Гәкку



Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-серілерінің бейнелері көзге елестейді. Бұл орайда әңгіме қозғалса сексен көлі толқыған аққулы өлке Есіл-Көкше еске түседі. Сол асыл өңірді әнмен көмкерген Сегіз сері, Шал ақын, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды. Бұл жолы қазақтың ақтангер ақыны, ұлы композитор, өз заманында алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырайдың бүкіл шығармашылық әлемін түгелімен қозғамай, “Гәкку” атты әні жайлы ғана ой өрістетпекпін.
Гәкку – арман, Гәкку – тағдыр, Гәкку – қазақ өнерінің сөнбес жұлдызы. Гәкку 1934 жылы (либреттосын Ғабит Мүсірепов жазған) Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсындағы Жібектің ариясы болып жарқ етті. Бұл ария бүкіл операның музыкалық негізгі әуенін, басты сарынын құрады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде Жібектің рөлінде ойнаған бұлбұл үнді Күләш Байсейітова “Гәккуді” бірінші рет орындап, КСРО халық әртісі атанды. Гәкку деген ән жұлдызы мен Күләш деген әншіліктің жұлдызы қатар жанды. Күләштің де, “Гәк­кудің” де атақтары айға жеткендей ұлттық өнер өрісі кеңейді. Қазақ деген өз атын жаңа иемденген халықтың әні — “Гәкку” әлемдік өнердің биік өресіне көтерілді.
Халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті, тамаша әнші Молдахмет Тырбиев “Гәккуді” айтқанда ерекше толғанатын. Әсіресе, қайырмасын қырық құбылтқанда естір жанды естен танғандай балқытып әкететін де, атақты ұстазының әншілік әлеміне апаратын. “Гәккуді” орындаушылар аз болған жоқ, олардың ішінде үздік орындап, қалыбына дәлме-дәл түсіруші ақиық ақын, асқақ әнші Иса Байзақовтың айтуымен нотаға түсірілген. Молдекең Күләш айтқан “Гәккуді” қуаттап, Иса аға­мызға да алғысын айта отырып: “Ұлы ән ұшқыр қалпында, аққу-қаздың қаңқыл-саңқылындай құс үнімен үйлесіп, түпнұсқадан аумапты, тек қана Е.Брусиловскийдің операға икемдеп қайырмасын қанаттандыра

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ГӘККУ

Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің
сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп,
өркендей түсті. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-
серілерінің бейнелері көзге елестейді. Бұл орайда әңгіме қозғалса сексен
көлі толқыған аққулы өлке Есіл-Көкше еске түседі. Сол асыл өңірді әнмен
көмкерген Сегіз сері, Шал ақын, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі
Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды. Бұл жолы
қазақтың ақтангер ақыны, ұлы композитор, өз заманында алдына жан салмаған
әнші Үкілі Ыбырайдың бүкіл шығармашылық әлемін түгелімен қозғамай, “Гәкку”
атты әні жайлы ғана ой өрістетпекпін.
Гәкку – арман, Гәкку – тағдыр, Гәкку – қазақ өнерінің сөнбес жұлдызы.
Гәкку 1934 жылы (либреттосын Ғабит Мүсірепов жазған) Е.Брусиловскийдің “Қыз
Жібек” операсындағы Жібектің ариясы болып жарқ етті. Бұл ария бүкіл
операның музыкалық негізгі әуенін, басты сарынын құрады. 1936 жылы Мәскеуде
өткен қазақ өнерінің онкүндігінде Жібектің рөлінде ойнаған бұлбұл үнді
Күләш Байсейітова “Гәккуді” бірінші рет орындап, КСРО халық әртісі атанды.
Гәкку деген ән жұлдызы мен Күләш деген әншіліктің жұлдызы қатар жанды.
Күләштің де, “Гәк­кудің” де атақтары айға жеткендей ұлттық өнер өрісі
кеңейді. Қазақ деген өз атын жаңа иемденген халықтың әні — “Гәкку” әлемдік
өнердің биік өресіне көтерілді.
Халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті, тамаша әнші Молдахмет
Тырбиев “Гәккуді” айтқанда ерекше толғанатын. Әсіресе, қайырмасын қырық
құбылтқанда естір жанды естен танғандай балқытып әкететін де, атақты
ұстазының әншілік әлеміне апаратын. “Гәккуді” орындаушылар аз болған жоқ,
олардың ішінде үздік орындап, қалыбына дәлме-дәл түсіруші ақиық ақын, асқақ
әнші Иса Байзақовтың айтуымен нотаға түсірілген. Молдекең Күләш айтқан
“Гәккуді” қуаттап, Иса аға­мызға да алғысын айта отырып: “Ұлы ән ұшқыр
қалпында, аққу-қаздың қаңқыл-саңқылындай құс үнімен үйлесіп, түпнұсқадан
аумапты, тек қана Е.Брусиловскийдің операға икемдеп қайырмасын қанаттандыра
түсетін сәл-пәл қосымшасы бар”, – дейтін. Үкілі бабамыздың аруағы қолдап,
бұл ұлы сапарға туған жиені, әйгілі ақын, үздік әнші Тайжан Қалмағамбетов
барып, Күләш “гәк-гәкке” басып “гәккулетсе”, ол сырнайын өзімен бірге сақ-
сақ күлдіріп, нағашыдан бағы ашылған сәтін көрді. Дүние телегей теңіз
“гәккушіл” әуенге толқып кеткендей көрінді. Қазақ әні шексіз биікке
көтерілді. ХХ ғасырдың Гомері атанған қазақтың ұлы ақыны Жамбыл бабамыздың
Тайжан мен Кененге: “Ыбырай марқұм бір аунап түскен шығар, уа, аруақ,
қолдай бер, Күләштай бұлбұл қызымызды”, — дегені де Тайжекеңе айтып
жүрерліктей естелік болып қалды. Әттең, дүние-ай, 1937 жылы “халық жауы”
атанып Тайжан да атылып кетті.
“Гәкку” әні осыдан кейін операдағы ария ретінде ел арасына тез тарады.
Одақтық, республикалық радиодан Күләш “Гәккуді” өте жиі орындайтын. “Қыз
Жібек” операсының ариялары ел ішінде кеңінен айтыла бастады. Ұлы Отан
соғысы басталатын жылдың өзінде әйгілі опера күйтабақ күйінде алыстағы
Көкшетау облысы, Айыртау ауданындағы ауылымыз Өскенге де жетті. Бұл ауыл
Үкілі Ыбы­райдың туған жері, қазір ұлы жерлесіміздің атымен аталады. Соғыс
жылдары қаршадайымыздан біздерді жұмысқа салып, даладағы егістің қалың
біткен сабақтарының арасындағы арам шөпті жұлдыруға апаратын. Түскі
демалыс, қатты аптаптың кезінде бойжеткен қыздар мен ересек балалар Қыз
Жібек болып әндетіп, Төлеген болып қамықтырып, Қаршыға болып ащы әнге
басатын.
Тап осы орайда айта кетерлік бір шындық бар. Үкілі Ыбырайдың үлкен ұлы
Есеп атайдың үйін “халық жауының” үйі деп ауыл белсенділері құбыжық етіп
көрсететін. Тек қана халық ақыны Молдахмет Тырбиев ел аралап Өскенге
соққанда біздің үйге түсетін. Ол кісі әкемнің ағасы еді. Солтүстік
Қазақстан облысы Шал ақын ауданын­дағы “Еңбек” атты ауылдан келетін, ал біз
соғыс жылдары анам мен інім үшеуміз нағашыны сағалап, осы Үкілі Ыбырай
ауылында тұрдық. Молдекең күн батып, кешкі асқа отырарда ат жібертіп, Есеп
ақсақалды алдыратын. Қызық әңгімелер мен өзге жерде айтылмайтын естеліктер
де етек алушы еді. Ақын атамыз есік, терезені жаптырып тастап, Үкілі
Ыбырайдың әндерін шырқайтын. Жастарға, оның ішінде шәкірті Тұрсынбек
Кәкімов, өз баласы Сүният, Ақан серінің досы болған атақты Қо­жақметтің ұлы
Кеңес, Үкілі Ыбырайдың немересі, менің туған бөлем Мұса мен маған жазықсыз
атылып кеткен ұстазының өлеңдерін жасырып үйрететін. Құдай оңдап, сондай
бір сәтте “Гәккудің” бір түрін және “Қарақат көзді, сым саусақты” үйреніп
алып едім. Кейінде Нұрғиса Тілендиевке Шота Уәлихановтың үйінде “Гәккудің”
төрт түрін айтып бергенім де бар. Алматыға барып айтыстарға қатынасып
жүргенде Мұса күйтабаққа, нотаға да жаздырды. Сонымен, бала кезімізде
Мағжан­ның атын естімесек те Сәкен мен Үкілі Ыбырайдың әндерін жасырын
түрде жаттап алып, үйреніп кеттік. Кейін Үкілі Ыбырай ақталғаннан соң ол
кісі жайлы молырақ хабардар болуға мүмкіндік туды. Ал негізгі мағлұматты
Молдекең мен Мұсадан, өз әкем Айтахметтен және Молдекеңнің достары
Жантілеуов Қошаннан, Бимырзаұлы Қасымнан, Сәрсенбайұлы Қожахмет
ақсақалдардан естідім.
Шоқанның досы әйгілі саяхатшы Григорий Потанин: “Маған бүкіл қазақ
даласы ән салып тұрғандай” деген екен. Ал өз басыма бала кезімде Біржан
сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ дүниенің төрт бұрышын әнмен
көмкеріп тұрғандай көрінетін. Жоғарыда айтылған, үкілі Ыбырай ауылынан Ақан
серінің ауылы алыс емес-ті, ал мәңгі ұйқыда жатқан зираты он шақырымдық
жерде болатын. Біздің ел­де Ақан серіні “биден биік, ханнан жоғары” ұстап,
ең беделді ақылман тұтатын, әніне, Құлагеріне деген сүйініш өзінше белгілі
болса, ақынның парасатты әділдігіне зор баға беріп “Ақан аға” дейтін. Үкілі
Ыбырайды “Ақан ағамыз” туған інісіндей жақын тартып, қасынан тастамай,
жасынан сал-серілік үйірге қосқан екен.
“Гәкку” әнінің дүниеге келген тарихынан сыр шертсек, ол да, Үкілі
бабамыздың жалынды жастық шағында дарынды ақын, әнші ретінде шартарапқа
атағы жете бастаған кезінде туыпты. Алдымыздағы үлкендер Ыбыкеңді
жиырмадағы кезі дейтін. Атақты әдебиеттанушы, сыншы Есмағамбет Ысмайылов,
қазақтың ұлы композиторы, өнер зерттеуші Ахмет Жұбанов та осы мағлұматтарды
қостайды. “Гәкку” Үкілі Ыбырайдың бір көргенде ғашық болған Кәкима атты
сұлуға арнаған асыл туындысы. Бұл ән асқақ шабыттың қызған мезетінде
алабұртып, үстірт туған әдеттегі ән емес, ол терең тебіреніс, үлкен
толғаныспен ақынның жан-жүрегін қисапсыз қиындыққа салған, ең құдіретті
шағында шыққан дербес әні. Бұл ән әуенінің әсемдігі мен көркемдігі, сиқырлы
сарынының тартымдылығы, композиторлық шеберлігі жағынан қазақ әндерінің де
жарқын жұлдыздарының арасынан көрінеді.
Кәкиманы жиын-топта алғашқы көргенде қыр мұрынды, қарақат көз, сым
саусақ, ақсары жүзінің сұлулығы, кербездігі мен инабаттылығы өз алдына,
әншілігі де ә дегеннен таңғалдырады. Әнші қыздың отты сезімді тәтті әуенге
орап шырқауы Үкілі Ыбырайдың тұла бойын сиқырлы у шалғандай толғандырып
кетеді.
Не деген шалқар тынысы,
Ақ маралдай жүрісі.
Өңменімнен өтті ғой,
Әсерлі әннің дыбысы, – деп қасындағы достарына сыбырлапты. Ыбекеңнің
сол кездегі шын толғанысты сөзін жазушы Ғалым Молдыбаевтың жеткізуі бойынша
айтсақ, ол “Гәкку” әнінің шығуын былайшы баяндайды:
– Ән, жиын ... жын қуып жүрген кезім, Кәкима деген сұлу қызға әнмен
өлең шығармақ болдым. Күндер, айлар толғанып жүріп, бір шілдеханада
Кәкимаға осы ойымды білдірдім. Кәкима да домбырамен өлең айтатын. Домбыра
кезегі келгенде сұлу қыз маған күлкілі көзін бір қадады да өлеңді қоя берді
емес пе.
Ақынға неге керек құр мырзалық,
Сүйгенін жаутаңдатып ойға салып.
“Айтатын сертіңе жет” деген мақал,
Болмай ма ән шығарсаң өмірге азық, – деп Кәкима шырқай жөнеліпті.
Сонда Ыбекең: Жаман қатты ұялдым, аузыма түскені:
Таусылмас дариясы әзіл-наздың,
Мамығы жаныма ем қоңыр қаздың.
Қыл арқан ат мойнында шірімейді,
Періште жауабыңа қарыздармын, — деп кете барыпты. Міне, тап осы
қысылыстан кейін Ыбырай жатса-тұрса естен кетпес Кәкимаға лайық ән
шығарғысы келеді. “Я, жасаған, аузыма жақсы ән сал, не осы арада мені ал”,
– деп жалбарынған кездерінде, талай тебіреніске түседі. Осындай бір
тынышсыз түндерінде түсінде қаңқылдаған қоңыр қаздың дауысын естиді. Аққу-
қазды көл шетінде аппақ келбеті жайнап Кәкима елестейді. Аққу сынды сұлу
қыз елестегенде, оның атына балама ретінде аузына “Гәкку” деген ғажайып сөз
түседі. Сол сәтте шабыттың үні басталады. Бұрын-соңды естілмеген жаңа ән
арнап кел деген қыздың талабы да қызу қанды ақынның намысын қамшылайды.
“Аққу”, “Гәкку”, “Кәкима” деп қайталап, ақ қағазға жаңа өлең жолдарын
түсіреді. Түсіреді де, біресе сырнай, біресе домбырамен қосылып шырқай
жөнеледі.
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым,
Ән салып талай жердің дәмін таттым.
Жетсін деп осынау даусым “Гәккуіме”
“Гәккуді” қайтқан қаздай қаңқылдаттым, – деп толғанады да, есіне
түскен елестерді, көкейіне қонған көріністерін топтастыра береді. Ең
бастысы, әнге сай өлең шумақтары туады.
Үкілі Ыбырайдың өзімен дидарласып, “Гәккудің” дүниеге келу тарихын
ауызба-ауыз естіген классик жазушымыз Сәбит Мұқанов та “Гәккудің” шығуына
Кәкима атты сұлудың себеп болғанын, екеуінің танысып-білісіп
қанаттасуларының ара­сында бірталай уақыт өткенін келтіреді. Сәбең Ыбырай
туралы, “Гәкку” жайлы алғаш қалам тартқан жазушы болғандықтан, қыздың
айттырған жігітімен де таныстырып өтеді. Ол жігіт те тегін емес, “сырнайлы
өнерпаз” деп сипаттайды. Үкілі Ыбырайдың:
Таранған айдын көлде сіз бір аққу,
Мұндай сөз естіп пе едің бек ләззатлу.
Сырнай мен домбыраның арасында,
Балқыған қорғасындай қайран Гәкку, – деп келетін өлеңнің жалғасының да
өз мағынасы бар. Сазды, назды ыстық сезімге толы ән сөзінің лирикалық
кейіпкер­лерін: қызды да, айттырған жігітін де, өзін де келісті түрде
көрсете білгені ақындық та, музыкалық та шеберлікке жетелейді. Аққу сынды
сұлу қыз “Гәкку” аталып, сырнай мен домбыраның арасында шалқып, толқып,
өмір дариясында еркін жүзіп, қоңыр қаздай қаңқылдаған әнге бөленеді.
Сәті түсіп біраз уақыттан кейін айтулы бір жиын-тойда кездескенде
Ыбекең: “Кәкимажан, мынау саған менің арнаған әнім”, – деп толық айтып
береді. “Гәккуді” аққу-қаздың түрлі-түрлі жағдайларында сипаттап, махаббат
назын сарқыла төгілтіп, сөзімен де, әнімен де сұлу қызды рахатқа бөлеп,
әбден разы етеді. “Гәккулетіп” бір жоғары, бір төмен кейде биік, әпсәтте
қоңыржай қалқытып ерке арудың айызын қандырады.
Таранған айдын көлде сіз қоңыр қаз,
Қалқаға көңіл сүйген айтамын наз.
“Гәккуді” қоңырлатып мен салғанда,
Үйренбес талабы бар қандай маңғаз.
Түрлентіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды кең жаямын.
Түскенде сен есіме ерке “Гәкку”,

Құлпыртып осынау әнді толғанамын, – деп төгілтеді. Үйездеген үйірдей
үйіріле қалған жұрт сілтідей тынып, таңданады. Әсем сазға, асқақ дауысқа,
құдіретті сөзге жан дүниесі малшынғандай Кәкима да балқып, толқып тәтті
ләззатқа шомылады. Кәкима Ыбырайға сәтті күнде жолығып, “Әніңіз құтты
болсын, аққу-қаз қонбас көл болмас, бұл әніңізді айтпас ел болмас,
байғазысына “Ахау, Семейді” айтайын”, – деп әндете жөнеліпті.
Үкілі Ыбырайдың ғашық болып, ән арнаған қызы жалғыз Кәкима емес, одан
басқа да сұлуларға көңіл артып, талай әндер шығарады. Той үстінде алып-
қашып: “Сүйгенім кете барды қасыма еріп” — дегені де белгілі. Бірақ,
Кәкимаға деген ықыласы, жүрегінде беріш болып қалған дерттей көп жылдар
ұмыта алмай “Гәк­куді” өмір бойы айтып өтсе де, әрқашан жаңа айтқандай
шабыттаныпты. Қашан да Ыбекең “Гәккуді” айтқанда жан-тәнімен беріліп,
ерекше толғанады екен. Бір сапа­рында әнші ақын Молдекең (Тырбиев) нағашы
атам Қожағалиға бір тәулік аңға шығып көл басында қонып қайтуды ұсынды.
Нағашы атам әйгілі аңшы, мерген, балуан болып, жүйрік ат, ұшқыр тазы,
қасқыр алғыш мығым ит ұстайтын. Шешемнің інісі Ерғожа менімен құрдас
болатын, ал Мұса бізден ересектеу бол­ғандықтан, домбырасын тастатпай, оны
да аңға ала шықтық. Ауылдан аса алыс емес көлдерден құс атып алып, “Қылыш”
атты көлдің жағасында шатыр құрып қонбақшы болдық. Мұсамен екі ақсақал
арбада, Ерғожа екеуміз салт атқа мініп ере шықсақ та, жолдағы көлдерге
барып үйрек-қаз ата бердік. Айнала қоршаулаған ақ балтыр ақ қайыңдар судан
шыққан сұлулардай жайнап тұр, қаз-үйрек қисапсыз мол. Бірақ бұл көлден ел
құс атпайды, табиғи қорық сияқ­ты керемет болатын. Балықты осы көлден
ауладық, басқа жерден алған сауғамыз аз емес, бәрі де ойдағыдай болды. Ең
қызығы, екі атамыз түні бойы Үкілі Ыбырай жайлы әңгімені үзбеді. Талай
жылдар шәкірті болып қасында жүргенде, көрген-білгенін асықпай, саспай
әңгімелеп берді. Аққу, қаздар түні бойы қаңқыл-саңқыл әндетіп, қиқу салып:
“Қалқу, шалқу, гәкку” деп жатқандай болды. Молдекең: “Әй, Кәкіжан,
домбыраны әкелші”, – деп қолына домбыра тигенде отыра қалып гәккулетті. Күн
батар алдындағы қас пен көздің арасы дейтін тамаша саялы да, самалды кез
еді, біз үнсіз тыңдай қалдық.
Молдекеңнің айтуынша, “Гәкку” әні біреу ғана, ал әр түрлі
орындаушылардың қабілеттеріне байланысты өзгерістер көп болады екен.
Негізінде “Үлкен Гәккуді” таза үйреніп алыңдар”, – деп Мұсаға
қайталатқызды. Мұса ән салғанда құс базары қызып тұрған көл де тына
қалғандай болды. Он төрт, он бестегі кезі ғой, дауысы зор әрі әдемі
болатын. Мұсаға Молдекең үйретіп жатқанда мен де құлағыма сіңіре бердім.
Өнер зерттеуші, музыка тарихының білгірі, марқұм Зейнұр Қоспақов Үкілі
Ыбырайдың “Гәкку” атты ән жинағын құрастырғанда төрт түрлі гәккудің
мәтіндерін нотасымен беріпті. Міне, ойлап отырсам, бұл шындықтың да төркіні
Молдекеңнен тараған секілді. “Гәккудің” екінші түрі Кәкима ұзатылған жеріне
тұрмысқа шыққанда туса керек, — деп Молдекең тағы да әндете жөнелді.
Қыздан да қылықтымын жүрген жерде,
Ханнан да қадірлімін туған елге.
Ақ тамақ, шұбар бауыр қоңыр қазым,
Сала алмас Гәккуіме ешбір пенде.
Сыланған дарияға сен қоңыр қаз,
Әнімді толқытайын айтып бір наз.
Айырылып сенен сәулем қалған күні,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үкілі Ыбырай туралы
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Үкілі ыбырай
Қазақтың тұңғыш операсы
Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық пьесалар
Елбасы айтқандай Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Еркеш Ибраһимның ақынның мұрасы
Музыкалық білім беру тарихы
ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары
Пәндер