Ресей құрамындағы Қазақстан


Баяндама.
Орындаған: Маулутканова Назерке
Ресей құрамындағы Қазақстан.
Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі. Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдыц екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж. ) және Астрахань (1556 ж. ) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне карсы күресте және жонғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге үрықсат алды.
ХІХ ғасырдың 20 - жылдарының бас кезінде Ұлы жүздің аумағында біртұтас хан билігі қалмады. Сырдария өңірінің қазақтары ықпалды хан Арғынғазыға үлкен үміт артқан еді. Бірақ оны Петербурке бара жатқан жолында патша үкіметінің әкімшілігі ұстап алып, Калуга қаласына жер аударып жіберді. Өйткені Ресей ондай беделді де ықпалды қазақ хандылығын болуын қаламады. Оның үстіне, бұл кезде Ресей Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігін жоюға қызу әзірленіп жатыр еді.
Міне, осындай жағдайда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өте бастады. Жергілікті қазақ. халқына Орта Азия мемлекеттері, соның ішінде әсіресе Қоқан мен Хиуа хандықтары жиі - жиі шабуыл жасады. Бұл аймақтардағы қазақтар Ресеймен баж салығын төлемей-ақ сауда жасауға қатты қызықты. Бұл аймақ елге ықпалы шамалы бірнеше сұлтанның билігіне бөлінген еді. Елдің басына біріктіретін, ішкі алауыздық пен айтыстартысты тыятын сыртқы агрессияға қарсы тұра алатын мықты күш елде болған жоқ. Патша үкіметінің қазақ өлкесін бірте - бірте отарлай түсуіне өте қолайлы жағдай қалыптасты. Бір жағынан, қазақтардың бір юөліге Ресейге қосылуға әзір тұрды, екінші жағынан, патша үкіметі де белсенді қимыл әрекеттерге көшті.
Қоқан хандығының қайта - қайта шабуыл жасап, елдің берекесін қашыруы жиілеп кеткен соң 1818 жылы Ұлы жүз қазақтарының өкілдері патша үкіметіне өтініш айтып, өздерін Ресейдің қол астына алуды сұрады. 1819 жылы Ресей үкіметі Абылай ханның ұлы Сүйік сұлтанның өтінішін қанағаттандырды - 55 мың 500 қазақ Ресейдің қол астына өтті. 1824 жылы Ұлы жүздің тағы да 14 сұлтаны - Абылай ханның немерелері мен Әділ төренің балалары басқарған 165 мыңға жуық ер адам Ресейдің қол астына өтті.
Бірақ соның артынша - ақ Ресей үкіметі Ұлы жүз қазақтарымен қарым-қатнас дасауды тоқтата тұруға мәжбүр болды. Ресей мемлекетінің ішкі проблемалары, сондай-ақ сыртқы проблемалары Ұлы жүз қазақтарын империяның құрамына алуды уақытша тоқттаты.
Хиуа және Қоқан хандықтары билеушілерінің Ресейге деген қарасты өте нашар болды. Ортаазиялық билеушілер қазақтар арасында орыстарға қарсы бағытталған үгітті өрістете түсті.
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды тездету және Орта Азия қарай жақындай түсу мақсатымен Ресей империясы әскери бекіністер салуға кірісті. Ресейге қосып алынған жерлерде Аягөз (1835), Ұлытау (1835), Ақтау (1835), Қапал (1846) бекіністері бой көтерді. 1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав лауазымды қызметін белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал губернаторына тікелей бағындырылды. Оның міндеті жаңадан жаулап алынған Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймақтарына басшылық ету болды.
Ұлы жүз аумағына неғұрлым тереңдей ену арқылы патша үкіметі бір қатар стратегиялық маңызды міндеттерге қол жеткізуді көздеді. Біріншіден, Орта жүз бен Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуына, округтық приказдардың құрылуына наразы бірқатар сұлтандар мен батырларды бейтараптандыру қажет болды. Екіншіде, патша үкіметі Қытаймен шекараны нақты белгілеуге және өзіне тиімді қарым - қатнастар орнаттуға мүделі еді. Үшіншіден, патша үкіметінің Ұлы жүз жерінде бекіністі күшейтіп, одан әрі Орта Азия мемлекетерінің аумағына қарай әскери күштерін енгізуді көздеді.
1859 жыл - Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды.
Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қыркүйекте Пішпекті алды. Қоқан ханы верный бекінісіне 22 мыңдық әскер жіберді (орыстардан 10 есе көп) . Қазақ феодалдары екіге бөлінді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz