Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Халықаралық экономикалық интеграция
1.1 Экономикалық интеграцияның негіздері және кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері ... ...5
1.3 Аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі кескіндері ... ... ... ... ... .10
1.4 Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ бөлім. Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні
2.1 Халықаралық экономикалық интеграциялардың объективті негіздері ... .17
2.2 Интеграциялық процестердің негізгі әлемдік орталықтары ... ... ... ... ...22

ІІІ бөлім. Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграцияларға қатысуы мен оларды реттеу шаралары
3.1 Қазақстанның халықаралық интеграцияларға араласуы және негізгі жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Қазақстанның экономикалық интеграцияларға қатысуының тиімді жолдары мен оны шешудің мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Халықаралық экономикалық интеграция
1.1 Экономикалық интеграцияның негіздері және
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ...4
1.2 Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері ... ...5
1.3 Аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі
кескіндері ... ... ... ... ... .10
1.4 Қазақстан және аймақтық интеграциялық
топтар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..13

ІІ бөлім. Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті
негіздері және мәні
2.1 Халықаралық экономикалық интеграциялардың объективті негіздері ... .17
2.2 Интеграциялық процестердің негізгі әлемдік
орталықтары ... ... ... ... ...22

ІІІ бөлім. Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграцияларға қатысуы
мен оларды реттеу шаралары
3.1 Қазақстанның халықаралық интеграцияларға араласуы және негізгі
жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.2 Қазақстанның экономикалық интеграцияларға қатысуының тиімді жолдары мен
оны шешудің
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбы: Халықаралық экономикалық интеграция.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.
Қазіргі кезде кез – келген елдің сыртқы экономикалық байланысы, оның
көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – халықаралық
экономикалық интеграцияның әлемдік байланысқа деген деңгейін көрсетіп отыр.
Халықаралық экономикалық интеграцияның әр жүйесінде мемлекет арасында
күрделі байланыстар және қарама – қайшылықтар болып тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – халықаралық экономикалық интеграцияның
экономикалық мазмұнын анықтау, Қазақстанның халықаралық қатынастар
жүйесіндегі рөлін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспе, негізгі үш бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі уақытта еліміз экономикалық
интеграциялық қатынастар аясында өзіндік сипатқа ие. Сол себепті
экономикалық интеграциялар қатынастарын толығырақ зерделеу қажеттілігі
туындап отыр.
Курстық жұмыстың теориялық мазмұны негізінен Н.Қ. Мамыровтың
Халықаралық экономикалық қатынастар оқулығы нұсқаулығымен
толықтырылды. Сондай – ақ экономикалық интеграцияларға араласу маңыздылығы
туралы басылымдық мақалалар кеңінен қолданылды.

І бөлім. Халықаралық экономикалық интеграция
1.1 Экономикалық интеграцияның негіздері және кезеңдері
Шаруашылық өмірді интернационаландыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық
дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір державаның
немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ
аймақтардың құрылуынан көреміз. Экономикасы қуатты мемлекеттер
интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлееттер
топтасып, интеграциядағы өзінше бір жүйе болып отыр.
Экономикалық интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен
капиталын интернационаландыруды жеделдетуге жағдай жасайды.
Шартты түрде эконмикалық интеграцияға жетелейтін процесті мынадай
тізбек арқылы көрсетуге болады: өндіргіш күштердің дамуы — халықаралық
еңбек бөлінісі — өндіріс пен капиталды интернационаландыру — экономикалық
интеграция. Экономикалық интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді.
Оларға ғылыми-техникалық революция және трансұлттық корпорациялардың
қызметі жатады. Дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграциялық процестер
дамуының жинақталған тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасу
мерзімінің төрт кезеңнен өтетінін дәлелдейді:
- тарифтерді, тағы басқа шектеулерді жоя отырып, еркін сауда аймақтарын
құру; саудада және еңбек пен капитал қозғалысында бірыңғай тарифтерді
орнықтырып, кедендік одақ құру;
- қатысушы елдердің экономикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті
экономикалық одақ құру;
- бірыңғай экономикалық саясат жүргізіп ортақ валюта жасау және ұлттық
экономикалардың үстінен (наднациональный) қарап, реттейтін ұйым құру арқылы
толық интеграцияға қол жеткізу. Аймақтық интеграция екі деңгейде жүреді.
Олар өздерінің шаруашылық қызметінің барысында интеграциялық процестерге
қатысатын жекелеген компаниялар деңгейі және бір топ елдердің еңбек пен
капиталды үйлестіруге мақсатты түрде бағыталған қызметі барысында пайда
болатын интерацияның мемлекеттік деңгейі.
1.2 Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Экономикалық интгерацияның неғұрлым толық дамуына Батыс Еуропа елдері
қол жеткізді. Бұған объективті экономикалық қажеттіліктермен қатар,
көптеген еуропалық қоғам қайраткерлері мен ойшылдардың бұрыннан келе жатқан
біртұтас еуропа туралы идеялары да көмектесті.
Еуропалық Одақтың пайда болып, дамуының қазіргі тарихы 1951 жылдан
басталады. Осы жылдың сәуірінде құрамына 6 ел — Франция, ФРГ, Италия,
Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген Еуропалық көмір және болат
бірлестіін құру туралы шартқа қол қойылды. Мұның өзі Батыс Еуропалық
интеграцияның алғашқы қадамы еді. Ал, іс жүзінде Еуропалық Одақтың пайда
болып, дамуы 1957 жылдан басталады. Дәл осы жылы жоғарыда аталған елдер
Еуропалық Экономикалық Одақтастық және Атом Энергиясы бойынша Еуропалық
Одақтастық құру туралы шарттарға қол қойды. Одақтастықтың құрамындағы
елдердің жоғары даму деңгейі, бұл ұйымның ондаған жылдар бойы экономикалық
өсуінің қарқындылығын қамтамасыз етті.
Батыс Еуропа елдері интеграциясының 50-жылдардың соңында басталып,
қазірге дейін жалғасыпкеле жатқан даму процесі бірқалыпты және ешбір
қайшылықсыз жүріп жатыр десек, ол шындыққа сай келмес еді. Дегенмен,
еуропалық Экономикалық Одақтастықты құру кезінде алға қойған мақсаттар мен
міндеттер айтарлықтай жүйелі және табысты түрде жүзеге асып келе жатыр.
Батыс Еуропалық экономикалық интеграция процесін шартты түрде 4
кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең — 50-жылдардың соңы — 70-жылдардың орта шені
Одақтастықтың өмірінің алтын ғасыры деп аталады. Осы уақыт арасында жедел
түрде Кедендік Одақ, Аграрлық рынок қалыптасып, Еуропалық Экономикалық
Одақтастық құрамында жаңа үш ел — Ұлыбритания, дания, Ирландия қабылданды.
Еуропалық Экономикалық Одақтастықты немесе Ортақ рынокты құрудағы
нақты мақсаттарға мыналар жатады:
— мүше елдер арасындағы сауда-саттықта болуы мүмкін
кедергілерді бірте-бірте жою;
— үшінші елдермен сауда үшін бірыңғай баж тарифін орнықтыру;
— адамдардың, капиталдардың, қызмет көрсетулердің еркін
қозғалысына кедергілердің барлығын алып тастау;
— көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ортақ саясат
жүргізіп, оны бұлжытпай орындау;
— валюта одағын құру;
— салық жүйесін үйлестіру;
— заңдарды жақындастыру;
— экономикалық саясатты келістіру принциптерін жасау.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін кешенді басқару құрылымы —
Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың Министрлер Кеңесі, Еуропалық
Одақтастықтың комиссиясы, Еуропалық одақ, Еуропалық сот, Еуропалық
парламент құрылды.
Еуропалық Экономикалық Одақтастық өзінің бірінші мақсаты етіп
тауарлардың, капиталдардың, қызмет көрсетулердің және жұмысшы күшінің ортақ
рыногын қалыптастыру мәселесін қойды. Бұл үшін Кедендік Одақ құрылды.
Шындығына келсек Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың негізін Кедендік Одақ
құрайды.
Кедендік Одақ шеңберінде:
1) мүше елдердің өзара сауда қарым-қатынастарындағы кедергілер
жойылады;
2) үшінші елдерге қатысты бірыңғай баж тарифтері орнықты;
— капиталдар, кредиттер, ақша аудару қозғалыстарында
еркіндікке қол жетті;
— жұмысшы күші миграциясы мен мекен-жай таңдау еркіндігі
қамтамасыз етілді.
Міне, осы шаралардың бәрі өнеркәсіптік интеграцияның жедел жүруіне оң
әсерін тигізді. Сонымен бірге ұжымдық протекционизмді (қолдау) орнықтыру
нысанында ауыл шаруашылығы қоры арқылы қаржыландырумен орнын толтыру
(компенсация) жұмыстары жүргізіліп, аграрлық интеграцияға қол жеткізуге
ұмтылыстар жасалды. Еуропалық Одақтың аграрлық саясаты мүше елдер үшін ауыл
шаруашылығы өнімдерінің көпшілігіне мейлінше төмен баға орнықтыру арқылы
жасалатын бірыңғай баға жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Ортақ рынокты
қалыптастыру Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдерінің ұлттық
монополияларының трансұлттық монополияларға айналуын жеделдетіп,
серіктестік елдердің экономикасына әсерін көбейтті.
Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдерінің дамуы одақтастыққа мүше
елдердің тұйықталған ұлттық шаруашылық шеңберінен шығып, сыртқы рынокқа
бейімделген, ашық итптегі экономикаға қарқынды түрде бет алысын көрсетті.
Екінші кезең — 70- жыдардың ортасы мен 80- жылдардың оратсына дейін
Еуропалық Одақ тарихында негізінен тоқырау кезеңі болып есептеледі. Әділін
айту керек, Еуропалық Одаққа мүше елдер бұл кезеңде еуропалық валюталық
ынтымақтастық бағдарламасын қабылдап, сыртқы саясат жөніндегі
консультациялар механизмін жасады. Дегенмен , көрініс бере бастаған
негативті (теріс) тенденциялар батысеуропалық экономикалық интеграцияны
едәуір дағдарысқа ұшыратты. Бұл дағдарыс еуросклероз деген атқа ие болды.
70- жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында Еуропалық Одақ елдерінің даму
деңгейлеріндегі алшақтық ұлғая берді. Еуропалық Одаққа 1981 жылы Грецияның
қабылдануына байланысты бұл алшақтық кеңейе түсті, себебі Одақтастықтың
басқа мүшелерімен салыстырғанда Грецияның экономикалық деңгейі анағұрлым
төмен болатын.
Үшінші кезең — 80- жылодардың екінші жартысы, 90- жылдардың басы —
Одақтастықтың құрамын одан әрі кеңейту кезеңі. Одақтастыққа 1986 жылы
Испания мен Португалияның қосылуы бұрын да орын алып келген еларалық
сәйкессіздіктерді ушықтыра түсті. Еуропалық Одаққа кірген шақтағы
Португалияның жан басына шаққандағы табысы мүше елдердің жан басына
шаққандағы табысының жартысындай, ал Испанияның осы көрсеткіші ¾-тей болды.
Аталған елдердің жұмысшы күшінің әрбір бесеуінің біреуі ауыл
шаруашылығында істеді, ал басқа мүше елдердің халық шаруашылығындағы
жұмысшы күшінің 13-нің бірі ғана ауыл шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен,
нақ осы кезеңде батыс еуропалық интеграция Біртұтас еуропалық актінің
қабылдануына байланысты елеулі екпін ала бастады.
Біртұтас Еуропалық актіде Одақтастыққа мүше елдердің ортақ мақсаты —
еуропалық Одаққа қатысушы елдердің саяси альянсы (келіміс бойынша бірігуі)
ретінде тек қана экономикалық, валюта-қаржылық, адами (гуманитарлық)
ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көздеп қана қоймай, қауіпсіздікті қоса
есептегендегі жан-жақты келісілген сыртқы саясат жүргізу. Біртұтас
еуропалық актінің негізгі талабы және оның анық белгіленген мақсаты –
Еуропалық Экономикалық Одақтастыққа мүше елдердің біріккен шаруашылық
организмін, бірыңғай экономикалық кеңістігін құру болып табылады. Біртұтас
Еуропалық актіні қабылдау Одақтастыққа мүше елдердің микро және макро
экономикалық, саяси және құқықтық, ғылыми және экологиялық, аймақтық даму
және әлеуметтік қатынастар салаларындағы интеграциялық процестерді
нығайтты. 90- жылдардың басында Еуропалық Одаққа мүше елдер ортақ рыноктың
негіздерін жасауды іс жүзінде аяқтап, валюта-экономикалық және саяси одақты
қалыптастыруға мейлінше жақындады.
Төртінші кезең — 90- жылдардың ортасы — ХХІ ғасырдың басы. Біртұтас
еуропалық актінің ережелеріне сәйкес 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап
Одақтастық елдерінің аумағында өндіріс факторларының еркін қозғалысы
қамтамасыз етілді. Сөйтіп, Одақтастық шеңберінде бірыңғай экономикалық
кеңістік пайда болып, – Еуропалық Одақтың Экономикалық интеграциясының жаңа
кезеңі басталды. 1992 жылы ақпани айында қабылданған Маастрихт (Нидерланды)
шартына сәйкес Еуропалық Экономикалық Одақтастық 1994 жылдың 1 қаңтарынан
бастап 15 мүше елдерден құралған Еуропалық Одаққа айналды. Еуропалық Одақ
шеңберінде толық, бірыңғай ішкі рынокты құру жүзеге асты. Интеграциялық
ынтымақтастықтың бұдан әрі дамуының мақсаттары жарияланды. Ол мақсаттарға
ортақ валюта — Еуропаны эмиссиялау (шығару) құқығына ие бірыңғай Еуропалық
банкті құру, бірыңғай батысеуропалық кеңістікті жасау міндеттері кіреді.
Еуропалық Одақтың үдемелі дамуы бұл процесте қиыншылықтар мен қайшылықтар
жоқ дегенді көрсетпейді. Жоғарыда Еуропалық Одаққа жаңа мүшелердің
қосылуымен байланысты туындаған еларалық сәйкессіздіктер туралы
айттық.Еурпалық Одақты жаңа мүше елдермен толықтыру мүмкіндіктері едәуір
мәселелерді шешуді талап етері анық. Мысалы, Еуропалық Одаққа толыққанды
мүше болып қосылуды Туркия, Мальта Кипр тағатсыздана күтіп отыр. 1996
жылдың қаңтарынан бастап Еуропалық Одақ пен Туркия арасындағы Кедендік Одақ
туралы шарт өз күшіне енді. Еуропалық Одақтың өз ішінде де барлығы да теп-
тегіс емес. Ең ірі қиыншылықтар валюта жүйесін қалыптастыру барысында
байқалды. Еуропалық валюта жүйесінің кризисі 1992 жылы Ұлыбританияның
фунтстерлингі мен Италияның лирасының 7% -ке девальвациялануы (қнсыздануы),
сөйтіп Ұлыбритания мен Италияның Еуропалық валюта жүйесінен автоматты түрде
шығып қалуынан көрінеді. Валюталық одақты қалыптастыру ісі оған кірудің
критерилерін анықтау қиыншылықтарымен байланысты. Айырбас курсының
инфляциялық деңгейі, проценттік ставкалардың деңгейі, бюджет тапшылығы мен
мемлекеттік қарыздар деңгейіне қойылған талаптарға тек қана Люксембургтың
жағдайы сай келіп тұр. Еуропалық Одаққа мүше елдер арасында Одақты кеңейту,
интеграцияны тереңдету мәселелері төңірігенде де қайшылықтар баршылық.
1.3 Аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі кескіндері
Батыс Еуропадағы Экономикалық интеграция тек Еуропалық Одақ
шекараларымен шектелмейді. 60-жылдардың басында Еуропалық еркін сауда
ассосиациясы (ЕАСТ) пайда болған.
ЕАСТ-тың Еуропалық Одақтан айырмашылығы оның ұлттық экономиканың
ұстінен қарайтын функциялары мен мемлекетаралық үйлестіру ұйымдары жоқ.
ЕАСТ-қа мүше елдер қандай бір мемлекеттермен болмасын, сауда-
экономикалық қатынастар жасап, өз еркімен кден тарифтерінің деңгейін
орнықтыра алады. ЕАСТ-қа мүше елдер өзара саудада кеден салығынсыз еркін
қатынастарды тек өнеркәсіп тауарлары үшін қолданады, ауыл шаруашылығы
өнімдеріне ЕАСТ-тың конвенциясы тарамайды.
1972 жылы ЕАСТ-қа мүше әрбір мемлекет Еуропалық Экономикалық
Одақтастықпен кеден салығын төмендету және өнеркәсіп тауарларына сандық
шектеулер қою туралы келісімге келді.бұл еледр арасындағы кеден бажынсыз
сауда тауардың шығу тегіне байланысты күрделі ережелер жүйесіне сәйкес
жүргізіледі.
Құрамындағы елдердің даму деңгейінің жоғарылығына және өзара
экономикалық байланыстардың тығыздығына қарамастан ЕАСТ толыққанды
интеграциялық топ бола алмады. Іс жүзінде ол Еуропалық Экономикалық
Одақтастыққа жаңа мүшелер дайындаушы дәрежесінде ғана қалды. Қазіргі кезде
ЕАСТ-і оның көптеген мүшелері, Шығыс Еуропа мен Батыс Еуропа елдері
арасындағы еркін сауда аймағы ретінде ғана қарастырады.
Еуропалық Одақтың Экономикалық қуаты, оны кеңейтудің қарқындылығы және
Еуропаның жекелеген елдерінің онымен сауда қатынастарын жандандыруға
мүддделілігі В. Хойердің Еуропада бизнесті қалай жасау керек атты
кітабында жазғандай, Еуропалық Одақ өзге еуропалық елдерді мынадай
альтернативаның (екінің бірі) алдына қояды, не Еуропалық Одаққа кіру үшін
егемендігінің бір бөлігінен айырылып, оның есесіне дүние жүзінің ең ірі
рыноктарына шығу мүмкіндіктеріне ие болу, немесе Батыс Еуропаның бірігу
процесінен шетте қалып, оның өз экономикасы үшін келтіретін зардаптарын
шегу.
Осы жағдайды түсінген бұрынғы экономикалық өзара көмек кеңесіне
қатысушы елдер өздерінің экономикалық бағыттарын табуға талаптануда. 1990
жылы олар Вышеград үштігі деп аталған интеграциялық топ құрып, оған мүше
болып Венгрия, Польша, Чехословакия кірді. Чехословакия екіге бөлінгеннен
кейін бұл топ Вышеград төрттігі болып қайта құрылды. 1993 жылдың 1
наурызынан бастап осы топ шеңберінде Еркін сауда туралы Орталық Еуропа
келісімі күшіне кірді. Бұл келісім бойынша кеден бажын бірте-бірте кеміту
қарастырылды. Вышеград төрттігінің бұл қадамы олардың Еуропалық Одақ
елдерімен сауда-экономикалық қатынастарының қанағаттанғысыз дамуына
байланысты еді. Сондықтан, бұл Орталық Еуропада ондаған жылдар бойы
қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтап қалу үшін ғана емес,
оны барынша өрістету үшін құрылған интеграциялық топ еді.
Батыс Еуропадағы экономикалық интеграцияның жетістіктері дүние
жүзіндегі дамушы аймақтар елдерінің назарын өзіне аударды. Латын
Америкасында, Африкада және Азияда отыздан астам еркін сауда аймақтары,
кедендік немесе экономикалық одақтар пайда болды. Олардың арасынан мұндай
интеграциялық процестердің ең көрнектісі ретінде Солтүстік Америкалық
еркін сауда аймағын (НАФТА) атауға болады.
АҚШ пен Канада ароасындағы экономикалық интеграция және олардың
батысеуропалық серіктестерімен ынтымақтастығы АҚШ-ты қанағаттандыра
қоймады. Нәтижесінде Солтүстік Америкадағы интеграциялық процестер екі
мемлекет шекарасынан шығып, солтүстік Америкалық еркін сауда аймағына
ұласты. Бұл шарт 1994 жылы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді. НАФТА-ға АҚШ
және Канадамен бірге Мексика қосылды. Бұл еркін экономикалық аймақ 370 млн.
адам мекендейтін және қуатты экономикалық мүмкіндіктері бар орасан зор
территорияны алып жатыр. Аталған елдердегі жыл сайынғы тауар өндірісі мен
қызмет көрсету көлемдері 7 трлн. долларға жетеді. Дүниежүзілік сауда
көлемінің 20%-ке жуығы осы елдердің үлесіне тиеді.
Келісімдердің негізгі қағидалары мынадай.
— АҚШ, Канада және Мексика елдері өзара саудаға түсетін тауарларға
кеден бажын алып тастайды;
— өз тауарларын Мексика арқылы АҚШ-қа қайта экспорттауға ұмтылатын
азиялық және еуропалық компаниялардың экономикалық басқыншылығынан
Солтүстік Америка рыногын қорғауды ұйымдастырады;
— Мексиканың банктік және қамсыздандыру ісінде американдық және
канадалық компаниялардың күрделі қаржылары арасындағы бәсекеге тиым
салынбайды;
— қоршаған ортаны қорғаумен байланысты проблемаларды шешу үшін үш
жақты топтар құрылады;
— АҚШ-та 5 жыл ішінде Мексикадан импортталатын өнімдердің үштен
екісіне тарифтерді жояды.
Жасалған шарттардың пайдасын ең алдымен тұтынушылар көретін болады.
Бәсекенің күшеюі мен тарифтердің төмендеуі көптеген тауарлардың бағасының
төмендеуне өз әсерін тигізбей қоймайды. Арзан жұмысшы күшінің ағылуымен
байланысты американдық өнеркәсіпшілер де өз пайдасын табады.
Америка экономикасының электроника өндірісмі, компьютермен қамтамасыз
ету, құрылыс материалдары, автокөліктің қосалқы бөлшектерін өндіруде
табысты екені анық.
1.4 Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттік табысты дамуының негізі
макроэкономикалық тұрақтылық — инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты,
бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондақ-ақ
сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу,
біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция
үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, Қоғамдық өмірдің шешуші саласы
—экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және
технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге
көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады.
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтармен қарым-қатынасын сөз
еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш-жігерді біріктіру мақсаттары
тұрады. Өйткені, ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан.
Сондықтан күш-қуатты біріктірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан
жағдайдан шығудың өзімізге тән жолдарын іздестіруге мәдбүр болып, ТМД
елдерімен интеграция саясатынан үйлестіру саясатына көшуді жүзеге асыру
қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі
потенциалдық мүмкіндіктерге сүйене отырып, жүзеге асырылуы тиіс. Ал бұл
мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат
негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге
қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүниежүзілік
аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауыл
шаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде
дамыған өндірістік потенциалдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар
контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап
етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін
ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар
бойынша дамитын болады.
1. ТМД. Ресеймен, Украинамен, Беларуьпен, Орталық Азия
мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекетерімен экономикалық одақты
сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі:
а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;
б) дүниежүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты
саласындағыіс-әрекетті үйлестіру қажеттігі;
в) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;
г) ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны
жүргізу.
2. Азия— Тынық мұхиты аймағы Пекин— Сеул—Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс
Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлытехнологиялар, ірі
көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта- біздің өнімді
өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмысшы күшін
қатыстыру рыногы ретінде үлкен мәні бар.
3. Азия.Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту
үлгілерінің бірі ретінде Түркияға басты назар аудару. Экономикаға
инвестиция тарту үшін Шығыс және Алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.
4. Еуропа ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп
қаржы салуға әзір.Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында
қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің
экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және
кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа
экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық, бірқатар салада Шығыс Еуропа
елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.
5. Америка Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-
қа басты басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа
елдермен байланыстарының болашағы өте зор.
6. Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму
мен қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы,
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықааралық азаматтық авиация ұйымы,
шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет
өте маңызды жеке сала болып табылады.
Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре
отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлетірудің қалыптасқан
құралдарын тануға біз әзірміз.
Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті болашағын
құра отырып, халықаралық коммуникациялар қалыптастыру мен дамытуға жіті
көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде Қытайдағы теңіз жағалауынан басталып
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран мен Түркия арқылы
Парсы шығанағындағы порттарға дейін баратын Трансазия темір жол магистралы
іске қосылды. Осы мемлекеттердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа
мен Таяу Шығыс елдерімен жаңа қатынас жолдары ашылды. Қолда бар және
жоспарланып отырған темір жол маршруттарымен Қазақстан жыл сайын 15-20 млн.
тонна жүк тасымалдау ниетінде. Ресейдің Транссибімен салыстырғанда жаңа
Трансазия маршруты Жапония мен Германия арасындағы жүк тасымалдау жолын 2,5
шақырымға қысқартады. Ал Суэц каналына шығып, теңіз арқылы тасымен
салыстырғанда жол 10,5 мың шақырымға қысқарады. Каспий труба құбыры
консорциумының барлық ішкі проблемалары шешілді. Осы құбыр тарту құрлысына
кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мұның өзі қыруар мұнайды Қазақстаннан сырт
жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003-2005 жылдардан бастап
балама мұнай-газ құбырлары қажет болады. Бұлар көмірсутегі өнімдерін сыртқа
шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға бағдарланады. Әңгіме, атап
айтқанда, Кавказ дәлізін пайдалануыдың мүмкіндігі туралы болып отыр. Сондай-
ақ Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың аймақтарына да тасымалдау
идеясының келешегі зор. 1997 жылы оптико-талшықты кабель пайдаланылатын
Трансазия –Еуропа байланыс желісін іске қосу аяқталды. Мұның өзі таяу
уақытта планетаның кез-келген нүктесіне бөгетсіз телекоммуникациялық жол
ашуға мүмкіндік береді. Еуропа қайта құру және даму банкісінің көмегімен
Каспийдегі Ақтау теңіз портын қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары
басталды. Олар аяқталғаннан соң порт екі миллион тонна құрғақ жүк және 6
миллион тоннаға дейін мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелте алады. Порт Иран
арқылы Қазақстанның Таяу және Орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖАЙЫНДА
Экономикалық интеграция туралы
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Нарықты тауармен қанықтыру
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Халықаралық экономикалық интеграцияның кезеңдері
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Пәндер