Қорық Ақсу-Жабағылы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қорықтар -биосфер эталоны. Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алаптары сиреп, құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, «тірі лаборатория» іспеттес. Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді.
Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 9 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.
Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2, 8%-ін алып жатыр. Барлық 9 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді. Бұлардың ішіндегі ең көнесі батыс Тянь-Шань таулы аймағындағы көркем де келісті табиғат мүйісі - Ақсу мен Жабағылы өзендерінің бастауы маңындағы Талас Алатауының батыс сілемін қамтып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады. Тянь-Шанның шығыс бөлігінде, Іле Алатауының тау жоталарында - Алматы қорығы, солтүстіктегі далалық өңірде - халықаралық маңызы бар су төңірегі құстарының көптеген түрі ұя салып, сулы-батпақты алқабын мекен еткен Қорғалжын қорығы орналасқан. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы көкке бой түзеген көрікті қарағай ормандары мен сан алуан дала өсімдіктері дүниесін құрайды. Үстірт қыратындағы шөл қорығы Үстірт арқарларын, итаю және бағалы өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында құрылған. Суы тартылып, құрғап бара жатқан Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығы республикадағы аралда орналасқан бірден-бір қорық болып табылады. Аралда 300-дей құлан, қарақұйрық, ақбөкендер мекендеп, тіршілік етеді. Шығыс Қазақстан тауларында сондағы күміс сулы Марқакөлдің атымен аталған қорық бар. Республикадағы ең жас қорық - Алтайдың қылқан жапырақты ну ормандары мен оның мекендеушілерін сақтап, қорғауға арналған Батыс Алтай қорығы.
Қазақстанда шөл, шөлейт және тау экожүйелерінің ұлан-ғайыр территориясын алып жатқан 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк құрылған. Олар - «Алтынемел», «Баянауыл», «Іле Алатауы», «Көкше-тау» және «Қарқаралы» ұлттық парктері. Қорықтардан айырмашылығы - олардың территориясында қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асырумен қатар, табиғаттың кейбір түрлерін пайдалануға және экологиялық туризммен айналысуға рұқсат етілген. Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғауға алынған территория өсімдіктері мен жануарлар дүниесін тізімдеп, түгендеу жұмыстары аяқталды. Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың 22-сі республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Еліміздегі 500 түрлі құстың 346-сы қорықтарда ұя салып, тіршілік етеді. Қазақстан флорасында жоғары өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі бар. Олардың сирек кездесетін 400-дейі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Қорықтарда табиғаттың өзгеру, даму процестерін сипаттайтын ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақты жүргізіледі, «Табиғат жылнамасы» бақылауы өткізіліп түрады. Табиғи тепе-теңдік пен барлық жанды нәрсеге қолайлы ортаны сақтап, өзара бір-біріне ықпал . ету жүйесін қалыптастыру үшін, басқа да табиғи түрлермен толықтырып отырмаса, ауыл шаруашылығы алқаптары мен өндірістік кешендердің қоршауында қалған қорықтарға бірте-бірте жойылып кету қаупі туады.
Ерекше қорғауға алынған табиғи территория жүйесін кеңейте түсу Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі үзақ мерзімді «Экология және табиғи ресурстар» стратегиясы маңызды міндеттерінің бірінен саналады. Республикада табиғат қорғаудың алдыңғы қатарлы және қолайлы жүйесіне жол ашатын биосфералық резерваттар құру үшін арнайы 15 аймақ бөлінген. Бұл Қазақстанның көрікті де көркем табиғатын қорғап, көздің қара-шығындай сақтауға зор мүмкіндік туғызады. Ал олардың қызметінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі шаруашылық іс-шараларын тоқтату шығынынан жүздеген есе асып түседі. Табиғатқа қажеттілікті өтеу объектісі емес, жанды нәрсе атаулының біртұтас тіршілік ортасы ретінде қарайтын мезгіл жетті. Бұл жайында заманымыздың ғұлама ғалымы Жан Дорст былай деп жазған болатын: «Адам бойында жабайы табиғатты сақтау үшін ұмтылуға қажетті объективті себептер жетіп артылады. Алайда, түптеп келгенде, табиғатты тек сүйіспеншілік қана құтқара алады. Адам бұл дүниеде сұлулықсыз өмір сүре алмайтындықтан, қоршаған ортаны сәл де болса сүйіп, қастерлей білген жағдайда ғана, табиғат өзіне төнген қауіп-қатерден құтылады».

Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық - Ақсу Жабағылы 1927 жылы ашылған . Еренқабырға тауының батыс баурайын ала ұзыннан - ұзақ созылып жатыр . Жер бедерінің биіктік белдеулері әр тұсында әрқилы . Өзіндік ажар - айшығымен көз тартады . Шөл - шөлейт, далалық, шалғынды белдердің соңы биік аршалы беткейлерге ұласады . Арынды өзендері ақ көбік атып, күркіреген сарқымаларға құлайды .
Ақсу - Жабағылы - жер бетінен жоғалып барва жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық . Мұнда арқар мен тауешкі, бұғы мен елік, сілеусін мен қар қабыланы, қасқыр мен түлкі, аю мен жайра, сусар мен ақ тышқан т . б . тағы аңдар бар . Алып таулы өлке Еренқабырға екі жарым мың шақырымға созылып, өн бойын Солтүстік, Орталық, Ішкі және Батыс бөліктерге бөледі . 1920 жылы шілдеде Ташкент университетінің профессоры, гидробиолог А . Л . Бродский осы өңірге іссапармен шығады . Жабағылы мен Ақсу өзендері арналары басын алатын Батыс Еренқабырға бөктерін еркін аралайды . Адам аяғы баспаған өсімдіктер мен жануарлар әлемі ғалымды таң қалдырады . А . Л. Бродский Түркістандағы мұражай мен көне ескерткіштерді және табиғат пен өнерді қорғау комитетіне арнайы хат жазады . Хатта Батыс Еренқабырға аймағын қорыққа айналдыру жөнінде ұсынысын білдіреді . Артынша әр сала бойынша құрылған комитет ғалымдары бірнеше жыл бойы тиянақты зерттеу, бағдарлау ісін бастайды . Нәтижесінде қорық ашу ұсынысын бірауыздан қолдайды . Сөйтіп, 1926 жылдың шілдесінде Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесі осы мақсатта қаулы қабылдап, Мәскеуге жолдайды .
Қорық директоры болып Орыс географиялық қоғамының мүшесі, білікті маман, табиғат жанашыры Борис Петрович Тризна сайланады .
Қорық көлемі әр жылдарда ұлғайтылып отырған . Бүгінгі таңда 75043 гектар аймақты алып жатыр . Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би аудандары жерінде орналасқан . Негізгі өзендері - Жабағылы, Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Ақсу, Балдарбек, Бала Балдарбек . Бұғылтөр мұзарт шыңы алыстан « мен мұндалайды » . Бұғылтөр, Құлөлді, Айнакөл, Қызөлген, Көкүйірім, Жасыл атты шағын көлдері бар .
Теңіз бетінен үш мың метрлік биіктіктегі адам аяғы жетпес Қасқабұлақ қазаншұңқырына тарихи « сурет галереясы » сақталған . Күңгірт түсті жылтыр тастардың бетіне қашап салынған жабайы аңдар мен үй жануарларының, көне замандағы аңшылық құрған адамдардың бейнелері ап - айқын көрінеді . « Сурет галереясы » әлі күнге толық зерттелмеген . Тарихи таңбалар сыры ашылу сағатын, сәтін күтеді .
Ақсу - Жабағылы қорық қана емес, ғылыми зерттеу мекемесі де . Алғашқы ғылыми қызметкері - ботаник А . П. Масальский . Ол өзі жұмыс істеген бес жылдың ішінде қорықта өсетін өсімдік түрін бірнеше сатыға жіктелген кестеге түсірді . Сол жылдары - ақ Сиверс жабайы алма ағашы қорықтың алтын қорына енгізілді. Сарғыш түстен қызғылт - сарыға, алқызыл түстен қанық қызыл бояуға ауысатын дәмі тәтті, қышқылтым алмалары жылдың шілде - тамыз - қазан айларында пісіп жетіледі . 4 градусқа дейінгі суыққа төзімді . Әрі ұзақ сақталады, бұзылмайдыЗиянкес насекомдарға бой алдырмайды .
Ақсу - Жабағылыны « Қызғалдақтар патшалығы » деп те атайды . Мұнда өсетін қызғалдақтың алты тұқымдасының төртеуі - көптеген жаңа мәдени сорттардың түп атасы . Қорық қызғалдақтары Қазақстан, Ресей, Өзбекстан Қызыл кітаптарына енгізілген . Таулы өңірін сәуір айынан тамызға шейін құлпыртып, алқызыл кілемге айналдыратын қызғалдақтың ең әйгілісі - Грейга қызғалдағы . «Қызғалдақтар королі » . Бір шаршы метр жерде жиырма шақтысы бірден өсетін өте өсімтал гүл . Грейга 1877 жылы Голландияда бірінші сатылы сортты қызғалдақ дипломына ие болған . Бүгінде бұл тұқымдастан 200 - ге тарта жаңа мәдени сорты алынды . Грейга қызғалдағы әлемдік гүлдестелердің бес пайызын құрайды .
Балдарбек және Бала Балдарбек өзендері бастаулары маңында өсетін қызғалдақтардың түсі өзгеше . Ашық сары түсті, қанық сары түсті болып келеді .
Ақсу - Жабағылыда құстың 238 түрі кездеседі . Қазақстан қызыл кітабына енгізілген ұлар, кекілік те қорықта бар . Омыртқасыздар тобына жататын 30 - дан астам түр, жиырма отрядқа жіктелген 1200 түрлі ұсақ насекомдар анықталып, тіркелді . Түсі, сұлбасы бір - біріне ұқсамайтын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Ақсу-жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Ерементау қорығы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Ақсу-Жабағылы қорығы -- Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань)
Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары
Жабағылы өзенінің ұзындығы
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Ақсу-Жабағылы
Ақсу-Жабағылы қорығындағы құстар әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz