Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

  1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі . . . 5
  2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы . . . 10
  3. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі . . . 23
  4. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы . . . 26
  5. Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау

мәселелері . . . 31

2 тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы

2. 1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің тұлғасы . . . 34

2. 2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері . . . 36

2. 3 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын алу . . . 38

  1. Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді кісі өлтіруден ажырату . . . 40

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған нормативтік -құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі . . . 45

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әлемнің ең дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында да адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері алдында басымдық берілген. Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты таңдауы қоғамдағы құндылықтарды бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы, қазынасы, байлығы.

Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан жіне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру адам өлтіруден кейінгі ең кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі. Кейде тіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан жәбірленуші өлімі келеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірідің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі), ерекше сараланған құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігі), берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тінін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне жатқызады.

Ал, енді денсаулық деген сөздің ұғымына түсінік бере кетсек,

денсаулық дегеніміз- адам организімінің әрбір органының, әрбір мүшесінің сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқарып қызмет істеуі. Адамның денсаулығы дұрыс және қалыпты жұмыс істеген жағдайда, адамның қоғамдағы алатын орны да ерекше болады. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әректтерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заң актілеріне сәйкес мемлекет әр адамның денсаулығын қорғауға кепілдік береді. Солардың бірі ретінде қылмыстық заң денсаулыққа қарсы қол сұғушыларға жауапкершілік белгілейді.

Сонымен, дипломдық жұмыстың тақырыбы ҚР 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.

Бітіру жұмысы 2 тарау және 9 тармақшадан тұрады. Бірінші тарауда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы, ал екінші тарауында криминологиялық сипаттамасы баяндалады.


1-тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің

қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

  1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі

Жасалатын кез-келген қылмыс тікелей немесе жанама қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Сондықтан, ол бүкіл қоғам үшін қауіпті боп келеді. Қылмыстық құқық саласындағы көпшілік ғалымдар мен криминалистер таныған жалпы ережеге сәйкес қылмыстың жалпы объектісі болып, соның ішінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің де, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар табылады. 1 Қоғамдық қатынастар- бұл кез-келген қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастар, ал адам осы қатынастардың иегері болып табылады. Сондықтан, қылмыскер адамның жеке басына, оның өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір қасиетіне және т. б. игіліктеріне қол сұға отырып, сонымен бір уақытта қоғамдық қатынастарға да қол сұғады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жеке тұлғаға қарсы, оның ішінде денсаулыққа қарсы қылмыс болып табылады. Ал, денсаулыққа қарсы қылмыстар дегеніміз адам денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей қол сұғатын және қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекеттер. Бұдан денсаулыққа қарсы қылмыстардың, соның ішінде ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тектік (топтық) объектісі болып адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыстың жалпы объектісінен оның тікелей объектісін ажырата білген жөн. Көп жағдайда қылмыстық заңда кез-келген қылмыс құрамының белгілерін сипаттау кезінде объект ретінде қоғамдық қатынастар көрсетілмей, олардың материалдық көрінісі немесе кез-келген қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарға қатысушыларының нақты игіліктері көрсетіледі. Қылмыстың тікелей объектісі нақты қылмыс құрамын ұғыну, түсіну, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін ашу қылмыстық әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін ұғыну үшін маңызды және осы қылмыс құрамын оған ұқсас қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде қылмыс тікелей басқа адамның денсаулығына зиян келтіруге бағытталады. Сондықтан, адамның денсаулығы ҚР ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі болып табылады. Бұл көзқарас қылмыстық құқық ғылымында көпшілікпен танылған болып келеді. Қылмыстың тікелей және жалпы объектісі арасында ажырамас өзара байланыс бар. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде адам денсаулығына қол сұға отырып, қылмыскер белгілі бір қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Өйткені осының нәтижесінде адам дұрыс өмір сүре алмайды, дені сау бола алмайды, тиісінше еңбек қабілеттігінен толық немесе ішінара айырылады. Медициналық тұрғыдан денсаулық деп - адам организімі органдарының немесе тіндерінің дұрыс қызмет етуін түсінген жөн. Қанау, дене жарақатын келтіретін соққылар, тырнақ іздері және т. б. кез-келген түйіршіктің немесе органдардың дұрыс қызмет етуін бұзады және адам денсаулығына белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Сондықтан, адам тіндері мен органдарының дұрыс қызмет етуін бұзуға бағытталған барлық іс-әрекеттердің тікелей объектісі болып адам табылады.

А. С. Никифировтың көзқарасы бойынша адам денсаулығы деп-адам организімінің тұтас алғандағы қалыпты жәй-күйін түсінген жөн дейді. 2 Бірақ адам денсаулығы деген бұл түсінік тар мағыналы болып келеді. Адам организімінің кез-келген түйіршігі белгілі қызметтерді атқарады, сондықтан түйіршіктердің дұрыс қызмет етуін бұзу адам денсаулығына зиян келтіреді және адам организмінің тұтас алғандағы қалыпты жай күйінің бұзылуына соқтырады.

А. А. Жижиленко мен В. В. Ореховтың көзқарастары бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтірудің объектісі болып адам денсаулығы емес, оның дене қол сұғылмаушылығы табылады екен. 3 Бұл көзқарасты П. А. Дубовец былай терістейді: «Іс жүзінде адамның дене қол сұғылмаушылығы денсаулыққа ешқандай зиян келтірмей-ақ та бұзылуы мүмкін. Мысалы, қорлау іс-әрекеттері кезінде. Кейбір жағдайларда дене қол сұғылмаушылығының бұзылу фактісінде, тіпті, қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, жеке тұлғаның өзге игіліктеріне қол сұғу белгілерінсіз бір адамның басқа адамның денесіне оның еркіне қарсы қол тигізуі. Сонымен бірге, дене жарақаты дене қол сұғылмаушылығын бұзбай-ақ келтірілуі мүмкін. Мысалы, қорқудың нәтижесіндегі психикалық ауру». 4

Сонымен, қылмыстық заң қылмыстық қол сұғушылықтан дене қол сұғушылығын қорғамайды, керісінше тұлғаның өмір, денсаулық, ар-намыс, қадір-қасиет және т. б. сияқты белгілі бір игіліктерін ғана қорғайды.

Қылмыстық заң адамның денсаулығын оның туған сәтінен бастап өлген сәтіне дейін, яғни оның бүкіл өмір бойы денсаулығын қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көп минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни, адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.

Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірілгенге дейін де науқасты болуы мүмкін, бірақ денсаулыққа ауыр зиян келтіру нәтижесінде оның денсаулығына қосымша зиян келтіріледі, яғни оның түйіршіктерінің дұрыс қызмет етуі нашарлайды немесе бұзылады. Бұл жағдайда қылмыскер жәбірленушінің қол сұғушылыққа дейінгі болған денсаулығына қол сұғады.

Заң қол сұғушылықтан адамның соматикалық және психикалық денсаулығын да қорғайды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі болып тек қана бөтен адамның денсаулығы бола алады. Қылмыстық заңмен өз денсаулығына ауыр зиян келтіру қылмыс болып табылмайды, егер оның салдарынан қоғамдық қатынастарға зиян келтірілмесе бұл жағдайда қоғамдық қауіпті іс-әрекет ҚР ҚК 103-бабымен емес, қылмыстық заңның өзге баптарымен сараланады. Мысалы, әскери қызметтен босату үшін заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару мақсатында өз денсаулығына зиян келтіруде ҚР ҚК 326-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс құрамы бар. Бұл жағдайда қылмыстық қол сұғушылық денсаулыққа емес, өзге объекті - Қазақстан Республикасының қорғаныс мүдделеріне, Қарулы күштерді тиісті қалыптастыруға бағытталған. Бұнда, өз денсаулығына зиян келтіру өзге объектіге қол сұғудың тәсілі болып отыр.

ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігігінде көзделген абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық заңмен қорғалатын екі тікелей объектіге қол сұғып отыр. Біріншісі, негізгі объектісі - адам денсаулығы болса, ал екіншісі, қосымша объект - адам өмірі болып отыр. Яғни, ҚР ҚК 103-бабының 1 және 2 бөліктеріне көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі - адам денсаулығы болып отыр. Ал, ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектілері - адам денсаулығы мен өмірі болып отыр.

Енді осыны тәжірбиеден көрсетейік.

Федоришин И. А. 2000 жылы 13 шілдеде түскі асқа дейін «Караван» газетінде көрсетілген телефон номері бойынша телефон соғып, қызды 1500 теңге көлеміндегі ақыға келісіп жыныстық қатынасқа түсінуге шақырады.

Айнар немесе Ажар атты қыз оған шамамен сағат 14-те келеді. Ол онымен спирт ішімдігін ішеді және екі рет жыныстық қатынасқа түседі. Кейін қыздың 1500 теңге орнына 3000 теңге сұрауына және полиция қызметкерлерін шақырамын деп қорқытуына байланысты ол оның ішінен бір рет ұрады. Қыз соққыдан кейін жерге отыра салады.

Сот - медициналық сараптама қорытындысына сәйкес Бургебаева деген азаматшаның өлімі қатты заттың әсерінен өліммен тікелей себепті байланыстағы денсаулыққа ауыр зиян келтірілген бүйректің сол бөлігінің жарылуымен ішінің жабық зақымдануы, ішінің қансырауынан құрсақ қуысына қанның жиналуының нәтижесінде басталған.

Федоришин И. А. Алматы қалалық сотының 2001 жылғы 29 қаңтардағы үкімімен ҚК 103-бабының 3-бөлігімен сотталған.

ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі кез-келген адамның емес, арнайы белгілерге ие тұлғалардың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруді аталған қылмыстың сараланған құрамдарына жатқызады. Яғни, бұл жерде саралау мәселесі жәбірленушінің ерекшеліктеріне байланысты болып отыр.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «а» тармағында көзделген екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі - екі немесе одан да көп адамның адамдардың денсаулығы.

Бұған тәжірбиеден мынадай мысал келтіруге болады:

Бораш Т. мен Моисеенко Ю. А. спирт ішімдіктерін ішіп отырып, өтіп бара жатқан оларға бейтаныс Ахметов, Сулейменов, Жайнабаевты көріп, оларға мәнсіз себептерді пайдаланып, оларға қатысты боқ сөздерді айтады. Ұрыс төбелеске айналып кетеді. Төбелес кезінде Моисеенко пышақпен қаруланып Ахметов пен Сулейменовке жарақаттар келтіреді. Аталған әрекеттердің нәтижесінде сот - медициналық сараптама актісіне сәйкес Сулейменовке денсаулыққа ауыр зиян, Ахметовке енген кесік жарақаттар, бас сүйегінің зақымдануы түріндегі денсаулыққа ауыр зиян келтірілген.

Алматы қ. Әуезов аудандық сотының 2002 жылдың 27 ақпанындағы үкімімен Моисеенко А. Ю. ҚК 103-бабының 2-бөлігінің «а, ж» тармақтарымен 5 жылға бас бостандығын айыру жазасы белгіленген.

ҚР ҚК 103-бап 2-бөлігінің «б» тармағындағы адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оның немесе оның жақындарының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі - қызметтік жұмысты немесе кәсіптік борышты немесе қоғамдық борышты жүзеге асырушы адамның және оның жақындарының денсаулығы. Бұл жердегі қызметтік борышты жүзеге асыру дегеніміз - адамның мемлекеттік немесе басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттерді жасауы. Ал, қоғамдық борышты атқару дегеніміз - кез-келген азаматтың өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам немесе жеке адамдар мүддесін көздейтін кез-келген басқа әрекеттерді орындау (қылмыстың алдын алу, қылмыскерді ұстау, т. б. ) . Кәсіби борышқа адамның кәсіби мәртебесі жүктейтін міндеттер жатады. Қылмыстық заң қол сұғушылықтан тек қана осындай қызметтік міндет пен борыштарды жүзеге асырушы тұлғалардың денсаулығын қорғап қана қоймай, сонымен бірге олардың жақындарының денсаулығын да қорғайды. Жақындар деген түсінікке арғы - бергі туыстарымен бірге онымен сүйіспеншілік қатынастағы адамдар да жатады. Мысалы, достар, күйеу баласы, қалыңдығы, қызы т. б.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «в» тармағында көзделген кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі болып кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамның денсаулығы табылады. Бұндағы адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз - оның физиологиялық немесе басқадай себептермен (жастығына, кәрілігіне, науқастығына, соқырлығына, кереңдігіне, ақсақтығына, есінен тануына, қатты мастығына, терең ұйқыда ұйықтап жатуына т. с. байланысты) қылмыскерге қарсылық көрсете алиауы. Дәрменсіздікке ұрланған және кепілге алынған жағдай да кіреді. Өйткені бұл жағдайларда да жәбірленушінің қылмыскерге өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге қарсылық көрсету мүмкіндігігі шектеулі.

Жәбірленушінің дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім болуы керек. Әйтпесе, дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім емес адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен емес, ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігімен сараланады.

Денсаулыққа ауыр зиян өзге де қылмыстарды жасау кезінде де келтірілуі мүмкін. Бұнда қол сұғушылық бір жағдайда денсаулыққа емес, өзге объектіге бағытталса, ал басқа жағдайларда - адам денсаулығына және кез - келген өзге объектіге бір уақытта бағытталады. Бұлай денсаулыққа ауыр зиян ҚР ҚК 179-бабымен көзделген қарақшылық кезінде де келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда қол сұғушылық бір уақытта адам денсаулығына және меншігіне жасалады. Бұндай әрекет тиісінше ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлігінің «д» тармағымен сараланады. ҚР ҚК 233-бабымен көзделген терроризм актісін жасау кезінде де зиян келтірілуі мүмкін, бірақ бұнда қол сұғушылық тікелей қоғамның қауіпсіздігіне бағытталған. Бұл қоғамға қауіпті әрекет 233-баптың 3-бөлігінің «б» тармағымен сараланады.

1. 2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы

Кез-келген қылмыстық істі тергеу кезінде ең алдыменен қылмыстың объективтік жағы - қылмыс құрамының негізін қалаушы анықталады, ал содан соң осының негізінде қылмыстың субъективтік жағы және оның белгілері -себеп, мақсат, ниет, т. б. анықталады.

Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз: белгілі жағдайларда
орында және уақытта өтіп жатқан, қылмыстық заңмен қорғалатыкн
объектіге зиян келтіретін нақты қоғамдық қауіпті мінез-құлықтың, қол сұғушылықтың сыртқы көрінісін сипаттайтын қылмыс құрамының құрамдас бөлі гі . Бұл әдетте, Қазақстан Республикасының Қылмыстық

Кодексінің Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетіледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-бөлігінің дизпозициясына сәйкес аталған бапта көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағын мыналар құрайды:

а) денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қоғамдық қауіпті әрекет;

б) денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі қылмыстық зардап;

в) әрекет пен аталған зардап арасындағы себепті байланыс.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қоғамдық қауіпті әрекеттің құқыққа қайшы іс әрекет жолымен де, әрекетсіздік жолымен де келтірілуі мүмкін. Әрекетсіздік жолымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, егер тұлға өзі жасауға міндетті және жасай алатын белгілі іс-әрекеттерді жасамаса, сол сияқты соның нәтижесінде басқа түлғаныің денсаулығына зиян келтірілсе ғана орын алады. Белгілі іс-әрекеттерді жасау міндеті заңнан (мысалы, ата-аналарының балаларының денсаулығына қамқорлық етуі) немесе басқа тұлғаның денсаулығына қауіп тудырған тұлғаның оған дейінгі мінез-құлқынан, не өзге де негіздерден туындауы мүмкін. Сот-тергеу тәжіребесіне сүйенсек әрекетсіздік шен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көп кездеспейді.

Қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекет деп адамның саналы және ерікті мінез құлқы түсініледі. Сондықтан егер, денсаулыққа ауыр зиян есі дұрыс емес адаммен келтірілсе, онда қылмыс орын алмайды, өйткені бұндай тұлға өзінің мінез-қүлқының қоғамдық қауіптілігін үғынбауына және оларды басқара алмауына байланысты қылмыстык-құқықтық мағынада әрекет етпейді. Қылмыстық-құқықтық мағынада есі дұрыс тұлға да әрекет етпейді, егер ол белгілі іс-әрекеттерді өз еркіне қарсы бой бермейтін физиологиялық күштің әсерінен жасаса. Мысалы, біреудің екінші адамды итеріп қалуынан, екінші адамның үшінші адамға соғылуынан, үшінші адамның жерге құлап, қолын шығарып алуы немесе сындыруы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Қылмыстық құқықтық пәні
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz