Византия империясының құлауы


К I Р I С П Е.
Отарлы, алып империялардың өмірге келуі, оның ұлттық езгерісіне ұшыраған халықтардың шеккен азабы, ақыры - ол отарлы империяның күйреуі туралы мәселенін қазіргі таңдағы маңыздылығы біздің осы тақырыпты таңдап алуымызға түрткі болды. Сондай бірнеше ұлттардың, халықтардың басын қосып, мың жылдан астам өмір сүрген күшті империяның бірі - орта ғасырлық Византия мемлекеті болды. Ал ХV ғасырдан кейін құрылған империялардың бірде-біреуі Византия империясы сияқты ұзақ билік құра алмады. Ең соңғы империялардың бірі - Россия бұрынғы отаршылдығын ТМД тәрізді құрылым көмегімен сақтап қалуға тырысуда. Россия сияқты алпауыттың үстемдігінен қалай толық құтылуға болады деген сұраққа жауап табуда Византия империясының тарихын зерттеудің маңызы зор деп санаймыз.
Ол Империяның этникалық құрамын, діни идеологиясын, әлеуметтік-экономикалық тарихын жаңа, жалпы адамгершілік тұрғысынан саралау біздің Қазақстан сияқты аяғына жаңадан тұрып келе жатқан ұлттық мемлекеттердің нығая түсуіне азды-көпті үлес қоса алады. 270 жылдың бодандық құрсауынан босанған Қазақстанның қазіргі ішкі және сыртқы жағдайы нығая түсуде. Дегенмен оның болашағын айқын бағдарлай түсу үшін тек өзінің емес, өзгелердің де өткен жолын жан-жақты саралап, сабақ алғаны дұрыс. Өткен замандардағы тағдырының ұқсастығы жағынан Қазақстанға жақын мемлекеттердің бірі - Византия империясы.
Византия Империясының негізін құраған гректер мың жылдан астам уақыт бойы бірнеше ұлттарды, халықтарды бір мемлекеттің ішінде араздық туғызбай билеп, төстеді. Халықтың аз бөлігін құрай отырып, гректердің өз үстемдігін ұзақ уақытқа сақтауының бір себебі, біздің ойымызша, олардың мәдениетінің жоғары дәрежеде дамығандығы болды.
Византия тарихына тек жаңа, жалпы адамзат құндылығы тұрғысынан қарағанда ғана ол бізге болашағымызды болжауға мүмкіндік беріп, артымыздан алға қарай жарық шашатын шырақ бола алады. Өйткені тек шындық тұрғысынан түсінуі, үйренуі бүгінгіге сабақ, болашаққа бағдар бола алады. Бұрынғы коммунистік идеология тұрғысынан жазылған еңбектердегі "тап күресі", "шаруалардың феодалдарға қарсы күресі" деген қағидалардан аулақ болып, этногенез және мемлекеттік құрылыс, өкімет билігі, оның әлеуміттік-экономикалық саясаты сияқты мәселелерге баса назар аудару ғана объективті шындыққа жеткізе алады.
Византия империясы мың жылдан астам өмір сүрді. Осы уақыт ішінде ол көп ұлтты орталықтандырылған мемлекеттің үлгісін құрды. Ол тек дүние жүзілік сауданың орталығы ғана емес, сонымен қатар қолөнері мен ауыл шаруашыльғы да дамыған ел болды. Оның әсіресе жер иелену тәжірибесі қазіргі заман үшін де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Византия империясының қолөнерде жеткен табыстары да көңіл аударарлық мәселенің бірі. Қоғам ішіндегі әртүрлі әлеуметтік-таптардың ынтымақтастығын қамтамасыз ете білу де екі материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің мың жылдан астам өмір сүруінің бір себебі болды. Ұлттық құрамы жағынан біркелкі елдердің өзі орта ғасырлар кезінде бытыраңқы өмір сүрді. Ал ХV ғасырдан кейін құрылған империялардың бірде-бірі Византия империясы сыяқты ұзақ өмір сүре алмады.
Мың жылдан сәл астам уақыт ішінде Византия империясында мәдениеттің де озық үлгісі жасалды. Бұл үлгі тек Византияға қарыздар славян халқы емес, жетсем-жетілсем екен, өсіп-өркендесем екен деген барлық халықтар үшін де өте пайдалы. Сондақтан да Византия мәдениетін, оның әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шебер шешу тәжірибесін үйрену өз тәуелсіздігін 260 жылдан кейін қайтадан алып отырған көп ұлтты Қазақстан Республикасы үшін өте мңызды мәселе деп пайымдаймыз.
Бірақ, өкінішке орай, бұл маңызды мәселе қазақ тіліндегі баспада өз шешуін тапқан жоқ. Сондықтан да біз диплом жұмысымызды Византия империясының тарихындағы ең күрделі кезең - оның әлсіреп, ыдырау, ақыры - құлау кезеңін зерттеуге арнадық. Ал мемлекеттің құлау себебінің бірі - әлеуметтік-экономикалық мәселелердің дұрыс шешімін таппауына байланысты болатындығы белгілі. Ол кезде жіберілген қателіктерді білу, ескеру бүгінгіге сабақ, болашаққа бағдар болады.
Бұл қағиданы басшылыққа ала отырып, біздің диплом жұмысымыз кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде диплом жұмысынын тақырыбын не себепті таңдап алғанымызды, ол тақырыптың бүгінгі мен болашақ үшін маңыздылығын ашып көрсете алдық деп есептейміз.
Бірінші тарауда біз Византия тарихының қаралып отырған кезеңіне арналған деректерге қысқаша шолу жасадық. Сол деректерге сүйене отырып империяның XI-ХV ғасырлардағы кеңістігі (территориясы), әкімшілік құрылысы, феодализм негізінде жаңа қоғамдық қатынастардың көріне бастауы мәселелерін қарастырамыз.
Екінші тарау бір кездегі алып империяның қалжырап, ыдырай бастауының, ақыры - құлауының негізгі себептерін қарастыруға арналды. Диплом жұмысының соңында пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі келтірілді.
І-ТАРАУ. ХІ-XV ғғ. ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
§1. ХІ-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ВИЗАНТИЯ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ.
Алғашқы екі жүз жылдыққа қарағанда ХІ-ХІІІ ғасырларда Ви-зантия империясы жөнінде деректер көп жиналған. Әсіресе Византия қаласының тарихына байланысты бұл кезеңнің археологиялық және нумизматикалық материалдарының маңызы зор. Қазіргі кезге дейін аз ғана қалалардың орта ғасырлық қабаттары зерттелген. Олар: Херсонес, Коринф, Афины, Пергам, Сард, Приена және басқа да қалалар. Ал Константинопольдің өте аз ғана участкалары зерттелген. Оның ішінде азды-көпті керамикалық, шыны жасау, құрылыс істері жақсырақ зерттелген. Ал басқа салалары болар-болмас қана зерттелген. Әсіресе соның ішінде Византия қолөнері, мата және зергерлік бұйымдары жеткілікті зерттелген. Жаңа археологиялық материалдар IX-XI ғасыр-лардағы Византия тарихын тағы да айқындауға және толықтыруға мүмкіндік жасайды.
XI -XIII ғасырлардағы жазулар саны айтарлықтай көп емес. Бұл көбінесе құрылысқа байланысты жазулар немесе моланың бетіне жазылған жазулар. Олар өте аз тарихи материалдар береді. Империяның айтылып отырған кездегі әкімшілік тарихын зерттеу үшін құнды, сондай-ақ саяси уақиғаларды хабарлайтын жазба деректер сирек кездеседі.
Сонымен бірге, ІХ-XIII ғасырлардағы Византия праволарына байланысты көптеген деректер кездеседі. Византия заң естеліктері Рим правасының тұжырымдарына бағынышты. Көптеген жағдайларда талассыз ескірген заң ережелері ретінде қарастырылады. Әрине бұл ескірген заңдардан дәл сол кездегі Византия империясындағы қоғамдық қарым-қатынастың шын мәнін білу қиын. Бұған дәлел IX ғасырдың аяғында шыққан праволар жинағы: «Василики». 1 Ол грек тіліне нашар аударылған, онда Юстиниан правосының негізгі ережелері берілген.
Сондықтан «Василикиде» көптеген ескірген заң нормалары кездеседі. Олай болу себебі ескі аудармаларында ежелгі грек сөздері пайдаланылған. Сондықтан бұл заңның жинағын пайдаланғанда ерекше абайлау керек. Сонымен бірге «Василики» Византияның заң праволарын түсіндірудегі өте маңызды дерек болып табылады. Сол кездегі қоғамдық қатынастар туралы көптеген ақиқат деректер басқа праволық жинақтарда көптен кездеседі. Мысалы, I Василий кезінде жасалған «Прохиронда» және Фотидың қатысуымен жасалған заң жинағының жобасы іспетті «Эпанагогада» көрсетіледі. ХІ-ХІІІ ғасырлардағы заңдар, императордың иконға қарсы күресі кезіндегідей әлдеқайда бай.
1 . А. П. Каждан. Василики как исторический источник - ВВ, ХІV, 1988, с. 56-66.
Император VІ Лев пен оның кейінгі ізбасарларының новеллаларында әлеуметтік қарым-қатынастың маңызды мәселелері қамтылған. Өкінішке орай осы кезге дейін Византая новеллаларының сын көзбен бағаланған жаңа тексті жоқ.
Византия императорларының қаулыларынан басқа сол кездегі практикасына байланысты құжаттар басқа судъялардың анықтамалары белгілі. Мысалы, XI ғасырдағы судья Евстафий Романның қаулылар жинағы сақталған. Ол «Пира» яғни «Тәжірибе» деп аталады. Онда Византия правосының әр-түрлі жақтары көрсетіледі.
Ерекше заң естеліктерінің бірі X ғасырдың басында құрылған «Эпарх кітабы» болып табылады. Бұл жинақ Константинополь қолөнер-лері мен көпестері коллегиясының уставы. Ол Византия астанасындағы өнеркәсіпті және сауданы ұйымдастыру тәртібімен, қаланың ішкі өмірімен түбегейлі таныстырады.
Деректердің мұндай түрлеріне канондық хұқ (право) естеліктері, патриарх қаулылары, собор шешімдері жатады. Олар тек шіркеудің ішкі істерінің мәселелерін ғана емес, сонымен қатар Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихының проблемаларын да деректердің ерекше тобын трактаттар құрайды. Алдымен оған «Алым-салық туралы трактат» кіреді. Ол Византия империясындағы алым-салық жүйесін сипаттайды және аграрлық құрылыстың көптеген негізгі мәселелерін бейнелейді. X ғасырдағы соғыс өнеріне байланысты трактаттар сериясы сол кездегі византия армиясын зерттеу үшін өте құнды материалды қамтиды. Сонымен бірге оларда алым-салық пен аграрлық қарым-қатынасқа байланысты трактаттар сериясы сол кездегі Византия армиясын зерттеу үшін өте құнды материал болып табылады. Сонымен бірге оларда алым-салық пен аграрлық қарым-қатынасқа байланысты мәселелер де қамтылған.
Іс қағаздарының Византиядағы IX - ғасырдың аяғындағы аграр-лық қатынастарды зерттеу үшін маңызы өте зор. Бірақ, бізді қызықты-ратын кезеңнің іс қағаздары көп емес және олардың арасында ең керектісі жер үлестері туралы мәліметтер жоқ. Фив ауданына қарасты ХІ ғасырдағы мемлекеттік көзқарастағы үзіндіде тек салық мөлшері ғана хабарланады, ал жер үлесінің көлемі туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Императордың сыйлыққа берген жері, сот протоколының көшірмелері, грамоталар ондап кездеседі және олардың бәрі Афон мо-настірінің онтүстік Македониядағы иелігіне тиісті. XI ғасырдағы бірнеше мұрагерлік қағаздар Евстафий Войлдың мұрагерлігінде келтірілген. Біз одан иеліктер туралы нақтылы әңгімелер табамыз.
Іс қағаздарына сондай-ақ монастырлық ктиторлық уставтар- монастырь өмірінің ережелері де жатады. Бұл уставтарда кейде монастырға тиесілі жерлер суреттеледі және монастырлардың мо-настырлық жерді ұстаушыларға қарым-қатынасын көрсетеді. Типикон - устав, жарғы деген сөз. Аграрлық тарихқа байланысты көбірек бағалы деректі Бачков монастарының типиконы береді. Ол монастырь Болгарияда XI ғасырдың аяғында құрылған болатын.
Саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихқа байланысты маңызды деректерді біз әлі де болса нарративтік деректерден табамыз. Әрине, ол деректер көбінесе субъективтімен суреттелген және де жиі бұрмаланып отырады. XI ғасырдың екінші жартысы мен XII ғасырға жататын тарихи шығармалар мазмұны жағынан бұрынғы хроникаларға қарағанда өте бай.
Аграрлық қатынастар жөніндегі құнды мәліметтер Болгариядағы Бачков монастырынан басқа Энос маңында XII ғасырда ашылған әлем құтқарушысының монастырының типиконыңда да кездеседі; Констан-тинопольдегі Пандократор монастырының уставында монастырь ауруханасы жайлы өте бағалы деректер бар. 1
XII ғасырға қарай шіркеу тарихындағы уақиғаларға көп көңіл бөліп отыратын дүниежүзілік тарихи хроникалардың орнына тарихи баяндаудың басты түрі - қысқа мерзімді суреттеу келді. Сол кездегі дүние-жүзілік тарихи хроникалардың ішіндегі ең маңыздысының бірі XII ғасырдың І-жартысында аяқталған Иоанн Зонараның «Қысқаша трихы» болып табылады.
Ол шығарма дүниенің пайда болуынан бастап 1118 жылға дейінгі оқиғаларды қамтыған. Зонараның бұрынғы бүкіл дүние жүзілік тарихи хрониканың авторларынан айырмашылығы-антика жазушыларының еңбектерін, сонымен бірге, византия тарихшыларының да еңбектерін пайдаланғандығы, олардың көзқарасындағы қарама-қайшылықты да көрсетіп отырғандығы. Зонара пайдаланған Византиялық авторлардың шығармалары бізге баз қалпында бұрмалаусыз жеткізілген. Зонара кітабы Византия тарихынан гөрі Рим иипериясының тарихына арналған құнды дерек болып табылады. Тек XI-XII ғасырлар үшін ғана Зонара өте бағалы деректер келтірілді.
Византияшылдар үшін өте маңызды басқа дүниежүзілік тарихи хроника - Георгий Кедриннің «Тарихқа шолу» кітабы больш табылады. Бұл шырарма 1057 жылға дейінгі оқиғаларды қамтыған. Сонымен бірге өте қарапайым, онша көп талқыланбаған. Бірінші бөлімі Феофанның хроникасына ұқсатылып жазылған. Ал екінші бөлімі ХІ ғасырдың ая-ғындағы көрнекті Византия чиновнигі Иоанн Скилицаның «Тарихты шолу» деген еңбегінің көшірмесі сияқты. Оның соңғы шығармасы, 811-1057 жылдар аралығын қамтиды. Ол көптеген қолжазбаларда сақталған, өкінішке орай осы уақытқа дейін басылып шықпаған.
XI ғасырдан бастап тарихи шығармалардың жаңа түрі кездеседі. Тарихшы болған уақиғаны тек баяндап қана қоймайды, енді ол өз атынан сөйлей бастайды. Өзінің соғыс жағдайында немесе саяси күресте не істегені жайлы айтады. Замандастарының іс-әрекеттеріне баға береді. Мұндай естеліктің бірінші түрі Михиал Пселлдің хронографиясы болып табылады. Ол 976-1078 жылдардың оқиғаларына арналған.
1 . История Византии. В трех томах. М., 1967, т. 2, С. 108.
Бұл оқиғалардың көбіне автордың өзі де белсенді тұрде қатысқан.
Пселл өз кезеңінің тарихын тәптіштеп дәл сол күйінде көрсетуге тырыспайды. Кейбір маңызды оқиғаларды тастап кетеді. Басқалары жайлы үстірт жазып кетеді. Оның мақсаты сол кездегі Византия императорларына, олардың фавориттері мен ашыналарына мінездеме беріп, сарай төңкерістері мен алдау-арбау жайлы баяндау болды.
Пселл өте жақсы бақылаушы және өте қатаң судья, антика мәде-ниетін мойындаушы Пселл, ырымшылдық пен астрологияны әжуа етеді. Ол император билігіне де құрметпен қарамайды. Бірақ та патшалық құрушы император Михаил VII Дуканы Пселл жер-көкке сиғызбай мақ-тағанымен, ол император билігі адамды азғындатады деген ойдан аулақ емес. Билік құрушы императорды зұлым да пайдақор деспот ретінде де көрсетеді. Ұсақ чиновник ортасынан шыққан мақтаудан-да жиіркенбей, қастандықтарға қатысудан да бас тартпай, қызмет баспалдағымен жоғары көтерілді. Халық туралы да ол онша жақсы ойда емес, бірақ вельможалар өмірі де оның құрмет сезімін туғызбайды. Сондықтан да оның баяндауында пессимизм басым.
Пселлдің замандасы Михаил Атталиаттың «Тарих» деген еңбегі 1034-1079 жылдардағы уақиғаларға арналған. Пселлге қарағанда Ат-талиат көбірек әдет-ғұрыпқа мән береді және өзі туралы өте аз айтады. Ол құдайдың тарихи оқиғаларға тікелей қатысы бар екендігін қорғайды. Атталиат феодалдық ортаны ашық жақтайды. Никифор ІІІ Вотаниаттың рыцарлық ерліктерін, оның жомарттығын мақтан етеді.
Сол кездегі Византия хронографиясындағы естеліктердің ішін-дегі неғұрлым апологеттік сипаттағы шығармалардың бірі император I Алексей Комниннің үлкен қызы Анна Комнмнаның «Алексиадасы» бол-ды. 1 Ол өз әкесінің қызметтерін мадақтап жазады. Алғашында көрнекті әскери қолбасшы болған І Алексей Комнин 1081 жылдан император болды. Алексейдің бейнесі тым Қаһарман етіп көрсетілген, ал жау-ларының бәрі - кресшілдер болсын, богомильдер болсын, - өте айлакер, сұм дұшпан ретінде бейнеленген.
Атталиат сияқты Анна да рыцарлық ерлікті жоғары бағалайды және де ең қарапайым фактілерді құдайдың араласуымен болып отыр деп түсіндіреді. Бірақ Алексейдің ішкі және сырқы саясатынан өте жақсы хабардар болуы, жазушының бақылаушылығы және тартымды бейнелей білуі арқасында «Алексиада» византия хронографиясының құнды естеліктерінің бірі болып қалды.
Сондай-ақ, тарихқа байланысты әр-түрлі хабарлар Кекавменнің ақыл кеңестерінде де кездеседі. (ХІғ. ) Оның шығармасы «Кеңестер мен әңгімелер» деп шартты тұрде аталады. Мұнда сарай қызметкерлерінің немесе провинция басқарушысының өзін қалай ұстауы керектігі жайлы кеңестермен қатар көрші елдермен қақтығыстар және провинциялық көтерілістер жайлы әңгімелер де кездеседі. Бұл уақиғалар кейінгі кездегі
1 . Анна Комнина. Алексиада. М., 1965.
хроникаларда мүлдем кездеспейді немесе кездессе де үстірт қаралған.
Нарративтік деректердің үшінші тобы - тұрмыстық әдебиеттер. Тұрмыстық әңгімелер тарихи дерек ретінде ІХ-ғасырдың ортасынан бері қарай маңызын жоғалта бастайды. Кейбір тұрмыстық әңгімелер саяси және шіркеулік күрестер тарихынан материалдарға бай. Мысалы Никита Пафлагонның «Патриарх Игнатийдің өмірі» деген еңбегі IX ғасырдың екінші жартысындағы шіркеулік бүліктер тарихында маңызды деректерінің бірі болып табылады. Көп жағдайда тұрмыстық әңгімелер саяси жағдайларға аз тоқталады. Оның орнына византиялық провинцияны зерттеу үшін құнды өмір нақыштары көп кездеседі.
Ақыры нарративтік деректер қатарына өлең және проза түріндегі беллетристикалық шығармаларды жатқызуға болады. Кейде олардың сюжеті болған тарихи уақиғаны баяндайды. Көп жағдайда уақиғалар ойдан шығарылған. Бірақта осы естеліктердегі ымдаулар болған оқиғаны қалпына келтіру үшін, тіпті болмаса сол оқиғаға қоғамдағы топтардың козқарасын анықтау үшін өте құнды материал болуы мүмкін. Одан басқа Х-ХІІ ғасырлардағы византия ақындарының (Йоанн Геометр, Федор Продром, Иоанн Цец және басқалар) өлеңдері византиялықтардың күнделікті өмірін және византия қоғамының көзқарасын түсінуде жеткілікті пайдаланылмаған мәліметтер береді.
Деректердің өте ерекше тобын византиялық естеліктердің шешендік өнері құрайды. Шешендік өнерге хаттар мен сөздер жатады. Олар болып кеткен оқиғаның артынша жазылып отырады. Сол себепті де шыңдыққа жақын тұрады,
XI ғасырдың ортасы мен ІІ-жартысындағы эпистолографиялық ескерткіштер қатары өте мол. Иоанн Мавранодтың хаттары мен сөздерінен біз саяси және идеялық күрестің сипатын көреміз. Сондай-ақ Пселланың көптеген хаттары қоғамдық қарым-қатынастар мен әкімшілік тарихы туралы маңызды дерек болып табылады.
Әсіресе XII ғасырдың аяғындағы көптеген шешендік шығармалар сақталып қалған. Сол кезге тән діни әдебиеттер империяның ішкі тарихынан үзінді хабарлар ғана береді. Дегенмен, полемикалық шығармалар халықтық қозғалыстар мен ішкі саяси күресті түсінуде нақты дерек болып табылады. XI-XIII ғасырлардағы көптеген византиялық шешендік және діни шығармалар әліге дейін қолжазбаларда сақтаулы тұр. Әсіресе Эскуриалдық кодекс У. 11. 10. атақты. Онда әлі баспаға шығарылмаған XI ғасырдың ІІ-жартысындағы византиялық жазушылардың хаттары мен сөздері бар.
Сондай-ақ византиялық естеліктерден басқа шет тілдегі құжаттарда да византия империясы жайлы деректер бар. Бұл таным славян ескі француз, скандинав және көптеген шығыс тілдеріндегі шығармалардан көрінеді. Бұл деректерден біз халықаралық қатынастарды кеңінен байқаймыз.
Шет тілдегі деректер бірнеше категорияларға бөлінеді. Оған бірінші орында византияның арнайы құжаттары кіреді. Мысалы: орыс-византия келісімдері тек орыс жылнамалары арқылы белгілі. Немесе Алексей І Комниннің граф Роберт Фландарскийге жіберген сәлемдемесі т. б. Византия тарихының сонғы кезеңі деректермен алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда жақсы қамтылған. ХІІІ-ХV ғасырларда бір жағынан көп жазылса, екінші жағынан бұл кейін жазылған деректер жақсы сақталған. Бұл деректерді негізінен үш топқа бөлуге болады; императорлардың тарту грамоталары, 1 (хонсовулдар мен простагмалар), тіркемелер, 2 (опистер) және көпестік грамоталар. 3 Тіркемелер шаруалар мен феодалдардың жер көлемі, салық түрлері мен мөлшері, т. б. құнды мәліметтер береді. Ал хрисовулдар мен простагмалар византиялық құқықты қатынастырды зерттеу үшін құнды материал болып табылады.
1335 ж. Фессалоник монағы Матвей Властарь «Синтагма» деген заңдар жинағын құрастырған. Ондағы баптар алфавит бойынша орналас-қан. Заң саласындағы бағалы еңбектердің бірі - ХІV ғасырдың ортасында жазылған Псевдо Кодиннің «Константинополь сарайы мен Ұлы шіркеудегі мансаптар туралы» трактаты.
ХV ғасырдағы империя өмірі туралы мәліметтер біздің зама-нымызға дейін сақталған Фессалоники митрополиясының қызметкері 1419-1437 жж. аралығында жүргізген күнделік.
Сондай-ақ византиялық тарихшылардың империяның соңғы жүз жылдығы жайлы көптеген шығармалары сақталған. Оның бірі Георги Пахимердің «Тарихы». 1259-1308 жылдардағы империя жағдайы жайлы өте құнды дерек.
Никифор Григораның «Ромей тарихы» 1204-1359 жж. аралығын қамтиды. Григораның бұл еңбегіне қарама-қарсы жазылған Иоанн Кан-такузиннің «Тарихы» 1320-1356 жж. аралығындағы империяның әлеуметтік-экономикалық өмірі жайлы өте құнды еңбек.
1391 жылдан 1462 жылға дейінгі Византия империясы, оның құлауы жөніндегі Дуканың шығармасы тарихшылар үшін өте құнды деректердің бірі. Түріктерді жек көре отырып, Дука Батысты Византияға, көмекке келмегені үшін қатты кінәлайды.
Дуканың замандасы Георги Сфарандзидің шығармалары 1413-1477 жж. аралығындағы уақиғаларды баяндайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz