Зейіннің ес үрдістерімен байланысын зерттеу


Кіріспе
І. Психология ғылымындағы зейіннің мазмұны
І.1. Зейіннің түрлері
І.2. Зейіннің қасиеттері
ІІ. Естің психологиялық мазмұны
ІІ.1. Ес туралы теориялар.
ІІ.2. Естің түрлері
ІІ. 3. Естің процестері
ІІІ. Эксперименталды бөлім
ІІІ.1. Ес жағдайын бағалау сұрақнамасы
ІІІ.2. Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін бағалау
Зейіннің тұрақтылығын бағалау
ІІІ.3. Зейіннің аударылуын бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ

Пән: Психология
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 33 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Зейіннің ес үрдістерімен байланысын зерттеу

Кіріспе
І. Психология ғылымындағы зейіннің мазмұны
І.1. Зейіннің түрлері
І.2. Зейіннің қасиеттері
ІІ. Естің психологиялық мазмұны
ІІ.1. Ес туралы теориялар.
ІІ.2. Естің түрлері
ІІ. 3. Естің процестері
ІІІ. Эксперименталды бөлім
ІІІ.1. Ес жағдайын бағалау сұрақнамасы
ІІІ.2. Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін бағалау
Зейіннің тұрақтылығын бағалау
ІІІ.3. Зейіннің аударылуын бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе
Психикалық таным үрдістерінің ішінде зейін және ес ерекше орын алады.
Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады, дәлірек айтқанда зейін – айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Ал ес дегеніміз бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс
бейнелерінің, көңіл күйлерінің мида сақталып, қажет кезінде қайта жаңғырту
процесі. Бұл екі процесс бір біріне ықпал ете оқу іс әрекетінің
бағдарламасын игеруге көмектесетініне байланысты зерттеуімізді психоло-
гиядағы өзекті мәселелердің бағыты деп есептедік.
Жұмысымыздың мақсаты зейін мен ес процестерінің психологиялық мазмұнын
зерттеу.
Міндеттері:
- зейін және ес туралы ұғымдарды теориялық талдау (әдебиеттерге шолу);
- зейіннің қасиеттерін зерттейтін әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеу;
- ес процестерін зерттейтін әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеу;
- эксперименталды зерттеулердің нәтижелерін талдау;
- қорытынды құрастыру.
Объектісі зейіннің қасиеттерін және естің процестерін талдап, оларды
зерттейтін әдістерді қазақ тіліне бейімдеу.
Болжамы: Зерттеу жұмысы зейін және ес туралы теориялық білімнің өрісін
тереңдетіп, болашақ психолог-педагогтың практикалық іс әрекет атқаруына
ықпал етеді.

І. Психология ғылымындағы зейіннің мазмұны
Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілерінің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және
құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін
психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек.
Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған сон-шама
үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды,
шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын
ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай
үзілістен кейін тарихы, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып
болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көрініс-тердің бәрінде
де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден
ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психи-касының белгілі
бір объектіге бағыт алып және сонда азды – көпті тұрақтап отырғанын көруге
болады.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ,
ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді. Психи-
калық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып оты-
ратындығын, заттардың, құбылыстардың сәулесін санамызға түсіретіндігін
көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де
зейін үлкен орын алады.
Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де, дене еңбегінің де мәні,
нәти-жесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне,
мұғалімдерінің әңгімесіне зейін қойып құлақ самаса, оларды ұғып, есінде
қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар
материалды жақ-сы түсініп, көп ұғып алады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәти-
желі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: “зейін адам санасынан қорытылып
өтетін, барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер
де ол соқпай өтсе, одна баланың санасында ештеңе де қалмайды”.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені адам өз өмірінің әрбір кездерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне
түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін
болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп
келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді
күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект
жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші сыныптан естілген ән-
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял
процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады, зейіннің физиология-лық
негіздерін И.П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына
байланысты түсінуге болады.
И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатын-дығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу кіріссе, басқа нәрселер туралы
жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып
жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиолыгы, академик А.А.
Ухтомскийдің (1815-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады,
осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған
алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың
күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапты беріле
оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта
олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам
бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден
(мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа
нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге
жәрдемдеседі. Өйткені жоғарыда айтыл-ғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен
күшейіп отырады, А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.
Павловтың “қозудың оптималдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра
түседі.
И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын
физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми
қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда
болатындай жағымды “оптималдық жағдай” жасап отырады. Оптималдық қозу бар
осы ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық
негізі. Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді “Бас сүйегінің сыртынан біз
іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарла-рының оптималдық қозу
болатын жеріне жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми
сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеріп тамаша тұрлаусыз
жарқылдаған сәуле дағын көрер едік. Бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін
алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген
болар еді”. Ұлы физиолог оптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта
келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп
түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің
күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптималдық қозу алабының жұмысы болады.
Оптималдық қозуы бар осы алап (өзара индукция заңы) мидың басқа
бөлшектеріндегі тежелуді күшейте-ді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге
күшті шоғырланады да, ал қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптималдық
қозу алабын екінші жүйелі шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік
сигналдардан ми қабы-ғындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп
отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің толғамалы сипатта
болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың,
көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы
көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені осы
айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге
болады. Сондық-тан да кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың келбетіне
қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді не зейінісіз
отырғанын ажырата алмайды. Бұл әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі
кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей
отыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық
істерінің бірі, іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті
нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы
қажет.
І.1. Зейіннің түрлері
Адамдардың зейіндері ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке
бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің
назарымызда өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның
бояулы афишаға көзі түссе оған мойнын бұрады не милиционердің ысқыры-ғына
жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің
бұл түрі әсірессе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде
адамның күрделі іс-әрекеттері оқу, еңбек т.б. белгілі жүйеге келе қоймайды
да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік түрлі сыртқы әсерге берілгеш
келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды
деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде зейін
тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені
қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз
зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу ырықты зейінді керек етеді. Ырықты
зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама. Дәнекерлі
қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны
орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адам-
дардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез
келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады.
а) Күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың
жаналығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі өзгеруі, дыбыстын,
жарықтың артуы не кемуі т.б.)
ә) Адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көңіл күйінен хош болуы ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді).
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұм-сау
арқылы орындалуымен көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп,
объектіге ерекше зор болу көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-
жігерді жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшелік-термен
сипатталады.
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін
іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды
аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен
берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану мәселен, көңілді
алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде
де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны
мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда
ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты
зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында
адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда
жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың
мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа мате-риалдарға да зейін қояды.
Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола
бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейіні пайда
бола бастайды.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар үйреншікті зейін – адамға
табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен,
бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйрен-
шікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң
адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты
осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыпта-сады.
Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағыттала-ды. Егер
адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмыста
тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге
орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажы-тып
шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы түрін қатынастыра отырып,
үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
І.2. Зейіннің қасиеттері
Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін
ескереміз. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір
объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса. Оны зейіннің
тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс
үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінін бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отыр-
ған ісін тереңінен түсініп, оның әртүрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді
тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзінді жеге алудың басты бір белгісі
болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор сабақ үстінде бала-
ның назарын көп нәрсеге аудармай басты бір нәрсеге, не белгілі бір әрекетке
ғана аударып оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген
кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын
болады. Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан әрі ұйым-
дастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу жұмысты
бірнеше сағат бойы жақсы тұрақтатып істеуге мүмкіндік береді. Адам сонша-
лық ерік жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын ойы бөлі-ніп,
басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде
күшейіп тұруының зейіннің толқуы дейді, толқу зейіннің табиғи қасиеттері-
нің бірі, мәселен бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға
түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы әрине,
адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне зейіннің тұрақталуына
бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты
тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер сондай-ақ адамның өз еркін
жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе,
оның бөтен нәрсеге көңіл ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұсауды
қажет етеді. Зейінді аландататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу
қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры,
сырнайкерней т.б. адамның тынышын көтереді. Зейінін жақсы ұйымдастыра
алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны
байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болған-мен, олардың барлығы да
кесірін тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді
аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал
қасындағы адамның айқай-шуы, реніш, т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс
істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай
сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет.
Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық – адамның жақсы
қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П. Чехов жас кезінде
көп әңгімелерін ойын күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусорский мен
Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін
болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе
алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар
да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселдіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей
алатын қабілетке ие болуы тиіс. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық
қозудың ауысуы зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке
процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың
түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез
меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің
зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара
білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет.
Мәселен, машинистер-де зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген
болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп
жағдайында балалардың зейінінің екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен
екінші бөліміне, жұмыс-тың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші
түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі ауысып отыруға тура келеді. Зейінді
аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу
материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгеріп алу
жағдайында ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен
жақсы түсінді-руі. Өткен материалдарды қорытуы, оқылатын жаңа тараудың
мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың
дайын-дығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады. Адам
зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады. Зейінді бір уақытта түрлі объектіге
бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар
өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға
шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б. студенттер бір мезгіл
ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады. Кітап оқып отырып
конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің мағызы бәрінен де зор.
Қазіргі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін
ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер
т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті.
Олар бір кезеңде рөл механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз
береді және т.б. Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле
білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле
білудің маңызы зор, мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ
оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке
оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды.
Тәжірибесі аз жас мұғалім барлық сыныпты, не жеке оқушыларды, не өзінің
айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының
салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін, зейінді екі объектіге
бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-
біріне байланысты болуы шарт. Зейінді болудың физио-логиялық негіздері
жөнінде И.П. Павлов былай дейді “біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп,
өзімізді әдеттеніп кеткен тағы басқа бір нәрсені істей жүреміз, яғни сыртқы
тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының теже-лудегі бөлімдерімен қызмет
істейміз, өйткені, біздің басты ісіміздің байланы-сы ми сыңарларының пункті
бұл кезде қатты қозуда болады”. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған
тәжірибелер тахистоскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде
(секундтын 110 бөлігінде) орта есеппен тұратын мағынасы бар сөзді де осы
мерзімде қамтитын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш
сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне
қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс.
Сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де
белгілі зейін көмегімен артық мөлшерде материал беруге болмайды.
Оқушылардың зейін көлемі бір-біріне байланыспаған элементтерді қабылдаса
нашар өсетіндігінің, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса,
олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет. Зейін көлемін
арттыру үшін мұғалім балаларды кешенді заттарды байқай алуға, оларды бір
объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы
сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну
үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала
зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін
көлемін өсіріп ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі.
Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесі болып табылады. Бірден біраз нәрсені
қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти
алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де
жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның
маман-дығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен өне
бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын шебердің зейінінің
көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де
осы іспеттес келеді. Алаң болушылық. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ
адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам
қатты шаршап, болдырған кезде де жай кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында
біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды. Қозу мен тежелу процестері бір-
бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам
психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаң-даушылық жиі ұшырайды. Өйткені, олар
әлі күрделі іс-әрекетпен айналыс-ғандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз
дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп
істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде
басқа ешнәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы
өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінінің уақытында бөле
алмаушылығының кемшілігі – зейіннің көлемі өте тар және икемсіз
келетіндігінен. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу
арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын дағды,
тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғы-
лардың практикалық әрекетін, ғылым – білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп өзін
практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой
және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге
мүмкіндік алады. Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте
күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші
кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат
алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді, үшінші кезеңде
ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде бала ұғынған нәрсесін ұстап
тұрады да, бесінші кезеңде бала да зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым
қалыптасатын болады. Ақыл – ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы
заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен
салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге
үйренеді. Мұндағы себеп пен нәтижесінің заңды байланысын түсінеді. Мәселен,
“от жақса, түтін шығады” дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып
тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен
осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де
болатындығын баланың түсінуі, көзінің жетуі деп аталынады.
Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара
бермейді. Оларды жай жаттап алады да өз бетінше пікір айтуға шамасы
келмейді. Бұдан анализ-синтез процестерінің балада онша дамымағаны көрінеді
мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала
материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де,
осыдан ұғымның мәніне толық түсінбей қалады. Сондай – ақ мұғалім синтездеу
тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс
байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі.
Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның ес-
қабілетінің өсуіне ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді
нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсені бір-
бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана
олардың танымы мазмұнды болады. Ал материалдарды жаттап алу, оның мағынасын
түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш
мектеп мұғалім-дері осы жайды қатты ескергендері дұрыс.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиешіге, не
оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс
анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндік-
тен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен,
жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша
болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз
мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана -
сезімімен ұғынғанша оған оқудағы формализмнің мәніне түсінбей құрғақ жаттап
алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б. құтылу қиын болады.
Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын тәрбиелеп, дамытуда
мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше. Мәселен олардың арасында мектепке
оқуға сырттай қызығып келетін балалар да жиі ұшырайды. Мұндай бала
мектептің үйіне, оның партасына, мұғалімге өзіндей балаларға көңіл бөледі.
Оқу оны жөнді тартпайды, өйткені оған қиын көрінеді. Баланың көбінесе
ойнағысы келіп тұрады, партада дұрыс отыра алмайды, жиі қозғала-ды
айналасына алақ-жұлақ қарай береді. Мұндай баланы үйінде не тындыр-тып
әдеттендірмеген.
Оқуға білім алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер (себептер) бірден пайда
бола қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып келеді.
Мәселен, ол оқып – жазғанына алған ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Зейін. зейіннің түрлері
Ес туралы
Зейіннің психологиялық және физиологиялық мазмұны
Ес
Зейіннің физиологиялық механизмі
Ес теориялары
Зейін. Зейіннің қасиеттері
Зейіннің физиологиялық негізі
"Ес туралы жалпы түсінік."
Ес елестету
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь