Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама


Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
1500 ж. - жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи) . 1609ж. - алғашқы микроскоп жасалды (Г. Галилей) . 1628ж. - қан айналудың ашылуы (В. Гарвей) . 1651 ж. - “Барлық тіршілік - жұмыртқадан” - деген қағида қалыптасты (В. Гарвей) . 1661ж. - капилляр ашылды (М. Мальпиги) . 1665 ж. - тоз (пробка) ұлпасында клетканың құрылымы анықталды (Р. Гук) . 1668 ж. - шыбын дернәсілінің жұмыртқадан дамитындығы тәжірибемен дәлелденді (Ф. Реди) . 1674ж. - бактерия мен қарапайымдар ашылды (А. Левенгук) . 1676ж. - пластидтер мен хроматофорлар ашылды (А. Левенгук) . 1677ж. - алғаш рет адам сперматозоиды анықталды (А. Левенгук) . 1688ж. - түрге жүйелік (систематикалық) бірлігі ретінде анықтама берілді (Д. Рей) .
1727ж. - көмірқышқыл газы ашылды (Дж. Блэк) . 1766ж. - өсімдіктердің ауамен дем алатындығы дәлелденді (С. Гейлс) . 1753 ж. - организмдерді жүйелеудің принципі мен бинарлық номенклатурасы жасалды (К. Линней) . 1754ж. - сутек ашылды (Г. Кавендиш) . 1778ж. - өсімдіктерден оттек бөлінетіндігі анықталды(Дж. Пристли) . 1779 ж. - жарық пен өсімдіктердің жасыл түсі арасындағы байланыс анықталды (Я. Ингенхауз) . 1809 ж. - органикалық дүниенің алғашқы эволюциялық теориясы қалыптасты (Ж. Б. Ламарк) . 1814 ж. - арпа сықпасының (экстракт) ферменттер көмегімен крахмалды қантқа айналдыратындығы анықталды(Г. Кирхгоф) . 1823 ж. - бұршақ белгілерінің доминантты және рецессивті болатындығы анықталды (Т. Э. Найт) . 1828 ж. - ұрық ұқсастығының заңы қалыптасты (К. Бэр) . 1831 ж. - клетка ядросы ашылды (Р. Броун) . 1839 ж. - клетка теориясы қалыптасты (Т. Шванн, М. Шлейден, Р. Вирхов) . 1841 ж. - клетка протоплазмасы анықталды (Я. Пуркине) . 1845 ж. - алғаш рет бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар (сірке қышқылы) синтезделді. 1853 ж. - сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енгені сипатталды (Ф. Кебер) .
1859 ж. - “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы” (Ч. Дарвин) . 1862 ж. - крахмалдың фотосинтез нәтижесінде пайда болатындығы дәлелденді (Ю. Сакс) .
1862 ж. - орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысы анықталды (И. Сеченов) .
1864 ж. - биогенетикалық заң қалыптасты (Э. Геккель, Ф. Мюллер) . 1865 ж. - тұқым қуалау заңдылықтары жарық көрді (Г. Мендель) . 1868 ж. - нуклеин қышқылдары ашылды (Ф. Мишер) . 1871 ж. - протеиндердің аминқышқылдарынан тұратындығы анықталды (Н. Любавин) .
1871 ж. - қанттың спиртке айналуы ферменттердің көмегімен жүретіндігі дәлелденді (М. Манасеина) . 1874 ж. - өсімдік клеткасының митозбен бөлінетіндігі анықталды (И. Д. Чистяков) .
1875 ж. - тотығу процестері қанда емес, ұлпаларда жүретіндігі дәлелденді (Э. Пфлюгер) .
1878 ж. - жануарлар клеткасының митозбен бөлінетіндігі дәлелденді (В. Флемминг, П. И. Перемежко) . 1880 ж. - витаминдер ашылды (Н. И. Лунин) .
1882 ж. - туберкулез таяқшалары ашылды (Р. Кох) . 1883 ж. - иммунитеттің биологиялық (фагоцитарлық) теориясы тұжырымдалды (Н. И. Мечников) . 1892 ж. - вирустар ашылды (Д. И. Ивановский) . 1898 ж. - алғаш рет мейоз сипатталды (В. И. Беляев) . 1899 ж. - бактериофагтар ашылды (Н. Ф. Гамалей) . 1900 ж. - тұқым қуалау заңдылықтарының екінші рет ашылуы. (К. Корренс, Э. Чермак, Г. де Фриз) . 1900 - 1901ж. ж. - шартты рефлекс туралы ұғым қалыптасты (И. Павлов) . 1901 ж. - адам қанының тобы анықталды (К. Ландштейнер) . 1908 ж. - популяциядағы тұқым қуалау заңы ашылды (Г. Харди, В. Вайнберг) .
1910 ж. - ашу мен тыныс алудың бір процесс екендігі дәлелденді (С. Костычев) .
1910 ж. - филэмбриогенез - макроэволюция теориясы қалыптасты (А. Н. Северцев) .
1911 ж. - ісік тудыратын вирустар (“Раус саркомасы”) ашылды (Ф. Роус) . 1914 ж. - тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы қалыптасты (Т. Морган) .
1920 ж. - нейросекреция ашылды (О. Леви) . 1920 ж. - тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлардың заңы қалыптасты (Н. Вавилов) . 1923 ж. - фотосинтездің тотығу-тотықсыздану реакциясы екені дәлелденді (Т. Тунберг) .
1924 ж. - жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының теориясы қалыптасты (А. Опарин, Дж Холдеин, С. Фокс, С. Миллер, Г. Мемер) . 1924 ж. - гормондардың көмірсулар метаболизміндегі қызметі анықталды (А. Усай) .
1924 - 1926 ж. ж. - рентген сәлесі мен химиялық заттардың мутациялық процеске әсері анықталды (Г. Меллер, Г. Кадсон, Г. Филиппов) . 1926 ж. - В. Вернадскийдің “Биосфера” деген еңбегі жарық көрді. 1929 ж. -табиғи пенициллин бөлінді (А. Флемминг) . 1931 ж. - электрондық микроскоп жасалды (Е. Руска, М. Кнолль) . 1937 ж. - органикалық қышқылдардың метаболизмдегі циклі ашылды (Г. Кребс, Ф. Липман) . 1940 ж. - биогеоценоз теориясы қалыптасты (В. Сукачев) . 1941 ж. - өсу факторы синтезін гендер реттейтіні дәлелденді (Д. Бидл, Э. Татум) .
1941 ж. - фотосинтездегі оттектің көзі Н2О екендігі дәлелденді (М. Тейц, Э. Рубен, А. П. Виноградов) . 1943 ж. - спонтандық мутацияның болатындығы дәлелденді (С. Лурия, М. Дельбрюк) .
1944 ж. -ДНҚ-ның генетикалық рөлі дәлелденді (О. Эвери, С. Маклеод, М. Маккарти) .
1945 ж. - ұлпалар мен мүшелерді трансплантациялау (тасымалдау) кезінде иммунологиялық қабылдамау дәлелденді (П. Медавар) . 1946 ж. - бактериялардағы рекомбинация жүйесі ашылды (Д. Ледерберг, Э. Татум) .
1948 ж. - кибернетикалық жүйе мен тірі организмдерді басқару принципінің ортақ екендігі негізделді (Н. Винер) . 1952 ж. - өсімдіктердің ауыспалы генетикалық элементтеріашылды (В. Мак-Клинток) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz