Ойлау


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика институты
Жалпы психология кафедрасы
Тақырыбы: Ойлау
Ғылыми жетекші: Нығметова К. Н.
Орындаған : Рустенбаева А. Б.
Мамандығы:
Педагогика және психология
Тобы: 109- топ
Алматы 2007 жыл
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау. Ойлау
1. 1. Ойлау психологиясы
1. 2. Ойлау психологиясының пәні мен әдістері
1. 3. Ойлаудың түрлері
1. 4 Ойлаудың түрлерін жіктеу
1. 5. Ойлау процесін зерттеудегі негізгі
теориялық амалдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. 1. Ойлау психологиясы
Эксперименттік психологияның соңғы фазасы ойлау процесін зерттейтін біздің ғылымның ерекше бағытына сәйкес келеді, ол Германияда және әсіресе Вюрцбургтің психология институтында дамыды. Бұрын ойлау психологиясына жеткілікті көңіл аударылмаған болатын. Алғашқыда эксперименттік бағытқа түйсіктің қомақты саласын реттеу бойынша көп іс атқарылды да, ал елестер мен сезімдер және ойлаудың байқалмайтын құбылыстарына кезек әлі де жетпеді.
Психологтар заттық ойлаудың мазмұнын көрнекіліктің белгілерінсіз ойлаудың қатарында зерттеу үшін жарамды деп тануды дұрыс деп есептемеді, олар сөз елестерге тәуелсіз түсінілуі мүмкін немесе оның мазмұны сана үшін әлсіз көрінсе де, ол талқылауға түсуі мүмкін дегенді жоққа шығарды.
Өзін-өзі бақылауды жүйелі қолдану бізді басқа теорияға әкелді. Бұдан бұрын психологиялық зерттеулерде әсіресе көзге түсетін немесе нормадан ауытқыған құбылыстар жөніндегі сыналушылардың кездейсоқ мәліметтеріне қанағат ете отырып, әрбір тәжірибеден кейін барлық сәйкес күйзелістерді ашып білуге тырыспаған, тек қана бірқатар жиынтық зерттеулерден кейін сыналушының есінде сақталғаны негізінде ең бастыларын сұраған.
Объективті болмысты танудағы біздің таным түйсінулер мен қабылдаудан басталады. Алайда түйсінулер мен қабылдаудан басталғанымен, болмысты тану олармен бітпейді. Түйсінулер мен қабылдаудан олар ойлауға өтеді.
Сезімдік берілгендердің шегінен шыға отырып түйсіну, қабылдау ойлауда берілгендерден шыға отырып, біздің танымның шекарасын кеңейтеді. Тікелей қабылдауда берілмеген жанама ой қорытындысының ашылуына мүмкіндік беретін ойлау арқылы осы танымның кеңеюі жүзеге асады. Ойлаудың арқасында танымның кеңеюі танымның тереңдеуімен байланысты болады.
Ойлау түйсінулер мен қабылдаудың мәліметтерін теңестіреді, салысытырады, ажыратады, қатынастарын ашады. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің тікелей сезімдік деректері мен қатынастарының арасындағы жанамалау арқылы жаңа тікелей абстрактілі емес сенімді деректер ашады; осы өзара байланысыты шындыққа жете отырып және өзара байланысты таба отырып, ойлау олардың мәнін терең таниды. Ойлау болмысты олардың байланыстары мен қатынастарынан, көпжақты жанама қырларынан көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен қатар қасиеттері мен мәнін де бейнелейді.
Объективті шынайылықты рационалды танудың негзгі формасы адам ойы болып табылады. Адамның ойлау заңдылықтарын әр түрлі ғылыми пәндер философиялық пәндерге сүйене отырып зерттейді.
Маркстік-лениндік философияның бір бөлімінде - таным теориясында (гнесеология) ойлау объективті шынайылықты тануда психикалық бейнелеудің жоғарғы формасы ретінде қарастырылады. Ойлаудың танымның тікелей-сезімдік формаларынан - түйсік пен қабылдаудан - айырмашылығы оның негізгі бірлігі - түсініктің анықтамасында ашылады. Біріншіден, түсінікте заттардың нақты қасиеттері емес және тіпті тұтас заттардың өзі де емес, заттардың қорытынды түсінік болып табылатын қандай да бір белгілері, ұқсастықтары бойынша нақты топтары белгіленеді. Екіншіден, бұл белгі тіпті жүйелі тікелей бақылаудан ғана көрініс таппайды, ол адамның практикалық және теориялық құралдарды талап ететін таным объектісімен белсенді қарым-қатынасында көрінуі мүмкін. Үшіншіден, адамның осындай әрекеттестігінде заттармен арадағы қарым-қатынас және, сонымен ұғымның (түсініктің) мазмұны болып табылатын, олардың мәнді қасиеттері ашылады.
Адамның өзінің жеке ойлауын талдауға қызығушылығы ежелден адамның дұрыс ойлауды қалауымен тығыз байланысты болатын. Парапар ойлаудың нормативтік ережелері мен заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы ойлау туралы тарихи алғашқы ғылым болып табылады. Логикада ойлаудың негізгі формалары көрсетіледі: а) түсінік дегеніміз - объектілердің мәнді және ерекше белгілері бойынша топтарға жинақтау; б) осы объектілер туралы белгілі бір көзқарастарды талқылау және оларға кейбір қасиеттерді жатқызу; в) ой қорытындысы (силлогизм) үлкен тұжырым - жалпы пайымдау және кіші тұжырым - сонымен байланысты жеке пайымдау және осы байланысқа негізделген қорытындыға тікелей байланысты.
Адам ойлауының шынайы заңдары әлеуметтануда, биологияда, медицинада және кибернетикада зерттеледі және модельденеді. Әлеуметтану ғылымы қоғамдық көзқарастарды, шынайылықты саналау тәсілдерін және олардың адамның өмірі мен іс-әрекеттеріндегі нақты мәдени-тарихи шарттарымен байланысын сипаттаумен айналысады. Ал биология ғылымы үшін ойлау жоғары дамыған материя қасиеті, адам миының функциясы ретінде, ал ойлау процесін зерттеу - олардың объективті-денелік корреляттарын, сондай-ақ соларға сәйкес морфологиялық және физиологиялық жүйелерді іздеу болып табылады. Кибернетикада ойлау, негізгі механизмдерін түсіндіру оларды ЭЕМ бағдарламаларында модельдеу мүмкіншілігімен байланысты болатын, ақпаратты өңдеу процесі ретінде анықталады.
Ал психология нақты адамның ойлау қабілетін оның шынайы өмірінде және іс-әрекетінде зерттейді. Философиядағы ойлаудың жалпы анықтамасына және оның негізгі сұрағы: сананың болмысқа қатынасының шешіміне сүйене отырып, психология ойлау практикасының формалды-логикалық нормаларға, қоғамдық сананың заңдарына, ойлау процестерінің физиологиялық және басқа денелік механизмдеріне, олардың жасанды интеллект модельдерінде бейнеленуінде толығымен апармайтын нақты түрлерін қарастырады. Сонымен ойлау психологиясының объектісі - интеллектісі оның мотивтерінен, эмоцияларынан, бағдарларынан, жалпы оның жеке-дара дамуынан бөлінбейтін шынайы адам болып табылады.
Ойлау феноменологиясының әртүрлілігі әр қилы психологиялық анықтамаларды талап етеді. Осы феноменологияны тұтастай сипаттауға талпынуда психология ойлау анықтамасын кең мағынасында қолданады: бұл субъектінің қоршаған табиғи және әлеуметтік дүниеде толықтай бағдарлануы үшін қажет белсенді танымдық іс-әрекеті.
Анағұрлым аранайы зерттеу міндеттерін шешуде, жоғары танымдық процестердің нақты психологиялық механизмдерін зерттеуде ойлауды - тар мағынада - тапсырманы шешу процесі ретінде айқындайды.
І. 2. Ойлау психологиясының пәні мен әдістері
Ойлауды зерттеу - жалпы психологияның дәстүрлік бөлімдерінің бірі, сондықтан ойлау психологиясының пәнін түсіну біртұтас түсінуге тәуелді болады. Біз психологияның пәнін индивидтердің өмірін жанамалайтын реалдылықтың психикалық бейнеленуінің туындауы, қызмет етуі және құрылуы туралы ғылым ретіндегі диалектикалық-материалистік түсініктен бастаймыз. Маркстік-лениндік философия табиғат пен қоғам заңдарының біршама толық, терең бейнеленуі болып табылады, сондықтан сол философияның әдіснамалық қағидаларына сүйнеген психология да психиканы түпнегіздік ғылыми зерттеу мүмкіндігін алады.
Мына төмендегі жалпы философиялық жағдайлар маркстік психология үшін, оның пәнін түсіну үшін анықтаушы болып табылады.
- Психика материя дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады.
- Психика ерекше жолмен ұйымдасқан материяның қасиеті ретінде қызмет етеді.
- Психика сыртқы әлемнің бейнеленуі (таным) болып табылады және өзі басқа құбылыстар секілді танылады.
- Адамның психикасы қоғамдық-тарихи шарттастырылған.
- Психика субъектінің сыртқы әлеммен практикалық өзара әрекетінің негізінде туындайды және онда белсенді рөл атқарады.
- Психика дамиды, бұл дамудың барысында сандық өзгерістердің сапалыққа ауысуы болады, ішкі қарама-қайшылықтар осы дамудың қозғалтқыш күші, бастауы болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz