Қаржылық есеп беру және оның талдауы



Кіріспе
І. ЖШС «ҚАРАЖЫРА ЛТД».дің қаржылық жағдайының мазмұны мен әдістерін талдау.
ІІ. Қаржылық есеп беру және оның талдауы.
ІІІ. ЖШС «ҚАРАЖЫРА ЛТД».дің қаржылық тұрақтылықтылығының талдауы.
ІV. ЖШС «ҚАРАЖЫРА ЛТД» .дің табыстылығын талдау.
V. ЖШС «ҚАРАЖЫРА ЛТД».дің кәсіпкерлік белсенділігін талдау.
VIІ. ЖШС «ҚАРАЖЫРА ЛТД».дің потенциялдық банкротқа ұшырауын және кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау.
VI. ЖШС «ҚАРАЖЫРА ЛТД».дің қызметінің эффектілігін талдау.

Қорытынды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не
өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы ресурстарды қайтіп
пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық,
еңбек, қаржылық және ақпараттық т.б. жатқызуға болады.
Сонымен, экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді
пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді
шешуге үлкен мақсат қоюы керек.
Бүгіні таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты – әлемдік нарықта
инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Мемлекетіміздің
аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын рөлі
өте зор, себебі, олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет
көрсетілуі тиіс.
Өндірістік кәсіпорындар өндірістік-техникалық, ұйымдастырушылық,
экономикалық және әлеуметтік бірлігімен сипатталады. Экономикалық бірлік –
кәсіпорын алдында қойылған негізгі мақсатқа жету барысында барлық
құрылымдық бөліктерінің бір нәтижеге атап айтқанда: сатылған өнім көлемінің
сапасының, бәсекелестік қабілетінің өсуіне, жоғарғы табыстылық деңгейіне
жетіуін көздейді.
Сонымен, кәсіпорынды ең алдымен өндірістік, экономикалық бірлік
ретінде қарастырамыз. Бұл тұрғыдан кәсіпорынды белгілі бір әлеуметтік –
экономикалық мүдделер арқылы бір-бірімен байланысқан ұжым ретінде
қарастырып, оның негізгі мақсаты – тұтынушылардың материалды және рухани
талаптарын өтеуге арналған табысқа жету.
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың
басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік –
экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл- ауқатын түбегейлі
жақсарту.
Қазақстан бүгінде әлемдік экономикалық және саяси үрдістерге тартылып
еліміздің кемел келешегіне жарқын жол салынуда. Біздің экономикалық
жүйесінің берікті қауіпсіздігі жастығы болған. Ұлттық қоры мен алтын
валюта резерві кезінде Ұлттық қор қаржысын әлде кімдер өздерін
дәріптеуді мұрат тұтып, жиналған қаржыны мақсатсыз жұмсауды тілге тиек
етті. Егер де осынау қор шашта төк жұмсалғаны біздің елімізде экономикалық
дағдарысқа ұшырау сөзсіз еді. Демек, ұлттық біздің елдің ахуалының
тұрақтануына кепілдік береді.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың
қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін
тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған
байланысты, кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және
тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі
жұмысының негізгі мғынасы болуы тиіс. Экономикалық кадрлардыдаярлау
барысында, негізгі және айналым капиталын пайдалануды сапалық және сандық
талдау әдісін, кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұйымдастыру,
шетелдік әдістемелерді пайдалану арқылы кәсіпорынның экономикалық
тиімділігін және оның инвестициялық қызметін бағалау әдістерін және өнім
өндірісіне жұмсалатын шығынды есептеу және калькуляциялау әдістерін білу
кажет.
Өндрістік тәжірибені өту барысындағы мақсаты кәсіпорынға жалпы
түсінік беріліп, кәсіпорынның экономикасы және оның негізгі факторлары,
инновация, кәсіпкерлік қызмет туралы ақапарат алып, теориялық білімізді іс
– жүзінде қолдану.
Кәсіпорынның маркетингтік ортасы, негізгі капитал, өндірістік негізгі
қор, өндірістік емес қор, негізгі қордың активі және пассивті бөлігі,
айналым қаражаттары туралы есепте қалай жүргізілгендігін білу болады.
Кәсіпорынның экономикасын талдағанда кәсіпорынның құрылымы және оған әсер
ететін факторлар, кәсіпорынның құрылымын жүзеге асыру жұмыстары, өндірістік
процестерді ұйымдастыру тиімділігі, өндірістік цикл және кәсіпорынның
тұрақтылы, белсенділігі, қызметінің эффектілігі және тауар айналымына
танысып, оны қорытындылаймыз.
Ұйымның ұтымды қалыптасуын қамтамасыз ету, экономаканы ұқыпты
басқаруды жүргізуді талап етеді. Анализдің көмегімен тенденциясы жоспар
және басқару шешімдеріне негізделеді, өндірістің ұтымдылығын көтеру
резервін шығарылады. Кәсіпорынның қызметінің қорытындысы бағаланады.
Экономикалық стратегияның оның дамуы өнделеді.
Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым
бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынады. Бұл бағыт өз
кезегінде оң нәтижесін беруде.

І. ЖШС ҚАРАЖЫРА ЛТД-дің қаржылық жағдайының мазмұны мен әдістерін
талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық
және де басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз
етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-
ақ басқа шаруашылық субьектілермен қржылық қарым-қатынаста болу, төлеу
қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы
төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
Серіктестіктің мақсаты таза пайда табу болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі қызметінің түрлерін
көрсетеді:
- құрылыс жұмыстарын жүргізу және жөндеу – құрылыс жұмыстарын
жүргізу;
- құрылыс – құрастыру жұмыстарын жөндеу:
құрылыс материалдармен өнімдерді және құрастыруларды өндіру;
- сауда - саттық қызмет (көтерме және бөлшек);
- коммерциялық және эмиссиондық сауда магазиндерін ашу;
- өндірісті-техникалық өнімдерді шығару;
- жиҺаздар жасау;
- қоғамдық тамақтандыру саласында (кафе, асхана, дәмхана) қызмет
көрсету;
- халыққа тұтылатын өнімдерін дайындау;
- автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қаматамасыз ету;
- қонақүй шаруашылығы;
- жайларды жалға беру;
- құрылыс және өнеркәсіптік жадығаттарды, құрал – саймандарды және
жарақты өндіру;
- ағаш өнімдерін шығару;
- күрделі жөндеу;
- әрлеу жұмыстары;
- сыртқы экономикалық қызмет;
- түрлі-түсті және қара металдарды жинау, дайындау, сақтау, қайта
өңдеу және сату;
- автотұрақты ұйымдастыру;
- автосервис саласында қызмет көрсету;
- нан, макарон, кондитерлік, шұжық өнімдерін өңдеп сату;
- маркетинг;
- АЗС-ды ашу және жанаржағармай сату;
- ауыл шаруашлық өнімдерін өңдеу, қайта өңдеу және сату;
- ара және мал шаруашылығы (ірі мал, қой, құс, жылқы, шошқа және
басқа да малдар) өсіру;
- ағаштау жинау, дайындау, қайта өңдеу, пилорама;
- халыққа ақылық қызмет көрсету;
- өнеркәсіптік, транспорттық, ақпараттық, сервистік және тұрмыстық
қызмет көрсету;
- жүк және жол көлігі тағы басқа жол көлігі қызметі;
- шаруашылық және сыртқы экономикалық қызмет түрлерінің барлық
түрлерімен аумағы, соның ішінде импорт, әкспорт, сатып алу, сауда,
айырбас саудасы, басқа коммерциялық қызметі агент принципі, делдал
және басқа да сондай түрде;
- Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет
түрлерін көрсету.
Лицензияға жататын қызметті жүзеге асыру кезінде, серіктестік
бектілген тәртіпте лицензия алуға міндеттінде.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорында жеке құрылым ретінде ұйымдастырылған.
Бухгалтерлік құрылым әр түрлі функционалдық секторлардан құрылады
(кәсіпорынның орындалған қызметіне байланысты).
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәелсіздікке ие болуымен,
сондай- ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және де басқа контрагентер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын , "қаржылық жағдай " дегеніміз не, соны анықтап алған
жөн.
Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі
түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет " Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (
меншіктік капитал жәнеміндеттемелер,яғни пассивтер) сипатталады" деп
жазған.
В.М.Радионова мен М.А.Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы
"қаржы ресурстарының қалыптасуымен, тартылуы және пайдалануымен
көрсетіледі" деп жазады.
М.Н.Крейнина, А.МКовалевжәне В.П Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былай түсіндіреді: "Қаржылық жағдай-бұл қаржы ресурстарының қолда барын,
үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы."
ЖШС ҚАРАЖЫРА ЛТД-дің қаржылық жағдайы бұл оның қаржы бәсекелестік
қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие
қабілеттілігіт) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында
және басқада шаруашылық сбьектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау.
Шаруашылық субьектісінің қаржылық жағдайыңн талдаудың келесі түрлерін
жүргізеді: табыстық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие
қабілеттілігі;капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу болып табылады.
Бірқатар түрлі әдістермен есетелетінбірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (
мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс,
тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және
олардың жалпы бағалауға тигізетін әсері зерттеу негізінде анықталатыны
анық. Қорыта келе; кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті
жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәләндырылуы тиіс.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқытудың негізгі
ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алатын негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
1. көлденең талдау;
2. тікелей талдау;
3. трендтік талдау;
4. салыстырмалы талдау;
5.факторлық талдау;
6. қаржылық коэфицентер әдісі.
Көлденең талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен
салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі
баптарының абсолюттік және салысырмалы ауытқуларын анықтыуға мүмкіндік
береді.
Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін
әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштегі жеке баптардың
үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Трендтік талдау - барлық көрсеткіштер 100% деп анықталатын базистік
жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендті, яғни жеке кездердің
дербес ерешеліктерімен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш
динамиканың тенденцияны анықтауды көрсетеді.
Коэфицентер - салыстырмалы шамалар болып табылады, олар есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екінші бірлікке қатынасы
ретінде көрсетеді. Қаржылық коэфиценттерді есептеу балансты жеке баптардың
арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
Салыстырмалы талдау - бұл фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың
жекелеген көрсеткіштері бойынша шаруашылық ішіндегі талдау болып табылады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке
тигізетін әсерін зертеудің детеминді немесе рттелмеген тәсілдірді көмегімен
талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның
құрамдас бөліктеріне жіктелгенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы
қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.
Нарықтық экономика шартында кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың
негізгі тапсырмалары:
1. Қаржылық жағдайда жалпы бағасымен есептік кезеңде оның өзгеруі.
2. Акциялар мен оның қалыптасу көздерімен арасындағы сәйкестік
олардың қолданудың тиімділігі.
3. Айналым капиталы оның өсімі, ағымдағы міндеттемелері мен
қатынасының шамасы.
4. Қаржылық есептік несиелік тәртіптің сақталуы.
5. Кәсіпорынның активтік құрылымымен оның міндеттерімен танысу.
6. Ағымдағы дебиторлық қарыздар айналымдылығының есебі.
7. Баланс абсолют капитал көрсеткіштердің қаржылық тұрақтылықтың
кәсіпорын төлем қабілетің өтімділігін анықтау.
8. Кәсіпорын табысының бағасы.
9. Кәсіпорынның табыстылығының қатыстық көрсеткіштерін есептеу.
10. Кәсіпорынның жұмыс активтілігін анықтау.
11. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына ұзақ және қысқа
мерзімді болжамның қаржылық талдау жасауы.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде өзгерісін салыстырмалы
аналитикалық баланс бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтық
абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойыны кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін
құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап,
ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеттілігін
бағалап, тепе – теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс – талдауды бөлек тәртібін
кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайы туралы,оның өткен есепті кезеңде қызметінің
нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорыннан болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы
толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылы дәрежесі
аудитордың өзінің ықылысына байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен
тәсілдермен қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, оны талдауды
жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор
қаржылық жағдай терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай
– ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен
кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Баланс активінің құрамы мен құрылымының динамикасының талдауы
кәсіпорын бар мүлкімен оның жеке түрінің абсолют және қатыстық өсуіне
кемуінің мөлшерін білдіреді. Өсу кему активті кәсіпорынның қызметінің
элементі болып, олардың бары, құрамы, құрылысы ондағы өзгерістер
табыстылығы. Активтің көбеюі: кәсіпорын жұмысының жақсы жүргінің көрсетеді,
олардың арғарай дамуын сипаттайды. Бірақ кәсіпорын мүлкінің құнының өсуінің
есебін талдай келе инфляция деңгейінде есептеу керек.
Инфляцияның жоғары деңгейі баланстық есептің капиталдық
берілгендердің нақты да ауытқушылығына әкеледі. Отандық тәжірибеде
инфляциялық процесс есебі баланстық құнның топтасуы кезінде жүргізіледі.
Активтердің құрамы мен орналасуын талдау үшін аналитикалық кесте
құрылады. Ол активтердің ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің құнын
бекітеді. Талдауда есептік ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің құның
бекітеді. Талдауда есептік жылға көп-көңіл бөледі, кәсіпорын өндірістік
потенциялының нарықтық жағдайы, мүлік шамасы, соны анықтау қажет,
активтердің құрылымымен құрылысының динамикасын талдау кезінде мынадай
коэффеценттер есептелінеді: кәсіпорын активінің мобильдік коэффициент
ағымдағы активтерінің кәсіпорын барлық мүлкіне қатынасымен анықталады. Ол
қарыздарды өтеу үшін қаражатының үлгісін сипаттайды.
Кәсіпорын активтерінің ұтымдылығын сипаттайтын көрсеткіштің бірі
мобильдік қаражатының қатынастың коэффицентті болып табылады. Ол ағымдағы
активтердің, ұзақ мерзімді активтердің құнына қатынасын білдіреді. Онда
коэффиценттер бұл көрсеткіш деңгейі 0,5 кем болмауы керек.

ІІ. Қаржылық есеп беру және оның талдауы.

Қаржылық есеп беру тұрады және жүргізіледі:

Есептің формалары Есептің құру кезі
Бухгалтерлік баланс ай сайын
Табыстар мен шығыстар туралы есеп ай сайын
Ақша қозғалысы туралы есеп квартал сайын
Өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп квартал сайын
Есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме хаты Есепті жылдың
соңында

Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның
серіктестерінің қаржылық және де басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық
қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының обьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы
тәсілі. Ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне
кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық
шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі
арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқаруды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы –
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық жолдардың жүргізілуі
қойылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік,
әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына байланысты
болады.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасының, яғни талдауды екі
модульдік құрылым ретінде топтастыруды көздейді:
Қаржылық есепті экспресс-талдау;
Қаржылық талдау тереңдетіп талдау.
Экспресс талдаудың мақсаты шаруашылық субъектінің қаржылық жағдаы мен
даму динамикасын көрсететін түрі және қарапайым бағалауболып табылады.
Экспресс талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
1) Дайындық;
2) Қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
3) Экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа
сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және соның оқуға дайындығына көз
жеткізуге болады.
Аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың
қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген
есебінен тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі.
Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.
Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі
көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің
мүлік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістер анықтау үшін қажет.
Ережеге сай, түсіндірме хатта кәсіпорын қандай есеп саясатын
жүргізетіндігі айтылады, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылықжағдайына әсер етуі
мүмкін белгісіз жағдайлар мен қандай да бір, тәуекелдер туралы қаржылық
есепте көрсетілмеген кез келген ресурстармен міндеттемелер туралы
мәліметтерден тұратын басқа да маңызды ақпараттар ашылып
көрсетіледі.Сонымен қатар, мұнда есепті жылдағы кәсіпорын қызметінің
шаруашылық және қаржылық нәтижесіне әсер ететін, негізгі факторлары, сондай-
ақ кәсіпорындағы жылдық бухгалтерлік есепті қарастыру қорытындысы және таза
табысты тарату бойынша шешімдер қабылдайды.
Түсіндірме хатта кәсіпорынның бірқатар жылдағыжұмысының маңызды
экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы, болашақтағы
капиталының салымдары, жүргізілетін экономикалық шаралары мен басқа да
жылдық бухгалтерлік есептің мүмкін болатын пайдаланушыларын қызықтыратын
ақпараттар болуы тиіс.
Қаржылық есеп беру "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің
есеп берулерін қоспағанда, мынадай есеп берулерден тұрады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) табыстар мен шығыстар туралы есеп;
3) ақша қозғалысы туралы есеп;
4) өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
5) есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.
Каржылык есеп беру Қазакстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу
және қаржылық есеп беру заңдылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік есеп
стандарттарының талаптарына сәйкес басқа да қосымша материалдармен
топшыландырылуы мүмкін.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты нысандарының бірі
болып табылады.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының валютасымен құрылуы
керек және өлшем бірлігі мың теңгемен бекітіледі.
Қаржылық есеп беруге, оны уақытында тапсыруға жауапкершілік атңаратын
субъектінің басшысы мен бас бухгалтері (бухгалтері) қол ңояды.
Еншілес кәсіпорындары бар ұйым негізгі ұйымының қызметі бойынша
қаржылық есеп беруден басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке
алу және қаржылық есеп беру туралы заңдылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік
есеп стандарттарының талаптарына сәйкес консолидирленген қаржылық есеп
беруді қүруға және оны тапсыруға міндетті.
Заңды тұлғалардың қаржылық есеп берулері қызығушылық білдіруші
тұлғалар үшін баспада жария етуге ашық болып табылады. Жылдық қаржылық есеп
берудің растылығы мен ақиқаттылығы аудиторлық ұйымның ұсынылатын тәуелсіз
аудиторлық қорытындымен расталынады.
Қаржылық есеп беру нысандарын толтырған кезде келесілер бейнеленіп
көрсетілуі керек:
* белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен қүрылтай құжаттарына сәйкес
қаржылық есеп беруді ұсынатын субъектінің аты;
* субъектінің мекен-жайы субъектінің заңды мекен-жайы көрсетіледі;
саласы (қызмет түрі) - субъекті қызметінің түрі көрсетіледі;
* мемлекеттік мүліктерді басқару органы — мемлекеттік заңды тұлға
иелігінде түрған және ңаржылық есепті тапсыратын органныңаты:
* меншіктін, ұйымдастырушылық құқықтық нысаны.
Жылдың қаржылық есеп берудің есепті кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға
дейінгі құнтізбелік жыл болын табылады.
Қайта құрылган ұйым үшін бірінші есепті кезең оның мемлекетіік
тіркеуден өткен сәтінен бастап осы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзім
болып табылады.
Кәсіпорын қаржылык есеп беруді келесілерге ұсынады:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика органдарына;
3) Құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау
және қадағалау органдарына.
Кәсіпорын жылдық қаржылық есеп берулерін есепті кезеңнен кейінгі
жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей тапсырады.
Қазаңстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу қаржылың есеп беру
туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңның актілерінде
көзделген жауапкершілік жүктеледі.
Бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және қаржылық
жағдайын, сондай – ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық
қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қортынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне
қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша
жіктеледі.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын және активтер
туралымәлімет, міндеттемелр және меншікті капитал туралы ақпаратты
көрсетеді. Шаруашылық операциларының негзіне байланысты баланста активтер
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Актив, қысқа мерзімді болады:
оны 12 айдың арасында қолдану немесе сатуға арналған;
бұл ақша түріндегі актив;
Басқа активтер ұзақ мерзімді деп саналады.
Міндеттемелер қысқа мерзімді саналады, егер:
12 айдың ішінде міндеттемені жабуға жататын;
кәсіпорын тиімді келісімдерге байланысты.
Басқа міндеттемлер ұзақ мерзімді болып саналады. Әрбір міндеттеменің
сомасы, қаржылық есеп беру кезінде түсініктеме хатында түсіндірілуі және
керекті құжаттармен түсіндірілуі қажет.
Табыстар мен шығыстар туралы есеп талдаудың функционалдық шығын
әдісі, яғни шығындардың көрсетілуі. Есепте табыстар мен шығыстар туралы
талдау мәліметтері жатқызылады.
Ақша қозғалысы туралы есепте ақша қаражаты туралы мәлімет, инвестиция
туралы және қаржылық қызмет туралы мәліметтерді көрсетеді.
Есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме хатында көрсетеді:
Қаржылық есеп берудің жасалуы және есеп саясаты туралы ақпарат;
Қосымша мәліметтер, сенімділік үшін тіркелген мәліметтер.
Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытында есебіне берілген
түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен, өткен
жылмен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған
түсініктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен
бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бұл
айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның келесі есепті жылдың есеп
саясатына енгізілген өзгерістер жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді.
Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы
қаржылық жағдайдың бірден бір шарты болып табылады. Әрине, құрылтайшылар өз
жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие дивиденттерді ұқыпты төлейтін
қаржылық тұрақты кәсіпорынға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін,
тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы
көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің
шаруашлылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көөздерден қаржыландыратын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарда, айналым қаражаттарын
мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінік. Бұл жағдайлар шаруашылық
жүргізудің тиімділігін бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау
кәсіпорынның дербестігін тежеп, отырады және нарықтық қатынастар және
кәсіпшілік қызметпен мүлдем үлеспейді.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі
жоғары кәсіпорынмен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақтылы және толық төлей алады.

ІІІ. ЖШС ҚАРАЖЫРА ЛТД-дің қаржылық тұрақтылықтылығының талдауы.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және өзінің өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресустарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы-бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсірк негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
В.Г.Артеменко мен М.А.Белендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыстан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процессінің үздіксіз болуына
жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық
қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлімі болып табылады." Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы,
ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамсыз ететін ақша
ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
өткізуден түсетін табыстын тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшармен және тағы
басқаларымен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен
қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырсулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға;.
оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүкіндік беретін дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М.Радионава мен М.А.Федотава келесідей түрлерге бөледі:
1) пайда болу орнына байланысты-ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
3) құрылысты бойынша-қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.
Кәсіпорының өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорының басқару стратегиясын,
дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері -
кәсіпорынның басқару стратегиясын, кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел
қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудаң тұрады.
Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп
болса, ол соншалықты өзін “жайлы сезіне” алады.
Кәсіпорынның тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап
өтуге болады:
1. Кәсіпорынның сомалық топқа жатуы;
2. Шығарылған өнімнің жұмыс қызметінің құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар үлесі.
3. Төленген қаржылық капиталдың мөлшері.
4. Шығындардың көлемі олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік
және қаржы ресурстарының жағдайы.
Сыртқы факторларға шаруашлықты жүргізудің жағдайы әсері, қоғамда
үстемдік техникамен, технология, төлем қабілеттілігі бар сұраныс және
тұтынушылар Қазақстан Республикасының салық және несие саясаты сыртқы
экономикалық байланыс және т.б. жатады.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда
мынадан құралады:
• Тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
• Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет
көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
• Сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе
зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жүліыс істеп тұрған,
қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы акгивтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай негізгі (айналымнан тыс) активтер және айналымдағы
активтер деп екіге беледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық
емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық
техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда
табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа
мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық
борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының
құлынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар
саналады:
жарғылық капитал;
негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резервтік капитал;
бөлінбеген пайда.
Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан
басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ
мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық
борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған
қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып
табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның
жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорынның (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабъщжзне
ашъщ акционерлік қогам) жаргылъщ капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарывда белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарывда тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжатгарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгер

ІV. ЖШС ҚАРАЖЫРА ЛТД -дің табыстылығын талдау.

Абсолюттік көрсеткіш, өнімді сатудан алынған табыс болып табылады. Ол
ҚҚС, акциз т.б. алғаннан қаржылық шаруашлық қызмет нәтижесі туралы есепте
көрсетіледі. Кәсіпорында өнімді сатудан түскен кіріс жоспараланған тауар
шығарылған және сатылған бұйым қалдығының өзгеруімен шығады.
Нарықтық экономика шартында кәсіпорынның экономикалық мақсаты – табыс
алу. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және қатынастық көрсеткіштерімен
сипатталады. Табыстың абсолютті көрсеткіші – табыс немесе пайданың саласы.
Табыс түсінігі Қазақстан Республикасының 26.12.1995 жылы № 2732
Бухгалтерлік есеп туралы күші бар президенттің жарлығымен анықталған,
яғни 13 статьяда былай делінген: Табыстар – активтердің көбеюі мен есептік
кезеңдегі міндеттеменің азаюы.
Шығынсыз кәсіпорынның дамуы мен әлеуметтік сұрақтарының шешуі мүмкін
емес. Табыс шаруашылығының нәтижесі, шығындардың өнімділігін, жанды еңбекті
көрсетеді.
Нарықтық шартында табыс рөлі мәнді өтуде. Табыс нарықтық экономиканың
қозғалмалы күшіне айналады. Табыс алу кез келген кәсіпорынның өндіріс және
қаржылық қызметінің бағасы үшін маңызды көрсеткіш болып табылады. Табыстың
рөлі нарықтық экономика шартында өзі орындайтын функцияларымен анықталады.
Табыс көрсеткіштерін талдаудың тапсырмалары:
1. Табыстың абсолюттік көрсеткіші жоспарының орындау бағасы;
2. Таза табыстың құрамды элементімен танысу.
3. Табысқа әсерін тигізетін нормалардың сандық өлшемін шығару.
4. Табысты бөлу үрдісімен, пропорцияларымен және бағытымен танысу.
5. Табыстың өсу резервін шығару.
6. Кәсіпорынның дамуының есебі мен табысты тиімді қолдануды ұсынуды
өңдеу.
7. Әр түрлі тиімділік коэффиценттермен оның деңгейіне әсер ететін
факторларды зерттеу.
Екінші абсолюттік көрсеткіш – жалпы табыс жалпы табысқа әсер ететін
негізгі фактор өнімінің өзіндік құны болып табылады оған келесідей
факторлар әсер етеді:
1) Сатылған өнімінің өзіндік құны.
2) Бір өнімге баға.
3) Сатылған өнім көлемі.
4) Құрылымдық қозғалыс.
Кәсіпорынның тұрақты жағдайын оның өз контрагенттері мен (салық
органдары, банктер, сатып алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым
қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестіктермен реттелген
іскерлік қатынаста болуы жақсы қаржылық жағдайының бірден бір шарты болып
табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең
жақсы тәсілі бұл талдау, оның шаруашлық қызметіне кешенді түрде баға беруге
мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен
кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметіне арасында
байланыстырушы қызметін атқарады.
Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық
көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар: кәсіпорынның тапқан пайдасының
өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы, кәсіпорынның
тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.
Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге
кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстыралады. Пайданың
шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толықтығынан пайдалылық
мөлшерін білдіреді.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықты
жүргізудің әр – түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып
отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек
жұмсалымдығының да маңызы зор. Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін
тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпынас жасала, онда
оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі
өндірістік қорлардың пайдаланылған жақсартудың, екіншіден, айналмалы
өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі
еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты
– еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да
біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын
тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне
сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал
етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата
алады.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады,
яғни өндірістің және айналымның қаржы қорытындысын білдіретін кәсіпорын
жұмысының нәтижелі көрсеткіші. Пайда өндіріс және таза табысты
бөлу,экономикалық ынталандыру қорын жасау және пайдалану үдерісі кезінде
кәсіпорын ұжымдары мен оның мүшелерінің арасында, сонымен бірге мемлекеттік
органдардың және кәсіпорын арасындағы қалыптасатын экономикалық
қатынастардың белгілі бағытын білдіреді. Өндірісті басқарудың жаңа
жағдайында ішкі шаруашылықтың күрделі қаржыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
«Metrocom Service» ЖШС
Қаржы- шаруашылық талдаудың әдісі мен түрлері
Қаржылық тұрақтылықтың талдауы
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Бухгалтерлік есептің жүру жолы
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
Қазақстан Республикасының құрылыс нарығы
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Пәндер