Халықаралық сауда классикалық теориясы
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Халықаралық сауда теориясының маңызы
1.1Халықаралық сауда теориясының мәні және ерекшеліктері
1.2Халықаралық сауда формалары және субъектілері
1.3Халықаралық сауда стандартты моделі
II. Халықаралық сауда классикалық теориясы
2.1Меркантаушы және сауда теориясы
2.2Абсолюттік артықшылықтар теориясы
2.3Салыстмалы артықшылықтар қағидасы
2.4В.Леонтьев теориясы
2.5М.Поттер теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі түрінің бірі әлемдегі
барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығын көрсететін халықаралық сауда
болып табылады.
Халықаралық сауданы зерттеудегі манызды мәселелер мыналар:
1. Халықаралық сауда қалай қалыптасқан?
2. Оның қалай қалыптасып, орныққаны дұрыс?
Бастапқыда халықаралық сауда анық қалай қалыптасқан? - деген сұраққа
жауап беру айдан анық сияқты көрінуі мүмкін: сауда қандай жолмен журсе де,
пайдалы болса болды. Бірақ ақыр соңында сыртқы саудадан түсетін пайданы
немесе ұтысты кім алады? Барлығы ма? Ал егер барлығы болмаса және бұл сауда
біреуге зиян әкелсе, онда біреудің ұтысы басқалардың шығынынан басым
түскенін қалай анықтауға болады? Егер әлдебір ел ұтыс тапса, онда онымен
саудаласушы елдер бұдан шығын шеге ме? Осы аталған се-бептердің қайсыбіріне
байланысты сауда шектерін кіргізу керек пе? Осы сұрақтардың өзі ғана біздің
екі мәселенің бір-бірімен қаншалықгы тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Бұл мәселелерді нақты бір жерде қарастырайық - американ-жапон
саудасындағы сақталып қалған сәтсіздіктер. Бұл жерде екі жетекші ел
арасындағы сауданың қысқаруы салдарынан кім ұтады, кім шығынданады деген
сұраққа жауап беру үшін неліктен Жапония АҚШ-қа ұшақ, астйқ және
тағы басқаларға айырбас ретінде болат, автомобильдер және басқа да тауарлар
сататынын талдап түсіну қажет. Тек сонда ғана сыртқы сауда неліктен пайдалы
және кімдердің кірістері оған тәуелді екендігін түсінеміз және сауда
шектерін кіргізу кімнің мүддесіне қайшы келетінін анықтай аламыз.
Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын
сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету
саудасы қарқынды дамуда.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы
түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды
халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатанының құралдары
(инструменттері) – кдеендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес
кедергілерімен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы
экономикалық іс-әрекетінің бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының
сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. Әлемдік сауда ұйымы
Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды.
1. Халықаралық сауда теориясының мәні және ерекшеліктері
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық
сауда ерекше орын алады. Осы уақьггқа дейін тауарларды шетке шығару
халықаралық экономикалық катынастардың негізгі формасы болып есептелген
еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау (атап айтқанда: бірлескен
өндірістік қызмет, технологиялардың халықаралық трансферті) халықаралық
экономикалық қатынастардың жетекші формасы болып саналады.
Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функцияшары
бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды
орынға ие болып отыр, яғни баскаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық
сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін
алып отыр.
Халықаралық сауда - әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы
байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі
негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми - техникалық революциянын, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы
мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық
өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара өсерлесуін күшейтеді.
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы -дүниежүзілік нарықты
құрайды.
Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар-ақша қатынастарының даму процесі
кезінде қалытаса бастады, яғни XVI ғасырдан бастап дүниежүзілік нарық
деген түсінік пайда бола бастады.
Жалпы алғанда, дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру
керек:
• біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады,
яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;
• екіншіден дүниежүзілік нарық заттық аспектіде қарастырылады.
Осыған сәйкес дүниежүзілік нарықтың қарастырылу аспектілеріне жеке-
жеке тоқталып өтейік.
Дүние жүзінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған
елдер жоқтың қасы деген тұжырым жасауға болады.
Сыртқы сауда дегеніміз – белгілі бір елдің басқа елдермен сауда
жасауы.
Сонда барлық елдердің сауда операциясын жүзеге асыратын сфера –
халықаралық нарық деп аталады.
Сыртқы сауда операцияларының төрт негізгі түрі бар:
• экспорттық операция – шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке
тауарды сату;
• импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік
контрагенттен тауарды сатып алу;
• реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден
өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
• реимпорттық операция – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден
өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.
Халықаралық сауда формалары және субъектілері
Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы,
дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
1) аукциондар және аукциондық сауда;
2) биржалық сауда;
3) халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;
4) машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
5) қарама-қарсы сауда;
6) шекаралық сауда.
Аукцион дегеніміз алдын ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір
уақытта, белгіленген орында сату формасы.
Аукциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда
табу мақсатында аукционға қатықан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың
тікелей бәсекесін пайдаланады.
Тауарлық нарықтың тауарлық-салалық классификациясы
Аукциоңдық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып әлемдік бағаларға
жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар
массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізатті жекелеген түрлері
бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түр пайда бола бастады.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке
кезінде шырқау шегіне жеткей биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың
гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі
кезде 60 түрі ғана айналыста жур. Биржаларда астық, қант, кофе, какао
сияқты ауыл шаруашылық тауарларынық саудасы жүргізіледі, соным бірге оларда
шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылды. Биржалық емес саудадағы
бағалар биржалық бағалары сәйкес түрде бейнеленеді.
Биржалық сауда - биржалардың катысуымен тауарлар мен бағалы
кағаздардың сатылуы.
Ңегізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар
келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілу ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
• тауар биржасы;
• қор биржасы;
• еңбек биржасы,
• валюта биржасы.
Тауар биржасы - сапасы жағьшан стандартқа толықтай сай келетін белгілі
бір тауарларды сатып алу мен сату ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін
сауда.
Қор биржасы - таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.
Еңбек биржасы - жұмыс қүшін жалдау кезінде кәсіпкер
қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Валюта биржасы – бұл валюта нарығы.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер - тауар үлгілерін
көрсеу нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп контрактыларға
қол қойылады.
Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп
қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар: кеңселік, құрылыс-монтаждық,
технологиялық құрал-жабдықтар.
Хайринг құралдарына транспорттық құралдар, жол-құрылыс машиналары,
монтаждық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналары жатады.
Рейтинг контрактылары халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.
Рейтинг құралдарына транспорттық құралдар, туристік және қысқа
мерзімдік пайдаланудағы тауарлар жатады.
Қарама -қарсы, сауда дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе
толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөніндегі
карсы міндеттемесі.
Қарама-карсы сауданың бірнеше түрлері бар:
1) бартерлік келісімдер;
2) қарама-қарсы сатып алу келісімдері;
3) клирингтік келісімдер;
4) лицензиялық келісімдер;
5) компенсациялық келісімдер.
Бартерлік келісім - валютасыз, бірақ тұтас келісім негізінде
бағаланған және балансталған тауар айырбасы.
Клирингтік келісімдер - саудада пайда болатын талаптар мен қарыздарды
өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық банктері арасындағы қолма-қол
ақшаның есеп айырысу түрі.
Лицензиялық келісім — бөтен сауда маркасын пайдалану келісімі.
Компенсациялық келісімдер - алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп
айырысудың орнына тауар ұсыну келісімі.
Шекаралық сауда - сауда, төлем және жыл сайынғы қарар туралы
келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда
ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түрі.
Мысалы, Қазақстанның Қытаймен шекаралас тұрған Жаркент қаласында
осындай сауда жүзеге асырылады, яғни қазастандық және қытайлық
саудагерлер осы жерде экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырады.
Халықаралық сауда субъектілері
Саудада негізгі операцияларды бірнеше субьекттер камтамасыз етеді.
Соның ішінде брокерлік сауданы атауға балады.
Брокер - сауда делдалы, ол сату-сатып алу келісімдеріне белгілі бір
жақ ретінде қатыспайды, тек қана қызығушы екі жақ сатушы мен сатып алушы
алушы арасындағы байланыс қамтамасыз етеді.
Брокер бір реттік тапсырма негізіңде және өз клиентгерінің
инструкциялары шегінде әрекет жасайды.
Брокердің негізгі артықшылығы - келіссөз жүргізу барысында брокер өз
клиентінің атын жасыруына, яғни конфедциалдықты сақтауына болады.
Сондықтан кейбір клиенттердің брокерді делдал етіп алу себебі - олар
өз операцияларының кең таралмауын, яғни жасырын болуын қамтамасыз етеді.
Диллер - өз атынан және өа есебінен тауарларды қайта сатумен
айналысатын жеке тұлға немесе фирма.
Комвояжер - бұл сауда өкілетілігін жүзеге асыратын сауда кәсіпорының
қызметкері.
Комвояжер кәсіпорынмен жедел немесе жедел емес еңбек өнімдері
негізінде әрекет етеді Коммивояжердің функциясы - белгілі бір аумақта
кәсіпорын тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету. Коммивояжер өнімге деген
тапсырысты жинап, сатып алушылар шеңберін құрады, бұл кезде келісім жасауға
өкілетті емес. Өз қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбекақы алады,
немесе орыңдалған тапсырыстар сомасынан процент мөлшерінде сыйақы алады.
Комисионер – сауда келісіміндегі делдал, белгілі мөлшердегі сыйлық
үшін, комитет пайдасы үшін соның есебінен, бірақ өз атынан делдалдық
жасайтын адам.
Бонус - бұл көрсетілген комиссиялық қызметтер үшін комиссиялық,
сыйақы. Бонус мөлшері сатылған айырбасталған немесе сатып алынған
тауарлардың құнына проценттпен - анықталады жәңе мыналарға катысты өзгеріп
отыруы мүмкін:
• тауардың күйіне қатысты;
• оған деген сұранысқа;
• сату каналдарына (дүкен немесе; тікелей сату арқылы);
• комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстың ара-
қатынасына;
• комиссионерлер арасындағы бәсеке деңгейіне.
Консорциум — бірнеше банк немесе өнеркөсіп кәсіпорындарының арасындағы
бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы
қаржылық немесе коммерциялық операцияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрылысын
жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім.
XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың басында қосымша пайда табу
мақсатында заемдар мен бағалы қағаздарды тиімді түрде орналастыруды жүзеге
асыратын бірнеше банктерді банкирлер үйінің және қаржыландыру қоғамдарының
бірлестігі түрінде әрекет етті. Қазіргі таңда халықаралық консорциумдар өте
қең түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында
кәсіпорындар (фирмалар) құрған.
Сауда үйі - күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан оның мәнін ашу
үшің ең алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқталып өту
керек:
1) ірі сауда ұйымының типі, оның негізгі ерекшеліктері мыналар жатады:
• тауар өнідірісі сферасына белсенді түрде ену;
• өндіріс кооперациясын ұйымдастыру, (несие-қаржы операцияларына қатысу.
Дүниежүзінде қызмет ететін сауда үйлерінің негізгі мақсаттарына
жататындар:
• делдалдық операцияларды концентрациялау есебінен сыртқы экономикалық
қызметті белсенді түрде жүргізу;
• дүниежүзілік тауар нарықтарының өзгермелі конъютурасына жедел түрде
жауап қайтару;
• өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік қабілеті бар тауарларды
өткізу;
• айналым шығындарын маркетингтік зерттеу мен жарнама құнын төмендету.
Бас жабдықтаушы - өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да
объектілерді салу кезінде технологиялық құрал-жабдықтардың толық
комплектісін құрылыс ауданына жеткізіп фирма тапсырыс берушінің тапсырмасы
бойынша, ең басты жеткізуші келісім ібойынша жеке машиналарды жеткізіп
беруүшін басқа кәсіпорындарды ңемесе фирмаларды жұмсайды. Ондай
жеткізушілерді субжабдықтаушылар деп атайды.
Субжабдықтаушылардың тапсырмаларды орындаған – орындама-ғанына
қарамастан тапсырыс беруші алдында бас жабдықтаушы жауап береді.
Халықаралық сауданың стандартты моделі
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына
негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик
экономистерінің қоғамдық жалпылама нәтижесі болды. Стандартты модельде
қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис
Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.
Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс
пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен
сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II)
және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар
моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды.
Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың
қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту
қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа
иетауарға маманданып, салыстыр-малы артықшылық басқа елде болған тауар
өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды
жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады.
Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан
белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін зандылықтар өсуінің
алғышарттарына негізделген. Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір
қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың түрақты емес, қосымша мөлшерінен
бас тарту керектігін білдіреді. Трансформацияның шекті деңгейі - 1-і
тауардың қосымша бірлігін ендіру үшін 2 -і тауар өндіріеінен бас тарту
қажетті даналар саны. Елге 1-і тауардың қосымша бірлігін ендіру үшін барған
сайын 2-і тауардың көп мөлшерінен бас тартуы қажет.
Орнын басу шекті денгейі - қалыптасқан тұтыну денгейін сақтауды
қамтамасыз етіп, 1-і тауардын қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың
өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.
График жүзінде бұл жекелеген талғамсыздық қисықтарының ел ауқымында
көрсетіліп, (түтынушының бірдей әл-ауқат деңгейін), осы екі тауар бар
арақатынасынын тұтыну барысында қамтамасыздығын көрсетеді. Ол тұтынушының
әл-ауқаты төмендемей сол деңгейде қалып, одан алынып жатқан тауарды орын
басатын тауардың қандай мөлшері керектігін керсетеді. Орын басудың шекті
деңгейі рыноктағы бар сұранысы сипаттайды.
Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:
• әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік
мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір-бірімен
сауда жасауға итермелейді;
• егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылу
арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес
келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді;
• ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын
басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;
• халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға салыстырмалы әлемдік
сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.
Елдер өзара сауда к.атынастарға түскенге дейін, баланс
трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың шекті деңгейі
(сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады (2.6 сурет) 1-і елдің өндірістік
мүмкіндіістер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы" елдің
максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасып, ел өзі ендіретін 1-і
және 2-і тауардың максималды тұтыну мөлшерін көрсетеді. Екінші елдің
өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы А1
нүктесінде жанасып, осыелдің 1-і және 2-і тауардың түтыну мүмкІндігінің
максималды мелшерін көрсетеді. Айта кететін жағдай, талғаусыздық қисықтары
бір-бірімен қиылыспайды, ал елдер сауда жоқ жағдайда жоғары талғаусыздық
қисығына жете алмайды, сондықтан бұл елдерде қажеттіліктерді максималды
қанағаттандырудың тек бір нүктесі бар.
Сурет 1. Сауда жағдайындағы баланс
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың шекті деңгейінің
қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болған-дықтан, 1 -і және 2-і
тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні
айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызык арқылы тепе-
тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 14 бөлігін құрайды.
Саудадан алынатын ұтыс
Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы
бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған үтыс пен маманданудан
алынған ұтыстан тұрады.
Айырбастан алынған ұтыс - елдің басқа елдермен сауда қатынастарына
түскенінен алынған артықшылық.
Маманданудан алынған ұтыс - елдің сауда жағдайында ие болған
салыстырмалы артықшылығы - бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып,
алған артықшылығы.
Кіші және үлкен елдер арасындағы сауда.
Егер сауда кіші және үлкен елдер арасында дамыса, онда салыстырмалы
артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының тұрақтылығы кезінде тек
кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданады. Бірақ кіші ел осы
тауарға толық маманданса да, үлкен елдің қажеттілігін қанағаттандыра
алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген салыстырмалы артықшылығы бар
тауарға маманданумен қатар, салыстырмалы артықшылығы кіші елдегі тауардың
белгілі бір мөлшерін өнді
Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы
менсұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының шекті
деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-
бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі
рыноктарындағы транс-формацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті
деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс,
тауар ел ішіндегі салы.стырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы
бағасының арак.атынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе-теңдік
бағаға қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған.салыстырмалы
артықшылығы бар тауар өндірісін ұлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы
артықшылығы бар тауарға сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу
шығындары тұрақсыз болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыс-
тырмалы артықшылығы бар тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда
нәтижесінде әрбір ел мынандай артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын
пайда және маманданудан түсетін пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы
сауданың айырмашылығы кіші елдің ішкі салыстырмалы бағаларының, үлкен
елдердің ұсыныс пен сұранысқа байланысты қалыптасатын әлемдік салыстырмалы
сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол
кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп
есептелген.
Меркантилизм және суда теориясы
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары
мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады.
Ерте меркантилизм XV ғ. соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге
ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды
шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті
өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша,
мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс
болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы
жүреді деп есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғ. ортасына
дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйөсі болды.
Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен
сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын
тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі
әдіс арқылы қамтамасыз етілді.
1. Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты
сатудан гөрі, сатқаңца көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға
рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.
2. Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат
берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып,
басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шет ел рыноктарын
жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік
тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртқы рыноктарда сүранысқа ие
тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды
ынталандырды.
Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып
еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Меркантилистер пікірі бойынша, байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы
мүмкін болады және әрбір үлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты
экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты
мемлекеттік машина қажет. кономии-калық жүйө олардың ол көзқарасына сәйкес
үш сектордан түрды: өндірістік сектор, ауыл шаруашылық секторы және шетел
отарлары. Саудагерлер экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды
тобы ретіңце, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылды.
Елдің байлығын алтынімен күміс мөлшерімен бағалағандықтан, сыртқы
сауда меркантилистер мектебінің ойынша, мемлекет үлттық позицияларын
нығайту үшін мынандай шаралар жүргізуі керек:
- оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз
әкелу, өйткені ол тәлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамта-
масыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;
- сауда саясатының тариф, квота және басқа да қүралдарының
көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты
үлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;
- шикізаттын шығарылуына тыйым салу немесе оны шектеу
және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелінуіне
рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын
өнімге төмен экспорт бағаларын үстауға мүмкіндік беру.
- отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына
толық тыйым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату
метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға
тыйым салу арқылы метрополияға шикізатжеткізушілеріне айналдыру.
Меркантилистер халықаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар
бірінші болып оның елдің экономикалык есуіндегі мәнін керсетіп,
экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы телем
балансына сипаттама берді. Меркантилистердің шектеулілігі олардың бір үлт
өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана
байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің
дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да
мүмкін болатьін түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар
ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің
көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп
ойларына итермеледі.
Меркантилизм - феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы
кезеңіндегі (15-18 ғг.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін
экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі
өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар
мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтын-ның, күмістің) мүмкіндігінше
неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге
шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жет-кізуге
тырысты.
Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда ал-тынды қолға түсіріп
алуға негізделуі қажет, себебі жай тау-ар айырбасы жағдайында (мысалы,
жүнді шарапқа айырба-стағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде
тоқтатады. Бұл кезде сауда нөлдік сомамен ойын түрінде қарастырылды, яғни
бір ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы деген сөз.
Ең жоғары (максимальды) пайда алу үшін мемлекеітің араласуы мен сыртқы
сауданың үстінен бақылау ұсынылды. Ғалымдар тарапыңан шет елдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz