Натрий және оның қосылыстары


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Натрийдің қосылыстары . . .

Натрий

Натрий-нағыз типтік, белсенді сілтілік металлдардың бірі болып табылады. Біздің планетамызда таралуы бойынша барлық элементтердің ішінде натрий алтыншы орын алды, оның үлесіне жер қыртысы массасының 2, 64%-і тиесілі. Натрий табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, олардың көбісі адамзатқа ерте заманнан белгілі. Натрий басқа да сілтілік металдар сияқты, иондық кристалдық тор түзеді. Мұндай торларда атом қабаттары бір-бірімен салыстырғанда өзар перпендикуляр3бағытта сырғи алады, осыған орай натрий ілімді әрі жұмсақ болып келеді. Ол судан жеңіл, пышақпен оңай кесіледі, созылады, тығыздығы 0, 97г /см 3 , оңай балқитын, электр тоғын өте жақсы өткізетін, электрондарын оңай бөліп шығаратын элементтің бірі. Натрий III периодтың негізгі топшасында орналасқан. Ол сілтілік металлдардың қатарына жатады, себебі сумен әрекеттескенде сілті түзеді.

Натрий хлориді

Натрийдің табиғи қосылыстарының ең маңыздысы-натрий хлориді адамға өте қажетті қосылыстардың бірі.

Ас тұзы-тағамға салынады, консервілеуші зат қызметін атқарады, себебі шірітетін бактериялар мен көгерткіш саңырау-құлақтарды өлтіреді. Натрий хлориді химия өнеркәсібінде:натрий, хлор, натрий гидроксиді, сода алуға қажетті шикізат ретінде көп мөлшерде қолданылады. Мұхит суларында 2, 8% шамасында натрий хлориді болады, ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да жоғарлайды, мысалы Өлі теңізде 7, 9% бар.

Ол адам мен жануарлар қорегінің құраушысы болып саналады. Тірі организмде натрий иондары қан плазмасында, клетка құрамында болады, сөйтіп, клетканың қызметіне сай алуан түрлі процестерге қатысады. Нтарий жетіспесе бұл процестер бұзылады. Сондықтан адам көп терлегенде оған аздап тұз қосқан су ішу ұсынылады.

Натрий сульфаты

Натрий сульфаты-шыны, сода өндіруде жұмсалады. Судағы ерітіндісінен глаубер тұзы деп аталатын кристалгидрат Na 2 SO 4 ·10H 2 O бөлінеді. және ол медицинада қолданады.

Натрий карбонаты

Техникалық атауы кальцийленген сода:сабын шылау, мата, былғары, фармацевтика өнеркәсібінде, сол сияқты шыны т. б заттар өндіруде қажет.

Натрий гидрокарбонаты

.

Натрий гидрокарбонаты-тұрмыстағы атауы ас содасы:медицинада және нан өнімдерін пісіргенде қолданады.

Натрий нитраты

Натрий нитраты немесе натрий селитрасы азот тыңайтқышы ретінде пайдаланады.

Жоспар

  1. Натрий. Жалпы мәлімет
  2. Натрий қосылыстары
  3. Натрий хлориді
  4. Натрий сульфаты
  5. Натрий карбонаты
  6. Натрий гидрокарбонаты
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сілтілік металдар
Үшінші топтың катиондарын тұнбаға түсіру
S,P,D элементтер
Натрий және калий
Батыс Қазақстанның химиялық өндірісі
Шикізат және қосымша материалдар. Өнімді алу тәсілдері
Сілтілік және сілтілік жер металлдар
Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген токсикалық анализ
II топтың металдарына жалпы сипаттама
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz