик деп аталады. Сиклотиник және шизотимикті ол сау адамдардың темпераменттеріне жатқызады. Сау адамдар мен ауру адамдардың ортасында ауруға шалдығайын деп тұрған адамдардың темпераментін Кречмер сиклойд темпераментіне, ал астеник, атлетиктердің темпераментін - шизойд темпераменті деп атаған. Оның айтуынша, сиклойдтардың және шизойдтардың өзіне тән аурулары болады.
Мәселен, сиклойдтар көбінесе кем ақылдық - депрессивтік психоздармен ауырады. Кречмердің сипаттауынша сиклойдтар өте жігерлі, әрекетсіз, уайымшыл, бірақ тез көнгіш, ақ кӛңіл, өте жұмсақ болып келеді. Шизойдтер - жай, қозуы өте шабан, тұйық, жабық адам, бірақ табанды, тұрақты болып келеді.
Кречмер темперамент балаға ата-анасынан балаларға тұқым, нәсіл арқылы көшіп отырады, олар өзгеріске түспейді, баланың туысынан темпераменті қандай болса, сол темпераменттерді үлкейген кезде де сол бойынша қалады дейді. Әрине, темперамент женінде осылайша кесіп айту дәл болмайды, темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен өмір суру барысында аздап өзгеріске түсіп отырады.
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көп-шілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э. Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті.
Дене құрылымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:
1) Шизотимик - дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2) Циклотимик - дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда маниакальді - депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған адамдармен қарым-қатынасы тез түседі.
3) Иксотимик - дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді. Э. Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-поскопиялық әдісті қолданды. Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері "Конституционная психология" Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді.
Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті. Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.
Н. Кречмер осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.
У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды: 1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.
2) Мезоморфты тип - бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз кеде агрессивті мінез-құлық байқалады.
3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды. Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой - тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым - қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым - қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. Намыс, адамгершілік, құқық, міндет сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады.
Э.Кречмер 1924 жылы үш конституция типін ажыратып ұсынды: астеникалық, пикникалық, атлетикалық. Оның пікірі бойынша конституция индивид генотипінің фенотиптік көрініс беруі.
Богомолец А.А. (1926) дәнекер ұлпасының физиологиялық жүйесін негізге алып, төрт конституция типтерін ажыратты: 1. астеникалық (нәзік дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 2. фиброзды (тығыз талшықты дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 3. пастозды (борпылдақ дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 4. липоматозды (май ұлпасының жақсы дамуымен сипатталады). Конституция туралы білімнің қалыптасуына И.П.Павлов та үлкен үлес қосты. Ол өз шәкірттерімен бірге нерв жүйесінің типтерін ажыратты.
Біздің елімізде кеңінен М.В.Черноруцкидің (1927) конституция типтері кеңінен қолданылады. Ол үш түрлі конституция типтерін ажыратады: астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Олардың бiреуiне жатқызу Пинье индексiн (ИП) анықтау арқылы жүргiзiледi.
ИП = бой ұзындығы - (дене салмағы + тыныштық кезiндегі көкiрек жасушасының аумағы);
ИП30 астеникалық конституция (көлденеңінен дене ұзындығы басым, май ұлпасы нашар, бұлшық еттері әлсіз жетілген, сүйектері жіңішке келеді, аяқ-қолдары ұзын);
ИП10 гиперстеникалық конституция (жақсы жиналған май ұлпасы, жетілген бұлшық ет, мығым денелі, аяқ-қолдары қысқа, көкірек жасушасы кең);
ИП=10 мен 30 аралық нормастеникалық конституция (дененің көлденеңі мен ұзындығының арақатынасы қалыпты, майдың жиналуы орташа, бұлшық ет жақсы жетілген, көкірек жасушасы цилиндр немесе конус пішінді).
Конституция мәселесiне биоритмологиялық тұрғыдан қарастыру адамның белсендiлiгiнiң циркатты (тәулiк) циклде әртүрлi көрiнiс беруiне байланысты жапалақ, бозторғай, кептер түрлерiн ажыратуға мүмкіндік береді. Жапалақ- таң сәрiде жұмысқа қабілеттілігі төмен, түс ауа жұмысқа қабiлеттiлiгi жоғарлайды. Бозторғай- ерте тұрып, күндіз жақсы жұмыс iстейдi. Кептер - екi белгiнi де бойына жинақтаған.
Қазiргi көзқарастар бойынша конституцияның қалыптасуына сыртқы орта және тұқым қуалаушылық бiрдей деңгейде қатысады. Белгілі бір әсерге жауап беру түрі - бұл салыстырмалы жаңа конституциялық белгі. Адамның сыртқы ортаның экстремальдық жағдайына реакциясы тек әсер ететiн тiтiркендiргiш күшiне ғана емес, сонымен қатар бейiмделу стратегиясы типiне де байланысты. В.П. Казначеев (1873; 1980) индивидтi жауап берудiң үш түрiн ажыратты:
1. Спринтер - қысқа мерзiмдi күштi әсерлерге организмнің шыдамдылығы жоғары, ал ұзақ әсер ететiн әлсiз тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;
2. Стайер - организмдегі үрдістердің тұрақтылығын ұзақ бірақ, біршама әлсіз әсер ететiн тiтiркендiргiштердің әсері жағдайында ұстап тура алады, күштi қысқа мерзiмдi тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;
3. Микст - аралық тип.
Адамның конституциясының типтерi әртүрлi климато-географиялық, әлеуметтiк орта жағдайындағы адам эволюциясының көрiнiсi. Әртүрлi тарихи кезеңдерде және әртүрлi географиялық аймақтарда тұру адамның әртүрлi конституциясының типтерiн туындатты. Мысалы, тропикалық аймақтағы халықа дененiң ұзын болып келуi, тердiң бөлiну аумағының ұлғаюы, тер бездерінің санының жоғарылауы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, метоболизм деңгейiнiң төмендеуi тән.
Сiбiрдiң жергiлiктi тұрғындарының жылу өндiруінің жоғарылығына байланысты май қабатының қалыңдауы тән. Олардың арасында брахиоморфты пропорциалы пикникалық дене бiтiм жиi кездеседi.
Жаңа тiршiлiк жағдайы мен климаттық географиялық жағдай әсерiн мына мысалдан көруге болады: Америкада туып өскен еврейдiң бойы, салмағы, бас аумағы мен бастың бет бөлімінің мөлшерiнің көрсеткіштері израйлдық еврейлерге қарағанда ұлғайған, яғни жоғары болып келеді.
Адамзат баласы табиғи климаттық жағдайы әр түрлі болып келетін Жер шарының әр бөлігінде тіршілік ете бастады. Міне, осының нәтижесінде нәсілдер пайда болды. Дамудың әрқилы сатысынан, қоршаған ортаның әсерінен, климаттық факторларға байланысты әр нәсілде өзіне тән сипатты белгілер қалыптасты. Әрбiр нәсiл шығу тегiнiң бiр екендiгiмен және белгiлi бiр аймаққа таралуымен байланысқан, тұқым қуалаумен негiзделген белгiлердің жиынтығымен сипатталады. Нәсілдер арасындағы айырмашылық морфологиялық ерекшеліктерге: терінің, шаштың, көздің түсі, мұрынның, еріннің пішіні және т.б. негізделген. Әр түрлі нәсілдер өкілдері арасында ешқандай ақыл-ой қабілеті, ойлау, сөйлеген сөзде айтарлықтай өзгеріс болмайды, биологиялық тұрғыдан алғанда нәсілдердің барлығы бірдей.
Қазiргi адамдарды үш немесе бес нәсiлге бөледi:
1. Негроидты үлкен нәсiл: негр, бушмендер, готтентоттар;
2. Европоидты (евразиялық) үлкен нәсiл: атланто-балтикалық, индо-жерортатеңiздiк, орта европоидты;
3. Монголоидты үлкен нәсiл: солтүстiк азиатты, арктикалық, оңтүстiк азиатты;
4. Американдық үлкен нәсiл;
5. Австралоидты үлкен нәсiл: веддоидтар, австралийцтер, айналар.
Нәсілдер кеш палеолит дәуірінде, шамамен 30-40 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған деп болжанады. Көптеген нәсілдік белгілер бейімделуде маңызды болып, белгілі бір географиялық ортада табиғи сұрыпталу арқасында бекітіліп отырылған болса керек. Мысалға, экваторлық нәсілдердің күңгірт тері жабынының түсі ультракүлгін сәулелерден қорғаныш ретінде біртіндеп пайда болған. Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша европоидты нәсіл негроидты нәсілден кейін пайда болған. Негроидты нәсілдің сібірге қарай қоныс тебуінен біртіндеп табиғи сұрыпталудың әсерінен күңгірт тері жабынының түсі ашық түске алмасқан. Яғни, нәсілдік белгілер қоршаған тіршілік ортаның нақты бір экологиялық жағдайында ұзақ эволюциялық жолмен қалыптасқан.
Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай - ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.
Кейбір авторлар, әр түрлі конституциялық типтердің болуы - бұл адам организіміне сыртқы орта факторларының әсерлерінің нәтижесі, деп есептейді. Бұл әсерлер төрт канал арқылы: атмосфера ауасы - тыныс алу ағзаларына, суда еріген тамақ - асқазан-ішек, ауыз қуысына, топырақ құрылымдары - бұлшық ет аппаратына, ал жарық пен дыбыс сезім мүшелері арқылы миға және шеткі нерв жүйесіне әсер етеді.
Э.Кречмер 1924 жылы үш конституция типін ажыратып ұсынды: астеникалық, пикникалық, атлетикалық. Оның пікірі бойынша конституция индивид генотипінің фенотиптік көрініс беруі.
Богомолец А.А. (1926) дәнекер ұлпасының физиологиялық жүйесін негізге алып, төрт конституция типтерін ажыратты: 1. астеникалық (нәзік дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 2. фиброзды (тығыз талшықты дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 3. пастозды (борпылдақ дәнекер ұлпасының басымдылығымен сипатталады); 4.липоматозды (май ұлпасының жақсы дамуымен сипатталады). Конституция туралы білімнің қалыптасуына И.П.Павлов та үлкен үлес қосты. Ол өз шәкірттерімен бірге нерв жүйесінің типтерін ажыратты.
Біздің елімізде кеңінен М.В.Черноруцкидің (1927) конституция типтері кеңінен қолданылады. Ол үш түрлі конституция типтерін ажыратады: астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Олардың бiреуiне жатқызу Пинье индексiн (ИП) анықтау арқылы жүргiзiледi.
ИП = бой ұзындығы - (дене салмағы + тыныштық кезiндегі көкiрек жасушасының аумағы);
ИП30 астеникалық конституция (көлденеңінен дене ұзындығы басым, май ұлпасы нашар, бұлшық еттері әлсіз жетілген, сүйектері жіңішке келеді, аяқ-қолдары ұзын);
ИП10 гиперстеникалық конституция (жақсы жиналған май ұлпасы, жетілген бұлшық ет, мығым денелі, аяқ-қолдары қысқа, көкірек жасушасы кең);
ИП=10 мен 30 аралық нормастеникалық конституция (дененің көлденеңі мен ұзындығының арақатынасы қалыпты, майдың жиналуы орташа, бұлшық ет жақсы жетілген, көкірек жасушасы цилиндр немесе конус пішінді).
Конституция мәселесiне биоритмологиялық тұрғыдан қарастыру адамның белсендiлiгiнiң циркатты (тәулiк) циклде әртүрлi көрiнiс беруiне байланысты жапалақ, бозторғай, кептер түрлерiн ажыратуға мүмкіндік береді. Жапалақ- таң сәрiде жұмысқа қабілеттілігі төмен, түс ауа жұмысқа қабiлеттiлiгi жоғарлайды. Бозторғай- ерте тұрып, күндіз жақсы жұмыс iстейдi. Кептер - екi белгiнi де бойына жинақтаған.
Қазiргi көзқарастар бойынша конституцияның қалыптасуына сыртқы орта және тұқым қуалаушылық бiрдей деңгейде қатысады. Белгілі бір әсерге жауап беру түрі - бұл салыстырмалы жаңа конституциялық белгі. Адамның сыртқы ортаның экстремальдық жағдайына реакциясы тек әсер ететiн тiтiркендiргiш күшiне ғана емес, сонымен қатар бейiмделу стратегиясы типiне де байланысты. В.П. Казначеев (1873; 1980) индивидтi жауап берудiң үш түрiн ажыратты:
1. Спринтер - қысқа мерзiмдi күштi әсерлерге организмнің шыдамдылығы жоғары, ал ұзақ әсер ететiн әлсiз тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;
2. Стайер - организмдегі үрдістердің тұрақтылығын ұзақ бірақ, біршама әлсіз әсер ететiн тiтiркендiргiштердің әсері жағдайында ұстап тура алады, күштi қысқа мерзiмдi тiтiркендiргiштерге организмнің шыдамдылығы әлсіз;
3. Микст - аралық тип.
Адамның конституциясының типтерi әртүрлi климато-географиялық, әлеуметтiк орта жағдайындағы адам эволюциясының көрiнiсi. Әртүрлi тарихи кезеңдерде және әртүрлi географиялық аймақтарда тұру адамның әртүрлi конституциясының типтерiн туындатты. Мысалы, тропикалық аймақтағы халықа дененiң ұзын болып келуi, тердiң бөлiну аумағының ұлғаюы, тер бездерінің санының жоғарылауы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, метоболизм деңгейiнiң төмендеуi тән.
Сiбiрдiң жергiлiктi тұрғындарының жылу өндiруінің жоғарылығына байланысты май қабатының қалыңдауы тән. Олардың арасында брахиоморфты пропорциалы пикникалық дене бiтiм жиi кездеседi.
Жаңа тiршiлiк жағдайы мен климаттық географиялық жағдай әсерiн мына мысалдан көруге болады: Америкада туып өскен еврейдiң бойы, салмағы, бас аумағы мен бастың бет бөлімінің мөлшерiнің көрсеткіштері израйлдық еврейлерге қарағанда ұлғайған, яғни жоғары болып келеді.
Адамзат баласы табиғи климаттық жағдайы әр түрлі болып келетін Жер шарының әр бөлігінде тіршілік ете бастады. Міне, осының нәтижесінде нәсілдер пайда болды. Дамудың әрқилы сатысынан, қоршаған ортаның әсерінен, климаттық факторларға байланысты әр нәсілде өзіне тән сипатты белгілер қалыптасты. Әрбiр нәсiл шығу тегiнiң бiр екендiгiмен және белгiлi бiр аймаққа таралуымен байланысқан, тұқым қуалаумен негiзделген белгiлердің жиынтығымен сипатталады. Нәсілдер арасындағы айырмашылық морфологиялық ерекшеліктерге: терінің, шаштың, көздің түсі, мұрынның, еріннің пішіні және т.б. негізделген. Әр түрлі нәсілдер өкілдері арасында ешқандай ақыл-ой қабілеті, ойлау, сөйлеген сөзде айтарлықтай өзгеріс болмайды, биологиялық тұрғыдан алғанда нәсілдердің барлығы бірдей.
Қазiргi адамдарды үш немесе бес нәсiлге бөледi:
1. Негроидты үлкен нәсiл: негр, бушмендер, готтентоттар;
2. Европоидты (евразиялық) үлкен нәсiл: атланто-балтикалық, индо-жерортатеңiздiк, орта европоидты;
3. Монголоидты үлкен нәсiл: солтүстiк азиатты, арктикалық, оңтүстiк азиатты;
4. Американдық үлкен нәсiл;
5. Австралоидты үлкен нәсiл: веддоидтар, австралийцтер, айналар.
Нәсілдер кеш палеолит дәуірінде, шамамен 30-40 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған деп болжанады. Көптеген нәсілдік белгілер бейімделуде маңызды болып, белгілі бір географиялық ортада табиғи сұрыпталу арқасында бекітіліп отырылған болса керек. Мысалға, экваторлық нәсілдердің күңгірт тері жабынының түсі ультракүлгін сәулелерден қорғаныш ретінде біртіндеп пайда болған. Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша европоидты нәсіл негроидты нәсілден кейін пайда болған. Негроидты нәсілдің сібірге қарай қоныс тебуінен біртіндеп табиғи сұрыпталудың әсерінен күңгірт тері жабынының түсі ашық түске алмасқан. Яғни, нәсілдік белгілер қоршаған тіршілік ортаның нақты бір экологиялық жағдайында ұзақ эволюциялық жолмен қалыптасқан.

2.2. Тұлға типологиясының басты проблемасы

Тұлғаның көптүрлі ғылыми типологиясын шартты түрде бірнеше топқа келтіруге болады. Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең ежелгі психологиялық таным жетістігі - гуморалдық (сұйықтық) теориялар. Бұл теориялар бойынша тұлға типі адам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан, шырын және т.б.) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық ажыратудың бастау көзін ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ берген. Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады - қан, өт, қара және сары шырын (запыран). Осылардың қай бірінің басымдылығы темперамент типіне ықпал жасайды: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик. Ал Ғален темпераменттің аталған түрлерін артериялық және веноздық қан құрылымдарының өзара қатынасымен байланыстырады.
Қанның сапалық ерекшеліктерінің тұлға қасиеттерімен байланыстылығы И.Кант теориясына да арқау болды. Ол темпера- менттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Эмоциясы күшті темпераменттер
Темперамент жайлы ақпарат
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Адам темпераменті
Әрекет темпераменттері
Темперамент туралы
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Қабілет анықтамасы
Пәндер