Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері
1.2 Қылмыстық заңның құрылысы
2. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
2.2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы
3 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
3.1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісі
3.2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы
3.3 Қылмыстық заңның кері күшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер және нормативті.актілер

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы және оның 9
белгілері ... ... ... ... ... ...
1.2 Қылмыстық заңның құрылысы 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы 25
... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы 38
... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
3.1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи
аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .44
... ... ... ..
3.2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы
бөлімінің нормаларында қолданылуы 52
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
3.3 Қылмыстық заңның кері күшін Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің нормаларында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 78
Қолданылған әдебиеттер және нормативті-актілер ... ... ... ... ... 83
Кіріспе
Бұл бітіру жұмысы қылмыстық құқықтағы өзекті тақырыптардың біріне
арналған. Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның
кері күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында
қолдануға арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде
саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде.
Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа
Конституциясы қабылданды[1].
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына
жолдауында былай деп айтты: біздің Конституциямыз әлемде демократиялық
қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.[2]
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп
тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның
уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК
бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына
қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал
заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын
нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде
жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға
қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін
дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның
кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және жеңілдету қылмыстық заңнамада
көптеген іс-әрекеттерді қамтиды, оның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті
қамтиды, тарылту қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында
қолдануға жол беріледі.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және азайту барлық қылмыстарға қатысты
қолданылмайды, әсіресе ауыр қылмыстық әрекеттерге заңнаманы әлсірету.
Қылмыстық жаза тек сот үкімімен қолданылады:
1) қылмыстық жауаптылық және жазаға тек нақты іс-әрекеттер жасаған
жағдайда қолданылады;
2) олар тек объективті қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер үшін ғана
жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
3) осы іс-әрекеттер қылмыстық заңмен көзделінген;
4) қылмысты жасаған тұлғалар ғана жауаптылыққа тартылады, осы іс-
әрекеттерді қасақана немесе абайсызда жасаған адамдар жауаптылыққа
тартылады.
Жауапкершілік әр кездері заңның қатал шеңберімен шектеледі, нақтырақ
айтқанда қылмыс жасауды көздеген санкция шеңберінде қаралады.
Адам санасының фотолистік буржуазиялық концепциясын жоққа шығаратын
концепциялар батыс елдеріне тән қылмыстық заң кінәлі емес тұлғалардың, есі
дұрыс еместердің, жасөспірімдердің қасақаналық және абайсыздығы болмауы
барысындағы жауапкершілікті жоққа шығарады. Адам іс-әрекетін осылай түсіну
жазаның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.
Жазадан қашып құтылмайтындық әр ақыл есі дұрыс адам, қылмыс жасауға
кінәлі деп табылмаған жағдайда, қоғамға қауіпті зардап келтірмейтін тұлға
қылмыстық жазаға міндетті түрде сотталуы тиіс деп ұғынуымыз қажет емес.
Қылмыстық заңнаманың ережесі қылмыстық жауаптылық қоғам және мемлекет
мүддесіне сәйкес қалыптастырылған, барлық азаматтарды басқадай шаралармен
шектеу мүмкін емес.
Мемлекеттің табыиғатына сәйкес демократияны одан әрі дамыту және
жетілдіру үшін, тұрақты түрде заңнама, соның ішінде қылмыстық заңнама
жетілдірілуі тиіс. Осы мәселелерді әзірлеу қылымыстық заңның мәселелері
монографиялық зерттеу және әзірлеу мәселесін болжайды.
Әділсоттылықты жүзеге асыру барысында соттар заңды басшылыққа алуы
тиіс. Қылмыстық іс бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру үшін қоғамға
қауіпті, кейде ауыр зардаптарды қоғамның мүддесіне сәйкес қорғайды.
Қылмыстық заңның ұғымы және маңызы, осы заңдардың түрі және құрылысы,
ұғымы, қылмыстық құқық норманың мазмұны және маңызы мемлекеттік қылмыстық
заңнаманың өзара қатынасы, кеңестік қылмыстық заңнаманың әрекеті, қылмыстық
заңды талқылау және басқа да мәселелер айтылады.
Осы мәселелердің біразы жұмыстарда, еңбектерде қаралған. Осы аталған
мәселелерге баса назар аудару сот тәжірибесінде, әсіресе қылмыстық заңның
кері күшіне байланысты мәселеде айтылады. Сот органдарының әртүрлі
деңгейінде сот қателіктерін түзеу мәселесі осы қылмыстық заңның кері
күшінің әрекетіне байланысты шешілуде және қаралуда. Сондықтан осы мәселе
қылмыстық құқықтағы өзекті тақырып ретінде бітіру жұмысын таңдауға себеп
болды.

1. Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері
Қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен
қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс деп
тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын,
мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне
сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық
кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы
Кодекске енгізгеннен кейін еана қолданылуга тиіс. Яғни, бір нормативтік
бастаудың болуы қылмыстық – құқықтық ескертулерді жүзеге асыруды
жеңілдетеді. Көптеген шет ел мемлекеттерінде Қылмыстық кодекс дара
қылмыстық құқықтық акт болып табылмайды. Мысалы, Германияда Қылмыстық
кодекске енгізілмеген, біртектес қылмыстар үшін жауаптылықты белгілейтін
қылмыстық – құқықтық актілер қолданылады.[3]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі дүниежүзілік интеграцияның
өзгерістерін бейнелеп, ҚР Конституциясының мемлекеттің құқықшығармашылық
қызметіндегі үстемдігін білдіреді. ҚР ҚК 1 бабының 2 бөлімінде қылмыстық
заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың
жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделетіндігі
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы
бірқатар нормаларды (өлім жазасы туралы мәселелерді, қажетті қорғану
құқығын, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермейтін нормалар)
қамтыған.
Егер, Конституцияны мемлекеттің құқықтық саяси негізін құрайды деп
айтсақ, қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық
саясаттын, қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң аткару және құқық
қорғау органдарының, жаза жүйесін немесе нақты бір қьлмыс құрамдарына
қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтың
жұр таныған қағидалары мен нормалары және ҚР халықаралық шарттары құқық
жүйесінің құрамдас белгісі болыа табылады. Егер де, ҚР халықаралық
шарттарында, заңмен қарастырылғаннан өзге ережелер көрсетілсе, халықаралық
шарттар қолданылады. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары
халықаралық пактілерде, конвенциялар мен басқа да құжаттарда бекітілген.
Мысалы: Адам құқықтарының Жалпы декларациясында, азаматтық және саяси
құқықтар туралы Пактіде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Пактіде.
Атап айта кететін жағдай, Қылмыстық кодекске бірқатар баптар
халықаралық шарттарға сәйкес енгізілген. Мысалы: 1961 жылғы Есірткі заттар
туралы бірыңғай конвенция, 1971 жылғы жүйкеге әсер ететін заттар туралы
Вена конвенциясы, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз
айналымымен күрес туралы БҰҰ 1988 жылы қабылдаған конвенциясы.
Қылмыстық заң бүкіл Қазақстан Респуьликасының аумағында күші жүретін
құқықтық акт болып табылады.
Қылмыстық заңның жоғары заңдық күші бар, бұл дегеніміз – қылмыстық
заңның тұрақты түрде қолданылатындығын және заңи нәтижелерді тудыратындығын
білдіреді. Қылмыстық заңның жойылуы немесе өзгерістерге ұшырауы тек қана
Қазақстан Республикасының парламентімен жүзеге асырылады.
Қылмыстық заңға бірде – бір нормативтік акт қайшы келмеуі қажет. Егер
де қайшы келетін болса, қылмыстық заң қолдануға жатады. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылықты қолдануды,
қылмыстық жауаптылықтан босатуды және материалдық қылмыстық құқықтың басқа
да ережелерін белгілейтін бірден – бір бастау болып табылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару
кодексінің 170 бабы қылмыстық кодекске сәйкес емес деп айтуымызға болады.
Осы бапқа сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айырудан шартты – мерзімінен
босату сотталушының алдыңғы үш жылдың ішінде жазаны өтеудің белгіленген
тәртібін қасақана бұзушылығы болмаған жағдайда ғана қолданылады, деп
көрсетілген. Ал, ҚР ҚК 70 бабы бұндай шектеулерді көрсетпеген.
ҚР ҚАК 170 б. 2 б. өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде
жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар шартты мерзімінен
бұрын босатуға ұсынылмайды, деп анықталған. Біздің ойымыз бойынша мәселенің
бұлай шешілуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексініңде, Қылмыстық –
атқару кодексінің де аясына жатпайды. Сондықтан да, бұл тиым ҚР ҚК 70
бабына көрінеу кереғар келеді.
Қылмыстық заңға нормативтілік сипат тән, себебі ол өзінің қолдану
уақыты барысында адамдардың жалпыға міндетті мінез – құлқын реттейді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабы ҚР ҚК міндеттерін анықтаған. Ол
міндеттерге: адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншікті,
қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР
конституциялық құрылысын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау; бейбітшілік пен
адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардан сақтандыру болып
табылады.
Өзіміз көріп отырғанымыздай, қылмыстық заң өзінің алдына екі негізгі
міндетті қояды. Олар, ең алдымен, адамның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін
қорғау мақсатындағы қылмыстылықпен қылмыстық – құқықтық күрес жүргізу.
Екінші міндет: қылмыстардан сақтандыру. Сақтандыру жалпы және арнайы
сақтандыруды қамтып, жазаны орындау процесі барысында сотталған адамға
қылмыстық емес мінез – құлықтың негіздерін қалыптастыруды білдіреді. Бұл
міндеттің орындалуына мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған тиісті шаралар
куә бола алады. Мысалы: бас бостандығына айыру мекемелеріндегі жазасын өтеп
жүрген адамдардың саны жағынан біз өткен жылы үшінші орында болсақ, биыл он
сегізінші орынға түстік. Бұл мемлекеттің қылмыстық саясатының
ізгілендіруінің белгісі ретінде қарастырылады.
Қылмыстық заңның жалпы превенциясы қылмыс жасауға бейім басқа адамдарда
заңға деген құрмет сезімдерін оятып, бекітуді білдіреді.
Осы аталған міндеттерді шешу үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың
негіздері мен қағидаларын, адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы қандай іс –
қимылдардың қылмыс деп танылатындығын, қылмыс жасағандығы үшін белгіленетін
жазаның түрлері мен қылмыстық сипаттағы басқа да шаралардың түрлерін
анықтайды.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен қылмыстық іс – қимылдарды жасауға тиым
салады. Сонымен қатар, қылмыстық заң жасалған іс – қимылда қылмыс құрамының
бар немесе жоқтығы туралы, заңды негіздерде кінәлі адамдарды қылмыстық
жауаптылыққа тарту, қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сәйкес органдар
мен лауазымды тұлғаларға нұсқаулар береді. Яғни, нақты іс – қимыл үшін
жауаптылықты белгілейтін қылмыстық – құқықтық нормалар тиым салатын
нормалар ретінде қарастырылады. Олар тәрбиелік немесе сақтандыру мазмұнында
болады.[4]
Қылмыстық құқықтық нормалардың сақтандырушы функциясы оларда
белгіленген санкцияға негізделеді. Санкция арқылы қылмыс жасауға бейім
адамдарға сақтандыру – тәрбиелік әсер жасалады. Қылмыстық – құқықтық
нормалар азаматтарда заңды мүлтіксіз сақтау, қылмыс жасаған адамдарға
шыдамсыздық көрсетуді қалыптастыруға бағдарланған.
Қылмыстық құқықтың нормалары қоғамдық қатынастарды қорғап қана
қоймайды, сондай – ақ оларды реттеуді жүзеге асырады.Құқық белгілі бір
мінез – құлық ережелерін белгілей отырып, оларды реттейді.
Төртінші курс студенттерінің арасында жүргізілген анкеталық сауалнамаға
сәйкес, келесідей қорытынды шығаруымызға болады: бізді қылмыс жасаудан
ұстайтын бірден – бер тежегіш құрал қылмыстық жауаптылыққа тартылу қаупі.
Яғни, сұралынған 80 адамның 75 –і қылмысқа, қылмыстық жауаптылықтан
қорыққандықтарынан ғана бармайтындықтарын көрсетті. Ыңғайлы жағдай
туындаған кезде, қылмыстық жолмен баюға қарсы еместіктерін жасырмады.
Осыған байланысты, орынды түрде көтерілетін мәселе – қылмыстық жазаны
күшейту және мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде өлім жазасын орынша
қалдыру деп есептейміз.
Қылмыстық заң қылмыстық - құқықтық нормалардың көрініс нысаны болып
табылады, да олардың жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Сондықтан да бұл
ұғымдар бір – бірімен байланысты. Заң мен құқық нормасы, заңдар жиынтығы
мен құқықтық норма жиынтықтары, нысан және мазмұн сияқты арақатынасқа
түседi.
Құқықтық мемлекет құру барысында заң, соның iшiнде қылмыстық заң та
үлкен маңызға ие. Елде жүргiзiлiп отырған құқықтық реформа мемлекет пен
қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында заң үстемдiгiн қамтамасыз етуге,
құқықтық тәртiптi нығайтуға кең жол ашады.[5]
Соттың шешімдері, үкімдері, қаулылары құқықтың қайнар көзі ретінде
қарастырылмайды. Олар тек қана нақты оқиғаға байланысты құқықтық
нормалардың негізгі мазмұнын ашып, түсіндіреді.Соттың шешімі, қаулысы,
үкімі тек нақты істерге байланысты ғана міндетті сипатта болады. Осы сияқты
ҚР Жоғарғы Сотының басшылыққа алатын қаулылары да құқық нормасын
шығармайды. Олар тек қана, құқықтық норманың мазмұнын ашып түсіндіреді,
талқылайды.[6]
Заң әдебиеттерінде бұдан басқа да көзқарастар кездеседі. Мысалы,
Қылмыстық құқық оқулығында былай деп көрсетілген: қылмыстық істерге
байланысты жоғарғы инстанция болып табылатын, РФ Жоғарғы Соты қылмыстық
құқықты қолдану мәселесіне байланысты түсіндірмелерді шығаруға құқылы. Заң
бойынша бұл түсіндірмелер барлық соттарға міндетті сипатта болады. Себебі,
қылмыстық құқықтың нормаларын қолданатын барлық құқық қорғау органдары,
сотқа жұмыс істегендіктен, Жоғарғы Соттың басшылыққа алатын түсіндірмелері
оларға қатысты міндетті сипатта деп айтуымызға болады.[7] Яғни, берілген
оқулықтың авторларының пікірі бойынша Жоғарғы Соттың бұл қызметі норма
шығармашылық қызметіне жатқызылады.
Бірақ та, жоғарыда көрсеткеніміздей, бұл көзқарас ҚР ҚК 1 бабына
кереғар келеді. Себебі, ол жерде қылмыстық заң тек Қылмыстық кодекстен
тұрады деп, ал ҚР ҚК 3 бабында іс – қимылдың қылмыстылығы мен
жазаланушылығы тек қылмыстық кодекспен анықталынады деп айқын көрсетілген.
Біздің қылмыстық құқықта сот прецеденті – нақты іске байланысты сот
шешімі құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылмайды. Сот прецеденті басқа
елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылады. Мысалы: Ұлабританияда,
Канадада т.б.Кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау барысында сот
заң ережелерін және жасалынған іс – қимылды бағалайды, түсіндіреді. Мысалы,
ҚР ҚК 52 бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Қылмыс
жасауда кінәлі деп танылған адамдарға, ҚР ҚК Жалпы бөлімінің ережелерін
басшылыққа ала отырып, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің сәйкес бабында көрсетілген
шектерде әділ жаза тағайындалады. Жаза тағайындағанда сот iстелген
қылмыстық сипаты мен коғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыпкердiң жеке басының
ерекшелiктерiн, мiнез-құлқын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын
мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне
және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына
ықпалын толық есепке алады. қылмыс iстеген адамға оның түзелуiне немесе
жаңа қылмыс iстеуден сақтандыруына қажеттi және жеткiлiктi әдiл жаза
тағайындауы керек. Мұның өзi соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен
қоса өзiнiң құқықтық сана-сезiмiн басшылыққа алатынын көрсетедi. Алайда,
құқықтық сана-сезiм құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана
қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсiнуге жөн сiлтейдi. Қылмыстық
заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазымды адамдар, азаматтар, заңды
тұлғалар үшiн мiндеттi күшi бар заң нормасы болып табылады.[8] Оны қандай
да бiр болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берiлмейдi.
Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы бiлдiрудiң нысаны, ал оның нормасы
оның мазмұнының көрiнiсi болып табылады.
Сонымен, қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері
мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс
деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және

Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуга тиіс.
2. Қылмыстық заңның құрылысы
ҚР Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім
жеті тараудан тұрады.
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімі ҚР ҚК міндеттері мен қағидаларын,
қылмыстың түсінігін, қылмыстық жауаптылықтың негізін, қылмысқа қатысуды, іс
– қимылдардың қылмыстылығын жоятын мән – жайларды, жазаның түсінігі мен
мақсатын, жазаның түрлерін, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін және де
қылмыстылықпен қылмыстық – құқықтық күрестің басқа да ережелерін анықтайды.
ҚР ҚК көптеген нормалары реттеуші сипатта, оларды қолдану нақты қылмыс
жасаумен байланысты емес. Сонымен бірге, ҚР ҚК Жалпы бөлімінде құқық
қолдану сипатындағы нормалар да бар. Мысалы, ҚР ҚК 43 бабының 4 бөлімінде
түзеу жұмыстарынан қасақана бұлтару барысында, түзеу жұмыстарын бостандығын
шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айырумен алмастыру көрсетілген.
Реттеушінормалар келесі түрлерге бөлінеді:
1. Декларативті: қылмыстық заңның міндеттерін белгілейтін;
2. Жалпы реттеуші, қылмыстың, қылмысқа қатысудың, соттылықтың жалпы
түсінігін беретін;
3. Мадақтайтын, мысалы: шартты түрде босатудың, мерзімінен – бұрын
шартты түрде босатудың, бас бостандығынан айыру жазасын басқа
жазаның жеңіл түрімен алмастыру шарттарын белгілейтін;
4. Рұқсат беретін, қажетті қорғану, қылмыс жасаған адамда ұстау
барысында зиян келтіруді анықтайтын;
5. Босататын, ескіру мерзімінің өтуіне, жәбірленушімен татуласуына,
сотталған адамның ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатуды көздейтін нормалар.[9]
ҚР ҚК Жалпы бөлімінің нормаларын бұлай бөліп қарастыру шартты түрде.
ҚР ҚК жалпы бөлімінде құқық қолданатын нормалар өте көп емес. Олар,
айппұл төлеуден қасақана бұлтарған (41б.); қоғамдық жұмыстардан қасақана
бұлтарған (42б.); түзеу жұмыстарынан (43б.); бостандығын шектеуден
бұлтарған (45б.) жағдайда жазаның басқа түрімен алмастыратын нормалар.
Ерекше бөлімнің баптары бір қылмыс үшін жауаптылықты белгілейді. Бірақ
та кейбір жағдайларда бір баптаекі қылмыс үшін жауаптылық көрсетілінеді.
Мысалы: ҚК 200 бабының 1 бөлімі коммерциялық немесе банктік құпияны
жинағандығы үшін, ал 2 бөлімі - коммерциялық немесе банктік құпияны, оның
иесінің келісімінсіз заңсыз жариялағандығы үшін жауаптылықты белгілейді.
Заңдарды кодификациялаудың көп жылдық тәжірибесіне сәйкес, жаңа
ережелер қосымша нөмірлермен заңның жүйесін сақтай отырып, Қылмыстық
кодекске енгізіліп отырады. Мысалы: ҚК 330-1, 330-2, 330-3, 347-1 баптары.
Қандай да болмасын қылмыстар үшін жауаптылықтың жойылуы Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексіндегі нумерацияның өзгеруіне әкеліп
соқтырмайды.
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптары диспозициядан және
санкциядан тұрады. Кодекстiң Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және
оның белгілеріне сипаттама беретін норманың бір бөлігін диспозиция деп
атаймыз.[10] Мысалы, Қылмыстық кодекстің 120-бабындағы әйелді зорлаудың
диспозициясы былай: “зорлау, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш
қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз
күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау” деп көрсетілген. Қылмыстық
құқықта диспозиция төртке бөлінеді: жай, сипаттаушы, бланкеттік және
сілтемелі.
I. Жай диспозиция. Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің атын ғана
айтып қояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция
қылмыстық іс-әрекеттің мазмұны мен оның белгілерін ашып көрсетілмегеннің
өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 125
баптағы “Адамды ұрлау”.
1. Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде
нақтылап көрсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз.
Жай диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы
диспозицияның артықшылығы күмән тудырмайды.
2. Сипаттамалы диспозицияға 175-бапта көрсетілген ұрлық құрамын мысал
ретінде келтіре аламыз. Яғни, бұл жеде ұрлықтың өзіне тән белгі,
оның жасырын түрде жасалатындығы көрсетілген.
3. Бланкеттік диспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта
көрсетілген нақты қылмыстың құрамын анықтау үшін басқа зандарға
немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына,
бұйрық тар мен ережелерге, нүсқауларға жүгіну қажет. Яғни, қылмыстық
заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу
басқа зандармен немесе нормативті актілермен анықталады. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы темір жол, әуе немесе су көлігі
қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бүл
қылмыс құрамын анықтау үшін көлік құралдарының осы түрлерінің
қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін рет-тейтін тиісті нормативті
актіні басшылыққа алу қажет. Егер осы сияқты бланкеттің нормаларды
ҚК-тің өзінде тізіп көрсете берсек, сонда кодекстің баптарының
көлемі тым ұлғайып, оны пай-даланудың өзі қиынға түсер еді. Мысалы,
тау-кен немесе құрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік
ережелерін бұзудың (245-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген
қиын әрі күрделі ережелер мен бұйрықтарды көрсететін жазуды талап
етер еді. Сондықтан да заң шығарушы мұндай реттерде бланкеттік
диспозицияны пайдаланудың тиімділігіне жол беріп отыр.
4. Сілтемелі диспозиция нақты қылмыс құрамын анықтау үшін, осы заңның
басқа баптарына сілтеме жасайды. Бүл диспозиция бойынша қайталап
жатпау үшін қылмыстың осы құрамын анықтаған қылмыстық заңның тиісті
бабына, баптың тармағына сілтеме жасайды. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің 96-бабы, 2-бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Онда “Н”
тармағында осы Кодекстің 97—100-баптарында көзделген әрекеттерді
қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру делінген.
Бұл жерде бұрын адам өлтірген деген ұғымға қатысы болатын қүрамдарды
қайталап жатпас үшін, заң шығарушы сол үғымдарға анықтама берілген
баптарға тиісінше сілтеме жасап отыр.
Қылмыстық заң мазмұнына сай: а) қылмыстық құқықтың қағидаларын
белгілейді; б) қандай iс-әрекеттер қылмыс болып табылатындығын анықтайды;
в) бұл қылмысты жасаған тұлғаларға қолданылатын жаза түрiн анықтайды.
Санкция дегеніміз нақты қылмыс үшін жазаның түрлері мен көлемдері
берілген қылмыстық – құқықтық норманың бір бөлігі.
Санкция нақты нормада қарастырылған іс – қимылдың заңдық бағалануын
білдіреді. ҚР ҚК санкцияларында әдетте немесе - немесе деген қағидаларға
сәйкес, балама жазалар белгіленген. Мысалы, ҚР ҚК 130 бабында жала жабу
үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе түзеу жұмыстары көрсетілген.
Бірқатар қылмыстар үшін санкцияда бір жазаның түрі көрсетілуі мүмкін.
Мысалы, ҚР ҚК 96 бабында адам өлтіргені үшін алты жылдан он бес жылға
дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.
Қылмыстық жазалар соттың үкімде жазаның мөлшерін өзгертуіне байланысты
нақты анықталған және салыстырмалы анықталған деп бөлінеді.
Нақты анықталған жазаларға өлім жазасы жатады. Яғни, санкцияда дара,
жалғыз бір ғана жаза көрсетіледі. Нақты анықталған санкция қолданыстағы
қылмыстық кодексте жоқ. Бұл жаза түріне мысал ретінде, 1959 ж. Қылмыстық
кодекстің 273-1 бабын милиция қызметкерінің өміріне ауырлататын жағдайда
қастандық жасау өлім жазасымен жазаланады келтіруімізге болады. Осы
мысалдан көріп отырғанымыздай, өлім жазасына балама басқа жаза түрі
санкцияда көрсетілмеген.
Салыстырмалы – анықталған санкция жазаның түрі мен мөлшерін көрсетеді.
Салыстырмалы – анықталған санкция келесі түрлерден тұрады: жазаның
жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкция; жазаның тек жоғары шегі
көрсетілген санкция; жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкция.
Жазаның жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде:
ҚР ҚК 179 бабын келтіруімізге болады: яғни, қарақшылық үшін үш жылдан жеті
жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.
Жазаның тек жоғары шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: ҚК 178
бабын келтіруімізге болады: яғни, тнау үшін заң шығарушы төрт жылға дейінгі
бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген. Заң шығарушы бұл жерде жазаның
төменгі шегін тікелей осы бапта көрсетпеген. Жазаның төменгі шегін анықтау
үшін біз ҚК Жалпы бөліміндегі 48 бапты қарап, бас бостандығынн айыру
жазасының төменгі шегі алты ай екендігін анықтаймыз. Ендеше сот осы алты
айдан төменге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауы қажет.
Жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкцияда жазаның тек төменгі шегі
көрсетіліп, жоғары шегі көрсетілмейді. Бірақ та бұл санкцияның түрі біздің
Қылмыстық кодексте орын алмаған.
Санкциялардың көпшілігі жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің
баламасын көрсетеді. Бұл соттарға кінәлі адамға жазаны дараландырумен
байланыстыжасалған іс – қимылдың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға
мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңға келесідей талаптарды қоюға болады. Заң нақты,
түсінікті, басқа нормаларға кереғар болмауы қажет. Сондай – ақ құқықтық
нормалар бір жағынан – тұрақты, екінші жағынан – динамикалық болуы қажет.
- Тұрақты норманы тиянақты түрде зерттеп, талдау қажет. Себебі, уақыт
өте бұл нормаларды білетін, осы нормаларды қолданатын адамдардың
саны өседі. Осы норманың қолдану мерзімімен қатар, норманы қолдану
тәжірибесін жалпылау және зерттеу мүмкіндігі де туындайды. Осыған
байланысты, құқық қолданушылық қызметі жақсарып, әдеттегі
қателіктердің саны азаяды. Норманың өміршеңдігі оның беделі мен
маңыздылығын арттыра түседі. Ал екінші жағынан норма өмірдің
қажеттіліктерінен арта қалып, ескіруі де мүмкін. Норманы қолдану
процесі барысында, оның кемшіліктері табылуы мүмкін. Бұл жағдайда,
норманы жойып немесе оны өзгерту қажеттілігі туындайды. Бірақ та
назар аударатын басты мәселе, қылмыстық заң маңызды құқықтық акт
болғандықтан, жиі – жиі өзгерістерге ұшырамас екен дейміз. Себебі,
заң шығарушымен енгізілген кейбір олақ өзгертулер құқық қолдану
тәжірибесінде әртүрлі дәрежедегі түсінбеушіліктрерді тудыруды.
Мысалы, ҚК Ерекше бөлімінің кейбір баптарында бір ғана субъектінің
жауаптылығын көрсететін бірнеше бөлімдер бар. Қылмыстық кодекстің 13
тарауына енгізілген өзгерістер белгілі бір алаңдатушылықтарды
туындатады. Олар қылмыстың субъектісіне байланысты. Атап айтқанда,
ҚР ҚК 307 бабы. Сондықтан да, заңға енгізілетін өзгерістер жан –
жақты түрде зерттелінуі қажет.
Сонымен бірінші тарауымызды аяқтай келе шығарған қорытындымыз қысқаша
қылмыстық заңның негiзгi қырлары мен маңыздылығын көрсетуге мүмкiндiк
бередi.
- Негiзгi қыры: ол оның мемлекет билiгiнiң жоғарғы органдарының
құқықтық актiсi, негiзгi мiндетi қорғау болып табылады. Соның
iшiнде: тұлғаны, оның құқықтары мен бостандықтарын, табиғи,
айналамыздағы ортаны, меншiктi, қоғамның және мемлекет мүдделерi мен
мұқтаждықтарын, барлық құқықтық тәртiптi қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау;
- Қылмыстық заң Қазақстан Республикасы Конституциясы мен жалпылама
танымал принциптер және халықаралық құқықтық нормаларына
негiзделедi; Айтылғандарды қорыта келе, келесі тұжырымдарды
атауымызға болады:
Қылмыстық кодекс дегенiмiз барлық қылмыстық заңдардың белгiлi бiр
жүйеге келтiрiлген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың
жалпы ережелерi мен принциптерi, нақты қылмыс түрлері мен олар үшін
қолданылатын жаза түрлері мен мөлшері көрсетілген.
Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлiмнен тұрады. Қылмыстық кодекстiң
Жалпы бөлiмiнде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтық жалпы ережелерi,
мiндеттерi, қылмыс пен жазаның түсiнiгi, қылмыс пен жазаны жоятын мән-
жайлар, т. б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлiмнiң баптары өзара бiр-
бiрiмен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңiлдететiн және
ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда
мiндеттi түрде есепке алынады.[11]
Ерекше бөлiмде жекеленген нақты қылмыс түрлерi үшiн жауаптылық және
жаза белгiленген. Ерекше бөлiмiнiң бабы диспозиция және санкциядан тұрады.
Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптары топтық және түрлiк болып
екiге бөлiнедi. Топтық баптар бiр тектес қылмыстардың ортақ және соларға
тән белгiлерiн анықтайды. Мысалы, қылмыстық кодекстiң 366-бабында — әскери
қылмыстардың түсiнiгi берiлген. 307-бапта лауазымды тұлғаның түсiнiгi
айтылған. Топтық баптардың түсiнiгi әр түрлi тарауда орналасқан, әр түрлi
қылмыс топтарын бiр-бiрiнен жiктеуге мүмкiндiк бередi. Түрлiк баптар
бойынша заңда көрсетiлген жекелеген қылмыстық белгiлерi және осы қылмысты
iстегенде қандай жаза тағайындалу керек екендiгi көрсетiледi.
2. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде төмендегідей жағдай
көрсетілген:
- Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс
бойынша жауапқа тартылуға тиіс.
- Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған,
не аяқталған әрекет Қазақстан Реслубликасының аумағында жасалған
қылмыс деп танылады. Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының
құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған
қылмыстарға да қолданылады.
Қылмыстық заңның күші белгiлi бiр территория бойынша шектелген. Осыған
байланысты белгiлi бiр аумақтың бар болуы және оны бекiту, мазмұнды қатаң
сипатқа ие болған. Бiрiншiден, бұл Қылмыстық кодекстiң қорғау және
сақтандыру сияқты негiзгi мiндеттерді орындауымен байланысты. Екiншiден,
қылмыстық заңның кеңiстiктегi күшiнiң қолданылуында заңдылық, заң алдындағы
теңдiк немесе жауаптылықтан бұлтармау сияқты қылмыстық құқықтық
қағидаларының iске асыру мiндеттерiмен анықталады. Үшiншiден, халықаралық
құқық нормалары және оған сәйкес конвенциялардың бар болуы бұл мәселелердi
шешудегi әсерiнiң болуы. Сонымен қатар, мемлекеттiк шекараның, азаматтықтың
түсiнiгiн беретiн құқықтық норманың елеулi рөл атқаруы.[12]
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы сәйкес мемлекеттік органдармен
нақты мемлекеттің аумағында заңды нақты қолдануды білдіреді. Қылмыстық
заңның кеңістікте қолданылуы бес қағида негізінде жүргізіледі: 1) аумақтық;
2) азаматтық; 3) нақты; 4) әмбебап; 5) қорғаншылық.
Осы аталған қағидалардың ішіндегі бастысы, үстемі – аумақтық қағида
болып табылады. Аумақтық қағиданың мәні келесідей: Қазақстан
Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа
тартылуға тиіс.
Осыған байланысты, қылмыстық – құқықтық юрисдикцияның кеңістіктегі
шектерін анықтау мемлекеттің аумағымен тікелей байланысты. Халықаралық
құқыққа сәйкес, мемлекеттің аумағы деп – белгілі бір мемлекетке тиісті,
соның шегінде мемлекет өзінің суверенитетін жүзеге асыратын жер шарының бір
бөлігін айтамыз.
Мемлекеттің аумағына: құрлық, су, су мен құрлықтың астындағы қойнау, су
мен құрлықтың үстіндегі әуе кеңістігі кіреді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы “Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы” заңының 1-бабына сәйкес,
Қазақстанның аумағын құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңiстiгi шегiн
айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетiн беткi қабат құрайды.
Мемлекеттiк шекара белгiленедi:
құрғақ аумақта - жер бедерiнiң сипаты нүктелерi сызықтары жатады.;
су аумағында – Қазақстан Республикасының iшкi суларынан басқа, аумақтық
теңiз жағалауындағы теңiз сулары.
әуе кеңiстiгi аумағында – Қазақстан Республикасы құрғақ немесе су
аумағы үстiндегi берiлген аспан кеңiстiгі.
Мемлекеттiң құрлығы оның аумағындағы құрғақ аймақ болып табылады. Ал
мемлекеттiң су аймағын iшкi (ұлттық) сулар және территориялық сулар
құрайды. Аталған екi су аймақтарының айырмашылығы шетелдiк кемелер мен
әскери кемелердiң жүзу уақытымен (режимi) байланысты. 1982 жылғы БҰҰ теңiз
құқығы жөнiндегi Конвенциясына сәйкес iшкi суларға:
1) теңiз сулары, соның iшiнде аумақтық теңiздердiң енiн есептеу
үшiн қабылданған тiк шығу түзулерiнен жағалау жаққа орналасқан
мемлекет-архипелагтардың сулары;
2) порттардың сулары;
3) жағалауы белгiлi бiр мемлекетке тиесiлi шығанақ сулары, егер
оның енi 24 теңiз милiнен аспайтын болса, сондай-ақ тарихи
шығанақтар.
Iшкi суларға сонымен қатар, мемлекет аумағындағы өзен мен көлдердiң
және басқа да қойнаулардың сулары жатады. Енi 1982 жылғы Конвенцияға сәйкес
12 мильден аспайтын теңiз жағалауының сулары да аймақтық сулар болып
есептелінедi. Жалпы ережелерге сәйкес, аумақтық сулардың 12 мильдiк енi
материктiң, аралдардың ең үлкен су қайтуы сызығынан бастап есептеледi.
Аумақтық сулардың құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi: бұл сулар арқылы
кез келген мемлекеттің кемесiнiң еркiн жүзiп өтуiне рұқсат етілген. Яғни,
шетелдiк кеме iшкi суларға кiрмей жүзiп өтуi қажет. Аумақтықсуларда бейбiт
мақсатта шетелдiк кемелердiң осы тәртiппен өтуi аумақтық теңiздер туралы
конвенцияда көрiнiс тапқан.
Жер қойнауы деп – жер қабатының бiр бөлiгi ретiнде өндірістік немесе
басқа қажеттiлiктердi қанағаттандыратын жер қойнауының астыңғы және үстiңгi
қабатындағы пайдалы қазбалардi айтамыз. Қойнаудың мемлекеттік қорын
мемлекеттің шекарасы шегіндегі пайдаланатын және пайдаланбайтын участоктер
құрайды.
Кеңестік дәуір авторларының пікірі бойынша, әуе кеңістігі деп Кеңес
Одағының құрлық және су кеңістігінің, яғни, аумақтық сулардың үстiмен
өтетiн, халықаралық шарттармен анықталған, әуе кеңiстiгiн айтуға
болады.[13] Әуе кеңiстiгiнiң шекарасы деп құрлық және су аумағының
үстiндегi тікелей өтетін қабат аталады. Мемлекеттің аумағының әуе шекарасы
болып, оның әуе кеңістігінің жанындағы және жоғарысындағы шектері
қарастырылады. Әуе кеңістігінің жанындағы шекарасы болып, мемлекеттік
шекараның құрлықтағы және су кеңістіктерінде өтетін жанындағы сызықта
айтамыз. Халықаралық құқыққа сәйкес, бұл шекара мұхит деңгейінен 100-110
км. Шегінде деп белгіленеді.
Бұл шекарадан төменгі әуе кеңістігі мемлекеттік аумаққа жатады да,
мемлекеттік қылмыстық – құқықтық юрисдикциясы қолданылады. Бұл шекарадан
жоғарыда орналасқан жердің үстіндегі кеңістік ғарыштық кеңістік болып
табылады да, халықаралық құқықтық режимге ие болады.
Қазақстанның аумағына заң шығарушы арқылы құрылықтық шельф те
жатқызылған. Құрылықтық шельфтің құқықтық жағдайы 1958 жылғы құрылықтық
шельф туралы халықаралық Конвенциямен белгіленген.
Құрлықтық шельф деп, құрлықтың су астындағы табиғи жалғасын айтамыз.
Құрлықтық шельфтердiң ұзындығы жағалаудан есептегенде, 350 теңiз милінен
аспауы тиiс. Шельфті сондай-ақ, су түбi және су асты қабатын құрайды.
Құрлықтық шельфтің ішкі шекарасы аумақтық теңіздің сыртқы шегі болып
табылады. Құрлықтық шельфтің сыртқы шекарасын аумақтық сулардың қайту
суларынан бастап есептегендегі 200 теңіз милі қашықтығы құрайды. Назар
аударатын мәселеміз, Мемлекеттің қылмыстық - құқықтық юрисдикциясы
құрлықтық шельфте, тек бірқатар қылмыстар үшін ғана қолданылады. Мысалы,
құрылықтық шельфтің ресурстарын барлаумен ббайланысты қылмыстар немесе
қоршаған ортаны қорғаумен байланысты қылмыстар. Қылмыстық – құқықтық
юрисдикция құрылықтық шельфтегі барлық жасанды құрылымдарға, атап айтқанда,
аралдарға, құрылымдарға, су асты кабельдеріне байланысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ерекше экономикалық аймақта
жасалынған қылмыстарға қатысты да қолданылады.
Ерекше экономикалық аймақ – халықаралық құқық ерекше құқықтық статус
берген, аумақтық теңiзге жалғасатын, енi 200 мильден аспайтын аудан.
Мемлекет өз аумағында жасанды аралдарды құруға және қолдануға, ғылыми
зерттеулер жүргiзуге, қоршаған ортаны қорғауға құқылы.
Ерекше экономикалық аумақтың ерекше құқықтық статусы мынада: жағалау
мемлекеті теңіз түбін жауып жатқан, тірі немесе өлі табиғи ресурстарды
барлауға, өңдеуге, сақтауға құқылы. Жағалау мемлекетінің жалпы құқықтық
юрисдикциясы экономикалық аумақ шеңберінде жасанды аралдарды, құрылымдарды,
жасау мен пайдалануға, теңіз ортасын ғылыми зерттеу, қорғау мен сақтауға
қолданылады.
Ерекше экономикалық аумақтың шегінде қылмыстық – құқықтық юрисдикция
тек қана, осы аумақ көлеміндегі мемлекеттің тәуелсіз құқықтарын жүзеге
асырумен байланысты ғана қолданылады.
ҚР ҚК 284 бабына сәйкес, экономикалық аймақ шегінде жасалған қылмыстар
үшін жауаптылық туындайды:
1. Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық
аймағында қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол
салынған құрылыстың және теңіздегі кеме жүрісінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу,
пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзу;
2. Қазақстан Республикасының ерекше экономиаклық
аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұқсатсыз
жүргізілген зерттеу, барлау, игеру.
Қылмыстық – құқықтық юрисдикция, сондай – ақ Қазақстанның портына
тіркелген теңіз және әуе кемелеріне де қолданылады. ҚР ҚК 6 бабының 3
бөліміне сәйкес, әскери кемелерге аумақтық суларда, шет мемлекеттердің
аумақтық суларында немесе портында тұқрса да Қазақстанның қылмыстық –
құқықтық юрисдикциясы қолданылады. Егер де, әскери кеме немесе оның экипажы
арқылы шет ел жағалау мемлекетінің ережелері сақталынбаса, немесе қылмыс
жасалынса бұл кеме жағалау мемлекетінің порты мен аумақтық суларынан
шығарылып тасталынады.
Азаматтық кемелерге қатысты да мәселе осылай шешілуі керек. Бірақ та,
азаматтық сауда – саттық кемелерінде қылмыс жасалынған кезде мәселе
келесідей жолмен шешілуі қажет:
Жағалау мемлекетінің қылмыстық – құқықтық юрисдикциясы қолданылады:
1. Қылмыстың нәтижесі жағалау мемлекетіне қатысты болса;
1. Жасалынған қылмыс елдің тыныштығы мен аумақтық сулардағы тәртіпті бұзса;
3. Кеме капитаны, дипломатиялық агент немесе консулдық лауазымды тұлға
көмек сұрап, жергілікті өкімет органдарына барса;
4. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз сауда – саттық
жасауды тыю мақсатында.
ҚР ҚК 6 бабының үшiншi тармағы Қазақстан Республикасның туының астында
су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемелерде жасалған қылмыс үшiн
жауаптылықтың тәртiбiн реттедi: “Қазақстан Республикасының портына
тiркелген де ҚР шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде
қылмыс жасаған адам, Қазақстан Республиксының халықаралық шартында өзгеше
көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.”
Қандай жағдайда болмасын қай жерде болмасын ҚР әскери әуе және су
кемелерi Қазақстан Республикасы территориясының бiр бөлiгi ретiнде
саналады, яғни ашық суларға шыққан кезде, сондай-ақ шет мемлекеттiң
портында тұрақта тұрған сәтiнде ҚР кемесiнде жасалған қылмыс ҚР Қылмыстық
Кодексiмен сараланады.
Дурмановтың көзқарасы бойыша, КСРО шекарасына кез келген шетел әуе
кемесенiң ұшып кiрген, ұшып шыққан және КСРО аумағының үстiмен ұшып жүрген
кезінде осы кемеде болған тұлғаларға қатысты кеңестiк Қылмыстық кодекс
қолданылады, ал сол әуе кемесiнде жасалған қылмыстар КСРО аумағында
жасалған деп саналынып, КСРО-ның Қылмыстық Кодексiмен сараланады.
ҚР ҚК 6-бабының төртiншi бөлiмiнде шет мемлекеттердiң дипломатиялық
өкiлдерiнiң және имунитеттi пайдаланатын өзге де азаматардың қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселелер халықаралық құқық нормалары негiзiнде
шешiлетiндiгi атап айтылған.
Дипломатиялық иммунитет шетелдiң дипломатиялық өкiлдiктерiне, олардың
басшылары мен қызметкерлерiне берiлетiн құқықтар мен мүмкiндіктердiң
жиынтығы. Дипломатиялық иммунитет мәселелерiн реттейтiн нормалар 1961 жылғы
дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында көрсетілінген. [14]
Кейбір оқулықтарда дипломатиялық иммунитет эксаумақтық деп те беріледі.
Бұл дегеніміз. Жергілікті соттарға бағынбауды білдіреді.[15]
Дипломатиялық иммунитетке ие адамдар қылмыс жасаған кезде, олардың
жауаптылығы туралы мәселе, халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
Яғни, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1963
жылғы консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1975 жылғы мемлекеттің
өкілдіктері туралы Вена Конвенциясына сәйкес шешіледі.
Дипломатиялық иммунитетке ие адамдардың қатарына: дипломатиялық
миссиялардың басшылары, дипломатиялық агенттер, консулдық лауазымды
тұлғалар жатады. Дипломатиялық иммунитет, сондай – ақ жеке қол сұқпаушылық
дипломатиялық қызметкерлердің отбасына да қолданылады.
Дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметтершiлеріне өз иммунитеттерiн заңға
қайшы мақсаттарда пайдалануына жол берiлмейдi.
Дипломатиялық қолсұқпаушылық құқығын шетелдердiң өкiлдерi, парламенттiк
және үкiметтiк делегация мүшелерi, сондай-ақ Қазақстанға халықаралық
келiссөздер өткiзуге келетiн шетелдiк делегация қызметкерлерi, Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылмайтын оларға жол серiк болған отбас
мүшелерi қолданады. Ал халықаралық үкiметаралық емес ұйымдар мен осы
ұйымдардың негiзiндегi шет мемлекет өкiлдiктерiнiң лауазымды тұлғалары
халықаралық келiсiм-шарттарға байланысты ие болады.
Консульдiк лауазымды тұлғалар Қазақстан Ресубликасының қылмыстық
юрисдикциясынан тек өзiнiң қызмет ету аясында иммунитетке ие болады. Ал
дипломатиялық курьерлер өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде ғана
жеке қолсұқпаушылық құқығына ие бола алады, яғни олардың тұтқындалуы немесе
ұсталынуы мүмкiн емес.
Шет мемлекетпен арнайы келiсiм-шарттардың негiзiнде дипломатиялық
өкiлдiктiң консулдық лауазымды тұлғалары, сондай-ақ әкiмшiлiк-техникалық
персоналы өзара екi жақтылық келісім қағидасына сүйене отырып,
дипломатиялық қолсұқпаушылық құқығына толығымен ие болады.
Заң аталған тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерiнiң
дипломатиялық жолмен шешiлуiн бекiтедi. ҚР Президентiнiң 1995 жылдың 19-
маусымындағы “Қазақстан Респбуликасындағы шетел азаматтарының құқықтық
жағдайы туралы” заң күшi бар жарлықтың 28-бабына сәйкес мұндай тұлғалар
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қудаланады.
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы тек аумақтық қағидамен шектелiп
қана қоймайды. Қазақстандық азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың
жауаптылығының барлық үлгіленрді қамти алмағандықтан, ол қылмыстық заңның
кеңiстiктегi азаматтық, нақты және әмбебап қағидаларымен толықтырылады.
Азаматтық қағидаға сәйкес, егер Қазақстан Республикасының азаматы
белгiлi бiр қылмысты шетелде жасайтын болса, онда ол қылмыс жасағаны үшiн
сол мемлекеттiң сотымен жазаланбаса, Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңы бойыша жауап бередi.
1991 жылғы 20 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының азаматтық
туралы” Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы деп заң күшiне
енген күннен осында тұрақты тұрған және азаматтығын осы заңның негiзiнде
алған тұлғалар танылады. Заңның 6-бабында былай делiнен: “Қазақстан
Республикасының аумағында тұрған және оның азаматы болып табылмайтын
тұлға барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болады, сондай-ақ
Конституциямен, Заңдармен және Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
келiсiмшарттарымен бекiтiлген барлық мiндетердi атқарады...”
Азаматтығы жоқ тұлғалар деп белгiлi бiр мемлекеттiң азаматы болып
табылатындығын дәлелдейтін құжаттары жоқ тұлғалар танылады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қылмыс жасаған Қазақстан
Республикасының азаматтарына, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты
қылмыстық заңның күшi ҚР ҚК 7-бабымен анықталады. Аталған тұлғалардың
жасаған iс-әрекетi сол мемлекетте қылмыс деп танылатын болса және олар сол
мемлекетте жауапқа тартылмаған болса, онда олар ҚР ҚК бойынша қылмыстық
жауапқа тартылады.
ҚК 7-бабының төртiншi тармағына жүгiнсек, егер де шетел азаматтары
Қазақстан Республикасынан тыс жерде Қазақстан Республикасының мүддесiне
қарсы бағытталған қылмысты жүзеге асыратын болса, онда ол тұлға қылмысы
үшiн және басқа да халықаралық келiсiм-шартарда орын тапқан жағдайларда
жасаған қылмысы үшiн Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық
жауаптылыққа тартылады.
Бұл жағдайда басқа мемлекетте жасалған қылмыс нәтижесiнде туындаған
сотталғандық және басқа да қылмыстық-құқықтық салдар Қазақстан
Республикасының мүддесiне қайшы келмеген болса, Қазақстанда жасалған
қылмысты саралауда ешбiр қылмыстық-құқықтық маңызға ие болмайды. ҚК 7-
бабының үшiншi тармағы Қазақстанның шетiне дислокацияланатын әскерилердiң
қылмыстық жауаптылық жағдайы атап айтылады. Аталған тұлғалардың шетелде
қылмыс жасауы Қазақстан Республикасының заңымен саралануда жалғасын табады.
Көптеген әдебиеттерде қылмыстық заңның кеңiстiкте қолдануының – нақты
және әмбебап қағидаларын кездестiруге болады. Алғашқысы халықаралық
қылмыстармен және де халықаралық сипаттағы қылмыстармен (мысалы, есiрткi
заттарын жасау, сату немесе таратумен байланысты қылмыстармен) күресу
қажеттiлiгiнен туындайды. Яғни Қазақстан Республикасының осындай
қылмыстармен күресуі бойынша конвенцияларға қатысуы аталған қылмыстар орын
алған кезде (яғни, бұл қылмыстар Қазақстан Республикасының халықаралық
келiсiм шартында, сондай-ақ Қазақстан Репсубликасы заңында тыйым салынған
болып табылады) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz