Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . . 11

1. 1 Ежелгі көшпелілер мемлекеттері түркі мемлекеттілігінің бастауы

(сақтар, ғұндар, үйсіндер ) . . . 11

1. 2 Түркілер мемлекеті қалыптасуының сипаты . . . 28

2 ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІЛЕР ҚҰРҒАН

МЕМЛЕКЕТТЕР (ҮІ-ҮІІІ ғғ. ) . . . 31

2. 1 Батыс Түрік, Шығыс Түрік және Түркеш қағанаттарының

қалыптасу мәселелері және мемлекеттік құрылымдары . . . 31

2. 2 Ежелгі түрік мемлекеттеріндегі қоғамдық-әкімшілік

құрылым . . . 35

3 МОҢҒОЛ ДӘУІРІНЕ ДЕЙІНГІ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ

(ҮІІІ-ХІІ ғғ. ) . . . 46

3. 1 Қарлұқ елі . . . 46

3. 2 Оғыз мемлекеті . . . 50

3. 3 Қарахан мемлекеті . . . 52

3. 4 Қимақ-қыпшақ мемлекеттік бірлестігі . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда көшпелілерде мемлекет болды ма, болса қандай болды, олардағы мемлекеттіліктің ішкі сипаты қандай еді, қандай қоғамдық-экономикалық формацияға тиесілі болды деген сұрақтар тарихшылардың, философтардың, тағы басқа қоғамдық ғылым өкілдерінің әрқилы пікірлерін тудырып отырған мәселе.

Мемлекеттілік теолриясы оу бастан отырықшы жұрттардың тарихи тәжрибесіне сүйеніп жасалған. Оның үстіне, біздің қоғамдық ғылымдар саласында бұл мәселеге марксистік-лениедік көзқарас мүлде догматикалық түсінік қалыптастырған. Сондықтан да көшпелілерде мемелекет болған жоқ, болған күннің өзінде, мемлекеттіліктің алғашқы сатысында тұрды, көшпелілердің аз ғана уақыт өмір сүрген мемлекеттері тек көрші отырықшы елдерді жаулау арқылы іске асты, көшпелілер өз бетімен мемлекет құруға қабілетсіз деп келді.

Бүгінде, шүкіршілік, біз адамзат қоғамының жаңа даму сатысы - өркениетті демократиялық қоғамға ұмтылудамыз. Бұл, планетаның басым көпшілігі ұстанған, басты мақсатқа бағытталған, үрдісті дамудың шұғылалы да, сәулетті ұстанымы екені күмәнсіз. Тәуелсіздік алған еліміздің осындай айқын жолдағы аршынды қадамдары рухани рухтандырып, саяси сергітіп қана қоймай, өзіміздің өткенімізді танып білуге деген ғаламат құштарлықты, екпінді, ынтаны жоғары деңгейге көтеріп жіберді. Оң қол, сол қолын танып, еңсесін көтеріп тәуелсіз ойлай бастаған кез-келген халыққа тән жаңа қасиеттер мен сипаттар ғой бұл! Сол себепті біздің зерттеушілеріміз төл тарихымызды жазуға, жариялауға белсенді бетбұрыстар жасап үлгерді. Мұның өзі ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде қолдау да тапты. Арнайы «тарих жылы» да жарияланды.

Солай бола тұрса да кейбір мәселелер жөнінде әлі де нақты шешімдер жасалып, батыл ойлар айтыла қойған жоқ. Сондай тақырыптардың бірі бітіру жұмысының негізі болып отырған түркі мемлекеттілігі тақырыбы. Әрине, түркілерге қатысты ешқандай да зерттеулер жүргізілмеді деу қисынсыз болар. Олай дейтініміз, соңғы оншақты жылдың аясында біраз істер атқарылды. Мәселен, туркі заманы ескерткіштерінде археологиялық қазбалар жүргізіліп, тың ойлар айтылды, түркі жазуына қатысты көптеген ғылыми отырыстар өткізіліп, зерттеулер жазылды. Бұл орайда атқарылған ең үлкен игілікті істің бірі еліміздің бас қаласында түркі жазуы ескерткіші тасының әкелінуі. Мұның бәрі әрине қуантарлық жәйт, әйткенмен де, түркілердің өнері, мәдениеті, діні, саясаты, тағы басқа жөнінде топтастырылған, ұлттық пиғылда жазылған зерттеулер әлі де жарық көре қойған жоқ.

Сол себепті аталмыш диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі мынада:

Б. з. 1 мың жылдығында Еуразия даласында этникалық өзгерістер пайда бола бастады. Барлық жағынан алғанда басымдылық түркі тілдес тайпаларға көше бастады. Әлеуметтік даму мен саяси территориалды бірігудің қарқынды жүруі 1 мың мыңжылдықтың екінші жартысында түркі тайпаларының орасан үлкен аймақта мемлекеттік құрылымдар құруына алып келді. Осы кезеңде тарих сахнасына Түрік қағанаты, Шығыс және Батыс Турік қағанаттары, Түргеш қағанаты және қимақ, оғыз, қыпшақ, бірлестіктері шықты. Бұл уақытта ғылыми тұрғыда «түркілер заманы» деу орынды. Міне, осы аталған түркілеріміз мемлекеттілік деңгейге жете алды ма, оларда мемлекеттіліктің қандай белгілері бар деген сауалдар әлі де ғылыми негізделген жауаптарын күтіп жатқан тәрізді. әрине оларда мемлекеттілік болды. Бірақ біз оны өзіміге ғана емес, ең бастысы кеңес дәуірінде жазылған сыңаржақты зерттеулерге және әлемге делеудеуіміз қажет. Көпшілік мемлекеттілік деген ұғымды территория, әскери күш, қоғамдық құрылыс жағынан ғана түсіндіруге ұмтылды. Ал ол елдің мәдениеті, өнері, діні, тағы басқасы мемлекеттен тыс қалуы қажет пе. Сондықтан да диплом жұмысының өзектілігі біздің жас қазақ еліміздің мемлекеттілігінің көне замандардан қалыптасқандығын дәлелдеу, түркілердің өз заманына сай мемлекеттік құрылымын жасай алғандарын айшықтау. Бұл мәселе бүкіл түркі халықтарын ойландыратын үлкен өзекті екенін айтқымыз келеді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Түркі мемлекеттілігің қалыптасуы мен дамуының және оның жан-жақты көрінісін зерделеу үшін біз алдымызға мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдық:

  • Ежелгі көшпелілер бірлестіктерінің түркі мемлекетінің қалыптасуына тигізген ықпалын айқындау;
  • Түркі мемлекетінің қалыптасуына шолу жасау;
  • Түркілердің мәдениетін, өнерін, дінін мемлекеттілік теориямен сабақтастыру;
  • Түркілердегі қала мәдениетінің даму үрдісін көрсету;
  • Түркілерге қатысты археологиялық ескерткіштерге шолу жасау;
  • Түркі мемлекетінің ішкі құрылымдарын талдау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көне түркілердің тарихы көптеген зерттеушілердің назарынан тыс қалмай зерделеніп келе жатқан тақырып. Түркі тарихы 19 ғасырдың орта шегінен бастап ірі тарихшылардың еңбектерінде көрініс таба бастады.

Оның ішінде Н. Я. Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Б. Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды (1) . Үш томдық еңбекте қытай деректерінің Қазақстанда ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің, қаңлылардың, түркі тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған.

Қытай хроникаларының материалдарына ауқымды тарихи-филологиялық түсініктемелер берілгген. Қытай деректеріне негізделген нақ сондай ертедегі зерттеулерді араб деректерін қоса отырып Абель Ремюза, С. Жюльен жүргізген(2) . Оларда түріктердің, эфталиттердің тарихы, Орта Азия мен Қазақстанда манихей, будда діндерінің тарлыуы қарастырылады.

Орталық және Ішкі Азияның орта ғасырлық тарихын жасауға жол ашатын қытай деректерін басып шығару өз кезінде одан әрі жалғастырылды. Қытай және Византия деректерін салыстыру негізінде Э. Шаван 6-8 ғасырлардағы Жетісудың батыс түріктерінің тарихын зерттеді (3) .

Алдыңғы Азия және Византия арасындағы өзара қатынастар мен мәдени алмасуды жеңілдету ісінде батыс түріктерінің атқарған рөлін аталмыш автор өз еңбегінде көрсете білді және Сюань Цзянның маршрутын тарихи-географиялық тұрғыдан түсіндіріп берді. Сымя Цяннің «тарихи жазбаларын» аударуды жүзеге асырып, оған ауқымда тарихи түсініктемелер жазды. Біршама уақыт өткен соң Грот (1921) хуннулар туралы тарауды аудару және олар туралы неғұрлым толық текстологиялық мәліметтер келтіру үшін Сымя Цяннің шығармасын қайтадан қолға алады (4) .

Жазбаша (көне түрік және қытай) деректеріне жүгіне отырып, А. Н. Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери демократиялық қоғамның ерте феодалдық қатынастар жүйесіне ұласуын айқындады. Ол, сондай-ақ, 5-7 ғасырлардағы соғды қоныстанушыларының рөлі мен маңызын және оның Түрік қағанатымен өзара қатынасын анықтады (5) .

Н. Я. Бичуриннің жақсы дәстүрін жалғастыра отырып, Н. В. Кюнер Орталық Азия халықтары туралы қытайдың құнды хабарларының үлкен топтамасын жариялады. Түріктер туралы тарихи мәліметтердің қытай тілінде екі томдық жинағы шығырылды (6) .

Ертедегі және алдыңғы орта ғасырлардағы Қазақстан жөніндегі қытай деректерінің хабарларындағы үйсін, Түрік қағанаты, түргештер, қарлұқтар жөніндегі Ю. А. Зуев жасаған талдау жемісті болып шықты (7) . Қытай жылнамаларынан аудармалардың жариялануы, әулеттік хроникалық мәліметтерін ежелгі түрік ескерткіштері мен генеологиялық аңыздардың материалдарымен, сол себепті антик дәстүрімен салыстыру ертедегі Қазақстанның этникалық үрдістерінің, саяси оқиғалары мен тарихи географиялық кейбір жақтарын жаңаша түсінуге мүмкіндік берді.

Көне түрік жазуын зерттеу ісінде С. Е. Маловтың еңбектерінің маңызы ерекше. Ғалымдардың ежелгі түрік ескерткіштерінің материалдарына негізделген зерттеулерінің нәтижелері түрік қағанаттарының шеңберіндегі болған этногенетикалық үрдістердің Орталық Азия мен Сібірдің түркі тілдес халықтарының қалыптасу тарихына өте елеулі ықпал жасағанын көрсетті (8) .

С. Г. Кляшторный монографиясында ежелгі түріктердің руналық текстерінен алынған материалдар талданып, жүйеге келтірілген, олар басқа деректердің материалдарымен салғастырылып, қол жеткен нәтижелер Қазақстан мен Орта Азия тарихына сәйкес тарихнамалық тұрғыдан да, деректану тұрғысынан да қорытылған. Түріктер тарихын талдап жасаумен бірге, кангюй проблемасы, Жетісуға соғдылардың қатынасуы соншалықты мұқият зерттелді (9) .

Түрік халықтарының тарихы жөніндегі салиқалы зерттеулерді ғылыми айналымға Л. Н. Гумилев енгізгендігін атап кетпей болмас. Оның еңбектері ежелгі ғұндар державасы мен түріктердің құрған мемлекеттеріне арналды. Сол әлеуметтік-саяси қауымдастықтардың пайда болу, және жойылу заңдылықтары зерттеледі. Автор кең көлемді тарихи проблемаларға (хуннулар мен түріктердің саяси өміріне, олардың тұрмысына, дініне, мәдениетіне) сондай-ақ екі дәуір - ертедегі мен орта ғасырлар шебіндегі Ішкі және Орталық Азия көшпелілерінің географиялық орналасуына зор көңіл бөлген (10) .

1985 жылы Алматыда ЮНЕСКО шеңберінде «Орта ғасырлардағы Орталық Азиядағы мәдени-тарихи үрдістер» деген халықаралық конференция өткізілді. Онда ҮІІІ-ХҮІІ ғасырларда Орталық Азияда болып өткен этномәдени үрдістерге, аймақтың көшпелі және отырықшы халқы өркениетінің әлеуметтік-экономикалық базасы мен олардың арасындағы өзара қатынастарға, мемлекеттік құрылыс сипатына, мәдениеттердің өзара байланысы мен өзара ықпалына баса назар аударылды. Қытай жылнпмпларының материалдарын ғылыми айналымға енгізу, ертедегі және ортағасырлық Қазақстанның түркі тайпаларының тарихын талдап, шешу жөнінде қаралар қабылданды (11) .

С. Г. Кляшторный мен Т. И. Сұлтановтың жазбаша деректер мен археологиялық материалдарға сүйеніп жазған «Қазақстанның үш мыңжылдық жылнамасы» деген кітабының шығуы Қазақстан тарихнамасында анағұрлым елеулі құбылыс болды. Ғалымдар Қазақстанның шығыстанушы-тарихшылары мен археологтарының халықаралық үлкен қоғамдастығы жетістіктерін қорыту еңбегін өз мойнына алған. Қазақ халқы этногенезінің жалпы үрдісін авторлар 2-3 мың жыл бойы халықтың екі тобының: үнді-европалық және орталық-азиялық топтарының өзара әсері мен қосылуы деп көрсетеді (12) . Сондай-ақ бүгінгі таңда қарастырылып отырған тақырыпқа тікелей болмаса да қатысы бар еңбектер жазған зерттеушілердің есімдерін атап өтпей болмас. Олардың қатарына Н. Мұхамедханұлы (13), Н Мыңжан (14), З. Қинаятұлы (15), С. Қаржаубайұлы (16) тәрізді ғалымдарды жатқызамыз.

Деректік негізі. Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге (618-907) тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметтердің келесі үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар. «Таң әулетінің ескі тарихын» (Цзю Таншу) Қытайдың бөлшектену кезеңінде - авторлар тобы, ал «Тан әулетінің жаңа тарихын» (Синь Таншу) да Сун дәуірінде Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі ақыны Суян Су бастаған авторлар ұжымы жазған. Хроникаларда батыс түріктер, түргештер, олардың этногенезі, Батыс Түрік қағанатының, Түргеш қағанатының құрылуымен олардың ыдырауы туралы саяси тарихы мен этнологиялық мәліметтер берілген. Ертедегі дәуір мен б. з. ҮІІІ ғасырына дейінгі Орталық Азия тайпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихының негізгі арқауын нақ қытай деректері боийынша біршама толық жасауға болады, бұл әсіресе үйсіндердің, кангюлердің, ежелгі түріктердің, түргештердің, қарлұқтардың саяси тарихына байланысты.

Орталық Азияға саяхат жасаушылардың жазбалар жанры Таң әулеті билеген кезеңде де, ХІІІ ғасырда да ең басты дерек болып қала берді. «Синь Таншу» мен «Цзю Таншуда» Жетісуға Шығыс Түркістан полистері арқылы жүріп өткен қытай саяхатшыларының мағлұматтарында: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстық көл суреттелген. Бұлардың ішінде әсіресе буддаға тәуіп етуші Сюань Цзан қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады. Ол жазған шығарма «Ұлы Тан әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы жазбалар» деп аталады және Сюань Цзянның Орта Азия арқылы Үндістанға саяхатына арналған. Ол Суяб Невакет, Талас арқылы жүріп өтіп, қаған сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын суреттеген.

Ертедегі және орта ғасырдағы қытай деректері, сыңаржақ болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.

Біздің заманымыздағы І мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазба ескерткіштерінің құны баға жеткізсіз. Түрік авторлар жазған бұл жазба деректердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар - автор өзінің көз алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында, өзі жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік деректері түрік қоғамындағы этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат жерлік байқаушылар жазған мәліметтерге қарағанда неғұрлым дәл түсінік береді.

Ең алдымен түрік хандары Күлтегін мен Білге қаған құрметіне қойылған ескерткіштер - Кошоцайдам құлпытастарын атап өту керек. Бұл жазбалардың авторы, басқа да көпшілігінде сияқты, қаған әулетінен шыққан Иоғлығ тегін болған. Ол түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі түңғыш жазушы. Тоныкөк ескерткіші, Құлшора құрметіне орнатылған ескерткіш, Онгин жазбасы қосылатын Кошоцайдамның мәнерлі тексті негізінен Шығыс Түрік қағанаты жөнінде мәліметтер береді.

Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс түріктері тарихының оқиғаларына қатысты естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи географиялық, тарихи-саяси және этнографиялық проблемалардың тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең құндысы - «он оқ» халқы, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, кенгестер, Жетісу соғдылары туралы мәліметтер.

Елтеміш Білге қаған құрметіне жазылған эпитафия болып табылатын Селенга тасы Орхон ескерткіштеріне жатады. Бұл жазбада түріктермен бірге ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне билік еткен қыпшақтар уақыты жағынан бірінші рет ауызға алынады.

Елтеміш қағанның түріктермен, түргештермен, қарлұқтармен және басмылдармен өзара қатынастарының тарихы да баяндалады.

Терхин құлыптасы да Елтеміш қағанға арналған және көп жағынан мазмұны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма-жол сәйкес келеді. Ескерткіште Алтай-Тарбағатай қарлұқтарының Жетісуға қоныстану уақытына қатысты мезгілі көрсетілген маңызды тарихи оқиға айтылады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштерінде кейіннен Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінде елеулі рөл атқарған яғма тайпасының уақыты жағынан бірінші рет аталуы да құнды мәліметтердің бірі болып табылады.

Батыс Түрік қағанатының Жетісудан табылған ескерткіштері елеулі мәдени-тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған құлыптастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған 12 жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғарғы мерзімі едәуір айқын ҮІІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі, тегінде, ҮІ-ҮІІ ғасырлар шебі болуы ықтимал. Талас эпитафиялары «қара рудан» шыққан түргеш қағандары - Сұлық Шабат-шара мен оның ұлы билік еткен кезеңге саяды.

Деректануда ІХ-ХҮІІ ғасырлардағы араб, парсы және түрік әдебиеті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір құнды материалдар бар.

Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур мен ат-Табаридың туындыларында ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардың орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметтер бар. Ат-Табаридың замандасы, энциклопедиялық білімі бар адам - әл-Жахиз «Түріктердің қасиеттері» деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, әдет-ғұрпын өте жақсы суреттейді.

Түркі халықтарының көрші елдермен мәдени байланыстары мен мәдени ықпалдастықтары туралы зерттеулер жүргізуде қазақстандық археологтар Е. И. Агиев, К. М. Байпақов, К. А. Ақышев және тағы басқалар мәселенің зерттелуі мен тарихнамалық ойдың жаңа бағыттарын қалыптастыру жолында үлкен еңбек етті. Археологиялық зерттеулердің жңа бағыттары мен салаларының жандана түсуі нәтижесінде түркі дәуірінде орын алған мәдени байланыстардың сипаты мен мазмұны туралы ғылыми пікірлер мен қорытындылар жаңа көзқарастармен бекітіле түсті. Мәселен археологиялық ескерткіштердің бірі болып табылатын - сәулет ескерткіштері өз дәуірінің саяси жағдайы, идеологиясы, эстикалық құндылықтар нормасы туралы түсінігі, ғылыми өндірістік қуатының дамуы, мемлекеттік мәртебесінің жоғарылауы, халықтардың мәдени байланыстары және мәдени үлгілердің таралуы т. б. туралы мол мәлімет береді.

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде түркі тайпалары мен халықтарының мемлекеттік ұжымды қалыптастыру мәселесі алынып отыр.

Зерттеудің теориялық методологиялық негізі. Диплом жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және обьективтілік принциптері басшылыққа алынды. Сондай-ақ зерттеу жұмысында тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен талдау тәсілдері: тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстыра талдау, жүйелік, т. б. басты назарда ұсталады.

Ғылыми практикалық құндылығы. Жұмыс түркілерде мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу үрдістерін қарастыра отырып, тәуелсіз Қазақстанның тарихи дәстүрлерін берік ұстанған бейбіт мемлекет ретіндегі рөлін бағалауға, ұлттық мәдениетіміздің дәстүрлері мен сабақтастығы туралы ғылыми көзқарастарды нақтылай түсуге, болашақ ұрпақты өз мемлекетіміздің жарқын тарихи үрдістері арқылы қазақстандық патриотизмге тәрбиелейді.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе және қорытындымен қатар екі тараудан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  1. Ежелгі көшпелілер мемлекеттері түркі мемлекеттілігінің

бастауы .

Бөрілі байрақ астына біріккен түркілерде мемлекет ұйымы қалыптасуын зерттеу барысында оларға дейін Еуразия кеңістігінде көршілес елдерді ат тұяғының дүбірімен дүрліктірген ежелгі көшпелілер тарихына соқпай кету мүмкін емес. өйткені қазақ халқы зерттеуіміздің нысаны болып отырған көк түріктердің ұрпағы болып саналса, ал сол түріктеріміздің өзі біздің ежелгі ата-бабаларымыздың тікелей ұрпағы екені даусыз. Согдықтан да түркі мемлекеттілігі мәселесін талдамас бұрын алғашқы прототүрік мемлекеттерінің тарихын індете қарастыруымыз қажет. Осы орайда түркі мемлекеттігінің қайнар бұлағы саналатын ежелгі тайпалардың әрқайсына жеке тоқталып, олардағы мемлекеттік институттарды жеке-жеке талқылауды жөн санаймыз.

Б. з. д. ІІІ ғасырдың аяғындаТынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аймақта ғұн (сюнну) тайпалары тарихи аренаға шыққан еді. Олар үлкен империя құрған тайпалар. Қытай тарихшысы Сымя Цянь бұл заманды «өзара жиі соғысқан патшалықтар заманы» деп атайды. Осы заманда өмір сүрген жүн, дунху, юечжи, усун бірлестіктерінің ішіндегі ең мықтысы да осы ғұндар болған.

Ғұндарда мемлекет болған. Үлкен аймақты алып жатқагымен, көптеген княздіктерден тұрғанымен ғұндар мемлекеті бір орталыққа бағынған мемлекет болды.

Ғұндардың патшпсын қытай деректері шаннуй деп атайды. Шаннуй деген ұланбайтақтықтың, кеңдіктің бейнесі. «Бұл ретте шәннуйді кең аспанға теңеген жөн», - деп жазады ғұндардың тарихын аударушы ғалым Қ. Салғараұлы (17, 33-34) . Шындығында ғұндар шәннүйді «аспанның перзенті», «Тәңірдің перзенті» деп атаған. Кейінгі кезде ғалымдар шәннүйді «Тәңірқұт» деп атап жүр. Бұл дұрыс днп есептейміз. Сондықтан біз ғұндар патшасының атауы ретінде «шәннүй», «тәңірқұт» деген сөздерді балама атаулар ретінде пайдаланамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілер дүниетанымы
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Ерте орта ғасырлардағы Түрік Қағанаттарына қатысты Қытай деректеріндегі мәліметтер
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Түрк мемлекетінің мәдениеті
Түркі – Соғды қатынастары
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz