Дамуы төмен балаларға берілген психологиялық көмекті экспериментті зерттеу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . …. 3

1-тарау. Дамуы төмен балаларға түзету жұмыстары арқылы психологиялық көмек беруге сипаттама

  1. Түзету жұмыстарына жалпы түсінік және

оның құрылымы7

1. 2. Дамуы төмен балалардағы түзету жұмыстарының жалпы

ерекшеліктері . . . …. 24

1. 3. Мектепке дейінгі балалардың психологиялық

ерекшеліктері39

1. 4. Психологиялық дамуы төмен балаларға көмек берудің

негіздері . . . …. . 48

II-тарау. Дамуы төмен балаларға берілген психологиялық

көмекті экспериментті зерттеу

2. 1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы . . . ……61

2. 2. Зерттеудің әдістері:

1. Мини-мульт сауалнамасы (М М Р І)

2. Тұлғаралық қатынасының көпаспектілі тесті (Т. Лири)

3. Темпераментті анықтауға байланысты Айзенктің сауалнамасы.

2. 3. Зерттеудің нәтижелерін талдау.

Қорытынды . . . …. 70

Қолданылған әдебиеттер . . . …. …. . 72

Қосымша74

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылымы мен тәжірибе негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Саналы мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.

Ал, психологиялық дамуы төмен балаларға түзету жұмыстары арқылы көмек беру мәселелері - қазіргі кезде де кезек күттірмейді. Психологтың бұл мәселелері бойынша жұмыс бағыты да, балалар үйінде де үлкен сұранысқа енуде. Жалпы осы мәселе тұрғысында Н. Ю. Максимова, Е. Л. Милютина, П. Я. Гальперин зерттеулер жүргізген еді.

Қазіргі күндегі еліміздегі әлеуметтік қайшылықтардың, келеңсіз жағдайлардың асқынуы мектеп оқушыларының өзінде әртүрлі қауіпті істер жасалуына жағдай туғызуда.

Зерттелу жұмысының өзектілігі дамуы төмен балаларға психологиялық түзету жұмыстары арқылы көмек беріп, ішкі жан дүниесін түсіну, өмірге өз талпыныс - тілегіне, өмірде өз орнын табуға, ынта-ықыласына, жалпы жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық көмек беруді қамтиды.

Сонымен қатар, психологиялық дамуы төмен балаларға түзету жұмыстары арқылы көмек беру ерекшеліктерінің сыртқы көріністерін, мінез ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың орынды сапаларын қалпына келтіру жалпы қоғамымыздың және алдыңғы қатарлы мектептерде қалыптасқан, қалыптаса бастаған психологиялық қызмет жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Бұл мәселелердің ғылымда қарастырылу деңгейіне келсек белгілі психологтар Б. Г. Ананьев, А. Г. Асмолов, А. А. Бодашев, В. Д. Давыдов, А. Н. Монтьев, Б. Ф. Ломов, Л. С. Выготский, А. В. Петровский, Д. И. Фельдштейге және т. б. зерттеулерінде балалардың әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез-құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып, күнделікті жүріс-тұрыс басқарып отыруға өз биліктері мен бостандықтарынан алатын орны айқындалған.

Дамуы төмен балаларға түзету жұмыстары арқылы көмек берудің теориялық және методикалық негіздерін Л. С. Выготский, Эльконин, А. С. Белькин, К. Л. Кәрімов жасауға талпынды.

Сол сияқты шетел ғалымдарының бір қатары Р. Бэрис, К. Роджерс, Г. Брауэр және т. б. жеке тұлғаларды қалыптастыру теориясын қарастырып, есте сақтау, мінез-құлықтарын қалыптастыру процесін ұйымдастыратын тәжірибелерін ұсынады.

Жалпы, алдымызға қойылған мәселені зерттеуде, туындайтын қарама-қайшылықтарды шеше білуіміз керек: біріншіден, түзету жұмыстары арқылы балаға көмек беруде, баланың психикасын жағсартуға, мінез-ерекшеліктерінің күшейе түсуін, ешқандай мақсатсыз уақытын өткізуін анықтап, олардың дербес психологиялық бейім қабілеттерін дамытуға жағдай жасау кезінде туындайды; екіншіден, психологтар мен ата-аналар тарапынан ықпал жасап, олардың жас және өмір тәжірибелерін ескермеу, ынта-ықыласқа қанағатсыздық таныту, үнемі қатулық таныту мен психологтың арнайы түзету жұмыстарын жүргізуі арқылы ықпал ету, эмоциялық жағымды белсенділіктерін туғызып, өзін-өзі түсініп, кемшіліктерін жоюға ұмтылыс беру арасында қайшылық болады.

Осы келтірілген қарама-қайшылықтарды жою да психологиялық мүмкіндіктерді анықтау және дамуы төмен балаларға түзету жұмыстары арқылы, психологиялық мүмкіндіктерді анықтау және түзету жұмыстары арқылы психологиялық көмек беру зерттеу жұмысының мәселесін құрайды.

Зерттеудің мақсаты: Психологиялық дамуы төмен балаларға түзету жұмысы арқылы көмек беру де, балалардың мінез-құлық ерекшеліктеріндегі индивидуалды психология түрлерінің байланысын анықтау.

Зерттеудің міндетері:

  1. Зерттеу жұмысы тақырыбына байланысты ғылыми мәліметтерге талдау жасау
  2. Дамуы төмен балаларға психологиялық көмек көрсетуде баланың дамуына талдау жүргізу
  3. Психологтың, балалар үйіндегі, дамуы төмен балаларға жүргізетін психологиялық жұмыс бағытының есте сақтау ерекшелігін зерттеу.

Зерттеудің объектісі: Жалпы балалар үйіндегі, психологиялық дамуы төмен балалар.

Зерттеу пәні: Психологтың, дамуы төмен балаларға түзету жұмыстары арқылы психологиялық көмек беруінің ерекшеліктері.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері:

Х. Й. Ми пен Ю. Л. Сыэрд, Г. Бардиер, Г. В. Галкин, Б. В. Вышесловцев концепциялары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Психологиялық дамуы төмен балалардың есте сақтау ерекшеліктері индивидуалды типологияның түрлеріне байланысты болып келеді.

Зерттеу әдістері: Әрбір жеке дамуы төмен балаға тән өзіндік қасиетін және типологиялық ерекшеліктерін олардың отбасына, құрбыларын, өмірлік мақсатына деген қатынасын анықтауға бағытталған А. И. Герцен әдістеме презентациясын және отбасы суреті проективті әдісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Психологиялық дамуы төмен балаларға түзету жұмыстары арқылы көмек беруді анықтауға байланысты және оларға психологиялық көмек беруге қатысты психологтың жүргізетін жұмыс бағытының ерекшеліктері айқындалады.

Зерттеудің практикалық маңызы: Жүргізілген зерттеу нәтижелері психологтың дамуы төмен балаларға психологиялық мәселелерін зерттеудегі бағыттардың бірі болып табылады және қолданбалы мәселелердің шешуде практикалық мәнге ие.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 2-тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімімен, қосымшалардан тұрады.

I тарау. Түзету жұмыстары арқылы көмек беруге сипаттама

1. 1. Түзету жұмыстарына жалпы түсінік және оның құрылымы

Психологиялық түзету - психологтың адамның сенімін дәлелдеу әрекеті, адамның ішкі әлеміне білікті мінездеме, яғни психолог клиентінің күйзелісіне іс-әрекетіне тікелей, нақты көмектеседі. Теориялық көріністің негізі әрекет нормасының іске асуына, практик-психолог психодиагностикалық мәліметтерді пайдаланады, түзету-дамыту жұмыстары туралы бағдарламасы болады. Түзету жұмысымен айналысатын психологта кестесі болады:

  • не бар?
  • не болуы керек?
  • не жасау керек, сол дәрежеде болу үшін?

Бұл сұрақтардың шешілуі үшін негізгі зерттеу категориялары болып, психиканың даму нормасы табылады. Категориялардың талдау дәрежелерін көрсетуге болады:

  • нейропсихологиялық
  • жалпыпсихологиялық
  • жас психологиясы

Практик-психолог нейропсихологиялық деңгейде психодиагностикалық деректерге талдау және ми құрылысындағы құбылыс арқылы шешім шығарады (А. Р. Лурия, Е. Д. Камская және т. б. ) Мидың функциональды ұйымдасуы, оқшаулануы, мидың негізгі принциптегі локализациясы, құралдар, тәсілдер сияқты әсер етеді түзету жұмысында.

Жалпы психологиялық талдау негізі даму психикасының нормаларында, психологиялық заңдылықтарды және адамның ішкі механизм қолданылуында болады.

Жас психологиясының талдау деңгейі жалпы психологиядағы мәліметтерді жеке адам дамуында практик-психолог зерттеулерінде қолданады. Әр мамандық саласындағы адамдармен контактіге түскенде - эффектілі психологиялық түзету жұмысын жүргізу үшін бұл мәліметтер қажет.

Негізі психокоррекциялық жұмыстар жүргізгенде адамның әрекеті туралы мәліметтер көмектеседі.

Әрекет етуде - жоспарлау, жүзеге асыру, қадағалау, негізгі структуралары болады. Адамның іс-әрекетіне талдау жасауда сұрақтар қойылады.

  1. Белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруда адам қандай мақсатқа жетеді.
  2. Жеткен жетістігіне талдау жасады ма немесе тапсырма жоспарланды ма?
  3. Не себептен адам мақсат қояды? Мотивтері қандай? Алдына қойған тапсырманы орындауға, мақсатқа жетуге не итермелейді?
  4. Іс-әрекетіне бақылау жасау сияқты өз-өзіне бақылау жасай алады ма мақсатқа жеткен кезінде
  5. Ерік, жігері мен шыдамдылығы жете ме, бастағанын аяғына дейін жеткізу кезінде?

Бұл анализ жасау кестесі іс-әрекет құрылымын ашады. Бұл структураға: мақсат, бағдар, міндет, мотив, қажеттіліктер, құралдар және тәсілдер, белсенділік, осылар арқылы адамның жоспарлануына, жүзеге асыруға және тексеруіне болады. Әрекет түсінігін мазмұнды талдау, интериоризация құралдары және әрекетінің психикалық деңгейі тәсілдері туралы П. Я. Гальперин еңбегінде былай бөледі:

  • мотивациялық деңгей
  • әртүрлі түрлерін жасау
  • қатты сөйлеу деңгейі
  • іштей қатты сөйлеу
  • ішкі сөйлеу
  • ақыл-ой әрекеті

Түзету жұмыстары үшін бұл негіздер мақсатты, әрекет деңгейінің жоғарылауына, қажетті сапалардың аңғару, қорытуға көмегін тигізеді. Әрекет орындалуда талдау тәсілдері, сонымен қатар құралдар, клиентке мінездеме беруге көмектеседі.

Түзету жұмысын жүргізуде психолог сау адаммен жұмыс істейтіндігін ұмытпау керек. Бірақ ішкі әлемін жетілдіруі керек. Түзету жұмысының орындалуының артықшылығы клиенттің жеке резервтеріне байланысты. Адамның ішкі дүниесіндегі дискретті және интегральды байланысын түсінігін практикалық жұмыстарда қолдануын А. В. Асмолов, В. В. Сталин, В. В. Давыдов, В. С. Мухин еңбектерінде қарастырған. Түзету жұмыстарында адамның дискретті ішкі әлеміндегі көп көңіл бөледі.

Психикалық білімсіздік пен жалпы психикалық дамуға әсер ететіндері (шығу тегі, ішкі әрекет жоспары, рефлекция, психикалық белсенділігін (парасаттандыру) және жеке тұлға дамуы (бірінші орында өзіндік сана, өмірлік мақсат, перспективалар, дүниетанымы. Осы аталғандармен жұмыс жүргізуде түсініспеушілік пен шығу әрекеті, әлеуметтік ситуациялардың дамуы, даму кризистері, теоретикалық, методикалық негіздері психологиялық коррекцияны ұйымдастыруда көмектеседі.

Түзету жұмыстарын жүргізуде бір құбылысты талдағанда ғана біз нәтиже аламыз.

Мысалы:

  • Басқа балалар сияқты бала тез оқу үшін не істеу керек
  • Есте сақтау қабілетін арттыру үшін не істеу керек
  • Мақсатты, бағдарды тура қоя білу үшін не істеу керек
  • Өзінің жұмысына нақты берілуі үшін не қажет

Түзету жұмыстары арқылы, бұл сұрақтардың жауабын, яғни дискретті мінездемесі, әрекеті адамның ішкі дүниесіндегі құбылысын шешеді. Бұл тапсырманы шешу үшін екі жолын көрсетеді.

  1. «Мұндай кезде былай істеуге болады» деген бағдарды қолануға болады
  2. Жеке тұлғаның бағдарлы жетілу жолында психолог түзету жұмыстарына тоқталса, онда универсалды, технологиялық түзетуде іздеуде және жүзеге асыруда керек. Оған психологиялық мәліметтер қажет болады, заңдылықтарға әсер етеді, мысалы психикалық деректерге, теориялық мәліметтер арқылы индивидуализациялық бағдарлама коррекциясы болса, мұндай жағдайда кәсіптік ұстанымына зейін көп бөлінеді және клиент психологиялық мәліметтерін қолданады.

Д. Карнеги еңбектерінде психокоррекциялық эффекті жөндеулерді, адамның ішкі әлеміндегі ерекше өзгерулерді қарастырған. Д. Карнеги өзінің бір сынағында психологиялық мәліметтерді психокоррекциялық жұмыстарда қолданады. Түзету жұмыстарын жүргізуде ол негізі былай дейді: «Тәртіпті сақтаңдар, бәрі жақсы болады» Д. Карнеги ұсынады 6 анықтама ұстаныңдар адамдарға ұнау үшін:

1. Басқа адамдармен қарым-қатынасқа шынайы түсіңіз

2. Күліңіз

3. Есіңізде болсын - адамның есімі, негізгі көмекші жақсы қарым-қатынасқа

4. Мұқият тыңдай біліңіз

5. Әңгімелесіп отырған адамыңызды не қызықтырады сол туралы айтыңыз

6. Өмірде өз орны бар екендігі туралы шынайы санасын иландыру.

Ал, психотренингтер - коррекциялық жұмыста адамның ішкі әлемін жетілдіруге көмектеседі. Психотренингтер тапсырма шешуде, әрекеттің оптимизациялауда (оңтайландыруда) жүзеге асады. (Н. Цен, Ю. И. Иванов және т. б. ) . Психотренинг жаңа көзқарастар ұсынбайды, әрекетте нәтиженің жоғары болуына, адамның ішкі әлемі мен қасиетінің ықпалдастығына, біріншіден өзіндік санаға әсер етеді.

Психологиялық ойындар - психологиялық мәліметтерді коррекциялық жұмыстарда қолдануға, адамның ішкі әлемінің ерекшеліктерін сұрыптауға, тапсырмаларды орындауға басынан өткеруге көмектеседі. Психотехникалық ойындар Н. В. Цезенан, Ю. В. Пахомев еңбектерінде көрсетеді. Ол ойындардың ерекшелігі функцияларды дамытуға бағдарланған құбылыс шаршағандықты жеңу үшін, қабылдаудың концентрациясының жоғарылауына, эмоциональды тонусының (сарынының) жоғарылауына көмектеседі.

Қорыта айтқанда, психолог-практиктердің түзету жұмысы бағыттан ерекшеленетін 3 принцип арқылы клиентке көмектеседі.

1. «Мен сияқты істе» - психолог клиентке эффектілі тәсіл көрсетеді және жүзеге асыруға көмектеседі. Әрекет, тәсілдеріне жауапкершілікті алады.

2. «Бірге істейік» - жауапкершілікті психолог іздеудегі және табудағы эффектілі тәсілді клиентке ұсынады.

3. «Ойланыңыз, жақсы нәтиже болуы үшін» - тәсілді жүзеге асыруда клиентке жауапкершілік жүктеледі, тәсілді шешуге, таңдауға, игеруге көмектеседі.

Бірінші позитция психотехникалық әсер етуге жақын, мазмұны клиентке тиімді.

2 позитция клиентке сапалы көмектеседі.

3 позитция клиенттің бағдарлауына жеке тұлғалық ерекшеліктеріне ішкі әлемнің және санасына байланыстырады. Әр позитцияның мақсаты түзету жұмысының тапсырмасы, біреуін психолог қолдануда стереотивті жұмыс істейді, ол коррекциялық жіктеу жұмысын қиындатады.

Психокоррекция мәліметтерді дискретті бағдарлауға, адамның ішкі әлеміне мінездеме беруге жалпы психологиялық заңдылықтарды қабылдауға көмектеседі.

«Лабиринт» ойыны.

Қатысушылар екі-екіден бөлінеді. Біреуі - бастаушы, екіншісі бағынушы. Бастаушының қалында лабиринт схемасы бар, бағынушыға бұйрық береді, схеманы көрсетпей. Үш бұйрық қолданады: «Тіке, алға», «Оңға», «солға». Бағынушы бұйрықты орындайды, лабиринттен шығу кезінде 180° бұрылуы және ойша шығуы керек, дауыстап айтып. Басқарушы схемамен тексереді. Олар сосын орындарымен ауысады. Схеманы қиындатып одан ары жалғастыруға болады. Бұл ойын ішкі әрепеттің дамуына, бағдарлау ерекшеліктеріне әсер етеді. Түзету жұмыстары арқылы көмек беруге сипаттама психологиясы міндеттері қылмыскерлерді түзету және айыптаудың психологиялық мәселелері бостандықтан айырылған соттаушы психологиясы, еңбекпен түзету мекемелерге өмірлік іс-әрекеттің психологиясы, жазадан босанғандарды әлеуметтік диадаптациялау.

Біз, түзету жұмыстары арқылы көмек беру үшін не істеуіміз қажет?

1. Баланың кіммен жүретінің әрдайым білу қажет. Онымен бірге ұзақ күн отыратындарды, күтушілерді бақылау, баланың туған үйінен тыс жерде, сыртта қонуына абай болыңыз.

2. Балалар өздеріне ыңғайлы кезде жұп немесе топ болып жүре берсін. Бірақ бала үйге қайтар жолда әрдайым үйреншікті бір жолмен жүргізуі қажет.

3. Баламен мектепте және бос уақытында бірге болатын үлкендермен танысу.

4. Баланы тыңдай білу, оның «маған музыка пәні ұнамайды» немесе «ана кісінің біздің үйге қонаққа келгенін біздің үйге қонаққа келгенін қаламаймын» деген сияқты сөздеріне көңіл бөліңіз, ол сол арқылы өзі жайында маңызды хабар беруі мүмкін, неге? - деп баладан сұра.

5. Баланы тексер: Баламен оның өміріне қауіпті кез келген мәселе жөнінде немесе қатерлі оқиғаларды талқылау. Мәселен, ол автобуста немесе дүкенде адасып қалса, не істейді?

Бала өзінің дұрыс шешімін айтуы керек. Адамға емес, оқиғаға көңіл бөл. Әңгімені «бейтаныс адамнан» баста, сосын «өзіңше білетін адамдарға көш», мәселен шофер, сантехник, көрші, күтуші сосын барып баланың кімді ұнататынын білесің.

Мынандай сұрақ қоюға болады: «егер біреу сені сырғанауға шақырса немесе сенің шалбарыңа қолын салып жіберсе сен не істейсің?

Баланың реакциясы бірқалыпты болуы керек. Егер бала дұрыс жауап бермесе, жұмыс істе. Балаға көмектес, оған қалай жауап бермесе, жұмыс істе. Балаға көмектес, оған қалай жасау қажет екенін түсіндір. Бала егер қауіпті оқиғалар жайлы нақпа-нақ айтпаса, ол бәрін түсінді деп сенуге болмайды.

6. Психолог түзету жұмысында, баланың қиянатқа ұшырағанын сезсеңіз, заң бойынша полицияға бірден хабарласыңыз.

Консультативті - коррекциялық жұмыс- практик психолог қызметінің негізгі элементі. Егер клиент пен терапевт жүргізінген жұмыс мақсатын нақты білетін болса, онда консультативті- коррекциялық жұмыс жемісті және табысты болады.

Клиент- терапевт секиеді классикалық жағдайға қарағанда, бұл жағдайда әдетте үшінші бір адам қосылады- тапсырыс бөруші. Бұл ата- ана, педагог, оқу меңгерушісі, дәрігер. Әрқайсысы балаға және психологқа өз талаптарын қояды: «Ол мынандай болу үшін, мынаны істеңізші . . . ». Ал психолог үшін мұндай жағдайда оз мақсатын, өз қызметінің әдістерін сақтау маңызды.

Бірінші қадам -алда қандай жұмыс тұрғанын анықтау:

  • консультативті (кеңес беру)
  • коррекциялық (түзету)
  • психотерапевтік.

Психологтың консультативті жұмысы- арнайы бір жинақтайған қарым- қатынас процесі арқылы ошірдің қиын жағдайынан шығуғу комектесетін клиенттің қосымша психологиялық ресерстарын және қабілеттерін өзектендіруге актуализировать бағытталған. Бұл көмек типінде тек күрделі мәселеге және ауытқушылықтарға ғана көңіл аударып қоймай, сонымен қатар клиенттең тұлғалық ресерстары мен оның мүмкіншіліктеріне де көңіл болген жөн.

Психологиялық коррекция- клиенттің мінезқұлқының құрылылына, мотивтері мен мақсаттарына, сонымен қатар кейбір ес, зейін, ойлау секілді психикалық функцияларға әсер ететін комплексті психологиялық әдіс. Негізгі міндеттері мінез- құлық. қарым- қатынас, есте сақтаудың жаңа дағдыларын меңгеру тренингтері және үйрету (обучение) және т. б.

Психотерапия - бұл адамдағы психосоматикалық, жүйке-жүйелік, психикалық аурудың әсерінен болатын эмоцияларға, адамның өзіндік санасына вербальды және вербальды емес, емдік әсер ететін комплексті әдіс. Клиникалық психотерапия әдістері - гипноз, иландыру (внушение) және өзіндік иландыру, рационалды терапия және т. б. Бұл әдістер ауру симптоматикасын әлсіретуге бағытталған.

Халықтық білім беру жүйесінде, кеңес беру қызметінде, ауруханаларда істейтін психолог психокоррекциялық жұмысты жиі жүргізеді.

Бұл іс-әрекеттің толық принциптерін бөліп қарастыру қиын, себебі бұл психолог тәжірибесіне, қызмет орны мен жағдайына байланысты психологиялық коррекцияның әртүрлі әдістері мен әдістемелері қолданылады. Біз мұнда көбінесе «экологиялық» (яғни, негативті зардаптарға әкелмейтін), сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге жиі қолданылатын әдістерге көңіл бөлуге тырысамыз.

Мынандай негізгі түрлерді бөліп көрсетуге болады, индивидуалды және топтық психологиялық коррекция, психотренинг, отбасымен консультативті жұмыс. Психокоррекциялық жұмыстың стилі мен принциптері патопсихологиялық зерттеудің міндеттері мен жүргізу әдістерінен өзгеше болып келеді. Егер зерттеуде психикалық іс-әрекеттің ауытқушылығын, тұлғалық ерекшеліктерін айқындау, сарапшы сұрақтарды шешу міндеттері тұрса, ал психокоррекция процесінде, психотерапия және кеңес берудің мақсаты тұлғаны дамыту, психикалық процестердің жүйелілігін жақсарту, ішкі дағдарыстан шығуға көмектесу. Ойын терапиясының маманы Г. Л. Лэндрет коррекция жұмысына байланысты бала мен психолог

Мен ештеңе білмеймін
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын
Мен ештеңе білмеймін: Мен өзімді жақсы көруді қалаймын
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан мен жақсы көретін балалармен ашық қарым-қатынаста боламын
Мен ештеңе білмеймін: Мен балалық шақтың қиыншылықтарын аз білемін
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан мен балаларға өзімді үйретуге қарсы емеспін
Мен ештеңе білмеймін: Мен өзім ізденіп, тапқан білімді жақсы қабылдаймын
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан мен өз талпынысымды бала талпынысымен біріктіремін
Мен ештеңе білмеймін: Кейде маған қорған керек
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан мен өзгеге қорған бола аламын
Мен ештеңе білмеймін: Мен өзімді өзгелер осы қалпымда қабылдағанды қалаймын
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан мен баланы бағалауға және оны мақұлдауға тырысамын
Мен ештеңе білмеймін: Мен қателіктер жіберемін
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан да мен баланың қателіктеріне шыдамды боламын
Мен ештеңе білмеймін: Өзіңді басшы ретінде сезініп, барлық сұрақтарға жауап бергенді сезіну жақсы
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан мен өзімді балалардан сақтау үшін, көп жұмыс істеуім керек
Мен ештеңе білмеймін: Мен баланың бойындағы қорқыныш, ауру, стрессті жоғалта алмаймын
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан да мен соққыны жеңілдетуге тырысамын
Мен ештеңе білмеймін: Мен де қорғаныс болмағанда, өзімді қорқыныш сезімі пайда болады
Сондықтан мен ондай болуға тырыспаймын: Сондықтан да мен қорғаныссыз баланың ішкі әлеміне меірбандықпен, нәзіктікпен қараймын

арасындағы қарым-қатынастың төменгі принциптерін құрастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСЫ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ ОЙЛАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дене кемістігінің түрлері
ПДТ-сы (психикалық дамуының төмендеуі) бар кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлауын еңбек іс-әрекетімен түзету
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Балалардың психикалық процесінің деңгейін анықтау
Қиын оқушылар тәрбиесі
Сыныптағы оқшауланған балалармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері
Балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселелерін теориялық зерттеу
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz