Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары


РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы : Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары мен тараулары.
Жұмыстың құрылымы : Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай Кіріспеден, екі тараудан, тараушалардан, Қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі : 52 бет.
Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны - 28.
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер : графикалық лингвистика, графика, жазу, әліпби, орфография, т. б.
Зерттеу нысаны : Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары мен тараулары.
Жұмыстың өзектілігі : Жазу туралы ғылым саласы - графикалық лингвистика - жаңадан дамып келе жатқан ғылым. Оның терминдері мен ұғымдары, ішінара салалануы мен басқа ғылыми салалармен шектестігі туралы ғылыми-теориялық зерттеулер әлі де аз. Графикалық лингвистика терминінің өзі ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана қолданысқа енді. Оның негізгі тараулары мен ұғымдары жіктеу әлі тіл білімі ғылымында бір ізге түскен жоқ. Жазу туралы ғылымды кеңінен терең зерттеу ұлт, халық, мемлекет мәдениетін зерттеумен ұштасады. Ғылымның бұл саласын атауда «грамматология», «эпиграфиялық лингвистика», «графология», «графика» терминдері қатар балама қолданылып келді. Бұл аталған мәселелер әлі де теориялық зерттеулер қажеттілігін көрсетеді. Бұл диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты : Графикалық лингвистиканың негізгі тараулар мен ұғымдарға бөліну ерекшелігін қарастыру.
Жұмыстың мақсатына орай төмендегі міндеттер қамтылды:
- Графикалық лингвистика ғылымы, оның зерттеу нысандарын қарастыру;
- Графикалық лингвистика ғылымы тарихына шолу жасау;
- Графикалық лингвистикадағы негізгі ұғымдарын топтастыру;
- Графикалық лингвистиканың негізгі тарауларын қарастыру.
Жұмыстың зерттеу әдісі : түсіндірмелі әдіс, семантикалық әдіс, кешенді лингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың мазмұны : Жұмыстың мазмұны екі тарауды құрайды.
Алғашқы тарауында графикалық лингвистиканың негізгі тараулары қарастырылды. Қорыта айтқанда, графикалық лингвистика ғылымының негізгі нысаны, териялық негізі, негізгі тараулары қарастырылды.
Жұмыстың екінші тарауында графикалық лингвистика ғылымы оның тарихы мен негізгі ұғымдары қарастырылды. Отандық және шетелдік ғалымдардың графикалық лингвистика ғылымы туралы ойларына шолу жасай отырып, негізгі ұғымдарына талдау жасалды.
Жұмыстың нәтижелері:
Тақырыпқа сай ғылыми-теориялық негіздемелерге сүйене отырып:
- Графикалық лингвистика туралы тіл білімі ғылымындағы теориялық тұжырымдар сарапталды;
- Графикалық лингвистика ғылымының туу, даму тарихы қарастырылды;
- Графикалық лингвистикадағы негізгі ұғымдарға сипаттама берілді;
- Графикалық лингвистиканың ішінара жіктелуі, оның негізгі тараулары қарастырылды
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Графикалық лингвистиканың негізгі тараулары
1. Графемика. . 8
2. Палеография . . . 10
3. Графика . . . 12
4. Орфография . . . 17
2 Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
2. 1. Графикалық лингвистика ғылымы, оның зерттеу нысаны . . . 21
2. 2. Графикалық лингвистикадағы негізгі ұғымдар . . . 24
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімІ . . . 50
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда Жалпы тіл білімі ғылымында жазу мен тіл аса маңызды теориялық проблемалардың санатында. Жалпы жазу туралы ғылым саласы - графикалық лингвистика - жаңадан дамып келе жатқан ғылым. Оның терминдері мен ұғымдары, ішінара салалануы мен басқа ғылыми салалармен шектестігі ғылыми-теориялық зерттеуді қажет етеді. Жазу коммуникациялық, танымдық қызметтерді атқаратындықтан ол қоғам, ондағы әлеуметтік, саяси жағдайлармен, халық тарихы және мәдениетімен тығыз байланысты болады. Ғылыми-техникалық жаңалықтар да одан сырт қалмайды.
Тіл мен ойдың, сезімнің бейнесін жасайтын жазудың тарихы тым тереңде. Әрі мұның практикалық мәні де жоқ емес. Бір ғана мысал, ХХ ғасырдың ішінде қазақ жазуы араб жазуы, араб жазуының негізінде жасалған төте жазу, латын жазуы, кириллицаға - бірнеше жазу түрлеріне алмастырылды. Әрине, мұның тарихи, мәдени әрі саяси себептері де жоқ емес.
Қазір де, әсіресе, қазақ тілі білімі үшін қазіргі жазу мәселесі, латын немесе кириллица, араб болмаса бұрынғы ескі түркілік сына жазулардың қайсысын қолдану оңтайлылырақ деген мәселені талқылап жатқан тұста графикалық лингвистиканы зерттеу, оның негізгі ұғымдары мен тарауларын нақтырақ қарастыру бұл бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың нысаны мен пәні. Біз осы дипломдық жұмыста бұрын-соңды зерделеніп, зерттеліп келе жатқан тіл біліміндегі графикалық лингвистиканың басты теориялық негіздерін сөз етеміз. Жалпы графика деген сөздің өзі барлық сызықтық, жазба таңбалар, жазу өнері ретінде қарастырылады. Графикалық лингвистика тілдік жазбаларды сан қырынан алып, лингвистика тұрғысынан зерделейтін ғылым.
Графикалық лингвистика тарихи тұрғыдан алып қарастырғанда, жас ғылым саласы. Оның өз алдына дербес ғылым саласы ретінде қарастырыла бастауы өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастау алады. Бұл ғылым саласын атауда ғалымдар әртүрлі терминдерді қолданылып келді. Оның зерттеу бағыттарын да әрқайсысы өзінше сараптады.
Жазу туралы ғылым саласын атауда лингвистикада бірнеше терминдер қолданылып келеді, олар: “грамматология”, “графикалық лингвистика”, “графистика”, “эпиграфикалық лингвистика”. Т. Амированың орыс тіліндегі “Функциональная взаймосвязь письменного и звукового языка” еңбегінде осы мәселеге теориялық-ғылыми тұрғыда кешенді зерттеу жасалынған. Біз диплом жұмысы барысында осы еңбекті теориялық негіз ретінде алдық.
К. Аханов: «Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолданылу шеңбері кеңейеді. Жазу (жазба тіл) - адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал ауызекі тіл жайында мұны айта алмаймыз. Ауызекі тілмен сөйлесіп, қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігі (телефонды есептемегенде) сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы кеңістікке байланысты болады да, оның шеңберінен шығып кете алмайды.
Ол кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызекі тіл арқылы жүзбе-жүз кездескенде ғана, бір-бірімен сөйлесіп пікір алыса алады Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметі мен құндылығын ешбір төмендете алмаса керек. Ауызша тіл күнделікті өмірде ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өзара пікір алысуда айрықша қызмет атқарады.
Жазба тілдің ауызекі тілден кейін пайда болғаны, оның жазудың шығып жасалуымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың шығып жасалуының, соған сай жазба тілдің жасалуының күллі мәдениет атаулының тарихында орасан зор маңызы болды және болып отыр. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес.
Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен рөл атқарды. Алфавиттің туған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп есептеуге болады, осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді»
Адам білімді, негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы алады. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де - жазба тіл. Көптеген заман бойында жасалған және біздің заманымызда жасалып отырған мол рухани мәдениетті біздің кейінгі ұрпақтарға жеткізетін де - осы жазба тіл.
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.
Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазірде өлі тілдерге айналған тілдермен танысуға немесе қазіргі тілдердің ертедегі қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарихы ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де айрықша маңызды.
Халықтардың қазіргі жазуларын олардың дыбыстық тіліне қарым-қатысы жағынан қарастырып зерттей білу сол тілдердің жазуларының ғылыми тұрғыдан дәлелді ережелерін жасау үшін де өте-мөте қажет» деп тұжырымдайды /5, 497/.
Көрнекті лингвист-ғалымның атап көрсеткеніндей графикалық лингвистика ғылымы қоғамның ілгері дамуына қосатын үлесі көп ғылым саласы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысындағы графикалық лингвистикадағы негізі ұғымдарға, жазу, жазба, жазу мәтіні, жазу тілі, алфавит - әліпби, әріп, графика, палеография, орфография, графемика, пунктуация, таңба, т. б, тоқталып, олардың пайда болу тарихы, мағына-мәнін сөз етеміз.
Жұмыстың бірінші бөлімінде графикалық лингвистика ғылымының пайда болуы тарихын зерделеп, жазу түрлеріне тоқталсақ, екінші бөлімде графикалық лингвистикадағы негізгі ұғымдар мен тарауларға арнайы тоқталамыз. Графемика, графика, орфография, палеография графикалық лингвистиканың өзара қатысты әрі бір-бірімен зерттеу нысандары сипаты жағынан ажыратылатын сала ретіндегі ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жұмыста қолданылған әдістері мен тәсілдері. Бітіру жұмысының тақырыбы ретінде графикалық лингвистиканың негізгі тараулары мен ұғымдары алынды.
Диплом жұмысының басты нысаны ретінде тақырыпқа сай графикалық лингвистика ұғымдары мен тарауларын сараптап-саралау жұмысы алға шығады.
Графикалық лингвистика тікелей жазу тіліне қатысты болғандықтан да, оны зерттеуде кешенді лингвистикалық тәсіл, тарихи-салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-типологиялық, т. б. қолданылады.
Салыстырмалы-тарихи тұрғыдан алып қарағанда, графикалық лингвистика тіл білімінде соңғы уақыттарда ғана дербес ғылыми нысан ретінде қарастырыла бастаған.
Жұмыстың материалдары мен дереккөздері. Грек, Арабстан, Үндістан, Қытай, Көне түркі елінде алғашқы тіл білімі филологиялық ғылым қалыптасудан бұрын әртүрлі жазу жүйелері пайда болған. Көне дәуірден бізге жеткен басты жазу түрлері: иероглифтік, силлабикалық, дыбыстық-әріптік, аралас.
Бірақ көне және ортағасырлық филологтар басты назарды дыбыстық тілге аударып келді. Жазу тіліне де филологтар назар аударғанмен де, ғылыми зерттеудің басты объектісіне айналған жоқ. Тек бергі заманда ғана лингвистикалық теория қалыптасып, айтарлықтай дами бастаған тұста жазу дербес ғылыми мәселе ретінде қарастырыла бастады. Бұл мәселелер графикалық лингвистиканың өзектілігін көрсетті. Бұл саладағы Тамара Александровна Амирова өзінің монографиясында жазу мен дыбыстық тілді функциональды, құрылымдық жағынан тарихи-лингвистикалық тұрғыда кешенді зерттеген /3/. Әрине, қазақ тілі білімінде жазу мәселесі туралы алғаш ғылыми тұжырымдамалар жасаған Ахмет Байтұрсыновтың орны ерекше.
Зерттеудің басты нысаны ретіндегі графикалық лингвистика термині қазіргі күнге дейін шыққан сөздіктерде кездесе бермейді. Жалпы бұл термин ХХ ғасырдың екінші жартысының соңына қарай қалыптасты деуге болады.
Бітіру жұмысында бірнеше ғылыми лингвистикалық еңбектер негізге алынды. Атап айтар болсақ, осы ғылым салысындағы мәселелер туралы қазақ ғалымдарынан - А. Байтұрсынұлы, К. Аханов, Т. Қордабаев, С. Аманжолов, Ғ. Айдаров, Т. Амирова, С. Мырзабеков, Р. Сыздықова, т. б. ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, ал ТМД елдері мен шетел ғалымдарынан Р. Дж. Гелб, А. А. Волков, В. Р. Реннагель, Р. А. Кроссланд, И. А. Хабаров, Д. Диренгер, А. М. Кондратов, В. А. Истрин, Е. Н. Панов, т. б. ғалымдардың теориялық тұжырмдарын негізге алдық, сондай-ақ бірнеше лингвистикалық сөздіктердегі теориялық пайымдарды пайдаландық.
Жұмыстың нәтижелері. Яғни графикалық лингвистика жалпы тіл біліміндегі жазу туралы жалпы мәселелерді қарастыратын сала болып табылады.
Қазіргі күнде графикалық лингвистика жалпы тіл білімнің бір саласы ретінде жалпы жазу туралы ғылым санатында есептеледі. Бұл саланың негізгі мәселелері әлі түбейгейлі шешілген жоқ.
Диплом жұмысы Кіріспеден, Негізгі бөлімнен, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім «Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары», «Графикалық лингвистиканың негізгі тараулары» деп аталатын екі тараудан тұрады. Алғашқы тарау «Графикалық лингвистика ғылымы, оның зертеу нысаны» және «Графикалық лингвистикадағы негізгі ұғымдар» тараушаларынан, ал Екінші тарау «Графикалық лингвистиканың негізгі тараулары» төрт тараушадан тұрады. Олар: графемика, графика, палеография, орфография.
Т. Амирова дыбыстық тіл мен жазу арақатынасы негізінде ғылыми-теориялық еңбектерді саралай отырып, графикалық лингвистиканың зерттеу нысандары мен дербес ғылым саласы ретінде қарастыра келе, зерттеу жүргізе отырып, іштей төрт салаға жіктейді. Графемика графикалық лингвистиканың бір бөлімі ретінде жазу тілінің графикалық конститутивтік элементтерін, олардың қызметтері мен ерекшеліктерін, олардың жүйелік үйлесімдіктерін қарастыратын сала. Ең алдымен графикалық элементтердің функционалды ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданады.
Графика тікелей әліпби теориясымен ажырамас бірліктегі графикалық лингвистиканың бір саласы болып табылады. Алфавит теориясы бірінші кезекте әліпбидің пайда болу тарихы, жасалу жолдары, оның типологиясы мен қайта құрылуын, оның элементтерінің эстетикалық, сыртқы пішіндік түрін, оптикалық, технологиялық және экономикалық және де басқа да қырларынан сыр-сипатын зерттеп-зерделеуге бағытталатын ғылым.
Ал палеография саласында жеке таңбалардың жазылу мәнері зерттеледі. Қазіргі компьютерлік-технологиялық заманда бұл саланы зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ал орфографияда жалпы сауатты жазу, жазу мәдениеті қарастырылады.
1. Графикалық лингвистиканың тараулары
Графикалық лингвистика жалпы тіл білімінің өзгеше бір, жеке дербес саласы ретінде қалыптасуы ХХ ғасырдың ортасынан басталатынын айттық. Бұл ғылымды атауға ғалымдар “графикалық лингвистика», “грамматология”, “эпиграфиялық лингвистика”, “графистика” терминдерін пайдаланды. Бұл лингвистикалық ғылым саласы семиотикалық лингвистикамен де тығыз байланысты екендігі айтылды.
Графистикалық лингвистика - жалпы жазу мәселесін жан-жақты қарастыратын ғылыми сала. Оның тараулары немесе бөлімдері ретінде Т. Амирова Графемиканы, Палеографияны, Графиканы, орфографияны атайды.
Бұл бөлімде осы салаларында жеке-жеке тоқталып, сипаттама береміз.
Бұл аталған салалар дыбыстық-әріптік жазу мәселелерін жан-жақты қарастырады.
Гелб грамматологияның өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. Зерттеу барысында оны бірнеше тармақтарға бөліп қарастырды. Бірінші бөлімде атап айтып көрсеткеніміздей, олар: субграфемика, графемика, параграфемика.
Субграфемика саласы түрлі ертедегі жазу түрлері мен идеография мәселелерін зерттейтін сала болып танылса, графемика аясында дыбыстық-әріптік және буын жазулары түріндегі фонографияны қарастырады. Ал параграфемика сөздің өзіндік мәніндегі жазумен қатар қосымша сипаттарын қарастырады.
Т. Амирова дыбыстық тіл мен жазу арақатынасы негізінде ғылыми-теориялық еңбектерді саралай отырып, графикалық лингвистиканың зерттеу нысандары мен дербес ғылым саласы ретінде қарастыра келе, зерттеу жүргізе отырып, іштей төрт салаға жіктейді. Графемика графикалық лингвистиканың бір бөлімі ретінде жазу тілінің графикалық конститутивтік элементтерін, олардың қызметтері мен ерекшеліктерін, олардың жүйелік үйлесімдіктерін қарастыратын сала. Ең алдымен графикалық элементтердің функционалды ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданады.
Графика тікелей әліпби теориясымен ажырамас бірліктегі графикалық лингвистиканың бір саласы болып табылады. Алфавит теориясы бірінші кезекте әліпбидің пайда болу тарихы, жасалу жолдары, оның типологиясы мен қайта құрылуын, оның элементтерінің эстетикалық, сыртқы пішіндік түрін, оптикалық, технологиялық және экономикалық және де басқа да қырларынан сыр-сипатын зерттеп-зерделеуге бағытталатын ғылым.
Ал палеография саласында жеке таңбалардың жазылу мәнері зерттеледі. Қазіргі компьютерлік-технологиялық заманда бұл саланы зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ал орфографияда жалпы сауатты жазу, жазу мәдениеті қарастырылады.
1. 1 Графемика
Графемика графикалық лингвистиның бір тарауы ретінде әрі жазу тілінің графикалық конститутивтік элементі ретінде оның өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ жүйелі құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырылады. Ең алдымен графемика графикалық элементтердің функциональды ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Сондықтан да графемалық жүйе элементтерінің функционалды мәні мен графема аралығындағы жүйелік байланыстар, графема репертуарындағы мәтіндерді зерттеу негізінде бөліп көрсету графемалық талдаудың басты міндеттері болып саналады.
Әр тілдің дыбыстық құрылымы әрқалай болады. Оларды белгілеу үшін алынған дыбыстық таңбалар бар тілде бірдей емес. Графемика саласында тілдің ең кіші таңбалық бірліктері қарастырылады. Тілдік таңбалар мен дыбыстық айтылымның бір-бірімен үндесуі заңдылықтары, әр тілдік таңбаның атқаратын функциясы дербес жете қаралады.
Сонымен қатар графемика аясында дыбыстық тіл шарттылық бірліктері мен жазу тілінің шарттылық бірліктері арасындағы қарама-қатынас зерттеледі. Графемика қазіргі кезде палеография, графика, орфографияға қарағанда жүйелік-функциональдық талдау аппаратын қолданады. Графемиканың әдістері, негізінен фонологияда кең қолданыс тапқан әдістерді негізге алады.
Графикалық лингвистикада қарастырылатын, қолданылатын терминдер әртүрлі авторларда әрқалай қолданылады. Еуропа ғалымдары ішінен, мысалы, Л. Ельмслев пен А. Аврам “графематика” терминін дұрыс деп табады. Бұл терминді олар “фонематика” терминіне аналог ретінде алады. А. Макинтош екі түрлі терминді қолдануды ұсынады: “графемика” және “графология”. Оның себебін ол жазу тілінің функциональдық бірден бір бірлігі графема еместігімен түсіндіреді.
Америкалық зерттеушілердің басым көпшілігі, мысалы, Р. П. Стоквелл, Е. П. Хэмп, Р. А. Холл, Дж. Келли және тағы басқалар “графемика” терминін қолданған дұрыс деп табады. Ч. Хокетт “графономия” терминін қолдану оңтайлырақ деген пікір айтады.
Т. М. Николаева мен А. Е. Кашеварова “графемология” терминін қолданады. Х. П. Альтхауз фонетика мен фонемиканың айырымдарына ұқсас графетика мен графемиканың айырымдарын көрсетуге тырысады. Графетиканың зерттеу нысаны көзге көрнекті-дыбыстық коммуникацияны құрайтын материалдық элементтер болып табылады. Графетиканың негізгі міндеттері болып жазу түрі, графалық жүйені қалыптастыру, графикалық бірліктерді классификациялау болып табылады. Графемиканың негізгі нысаны ретінде жазу тілінің графикалық бірліктері айырымдары қаралады, оның негізгі міндеттеріне графемалар жүйесін құру жатады.
Графемика графикалық лингвистиканың бір бөлімі ретінде жазу тілінің графикалық конститутивтік элементтерін, олардың қызметтері мен ерекшеліктерін, олардың жүйелік үйлесімдіктерін қарастыратын сала. Ең алдымен графикалық элементтердің функционалды еркешеліктерін зерттеумен шұғылданады.
Бұдан байқалатыны жазу жүйесін жүйелі-функциональды зерттеудегі негізгі мәселені бірі “графемика” терминдерін бекіту қажеттілігі. Графикалық лингвистиканың графемиканы бір саласы ретінде қарастыру керек. Ол жазу тілінің өзіндік ерекшеліктері мен жүйелі-функциональды бірлігін зерттейді. “Графемика” термині графемаларды белгілеуі әрі жүйесін білдіретіндігі, әрі сол салаға атауыштық қызмет атқаруы үшін алынған, ал “графология” терминін осы аталған салаға атауыш ретінде алу нәтижесіздеу, ол негізінен қолтаңбалық жазуды зерттеу саласына атауыш ретінде қолданылып келеді.
Графемика синхронды сипатта да, диахронды сипатта да болады. Синхрондық зерттеуде графикалық элементтер жинақталады және графикалық элементтердің өзара қарым-қатынастары қаралады, және олардың дыбыстық тіл элементі сипатына қатыстылығы зерттеледі. Диахрондық тәсілде зерттеу пәні ретінде графемалар жүйесінің қалыптасу тарихы тіл даму нәтижесінде туындаған жүйедегі өзгерістер бөтен графикалық нормалардың ықпалы, дәстүрдің әсері немесе лексикалық бірліктердегі этимологиялық формаларды сақтауға тырысу және т. б. қаралады. оның Ал Н. Каташ орфография тек код қана емес, әлеуметтік жалпыға бірдей норма ғана емес, сондай-ақ бәрінен бұрын ол графема аталатын лингвистикалық таңбалардың функциональды жүйесі деп қарастырады. Мұның салдарынан графикалық лингвистиканың палеография, графика, орфография, графемика тарауларының өзара араластығын, тығыз байланыстылығы, соның салдарынан бір-біріміен шатасуы туындайды. Графикалық лингвистика алдында аталған саладағы зерттеу міндеттерін анықтап, графемиканың әдістері мен міндеттерінен орфография мен графика міндеттерінің айырмашылығын айқындап алу қажеттілігі келіп шығады. Графемиканың басты мақсаты - жазу тілі заңдылығына жүйелі-функциональды сипаттама беру болса, ал орфография қоғамдық жазу-дыбыстық әрекеттің нормативі ретінде графемикадағы жүйелілік үшін негізгі көз болып табылады. Графема - тілдің графикалық жазу жүйесіндегі ең кіші единица болып табылады. Ол фонема, және белгілеуші әріп бірлігі ретінде болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz