Минералды су өндiрiсi кәсiпорынының метрологиялық қызметi
Кiрiспе
1. Минералдық судың технологиясы
1.1. Минералдық судың жалпы сипаттамасы
1.2. Минералдық судың емдік қасиеттері
1.3. Минералдық сулардың химиялық құрамы мен жіктелуі
1.4. Минералды су өндірісі
1.5. Минералдық суларды өңдеу және құю
2.Өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру
2.1. Минералды су өндiрiсi кәсiпорынының метрологиялық қызметi
2.2. Технологиялық процессті метрологиялық қамсыздандыру
2.3. Өлшеулер құралдарының құрылымы
2.4. Датчиктердің сипаттамалары
2.5. Өлшеу құралдарын салыстырмалы тексеру
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тlзlмl

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кiрiспе
1. Минералдық судың технологиясы
1.1. Минералдық судың жалпы сипаттамасы
1.2. Минералдық судың емдік қасиеттері
1.3. Минералдық сулардың химиялық құрамы мен жіктелуі
1.4. Минералды су өндірісі
1.5. Минералдық суларды өңдеу және құю
2.Өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру
2.1. Минералды су өндiрiсi кәсiпорынының метрологиялық қызметi
2.2. Технологиялық процессті метрологиялық қамсыздандыру
2.3. Өлшеулер құралдарының құрылымы
2.4. Датчиктердің сипаттамалары
2.5. Өлшеу құралдарын салыстырмалы тексеру
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тlзlмl
Кiрiспе
Бүгінгі уақыт – бәсекелестік заманы. Осыған орай басымдылық сипатқа
экономикалық дамуға, мемлекеттік басқаруға, елдің әлеуметтік жағдайын
жақсартуға, тұрғын үйге, денсаулық сақтауға, білім беруге, құқықтық
қорғауға, ауыл мен бизнесті көркейтуге қатысты мәселелерге ие болуда.
Қазiргi халық шаруашылығы саласында өзара байланысты тамақ өнімдерінің
жүйелерiнiң, өлшеу құралдарының, көптеген түрлi заттардың және
материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қаталдалуына
байланысты сапаны басқару саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен-
күнге арта бастады. Сонымен қатар елiмiздiң алға қойған мақсаты жақын
келешекте әлемдiк сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кiру. Ол үшiн бiрiншi
кезекте, шығаратын өнiмдер сапасын халықаралық стандарт талаптары деңгейiне
көтеру қажет . Яғни өнiмдер халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы
керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында
келешек мамандарға қазiргi өндiрiс өнiмдерiнiң сапасын халықаралық деңгейде
жеткiзудi қамтамасыз ететiн талаптар қойылады.
Қазіргі еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамын көбейтуге және де
алдыңғы қатарлыелдердің бірлігінен туындаған Еуроодақ мүшелігін еншілеу
мақсатында, сол тараптардан бекітілген біріңғай тараптардың орындалуын
қамтамасыз етуде. Осыған орай халықаралық сауданың қарқынды дамуына сипат
беретін экспорттық және импорттық өнімдер мен қызмет көрсетулердің елдер
арасындағы тиімділігін арттыру үшін халықаралық стандарттау ұйымымен
бекітілген талаптардың орындалуы үлкен маңызға ие болу үстінде.
Нарықтық экономикаға өту кезінде кез келген кәсіпорынның немесе
фирманың жетістігі шығарылатын тауардың бәсекелестігіне байланысты болуы
себебінен өнімнің сапасы өте актуалды болып табылады.
Ең жоғары деңгейдегі сапалы тауардың ғана рынокқа қажет болуы және
өнім сапасын қамтамасыз етуге және басқаруға көп көңіл аударатын
кәсіпорындар мен фирмалар ғана жұмыс істеуге пайда табуға мүдделі болуы
қажет. Халықаралық рынокқа шығу кезінде қазақстандық өнім өндірушілерді,
қажетті өнім сатып алушыларды іздеу кезінде, төмен сапалы өнімді ұсыну
алдын-ала сәтсіздікке ұшырататын өте қатаң бәсекелестік күтіп тұр.
Қазіргі тандағы қазақстан экономикасының ерекшеліктері өндіріс
көлемінің төмендеуі ғана емес және де сонымен ќатар дамыған елдерге
қарағанда технологиялар мен жабдыктардың деңгейінің едәуір төмендігі болып
табылады. Өндірісті қайтажасақтандыруға, жаңа технологияларды жасап
дайындауға инвестиция тарту шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті болса және
тұтынушының қажеттілігін тудырса ғана өзін-өзі ақтайды. Осындай жағдайларда
жоғары сапалы бұйым өндіруді жасап дайындау және игеру жасаушы-
кәсіпорынның міндеті болып табылады. Бұл міндеттерді оң шешу сапа
менеджменті саласында мамандар дайындау деңгейіне байланысты болады.
Отандық кәсіпорындардың өнімнің халыќаралық рынокқа шығуына сапаны
басқару бойынша мамандардың жоқтығы бөгет болып табылады.
Жеке тұлғалар мен қоғамның зерделiк потенциалының құрамдас бөлiгi
сапаны бағалау және бақылау әдiстерi туралы, оны тiршiлiк циклының әртүрлi
сатыларында қамтамасыз етуге қажеттi бiлiмдердiң жиынтығы, осы бiлiмдерiн
практикада (iс-жүзiнде) жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсіпорындарының алдында келесідей
проблемалар туындап отыр, олар: технологиялық құрал-жабдықтармен
жарақтанудың нашарлығы, олардың моральдық және табиғи ескiруi, сапалы,
еуропалық стандарттарға сәйкес өнiм өндiруге және өндiрiс шығындарын
азайтуға мүмкiндiк бермеуде, өндiрiске несие беру кезiндегi банк ставкалары
пайызының жоғарылығы, өндiрiлетiн өнiмнiң сапа стандарттарының халықаралық
талаптарға сәйкес келмеуi, дайындау жүйесiнiң болмауы.
1. Минералдық судың технологиясы
1.1. Минералдық судың жалпы сипаттамасы
Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық
сулар деп атайды. Минералдық сулар жер бетінің көздері арқылы және
скважинаны өңдеу арқылы алады. Минералдық сулардың негізгі көрсеткіштерінің
бірі - оларды минералдау. Минералдық суларды минералдау – бұл суда еритін
барлық заттардың, яғни ион, биологиялық белсенді элементтердің қосындысы
болып табылады. Минералдау 1 л граммен өлшенеді. Әлсіз минералданған
суларда 1-2 гл, аз минералданған суда 2-5 гл, орта минералданған суда 5-
15 гл, жоғары минералданған суда 5-15 гл болады, ал олардың тұздалуы 150
гл.
Ионды құрамы бойынша минералдық суларды хлорлы, гидрокарбонатты,
сульфатты, натрийлі, кальцийлі, магнийлі деп бөледі. Газ және арнайы дәм
беретін элементтері бойынша көмір қышқыл, сулфат, азот, иод, темір, кремний
және радиоактивті заттар беріледі. Минералдық суларды температуралары
бойынша салқын 200С дейін, жылы 20-370С, ыстық 37-420С, өте ыстық 420С
болады.
Минералдық сулардың минералдануы және химиялық құрамына байланысты
табиғи асханалық, емдік – асханалық, емдік деп бөлінеді.
Табиғи асханалық су өз кезегімен табиғи асханалық минералдық су және
табиғи асханалық деп екіге бөлінеді:
- Табиғи асханалық минералдық суды 1,0-2,0 гл мөлшерде
минералданған немесе фармакологиялық белсенді құрамдас заттарды
қосқан кезде аз минералдайды.
- Табиғи асханалық суды 1,0 гл мөлшерде минералдайды. Табиғи
асханалық суды асханалық сусын ретінде қолданады.
Емдік - асханалық су жалпы минералдануы 2-8 гл болатын, құрамында
биологиялық белсенді құрамдас заттардан тұратын суларды жатқызамыз. Емдік
асханалық суды дәрігердің нұсқауымен немесе ем ретінде пайдаланады.
Емдік судың құрамында 8-12 гл минералданудантұратын су. Емдік суларда
адам ағзасына әсер ететін емдік қасиеті бар, оларды тек қана дәрігерлер
ұсынады.
1.1-сурет. Судың маңыздылығы
Минералдық суларды шөлмектерге газды және химиялық құрамы бойынша төрт
негізгі топқа бөлу тәсілімен іске асады:
- газдандырылмаған;
- көмірқышқыл сулар;
- құрамында темірі бар көмір қышқыл сулар;
- гидросульфатты және күкіртсутекті гидросульфидті сулар.
Бірінші технологиялық топтарға құю кезінде тотығуды жүргізбейді және
химиялық құрамы өзгермейтін тұрақты минералдық су.
Екінші технологиялық топтарға химиялық құрамы біршама өзгеретін
көмірқышқыл суларды жатқызады. Судың құрамында көміртек диоксиді
болғандықтан, химиялық құрамы тұрақты болады. Осындай суларды шөлмектерге
құйғанда артық қысымның шартын туғызады, СО2 газын құрады, дегазация
мүмкіндігі төмендейді.
Үшінші технологиялық топта 5-70 мгл мөлшерлі темір құрамды
көмірқышқыл су жатады. Шөлмекте тұнбаның түзілуін болдырмау үшін бөлшектеу
кезінде темірдің тотығуына және судың дегазациясын болдырмау жағдайын
туғызу керек. Осы мақсаттарда минералдық суларға тұрақтандырушы ерітінді
ретінде аскорбин және лимон қышқылдарын құяды. Темір құрамды минералдық
сулар бактериялармен зақымдануға жақын келеді. Судың зақымдануы айдау,
сақтау, өңдеу және шөлмекке құю кезінде болады. Дайын минералдық сулардың
құрамында 0,4% болуы тиіс.
Гидросульфатты және күкіртсутекті гидросульфатты минералдық сулар
құрамында күкірт сутек 20 мгл және 30 мгл гидросульфид болады. Сондай-ақ
коллоидты күкірттің түзілуімен тотыққан күкірт формасының қалпына
келтірілуі болады.
1.2. Минералдық судың емдік қасиеттері
Құрамында денсаулыққа аса пайдалы күкірт, натрий, йод, бром, тағы
басқа да элементтері бар минералдық суын ішуге де, ванна түрінде де кеңінен
пайдалануға болады.
Күкірт - тері ауруларын емдейтін көптеген дәрі-дәрмектердің кұрамына
кіреді. Натрий - хлор иондарымен қосылып, асқазан қышқылдығын қалпына
түсіруге әсерін тигізеді. Хлор - өттің жүруін жақсартады. Бром - ми жүйесін
тынықтырады, ұйқыны түзейді. Йод - зобқа қарсы әсер етеді, жарақаттардың
жазылуына, буыңдарға шорланып жиналған артық тұздардың кетуіне септігін
тигізеді. Суды қашан, қалай пайдалануды науқастың жай-күйіне, жүрек,
асқазан, ішек, бауыр, от, бүйрек сияқты ағзаларының жағдайына, ауыруының
түріне қарап емдеуші дәрігер белгілейді. Суды алғаш ішкенде оның мөлшері
100-150 мл-ден аспауы керек. Бір тәулікте ішуге пайдаланылатын минералдық
судың мөлшері науқастың әр кило салмағына шаққанда 3,3 мл. деп
есептелінеді. Асқазан сөлінің қышқылдығы көп болса суды тамақтан 10-15
минут бұрын, асықпай, сораптап ішкен жөн. Осылай ішкенде су асқазанда
көбірек тұрып, оның қызметін жақсартады. Асқазан сөлінің қышқылдығы аз
болса суды тамақтан 1-1,5 сағат бұрын тез ішу керек. Мұндайда су асқазанда
көп кідірместен лезде ішекке өтіп, оның қызметін күшейтеді де, асқазан
қызметі баяулайды, қышқылдығы да азаяды. Асқазан сөлінің қышқылдығы қалыпты
жағдайдан ауытқымаған болса минералдық суды тамақтан 35-40 минут бұрын
ішеді. Жылыдай ішілген су асқазанның, ішектің, өт жолдарының қозғалысын
реттейді, тырысқанын, түйілгенін кетіреді, өттің, іштің жүруін жақсартады.
Зәрді қуалайды. Минералдық су асқазанды, ұлтабарды жууға, ет жүргізуге
(дюбаж), ішекті, қан ауруларын емдеуге қолданылады. Онымен мұрынды, ауызды,
тамақты шаюға да болады. Көп жыл бойы бақылаудың нәтижесінде минералдық
суын мына төмендегідей ауруларды емдеуге пайдалануға болатыны байқалды:
мұрын ішінің кебуі, мұрыннан су аға беретін аллергиялы ринит, қызыл иектің
қабынуы, жиі қайталайтын тамақ баспасы; асқазан гастирті мен ұлтабар
ішектің қабынуы, асқазан, ішек жаралары, өт қалтасының қабынуы, өт
жолдарының ауруы, тоқ ішек кеселдері; буын аурулары, ревматизмнен,
бруцеллезден қалған буын артриттері, омыртқа остеохондрозы, бел ауру; ұйқы
бұзылуы, жүйке жұқарып, көңілдің қошы кетуі; әйелдердің жыныс аурулары; зоб
ауруы; жұқпалы емес тері аурулары.

Түріне және құрамындағы минералдық тұздардың, кейбір элементтердің
(йол, бром және т.б.) және газдардың (көмірқышқыл газы, күкіртсутегі,
радон) бар болуына байланысты минералдық сулар адам ағзасына қандай да бір
физиологиялық ықпал етеді, нәтижесінде оларды емдік құрал ретінде қолдануға
мүмкіндік береді.
Минералдық сулар қарапайым ауыз суымен салыстырғанда жоғарғы
минералдануымен сипатталады. 1 л су құрамындағы 1 г еріген тұздары бар
суларды минералданудың төменгі шегі, 1 л суда 50 г жоғарғы шегі болып
саналады. Бірақ 1 л суға 1 г төмен жалпы минералдануы бар табиғи емдік
сулар да (гипотоникалық сулар) бар, олар адам ағзасына әжептеуір емдік әсер
етеді. 1 л суға минералдануы 50 жоғарғы суларды тұздықтарға жатқызады.
Минералдық суларды күшті араластырылған тұз ерітіндісі ретінде
қарастыруға болады, мұнда тұздардың молекулалары иондарға ыдыраған, яғни
молекулалары иондалған. Сонымен, су құрамында тұздар емес, олардың оң
зарядталған катиондары болады, лар теріс зарядталған аниондармен тепе-
теңдікте болады.
Мминералдық суларда келесідей катиондар мен аниондар бар: Н+, Na+,
Са2+, Mg2+, CP, НСОз, SO2; K+, Fe2+, C02, N03 аз; Li+, Rb+, Cs+, Mn2+,
Fe3+, Al3+, Cu2+, Zn2+, Ni2+С02Г, Br-, S~, F~, HS-, S203~, S03^, HSiOI ,
HP07 сирек немесе аз мөлшерде кездеседі.
Органикалық қышқылдардан минералдық суларда нафтен және гумин
қышқылдары, газдардан көп мөлшерде С02, СН4, N2, аз мөлшерде H2S, 02, Н2,
Аг, Не, Ne, Кг, Хе және радиоактивтік эманация, коллоидтардан S, Fe(OH)3,
А1(ОН)3, Mn(OH)2, As2S3, FeS, H2Si03 кездеседі.
Минералдық суларда органикалық қышқылдарда кездеседі.
Емдік мақсатта көмірқышқыл газы, күкірттіксутекті және радон мөлшері
бар сулар қолдануда.
1.1-кесте
Қарапайым ауыз сулармен салыстырғанда минералдық емдік сулар
ерекшеленетін химиялық көрсеткіштері
Құрамдас бөліктері 1 кг су құрамындағы ең төменгі
мөлшері, г
Еріген қатты құрамдас бөліктердің 1
қосындысы
0,25
0,001
Иондар
0,001
0.005
0,010
0,010
0.002
0.005
0,001
0,001
0,005
Минералдық сулардың температурасы әртүрлі: мәңгі тон облысында 0°С-тан
гейзер суларында 100°С-қа дейін. Адамның сезуіне байланысты салқын және
жылы сулар арасындағы шекара 20 град бекітілген. Табиғи көздерден шығатын
сәтіндегі температурасы 20°С-тан төмен суларды салқын, 20-37°С-тық суларды
жылы, ал 37-42°С-тық суларды ыстық және 42°С-тан жоғары суларды өте ыстық
деп атайды. Жер бетіне шыққанда минералдық сулар басқа термодинамикалық
шарттарға түседі, нәтижесінде олардың газдық және минералдық құрамы, рН
және т.б. өзгереді.
Минералдық сулардың дәмі еріген газдардың және минералдық тұздардың
құрамына негізделеді. Мысалы, көмірқышқыл газ суға қышқыл дәм,
хлорлысутекті су тұзды дәм, күкірттікқышқылды тұзда ащы дәм, күкіртті
тұздар мен күкірттіксутек сүйкімсіз иіс пен бұзылған жұмыртқа дәмін береді.
Су құрамындағы азғана мөлшердегі йод оған күшті иіс пен дәм береді.
Минералдық емдік сулар аниондық және катиондық құрамы бойынша жеті
негізгі түрлерге бөлінеді, олар:
I. Гидрокарбонаттық-натрийлік және гидрокарбонаттық натрийлі-
кальцийлік (Саирме).
П. Гидрокарбонаттық-кальцийлік-магнийл ік және гидрокарбонаттық-
сульфаттық-кальцийлік.
III. Гидрокарбонаттық-сульфаттық және сульфаттық-гидрокарбонаттық-
натрийлік-кальцийлік.
IV. Гидрокарбонаттық-хлоридтік, хлоридтік-гидрокарбонаттық натрийлік
(Арзни) және натрийлік-кальцийлік.
V. Хлоридтік-сульфаттық, сульфаттық-хлоридтік натрийлік және күрделі
катиондық құрамды.
VI. Хлоридтік натрийлік және натрийлік-кальцийлік.
VII. Құрамында органикалық заттардың мөлшері жоғары әлсізминералданған
сулар.
1.4. Минералды су өндірісі
Сары Ағаш минералдық су ең әйгілі болып саналады. Осы минералдық
суды жүрек-тамыр және асқазан ауруларын емдеу үшін қолданатыны бұрыннан
белгілі. Сонымен қатар минералдық су өте дәмді және дәрі-дәрмекке
ұқсамайды. Сары Ағаш минералдық судың химиялық құрамы келесідей (1
далдағы г): натрий карбонаты 13,2, хлорлы натрий 16,0, хлорлы калий 0,47,
хлорлы магний 2,7, күкіртті қышқылды натрий 0,52, күкіртті қышқылды калий
2,95, фосфорлы қышқылды натрий 0,013.
Үздіксіз әрекетті сатуратор қолданған жағдайда минералдық суды жеке
жинақта дайындап, кейін сатураторға береді.
Сары Ағаш суы сілтілі су болып саналады, себебі, натрий карбонатының
күшті гидролизі нәтижесінде (Na2C03 + -T-HOH^NaHC03 + NaOH) оның
ерітіндісі сілті реакцияны көрсетеді.
Көмірқышқыл натрийдің гидролиз реакциясының иондық теңдеуі келесідей:
Гидроксил иондарының артықшылығына байланысты ерітінді сілті реакциялы
болады. Гидролизге байланысты натрий бикарбонаты да су ерітіндісінде сілті
реакция береді, ол гидроксилдық иондардың бар болуына байланысты:
НСОГ+НОН^НгСОа-г-+ ОН-.
Минералдық суларды сыйымдылығы 0,5 л шыны ыдыстарға және сыйымдылығы
0,3, 0,5, 1,5, 2,0 және 5,0 л пэт шөлмектерге құяды. Минералдық суларды
жақсы желдетілетін, тікелей күн сәйулесі түспейтін бөлмелерде, 2°С-тан
төмен емес және 12°С-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сары Ағаш минералдық суының құрамы әртүрлі, бірақ натрий карбонаты
мен хлорлы натрий негізгі тұздары болып саналады. Сары Ағаш минералдық
суының химиялық құрамы (1 далг) 1.2–кестеде келтірілген.
1.2-кесте
Сары Ағаш минералдық суының химиялық құрамы (1 далг)
Тұздардың аталуы Әртүрлі рецептураларда 1 дал су Табиғи көздерінен
құрамындағы тұздардың мөлшері, г алынған су
құрамындағы
тұздардың мөлшері,
1 далг
12345678910Натрий карбонаты302016101087,53,2 --13,2Хлорлы натрий Натрий карбонаты1510105,012,57,02,5 16,316,81016,0------- -2116-Хлорлы калий----0,3-----0,47К үкіртті қышқыл натрий-513,6--51--0,52 Күкіртті қышқыл калий12,95Хлорлы магний2---10,5---12,70 Хлорлы кальций--2,5_0,511---- Фосфорқышқылды натрий0,810,013
Басқа минералдық сулармен салыстырғанда Сары Ағаш суы құрамындағы натрий карбонаты мен хлористік магнийдің бар болуымен ерекшеленеді, осы суда натрий бикарбонатының (1 далға 12,6 г), хлорлы кальцийдің (1 далға 3,8 г) және күкіртті магнийдің (1 далға 2,3 г) аз мөлшерімен ерекшеленеді. Дегустация нәтижесі бойынша хлоридтердің мөлшері жоғарғы шегіне жақын және, керісінше, бикарбонаттардың мөлшері төменгі шегіне жақын болғанда Сары Ағаш минералдық судың дәмі сүйкімді болады.
Сары Ағаш минералдық суымен толтырылған ыдыстарды алюминий қақпағымен тығындалған кронен-тығындағышпен тығындауға болмайды, себебі сілті тұздарымен алюминий қатынасқанда лайқа түзіледі.
Жалпы минералдық суларда көмірқышқыл газдың мөлшері 0,4%-дан төмен болмауы керек. Олардың тұрақтылығы сауда орындарына шығарылған сәтінен бастап 15 тәуліктен кем болмауы керек.
Жерастындағы минералдық суларды лайқамастан шығару және сапасын сақтап қалу үшін (қолдану орындарына) шығу жолдарында каптаж соғады. Каптаж (француз сөзінен captage, латин сөзінен capto – ұстаймын, аулаймын) – құбырларға, құдықтарға және басқа да құрылғыларға жерасты көздерін алуға арналған гидротеникалық құылыстар болып саналады. Каптаждың түрі мен құрылысын жерасты суларын шығарудың гидрогеологиялық шарттарына, құрамына және техникалық және санитарлық шарттарға байланысты қабылдайды. Курорттарда каптажды құрылыстардың бетінде сәулеттік-көркемдік бөлімшелер, бюветтер және галереялар орнатады.
Каптаж құрылысында мына негізгі талаптарды сақтайды: 1) әсіресе ең көп шығыны мерзімінде каптаж сыртына сулар ағып кетпейтіндей етіп жерасты сулары шығарады; 2) жер бетіне шыққанға дейін көздің сулары суөткізбейтін каптаждық құрылғылармен ұсталынуы керек; 3) жер бетіне шыққанда көз каптажында судың деңгейі табиғидан жоғары болмауы керек.
Жоғарыға көтерілетін және төменге түсетін көздер каптаждарын ажыратады.
Жоғарыға көтерілетін көздер каптажы дегеніміз жер бетіне тегеуірінді (артезиандық) суларды шығаруға арналған құрылғылар.
Артезиандық (жерасты) сулар суөткізбейтін қабаттар арасында терең немесе терең емес су жүретін пласттарда орналасып, тегеуірінде болады; бұрғылау скважиналарын немесе артезиандық құдықтарын орнату арқылы осы пласттарды ашқанда сулар су жүретін пласттардың жоғарғы қабатынан көтеріліп, жеткілікті тегеуірінде бетіне шығады немесе фонтандайды. Шахталы құдықтардың және көздер скважиналардың барлық каптаждарын желдеткіш құбырлары бар жабық түрлі жербетіндегі және жеңіл павильондармен жабдықтайды.
Шахталы түсірмелі құдық түрінде жасалынған жоғарыға көтерілетін каптаж схемасы 1.2–суретінде келтірілген.
1.2-сурет. Жоғарыға көтерілетін каптаждың схемасы.
1 – қоректендіргіш құбыр; 2 – қоректендіргіш құбырдағы бекіткіш; 3 – азғана шығынында жұмсалатын судың қайта ағу құбыры; 4 – желдеткіш құбыр.
1.3-сурет. Төменгі көз каптажының схемасы.
1 – көз суының кірісіне арналған саңылау; 2 – көз бөлімшесі; 3 – су ағызғыш; 4 – жинақ бөлімшесі; 5 – қоректендіргіш құбыр; 6 – қайта ағызу құбыры; 7 – лайқа суға арналған құбыр; 8 - суға арналған құбыр; 9 – шығару құбыры; 10 – желдеткіш құбыр.
Каптаждық құрылыс су жинағынан және реттеушіден тұрады. Пайдалану бөлігі каптаждан тыс орналасқан.
Су жинағы – каптаждың негізгі және басты элементі. Ол діңнен (жер асты бөлігі) және сағадан (жоғарғы бөлігі) тұрады. Скважинаны опырылудан және басқа сулардың кіруінен сақтауға арналған каптаждың діңі су өтетін қабатты ашу орнындағы құрылыстың тереңдігінде басталып, бетіне шығатын орнында аяқталады. Бұрғылау скважиналарында каптаж тік немесе көлденең болат, хромдыникельді, пластмасс немесе полиэтилен құбыры тәрізді; құдықтарда және штольняда ол бетондық және тас қысқыштары түрінде жасалынады.
1.4-сурет. Минералдық суға арналған каптаждық құрылыстың схемасы.
1 – каптаждың діңі; 2 - басы: 3-пьезометрлік түтікше; 4- манометр;
5 – суда алуға арналған щүмек;; 6 - термометр; 7 – байланыстырғыш құбыр: 8 – бассейнерге кететін құбыр, резервуарлар мен бюветтер; 9 – су дебитін өлшеуге арналған құбыр; 10 – артық газды алуға арналған түтікше; 11 – газ беруге арналған түтікше; 12 – шыны су өлшегіш түтікше (немесе су өлшегіш шыны).
1.5. Минералдық суларды өңдеу және құю
Минералдық су көздің негізгі каптажынан үлкен тегеуірінде құбыр бойынша зауыттық жинақы резервуарларға беріледі. Зауытта оны судан жіңішке қоспаларды, соның ішінде сүзгіш керамикалық свечаның қуыстар өлшемінен (1,5- 1,57 мкм және одан кем) асатын өлшемді микроағзаларды да судан ажыратуға есептелінген пластиникалық (сүзгішкартон пластиналары) немесе керамикалық (свечалық) сүзгіштер арқылы сүзеді. Шөлмектерге құю алдында ғана минералдық суларды сүзеді.
Су құрамында дөрекі қоспалар болған жағдайда оны ірі саңылаулы сүзгішкартоннан жасалынған құм немесе пластиналық қаңқалы сүзгіштерде, сонан соң керамикалық сүзгіштерден алдын-ала. Сүзген соң минералдық суларды, осы минералдық су құрамында табиғи көмірқышқыл газы бар немесе жоқ екендігіне қарамастан міндетті түрде сатурациялайды. Минералдық суды шөлмекте 0,4-0,5% (4-5 гл суға) мөлшерге дейін көмірқышқыл газымен қанықтырады.
Шөлмектік минералдық сулардың емдік әсерін сақтау шөлмекті оттексіз (ауасыз) толтыруға, жақсы тығындауға және шөлмекке ауаның кіруіне кедергі келтіретін суды көмірқышқыл газымен жақсы қанықтыруға байланысты. Көмірқышқыл газы микроағзаларға күшті әсер етеді.
Көмірқышқыл газына әртүрлі микроағзалардың сезімділігі үлкен аралықта орналасқан: өте сезімді түрлерімен бірге төзімді түрлері де кездеседі. Атмосферада немесе ерітіндідегі С02 20-30% бар болуы көптеген микроағзалардың дамуын әлсіретеді; С02 жоғарғы концентрациясымен ұзақ әсер еткенде олардың дамуын тоқтатады; кейбір микроағзалар (зеңді бактериялар) осындай осындай жағдайда жойылады.
Минералдық сулар ауамен қатынасқанда оның химиялық құрамы өзгеріп, су өзінің әрекеттілігін жоғалтады. Сонымен қатар су мен ауа қатынасқанда тотығу-тотықсыздану потенциалы (гН2) жоғарылайды, мұнда минералдық судың тұрақтылығы төмендейді, себебі гН2 көтерілуі микроағзалардың дамуына ықпал етеді.
Егер минералдық су мөлдір болып, бактериялар болмаса (микробиологиялық көзқараста), онда оны сүзбей те$к ғана сатурациялайды. Сатурациялау алдында әрбір минералдық сулар құрамындағы тұздардың еру шарттары өзгермеу және тұнба пайда болмас үшін белгілі бір температураға дейін суды салқындатады.
Сатурациялаған соң ультракүлгін сәулелердің бактерицидтік әсерін қолдану арқылы минералдық суды залалсындандырады. Осы сәулелердің бактерицидтік әсері бактериялардың вегетативтік және споралы түрлеріне күші бар.
Қысымы төмен аргонды-сынапты шырақтар бактерицидтік сәулелендіудің көзі болып саналады, олардан ең тарағаны тотыққан элеткродтары және аргонды-сынапты толтырғыштары бар кварцтық шырақтар кеңінен таралған. Минералдық суларды залалсыздандыру үшін бактерицидтік сәулелендіру көзі батырылған (су астында орналасқан) бактерицидтік қондырғылар қолданылады.
1.5-суретте жабық түрлі бактерицидтік қондырғы келтірілген. Осы қондырғы бірнеше ретімен өзара байланыстырылған, тоттанбайтын болаттан жасалынған бактерицидтік камералардан тұрады.
Әрбір камераның ортасында кварцтық шыныдан жасалынған цилиндрлі түтік орнатылған, оған бактерицидтік шырақ қойылған. Бактерицидтік шырақтың жану ұзақтылығы 1500 сағ кем емес.
1.5-сурет. Жабық түрлі бактерицидтік қондырғының камерасы.
1 – камераның қаңқасы; 2 – кварцтық шыныдан жасалынған цилиндрлі түтік;
3 - БУВ-15 түрлі бактерицидтік шырақ.
Күміс ерітіндісін қолданып суды залалсыздандырудың тиімділігі арттыруға болады. бұрғылау скважиналардан немесе сақтау резервуарларынан минералдық су өздігінен құбыр арқылы ортадан тепкіш насосқа беріліп, сыйымдылығы 15 м3 тең жинақтарға айдалады; гидрототықтардан және басқа да қоспалардан тазарту үшін суды керамикалық сүзгіштерде алдын-ала сүзеді.
1.6-сурет. Минералдық суға күкірттіқышқыл күмісті мөлшерлеп берудің автоматты қондырғысы.
1 – құйғыш; 2 және 4 – бекіту шүмектері; 3 және 5 - ыдыстар;
6- электрқозғалтқышы; 7 – ортадантепкіш насос; 8 – деңгей өлшегішті бекіту сызбасы; 9 – тұзды шүмекті бекіту сызбасы; 10 – тұзды шүмек; 11 – су жинағы.
Минералдық суларды шөлмекке құю үшін автомат-машиналарда жүргізеді, олар пластиналық тасымалдағышпен байланысқан; осындай ағымды сызбада ретімен шөлмектер жуылып, минералдық сулар шөлмектерге құйылады және автоматты түрде қақпағы жабылып, этикетка жапсырылады.
Минералдық суларды шыны шөлмектеріне құюға арналған автоматты сызба жәшіктен шөлмектерді алу автоматынан, шөлмектерді жуу машинасынан, құю, тығындау, ақауды тексеру және этикетка жапсыру және шөлмектерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz