«ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы



Мазмұны
Кіріспе
Бөлім 1. Шағын және орта бизнесті несиелеудің экономикалық мазмұны
және банктік операциялар жүйесіндегі ролі
1.1 Несие мәні, оның түрлері мен ролі
1.2. Шағын және орта бизнестің экономикалық дамуындағы үлесі

Бөлім 2. «ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 «ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық сипаттамасы
2.2. «ЦентрКредитБанкі» АҚ экономикалық сипаттамасы

Бөлім 3. Орта және шағын бизнестің субъектілерін несиелендіруді ұйымдастыруды жүзеге асыру
3.1 Шағын және орта бизнесті несиелендіру процесінде кездесетін мәселелер және оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті жетілдірудегі қаржыландыруды жүзеге асыру мәселелері

Қорытынды және ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Бөлім 1. Шағын және орта бизнесті несиелеудің экономикалық мазмұны
және банктік операциялар жүйесіндегі ролі
1. Несие мәні, оның түрлері мен ролі
1.2. Шағын және орта бизнестің экономикалық дамуындағы үлесі

Бөлім 2. ЦентрКредитБанкі АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы
жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 ЦентрКредитБанкі АҚ ұйымдық сипаттамасы
2.2. ЦентрКредитБанкі АҚ экономикалық сипаттамасы

Бөлім 3. Орта және шағын бизнестің субъектілерін несиелендіруді
ұйымдастыруды жүзеге асыру
3.1 Шағын және орта бизнесті несиелендіру процесінде кездесетін мәселелер
және оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті жетілдірудегі қаржыландыруды жүзеге асыру
мәселелері

Қорытынды және ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әкімшіл экономикадан нарыққа өту кезеңінде банктер коммерциялық банк
жұмыстарына қатысты нормативтік актілердің макромазмұнын алып, ал өздері
микроэкономикалық міндеттерді шешумен айналысуы қазіргі банк жүйесінің
елеулі кемшілігі болды. Сонымен қатар бұл қаржы мекемелерінің, коммерциялық
банктердің мәнән, мақтсаттары мен міндеттерін жете түсіну қажет.
Коммерциялық банктердің қазіргі таңдағы жағдайлары оларға деген
көзқарасты өзгертуді талап етеді. Өйткені, ғасырлар бойы жинақталған
тәжірибені белден басып, елемеуге болмайды. Міне, сондықтан да біздің
банктеріиіз қаржы саласын реттеп отыратын экономикалық заңдылықтарға сәйкес
жұмыс істеуі тиіс, қоғамға пайдалы әлеуметтік экономикалық атқарымдарды
орындаулары керек.
Екінші деңгейдегі қаржы несие мекемелерінің өзін-өзі реттеу механизмі
банктің стратегиясы мен тактикасына, даму бағдарына негізделеді. Сондай-ақ
сыртқы, яғни нарықтық және мемлекеттік реттегіштер де бар. Алайда елімізде
нарық енді қанат жайып келе жатқандықтан оның әсері болашақта сезілері
анық. Міне, сондықтан да бірден-бір басқару тетігі ретінде мемлекеттік
реттеудің маңызы арта түседі. Дегенмен, осы арқылы коммерциялық банктер,
акционерлер мен салымшылар, жалпы әлеумет алдындағы міндеттемелерінің
ауқымын ұлғайтпай-ақ микроэкономикалық проблемалармен айналысуға мүмкіндік
алып отыр. Сөйтіп, дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің банк жүйесіне
ықпал етудің тиімді тетігі болып табылатын жанама мемлекеттік ретеу
шаралары республика коммерциялық банктерінің жұмысына әсер етіп жатқан доқ.
Біздің пікірімізше экономикалық нормативтердің оңтайлы жиынтығын өзге
реттегіштермен, ең әуелі ақылға сиымды салалық және баға саясатымен
қатарластыра қолданған жағдайда ғана коммерциялық банктердің қызметін
мемлекеттік реттеу осындай міндеттерге орай өзгертілген мемлекеттік бақылау
органдарының жүйесін құруды талап етеді.
Нарықтық экономикадағы коммерциялық банктердің рөлін ақиқат бағалау
олардың қор жинау, өнім өндіру, тұтыну міндеттемелерін шешудегі маңызын
түсінуге көмектеспек. Бүгінгі таңда бұл банктердің көпшілігі, тіпте барлығы
дерлік, әмбебап жұмыс істеуге, клиенттеріне ақша-қаржы қызметінің кез
келген түрін көрсете алатын қаржы супермаркеті болуға бет бұрып отыр.
Қазіргі нарықтық құрымымдардың қалыптасуы жағдайында коммерциялық
банкттердің қызметін әмбебаптау келешек дамудың бірден-бір мүмкін болатын
түрі бар. Сонымен қатар жаңа экономикалық қатынастардың дамып нығаюына,
жекешелендіру прцесінің тереңдеуіне, билік пен өкілеттікті бөлу
механизмдерінің қалыптасуына қарай салық немесе аймақтық мамандану мәселесә
де күн тәртібіне көтерілді, әлде де болса жоғарыға дамудағы ықтимал
өзгерістерге әсер ете алатындай нарықтық және заңдық алғы шарттарды
қазірден бастап ойластыра қойғанның артығы жоқ.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді
ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары атты курстық жұмысымда келесідей
міндеттерді көрсетеді:
- Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің сипаты;
- шағын және орта бизнесті несиелеудің тиімділігі;
-Қазақстан Республикасындағы шағын және
орта бизнесті несиелеу проблемалары;
- Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің тұрақтылығын

қамтамасыз ету.
Банктердің нарықтық тұрғыдағы түсінігін қалыптастыру және оларды
осындай ұғым аумағында ұстай аларлық сырттқы реттегіштерді жасау
Республиканың қаржы-несие жүйесін қайта құру стратегиясының негізгі
міндеттерінің бірі болуға тиіс. Сондай-ақ саланың ойластырылған даму
бағытына негізделген өзін-өзі реттеу механизмдері, яғни ішкі реттегіштер
ұмыт қалмауы тиіс.

Бөлім 1. Шағын және орта бизнесті несиелеудің экономикалық мазмұны
және банктік операциялар жүйесіндегі ролі
1.1 Несие мәні, оның түрлері мен ролі
Экономикалық категория ретінде несиені ссуданың мәмілесі негізінде
көрсетілетін және дамитын өндірістік қатынастар ретінде анықтау қажет.
Ссуда мәмілесі өзінен-өзі несиені экономикалық категория ретінде, ал осы
мәмілелердің негізінде өсетін өндір істік байланыстар немесе ссудо
мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастарда сипаттайды. Соңғысы
тауарлық шаруашылықтың әр түрлі баптарына сәйкес келеді. Экономиканың
тарихи дамуымен бұл мәмілелер жетілдіріледі, кеңейтіледі және барлық жалпы
мәлімделген қолданылады. Әр түрлі шаруашылық жүйесі кезеңде кездесетін
мәміле типі формальды үйлесімдік “несие” деген жалғыз атаумен бейнеленеді,
бірақ әр түрлі ғасырларда несиелік қатынастар деп аталатын сол атаумасы
сақталып, әр түрлі мәнде, мазмұнда болады.
Несиені классиканың теориясы, оны өндірістік қатынастарды көрсететін
қоғамдық - экономикалық категория ретінде қарастырады. Қоғамның негізгі
өндірістік байланыстарымен негізделетін несиелік қатынастар жеке тұлғалар
мен кәсіпорындардың, кәсіпорындармен мемлекеттің мемлекет пен
тұрғындардың, әр түрлі адамдардың әлеуметтік топтарының арасында тауар
қатынастары саласында қалыптасады. Айырбас саласында қалыптасатын несие
құнның қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге қажет ссуданың мәміле
нысаны түрінде қатысады. Несие қозғалысының ядросы болып табылады.
Ссуда мәмілесі өзінен-өзі несиені экономикалық категория ретінде, ал
осы мәмілелердің негізінде өсетін өндірістік байланыстар немесе ссудо
мәмілесі болып табыл
Тауар айналымының ішкі мәні ретіндегі құн қозғалысы несие қажеттілігі
туралы мәнді тереңдетуде. Шаруашылық жағдайында құн қозғалысы өндірістік
қорлардың айналысы және шеңбер айналымында кеңінен қолданылады және
несиелік қатынастардың қалыптасатын және дамитын нақты экономикалық негізі
болып табылады. Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігінен қамтамасыз
етудегі қажеттіліктен несие қалыптасады. Белгілі кез-келген күні
шаруашылық субъектілердің өндірістік қоры ақша, өндіруші және тауарлық
несандарда кездеседі. Уақыт пен кеңістікте қордың айналымы мен шеңбер
айналымының теңсіздігі қаражаттарды бір звеноға қажеттілігі және соның
тағы басқа беруіне қажет болуымен анықталады. Тауарлық шаруашылықтың
қорының шеңбер айналымы мен айналымда несиелік қатынастар қалыптасу
лирикада көрінеді.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін оған анықталған жағдайлар қажет.
Біріншіден, несиелік мәмілеге қатысушылар-несие беруші мен борышқор -
экономикалық байланыстардан қалыптасатын міндеттемелерді орындауды
материалды кепілдендіретін заңды өз бетінше субъектілер ретінде қатысулары
қажет. Несиелік қатынастарға қатысатын заңды тұлғаларға нарық заңдары
негізінде және экономикалық мотивтердің бірігуінде өзінің қызметін
қалыптастыру қажет. Екіншіден, егер несие беруші мен борышкордың мүдделері
сәйкес келсе онда несие қажетті болады. Несиелік мәміле жүргізілуі үшін
оның қатысушыларына бір жағынан ссудаға ақшалай қаражаттардың берілуі
екінші жағынан оны алу, осыларға қызығушылық таныту қажет. Несиелік
қатынастардың субъектілерінің арасындағы өзара мүдделермен негізделген
экономикалық байланыстар тұрақтылықпен сипатталады, жалпы жүйе ретіндегі
несие шегімен анықталады.
Несие мәнін ашу - өндірістік қатынастардың жалпы жүйесінің элементі
ретіндегі несиені көрсететін оның нақты анықтылығын көрсететін сапаны
үйрену. Қозғалыс заңдылығымен несие құрылымын қарастырамыз. Зерттеу
объектісі ретіндегі несиенің құрылымдық талдау оның субъектілері болып
табылатын элеметтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынастардың
субъектілері болып несие беруші мен борышқор табылады.Тауарды шығаруды
сату – сатып алу үрдісінде сатушымен оның ақшалық эквивалентін міндетті
түрде алуға әрқашанда әкелмейді. Сатып алушы тауарға белгілі бір уақыт
аралығында төлей алады. Сатушы несие беруші ол сатып алушы борышқор болып
табылады. Несие беруші мен борышқор барлық жағдайда бір жағынан эквивалент
алу күнін ұзартады, ал басқа жағдайда оны төлеу сипатталады.
Несие беруші болып ссуданы көрсететін несиелік мәміленің жағы. Несие
берушіге ссуда беру үшін нақты қаражаттарды орналастыру қажет. Қайнар
көздері болып меншікті жинақтар ресурстар өз кезеңінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілердің несиелерін қайтару бастамалары табылады.
Борышқор қайтаруды қамтамасыз ету үшін несие берушімен есеп айырысуы
жеткілікті қаражаттардан босатуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс
үрдісін құрастыру қажет. Төртіншіден, борышкер уақытша пайдалануға түскен
құнды тек қайтарып ғана қоймайды, сонымен бірге ссуданың пайызды төлейді.
Бесіншіден, борышқордың еркіндігі несие берушіге байланысты болады. Несие
берушіден экономиканың тәуелділігін борышқордың алған қаражаттарын тиімді
шығымдауды ссуда алушы ретінде өзінің міндеттемелерін орындауға мәжбүр
етеді.
Несие беруші мен борышқор несиелік қатынастарға түскенде өздерінің
мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін сипаттайды. Несие беруші мен борышқор
несиелік қатынастар шегінде орындарымен ауысуы мүмкін: несие беруші
борышкер болады, ал борышкер несие беруші болады. Несие беруші мен
борышкерлердің өзара әрекеті қарама- қайшылықтың бірлігін сипаттайды.
Несие беруші мен борышқор несиелік келісім – шарттың қатысушылары ретінде
әр түрлі жақта болады. Несие беруші ссуда беруші жағы, ал борышқор
белгіленген соманы алушы жағы. Мақсаттарының бірдейлілігі шегінде ұдайы
өндірісте өзінің ерекше жағдайымен шартты өздерінің мүдделері бар. Несие
беруші жоғары ссудалық пайыздарды, ал борышқор – арзан несиені алғысы
келеді.
Несиелік қатынастардың құрылымының элементтері болып сонымен қатар
несие берушіден борышкерге берілетін және несие берушіден борышкерге кері
қозғалысын аяқтайтын берілу объектісі табылады.Ол құнның басты бөлігі
ретінде шығады. Берілген құнның басты жағы – оның авансталған сипаты.
Несие ссуда алушының иесінде болатын құнның құрастырылуына сәйкес келеді.
Бұл мағына да несие борышкердің шаруашылығында алған құнның қызметінің
кезінде құрылуға тиісті табыстарды көрсетеді. Борышкер несие берушіге
ссуданы сұрауы бұл тек қажет уақытында бос ақша қаражаттарының жоқ
болуынан ғана емес, сонымен бірге оның табыс алуға да төлемдерге
пайдаланатын табыс алуға мүддесі бар.
Несие мәні оның қозғалысының заңдылығымен кең ашылады. 1 суретте
несие қозғалысын сызбамен көрсетуге болады. Несиені орналастыру – оның
қозғалысында басты уақыт. Несие беруші оның ресурстарының рационалды
нысанында орналасқанына сенімді болуы қажет. Банктер несие беруші ретінде
ссуданы қайтару, оның тиімді пайдаланылуы сияқты аяқтаушы кезеңінің
талаптарына сәйкес келетін несиелерді береді. Борышкердің несиені алуы
белгіленген мерзімге алынған құнды беруді көрсетеді. Несиені пайдалану
үрдісінде беру объектісі ретіндегі оның тұтынушының құны жүргізіледі.
Ресурстардың берілуі борышқордың шаруашылық үрдісіндегі құнның шеңбер
айналымның актінің аяқталуымен сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының
белгіленген кезеңі – бұл шеңбер айналымының кезекті жаңа фазасына оның
шығуына материалдың алдын –ала шарттары.
Несиенің қайтарылуы несие берушіден борышкерге уақытша құнның ауысуын
көрсетеді:
– Несиені орналастыру;
– Несиені алу;
– Несиені пайдалану;
– Ресурстарды беру уақытша займдық құнды қайтару .
– Несие нысанында орналасқан қаражаттардың несие берушінің алуы.
Несие қозғалысының соңғы кезеңі – бұл уақытша пайдалануға берілген құнды
несие берушінің алу акті. Несие қозғалысы заңдылығын талдау үрдісінде өзара
байланысты және өзара неігізделген берілген құнның толық шеңбер айналымының
бөлігі ретінде бұл қозғалыстың барлық кезеңдерін көреміз.
1.2. Шағын және орта бизнестің экономикалық дамуындағы үлесі
Шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық прогрестің шешуші факторы
және жұмыспен қамтудың басты көзі болып отыр. Ол қоғамның экономикалық
саяси-әлеуметтік тұртақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан шағын және орта
бизнестің дамуы республикамыздың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі маңызды
құбылыс.
Шағын және орта бизнес санының көбеюі, меншік иелерінің өсуіне алып
келеді, бүл соның ішінде Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды. Еліміздің
экономикасының гүлденуі шағын кәсіпкерліктен бастау алады.
Экономикасы дамыған елдерде өзіне тән өркениетті ерекшеліктері бар
шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Нарықтық экономикасы дамыған
жекелеген елдерде жұмыс істейтіндердің саны жағынан, өндірістің көлемі мен
тауарларды тарату жөнінен қызмет көрсету саласында шағын және орта
бизнестің субъектілері жетекші атқарады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта бизнестің шешетін
тағы бір мәселе - қызмет көрсету саласын кеңейту. Көптеген дамыған елдерде
өз бетінше жұмыс істейтіндердің 60%-ден 80% - ке дейінгі бөлігі осы салада
топтасады екен. Шағын және орта формалар ондаған жылдар бойы дамып келе
жатқан елдерде сыртқа шығарылатын өнімнің 50-60%-н осы кәсіпкерлер құрайды.
БҰҰ-ның эксперт деректері бойынша, бүкіл әлемдегі халықтың 50%-і шағын
бизнеспен айналысады.
Шағын және орта бизнесті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру
мүмкін емес. Бұл - нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық
экономика элементтерін енгізудің әрекеттерін монополияландырылған ортаның
қарсылығына тап болуда. Монополизмге қарсы күресудің тиімді жолдарының бірі-
шағын және орта бизнесті дамыту.
Шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар елбасы Н.
Назарбаевтың 1997 жылы 6 наурызда қабылдаған "шағын
және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары"
деген қаулысынан басталды.
Одан кейін "Шағын бизнеті мемлекеттік қолдау туралы" , "Жеке кәсіпкерлік
туралы" заңдар қабылданды. Шағын және орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасау
үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы
"Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың
басымдылықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы" жарлық шығарды.
Шағын және орта бизнес - экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының
бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл
жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар
елдерге де қатысты.
Отандық кәсіпкерді мемлекет тарапынан қолдау, ішкі рынокқа жұмыс істейтін,
өзі шығарған отандық өнімдері арқылы ұлтты танымал ететін орта топтың
қалыптасуына ықпал етеді.
Қоғамды жікке бөлуден және саяси дағдарыстарды қолдамайтын
тұрақтандырушы ретінде шағын және орта бизнес өкілдерінің рөлі аса маңызды.
Елбасы ұсынып отырған стратегиялық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті,
экономиканың жағдайын ойлайтын кәскперлерге ерекше көңіл бөледі. Шағын және
орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы - олар аса үлкен қаржыны
керек етпейді және орларға салынған қаржының да қайтарымы жылдам болады.
Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс
орындарының ашылуына, еңбек ақының уақытында төленіп отыруына себебін
тигізетіні сөзсіз.
Бүгінгі жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол
ашылды. Соның бірі - шағын неселендіру.
Шағын және орта бизнесті несиелендіру- кәсіпкерлікті дамыту үшін
жағдай туғызуға және ең аз қамтамасыз етілген азаматтардың өзін-өзі
жұмыспен қамтуына бағытталған несиелендірудің бірі. Мынандай мақсаттар
белгіленген:
-еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, кірістерді көбейту, кедейшілікті
төмендету;
-еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен қамтылған бөлігі арасында, жеке
және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту.
Миллиондаған қазақстандықтардың өмірлік мүдделеріне тікелей қатысты
бүгінгі таңдағы мейлінше маңызды және экономикалық міндет- шағын несие беру
арқылы шағын және орта бизнесті қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Жұмыссыздықпен кедейшілікке қарсы күрес стратегиясының негізгі
тармақтарының бірі-шағын несие жүйесін енгізу және шағын және орта бизнесті
дамыту болып есептелінеді.
Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға ұшырап,
иілмелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес
айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің
өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылықты байқатты.
Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар жұмысқа тартылды. Қысқасы шағын
және орта бизнес дағдарыстағы экономикамызға тіреу болды деп айтуға болады.
Шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін отандық
кәсіпкерлерді ынталандыру, оның бейнесіне көбірек көңіл бөлу және
кәсіпкерлерді қолдаудың инфрақұрылымын жандандыру қажет. Елбасы Н.Назарбаев
2003 жылы 31 қазан Астанада болған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында
сөйлеген сөзінде Біздің кәсіпкерлер тобы қоғамның орта тобы - бүгінгі күні
жол айрығында тұрған батырды еске түсіреді.
Ол жартылай қылмысты жолмен жүріп, яғни салық салудан өз кірістерін
жасырып, қылмысты ортадан қорғаныш іздеуім керек пе немесе арамызда әлі де
бар ой-ниеті таза емес шенеуніктер пана табуым қажет пе, әлде, қайткенмен
дө өз бизнесімді заңды негізде дамытып, өркениетті жолмен жүріп,
кәсіпкерлер тобының маңдайына жазылғандай, мемлекетті тұрақтылығының
негізіне айналуым, қоғамдық игілікке қызмет етуім керек пе деген таңдау
жасау үстінде. Мен жағдайды өзгертіп, шағын және орта бизнестің тұтастай
алғанда кәсіпкерліктің өркениетті жолмен дамуы үшін мақсатты түрде барлық
жағдайды жасауға біздің ақыл-атымыз бен саяси еркіміз жеткілікті деп
ойлаймын деген еді. Сонымен қатар Н.Назарбаев Қазақстанда кәсіпкерлік
барлық уақытта болғандығын атап өтті. Сондықтан қазақтардың бұл саладан
хабары жоқ деу мүлде негізсіз. Бірақ біздің жеке істі жүргізу қабілетімізді
жоғалтып алғанымыз рас.
Енді осы кәсіпкерлік рухты қайта жаңғыртатын уақыт жетті. Осы заманғы
әлеуметтік өркениет ядролық энергетика мен интернет қана емес, ол ең әуелі
- орта таптың өркениет жаюы екенін айтты.
Орта тап-ылғи да мемлекеттің тірегі, экономиканың жетекші секторы,
қалыптылық пен түрақтылықтың факторы. Бүгінде бізде байларда бар, ол
халықаралық стандарт бойынша кедейлер санатына жататындардың үлес салмағы
басым түсіп отыр. Басты міндет - адамдардыің өздері осы санаттан шығып,
орташылардың қатарына қосылуға күш салуы қажет.
Кәсіпкерлік қызмет жеке тұлғаның өз күш-қабілетінің танытуының,
белігілі бір мақсаттарды жүзеге асыруының тиімді тәсілі.
Ол сондай -ақ адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін
қалыптастырады. Шағын және орта бизнесті дамыту ел экономикасының бірсыпыра
табысқа жетуіне мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
дамуының стратегиясында негізгі мәселесінің бірі болып көтерлісе, ол міндет
орындалып келеді деп жазды Н.Назарбаев өзінің таяудағы Қазақстан халқына
жолдауында.
Экономикалық тиісті дөңгейге жігерлі, өркөниетті кәсіпкерлер көтереді.
Сондықтан да еліміздің ертеңі осы кәсіпкерлер қолында.

Бөлім 2. ЦентрКредитБанкі АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы
жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 ЦентрКредитБанкі АҚ ұйымдық сипаттамасы
Банк ЦентрКредит АҚ - ғы 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылды және де
ол Қазақстандағы ең бірінші коммерциялық банктердің бірі болып табылады.
Банк ЦентрКредит АҚ – ның тарихына із қалдырған ең басты және
маңызды жылдарға сипаттама:
1988 жылдың қыркүйегінде Алматылық Орталықтандырылған кооперотивтік
банк құрылды, ол СССР – дегі ең алғашқы кооперативтік банктердің бірі
болды.
1991 жылдың тамызында Банк, өз атын Қазақстандық Акционерлік
ЦентрКредит деп қайта тіркелді.
1993 жылдың қарашасында Банк, Қазақстандық Қор Биржасында мүшесі
болды.
1994 қыркүйегінде адменистрациялық агенттік бойынша Шағын және Орта
бизнесті несиелендірудегі ЕБРР жүйесін қолдануды Қазақстандық екі банк
жүзеге асырды, оның бірі болып бұл Банк ЦентрКредит болып табылады.
1995 жылдың мамырында Chase Manhattan Bank пен Қазақстан
Республикасының Үкіметтің Қазақстандық Интернациалдық Банктің 100% акция
қоржысын сатып алды.
1996 жылдың маусымында Банк, Орта Азия мен Қазақстан бойынша
Western Union жедел ақша аудару жүйесінің басшысы болды.Және осы жылдың
қазанында ЕБРР администрациялық несиелік жүйесі арқылы, Ақтау қаласындағы
теңіз портын реконструкциялауға 54 милион АҚШ долларын аударуда, бұл банкке
тіркеуде таңдалды.
1996 жылдың қарашасында Банк ЦентрКредит ААҚ – ғы болып қайта
тіркелді.
1997 жылдың сәуірінде банк, Twinning программасына Австриялық
Raiffaisen Investment AG және Ирландық Bank of Irland International
Services Ltd бұлармен бірге қатысуға бастады.
1997 жылдың мамырында банк екінші деңгейлі банктердің бірінші тобына
кірді және қазанында қызмет көрсету жүйесінде банк, жаңа Фронт және Бэк –
офис қызмет көрсету жүйесін енгізді.
1997 жылдың желтоқсанында Тұрғын үй банк ЖАҚ - мын жекешелендіру
үшін тендрды ұтты.
1998 жылдың сәуірінде банк, Қазақстандық инвесторлар альянсы
құрамында Банк ТуранАлем жекелендіру үшін тендер ұтты.
1998 жылдың шілдесінде банк, Тұрғын үй банк ЖАҚ – ғымен бірігу
арқылы Банк ЦентрКредит АҚ – ғы болып қайта тіркелуі аяқталды .
1999 жылдың сәуірінде Twinning программасы аяқталды.
1999 жылдың шілдесінде банкке Thomos BANK WATH халықаралық
несиелік агенттікпен бекітілді, олар: – ұзақ мерзімді заемдар бойынша В
деңгейін, бұл деңгей Қазақстанға сай болып келеді; – қысқа мерзімді заемдар
бойынша LS-3-үшінші интернацианалдық класс деңгейін, ол қарызды беру мен
сыйақыны төлеуге қызымет атқара алатынын білдіреді.
1999 жылдың тамызында банктің акциялары Қазақстандық Қор
Биржасының А деңгейіне ресми түрде енгізді және осы жылдың қарашасында
банктің Thomos BANK WATH халықаралық несиелік агенствосының деңгейін
растады.
1999 жылдың желтоқсанында костадианттық қызыметті жүзеге асыруға
лицензиясын алды.
2000 жылдың ақпанында жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде
ұжымдық міндетсінуге (сақтандыруға) деген жүйесіне енді. Серификат №2.
2000 жылдың мамырында банк, (Participant Member) мүше – қатысушы
ретінде Visa International жүйесіне енді, шілдесінде Thomos BANK WATH
халықаралық несиелік деңгей агенствосымен растады.
2001 жылдың қыркүйегінде бірінші синдицирияланған 11 миллион АҚШ
доллар деңгейінде заем алды.
2002 жылдың қыркүйегінде екінші синдицирияланған 15 миллион АҚШ
доллар деңгейінде заем алды.
2002 жылдың қарашасында халықаралық деңгей агенствосы Mody's
Investors Service - пен Банк ЦентрКредит АҚ – на келесі деңгейлерді
енгізді:
BA2 – шетел валютасындағы банктік депозитті ұзақ мерзімді деңгейде;
NP – шетел валютасындағы банктік депозитті қысқа мерзімді деңгейде;
D – қаржылық тұрақтылықтың деңгейі.
Барлық тұрақты (стандартный) деңгейлерін болжау.
2002 жылдың желтоқсанында Тез аудару жүйесінде Банк
ЦентрКредит АҚ – ғы Қазақстан Республикасындағы ең тез ақша аударымдары
деген номинациясында бас жүлде алды.
2003 жылдың сәуірінде Fitch деңгейлі агенствосы Банк
ЦентрКредит АҚ – ның ұзақмерзімді деңгейлерді В - бастап В +- ке
дейін үлкейтті.
2003 жылдың мамырында Банк ЦентрКредит АҚ – мы Серебренная
пружина жүлдесі мен Жаңа есім жаңа үлгі грамотасымен марапатталды,
сонымен қатар мамырында Шағын және Орта бизнестерге Банктің жолдауы.
Кәсіпорындардың қаржылық тазалығын жоғарлатуы, ол ең басты бұл секторды
несиелендірудегі мақсат болып табылады.
2003 жылдың тамызында Банк ЦентрКредит АҚ – ғы өзінің Білім
Орталығын ашты, тамызында банк, American Express төлем карточкалары жүйесін
таратуға бастады.
Банктің несиелік комитетінің құрамына: директорлар –несиелік
комитеттің төрағасы; директордың орынбасары; тәуекел – менеджері; заңгер;
несиелік бөлімінің бастығы. ЦентрКредитБанкі АҚ негізгі экономикалық
көрсеткіштері 1 сызбада көрсетілген.

БанкЦентрКредит АҚ ның ұйымдастырушылық құрылымы.
1 сызба

2.2. ЦентрКредитБанкі АҚ экономикалық сипаттамасы
ЦентрКредитБанкі АҚ заңды тұлға болып табылмайды және филилал
туралы ереженің негізінде әрекет етеді, өзінің атымен штамптардың түрлері,
мөрі бар. Банктің филиалы өзінің қызметіне байланысты шешімдері қабылдау
кезінде жергілікті банктік органына тәуелсіз.
Банктің стратегиясы банктің қызмет көрсету және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Қазақстанда коммерциялық банк жүйесінің калыптасуындағы қаржы менеджментінің рөлі
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Коммерциялық банк жүйесінің белсенділігін арттырудағы каржы менеджментінің экономикалық маңызы
Коммерциялық банк қызметтерін қаражаттық анализдың ерекшеліктері
Персоналды басқару стильдері
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Бөлінетін ұйымдық құрылым
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Банктік маркетингтің ерекшеліктері
Пәндер