Жасуша



Жоспар:
1) Жасушаның зеттелу тарихы
2) Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар
3) Жасушаның бөлінуі. Митоз

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жасуша
дата
Автор:
Организация:
дата

Жоспар:
1) Жасушаның зеттелу тарихы
2) Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар
3) Жасушаның бөлінуі. Митоз

Жасушаның ашылу тарихы.
Цитология -- (грекше "kytos" -- клетка және "logos" -- ғылым) -- клетканың құрылысын, химиялық құрамын және клетка ішіндегі түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін биология ғылымының маңызды салаларының бірі. Цитологияның қарқынды дамуының нәтижесінде биология сипаттамалық ғылымнан эксперименттік ғылымға айналды. Қазіргі кезде цитология ғылымы клетка құрылысын зерттеп қана қоймай, ондағы болатын күрделі физикалық-химиялық процестерді де зерттейтін нақты ғылым саласы болып отыр.
Цитохимия- жасушаның химиялық құрамын зерттейтін ғылым.Клетка теориясының қалып-тасуы. XІX ғасырдың басында неміс ғалымдары ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн өсімдіктер және жануарлар клеткаларын салыстыра отырып зерттеді. Нәтижесінде олардың құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі анықталды. Демек, клетка тірі организмнің ең кіші өлшем бірлігі, сонымен қатар, тіршіліктің негізгі тірегі.Сонымен, 1838 -- 1839 жылдары М.Шлейден мен Т.Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, клетка теориясының негізін қалады. Клетка теориясының қалыптасуы биология ғылымының әр түрлі салаларын дамыт-қан үлкен жаңалық болды.
Ф.Энгельс клетка теориясын XІX ғасырдағы ашылған үш ұлы жаңа-лықтың бірі деп жоғары бағалады. Ол жаңалықтар -- "энергияның сақталуы және бір түрден екінші түрге айналуы", "клетка теориясы" және Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі.
1. Клетка -- барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі.
2. Әр түрлі организмдердің клеткалары -- құрылысы, құрылымы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері жөнінен ұқсас.
3. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді.
Клетка теориясы жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының өзара ұқсас екендігін толық дәлелдеді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі организмдердің шығу тегінің бір екендігін айқындай түсті. Клетка теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан түсіндіруге, организмдер арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.Клетканы зерттеу әдістері. Клетканың негізгі бөлімдерін: мембрана, цитоплазма, ядроны, сондай-ақ, цитоплазмадағы әр түрлі органоидтар мен молекулалардың құрылысын зерттеу үшін әр түрлі оптикалық аспаптар пайдаланылады. Цитологияда қолданылатын негізгі аспап -- жарық микроскопы. Оны пайдалану үшін әр түрлі бояулармен боялған, қалыңдығы 5 -- 7 мк жұқа кесінділер дайындалу қажет. Мұндай кесінділерден (препараттан) жарық жақсы өтіп, заттардың бейнесі анық көрінеді. Жарықтың әсерімен көрсететін микроскопта жетілдірілген окуляр қол-данылады. Ол зерттелетін объектіні экранға 100 мың есеге дейін үлкейтіп түсіреді (физика курсынан алған білім-деріңді пайдаланыңдар).Қазіргі кезде цитолог мамандар 800 -- 1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микро-скоптарды пайда-ла-нады.

Клетканың атомдық және молекулалық құрылымы. И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі клетканың құрамында болатындығы анықталған. Олар клеткадағы мөлшеріне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық молекулалардың негізін құрайтын элементтер жатады. Екінші топқа: ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор сияқты және т.б. элементтер жатады. Бұлардың клеткадағы жалпы мөлшері 1%-ға жуық. Бұл элементтердің әрқайсысы клеткада ерекше қызметтер атқарады. Топырақтың құрамындағы микроэлементтердің өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маңызы ерекше. Өсімдіктер мен жануарлар белгілі бір микроэлементтерді табиғаттан алып, өз клеткаларында жинақтайды. Мысалы, теңіз балдырлары судан иодты сіңірсе, ал кейбір өсімдіктер судағы кобальтты жинақтайды. Жануарлар клеткаларында да әр түрлі элементтер жинақталады. Мысалы, никель -- ұйқы безінде, молибден -- мидың ақ затында, қалайы -- тілдің сілемейлі қабықшасында, кадмий -- бүйректе, барий -- көздің торлы қабығында, бор -- май ұлпаларында, хром -- гипофиз безінде және т.б. жинақталатындығы анықталған. Әйткенмен де топырақтың құрамындағы микроэлементтердің мөлшерінің кемуі немесе артуы организмге қатты әсер етеді. Мысалы, топырақта бордың жеткіліксіз болуынан қант қызылшасы, зығыр және т.б. мәдени өсімдіктер ауруға ұшыраса, мырыштың мөлшерінің азаюынан өсімдік жапырақтары теңбіл ауруына шалдығады, ал магний жеткіліксіз болса астық тұқымдастарының клеткаларында хлорофилдің мөлшері кемиді.
Жануарлардың клеткаларында фтордың мөлшері артса, тіс пен сүйек ауруға шалдығады, өсімдіктің құрамында селен элементінің мөлшері артса, онымен қоректенген малдың жүні түсіп, тұяғы дұрыс өспейді. Сол сияқты минералды тұздардың клеткадағы мөлшерінің ауытқуына байланысты организм әр түрлі ауруларға шалдығады. Оның дәлелі ретінде Тараз қаласындағы фосфор заводы мен Өскемен қаласындағы мыс-мырыш заводтарынан шығарылатын қалдықтардың адам организміне тигізетін зиянды әсерлерін мысалға келтіруге болады.
1. Су молекулалары бір-бірімен берік байланыс түзумен қатар, басқа заттардың молекулаларымен де берік қосылыс түзеді.
2. Организмнің тіршілігі үшін судың жылу өткізгіштік қасиетінің маңызы зор. Сүтқоректі жануарлар және адамның дене температурасы жыл маусымының өзгеруіне қарамастан, үнемі тұрақты болады, осы тұрақтылықтың сақталуында судың рөлі ерекше
3. Қысқы ұйқыға кететін жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі үшін судың қату температурасының төмен болуының маңызы зор. Егер тірі организмнің ұлпаларында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасуша органоидтары
Жасушалар және тіндердің патологиясы
Жасуша органоидтары, олардың химиялық құрамы мен қызметтері
Жасуша патологиясы
Жасушаның ашылу тарихы, зерттелу тарихы
Жасуша мембранасы және цитоплазма
Өсімдік жасушасы
Жасушалар мен тіндердің патологиясы Несеп жолындағы тас ауруының себебі, потогенезі
Ядро. Физикалық күйін, пішіні, жасушадағы мөлшері мен орналасуы
Жасуша биологиясына кіріспе. Жасуша құрылымдық бірлік
Пәндер