Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қазақ тілінде


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 4-6

I тарау

Көркем аударма теориясы 7-20

1. 1 Көркем аударма маңыздылығы 7-11

1. 2 Көркем аударма және драмалық стиль 12-17

1. 3 У. Шекспирдің шығармашылығының ұлттық әдебиетке ықпалы-17-20

II тарау

У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қазақ тілінде 21-41

2. 1 М. Дәулетбаев аудармасындағы «Гамлет» трагедиясының

стильдік сипаты 24-33

2. 2 Х. Ерғалиев аудармасындағы «Гамлет» трагедиясының

стильдік ерекшеліктері 33-41

2. 3 Х. Ерғалиев аудармасындағы «Гамлет» трагедиясының стильдік ерекшеліктері

Қорытынды 42-43

Пайдаланылған әдебиеттер 44-45


Реферат

Жұмыстың тақырыбы: У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясының аудармаларындағы стиль мәселелері.

Жұмыстың көлемі: 50 бет.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, тақырыптың өзектілігі мен зерттеу деңгейі сөз болады. «Көркем аударма теориясы» деп аталатын бірінші тарау 1) Көркем аударма маңыздылығы, 2) Көркем аударма және драмалық стиль, 3) У. Шекспир шығармашылығының ұлттық әдебиетке ықпалы деген тараушалардан тұрады. «Гамлет» трагедиясы қазақ тілінде» деп аталатын екінші тарау мынадай тараушалардан тұрады: 1) М. Дәулетбаев аудармасындағы «Гамлет» трагедиясының стильдік сипаты. 2) Х. Ерғалиев аудармасындағы «Гамлет» трагедиясының стильдік ерекшеліктері.

Қорытындыда «Гамлет» трагедиясының аудармаларындағы стильдік ерекшеліктер, көркем аударма, стиль мәселелері жайында ой қорытылып, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

Жұмыстың мақсаты: У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясының М. Дәулетбаев, Х. Ерғалиев аудармаларындағы стильдік ерекшеліктерді анықтау.

Кілт сөздер: Драма, пьеса, аударма, стиль, мазмұн, форма.

Зерттеу әдісі: талдау, жүйелеу, салыстыру, тағы басқа да әдістерді басшылыққа алдық.


Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста тіл мен әдебиеттің аса қажет, қиын саланың бірі көркем аудармада жемісті жетістіктің бірегейі саналатын, XX ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап қазақ тіліне аударыла бастаған У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясының аудармасындағы стильдік ерекшеліктер қарастырылады. Сонымен қатар аудармаға қатысты теориялық мәселелер де, ұлы жазушы Шекспир шығармашылық жолы сөз болады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіліне аударма үлгісі XVI-XVII ғасырда келген. Араб-парсы, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегілер, неше алуан мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей. Бұлар шын мағынасында аударма емес, мазмұндау - өзінше қайталап айту еді.

Таза қазақ тілінде аударма тәрбиесі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды, дәлірек айтқанда, 1879 жылдары Ы. Алтынсариннің «Киргизская хрестоматия» кітабында көрінді. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. 1882 жылдары орыс классиктері Абай аударды, 1892 жылы Ы. Алтынсарин аударған. 1900 жылы «Унжіл» аудармасы басылған.

Жалпы, қазақ тіліне орыс жазушы-ақындарының шығармаларымен қатар дүниежүзілік әдебиет классиктерінің де шығармалары аударылды. Халықтың шындық әділет, ақиқат ұранын алтын арқау еткен қазақ әдебиеті - қалың қауым арманының шапағатты нұрынан жаратылған ең үздік дәстүрлерді ілгері жалғастырған, адам баласы қан-қазынасына толымды қор қосқан жаңа сапалы құбылыс.

Ұлт әдебиет үлгілерінің өзара әсері мен бірін-бірі құнарландыруы, жанырлық формаларды дамуы мен баюы, үздік жетістіктер мен дәстүрлерді ортаң игіліке айналуы, асыланда, қазіргі әдеби процестің негізгі тенденциясы екендігінде рухани паспорты болып табылатын қазақ әдебиеті аз уақыт ішінде аса шапшаң даму кезеңдерінен өтіп, кемелденген өнерге тән жанырлық салалардың бәрін тудырып, жетілді өрлеу бағытында реализмнің кең, даңғыл айдынына шоқты.

Өнер мен әдебиеттің күллі мәдени қазынаның көзі ашылып, драматургия, опера, балет, симфония сияқты барша өркениетті елдерге тән жанырлық формалар қаулап өсті.

Туған топырақта тол, ұлттық драмамызбен қоса әдеби байланыс негізінде дүниежүзілік драматургияның алтын жауһарлары қазақ тіліне аударылып, ұлттық театр сахыналарында қойылып жүр. Оның ішінде көркем аудармада драма жанырының аударылуы бағытында үлкен жетістікке ие болған ағылшынның ұлы жазушы драматургы У. Шекспир драмаларының аудармалары. Соның ішінде ағылшынның ұлы драматургы У. Шекспирдің шығармалары, оның ішінде драмалары қазақ жазушыларының назарына отызыншы жылдардан бастап ілігіп, қазақ оқырмандарына көркем аударма арқылы жетті.

Әлемдік өнердің биік жұлдызы У. Шекспир мұрасын меңгеру белгілі бір кәсіби дайындықты, көркемдік сауаттылықты, шынайы мәдениеттілікті талап ететіні талас тудырмайды.

Әлем драматургиясының озық үлгілері мен классикалық шығармаларды қазақшаға аударып сахнаға қойылуына ерекше еңбек сіңірген - Мұхтар Әуезов, классик жазушы қазақ театрының репертуарын аударма пьесалармен толықтырып, оларды өнердегі қазына ретінде тануға тікелей араласты. Сахнаға қойылған аударма пьесалардың мән-мағынасын қазақ театрына, жалпы мәдениетіміздің дамуына әсер етер зор ықпалын асқан білгірлікпен талдап берген М. Әуезов 1937 жылы «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» деген мақала жазды. Мұнда ол аударма пьесалардың оның ішінде Шекспирдің «Отеллосы» немесе «Ромео мен Джульеттсын» сахнаға шығаруға кеңес береді.

Осы жауапты іске тікелей өзі бас-көз болған М. Әуезов 1938 жылы «Отеллоны» қазақшаға аударады. Ал 1939 жылғы сәуір айынан ұлы трагедияның қазақ сахнасындағы тарихы басталады.

Қазақ тіліндегі тұңғыш аудармасы осы трагедиядан басталған У. Шекспирдің драмалық шығармалары бүгінгі таңда екі томдыққа жинақталып, қалың оқырманға һәм театр өнерін сүйетін қауымға жетті. Бұл халықтың мәдени, әдеби өміріндегі елеулі құбылыс.

Қазіргі күнге дейін қазақ театры сахнасынан түспей келе жатқан У. Шекспирдің ұлы трагедиясы - «Гамлет». Мұның сюжет желісіне негіз болған көне аңызды тұңғыш рет XVII ғасырда даниялық Саксон Грамматик екен. Әр елдің жазушылары бұл аңызды өздеріне пайдаланып шығармалар жазғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде «Гамлет» атты пьеса да болған. Ал Шекспирдің «Гамлеті» дүниеге 1601 жылы келді.

Трагедияның басынан аяғына дейін Гамлет табанды да өткір, һәм ашық әшкерелеуші, Гамлеттің қажыр-қайраты мәселені шешіп тастауында емес, өзі абақтыға теңеген төңірегін қоршаған дүниенің әділетсіздігі жайындағы мәселені қоюында, соған өресі жетіп, сол болмысты әшкерелей білуінде.

«Гамлет» бірнеше рет орысшаға аударылды, солардың ішінде М. Лозинский мен Б. Пастернактың аудармасы жоғары бағаланып жүр. «Гамлет» Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасына Маман Байсеркеновтың режиссурасымен қойылды.

«Гамлетті» қазақ тіліне аударған Мәжит Дәулетбаев. «Гамлет» трагедиясын М. Дәулетбаев көбіне қара сөзбен, ішінара өлеңмен аударған. Рас, диалогтар кейде дыбыс, буын, кезең ырғақтарымен ақ өлеңге айналып кетеді. Ауызекі сөз екпіні, сахна ерекшеліктерінің шарттары да ұмытылмаған. Аудармашы тпнұсқадан көп алшақтамай бейнелі, өрнекті кестеге ұмтылады. «Царство Нептуна» деген секілді қазақ ұғымына түсініксіз нәрселерді әдейі тастап кеткен. Түп нұсқадағы өлшемнен, шумақ сандарынан көп алшақтамаған. Динамика, қимыл-қозғалыс, үрейлі көрініс жақсы берілген. Дыбысты күйттеу, ішкі ұйқасқа мән беру өлең жолдарының әуезділігін күшейткен.

М. Дәлетбаевтан кейін «Гамлетті» қазақ тіліне аударған, жалпы У. Шекспир шығармаларын қазақ тіліне аударуда ерен еңбек етіп, шығармашылық тапқырлық көрсеткен белгілі ақын, аудармашы- Х. Ерғалиев. У. Шекспир сонеттері ақынның талант құдіретімен қазақ оқырмандарының сүйіп оқитын поэзия дүниелерінің қатарын молайтқаны мәлім. Ал, драма саласында «Гамлет» пен «Ричард III» ақынның ұзақ жүргізген мол зерттеу-!зденістері мен шығармашы шабытының нәтижесі. Және бұларда мазмұн, тіл, көркемдік дәлдіктермен бірге, шынайы шабыт, тарихи айқындық бар.

Көркем аудармадағы стиль мәселесінің ауқымы өте кең. Аудармадағы стиль мағынасына түпнұсқадан сақталған мазмұн, форма, көркемдік ұралдардың орынды қолданылуы деген ұғымдар кіреді. әр аудармашының өзіндік тіл ерекшелігі болады. Осыдан келіп, «Гамлет» аудармаларындағы стильдік ерекшеліктерді қарастыру өзектілігі туындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көркемдік аударма өзіндік зерттеу объектісі, зерттеу тарихы, зерттеу әдістері бар дамыған сала. Қазақ тіліне У. Шекспир шығармалары отызыншы жылдардан бастап аударыла бастаса, көркем аударма жайындағы ғылыми пікірлер айтылып, аудармалар біртіндеп зерттеле бастады.

Ғылыми пікір айтушылардың көш басында М. Әуезов тұрып, аударма пьесалардың қазақ театрын өркендеудегі рөлін, қажеттілгін атап өтсе, көрнекті ғалым Р. Нұрғалиев «Гамлеттің» М. Дәулетбаев аудармасына кеңінен тоқталып оның стильдік, мазмұндық, көркемдік тұрғыдан жетістіктері мен кемшіліктерін сөз ете отырып, аудармашының қазақ көркем аударма саласындағы бұл еңбегінің өлшеусіз екендігін нақты мысалдармен дәлелдейді. Ғалым Г. Қазыбек те «Гамлет» аудармасының М. Дәулетбаев үлгісіндегі стильдік ерекшеліктерді ағылшын, орыс тілдеріндегі мәтіндермен салыстыра отырып бағамдайды.

1987 жылы Р. Т. Икрамова «Драматургия В. Шекспира в переводах казахских советских писателей (30-е - 60-е г. г. ) » деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Бұл жұмыста зертеуші У. Шекспир драмаларының қазақша аудармаларына талдау жасап, түпнұсқамен салыстыра қарайды.

Ал, жалпы көркем аударманың өзіндік ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар, қазақ тілінде аударма саласының дамуы жайлы ой-пікірлер, тың ғылыми зерттеулер жасағандар қатарында С. Нұрышев, С. Талжанов, М. Әлімбаев, Б. Әбілқасымов, З. Тұрарбеков, А. Алдашева, Г. Қазыбек, Ж. Сәмитұлы және т. б. ғалымдарды атауға болады.

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой-пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелерді күн тәртібіне қойса, керісінше, белгілі бір мәселелердің шешімін табуы теорияны ілгерілетеді, соған орай аударма тарихы дами түседі.

I тарау

  1. Көркем аударма маңыздылығы

Аударма дегеніміз - бір тілде ауызша айтылған ой - пікірді я болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби еңбек аударма туынды деп аталады.

«Аударма», «аудару» деген сөз әдеби еңбектен басқа салаларда да көп қолданылады. Мәселен, «Мен аударылған жүкті орнына қайта қойдым», «Студент балама ақша аударып жібердім», «Суреттің көшірмесі басқа қағазға аударылған» - деген сияқты сөйлемдерде «аударылған», «аударып», «аударылған» деген сөздердің қолданылуымен байланысты білдірілген ой- пікір әдеби аударудан мүлде басқа жайларды баяндайды. [1; 3]

Аударма шығарма деген ұғымның ауқымы кең. Ол адамның рухани өмірінің, мәдениетінің, ғылым - білімнің, әдебиеттің, адамдардың ауызекі қарым - қатынас әрекетінің бөлінбес бір саласы, соның дәнекері іспетті.

Аударма әрқашан да адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экологиялық, рухани, ғылыми қарым - қатынасының алмасу құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе- тағлым алмасудың дәнекері.

Аударма - көне де, жаңа да өнер. Өнер болғанда, ол- сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көш замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсіндіру құралы, олармен қарым - қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған.

Аудармашылық - нағыз шығармашылық өнер. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуы тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.

Нағыз шығармасы көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның стильдік, тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да, жатық етіп шығару. Осы екеуі ұштасқанда ғана аударма көркем болады.

Аудармашының алдында қашанда өзара қарама - қайшы, бірақ диалектикалық бірліктегі үлкен проблема тұрады; бір жағынан, түпнұсқаның «әрпін», рухын сақтау қажет, екінші жағынан, аударма жасалып отырған тілдің ерекшеліктерін, сол тілді оқуға тиіс жұртшылық талап - талғамын да ескеру қажет. Аудармашы таразының басын тең ұстауға тиіс.

Аударма - сөз өнерінде өзіндік орны бар үлкен бір сала. Көркем аударманың ең негізгі атқарар қызметі - сол әдеби байланыс, яғни рухани үндестікке көпір болуы. [2; 3]

Аудармалардың жасалуына жеңілдік туғызған көптеген себептер бар. Аударма әдебиетінің марқайып өсуіне әсер болған бірінші жеңілдік - ауысу, араласу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көбейді. Екінші, төл әдебиетіміз де өсіп, аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік, тіліміздің қалыптасуы - тіл ғылымдарының ат салысуы. Осы үшеуіне қосылатын тағы бір жеңілдік - бөгде елдердің әдебиетіндегі, әсіресе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне, қазақ ұғымына жат еместігі.

Көрсетілген жеңілдіктер арқылы аударма әдебиет жедел өсті; ежелгі марғау аяқынан марқымды бағытқа ауысты. Бұл әсіресе орыс халқымен тығыз байланысып, қоян - қолтық алысқан кезеңде өрге өрледі. Орысшадан қазақшаға бұрын - соңды жасалған аудармаларды шолып өткенде, қазақ елінің әр қилы мәдени сатысына сай, аудармада орын алған үш түрлі әдістің бар екенін байқаймыз.

Бірінші, еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқаның тілін, әдеби ырғағын дәл білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділігін көрмеуден туады. Еркін аударма әрбір елдің балаң кезінде, мәдени шеңбердің тар кезінде пайда болады.

Аудармадағы екінші тәсіл - сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл, көбіне түпнұсқаның тілін мол түсінгендерге болады, соның әуеніне еріп, құлдық ұрудан шығады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда, ұсақ елдің уәкілдері жаза басудан қаймығады да, әрбір жеке сөздерін де, нүктелерін де дәл түсіруді күптейді. Осының салдарынан аударма сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырман жұртшылық та түсінбейтін болып шығады.

Аударманың үшінші тәсілі - балама (адекватный) аударма. Бұл ең қиын түрі: мұны екі тілді бірдей білумен қатар, сол шетел оригиналының ішкі сырын сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне авторлардың дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін, сөз қолдану мәнерін қалтықсыз ұғынатындар жасайды. Осыған қосымша екі тілдің (аударушы ел мен аударылатын елдің) мәдени сатысы бірдей болған мезгілде ымы - жымы білінбей, тігісі жатығып кетеді. Төл әдебиет пен аударма әдебиетінің арасында айырма болмай қалады. [3; 4]

Нағыз таза түрінде еркін аударма да, сөзбе-сөз аударма да әдебиет тарихында кездеспейтін тәрізді. Бұл екі әдіс үнемі араласып отырады. Негізінен алғанда аударушының талантына қарай шешіледі. Шығармашылық балама аударма да осы екі сыңаржақ әдіспен астаса жүреді.

Біз балама аударманы жақтағанда аударушы түпнқсқалық стиль ерекшелігін, ой ырғағын, дыбыс екпінін сақтаумен қатар өз тіліне тән нормадан шықпауын қажет етеміз. Әрине, ой ырғағын, дыбыс екпінін аудару мүмкін емес, бұлар аударушының өз басында болу керек. Екіншіден классиктерде кездесетін жеке образды беру үшін сол шығарманың дәуірін түсінсін, өзін берсін, бірақ аударушы өз заманының ұғымынан да ауа жайылмасын. Өйткені көркем аударма, сол елдің төл әдебиетінің асыл қазынасына кіреді. [4; 24]

Түпнұсқаның барлық ерекшелігін сақтап, екінш тілде кемеліне келтіріп, дәл беру үшін аударушы оның (түпнұсқаның) ішкі сырын жете ұғынуы керек. Түпнұсқа тіліндегі сөздердің әдемілігін де, өз тіліндегі сөздердің көркемдігін де бірдей білуі шарт. Сонда ғана ол түпнұсқа иесінің ой өрісін, дыбыс ырғағын, сөз саптау әдісін көңілдегідей етіп шығара алады. Ендеше аударушы түпнұсқа авторынан кем түспейтін, сонымен өзі әдістес, стильдік жазушы болады.

Көркем аударма атаулыға екі түрлі зор талап қойылуға тиіс: мұның бірі және ең бастысы - сол аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншісі - шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеде сөз бояулары арқылы, әдемі суреттеулері арқылы, характерлердің сан алуан болып қатысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аударушының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан, аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін творчестволық електен өтізеді. Бұл елек аударушының жеке басының күшіне, мәдениетіне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді. Әдебиеттегі зор талант иелерінің тамаша классикалық шығармаларының аударушылары да жазушы-ақын болғаны, әрі біздің заманымызда да солай болу керек екені осыдан шығатынына аударма мәдениетімен таныс адамдар таласпаса керек. [5; 156]

Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің неше алуан жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Мұны айрықша жазу стилі жағынан оңай анықтауға болады. Айтайын деген ойды белгілі бір қанатты сөздермен өткірлей түсті, сөйлем арасына бөгде бір ойды не анықтау, не мысқылдау, не қарату ретінде қыстыра кету сияқты әдістер қолданылып отырады. Мұндайлардың көбі аударма әдебиетінде қарышты дамитыны белгілі.

Көркем шығарма дегеніміз мазмұны мен түрі біртұтас бүтін жатқан дүние. Оның идеясын, яғни мазмұны мен ой тереңдігін, сезім нәзіктігін немесе идеясы мен формасын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Демек, әр қайсысын әр түрлі әдіспен бөлек-бөлек аударуға да болмайды. Көркем шығарма объективтік болмысын образды түрде бейнелеген нақты көрінісі. Ал көркем аударма болса, сол шығармада суреттелген объективтік болмысты түпнұсқаның тілі арқылы реалистік тұрғыда ұға отырып, екінші тілдің образдың жүйесі арқылы шынайы бейнеленген нұсқасы. Олай болса объективтік болмысты суреттеуде түпнұсқаға қандай талап қойылса, оның аудармасына да дәл солай талап қойылады. Демек, өмірдің белгілі бір құбылысына реалистік көзбен қарап, оны шынайы суреттеу үшін автор қандай құрал, нендей тәсіл қолданған болса, соның бәрі аудармашы үшін де заң. [6; 105]

Көркем аударма дәл болуы керек, сонымен қатар оны белгілі дәрежеде еркіндікке де құқығы бар. Бірақ сол еркіндіктің өзі түпнұсқада бейнеленген мазмұн мен түрді, яғни нақтылы өмір көріністерін дәл суреттеу мақсатынан туып жатуға тиіс. Сонда ол еркіндік дегеніміздің өзі тек дәлдікке жетудің жолы ғана болып қалады. Жай сөзбен айтқанда, аудармашы түпнұсқаны тастап ешуақытта да ауа жайылып еркін кете алмайды. Олай ету деген сөз - түпнұсқаны ғана емес, сол түпнұсқада бейнеленген өмір шындығының өзін өрескел бұрмалауға апарып соқтырады.

Жоғарыда аударма әдістеріне тоқталсақ, енді аударма түрлерін сөз етелік. Аударма түрліше тұрғыдан мынадай түрлерге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын әдебиеті
Уильям Шекспир
УИЛЬЯМ ШЕКСПИРДІҢ ӨНЕР ЖОЛЫ
Уильям Шекспирдің шығармаларының ерекшелігі
Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» трагедиясын тақырыптық, мәселелік, мазмұны мен образы
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ
Гамлет трагедиясындағы Англядағы гуманизм трагедиясының көрінісі
Шекспир және оның туындысы
Шекспир шығармашылығы
Англия әдебиетінің өкілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz