Девиация ұғымы, девиацияның түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 бет

I. тарау
1.1.Девиация ұғымы, девиацияның түрлері ... ... ... ... ... ... ...4бет
1.2.Жеке тұлғаның девианттық іс .әрекеттерге бару
себептерімен және онымен күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ...13бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18бет

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20бет
КІРІСПЕ
Тұлға адамның нақты мәнінің көрінісі, онда сол қағамның әлеуметтік маңызды белгілері мен сапалар жүйесі толығымен көрініс тауып жүзеге асады. Өзіндік сана, құнды бағдарлама, әлеуметтік қатынастар, өз қылығына жауакершілігі, қоғаммен қарым – қатынаста белгілі бір дербестігін сақтау тұлғаның бөлінбес белгілірі болып табылады. Әрбір тұлғаның қоғамда алатын мәртебесі және әлеуметтік рөлі бар. Тұлға мен қоғамның өзара әрекеті әлеуметтану ғылымының басты проблемасы.
Әлеуметтік іс - әрекеттер мен қатынастардың бірінші өкілі тұлға болып есептеледі. Ол үшін адам, индивид, индивидуальдық және жеке тұлға ұғымын ажырата білуіміз қажет.
Адам дегеніміздің - өзі жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы. әлеуметтік қызмет пен мәдениеттің субъектісі болып табылады. Әлеуметтік қатынастар құрылымына ене отырып адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастың өкілі болып қана қоймай, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.
Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өсуі «индивид» деген ұғыммен байланысты.
«Индивид» дегеніміз, - бұл, халық, қоғам, топ, әлеуметтік топсияқты әлеуметтік қауымдастықтардың жеке алғандығы дараланған мүшесі. Бұл
ұғым әлеуметтік қатынастардың жеке алғандығы өкім қарастырылған
жағдайда қолданылады.
Жеке тұлға дегеніміз, - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық қасиеттер толық көрініс табады, яғни әлеуметтік өмірде адамның бір – бірімен әртүрлі салада тығыз қарым – қатынастардың белсенді, салалы, іс - әрекеттері арқасында индивид әлеуметтендіріліп, бірте – бірте тұлғаға айналуы керек.
Жеке тұлғаның анықтамаларында оның дамуының екі қарама – қайшы көзқарастармен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие болмайды. Ал екінші
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Асабаев А. Жасөспірімдер қылмысына не себеп. Заң. 200 ж. №5.
2. Аймашева А. «Есірткі дертіне қарсы күрес». Заң және заман. 2006 ж. №3. 27 – 28 бет.
3. Жезөкшелік аса қауіпті қоғадық құбылыс. Заң. 2005 ж. №10. 25 бет.
4. Боранбайұлы Е. Зинақорлық кәсіп пе? Шымкент келбеті. 2 шілде 2004 ж.
5. Құлжанова А. Жезөкшеліктің алдын – алу қөоғам талабы. Заң газеті. 2004 ж. №6.
6. В.К.Фролов. Социология. Учебник. Личность и общество. Логос. 1998 г.
7. Шибутани Т. Социальное психология. М. 1989 г.
8. Джмолбаева Ш.Е. Проблемы наркотизации и алкоголизации в республике. Социологические исследования. 1998 г. №3.
9. Кравченко А.И. Введение в социологию. М. 1995 г.
10. Асмалов А.Г. Психология личности. М. 1995 г.
11. Фрейд З. Введение в психоанализ. М. 1989 г.
12. Щегорцев В.А. Социальная правосознания.
13. Журнал «Социально – политические науки». 1991 г. №2
14. Радугин А.А. Радугин К.А. Социология. Курс лекции. М. 1995 г.
15. Жалпы әлеуметтану лекциялар курсы. Шымкент 2004 ж.
16. Д.Әбсаттаров. А.Дүкенов. Әлеуметтану оқу құралы.

17.Журнал «Саясат» 2000№2
18.Болашақ 2006 №4
19Ұлт тағлымы. 2005 №5
20.Әлеуметтану. Мәдени мұра. 2006. Алматы.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .2 бет

I- тарау
1.1.Девиация ұғымы, девиацияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ...4 бет
1.2.Жеке тұлғаның девианттық іс -әрекеттерге бару
себептерімен және онымен
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... .13бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...18бет
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 20бет

КІРІСПЕ
Тұлға адамның нақты мәнінің көрінісі, онда сол қағамның әлеуметтік
маңызды белгілері мен сапалар жүйесі толығымен көрініс тауып жүзеге асады.
Өзіндік сана, құнды бағдарлама, әлеуметтік қатынастар, өз қылығына
жауакершілігі, қоғаммен қарым – қатынаста белгілі бір дербестігін сақтау
тұлғаның бөлінбес белгілірі болып табылады. Әрбір тұлғаның қоғамда алатын
мәртебесі және әлеуметтік рөлі бар. Тұлға мен қоғамның өзара әрекеті
әлеуметтану ғылымының басты проблемасы.
Әлеуметтік іс - әрекеттер мен қатынастардың бірінші өкілі тұлға болып
есептеледі. Ол үшін адам, индивид, индивидуальдық және жеке тұлға ұғымын
ажырата білуіміз қажет.
Адам дегеніміздің - өзі жер бетіндегі тірі организмдер дамуының
жоғарғы сатысы. әлеуметтік қызмет пен мәдениеттің субъектісі болып
табылады. Әлеуметтік қатынастар құрылымына ене отырып адам тек белгілі бір
қоғамдық қатынастың өкілі болып қана қоймай, сонымен бірге олардың
жасаушысы да болып табылады.
Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өсуі индивид деген ұғыммен
байланысты.
Индивид дегеніміз, - бұл, халық, қоғам, топ, әлеуметтік топсияқты
әлеуметтік қауымдастықтардың жеке алғандығы дараланған мүшесі. Бұл
ұғым әлеуметтік қатынастардың жеке алғандығы өкім қарастырылған
жағдайда қолданылады.
Жеке тұлға дегеніміз, - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық
адамдық қасиеттер толық көрініс табады, яғни әлеуметтік өмірде адамның бір
– бірімен әртүрлі салада тығыз қарым – қатынастардың белсенді, салалы, іс
- әрекеттері арқасында индивид әлеуметтендіріліп, бірте – бірте тұлғаға
айналуы керек.
Жеке тұлғаның анықтамаларында оның дамуының екі қарама – қайшы
көзқарастармен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға
өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және
дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие болмайды. Ал
екінші көзқарастардың өкілдері және тұлғаның туылған ішкі белгілері мен
қабілеттерін толығымен терістейді және тұлғаны әлеуметтік тәжірбие
барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Ядов жеке тұлғаға
берген анықтамасы бойынша жеке тұлға жігерлі қызмет пен қарым –
қатынасқұрылымдық қатынастарда индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі,
қоғамның дамуының өкілі, адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы.
Жеке тұлға социологиясы әлеуметтік тарихи процесс және құндылықтық
қоғамдық жүйелер көлемінде жеке тұлғаның және әлеуметтік
қауымның байланысы деңгейінде қоғамдық қатынастардың объектісі
қауымның байланысы деңгейінде қоғамдық қатынастардың объектісі мен
субъектісі жеке тұлғаны зерттеуді иемденетін социологиялық 3 түрлі негізгі
мәселелерді қарастырады. Біріншіден: әлеуметтік жүйе ретінде жеке тұлғаны
зерттеу; екіншіден, жеке тұлғаны әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде
зерттеу, қоғамның жеке тұлғаға әсері, әлеуметтендіру; үшіншіден жеке
тұлғаны қоғамдық қатынастардың субъектісі ретінде қарастыру, сонымен қатар
жеке тұлғаның әлеуметтік қызметі мен жігерлігін қарастыру.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің индивидуалды
бейнелеуін және оның негізгі барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде
бейнелеуін көрсетеді. Социология ғылымы тұлғаның қасиеттерінің
қалыптасуының әлеуметтік негізін, тұлғалар типі қоғамында өсетін әлеуметтік
қызметтер мен әлеуметтік мазмұнда, яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің
қайнар көзі ретінде зерттеуге тырысады. Социологтардың пікірі бойынша жеке
тұлға басқа адамдармен қарым – қатынас жасаудағы индивидуалды өмір
қызметінің әлеуметтік белгілерін белгілейтін. қалыптасуына Ч.Кули мен
Дж.Мидт.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Девиация ұғымы, девиацияның түрлері.
Ауытқыған мінез – құлық (девианттық әрекеттер) бұл қоғамдағы шарттар,
ережелерді бұзатын әрекеттер. Ауытқыған мінез – құлық негативтік (жағымсыз)
және позетивтік (пайдалы) болуы мүмкін. Мәселен өнер бұрын болмаған,
жаңалықтардың енуімен, яғни қалыптасқан шарттардың түсініктерді бұзумен
байланысты. Ауытқыған мінез – құлық теориясының негізгі түсінігі әлеуметтік
шарт, ереже, норма болып саналады. әлеуметтік норма деген – қоғамдық
басқарудың маңызды элементі және тұлғаның, әлеуметтік топтардың түрлі
жағдайларда әрекеттерін, мінез – құлқын бағыттау тәсілі. Әлеуметтік
нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте және т.б. жатады.

Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез – құлық әлеуметтік санкцияға
жатады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік және
т.б.)байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір
тіркейді және әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты
түзетулер енгізіледі. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік
құбылысекендігі ескеріледі (қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен
бастап, адам өлтіруге дейінгі). Сондықтан девианттық мінез – құлықты кең
мағынада және шағын мағынада алып қарастырады.
Кең мағынада алғанда девиантты мінез – құлық құқыққа қарсы барлық
формалар ретінде түсініледі. Сонымен адамның өзін - өзі өлтіру – девиация,
ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің
жиынтығы немесе қылмыстар делиновентті мінез – құлық деген атқа ие болды.
1
Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады.
Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған – жасалмағанына
қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинвентті мінез
– құлыққа жатады. Мұндай мінез – құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау, пара,
құжаттарды қолдан жасау, өртеу, өндірістік шпионаж және тағы басқалар
жатады.
Сонымен аутқушылық бір адамға ғана қатысты және жеке негізінде
келісімпаздық мінез – құлыққа жататын топтық болады. Ауытқушылық сонымен
бірге алғашқы (елеусіз және екінші қылмыстық) болады. Екінші қайтара
ауытқушылық негізінде адамға қылмыскер атағы тағылады. Одан адал, парасатты
адамдар теріс айналады. Оның өмірі күрт өзгереді.
Ауытқымалы мінез – құлықтың бағасы қоғамға тәуелді. Мысалы, ел кезіп
жүрген, жиһанкез монах қоғамда қасиетті болып есептеледі, екінші қоғамда ол
жұмыс жасамайтын жалқау ретінде бағаланады. Сол сияқты қоғамдағы
өзгерістерге де тәуелді, мысалы кеңес өкіметі кезінде төңкеріс жақсы нәрсе
болып есептелді, ал қазір революцияны айыптайды.
Ауытқушылықтың өзі қоғамның нормадан ауытқушылығымен байланысты болуы
мүмкін. Мысалы адам отбасын азғантай айлықпен немесе жұмыссыз болуы себепті
асырай алмаған жағдайда қылмысқа баруы мүмкін. Адам мінез – құлқының
қоғамдық бағасының өзгеруіне мысал ретінде түсіндірсек XIX ғасырда жұмыс
істеген әйелдер айыпталды. Бұл ауытқушылық болып есептелген. Біздің
уақытымызда оны ешкім де қоғамдық нормадан ауытқушылық деп есептемейді.
Яғни бұнда айтып кететін жайт қоғамдық талап тілектердің өзгеруіне
байланысты біршама іс - әрекеттер де өзгереді, оны біз девиантты іс -
әрекетке жатқызуымызға болмайды. Өйткені ондай өзгерістер қоғамда көптеп
жатады.
Енде жерде ауытқымалы ауытқымалы мінез – құлықтың негізгі түрлерін
атап өтетін болсақ: заң бұзушылық, қылмыс, маскүнемдік, нашақорлық,
жезөкшелік, өзін - өзі өлтіру және тағы басқаларды жатқызуға болады. Мұның
барлығы да қоғам тарапынан қолдау таппайтын түрлі мінез – құлықтар.
Ауытқымалы мінез – құлықтың көптеген түрлері жеке тұлға және қоғамның
мүддесі арасындағы қақтығыстық жағдайынан хабар береді.
Ауытқымалы мінез – құлықты әртүрлі жіктеуге болады. Мәселен ол қай
салада пайда болса, сол салада көрсетуге мүмкіндік туғызады. Жұмыста:
шаруаға қырсыздық, бюрократшы тәртіп бұзушылық, арамтамақтық және тағы
басқалар.
Сонымен девианттың түрлеріне тоқталып өтсек. Солардың бірі нашақорлық.
Наркологтар қазіргі кезде нашақорлықпен сырқаттанатын адамдар саны
маскүнемдікке шалдыққандар санымен теңесіп қалды дейді. Наркологияда –
контагиоздық деген ұғым бар (мағынасы бойынша жұқпалы деген сөзге
жақын). Әрбір нашақор нашаға кем дегенде 10 адамды үйретеді, яғни
жұқтырады деген сөз. Нашақорлардың соңғы кезде не себептен қарқынды түрде
көбейе түскені де түсінікті – геометриялық прогрессия заңы күшіне енді.
Нашақорлық сырқат, емдеуден гөрі оның алдын алу жеңіл. Соңғы уақытта
есірткі пайдалану салдарынан өлім – жетім көбейіп отыр. Әдетте, құмарпаз
нашақор 35 жасқа жетпей өледі, ал жасөспірім нашақорларөмірінің
орташаұзақтығы – есірткі пайдалана бастаған соң 5 жыл.
Алғашқы кезде есірткіні ағзаға ангізі адамның өзін дені сау сезініп,
көңіл – күйінің алдамшы көтерілуіне, толық тәуелсіз сезінуіне әкеледі. Ал
шындығында есірткіден адам психикалық және дене әлсіздігіне шалдығып, бүкіл
ағзалары қатты уланады. Әдетте, 1-2 рет байқап көрудің өзі адамды наша
таратушылардың құлы етеді, мүгедектікке апарады. Заттардың алмасу
процессіне араласып, есірткі ең алдымен, мидың аротанын (мидың көңіл – күй
өзгерістерін бақылауына көмектесетін зат) шығаратын жасушаларын өлтіреді,
бұл адамның белсенділігін төмендетіп, селқостыққа әкеледі. Иммундық жүйе
зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы түрлі
инфекцияларға берілгіш болып алады. Есірткі обырдың, асқазан жарасының
пайда болуына итермелейді. Ең ауыр, қауіпті және емделуі қиын – апиын
нашақорлығы. Тамырға жіберілетін есірткі пайдалану нәтижесінде тек психика,
жүрек – қан тамыры және жүйке жүйесі ғана емес, бауыр, бүйрек те зардап
шегеді, ауруға қарсы тұру мүмкіндігі нашарлайды, тіс бұзылады, тамырлар
сырқаттанады, белсіздік дамиды, ақыл – ой деңгейі төмендейді. Нақты
статистикаға сүйенсек, ресейде соңғы 3 жыл көлемінде 3000 – нан астам
есірткі түрлерін дайындап шығаратын лабороториялар бары байқалып отыр.
Бүгінгі таңда Республика бойынша 20 мыңнан астам аса нашақордың барлығы
анықталып, тіркеуге алынған. 1990 жылы нашақорлыққа байланысты 4 мыңға жуық
қылмыс тіркелсе, өткен жылы ол 232 мыңнан асып жығылған. Қазақстандағы
нашақорлардың саны 5-6 есеге өскен. 2
Қырғызстан Республикасы 1998 жылы әлеуметтік зерттеу орталығы 1000
адамға сұрау салып пікірін білгенде әрбір бесіншінің есірткі тұтынатыны
белгілі болған.
Алматыға есірткі негізінен оңтүстік аймақтарадан – Тәжікстан мен
Ауғанстаннан тасымалданады. Әкелген есірткенің 10-15 проценті Қазақстанда
қалып, қалғаны Еуропа елдеріне жөнелтіледі. Ресей де, Қазақстан да
наркобизнеске тыйым сала алмай отыр.
Сонымен девианттықтың келесі түрі құқық бұзу мен оның неғұрлым
ауыр формасы – қылмыс өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға
социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын, себебін және қайта
өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен
байланысын, сондай – ақ оларды жеңу жолдарын айқындау.
Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың тәнін ашуға басты назар
аударылады: таптық (антогонистік) қоғамда қылмыс қоғамдық қатынастардың өз
құрылысынан туындап жатты. Таптық себептерге ерекше мән беру социализмде
қылмыс жасауға арнайы себептер жоқдеген тұжырым жасауға итермеледі.
Көптеген азаматтар үшін кірістің негізгі көзі қылмыстық бизнеске айналды.
3 Қазақстанда заңды ұрылар деген ұғым пайда болды, олар қылмыстық
топтар арасындағы қарым – қатынастарды реттейді. Наркобизнес, спирт
контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты
құбылысқа айналды.
Қылмыс мәселесін зерттеушілер заңға мойын ұсынумен азаматтардың ішкі
әлеммен (бұл құқықты сезінудің, дүниетанымның нормативті – құқықтық
мақсаттың айрықша деңгейі) салыстырғанда құқық бұзушылардың өзіндік ішкі
әлемінің болатынын мойындайды, бірақ құқық бұзушыларға тән олардың құқыққа
қарсы әрекеттерін түсіндіретін біртұтас, тұлғалық сипатын таба алмады.
Осылайша А.Р.Ратинов қылмыскерлер мен қылмыскер еместердің түбірлі
айырмашылығы – қандай да бір қасиет,
не олардың жиынтығында емес, қайталанбас сапалық үндесуі мен әр қасиеттің
үлес салмағында; яғни әзірге жүйелік сипаты бар тұлғалық ерекшеліктер
жиынтығы зерттелген жоқ, - дейді. 4Құқық бұзушыларға тән біртұтас
тұлғалық ерекшеліктердің және олардың құқыққа қарсы мінез – құлығын
түсіндіретін жүйенің жоқтығы туралы қорытынды қылмыскерлер типологиясы
мәселесінне арналған зерттеуді өмірге әкелді.
Демографиялық құқықтық және әлеуметтік – психологиялық белгілер
бойынша әр түрлі типологиялар бар. Социологиялық аспектіде алғанда
қылмыскердің негізгі үш түрі бар. Олар мыналар:
1. Жүйелі қылмыскер тип;
2. Кездейсоқ қылмыскер,
3. Жағдайға байланысты қылмыскер (мұнда: қылмысқа дейінгі мінез –
құлық адамгершілігінің бұзылуы, бірақ құқық бұзбайды, жағдай әсер етеді).
Алғашқы екі типтің біріншісіне есейген рецедивистер (75 %), ал
екіншісіне – ұзақ уақыт бойы оқымағандар мен жұмыс істемейтіндер,
маскүнемдер жатады.
Мамандардың айтуы бойынша, әсер етудің ең үлкен факторларын суицидтін
іс - әрекетке итермелеуші факторларды есептеді. Оның ішінен бір немесе
бірнеше түрін бөліп алу мүмкін емес. Мәселе оның күрделі себептердің,
жағдайлары өзін өлтіруге алып келетін мезгілдердің күрделілігінде. Ең алғаш
ойға келетін нәрсе ол, өмір тамаша болған сайын
– тоқтық, көңілділік т.б. өмірі мен қоштасқысы келетін адамдар азаяр ма
еді, яғни өзін өлтіруге ұмтылушылар көбінесе стресске ұрынған, рухани
езілген, интеллектуалы зорыққан немесе керісінше, әлеуметтігі төмен адамдар
– нашақорлар, қаңғыбастар т.б. жақын болып есептеледі.
Социологиялық зерттеулер көмегі мен өз - өзін өлтіруге әсер етуші
жалпы факторларын санау анықтауға қол жеткізілді, олар климат, жыл мерзімі,
өмір сүретін орны, жасы, жынысы, діни сенім – нанымы, экономикалық өмір
деңгейі, саяси аухал. Өзін - өзі өлтіру әсіресе күн ұзарған көктем
уақытында жиі кездеседі. Әртүрлі айлар, түн ұзақтығы бірдей кезеңде өзін -
өзі өлтіру шамасында тең келеді. Әр жылы өзін - өзі өлтірудің басым
көпшілігі күндіз орындалады. Мұның түсіндірмесі, күндіз адамзат қызметі
көбірек оянып іске кіріседі, адамдар қарым – қатынасы бір – бірімен
тіреліп, алмасып, әлеуметтік өмір қарқынды түрде жүре бастаған уақыт.
Ф.Ницше, Н.В.Гоголь, М.М.Пришвин адамзат психикасына соқыр жарты күн
әсерін айтқан.
Атақты орыс космисты А.Л.Чижевский Күннің құшағындағы жер еңбегінде
тірі организмнің күннің қатты ісінуі кезеңінде күрт, кенеттен көңіл –
күйлер уайымы оның ішінде суицидтың іс - әрекеттерге жол беруге ыңғайланады
деді.
Суицид – жас құбылыс суицидтік жас жынысты, ұлты, мекен жайына
қарамастан 19-40 жаста құрады. Бұл кезең адамның ең белсенді жасы. Өзін
- өзі өлтіру 14 жастан жоғары арасында жиі кездеседі. Өзін - өзі
өлтірушілер ауылға қарағанда қалада жиірек. Некеде тұрушылар арасында
сирек. Неке проблемалардан қорғамайды, тоқтаушы фактор емес.
Суицидтер қоғамдық көтерулер, саясаттар, жағымды өзгерістер,
экономика – мәдени өмірінде даму болған кезеңде аяқталады. Ал қоғамдық
құлдырау кезеңде көбейеді.
Баланың ата – анасы мен қарым – қатынасы ашық толық шын эмоцеональды
– жылы қатынаста болмайды, көптеген күңгірт сыни – сағаттарды бастан
кешіруіне тура келеді. Жастардың суицидке баруын социологтар мен
психологтар қарастырғанда соңғы шарасыз көмек ретінде өз проблемасына ата –
ана көңілін аударуы түсінбеушілікті жоюға қолданылған іс - әрекет.
Сондай – ақ өзін - өзі өлтірушілер арасында еліктеушілер көп
кездеседі. 1977 жылы Гетенің Жас Вертер қайғылары еңбегі махаббат құрбаны
болуы нәтижесінде, Голлевуд әртісі Мэрелин Монро, әнші Шорь Саринның өлімі
көптеген жас қыздар мен жігіттердің еліктеп өз тамырларын кесу арқылы
өлімге алып келгені белгілі.
Өзін - өзі өлтіру түрлерін психотеропевт Ю.Полеков ұзақ байқауы
арқылы үш түрге бөлді.
1. Афективті түрі. Өте қатты уайым – қайғы мен көңіл – күйдің
нашарлауы кезеңінде орындалатын түрі. Бұл эмоция көрінісі, әрине уақытша.
Бұнда жариялылық элементтері болуы мүмкін.
2. Жариялық түрі. Өзіне назар аудартып, жанашырлық сезімін оятқысы
келген шын мәнісіндегі ұлтшылық ойлары бар. Бұл суицидтік әрекет ашық,
дауысты және әртістік түрінде талап етеді, себебі өзін жария қылғысы келген
әрекет соңында кездейсоқ өлімге алып соғуы мүмкін.
3. Шын мәәнісіндегі ақиқат түрі. Бұл суицидтік әрекет әбден ойланып,
жоспарланған түрі. Жоспарын шын мәнісінде, толық орындауға іс – шаралар
ұйымдастырылып, жасырын түрде орындалады. Соңы қайғыға апарған іс -
әрекеттерге мәселен, жариялық түрі отбасылық проблемалар 52% оқиға,
аффективті - 51%, шын мәнісінде 13%, жыныстық проблемалар 24, 29,67%, білім
– 26-29% оқиға.
Өз - өзін өлтіруді алдын – алу. Қазір сенімділігі байланыс жүйесі
бар психологтар мен психияторлар көмегіне сүйену қажет.
Жезөкшелік түсінігінің нақты әлеуметтік және құқықтық тұрғадан
негізделеген, ғылыми жетілдірілген анықтамасы жоқ. Бұл қызмет түрі өзін -
өзі сату, әйелдердің өз денесін сатуы, дене саудасы, сатылатын махаббат,
материалдық сыйақы үшін жыныстық қатынасқа түсу және басқа да түсініктермен
түсіндіріледі. Мәселен ағылышын заңдылықтарында жезөкшелік деп әйелдердің
өз денесін нақты төлем алу мақсатымен
тәртіпсіз азғындыққа салынуы немесе ұсынуы белгіленген. Болгарияда –
адамгершілікке жат қызметтен түсетін еңбексіз пайда табу, АҚШ – та сыйақы
үшін қатынасқа түсу, ал Чехословакияда өмір сүрі үшін еңбектен жалтарып
пайда табу ретінде қарастырылады. Осы айтып отырған барлық түсініктер
әрекеттің адамгершілікке қарсы жақтарын, пайдақорлықпен байланысты жақтарын
ашып отыр.
Сонымен жезөкшелік дегеніміз - өз денесін сату арқылы жүзеге асатын
құқыққа қарсы қызмет (әйелдердің еркектерге, әйелдердің әйелдерге,
еркектердің еркектерге және еркектердің әйелдерге).
Жезөкшелікте – девианттық іс - әрекеттің бір түрі. Ол қазіргі таңда
өршіп тұрған проблемалардың бірі. Бұрын Кеңес өкіметі кезінде жезөкшелікке
жол берілмеді. Кейін қазақстан Республикасында, яғни 1990 жылдары адамдар
өз бостандықтарына ие болып, сен немен шұғылданып жатырсың деп жатқан
ешкім жоқ. Осы жезөкшеліккке бару себептері неде деген сұрақ туындайды. Оны
біз жұмыссыздық салдары, кедейшілікпен түсндіріп жатамыз. Бұл кәсіп
негізінен қоғамға үлкен зиян екені айдан анық. Жезөкшелік туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік бақылау
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі девионтологияның орны
Жастар арасындағы девиациялық мінез-құлық
Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау
Теріс - мінез құлық социологиясы
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын бейімдеудің жолдары
Девиациялық мінез – құлықтың формалары және аномия
«Аномия» ұғымын зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері
Девианттық мінез - құлық және оның негізгі формалары
Пәндер