Кенесары Қасымұлы – қолбасшы



М а з м ұ н ы
Кіріспе

1. Кенесары Қасымұлы . саясатшы
1.1. Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметі
1.2. Кенесары Қасымұлының дипломатиялық әрекеттерімен шеберлігі

2. Кенесары Қасымұлы . қолбасшы
2.1. Кенесары Қасымұлының әскери құрылымдарды құрудағы тапқырлығы
2.2. Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы қабілеті мен әдіскерлігі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Кенесары – қолбасшы, дипломат

М а з м ұ н ы

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

1. Кенесары Қасымұлы – саясатшы

1.1. Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін
қалыптастырудағы саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Кенесары Қасымұлының дипломатиялық әрекеттерімен
шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .

2. Кенесары Қасымұлы – қолбасшы

2.1. Кенесары Қасымұлының әскери құрылымдарды құрудағы
тапқырлығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .

2.2. Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы
қабілеті мен
әдіскерлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Мәселенің өзектілігі. Қазіргі кезде республика жұртшылығы арасында
тарихқа, әсіресе қазақ халқының өткен дәуірін білуге деген ынтаның күрт
артуы байқалып отыр.
Бүгінде жұтшылық назарын өзіне ерекше аударып., тарихшылардың жаппай
жазып, жарыса зерттеуге ден қойған тақырыптардың бірі – ХVІІІ-ХІХ
ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты өзекжарды мәселелер. Ұлт
тарихындағы бұл бір кезеңді сөз еткенде елдің елдігін, халықтың бірлігін
ойлап, әсіресе ұлттық мүддені қорғау жолында жанын шүберекке түйе күрескен
ержүрек батырларымызды айналып өту мүмкін емес. Өйткені, сол уақыттағы
қоғамдық оқиғалардың барлығы солардың тікелей қатысуымен тарих бетіне
бедерлі ізін қалдырған.
Сондықтан да егеменді ел болып отырған Қазақстанның тарихын, әсіресе осы
жердің түп иесі қазақ дейтін халықтың ешкімге де тәуелсіз ел болу жолындағы
ұлт-азаттық қозғалыстың тарихын, сол қозғалыстардың себептері мен салдарын
айқындайтын әртүрлі әрекеттер мен саясаттың астарына не жатқанын зерттеу,
бағалау, қорытынды пікір айту – тарихшылардың еншісі екені әмбеге аян. Және
зерттегенде, баға бергенде, қорытынды пікір тұжырымдағанда, баяғы бір қасаң
қағидалардың қалыбында қалып қоймай, заманымыз әкелген жаңа леппен жаңаша
көзқараспен зерттеу , бағалау, тұжырым жасау – бүгінде ауадай қажет болып
отыр.
Кенесарының көп шайқастарда өз мақсатына жету жолындағы асқан қайсар
мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшы, әмбе ұйымдастырушы,
ролі-тіпті патша генералдарының өзін таңғалдырып отырғандығы да тарихтан
белгілі.
Ұзақ жылдар жан-жақты қаруланған патша әскеріне табандылықпен қарсы тұра
алуы, әсіресе, қазақ батырлары басқарған жасақшыларының нелер
қиыншылықтарды бастарынан кешіріп, асқан төзімділік жасауының өзі-қазақ
шаруаларынан құралған жауынгерлердің ұзаққа созылған халық көтерілісінде
өздерінің шындалғандығын көрсетсе керек; Екіншіден, көтерілісшілердің
бәріне бірдей дарыған қасиет-ол далалық өмірдің ерекшеліктерін толық
меңгергендігі болып табылады.
Әскерді бұрынғы соғыс жүргізудің азиялық тәсілімен жүздерге, мыңдарға
бөлу, сарбаздардың басына ержүректілігімен, азаттық күрес ісіне
берілгендігімен көзге түскен батырларды тағайындау, олардың жан аямай
күресі — Кенесарының қолбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетінің
шыңдалғандығының бір көрінісі.
Кенесарының Қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы шаралары азаттық күрестің
міндеттерімен тығыз байланысты болды. Сондай-ақ бір орталыққа біріккен
мемлекет құрмай, қуатты Ресей патшалығына және Орта Азия хандықтарына қарсы
тұру мүмкін еместігін Кенсары жақсы түсінді.
Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы,
соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері
арқылы жүзеге асырылды.
Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар
Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім
Жағудин сияқты адамдар жүргізді.
Кенесарының, әсіресе, дипломатиялық әрекеттерінің көтеріліс барысында өте
шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын оның бұған дейінгі жарияланған
хаттары (ал,архив қорларында жатқан әлі сыры ашылмаған хаттары қаншама
десеңізші!) болып табылады. Бұл проблеманың одан әрі зерттеле түсуі хақ.
Жас тарихшы-зерттеушілер, мамандар ретінде бұл міндет-біздің үлестерімізде.
Сондықтан, хан Кене көтерілісі туралы деректер жетерлік, яғни тарихнамалық
базасы мол, әрі кең; жан-жақты ғылыми зерттеу жұмысын әр уақытта жүргізе
беруге толық мүмкіндіктер бар екенін қанағаттық сезіммен айтуға болады.
Сұлтан Кенесарының айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен
бірден байқалды. Әрине, сол заманда төңірегін күшпен жапырып,
ауыздықталмаған Ресей билеп -төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай
тынбайтындығына көргендікпен көзі жеткен Кенсары бар қабілетін патшаның
жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің
бірлігін нығайтуға жұмсады. Орынбор губернаторы граф В.А Перовский арқылы
патшаға жеткізуге дәмеленген хаттарының бірінде өзі бастаған азаттық
қозғалысты тоқтатудың бірден-бір шарты-өлкемізде бекіністер салуды,
қалалар тұрғызуды, округтарды ұйымдастыруды 35 жылға тоқтату деп білген:
“Ұлытау мен Кішітау өңірінде Сібір шептерінен әскер жіберуіңізді өтінемін.
Мәселені басқаша шешсеңіздер, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз ығысып
қалады, патша ағзамға қызмет ете алмайды”,- деп толқуын білдірген. Әрине,
қазақ сұлтанының осы хатында қандыбалақ Николай I-шіні “шахин-шах
(патшалардың патшасы) деп лепірте мадақтағанымен оған жақын да , алыс та,
болсамда жүрегіммен, жаныммен қызмет етуге дайынмын, маған бір шен немесе
грамота алып беріңіз”2,125 -деген сол В.А. Перовскийге арналған хаттағы
аты шулы сұлтанның сондай момақан бола қалғаны қалай да болмасын қазақ
өлкесіне Ресей әскерлерін жолатпаудың қамы деп түсінгеніміз жөн.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кенесары көтерілісінің әлі де толық
зерттелініп, айқындала қоймаған мәселелерінің бірі – ол Кенесары ханның
жеке тарихи тұлғасына тән ерекше қасиеттері болса керек. Яғни, біз Отандық
тарихымыздың қайтадан қалпына келіп, жаңарып отырған шағында, егемен
елімізбен тәуелсіз мемлекетті армандап өткен, сол үшін бар өмірін күрес
жолына жұмсап, сол жолға шыбын жанын құрбандыққа шалған, қазақтың ұлы
перзентті Кенесары бабамыздың тарихи тұлғасына қандай баға бере аламыз.
Міне мәселе осында.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік тарихнамада Кенесарының жеке басының
аржақтылықпен саналы түрде бұрмаланып келгендігі, біздерге тарихтан белгілі
(Мысалы, 5-томдық Қазақ ССР-і тарихының 3- томында Кенесары туралы бөлім
жоқ). Алайда, таптық принципке негізделген сол кездегі басқа тарихи
кітаптар болсын, оқулықтар болсын, ғылыми монографиялардың бәрінде де,
мысалы: 1.Ресей Империясы бұрынғы тарих белестерінен өткен өз патшалары мен
князьдерін өте жоғары дәрежеде дәріптеп те уағыздап та өтед; 2.Ал
бұратаналық аймақтарда бұратана деген халықтың өкілдеріне ұлтшыл,
ұлтшылдық, ұлтшылдық қозғалыс деген айдарлармен айшықтап келгені де
мәлім.
1847 жыл Сібір шекаралық комиссиясының төрағасы, генерал Вишневскийдің
экспедициясымен Кенсарыға қарсы күреске қатысқан , Орта және Ұлы жүз қазақ
феодалдарымен тілдескен, 1833 жылғы Польшадағы азаттық күреске қатысқаны
үшін қазақ өлкесіне жер аударылған Адольф Янушкевич Кенесары тұлғасына
қайран қалып, оны XIX ғасырдың 80-ші жылдарағы Алжир халқының Француз
отаршыларына қарсы күресінің көсемі, атақты Абд Эль Кадерманмен
теңестіреді.
Кенесарыға қатысты мәліметтер Шоқан Уәлихановтың 1850 жылдардағы зерттеу
еңбектерінде де көрініс береді. „Бүлікші сұлтан Кенесары – феодалдық
монархиялық қозғалысқа бас болып, хандық билікті қалпына келтіруге
тырысты”. Екінші бір еңбегінің түсіндірмесінде „осы кезеңде ескі мен
жаңашылдық бір-бірімен тіресуде еді, ол мұсылмандық шығыс пен орыстық
құбылыстар еді” деп Ш.Уәлихановтың Кенесарыны мадақтап кететін жерлері де
кездеседі. Шоқан Уәлихановтың берген жалпы алғанда біржақты бағасының
кейінгі орыс тарихшыларына сілтеме жасар мықты бір дерек болғанын да айту
керек.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектердің ішінен
М.Красовский мен И.Завалишиннің еңбектерін ерекше бөліп қараған жөн.
М.Красовскийдің Кенесарыны ұлы Абылаймен салыстыруы түсінікті. „Ақылы
жағынан атасынан төмендеу тұрса да, мінезі және қимылының адуындылығы
жағынан әкесі Қасымнан және Абылайдан алшақ тұрады, азғана уақытта Кенесары
бүтін Сібір даласына белгілі болды”, - деп жазуы, әрине, бір жағынан, жаңа
саяси ахуалда тарихи сахнаға көтерілген ханның өзіне тән тамаша
қасиеттерінің отандастарын төңірегіне жинауда белгілі роль атқарғандығын
аңғартады.
Көтеріліс көсемінің ерекше қасиеттерінің айқындайтын тарихи деректерді
осы арада келтіруді жөн көріп отырмыз: Орыстың белгілі зерттеуші ғалымы
Н.Середаның ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбегінде
Кенесарыға орынды баға береді. Біріншіден, өз заманының белгілі саяси
қайраткері, өте сезімтал саясатшыл тұлға десе; екіншіден, Кенесарының
саясатшылдығы мен қолбасшылық дарынының қатар байқалғандығы туралы ойын
айтады. Кенесарының жеке басы туралы шынайы мәлімет пен әділ бағалауда
әсіресе Н.А.Середа өз еңбегінде; Жауларын кешірмейтін табанды, жасынан
қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы “түйеге тең” деп бір жазып
кетсе, тағы бір ойында кедергілерге ешқандай шайлықпай, өз мақсатына жетуде
кейін шегінуді білмеуші еді деп те қорытындылайды.2,55.
Ресмидворяндық-буржуазиялық орыс тарихнамасының өкілдері Кенесарының
Сырым және Исатай батырлар сияқты “бұзық”, “қарақшы”, деп жек көрінішті
бағалармен сипаттасада, екіншіден, көтерілістің басты оқиғаларына мейлінше
мән берген, Абылайдың немересін “айлакер, парасатты саясатшыл, қайраткер”
ретінде де жоғары бағалайды. “ Өз халқына мәңгілік бостандық тілеген
Кенесары, патриот бола тұра, орыс мемлекетінің ерте ме кешпе ордалықтарды
басып алуға тырысатынын түсіне білді”,-деп жазды Н.Середа.
Кенесарының қолбасшылық шеберлігі оның терең де жан-жақты
саясатшылдығымен ұштасып жатады. Алыстан болжап, қандай ғана мәселе
болмасын алдын ала шешіп отыратын қасиетімен танылып отырған. Мысалы,
Кенесарының асқан саясатшыл, дипломатиялық шеберлігін орыстың ғалым
тарихшылары, ғалым-саясатшылары өз еңбектерінде көрсеткен: ХІХ ғасырдың 50-
ші жылдарында Верный қаласында болған, Шоқан Уалихановқа қамқорлық жасаған,
орыстың ұлы ғалым-саяхатшысы П.П.Семенов Тян-Шанскийдың Кенесарыны біздің
эрамызға дейінгі екінші ғасырда Рим империясының отаршылдық саясатына қарсы
өз халқын көтерген Митридат ІІ-ші Эвпатормен қатар бағалайды. Әрине, былай
баға беру қазақ халқының саясатшыл-дипломатиялық шеберлігін шын мойындағаны
еді.
Дегенмен, ғылымның әділдігі де сол болар, мысалы, Кенесарының
қолбасшылық өнері туралы ақиқаттық негіздегі сипаттамаларды орыс
тарихнамасының өзінен кездестіруге болады. 1872 жылы Орынбор әскери
училищесінің тыңдаушыларының алдында оқылған арнайы дәрісінде белгілі
тарихшы-ғалым В.Потто көтерілістің көсемін жеңімпаз хан, қырғыздың
Шәмілі деп өте жоғары баға берген; Атақты шетел ғалымы, тарихшысы Л.Мейер
де өзінің зерттеу еңбегінде Кенесары көтерілісіне тиісті баға бере келе,
Қазақ халқының мүддесі Кенесары хан төңірегінде-деп, өз ойын
тұжырымдайды.30.
Осындай әр қилы тарихи тұлғаға ғана тән қасиеттердің тәуелсіздік алу
жолындағы ауыр күресте ғана шындала түсетіндігі (Кенесарының тарихи
тұлғасын сомдауда) Ілияс Есенберлиннің Жанталас тарихи романында да
көрініс табады. Шындығында, Кенесары осы 10 жылға созылған ұлы күрес
жолында нағыз көтерілістің көсемі деңгейіне көтеріле алған еді. Осындай да,
халқының алдындағы жауапты кезеңде,оның қолбасшылық тұлғасы қатар шыңдалды.
Бір ғана оның күрес жолынан штрих келтірүге болады: Ол көтерілістің қандай
кезеңі болмасын, бірінші қолбасшы ретінде әр уақытта ресми рәсімді
жауынгердің алдында қатты сақтаған (Ту ұстаған жауынгердің артында тұруы,
жауапты шайқастарда көтерілістің туын алға ұстап жүру рәсімі; тіпті өзінің
қолбасшылық жасап, майдан даласында көрінгенде , ерекше әскери киім
тіккізіп, оны сәнімен киіп шығып, жауынгердің алдынан өтуі т.б.).
Өз кезінде бірқатар талас тудырған ханның ұлы Ахмет Кенесарыұлының „
Кенесары және Садық сұлтандар” деген кітабы. Бұл кітапты терең, арнайы
зерттеу деп қарастыру біржақтылық болар. Аталмыш еңбек естелік тұрғысынан
жазылғандықтан көтеріліске қатысты мол мәліметтер назардан тыс қалған,
алайда Кенесарының жеке тұлғасына қатысты мәселелерді кездестіруге
болады.15.
Тақырыптың мазмұнын ашу барысында Кенесары Қасымұлының саяси қызметімен
қолбасшылық әрекеттері және біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру
жөніндегі мәліметтер; Рязановтың А.Ф. „Кенесары” атты тарихи очеркінде 3,
кездестіруге болады, сондай-ақ осындай мәліметтер, Ұзақ жылдар бойы жақсы
қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті
– қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын
алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесінің географиялық жағдайын
көтеріліс кезінде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің
рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай. Оның
сарбаздарының рухының беріктігіне кез келген Европа әскерінің қолбасшысы
таңқалуы мүмкін екендігін таңқала атап көрсетеді сол Н.Середа.2. Жасынан
даланың өміріне үйреншікті болған қазақтар әрбір тастың, ағаштың, төбенің
аттарын жатқа білетін, ондаған шақырым қашықтыққа созылған тау-тас арасынан
таспадай иректеліп өтетін, әзер көзге ілінетін соқпақтар қазақтар үшін
дайын, көз алдындағы бадырайған географиялық картадай көрінетін.
Қазақстанды отарлау кеулеп бара жатқанда, патшаның жазалаушы күштерінің
алқымнан алуына қарамастан азаттық күрестің он жылға созылуын, халықтың
дербестікті сақтап қалуға күш салуы, далалық өңірдің көтерілісшілердің
соғыс қимылдары үшін қолайлылығы, Ресейдің сонымен қатар Кавказда имам
Шәміл басқарған тау халықтарына қарсы күресуге алаңдауға да себепші болды
.Алайда үш жүздің өңіріндеде атой салған сұлтан Кенесарының бодандыққа
қарсы алысуының ұзақ уақытқа созылуы, басқада көптеген мәселелерімен қатар
ұлы тұлғаның жеке басындағы тамаша дипломатиялық және саясатшыл
қасиеттерінің биіктігінен деп түсінеміз.
Кенесары Қасымұлы, әрине, Н.Середаның анықтауынсыз-ақ өз заманының ең
белгілі саяси қайраткерін, оның сезімтал саясатшыл тұлға болғандығын
жоғарғы тарауда да айтып өттік. Аңғаратын бір жай-қазақ ханының көптеген
қасиеттерінің, әсірісе саясатшылдығы мен қолбасшылық дарының тәуелсіздік
жолындағы ауыр күресте мейлінше шыңдалғаны. Бірде айлакер дипломат, бірде
көрші мемлектермен тіл де табысқан, күш те керсетуден тайынбаған саясатшы,
әсіресе, оның қолбасшылық дарыны басқа да табиғи, кейіннен өмір шындығына
шыңдалған қолбасшылық өнері мейлінше айшықтанып тұрған сияқты.
Көрнекті жазушы I. Есенберлиннің де тарихи тұлғаның қолбасшылық өнерін
көркем тілмен өрнектеуіне қарағанда әскер ісін басқаруда, осыған сай
реформаны жүзеге асырған Кенесары өз заманының белгілі қолбасшыларының бірі
екеніне ешқандай күмән жоқ. "Тегеурінді шабуылымен жауына бас салғанда,
дала өңірінде ештеңе қалдырмайтын қүдіретті құйындай Кенесарының соғыс
қимылдарының мол күшін жоғары бағалаған Н. Середамен толық келісуге болар.
1837—1847 жылдарғы халық қозғалысы туралы орыс авторларының еңбектері
негізінен XIX ғасырдың 70—90-шы жылдарында жарық көрді. Оңтүстік
Қазақстаңды, өзбек хандықтарын жаулап алуда, Кенесарының балаларымен
күресте қаталдығымен көзге түскен генерал И. М. Черняев 1889 жылы Е.
Смирновтың өңдеуімен жарық көрген "Кенесары және Садық сұлтандар" деген сын
мақаласында хан Кенесарының не қолбасшылығын, не басқа да ол кезде кең
танылған қасиеттерін көрмеген білмеген болып, Ахмет сұлтанның кітабын
өзінің туыстарын мадақтауға тырысушылық деп кітаппен, оның басты
кейіпкері Кенесары туралы ләм демейді. Керісінше, осы кітап туралы жарық
көрген екінші сын мақалада, орыс әскерлері қазақ даласына төне бастағанда
қырғыздар арасында даңқымен аты жайылған батыр, сұлтан Кенесары Қасымов
қарсы шыққан еді, — деген жалпы қорытындыны түйіндей келе, Кенесары ірі
жеңістерге қолы жетпесе де, күтпеген жерден шабуыл жасап, өзін
қуғындаушылардан жасырынып үлгеруші еді, - дейді.
Кеңес үкіметі тұсында, ғылымда үстемдігін жүргізген коммунистік
идеологияға қарама қарсы пікірлерін жасырмаған ғалымдар арасынан
А.Ф.Рязановтың Кенесарының саяси әрекеттері жайлы зерттеген еңбектері бір
төбе. 3.
Кенесары Қасымұлының қолбасшылық өнері, сондай-ақ біртұтас қазақ
мемлекеттілігін қалыптастырудағы әрекеттерін зерттеуде елеулі оқиға 1947
жылы жарық көлген көрнекті тарихшы Е.Бекмахановтың атақты еңбегі.1. Бұл
монографияны сол жылдардағы айрықша құнды еңбек болғандығын қазіргі
кезеңдегі тарих ғылымының даму барысы да дәлелдеп отыр.
Архив деректері және әртүрлі сипаттағы құжаттар негізінде жазылған бұл
еңбек ғылыми қауымды бір сілкіндіріп тастағаны мәлім. Алайда, кітап
баспадан шығып үлгермей жатып-ақ ғалымдардың бір бөлігі осы еңбекті
табалап, ата жауын көргендей өршелене қарсы шықты. Айта кететін бір жағдай
– 1948 жылы осы кітапқа жарияланған алғашқы сыни мақалада тарихшы
Е.Ділмұхамедов, „архив деректерін мол пайдаланған” өте құнды кітап деп
қорытындылайды.
Кейінен „ұлтшыл” деген түрлі айыптаулардың салдарынан Е.Бекмаханов қуғын-
сүргіндерін бастан кешірді. Ғалымның аталмыш еңбегіне байланысты бастан
кешкен тағдыры И.Қозыбаев, К.Нүрпейісов, Ә.Тәкенов сынды зерттеушілердің
еңбектерінде көрсетілген.
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезде Е.Бекмахановтың еңбегі қайта
бастырылып шықты. Ә.Тәкенов басшылығымен қазақтіліне де аударылды.
1834-1847 жылдардағы Кенесары хан басқарған көтерілісіндегі күрделі
мәселелерді көтеруде 1991 жылғы Ақмола қаласында академик М.Қозыбаевтың
жалпы редакциямен жарияланған ұлттық қозғалысқа арналған арнайы жинағында,
Кенсарының біршама саяси әрекеттерін де ашып көрсетеді.
Кенесары Қасымұлының сасатшы және қолбасшылығы жайлы тереңдете зерттеген
ғалымдардың бірі профессор Ж.Қасымбаевтың 1993 жылғы „Кенесары хан” еңбегі
архив деректері негізінде жазылған.
Алайда әліде болса Кенесарының қайшылығы мол күрделі тарихи тұлғасын
толық зерттелді деп айтуға қиын. Тіпті көтерілістің әскери жағынын
ұйымдастыру мәселелері, Орта Азия иеліктерімен саяси қатынастарының
алмағайып өзгеріп отыруы, көтеріліске старшын, би-болыстардың қатысуы,
сарбаздарды қару-жарақпен қамтамасыз ету, т.б. көптеген мәселелер
түбегейлі, байыпты зерттеуді талап етеді. ХІХ ғасырдың ұлт-азаттық күрес
тарихын толық аштық, оны ұйымдастырушы Кенесары хан туралы барлық
мәселелерді қамтып бере алдық дей алмаймыз. Бұрын жарияланбаған архив
құжаттар мен орыс тарихнамасында ХІХ ғасырдың баспа сөз беттерінде жарық
көрген еңбектерге біршама сүйене отырып жазылған жұмысымды тарихшылар
қауымына ұсына отырып, Кенесары хан тұлғасының тарихын зерттеуді тарихшылар
енді шын мәнінде қолға ала бастағанын айта кеткім келеді.
Тарихшы қауым соңғы жылдары Кенесары Қасымұлының жеке тұлғасына арналған
көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалар жариялап, жаңа деректер мен тың
пікірлерді ғылыми айналымға енгізді. Галиев В.З., Жанаев Б.Т. сынды
ғалымдар 1996 жылы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысты құжаттар
жинағын құрастырып жариялады.5. Бұл құжаттар жинағына Ресей ,Қазақстан,
Өзбекстан архивтерінің материалдары енген. Осы жинақ диплом жұмысын жазу
барысында негізгі дереккөзінің бірі болды.
Деректік негізі. Бітіру жұмысының мазмұнына арқау етіп қолданылған
дереккөздерін төмендегідей қарастырдық: Қазақстан Республикасының Орталық
Мемлекеттік Архиві. Аймақтық Кенесары қоры. „Кенесары Қасымов бастаған
қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы. (құжаттар жинағы)”5, құжаттары
қолданылды. Тақырыптың мазмұнын ашу барысында Кенесары Қасымұлының саяси
қызметімен қолбасшылық әрекеттері және біртұтас қазақ мемлекеттілігін
қалыптастыру жөніндегі мәліметтер; „Материалы по истории политического
строя Казахстана”28, сияқты құжаттар кеңінен қолданылды. Сонымен осы
тақырыпты іздену устінде „Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ вв. Сб
документов и материалов29, Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия
по казахским степям.26, мәліметтері алынып, жұмыстың деректік базасын
арттыруға және мазмұнын байытуға тырыстық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Кенесары Қасымұлының жеке тарихи
тұлғасына тән ерекше қасиеттерінің мәнін ашып көрсету, диплом жұмысымыздың
басты мақсатымыз болып табылады. Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма
мынандай міндеттерді қойдым:
➢ атақты отан тарихшылардың ғылыми еңбектері мен зерттеулерді
қарастыру және меңгеру;
➢ Кенесары Қасымұлының қолбасшылық және саясатшылдық қасиеттерінің
ерекшеліктеріне тоқталу;
➢ Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету
жолындағы дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланғандығын
айқындайтын құжаттардың мазмұнын ашу;
➢ Кенесары Қасымұлының талантты қолбасшы ретінде әскери өнерге
үйретудегі, сондай-ақ әскери жорықтарды ұйымдастырудағы қызметін
көрсету;
Жұмыстың хронологиялық шегі. Негізінен зерттеу нысанындағы тақырыптың
ауқымы 1837-1847 жылдар аралығын қамтиды.
Құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тараудан, әр тарау
екі параграфтан құралған және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған
әдебиеттер реті берілген.

1. Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы
саяси қызметі.

Кенесары ханның саяси құрылысына келсек. Кенесарының қазақ
мемлекеттілігін нығайтуға арналып қолданған шаралары азаттық күрестің
міндеттерімен тығыз байланысты.
Хронологиялық тұрғыдан алғанда бұл шаралар негізінен ХІХ ғасырдың 40-
жылдарының бастапқы кезеңіне жатады.
Қазақтарды біріктіретін мемлекеттік бірыңғай орталықсыз қуатты Ресей
патша өкіметіне және Орта Азия хандықтарына қарсы ойдағыдай күресуге
болмайтынын Кенесары түсінген. Қазақтардың түбіне жететін олардың
бытыраңқылығы, араларындағы ру араздығы және барымта деп ол талай рет
ескерткен. Мысалы, шекара Шебі маңында көшіп-қонған Шөмекей және Төртқара
руларының өз бетімен ауа жайылған қазақтары Жағалбайлы руының
қазақтарымен жауласса, ал соңғысы Қыпшақ және Жаппас руларымен жанжалдасуда
еді. Араздықтың басты себебі жайылым үшін талас.
Рулық араздықтың жақсылыққа апармайтынын халық мақалаларында да
айтылған. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса,
төбедегі келеді, Бас басынан би болсаң мана тауға сыймассың, бір данаға
жол берсең, жанған отқа күймессің.
Кенесары құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Себебі, қазақ
қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі Кенесарының қайта
құрушылық қызметінен өзгере қойған жоқ еді. Керісінше, өндірістік
қатынастардың феодалдық сипаты Кенесары тұсында күшейе түскен. Ол қазақ
жерін өз хандығының меншігі деп қарап, бұл ойын бірнеше рет атап айтқан.
Кенесары Герн арқылы үкіметтен өзінің ата-бабасынан қалған жері Ұлытауды
қайтарып беруді талап етті. Өзінің бір хатында ол былай деп жазды: “Әкеміз
Абылайдан мұраға қалған жерімізге қаптата бекініс салынды”1.285.
Сіздер,-деді ол Горчаковқа жазған хатында,-атамыз Абылай ханға тиісті
жерлерге округтік дуандар құрдыңыздар. Феодалдық көзқараспен ол қазақ
халқын хан тұқымының меншігі деп санады. “Абылай Қазақ ордаларының ханы
болды,-деп мәлімдеді ол,- сондықтан бұлар соның меншігі”. Ол “қазақ халқын
орыс езгіден азат етемін деп үәде берді, себебі барлық қазақтар атам
Абылай ханнан соң менің қарамағыма көшеді. Рулық қоныстарды бөлудің
феодалдық тәртібіне сай ол көбінесе ең жақсы жайылымдарды өзіне алып
отырды. Орыс жансыздарының мәліметтеріне қарағанда, оның жылқы табындары
“шөбі шүйгін жайылымдарда жайылғандықтан” қоңлы көрінеді, ал оның
қарамағындағы ауылдардың малы жақсы жайылымдардың тапшылығынан “арық-
тұрық”сида .Алайда Кенесары феодалдық экономика шеңберінде оң нәтиже берген
бірқатар реформалар жүргізді. Осы реформалар қазақ халқының күштерінің
бірігуіне, Қазақ мемлекеттілігінің күшеюіне алып келді. Тек бір есте
ұстайтын жәйт, осы реформалардың бәрі феодалдық мемлекетті күшейтуге
арналған басқаша болуы мүмкін де емес еді.
Кенесары өзінің ішкі саясатынан туындайтын біршама шаралар іс жүзінде
аса бастайды. Атап айтқанд: 1) Ел билеу тәртібіне өзгерістер енгізілді
(кейбір мәселелерді шешуде қатаң тәртіп орын ала бастады); 2)Алым-салық
реформасы біршама өзгерістермен іске асырыла бастайды; 3) Хан тарапынан
егіншілік кәсіпті дамыта түсуге және көрші елдермен сауда қарым-қатынасын
үдетүге ерекше назар аударылды; 4) Керуеншілерді тонау тоқтатылып, олардан
керуен жолы үшін салық алу ісі енгізілді (Бұл арада айта кету керек:
патшалықтың саясатынан туындаған біржақтылықпен Кенесары әрі қарақшы, әрі
тонаушы ретінде көрсетіліп келгенідігін естен шығара алмаймыз).
Кенесары Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде
қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп
отырды.қазақ халқының бір бөлігі патша үкіметін жақтап Кенесарыға қарсы
шығып тұрды.
Кенесары хандығының әлеуметтік негізі көтеріліске шыққан қазақ
шаруалары, билер мен батырлардың үлкен тобы болды. Оған қазақ феодалдарының
да үлкен тобы қатысты. әсіресе батырлардың рөлі үлкен болды. Олар мемлекет
құру ісіне де белсене араласты.
Мемлекет басшылығы Кенесары ханның қолына жинақталды. Оның жанында ең
жақын серіктерінен: батырлар, билер және ханның туыстарынан кеңесші орган-
хан Кеңесі жұмыс істеді; билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілхайыр
тұсындағы оның еркін тежеп отырған Ақсақалдар Кеңесіне қарағанда, бұл
біршама ерекше еді.
Кенесары хан Кеңесінің құрамына бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал
шонжарларды кіргізбеді. Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен
сеніміне бөленген адамдар ғана мүше болды. Мысалы, оның інісі Наурызбай
батыр, Ағыбай, Иман батырлар, өзінің елшілік табыстарымен атағы шыққан би-
Шоқпар Бақтыбайұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы т.б. хан Кеңесінде елдің ішкі және
сыртқы жағдайының аса маңызды мәселелері қаралды. Кеңес бар уақытта
Кенесары пікірімен есептесіп отырды. Жақтастарының бәрі де Кенесарыны ең
батыл және ең ақылды хандардың бірі деп есептеді1.286.
Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы,
соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері
арқылы жүзеге асырылды.
Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар
Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім
Жағудин сияқты адамдар жүргізді.
Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен
айналысты. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір
хатында Кенесары былай деп жазды: Рахымбайға, Әбілжаппарға, Қажыбай,
Шақғазыға, молда Арғынбайға және Бұқар иелігіндегі барлық көпестерге
ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда
Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге
тиіссіздер.
Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Руаралық сот
істерін шешу үшін ол билерді тағайындады. Сот ісін жүргізу тәртібін
Кенесарының жеке рубасыларына берген нұсқауларынан байқауға болады.
“Сіздерге белгілі болсын, сіздердің араларыңыздағы ұрыс-керіс пен жан-жалды
қарау, адам өлім мәселелесін де шешу Сейілхан сұлтан мен Шоқпар биге
тапсырылған. Олардың қолдарына осы істерді жүргізуге рұқсат берілген жарлық
бар”1.287.
Руаралық жанжалдар мен барымтаға жол бермеу хандықтың маңызды
міндеттерінің бірі болды.
Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып, жалпы
хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен
қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне
жұмсалды.
Жергілікті жердегі атқару билігінің ханның жасауылдары жүргізді.
Жасауылдар әр руға бекітіліп салық жинау, көшу, халықтың пікірін зерттеу,
көтеріліске үндеу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.
Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төліңгіттер
көтеріліс жүріп жатқан жерлерде көтерілісшілерге жағдай жасауды
ұйымдастырып бақылап отырды.
Ханның ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемеушілер мен тәртіп
бұзушылар қатаң жазаға тартылды.
Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып, жалпы
хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен
қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне
жұмсалды.
Архив деректері жергілікті жерлердегі билікті "Кенесары эмиссарлары" деп
аталған жасауылдардың жүргізгенін айғақтайды. Кенесары жасауылдары әр руға
бекітіліп қойылды. Олар алым-салық жинау барысын, жоғарғы өкімет
шешімдерінің орындалуын бақылап,көшіп-қону аудандарын белгіледі және
Кенесарыға қосылған рулардың көңіл күйін бақылады т. б. Олар, ауыл-ауылға
Кенесары үндеулерін таратып, халықты көтеріліске шақырды.
Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер де пайдаланылды, оларға
әдетте кең құқық берілетін. Өзінің жауабында төлеңгіт Алданазар Жантайұлы
былай хабарлайды: „Кенесарының төлеңгіті болғандығымнан мен өзім қалаған
үйге кедергісіз қонып, керек кезінде, көлікті де пайдалана алдым, өткен
күзде барлық бағаналылықтардың Кенесарыға өз еріктерімен зекет төлеуі
осының айғағы”2.38.
Кенесары иеленген аймақта оның айтқандары бұлжытпай орындалды. „Кенесары
жақтастарының арасында қатаң тәртіп сақталған. Қорыққандықтан барлық
бұйрықтар бұлжытпай орындалады, ал егер кімде-кім қашқақтаса немесе
қателессе ондай адамның басына қылышпен бір немесе екі рет ұрып жазалап
отырған”4.56.
Сөйтіп, Кенесары тұсында елді басқару-белгілі бір жүйеге келтіріліп,
мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі бір
мемлекеттік қызметке (сот, әскери, елшілік т. б.) ие болды.
Кенесарының мемлекеттік аппаратты реформалауы өкіметтің орталық-тануына
белгілі бір дәрежеде игі әсер етті.
Сот-құқықтық реформаның мақсаты сот істерін қарауды жақсарту және
барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді.
Кенесары сот реформасын жасағанда, өзіне елеулі ықпал еткен
ізашарларының ісін жалғастыра білді. Сондай ізашарлардың бірі тарихта
әдеттегі құқық жинағы "Жеті жарғының" авторы ретінде белгілі, ірі сот
реформаторы Тәуке хан (1680—1718 жылдар) еді. Тәуке заңдары өзі құрған
мемлекетті нығайтуға бағытталган-ды. Әдеттегі құқық нормаларын дамушы
феодалдық қатынастар талабына сай бейімдей отырып, ол ру араздығына қарсы
аянбай күресті және жеке сұлтандар мен старшындардың дербестігін шектеді.
Сонымен қатар қазақтардың әдеттегі құқығына жаңалықтар енгізе отырып, ол
сот билігін толық өз қолына шоғырландырды. Алғаш Тәуке заңдары бойынша, сот
құқығы мемлекеттік өкімет органдарына берілді. Орталықтандырылған
мемлекетке қарсы болған ру билері мен сұлтандарының мүддесіне осылайша
елеулі соққы берілді.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы тағы бір ірі тұлға, Кенесарының заң
шығарушылық қызметіне елеулі ықпал жасаған Арынғазы сұлтан болды
(1815—1821). Оның реформаторлық қызметі Тәуке ханға қарағанда басқаша
сипатталатын. Соған қарамастан Арынғазының сот ісін құру қызметі хан
билігін нығайтуға арналған еді. Оның біріктіруші саясаты феодалдық негізде
құрылды. Арынғазы ру шонжарлары билердің сот құқығын шектеді. Рулар
арасындағы дау-жанжал ол тағайындаған қазылар арқылы шешілетін болды
Арынғазының заң шығарушылық қызметіндегі бір жаңалық — ол сот ісін
қазақтардың әдеттегі құқығы бойынша емес, шариғат дәстүрі бойынша жүргізу.
Бұл сөзсіз түрде оң қадам және қазақтардың құқықтық қатынастарының
дамуындағы белгілі бір кезең болды. Арынғазының заң шығарушылық қызметі
туралы Мейендорф былай деп жазды: „Өзіне халық ықыласын аудару үшін әділ
сот жүргізуде, бірақ ол сот ісін аталар заңы бойынша емес, ешкім білмейтін
бейтаныс Мұхаммед зандары бойынша жүргізді”.
Кенесарының қызметінде қазақтардың әдеттегі құқығын тура жоққа шығару
байқалмаса да, оны бар уақытта қолдана қойған жоқ. Бұл жағынан оның
Арынғазымен ұқсастығы көп еді.
Сот-қүқықтық реформаны Кенесары біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына
барынша қарсы болған ру билерімен аяусыз күресе отырып жүргізді.
Өзінің заң шығарушылық қызметін Кенесары әдеттегі қүқықтарға өзгерістер
енгізуден бастады, ол ру билерінің сотын таратып, сот ісін өзі тагайындаған
билер мен жасауылдардың қолына берді. Мысалы, ол Төртқара руының құрметті
билері етіп Байтен Бекмырзаев пен Қазанғап Өтебасовты бекітті. Шөмекей
руында "би атағын Тағбан Мәмбетбаев алды"14.152. Қызметін жеке мүддесіне
пайдаланған билерді Кенесары дереу орнынан алып, олардың орнына халық
сеніміне ие болған адамдарды қойған және оларға „граф” атағын берген.
Кенесары ордасында болып қайтқан хорунжий Құсияпғали Орманов Орынбор Шекара
Комиссиясының төрағасы, генерал-майор Ладыженскийге: Кенесары
шөмекейліктердің құрметті биі етіп, граф атағын қоса беріп, Өтетілеу
Кетебаевты тағайындады деп жазған. Құсияпғали Орманов хатының соңында былай
дейді: Кенесары жоғарыда есімдері аталған билерге „графтарға” деп хат
жазған, ол ма Кенесарының әйелі де менің моллам арқылы хат жолдап әлгілерді
"графтар" деген"1.289.
Рулар арасындағы аса маңызды сот істерін, сондай-ақ өзінің қол астынан
тыс жерлердегі рулардың бұларға талап қойған шағымдарын Кенесары тікелей
өзі қарады немесе сол жерлерге арнайы жасауыл жіберіп қараттырды.
Талап қойылған сот ісін қарауды негізінен үш топқа бөлуге болады: 1)
Кенесарының, қарауындағы рулардың барымта және адам өліміне байланысты
қаралатын сот істері; 2) Кенесарыға бағынышты емес рулардың арыздары
қаралатын сот істері, олар бұған жиі арызданатын; 3) Кенесарыға қарасты
қазақтар мен патша бодандары арасындағы дауды шешетін сот ісі.
Осы топтардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.
Рулар арасындағы жанжалды қарағанда, Кенесары араздықты тоқтатуға және
өзінің жақтастарының арасында бірлікті сақтауға тырысты. Ол өзінің
қарамағындағы қазақтардың малын рұқсатсыз тартып алуға қатан тыйым салды
және тартып алынған жағдайда малды бірден қайтарып беріп отырды. Өзінің
ағасы Көшек сұлтаннан ол айдап әкеткен жылқыны бір құлынын да қалдырмай
қайтаруды талап етті және оған „өзінің барымталауға, тонауға келмегенін,
қазақ халқын орыс езгісінен құтқару үшін келгенін” айтты.
Кенесарыға қарасты қазақтар өздерінің жанжалдарын шешуді өтініп, оған
жиі келетін болған. Мысалы, Арғын руының өкілдері Мыңбай, Талпақ, Байман
Кенесарыға қыпшақтардың үстінен арыз айтып келеді, сонда ол өзінің
жасауылдары Масақ пен Қажауға „сұраушыларды ертіп, бағаналы-қыпшақтарға
баруды, арғындардың арызын сөзсіз қанағаттандыруды” бұйырады. Жасауылдар
Арғын руының өкілдерімен қыпшақтар ауылына келіп, билермен бірге істі
қарап, арғындардың арызын қанағаттандырады.
Осылайша, Кенесары өзіне қарасты рулардың арасындағы барымта мен жайылым
үшін болатын жанжалдарды өршітпей екі жақты бітістіріп отыруға барынша
тырысып баққан. Халық ауызында сақталған "Бұқарбай батыр әңгімесінде"
Кенесарының осы саясатының айқын айғағын көреміз. „Бұл кезеңде,— деп еске
алады Бұқарбай,— біз, Кенесары батырлары күні-түні ат үстінде жүріп,
Қоқанмен күресіп, Созақ, Түркістан, Ақмешіт қамалдарын қоршауға алған
болатынбыз. Сырдарияның оң жақ бөлігінде, Шу өзені бойындағы қыпшақ
ауылдарында жүрген кезімізде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына
көзіміз түсті. Мен, Ағыбай және Наурызбай үшеуміз де қызға ғашық болып
қалдық. Қыздың әкесіне „Қызыңды кімге бересің?” де-генімізде, ол
„қалыңмалсыз ешкімге де бермеймін” және де „сендер бүгін мұнда, ертең анда
жүретін қаңғыбассыңдар” деді. Бұл сөзге шамданған біз „оның қызын тартып
алып, малын айдап әкетейік” деп Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бізге
қарап: „Бізге халық керек пе, қалыңдық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей
тұрып, біздің қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойлағандарың ба бұл.
Егер сендерге қалыңдық керек болса, барыңдар да Созақ қамалын алыңдар,
сөйтіп өзбектің қыздарына үйленіңдер, ал өзімізідің адамдарды тонауға
рұқсат бермеймін”6.168 деді.
Кейде өздерінің даулы мәселелерін шешуді өтініп, Кенесарыға оның қол
астынан сырт жерлердегі рулардың қазақтары да келетін болған, ал Кенесары
олардың мәселесін қараудан ешуақытта бас тартпаған. Мысалы, төлеңгіт Есқара
Қосқадамов былай деп көрсетеді: „Алшындар Кенесарыға келіп, ерте
уақыттардан бері араздасып келген Бағаналы руымен татуластыруды өтінді.
Кенесары бұған келісіп, өз атынан Қадыр биге, Жүзен биге және Басалқа
сұлтанға хат жіберді”.
Оған алыстағы Адай және Шекті руларының өкілдері де жиі келіп отырған.
Мысалы, Көтібар батыр балалары Дәрібай және Есетпен келіп,
төртқаралықтармен „ертеден келе жатқан жер дауын” шешуді өтінеді. Кенесары
„одан бері 20 жылдан астам уақыт өткен ескі дау”1.291 болуы себепті мұны
құп көрмеді. Кенесары оларға төртқаралықтармен татуласуды ұсынған еді,
бірақ бұлар келіспей, өкпелеп өз ауылына қайтып кетті.
Соңғы мәселе - ол Кенесары жақтастары мен империяға „адал берілген”
билерге қарасты ауылдар арасындағы сот істері. Мұндай жанжалдарды көп
жағдайда өздерінің бодауындағы қазақтарды Кенесары қарамағындағы ауылдардың
малдарын барымталауға айдап салып, патша тыңшылары туғызатын. Бұл секілді
жанжалдарды басу үшін Кенесары өз жақтастарының малын барымталаған руларға
өзінің өкілін жіберіп отырды. Егер бұдан нәтиже шықпаса, Кенесары билеуші
сұлтандарға сөз салып, осы дауды шешуді өтінетін. Ал егер бұл да табысты
болмаса, Орынбор Шекара Комиссиясына немесе тікелей губернаторға мағлұмдама
хат жолдап, билеуші сұлтандардың бұл істі шешуге пайдасы болмағанын
түсіндіретін. Дәлеліміз нақты болу үшін, оның хатынан бірнеше үзінді
келтірейік: „Назар руының қазақтары менің көп жылқымды айдап әкетті, сәл
уақыт өткен соң мен біраз арғындарды ертіп, өзара дауды бітістіру үшін
соларға бардым, бірақ олар бізбен төбелесіп, көп адамымызды өлтіріп, көбін
тұтқындады”1.292.
Басқа бір хатында: „Тілеуқабақ және Қарабас руларының қазақтары бізді
жыл сайын мазалауда. Біз оларға адамдарымызды жіберіп жылқымызды айдап
кеткен істерін қарағымыз келіп еді, бірақ олар мүлде бет бақтырмай қойды.
Бұл туралы билеуші сұлтандарға айтып едік, олар да біздің өтінішімізге
көңіл аудармады” деп жазды.
Орынбор әскери губернаторы генерал Обручевке хатында Кенесары былай деп
жазды: „Тілеуқабақ, Назар, Шүрек рулары өздерінің бұрынғы жауыздықтарын
қайталап, бастапқыда Жағалбайлы руының бірнеше ауылдарын тонап, малдарын
айдап кетті, сонан соң төртқаралықтардың жеті рет жылқысын айдап әкетті
және үш рет ауылдарын тонады, ал шөмекейліктердің тоғыз рет малын
ұрлады”5.196.
Өкінішке қарай, Кенесары сот ісін қарағаны үшін ханлық (хан үлесі) алған-
алмағанын білу қиын болды. Екінші бір анықтай алмаған нәрсеміз-құн мен айып
жүйесіне Кенесары қаншалықты өзгеріс енгізгені. Құн мәселесі жөнінде біз
архивтерден бір ғана көңіл аударарлық құжат таптық. Феодал құлдарының
ешқандай құкығы болмағаны белгілі, тіпті иесі оны өлтіргені үшін де жауап
бермеген. Белгілі феодал Сейтен би Азнабаевтың есігінде Тілеген Кенетеев 20
жылдай құлдықта болды. Қашпақшы болған әрекеті үшін Азнабаев оның анасы мен
қарындасын өз үйлерінде өртеп жіберді және Кенесарыдан өз құлын өлтіруге
рұқсат сұрады. „Кенесары оны өлтіруге рұқсат етпеді, қайта оның ұзақ жыл
еңбегі үшін 40 ұрғашы құнан немесе 20 құлынды бие беруді, әрі Сейтен отқа
өртеген анасы мен қарындасының құнын төлеп, өзіне бостандық беруге
бұйырды”1.191.
Келтірген үзінді құл Тілеген Кенетеевтің жауабынан алынды, оны бұл
Кенесарының өз аузынан естіген, Бұл мәліметтерден біз Кенесарының құн
төлеуді сақтап қана қоймай оны құлдарға да қатысты еткенін көреміз.
Жалғыз осы фактіден бұл мәселе бойынша түйін түю қиын. Тек атап өтетін
нәрсе, архивтердегі барлық деректерден білетініміз-Кенесарының өзінде және
жалпы көтерілісшілер арасында құл дегенболмаған. Кенесарының құлды
еркіңдікке босату туралы және оған басы бос қазақ құқығын (құн төлеу) беру
туралы шешімі аса көңіл аударарлық. Кенесарының мұндай шешім қабылдауына
патша өкіметінің Қазақстандағы құлдыққа қарсы саясаты әсер еткен болуы да
мүмкін.
Қазақ руларының сотқа жүгінгендегі негізгі дауы барымта мен ру
араздығына Кенесарының қалай қарағаны айтуға тұрарлық.
Кенесары жақтастарының кейбіреуінің жауабынан және патша жансыздарының
көрсетіндісінен біз Кенесарының барымтаға жаны қас болғанын білеміз.
Мысалы, Кенесары тобының қазағы Дәнетеров тергеуде былай деп жауап берген:
„Кенесарымен бірге көшіп-қонамын, бірақ ол тонауға рұқсат етпеді, алайда
біз, жолдасым екеуміз өзіміз кеттік”.
Кенесарыға барып қайтқан Қанжығалы болысының биі Ноғыр Таймасов өзінің
жауабында былай деп хабарлайды: „Оның рұқсатынсыз жылқы айдап әкетіліпті,
бірақ ол мұндай істі қолдамады және кінәлілерден айып алды, ал жоқ іздеп
келген адамға 40 жылқысын қайтарды”. Мынадай тағы бір оқиға болған.
Кенесарының жасауылы Дүйсенбай бес жолдасымен Арғын руына барып, бізді
Кенесары жіберді дейді де „таңдаулы аттармен, соның ішінде биелермен зекет
төлесін” деген Кенесарының ауызша бұйрығын жеткізеді. Кенесарыдан келгені
рас па, өтірік пе, соны тексергенде Кенесарының ондай бұйрық бермегені
анықталған. Осы жағдайды естіген Кенесары Сейілханды Арғын руына жіберіп
„Дүйсенбайдың талабы орынсыз екендігін, сол үшін Дуйсенбай мен оның
жолдастары бастарына қылышпен ұрып жазаланатынын” жеткізуді тапсырды.
Кенесарының барымтаға деген көзқарасын оның Орынбор Шекара Комиссиясының
төрағасына жазған хатынан да байқауға болады. Онда ол Шүрен, Тілеуқабақ
және Назар руларының малын барымталады деп көрсеткен сұлтандар хатының
өтірік екендігін дәлелдеді. Кенесары былай деп жазды: „Қазір біз Назар,
Шүрен, Тілеуқабақ руларымен аразбыз, сондықтан олар бастықтарға біздің
үстімізден арыз жазып, қаралағысы келеді. Олардың бұл қылығын естіп мен
қатты қиналдым. Жоғары мәртебелі тақсыр, егер мүмкін болса, бізге бір
сенімді адам жіберсеңіз, ол аталған рулардың басты билерін және бізді
жинап, ісімізді қараса, егер біз олардың жалғыз тайын болса да ұрлап,
кінәлі болсақ, онда бізді жер бастырып жүргізбей-ақ қойыңыз”6.36.
Кенесары қызметін бақылаған үкімет орындары да оның барымтаны тоқтату
туралы шешіміне көңіл аударды. „Кенесары өз жағындағы қырғыздарға
барымтаны, ұрлықты тоқтатуға және тыныш өмір сүруге бұйрық берді, сонан
кейін оның көшіп-қонған жерінде тыныштық орнады”1.193.
Барымтаға байланысты пайда болатын руаралық жанжалды Кенесары қалай да
шешуге тырысты, мысалы, ол Шөмекей және Төртқара руларының арасында
барымтаның тыйылуына қол жеткізді. Осы жағдайға байланысты әскери старшын
Лебедев былай деп жазды: „Кенесары аталған рулармен достасып алды және
оларға барымтаны доғару жөнінде жақсы кеңес беруде”.
Осының бәрі Кенесарының барымтаға теріс қарағанын көрсетеді. Алайда бұл
Кенесары жақтастарының кейде өз еркімен мал барымталап отырғанын жоққа
шығармайды. Бұл арада көтеріліске қатысудан бас тартқан және материалдық
көмек көрсеткісі келмеген ірі феодалдардың малмүлкін тартып алуды
барымтамен шатастырмау керек.
Кенесарыға барымталанған малды қайтаруды өтініп, оған қарсы билер де
келіп тұрған. Мысалы, 1842 жылы Арғын руының рубасшысы белгілі Шеген
Мусиннің малын Сібір мекемесіне бағынышты Бағаналы руының қазақтары айдап
әкетеді, ал кейін сол мал Кенесары жақтастарының қолына түседі. Мұны естіп-
білген Шеген Мусин қолға түскен малды қайтаруды өтініп, Кенесарыға өз
баласы Қазыбекті жібереді. Кенесарының бұйрығы бойынша, „Қазыбекке олардан
айдалып әкетілген жылқылардың бәрі дерлік қайтарылды”.
Кенесары жауласушы руларды татуластыруға ерекше мән берді. Ол ру
араздығы мен өзара жауласуды тоқтатпайынша, мемлекет бірлігін қамтамасыз
етуге болмайтынын түсінген. Кенесары хан сайланған күні-ақ барымтаны
тоқтатуды және жауласушы рулардың татуласуын бірінші кезекте талап етті.
„Кенесары оларды өзара татуластыруға тырысуда. оның ауылына жиылған
арғындар өзара татуласуға және Кенесарыны хан сайлауға келісті”.
Өзінің жансыздарының хабарларына әрқашан күдіктене қарайтын билеуші
сұлтан Ахмет Жантөрин Лебедевке былай деп жазды: „Кенесары бейбіт көшіп-
қонған казақ тайпалары Шөмекей, Төртқара және Шекті руларымен достасып
алған, оның ақылына құлақ асқан аталмыш рулар барымтаны қойғаны өз алдына,
сонымен бірге бұрын өздері айдап әкеткен малдарды иелеріне қайтарып
берген”.
Кенесары қызметінің осы жағына үкімет ерекше маңыз берді. Орынбор Шекара
Комиссиясының төрағасы Генстің хаты осыны көрсетеді: „Жаман жағы, оның
татуластырушы, жарлық беруші рөлін орындауға кірісуі, яғни ол, орда
басшысына айналған, ал осылайша табысты қимылдаған сайын жақтастары
көбейіп, Ордада ықпалы күшейеді де, бізге соншама қауіпті бола
түседі”1.193.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Кенесарының қызметі рулық
араздықты жоюға және қазақтардың әдеттегі құқығына елеулі өзгерістер енгізу
нәтижесінде оны жалпы мемлекеттік құқық дәрежесіне көтеруге көмектесті
деуге болады. Ал жауласушы руларды бітімге келтіру, феодалдық алауыздықтың
тыйылуына жеткізді.
Салық саясатындағы негізгі өзгеріс-жекелеген феодалдар жинайтын алымды
хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы
деу керек. Бұл феодалдық алымды, мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы
болды. Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұқара хандарына салық
төлеуден және орыс өкіметіне түтін салығын төлеуден, әлбетте, құтылған еді
9,87. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті. Алайда
соғыс уақытының талабы Кенесарыны хан қазынасына түсетін әр түрлі
салықтарды қатаң талап етуге итермеледі, ал бұл оның қол астындағы
қазақтарға ауыр соқты.
Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан „зекет”, ал
егіншілерден „ұшыр” салығын сақтап қалды. Сонымен қатар ол ауыл бойынша
ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретіндегі сыйлықтар алып
отырды.
Зекет салығын жинаған кезде Кенесары белгілі бір өлшемді сақтап отырды:
40 басқа дейінгі малдан салық мүлдем алынбады, 40 бастан 100 басқа дейінгі
малдан 1 бас, онан әрі әрбір 40 бастан 1 бас алынып отырды. Көптеген
Кенесары жақтастарының жауабы және патша жансыздарының көрсетіндісі осы
өлшемді растайды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару-жарақ,
ер-тұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеуге
жұмсалды.28.150.
Ауыл басынан алынатын ерекше алым туралы кептеген куәгерлер әңгімелейді.
Мысалы, арғын Даңғар Надырбеков тергеу кезінде Кенесары жасауылы
Сейілханның басқаруымен салық жинауға бөлінген 20 шақты адамның құрамында
болғандығын, „Қыпшақ руының 2 ауылынан бір-бір жылқыдан салық алғанына
қатысқанын” айтқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары қасымұлы бас қолбасшы және оның реформалары
Қазақ шаруалары
Кенесары Қасымұлы - Қазақ хандығының соңғы ханы
Кенесары Қасымұлы өмірі
Кенесары - төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
Кенесары Қасымұлы
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Орыс бақылаушысы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азатт козгалыстын басталуы
Пәндер