Күләш Бәйсейітова



Байсеітова Күләш - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің “Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині”) т. б. партияларды орындады. Байсейітова сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айман, И. В. Коцыктың “Айман- Шолпанындағы” Айман, Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және тағы басқалары. 1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады.

Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Бәйсейітова – асылында Қазақстанда аты аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа созылған қысқа ғұмырында ол жұлдыздай жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді. 20-ғасырдың музыка мәдениетінде пайда болған жаңалықты халқы ардақтаған Күләш Байсейітованың дарыны мен асқан өнері “заңдастыра” түсті. Европаның музыкалық жаңа жанры мен түрлері - хор өнері, симфониялық оркестр, ақырында опера - көшпелі қазақ даласының өміріне композиторлар мен Ресей музыканттары көмегімен ғана емес, дарынды ұлттық

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Күләш Бәйсейітова

Байсеітова Күләш - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық
артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-
1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры
жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық
өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық
опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің “Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И.
Чайковскийдің “Евгений Онегині”) т. б. партияларды орындады. Байсейітова
сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің
біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айман, И.
В. Коцыктың “Айман- Шолпанындағы” Айман, Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”
және тағы басқалары. 1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың
халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет
өткізіліп отырады.

Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Бәйсейітова – асылында Қазақстанда аты
аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа созылған қысқа ғұмырында ол
жұлдыздай жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді. 20-ғасырдың музыка
мәдениетінде пайда болған жаңалықты халқы ардақтаған Күләш Байсейітованың
дарыны мен асқан өнері “заңдастыра” түсті. Европаның музыкалық жаңа жанры
мен түрлері - хор өнері, симфониялық оркестр, ақырында опера - көшпелі
қазақ даласының өміріне композиторлар мен Ресей музыканттары көмегімен ғана
емес, дарынды ұлттық орындаушыларымыздың арқасында енді. Олардың
орындаушылық өнеріне міндетті талап – шығармашылық синтезді мүмкіндігінше
жарыққа шығару, музыканы халықтың саналы қабылдауына жеткізу болатын.
Күләш Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге
келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға
көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта
театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші
бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың
концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті.
Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр
дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке
колоратуралық сопрано екені анықталды. Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби
вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы
бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән
салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып
талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу
ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан
(Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады.
Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп
өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген
әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.
Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы
қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Ол уақытта бағдарламаға
бұл халық әуені Е.Г. Брусиловскийдің өңдеуінде деп көрсетілетін. Бірінші
қазақ операсының әуенін ( оған 50-ден аса халық әндері мен күйлері кірді)
бірінші орындаушылар өздері таңдап, іріктеді. Әрине, олардың арасында Күләш
та бар. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж.) Қыз Жібек
бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. “ Мен, ерекше
асқақ, әрі жеңіл де күміс сыңғырлы , құстың сайрағанын елестететін дауысы
бар әншіні атай алмас едім, ал, Күләш Бәйсейітова болса өз деңгейінде асыра
мақтауды қажет етпейтін “қазақтың бұлбұлы” атағын иеленді( В.Барсова-
белгілі орыс әншісі, СССР халық әртісі, Москвадағы Үлкен театрдың солисі).
Өнер шыңында таң қаларлықтай жетістіктерге жеткен, бұлбұл даусын жас
шағында-ақ мойындап( 24 жасында), Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың
қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды.
Күләш Бәйсейітованың дарыны көп қырлы. Ол драмалы спектакльдерді айрықша
орындаушы республикамыздың тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және
опералық қазақ әншісі . Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық
операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары
дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның дауысы –
қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған
әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді.
Күләштің өнер саласындағы негізгі шығармашылығы – операға байланысты. Өнер
бастауында танымал орындаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Қаныбек
Байсейітов, Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов... Солардың ішінде
Күләштың орны ерекше еді. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана
емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. Қазірге
дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара
бейнелері қалды.
Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін
танып, сүйіспеншілікпен қабылдады. “Өр көкірек Қыз Жібек пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Вокалдық өнер саласы
Қазақтың тұңғыш операсы
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры
Роза Үмбетқызы - қазақ опера өнерінің майталманы
Гәкку
1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
Әдебиет пен сынның биік белесі
Пәндер