Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру



Кіріспе
Негізгі бөлім.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы.
Өзіндік жұмыстардың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын
ұйымдастырудың теориялық негіздері
Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы
мен бүгінгі жағдайы.
Өзіндік жұмыстардың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер
қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігін терең сезіліп отырған
бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлыќ
мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Бұл мақсаттың шешімін
табуда оќушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі - өзіндік жұмыстардың
алатын орны ерекше. Сондықтан олардың мазмұнын, формаларын жетілдіру өзекті
мәселелер қатарынан орын алады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша
оқушының оқу жұмысыныз жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды
орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді
шешу талап етіледі.Осының нәтежиесінде оқушылар өздігінен бақылауды
үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім,
еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек
қалыптасады.
Оќушылардың өзіндік жұмысы туралы мәселе көне заманнан бастау алады.
Ежелгі грек философтары (Сократ, Платон, Аристотель) баланың өз бетімен
білім алуының мәнділігін ерекше атап өткен болатын. Оқытудың тиімділігін
арттыру құралы ретіндегі оқушылардың өзіндік жұмысы туралы пікір
Я.А.Коменскийдің, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің және
т.б. еңбектерінде тереңдетілді.
Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы да
басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жұмыс оқушылардың өзін-өзі
бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталды.
Соңғы он жылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық-
әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып,
әртүрлі бағытта қарастырылды:
- оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
- оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған
теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов,
Н.Н.Половникова);
- дербестік- өзіндік ұстаным, рухани-практикалық білім ретінде
(Л.П.Буева, С.Т.Зырянов);
- дербестік - жеке тұлѓаның қасиеті мен сапасы ретінде
(К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов).
Көрнекті психологтар Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов
зерттеулерінің нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық
мүмкіндіктері айқындалды. Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н. Леонтьев
оќыту мен дамудың өзара байланысын ашып көрсетті. Бастауыш сынып
оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемалары А.Х.Аренова,
Н.Н.Светловская, А.Я.Савченко, М.И.Моро, В.КБуряк, Н.К.Калашникова және
т.б. мазмұнды еңбектерінде кеңінен қарастырылды.
Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге
олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, алған білімін өз
бетінше жетілдіруге, толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен
қолдана білуге мүмкіндік жасау қажет. Сондықтан оқушылардың оқу
процесіндегі өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру педагогика ғылымының өзекті
проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынады.
Жоғарыда аталған психологтар мен педагог-ғалымдардың еңбектерінде
оқытудың мақсаты оқушыларға “оқу” деңгейінен “өздігінен білім алу”
деңгейіне мүмкіндік беретіндей нақты шығармашылы әрекеттерді меңгерту
екендігі айтылған. Бүгінгі мектеп үшін оқушылардың өзіндік жұмыстары
мәселесі жаңалық емес, бірақ қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құруларға
байланысты жалпы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай оқыту
үдістерін, құралдарын жетілдіру аса қажет. Демек, зерттеу жұмысының
көкейкестілігі Қазақстандағы жаңаша білім беру жүйесіне сәйкес оқыту
процесін жетілдіруге ықпал ететін өзіндік жұмыстардың сапасын арттыру
қажеттілігіне байланысты тәжірибе талабынан туындайды.

Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде
өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының
қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы
Бастауыш сыныптарды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз
бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Білімнің негізі бастауыш
сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап,
оқушылардыѕ өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігін де қалыптасуы тиіс.
Атап айтсақ: жаѕа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті
талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу,
өзінің оқу іс -әрекетін бақылау жасай білу т.б. Осындай іскерліктерді
қалыптастыру – оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және
жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мәселенің зерттелу тарихы көне замандардан бастау алады. Көне
грек оқымыстылары Архимед, Аристоник, Платон, Аристотель баланың білімді өз
еркімен, белсенді және ізденімпаздықпен меңгеруінің мәнін терең, әрі жан-
жақты тұжырымдап берді. ұлы ғұламалар өз ой-пікірлерінде адамның ойлауы өз
бетімен жұмыс істеу әрекетінде ғана дұрыс дамитынын, ал жеке тұлғаны
жетілдіру және оның қабілеттерін дамыту өздігінен танып-білудің нәтижесінде
ғана мүмкін болатынын (Сократ), мұндай іс-әрекет балаға қуаныш пен ләззат
сыйлап, оның жаңа білімді алуға немқұрайлы қарауын шектейтінін дәлелдеді.
Бұл қағидалар мектеп пен педагогикалық ой-пікірлер дамуының барлық келесі
кезеңдерінде көптеген педагог-ғалымдар зерттеулерінің пәні болып табылды.
Өздігінен жұмыс іс-әрекеті проблемасы әрі қарай Франсуа Рабе, Мишель
Монтен, Томас Морр, Томаза Компонелла еңбектерінде қарастырылады. Бұл ойлар
орта ғасырдағы мектептерде схоластика, догматизм, жаттандылықтан арылу үшін
баланың ізденімпаздығын қалыптастыру талабынан туындаған еді. Ол үшін
балаға өздігінен жаңа білім алып, заттың дәмін өз бетімен татып көру керек
(Монтен), яғни танымның жолын өзі тадағаны жөн.
Өскелең ұрпақтың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шетел және
отандық педагогиканың көрнекті цикілдері мұраларында басты орын алды.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің еңбектерінде оқушыларды өзіндік іс-
әрекетке тартудың ұйымдастырушылық-практикалық мәселелері терең
қарастырылды. Мұнда проблеманың негізгі қағидаларының теориялық
тұжырымдамасының пәні - оқыту, оқушының іс-әрекетінің табиғатын терең
зерттемей және талдамай мұғалімнің әрекет етуі болады, ол бірнеше жылдар
бойы жемісті дамытылды және қазіргі дидактикада да белгілі орын алады.
Я.А.Коменский Выход из школьных лабиринтов атты ењбегінде
оқушылардың дербестігі табиғи нышанында дейді. Ол оқушылардың білім
дербестілігі мен өзіндік әрекеттілігінің әрбір кезеңдерін грек
терминдерімен белгілейді, атап айтқанда:
1. Автопсия (өзіндік бақылау);
2. Автопрасия (практикалық жүзеге асыру);
3. Автохресия (алған білім, біліктілік және дағдыларын жаңа жағдайларда
қолдану);
4. Автолексия (өз іс-әрекеті нәтижелерін өз бетімен баяндай білу
іскерлігі).
Бірақ Я.А.Коменский балалардың табиғи нышандарын оқыту әдістерімен
байланыстыра алмады.
Оқыту барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерінің жекеленген
аспектілерін ашып көрсетуге, оқытудың тәсілдерін бірізділікпен сипаттауға,
оны оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға
және оған философиялық-психологиялық, физиологиялық және дидактикалық
тұжырымдама беруге талпыныстар мен ұмтылыстарды ең алғаш рет К.Д.Ушинский,
Л.Н.Толстой және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдыњ басындағы озық ойлы
педагогтар жасады.
К.Д.Ушинский “Халық мектебі білімінің міндеті балалардың ақыл-ой
қабілетін дамыту, айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға
олардың табиғи түрде дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше
құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс жетілдіру”,- дейді (56, 123). Ол
мектеп білімі арқылы баланың ақыл-ой қабілетін, ойлауын, сөзін т.б.
қаншалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет болса, оны заманының
жүйеге түскен білімдерімен қаруландыру (материалдық білім беру) да
соншалықты қажет екендігін айтты. Білім берудегі бұл екі міндет бір-
бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты оларды бір-біріне қарсы қою да
теріс. Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни оқу баланы аќыл-
ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын тұтас процесс болғандықтан, оқу
үстінде баланың тиісті білімдерімен қоса ақылын да байыту, сол сияқты
формальды әрекеттерді, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі
тиіс деп дәлелдеді. Сөйтіп, ол дидактиканың негізгі проблемасы - формальдық
және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.
К.Д.Ушинский оқытудың догматикалық әдістері мен мектепте құрғақ
жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да жұмысын, іс-әрекетін
шығармашылық процесс деп қарастырды. Ал оның негізі - ойдың, ақылдың
жұмысы. Оқу - еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс, бірақ оқудың
қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі
еңбек болатын болсын деген талап қойып, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін
тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлді.
Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, олардың өзіндік жұмыстарды орындауын
К.Д.Ушинский қандай да болмасын жемісті оқудың бір ғана берік негізі -
деп есептеді. Бұл жерде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу
қажеттігін атап көрсетеді: үнемі балаға өзінің әлі жететіндей жұмыс беру
керек және оған тек күші жетпей жатқанда ғана көмектесу қажет, бұл көмек
баланың жасы өскен сайын әлсірей түсуі тиіс (56, 41). Мұның барлығы
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында өзінен бұрын өмір сүрген және сол
кезеңдегі әріптестеріне қарағанда оқушылардың өзіндік жұмысы ілімінің
дамуында маңызды қадам жасалғанын дәлелдейді.
Оқушылардың өзіндік жұмыс идеясы біршама басқаша аспектіде
Л.Н.Толстойдың мектептегі тәжірибесінде дамытылды. Немістің теориялық
оқытуында етек алып, Батыс - Европа мен орыс мектептерінің іс-тәжірибесінде
таратылған оқыту теориясы мен практикасындағы интеллектуализмді сынай
отырып, Л.Н.Толстой балаларды оқытудың құнды тұжырымдамасын жасайды. Бұл
тұжырымдаманың негізгі қағидасы - баланың өмірлік тәжірибесін есепке алу,
оқыту процесіндегі өзіндік жұмыс арқылы оның әрекетіне ерік беру. Өзіндік
іс - әрекет теориясын педагогика, физиология және психология ғылымдарының
тығыз байланысы негізінде жасаған К.Д. Ушинскийден айырмашылығы Л.Н.
Толстой бұл мәселеде өз тәжірибесіне сүйенді. Дербестікті дамытудың негізгі
факторлары ретінде Л.Н. Толстой оқушының жеке тәжірибесі мен оның қоршаған
ортасын ерекше атап өтті.
Н.К. Крупская, А.И. Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.П.
Пинкевич, М.С. Пистрак және т.б. еңбектерінде өзіндік жұмыс проблемасы
білімдік, дидактикалық және жалпылама тұрғыдан терең қарастырылады.
Н.К. Крупская бұл теорияны оқушылардық дербестігін қалыптастыру
проблемасын табысты шешу оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру арқылы ғана
жүзеге асырылады деп тұжырымдады. Бұл қағида А.В.Луначарскийдің,
П.П.Блонскийдің және т.б. еңбектерінде жан-жақты нақтыланып, сапалы түрде
айқындалды.
20-30 жылдары педагогика ғылымында өзіндік жұмыстың мәнін айқындауға,
өзіндік жұмыстарды пайдаланудағы мектеп тәжірибесін сипаттауға көңіл бөліне
бастады. Бұл кезең өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін
жасау, әсіресе оқулықпен және кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру мәселелеріне бай болды. Дәл осы кезеңде Н.К. Крупскаяның
“Кітаппен қалайша өздігінен жұмыс істеу керек” мақаласы жарық көрді, ол
педагогикалық ортаға жақсы танымал болды. Бұл мақалада кітаппен жұмыс
істеудің әдістемесі жан-жақты беріледі. Педагог-теоретиктер мен мұѓалім-
практиктердің күш салуының арқасында бұл кезеңде кітаппен жұмыс істеудің
белгілі бір жүйесі қалыптасып, оның нақты түрлері бөліп көрсетілді: сыныпта
оқылған параграфты әңгімелеп беру, оқылған материал бойынша жоспар құру,
оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс, оқулықтың материалы негізінде схемалар,
кестелер, диаграммалар құру және т.б. (28, 47).
30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында алдыңғы қатарлы
педагогтар Р.М. Микельсон, Е.Я. Голант, П.Н. Груздев, кейіннен 50-ші
жылдардың ортасы мен 60-шы жылдардың басында И.Т. Огородников, М.Н. Скаткин
және т.б. сабақта оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен
қолдануға жүйелі түрде кірісіп, өзіндік жұмыстың дидактикалық-әдістемелік
аспектілерін ашып көрсетуге көп көңіл бөлді. Осы кезеңде өзіндік іс-әрекет
процесі мен құрылымының мәнін зерттеу не жаңа материалды меңгеру барысында
оқушылардың психикалық процестерін, не өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың
әдістемелік тәсілдерін қарастыруды көздеді, әсіресе соңғы проблемаға
көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды. Мұндай
зерттеулердің тақырыптары сан алуан бола отырып, орта мектептегі барлық
сыныптарда оқу процесінің бөлімдерін қамтыды. Мұнда сабақ жүйесіндегі
өзіндік жұмыстардың ролін түсіндіруге, жаңа материалды мұғалімнің түсіндіру
барысында оќушыныњ өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен олардың
мазмұнын анықтауға, жаңа материалды өздігінен оқып-үйрену, білім, білік,
дағдыны бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны кезектегі тексеру,
оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу және т.с.с. кезеңдерінде
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.
Е.Я.Голанттың Оқушылардың өзіндік жұмыстарының маңызы атты
мақаласында автор өзіндік жұүмыстардың негізгі үш элементін ажыратты:
- ұ¦йымдастыру- техникалық дербестілік;
- Ойдың дербестілігі;
- Іс-әрекеттің, қимылдың дербестілігі.
Автордың пікірінше, бірінші элемент оқушының жұмысты жоспарлай білуін, өз
уақытын бөлу, жұмыс орнын ұйымдастыра білуін білдіреді. Білімдік жұмыстың
техникасын игеру үшін оқушы мектепте рациональды оқуға және кітап
материалдарын меңгеруге, кітапхана каталогы, сөздіктерді пайдалана білуге,
тәжірибе хаттамаларын жазуѓа т.б. үйрену керек.
Автор ойдың өзіндік жұмысы - бұл материалды іріктеу, оны жүйелілеу,
салыстыру, қорытындыны тексеру, алынған қорытындыны жаңа мәліметтермен
бекіту, өз бетінше шағын тұжырым жасау, т.б. деп түсіндіреді. өзіндік іс-
қимыл дербес жұмыстың құрылымын заңды түрде аяқтайды.
Сондай-ақ Е.Я.Голант оқушылардың дербестіліктерін дамыту мүмкін болатын
іс-әрекеттіњ үш бағытын белгіледі: танымдық, практикалық және ұйымдастыру-
техникалық.
Е.Я.Голант дидактикалық талап бойынша өзіндік жұмыстың теориялық
мәнін қарастырған алғашқы ғалым болды.
Біқќатар зерттеулер өзіндік жұмыстарды оқушыларда өзін-өзі бақылау
тәсілін қалыптастыру құралы ретінде қарау, оларды оқытудың басқа құралдары
мен әдістері жүйесінде тиімді пайдалану жолдарын айқындау мәселелерін
көтерді. Әсіресе өзіндік жұмыстарды оқушылардың ақыл-ойын тәрбиелеу құралы
ретінде жекешелендіруге ерекше көңіл бөлінді.
60 - 70 жылдарда жаңаша өзгерістер байқалды. М.А. Данилов, Б.П.
Есипов, П.И. Гора, Н.Г. Дайри, И.Я. Лернер, И.И. Малкин және т.б. өз
зерттеулерінде көбінесе оқушылардың өзіндік жұмысы мәселесін терең және
тұжырымды түрде қарастырды.
Бұл зерттеулерде сабақтың тиімділігі ең алдымен оқушылардың өзіндік іс
- әрекетін белсендіруге және сабақтағы оқушылардың іс - әрекетінің дұрыс
өзара байланысына тәуелді екендігі көрсетілді. өздерінің эксперименттік
зерттеулерінде олар мектептегі оқу барысында оқушылар тек белгілі бір
ғылыми білімдерді алып қана қоймай, оларды өздігінен жасай білуге үйрену
қажет деген қағиданы ұстайды. Оқыту процесінің осы екі жағы бір-бірімен
тығыз байланыста болу керек.
Өзіндік жұмыстар мәселелері бойынша зерттеу еңбектерінде Б.П.Есипов
дидактикалық міндеттерді ұсынды. Б Есипов теориялық қолданбалы сипаттағы
дидактикалық міндеттерді ажырата білді:
- оқушылардың меңгерген білімдерінің беріктілігі және саналылығын
арттыру;
- бағдарлама талабына сай біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
- меңгерілген білім, біліктілік және дағдыларды пайдалана білуге
оқушыларды үйрету
- ақыл-ой және дене еңбегі мәдениетіне оларды баулу;
- өз бетінше еңбек етуге үйрету;
- болашақта өз бетімен өз білімдерін көтеру үшін тиімді еңбек етуге
оқушыларды даярлау.
Б.П.Есипов өзіндік жұмыстардыњ белгілі бір түрлерін ажыратып көрсетті,
атап айтқанда:
а) жаңа тапсырманы қабылдау және түсіну ұѓымы;
б) білімдерді бекіту және жетілдіру;
в) білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру, бекіту және жетілдіру;
г) білімдерді шығармашылықпен қолдану және біліктілік пен дағдыларды одан
әрі дамыту;
д) білім, біліктілік және дағдыларды тексеру.
Оқушылардың дербестігін дамыту және олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
құралдарын іздеу проблемасы шетел дидактикасында да ерекше орын алады (А.
Улиг - Германия, М. Марков - Болгария, Дж. Брунер, М.Бедфорд – АҚШ, В.
Оконь - Польша, т.б.) Мәселен, А. Улиг оқушылардың өздігінен білімді
меңгеру процесінде іс-әрекеттің қайта жаңғыру (репродуктивті) және
шығармашылық (өнімді) процестерін бөліп көрсетеді. Мұныњ ішінде автор
шығармашылық процесті оқушының мұғалімнің басшылығымен жасайтын іс-әрекеті
және толығымен өздігінен орындайтын іс-әрекеті болып бөлінетіндігін
көрсетеді. Осы білудің негізінде оқыту мен оқу әдістерінің жіктемесі оқыту
процесінің екі жақты іс-әрекетінің түрлері - мұғалімнің оқытушылық іс-
әрекеті және оқушылардың өзіндік іс-әрекеті түрінде беріледі. “Оқыту
процесі” атты кітабында ол оқушылардың бұрын меңгерген білімін пайдаланудың
екі жолын бөліп көрсетеді:
1. Ұқсас тақырыптар бойынша есептер шығаруда бұрын алған білімдерін қолдану
(дағды немесе ассоциацияны генерализациялау).
1. Есептердің неғұрлым күрделі түрлерін шығаруда, яғни принциптер мен
қатынастардың өзгерісінде оқытудың нәтижелерін қолдану.
Дж. Брунер “Таным туралы”, “Оқыту теориясы” еңбектерінде оқытудың ең
тиімді құралдары ретінде оқушылардың білімді өздігінен меңгеруін, өздігінен
ізденуін атап өтеді. Мұнда ең басты рольді іздену мен жањалықты негіздейтін
болжамдарды құру атқарады. Бұл жағдайда мұғалім дайын білімді оқушыларға
баяндамайды, оқушылармен ынтымақтаса отырып, оны іздеуге тырысады.
Оқушылардың білімді алу процесінің өзі осы білімді құрайды, жаңа
байланыстар мен қатынастарды алғаш рет ашып көрсетеді. Мұндай оқытудың
нәтижесінде оқушыда оқудың ішкі мотивтері қалыптасады.
Американдық ғалым М. Бедфордтың пікірінше, оқыту үрдісінде бала (5-9 жас)
қанағат алуы керек, ол үшін оқыту келесі жағдайларға шоғырландырылуы қажет:
1. Оқушыға (pupil-cente zed), яғни балада мәселені шешу әдіснамасын
дамыту керек, ал соңғы нәтижеге ол өз бетінше жетуі керек.
2. Іс-әрекетке (activity-centezed) бағытталуы керектігінің мәні: оқушы өз
білімінің қолданбалы болатынына көз жеткізуі.
М.Бедфордтың тұжырымы бойынша жеткіншектерге (10-13 жас) оқыту үрдісінде
пайда болатын тура жауаптарды бермеу керек.
Сабақ құрылымында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеуге әдіскерлер
де көп үлес қосты. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқытуда баланың
ізденімпаздығы алғашқы түйсінуінің, тітіркену, қайта жањѓырту іс-әрекеті
ретінде көрсетіледі, бұл балаға эксперименттік тұрғыдан өзінің идеялары
немесе ойларын практикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Б.П.
Есипов, И. Т. Огородников, М.И. Моро, Л.А. Пономорев т.б. жазды.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамуында да өзіндік жұмыс мәселесі
бірқатар ағартушылар мен педагог ғалымдардың зерттеулеріне арқау болды.
Көрнекті ағартушы А. Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызына
тоқтала отырып, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін
айтқан болатын.
Қазақстандық ғалым Р.Г. Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды
ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.
Соңғы жылдары Қазақстанда оқушылардың және студенттердің өзіндік жұмысы
проблемасы бойынша бірқатар кандидаттық және докторлық диссертациялар
орындалды (А.Х.Аренова, А.Е.Әбілқасымова, Л.Х.Мажитова, т.б.). Соның ішінде
А.Х.Аренованың Кіші жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетінің ғылыми-
педагогикалық негіздері атты докторлық диссертациясвы біздің зерттеу
жұмысымызға жақын ерекше атап өткен жөн.
Бұл жерде тек бірқатар авторлардың ғана пікірлері келтірілді, дегенмен
бүгінгі таңда өзіндік жұмысты зерттеуде алғашқы жалпы бағыттардың
анықталғанын айтқан ләзім.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мектеп пен педагогиканың даму
тарихында оқушылардың өзіндік жұмысы, оқушылардың танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыру, оқыту процесінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру проблемалары
сонау көне замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін зерттеліп келе
жатқандығын айтуға болады, мұның өзі проблеманың сан- қырлылығын көрсетеді.
Қоғамның дамуына байланысты білім беруге талаптар күшейді, сондықтан өз
бетінше ойлайтын жјне өз ісіне есеп бере алатын оқушыларды даярлау
қажеттігі туындады, бұл педагогика ғылымының алдына оқушылардың өзіндік
жұмыстары мазмұнын байыту міндетін қояды.

2. Өзіндік жұмыстардың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары
Оқушылардың өзіндік жұмысының педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің
жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім
жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсат айқын болса,
онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.
Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі- оқушының берілген тапсырманы
мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтежиеге жету
үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылай білу қабілетін, ойлауын,
есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы
орындауда қателер жіберсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері
жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны
жөн.
Ғылыми еңбектерді және қазіргі мектептегі оқытудың нақты іс-
тәжірибесін талдау дидактардың, әдіскерлердің және мұғалімдердің өзіндік
жұмыстардың мәнін оларды орындаудың тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын
көрсету арқылы сипаттайтынын дәлелдейді. Осыған байланысты бірқатар
авторлар өзіндік жұмысты оқытудың әдісі ретінде (Лернер И.Я.), енді
біреулері оқытудың құралы ретінде (Л.И. Пидкасистый), үшіншілері
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары ретінде анықтайды (Есипов
Б.П.).
Кейінгі жылдары педагогикалық басылымдар беттерінде өзіндік
жұмыстардың мәнін тапсырмалардың сипаты, оқушылардың орындауы, оқушының
жеке тұлғасын тәрбиелеу мен дамытудағы мәні, қол жеткен нәтижелердің сапасы
арқылы түсіндіруге талпыныстар жасалынды.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарына толық анықтаманы өз зерттеуінде Б.П.
Есипов береді. Оқыту процесіне енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы -
мұғалімнің тікелей қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар
саналы түрде тапсырманың мақсатына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін өзіндік жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды ұйымдастыру және тексеру әдістері
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды ұйымдастыру әдістерінің теориялық негіздері
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Пәндер