Мұстафа Кемал Ататүрк: отбасы, әскери қызметі және 1915-1916 жылғы Галлиполи шайқасы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Мұстафа Кемал Ататүрк»

Жоспар:

  1. Отбасы және балалық шағы
  2. Әскери қызметі
  3. Бірінші дүниежүзілік соғыс
  4. Галлиполи шайқасы, 1915-1916

Отбасы және балалық шағы

Мұстафа Кемал Ататүрк, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Мұстафа Кемал Ататүрк; 1881 - 10 қараша 1938) - Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.

Мұстафа Кәмәл Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі - Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі - Әли Риза Ефенді, анасы - Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кәмәлдің нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кәмәлдің өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады.

Селанік пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кәмәл Латифе Ұшақлігілге үйленген. Ол 3 жыл отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық «Зейбек» би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кәмәл көптеген кітап жазып, жеке күнделік те жүргізген.

Әскери қызметі

Мұстафа Кәмәл әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Ватан ве Һүрріет («Отан және азаттық») деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдарап, билік басына келді. Мұстафа Кәмәл жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кәмәлдің Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кәмәл биліктен шеттетілді.

1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Һарбіе Незареті) қызмет етті. Сол 1911 жылы ол Траблусгарб уәләятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлеріне қарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды.

Мұстафа Кәмәл Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды роль атқарды. 1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі - Енвер паша Мұстафа Кәмәлді өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оның Ыстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс.

Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа КәмәлТүркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Истанбулдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.

АНЗАК қойнауы ескерткішіндегі Ататүріктің сөздері.

Галлиполи шайқасы, 1915-1916

Мұстафа Кәмәл Галлиполи шайқасының кезінде жағалауға келіп түскен Антанта әскерлерінің барлығын дерлік талқандаған 19-шы дивизияға қолбасшылық етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Кемал Ататүрік: өмірбаяны, әскери қызметі және реформалары
Мұстафа Кемал Ататүрік: өмірі, әскери қызметі және Түркияның тәуелсіздік күресі
Мұстафа Кемал Ататүрік: өмірбаяны, әскери қызметі және кемализм негізіндегі реформалар
1915-1916 жылдардағы Галлиполи науқаны: Дарданелл жоспары, Черчилль және алғашқы теңіз шабуылдары
Мұстафа Кемал Ататүрік: тәуелсіздік күресі, реформалары және кемализм
Түркі-мұсылман әлемінің модернизация көшбасшылары: Мұстафа Кемал Ататүрк пен Нұрсұлтан Назарбаевтың реформалық мұрасы
Мұстафа Кемал Ататүрік және оның түрікшілдік идеологиясы: тарихи-теориялық талдау
Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі: ұлттық қозғалыс пен реформалар
Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлттық мемлекет құрудағы модернизациялық реформалары
Мұстафа Кемал Ататүрік: өмірбаяны, реформалары және кемализм идеологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz