Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Бөлім Мемлекеттік бюджет мәні және мазмұны
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономиканы басқару құралы ретінде ... ... ... ... ... .9
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

II Бөлім Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
2.1 Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі ... ... ... ..21
2.2 Мәдени салаларға жұмсалатын шығыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3Шаруашылық саладағы мемлекеттік бюджеттердің қаржылық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Бөлім Мемлекеттік бюджет мәні және мазмұны
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономиканы басқару құралы
ретінде ... ... ... ... ... .9
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін
бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

II Бөлім Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
2.1 Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің
рөлі ... ... ... ..21
2.2 Мәдени салаларға жұмсалатын
шығыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3Шаруашылық саладағы мемлекеттік бюджеттердің қаржылық
негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл
орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-
әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың Қазақстан экономикасының
ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды
пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Бюджеттік
саясаттағы негізгі мақсат табыс көлемін көбейтіп, оның шығыс бөлігін ұтымды
пайдалану арқылы бюджет тапшылығын ең қолайлы төменгі шегіне дейін азайту.
Мемлекет бюджет тапшылығын азайту үшін мемлекеттік шығынды шектеу саясатын
жүргізіп отыр. 2007 жылы мемлекеттік шығынның 80 пайызы халық шаруашылық
салаларының күнделікті және басқалай шығындарын жабуға жұмсалды. Бюджетті
жасақтаған кезде бюджеттер арасындағы кірісті ажырату әдістерін ұтымды
түрде қолданған жөн. Дәл үйлестіру салық түсімдерінің нақты түрлерінің
ерекшеліктерін, олардың қызметтік міндеттері мен өндіріс процесіне әсер ету
дәрежесін ескертуге мүмкіндік береді. Дамыған елдердің бюджеттік іс-
тәжірибесі бірде-бірінде бюджеттік жүйе буындарының арасындағы кірістерді
бір-ақ тәсілмен ажыратуды қамтамасыз ете алмағанын көрсеткен, сөйтіп
олардың бірнеше әдістері үйлестіріле пайдаланылып отырған. Сондықтан да
салықтар мен кірістерді бюджеттердің түрлері бойынша бөлу жүйесі
біртұтастық принципіне (салықтардың мөлшерлемесімен түрлерін үйлестіру)
және дербестікке иек артуға тиіс.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджеттің мәні мен
мазмұнын қарастыру, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің топтарының
арасында шығындар мен табыстарды бөлу, бюджет тапшылығының экономикалық
мазмұнын, бюджет тапшылығының пайда болу тетіктерін, ашу болып отыр.
I Бөлім Мемлекеттік бюджеттің мәні және мазмұны

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні , мазмұны

Бюджет – ол жалпы қаржы категориясыға қарағанда бөлек , ерекше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстраккцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен
ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды болып шыгаруга болады .
Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында
мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас
болып табылады.
Бұндай қаржылық қарым – қатынастың жалпы белгісі :
біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде
орын алуы, екіншіден,жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына
байланысты . Осындай барлық қаржылық қарым - қатынас мемлекеттік бюджет
деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрайды.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4 бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген : Бюджет –ол мемлекеттің міңдеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры . Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар,
материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі –жалпы
экономикалық қарым – қатынас , заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық,әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға обьективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай
мемлекеттікке болмаса да мазмұндары бірыңғай категориядан қалыптасады ,
яғни салық, займдар ,шығын және тағы да басқалары , сонымен қатар олар бір
қоғамдық- экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп
дәлелдейді. Сондықтан , бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық
категорияға сай ақша түрлеріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар
өндірістік қарым – қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде
қаржы жалпы ақша қарым – қатынас жүйесі болса яғни мемлекеттік
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда
бюджет өз алдына ақша қарым – қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік
қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық
қажеттілік шығындарды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар)
беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша
қаражатарының кірісі мен шығысы формасына немесе ақша қаражаттарының
негізгі орталықтандырылған қоры ретінде .
Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама
берілген бюджет – ол қаржылық жоспар, бюджет – ол басқарушылық жоспар,
бюджет – ол коммуникация құралы, бюджет – ол салық саясатын дәлелдейтін
құжат деген. Бірақ бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі ол
мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттік
әлеуметтік – экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері,
бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштері мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады :
- ол өз алдында жеке бір экономикалық категория ;
- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол эконмиканы реттеуге арналған құрал ;
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ;
- ол барлық бюджеттік қарым- қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындатын заң;

Мемлекеттік бюджетке мынандай түсінік берілген – ол республикалық және
жергілікті бюджеттің арасындағы қарама қарсы өтеу операцияларын
есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге
жатпайтын қорытындысын құрайтын жалпы бюджет.
Мемлекеттік бюджет термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын
орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады. Бүгінгі күнгі
мемлекеттің бюджетті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың
әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет
атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік
шығындармен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді,
бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және
жергілікті мудделерді қалыптастырып іске асырады.
Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамдық саясаттың және әлеуметтік
дамуын көрсетеді. Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы
қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді
қаржыландыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен
ұлғайтуының ығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық
және аумақтық құрылымын жетілдіру құжаттандырылады, ұжымдық шығындар және
басқа да шығындар қамтамасыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы
белгілермен сипатталады :
1. Бөлулік қарым-қатынасының айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет
тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оның қоғамдық мүддені
қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. Ұлттық экономика салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
3. Құндылықты бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық
қарым-қатынас тығыз байланыста болса, бұл арада құндылық болу тауарлы
формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланыста емес және одан
белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары формалары әрбір тарихи кезеңге
мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуының сұраныстары мен
міндеттемелері бойынша анықталады.
5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара
тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы
жағдайда, себебі ол экономикалық құндылық құрылымы мен экономикалық
және әлеуметтікдамуының негізгі бағыттарын ақша
қаражаттарыменқамтамасыз етуге әсер етеді .
Жоғарыда айтылғандай, мемлекетік бюджет басқада бір экономикалық
категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа материалды түрде
орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан экономикалық процестер мемлекеттің жинап
және пайдалаып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік
қор – ол мемлекет тарапына, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға
арналған, құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың
қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс-әрекеттің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің
түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет
тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады.
Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы
реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары. Алайда мемлекеттік
бюджет ішкі өнімді құндылықты бөлу мен қайта бөлу процесінде мемлекет пен
қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым
қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет
ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны
экономикалық дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге пайдалану
жолдары арқылы іске асырылады.
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық
формалары жоспарлы түрде жургізіледі, себебі, көптеген меншік формадағы
шаруашылық өз алды болжам – жоспарлық жүрізуді талап етеді. Бұл, кезекті
ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам – жоспарлық формада әрекет
етуін талап етеді. Мемлекеттің негізгі қаражаттары орталықтандырылған
қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың арнайы қаржы
құжатында – бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады.
Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері
қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспарды арнайы кіріс және шығысы баптары мемлекеттің
ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары оның
қалыптасу көздерін көрсетеді.
Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып
табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын
және оларды орындайтын мемлекеттің күш жігері жарияланады. Қазақстан
Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет
жөніндегі Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жопарының көрсеткіштері
ешқандай шартсыз орындалуға тиісті. Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір
жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарына
негізделеді, екінші жағынан, көбінесе соларды анықтайды. Ол мемлекеттік
бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни
негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір-бірімен бөлек
емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырады, себебі бұларда бюджеттік
қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.

1.2 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде.

Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді
мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуге функциясын іске асырудың маңызды құралдары ретінде
қолданып, оны экономиканы басқарудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны
экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджеттік экономикалық
басқарудың құралы ретінде пайданалуы мынадай
қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің
дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.
Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте
үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.
Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар
екі формада көрініс табады, яғни натуралды (заттық) және құндық
(ақшалай). Натуралды – заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық
бөлімдері арасында материалды – техникалық құралдарды бөлуі мен оларды
жұмыс күшімен қамтуды, ол құндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің
пропорцияларын анықтауды қарастырады.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және
аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың
дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде
пайдаланады. Ол еңбек ақша және материалдық ресурстарды пайдалануын
ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске
асыру мен баскада әлеуметтік – экономикалық мақсаттарды шешуге
мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде
мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі – бюджеттік
қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен
Оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағыттарын
пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті – экономиканы басқару құралы ретінде
сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі обьективті алдын-ала анықталғанын
айрықша айтуы қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық
байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі
қаржы арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің болу
табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды
экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық
өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады
.
Экономиканың дамуына байланысты оның басқару құралы ретінде
бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы
неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан
ақша қаражаттарын уақыттында қалыптастыру мен тиімді пайдалану
процестерін бақылау өте маңызды.
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік
механизм арқылы ісеке асырады. Осы механизмнің арқасында обьективтік
бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі
болады. Бюджеттік механизім – ол бюджеттік қатынастардың
ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар
кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс - тәрекет салалары
және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс - тәсілдердің
жүйесі. Бюджеттік механизімнің обьективтік негізгі мемлекеттік
бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу қатынастар процесі
болып табылады. Экономикалық категория ретінде бюджеттің өзінің
ішкі құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты
бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық
тізбектерді бөлуге болады, олар : ақша қаражаттарын мемлекет тарапына
жұмылдырылатын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік
қаражаттар бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын
әдістер. Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді
белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуеттік-экономикалық дамудың маңызды
бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын
жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда
елеулі рөл атқарады. Соныман қатар, мемлекеттік бюждет өзінің барлық
көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы
ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және
ынта түрлерінде интегралды әсер етеді. Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы
буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады .
Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы
- ол қоғамдық экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі
бағыттарында пайдаланылатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің
айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің
бейнеленуі. Бұл мемлекетке бюджет арқылы барлық ел ауқымында құндық
бөліс процестерін орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді.
Екіншіден, бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа
баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен
тығыз байланыста.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде
макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады
және анықталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары
үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму
көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға
жетеді.

1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін бөлу.

Мемлекетттік органдардың өздерінің функцияларын орындау үшін
басқарудың барлық деңгейінде тиісті қаржы болуы тиіс. Бюджеттердің
жекеленген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды
теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратыны белгілі. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлы типімен
анықталады, өйткені Қазақстан - федералды емес, басқарудың Президенттік
нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет.
Қазақстан Респубикасы жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін , атқарылатын және дербес болып табылатын мынандай
бюджеттер жұмыс істейді:
• Республикалық бюджет;
• Облыстық бюджет, республикалық мағызы бар қаланың астананың
бюджеті;
• Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың бюджеті) Қазақстанда
төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің
әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы міндет.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбегейлі өзгеріске
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеті сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне
кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және
поселкалық бюджеттер де қамтып көрсетіледі, онда ел аумағының барлық
бюджеттері де қамтып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас
республиканың мемлекеттік бюджетінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрады . Одақтық бюджетке 1970-1990 ж.ж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 50-52% тиді, оның 35% республикалық
бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды .
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет - аралығындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюждеттерді бекітіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет .
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі
республикалық бюджетке шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл салық және басқа да түсімдер
есебінен қарастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға
ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың
жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған
орталықтанған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)
Облыстық бюждет, ауданның бюджеті .
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайында енгізіледі. Төтенше
мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
орган әзірлейді және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы
төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оның қолдануын тоқтатуға
негіз болып табылады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы
тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқаруы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің
жергілікті бюджеттері туралы маслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге
асырылады. Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесінің ұйымдық-
экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-
ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің
жергілікті оргындарының дербестік алуымен және оларға қаржы
ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл
қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы
саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан
Республикасы егеменді мемлекеттің жалпы экономикалық және саяси
негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы
барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей
бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ
ішінара қайта бөлудің мақсаты және аумақтық бюджет қорларын жасауға
негізделген. Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды
қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа
шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі
бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және
оларды жұмсаудың бағыттарын нықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны
атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері шығыстарды
бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген.
Бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу
сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан шегінуге жол бермейді.
Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюждетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын
шығынтарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет
заңнамаларында белгіленген барлық түсімдердің тізбесінің бюджеттерде және
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық
көрсетілуімен қамтамасыз етіледі.
Реалистикалық қағидаты – параметрлердің экономикалық ағымдағы жай
күйінің көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтарының
параметрлеріне және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына
сәйкестігі. Реалисттік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын,
сметаларды және жалпы тиісті деңгейлердің бюджет жобасы процесінде қол
жетеді. Нақтылық дамудың болжамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне
негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған
кірістердің барлық көздерімен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптарының
негізділігімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫНЫҢ ДАМУЫ
Экономиканы дамыту шығындары
Каржы жүйесі. Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қаржыны басқару және қаржы менеджменті
Бюджетті қалыптастыру мәселелері (Қостанай облысы Жітіқара ауданы бойынша)
Бюджеттің балансы
Пәндер