Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат



Мазмұны:
Кіріспе 3
Абылай . қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері 4
Абылайдың ішкі саясаты 6
Абылай ханның сыртқы саясаты 7
Абылайдың Ресей мен Қытай арасындағы қарым . қатнасы 8
Қазақ жоңғар қатынастары 9
Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру күресі 10
Қазақ . қырғыз қатынастары 11
Абылайдың қазақ тарихында алатын орны 12
Қорытынды 14
Қосымша 15
Пайдаланылға әдебиеттер 16

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Реферат.

Тақырыбы: Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және
дипломант.

Орындаған: Маулутканова Н.Б.

Мазмұны:

Кіріспе
3
Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері 4
Абылайдың ішкі саясаты
6
Абылай ханның сыртқы саясаты
7
Абылайдың Ресей мен Қытай арасындағы қарым – қатнасы
8
Қазақ жоңғар қатынастары
9
Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру күресі
10
Қазақ – қырғыз қатынастары
11
Абылайдың қазақ тарихында алатын орны
12
Қорытынды
14
Қосымша
15
Пайдаланылға әдебиеттер
16

Кіріспе

Абылай – Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, байтақ
жерімізді жоңғар шапқыншылдығынан азат еткен, алып мемлекеттер – Қытай,
Ресей патшалығымен мәмлеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, айбынды да
ардақты хан, кемеңгер көсем.
Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қойылған. Кезінде орыс
тарихшылары, зерттеушілері Абылайдың хандық қызметіне, саясаттағы беделіне,
қолбасшылық рөліне байланысты ойларын айтса да, оны кеңестік идеология көп
уақытқа дейін тарих тасасында қалдырады.
Абылайдың қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметі ХVIII
ғасырды Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш, Шал сияқты ақын – жыраулар
поэзиясында ғана жырланып қалмады, кейінгі ғасырлардағы тарихи жырлар мен
дастандардың да өзегіне айналды. Абай: Абылай мен Кенесары – қазақ
халқының Қаһармандары. Олардың істері мадақтауға лайық деп ой тастаған.
Соңғы кезде Абылай жайлы халық ауыз әдебиеті мұраларының, Абылай
өміріне, заманына қатысты тарихи деректердің молынан жарық көруі жаңа
зерттеуді қажетсінді. Абылайнамалық мол туындыларды жинақтап, екшеп,
Абылай заманына сипаттама жасап, шығармалардағы әдеби шындықтың тарихи
шындықпен сәйкестігін бажайлап, Абылай заманына сипаттама жасап,
шығармалардағы әдеби шындықтың тарихи шындықпен сәйкестігін бажайлап,
Абылай өмірін қайта саралау міндеті тұрды. Кезінде Абылай туралы бір
күрделі ғылыми еңбек жазылса екен... деген М. Әуезов тілегі де бүгінгі
уақытта жаңа бір жүйелі зерттеудің керектігін айқындайды.

Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет
қайраткері.

XVIII ғасырдағы билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті
мемлекет қайраткеріне тән қасиеттері жағынан көрсете білді. Абылай хан
өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін
қамтамасыз ету ісіне арнады.
Абылай, Әбілмансұр 1711 Оңтүстік Казақстанда, Арыс жағасында туған.
Қазақтың аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшысы және дипломат.
Тарихта үш жүздің ханы ретінде танылған дарабоз тұлға. Арғы тегі – Жошы
хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнибек, одан соң
Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі
ұлы болды. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлтбақы хандыққа
өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады.
Уәлиханның баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр
болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның
баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан
шұбырынды жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-
жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған
Сабалақ де ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да
бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Аблайдың 13 жасар кезі болса
керек. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды. Ол шығыстың жеті тілін
білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған 20 – дан астам күйі бар.
Өзара бақталастық, алауыздық салдарынан болған соғыстар кезінде жастайынан
жетім қалған еді. Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен
соғысқа белсенді қатысты.
Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпақтай, дене күші
зор еді. Замандастары оны батылдығы, ержүректігі және әбжілдігі үшін қатты
құрметтейтін. Ол өз ғұмырының ең соңғы күндеріне дейін жауынгерлерімен
бірге болды. Соғыста қолға түскен барлық олжаны бөлісті. Жаумен шайқастар
кезінде бірнеше рет жаралы да болды.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ
даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу
қабілетің, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс
Бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен
көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетай жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің
ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай хан 20 жасында қан майданда
ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын
тұғыр үстінде Ақ сұнқар құстай түледің деуі осының дәлелі. Қай жылы туса
да, 1730 – 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ
даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде
Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың 20 жасы қай жылға
сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға
болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері,
тарихи жылдар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-
жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегенінің
өзінде де, Аблайдың 1730-33 ж. болған бір ірі шайқасына қатысқаны дау
тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жонғарлардың 7 мыңнан
астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап,
тегеурінді тойтарысқа тап болды. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес
келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай
деректерінде атап көрсетілген. Аблайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық
қаблеті 30 – 40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінеді. Осындай жан алысып
жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау Қалданменен ұрысып, Жеті күндей
сүрісіп... деп суреттейді. Ол соғысқа Аблайдың қанды көйлек жолдастары:
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ
Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т. Б. Қазақтың белгілі батырлары тізе қоса
қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ басын біріктіре білгендігінің
дәлелі болып табылады.
Сөзге шебер әрі тапқыр еді. Өз замандастары арасында сөзіне берік,
алғыр ойлы, барынша адал әрі әділдігімен көзге түсетін. Керемет
шешендігімен, қазақтардың ежелден келе жатқан әдет өаңдарын және шежіресін
өте жақсы білетіндігімен ерекшеленетін. Ол өз төңірегіне халықтың құрметіне
бөленген ең беделді әрі адал адамдарды топтастырды.
Абылайдың аты халық арасында жиырма жасында – ақ кеңінен танымал
болды. Әбілмембет ханның әскери жасағына кірген ол бір шайқастың кезінде
Абылайлап ұран тастап, жоңғар қалмақтарының атақты батыры Шарышты жекпе –
жек ұрыс үстінде өлтіреді. Содан кейін – ақ ол Абылай атты ірі руына
басшылық ету сеніп тапсырылды.
Абылайдың билік басына келуі кездесоқ жағдай емес. Күрделі де
күрмеулі, қиын түйінді, шиеленесті тарихи жағдай оның хандық тізгінді
ыстауына ықпал етті. Елдің үміті, асыл арманы, тәңірден тілеген тілегі –
басқа түскен зұлмат соғыстан құтылуы, бейбіт, баянды тірлікке қол жеткізу
болатын. Тағдырдың тәлкегімен әлеуметтік таптың төменгі сатысына іліккен
Абылай хан болғанда тек Шыңғыс әулетінің өкілі болғандықтан ғана емес,
майдан алаңына дабыл салып шапқан қас батыр, ерен қолбасшы, ел бастар көсем
санатында хан болып сайланды.
Үш жүздің келешегін ойлайтын, соңынан ер азаматы түгел еретін,
дұшпанның бақытын байлайтын, көрші елмен татуласып, тіл табысатын, өзі
шешен, сардар, данышпан көсем көптен сайлануы тиіс болатын. Абылайдың ел
билігіне келуі заман талабы, уақыт қажеттігінен туды. Әрі оның бала кезінен
ел мұңын, тілегін жан – жүрегімен ұғынып, қалайда жұртының басын
біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан жерін азат етуді армандағанын сезінеміз.
Жаугершілік заманда халқының қорқынышты өмір сүргенін көріп, оны бұл
халден құтқаруға бел байлауы... Абылайға заманының қандай міндет
жүктегенін айғақтайды.
Абылайға дейін болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ халқының арман
еткен: біріншіден, өз алдына ерікті ел болып, өзін-өзі меңгеру; екіншіден,
атақонысына жайғасып, бейбіт еңбек етіп, шаруашылығын шалқыту; үшіншіден,
бірауыздан ынтымақты болып, Отанын, елдігін қорғау еді. Абылай өзінің
ақылдылығы арқасында халықтың осы арманын, мұң – тілегін жақсы ұқты.
Аштық пен қазақ көп қырылған Ақтабан – шұбырынды азабынан елді құтқарған
Абылай екеніде ақиқат. Алайда Абылай халықтың арман тілегін бар қажыр-
қайратын, қабілетін сарқа жұмсағанымен, сол кездегі шиеленісті жағдай ұлы
мақсатын іске асыруға көп кедергі келтірілді. Абылай заманында шырматылып,
түйінделген елдік мәселелер аз емес еді. Ел тағдырына төнген қасырет –
жоңғарлардың басқыншылық соғысын тойтару ғана емес, көрші ірі мемлекеттер –
Ресей мен Қытайдың отарлап, бодандыққа мойын ұсындыру саясатынан амалдап,
айла – ақылмен құтылып дерес ел ретінде тарих сахнасында Қазақ ордасының
күш – қуатын таныту еді.

Абылайдың ішкі саясаты.

Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі
ешкімге тәуелсіз мемлекет құруға бағыталды. Абылай өзінің күш жігерін мына
бағыттарға жұмсады. Біріншіден, оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет
құруының сәтті түсті. 1771 жылы ол Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш
жүзінің ханы болып жарияланды. Өзінің қол астындағы халықты неғұрлым жақсы
басқару үшін Абылай үш жүздің әр қайсысына өзінің ұлдары мен жақын
туыстарын билеуші етіп тағайындады. Мәселен, елді оның атынан Жетісуда Әділ
және Сүйік сұлтандар, Орталық Қазақстанда – Қасым сұлтан, Ертіс бойы
өңірінде – немере туысы Сұлтанбек сұлтан өзінің көптеген балаларымен бірге,
Шығыс Қазақстанда Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпейіз басқарды. Ханға оған шын
берілген қыруар көп төлеңгіттер де көмектесіп, қызмет етті. Абылый Билер
кеңесінің құқығын едәуір шектеді. Екіншіден, ол сот билігін күшейте түсті.
Сонымен қатар өз қызметінде белгілі қазақ билерінің, сондай – ақ атақты
қазақ батырларының беделіне арқа сүйеді. Неғұрлым ықпалды саяси тұлға
Абылайдың кеңесшісі Бұхар жырау болды. Үшіншіден, Абылай қазақ рулары мен
тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар
мен барымта алуды тоқтатты. Ең соңында ол қазақтардың егіншілікпен, шөп
шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсетті. Хан қазақ
даласындағы кереуен саудасын күшейтуге барынша көп көңіл бөлді. Ол қазақ
даласында темір ұстаханаларын салудың бастамашысы болды. Абылай хан ақын –
жырау, әнші – күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін
қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді.
1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға
келіп Ресей билігін мойындады. Орынбор комиссиясының бастығы князь
В.Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді
аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді.
1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы
бостандықа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғардарды шабуылдауды
ұйымдастырды.
1745 жылы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі -
Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы
қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.
Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер:
✓ Қазақ ақсүйектілерін біріктіру.
✓ Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге
қазақ билеушілерін көндіру.
✓ Жоңғарияға шабуылдау.
Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған
тарихи иелігін қайтару.
1753 жыл – Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл
жасады.
Жоңғар қақпасы маңында Абылай бастаған қол жоңғарды талқандады.
Жоңғария құлағанан кейін Қытай жағынан төнген жаңа қауіп қазақ
сұлтандарының күштерін ұйымдастыруға түрткі болды. Абылайдың ендігі туының
астына үш жүздің жасақтары жиналды. Бірақ зеңбіректермен қаруланған
Маньчжур – Цинь күштеріне ашық қарсы тұру қиындығын білген Абылай
дипломатиялық жолмен шешу қажетілігін түсінді.
1757 – 1760 жылдар – Абылай Қытайдың билігін мойындады. Абылайдың
Цин богдыханның суверенитетін Қабылдау Себебе:
– Ресейдің Звериный шатқалынан Омбы бекінісіне дейінгі
аралықта бекіністер салу.
– Қазақ рулары қоныстарының тарылуы.
– Ресей патшасының осы аймақтағы әскери акцияларды
күшейту.
– Цин әскерінің Қазақстанға басып кіруі қауіпінің күшеюі.
Екі ірі мемлекеттің қыспағында қалғандықтан, Ресей және Цинь
империяларына тәуелдігін сөз жүзінде мойындаған Абылайдың басты мақсаты:
Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.
Ол Тарбағатай, Алтай таулары, Зайсан көлінің шығысындағы тарихи
қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады. Пекин билеушілері 1760 жылы
Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды, оны келіссөздер
арқылы шеше білді. Абылайдың Орта Азия хандықтарымен саяси қатынасы табысты
болды.
XVIII ғасырдың 70 жылдарының басы – белгілі қолбасшы Абылай Хождент,
Ташкент билеушілеріне соққы берді. Нәтижесінде:
– Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды.
– Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созық және Ташкенке тәуелді
бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті.
– Қазақ хандығының халықаралық жағдай жақсарды.
1771 жыл – Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дәстүр бойынша
ақсүйектер хан ұлы Әбілпайыз емес, Абылайды хан сайлады. Үш жүз өкілдерінің
Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері:
✓ Үш жүзді біріктіруі.
✓ Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің
дербестігін сақтауы.
Патша үкіметі тәуелсіз қазақ хандығын жоюға күш салып, Абылайды хан
сайлауға келіспейтінін білдірді.
1778 жыл 24 мамыр – ІІ Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп
бекітті.
Абылай хан Ресеймен қарым – қатнаста бейбіт жағдайда болу
қажетілігін ескертіп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде
тәуелсіздігін сақтады.
Абылай хан билігіне және шаруашылыққа өзгерістер енгізді:
– Хан билігін шектеусіз етті.
– Билер қызметіне шек қойды.
– Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін
шаруашылығын енгізді.
1761 жылы императрица Елизавета Петровнадан ағаш ұстасын және 200 –
300 пұт астық жіберуді сұрап отырықшылықты дамытты. Көкшетау, Ертіс өңірі,
Ақтөбе, Ой шебінде қыстақтар салғызды. Қазақстандағы шұрайлы, құнарлы
жерлерді Абылай ханның атынан төлеңгітер бақылады. Сауда қатынасына көңіл
бөлінді:
✓ 1759 жыл 1 қаңтар – Үрімшіден Абылайдың сауда
миссисы жақсы қабылданды.
Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірілді. Мәдениетті
дамытуға үлес қосты. Оның төңірегінде белгілі жыраулар, ақындар топтасты.:
Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын.
Бұхар жырау – Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен
кеңесшісі, қазақ хандығы дербестігінің жаршысы.

Абылайдың Ресей мен Қытай патшалығымен қарым – қатынасы.

Абылайдың сыртқы саясаты өзінің икемділігімен әрі алыстан болжайтын
көрегенділігімен ерекшеленіледі. Абылайдың негізгі сыртқы саяси қызметі
Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге
бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарым – қатынасында тату – тәтті
көршілік саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және
сауда байланыстарын орнатты. Өз қол астындағы халықты Ресей әскери
қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.
Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге
мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. 1756 жылы патша үкіметінің
әкімшілігі Әбілмәмбетті тағынан тайдырып, оның орнына өзінің отыруын ұсынды
және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде етті. Алайда ел арасында
беделі өор әрі алыстан болжайтын көреген сұлтан бұл ұсынысты қабыл алмады.
Өйткені ол ұсыныс елдің өз ішінде қазақтардың бірлігін ыдыратуға алып барып
соқтыратын еді. Абылай Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін ғана қазақтың
бүкіл үш жүздің ханы болуға келісім берді. 1778 жылы патша үкіметі Абылайды
бір ғана Орта жүхдің ханы деп таныды. Бірақ хан ант қабылдаудың және
патшаның сенім грамотасы мен тарту – таралғыларын тапсырудың салтанатты
рәсіміне барудан бас тартты. Өйткені Абылай хан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай (Әбілмансұр) хан
Абылай хан жайында
Абылай (әбілмансұр) хан өмірбаяны
Абылай хан(1711-1781)
Абылай ханның мемлекетті нығайтудағы рөлі
Абылай хан туралы ақпарат
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы
Абылай ханның сыртқы саясаты
Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі
Абылай (Әбілмансұр) хан өмірі
Пәндер