Ресей мемлекетінің тарихы


Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Киев Русі (882.1132)
2. Феодалды бытыраңқылық. Татар.Моғол шапқыншылықтары (1132.1325)
3. Русьтің біріктірілуі. Мәскеу мемлекетінің құрылуы (1325.1533)
4. Иван Грозный билігі. Бұлыңғыр кезең. Романдықтар әулетінің билік басына келуі (1533.1682)
5. Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңеюі (1682.1796)
6. Ресей ХІХ ғасырдың бірінші жартысынды (1796.1856)
7. ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856.1892)
8. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892.1922)
9. КСРО.ның құрылуы. Индустрияландыру. Коллективтендіру. Ұлы Отан Соғысы (1922.1953)
10. КСРО.ның ыдырауы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 10 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 200 теңге




Кіріспе

Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады. Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты. Қарастеңіз жағалауларында б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қлыптасты. 552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар одағы - Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье, Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді.

Киев Русі (882-1132)

882 жылы Рюрикович князьдерінің басшылығымен ірі шығысславяндық көшпенді князъдықтар: ильменских словен және полян князъдықтары біріктірілді. Нәтижесінде Рюрковичтер династиясы басқарған монархиялық ежелгірус мемлекеті - Киев Русі қалыптасты. 882 жылы біріккен мемлекет астанасы болып Киев қаласы тағайындалды. Сәтті әскери жорықтар мен дипломатиялық ықпал етулер арқылы жаңа мемлекет территориясына шығысславян тайпалары жерлері толығымен, жәнеде кейбір финно-угорлық, балтық, түрік тайпалары кірді. Ежелгі Рус мемлекеті сол кездегі, болжамдар бойынша, Еуроппада ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Шығыс Еуропада, Қара теңіз жағалауларында үстемдік үшін Византиямен күресіп отырды. 988 жылы Владимир князъі тұсында орыстар хрестиандықты қабылдады. Ярослав Көреген ең алғашқы орыс заңнамалық жинағы - Русская Правданы қабылдайды.

1132 жылы Мстислав қайтыс болғаннан кейін Ертеорыс мемлекеті бәрнеше князъдықтарға ыдырайды: Новогород жерлері, Владимиро-Суздаль князъдығы, Галицо-Волынь княздығы, Чернигов князъдығы, Рязан князъдығы, Полоц князъдығы және басқалары.

Феодалды бытыраңқылық. Татар-Моғол шапқыншылықтары (1132-1325)

1237-1240 жылдары орыс князъдықтары Батый бастаған монғол-татар шапқыншылығының астында қалды. Осы шапқыншылық әсерінен орыс князъдықтары жартысына жуық халқынан айырылды. Киев, Владимир, Суздаль, Рязань және басқа да Ертеорыс мемлекетінің орталықтары талқандалып, оңтүстік өңірлер түгелімен дерлік отырықшы халқынан айырылған болатын. 1243-1280 жылдары князъдықтың солтүстік-шығыс өңірлері Алтын Ордаға салық төлеп тұруға міндетті болды. Ресей тарихына бұл кезең монғол-татар апаты деген атпен енді.

1240 жылы Новогород жерлері православтар жерлерін басып алуды ойлаған крест жорықшылырының шабуылдарына тап болды. Александр Невский бұл кезеңде Нева түбінде швед әскерін талқандайды, ал 1242 жылы Мұзды қырғын, Ғажайып көл шайқастарында Тевтон ордені рыцарьларын жеңеді. Галицкая жерлері ХІҮ ғасырдан бастап Польша құрамына өтеді, осы кезде оңтүстік-батыс князъдықтар Ұлы Литва Князъдығына қарайды.

Русьтің біріктірілуі. Мәскеу мемлекетінің құрылуы (1325-1533)

ХІҮ ғасырдың басынан орыс княздықтары біртіндеп бір орталыққа қарай ұйымдаса бастайды, бұл кезде жаңа орталық ретінде Мәскеу қалыптаса бастаған болатын. Мәскеудің маңыздылығын көтеруге көп ықпал еткен мәскеулік князъ Иван І Калита болатын. Ол ханнан ұлыкнязъдық жарлық сатып алу арқылы Мәскеуді басқа князъдыұтар алдында жоғары қойды. Калита немересі Дмитрий Донской тұсында Мәскеу князъдығы күшейіп, әскер санын арттырады. 1380 жылы 8 қыркүйекте Мамай хан бастаған ордалықтар Куликова даласындағы әйгілі шайқаста жеңіліс тапқан болатын. 1395 жылы Ақсақ Темірдің шапқыншылығы нәтижесінде Алтын орда құлатылып, оның орнында Қырым, Астрахан, Қазан және де Сібір хандықтары құрылған болатын.

Иван ІІІ тұсында Мәскеу монғолдарға салық төлеулерін тоқтатты. 1480 жылы Угре өзенінде орыс және орда әскері кездесіп, Ахмат хан соғысқа бармай, кейін шегінеді. Осы оқиғамен Монғол-Татар апаты жылдары өз соңына жетеді.

1497 жылы орыс мемлекетінің заңнамасы - Судебник жарыққа шығады. Василий ІІІ князъ тұсында Литва, Қазан мемлекеттерімен күрес жүргізе отырып, орыс жерлерін біріктіруді аяқтады.

Иван Грозный билігі. Бұлыңғыр кезең. Романдықтар әулетінің билік басына келуі (1533-1682)

Иван ІҮ Грозный тұсында, ең алғаш болып патша титулын иеленуші, Мәскеу мемлекетінің құрамына Қазан және Астрахан хандықтарын біріктіру арқылы Ресейді көпұлтты мемлекет етті. Боярлар вотчиниктардан помещиктерге айналды. Мемлекеттің басты мақсаты ретінде - моңғол-татар шапқыншылығы, Литва, Польша басқыншылықтары кезінде айырылған жерлерді қайтару және оңтүстікте көшпелі тайпалардан қорғану болды. Бұл поместиялық жүйенің дамуына ықпал етіп, дворяндық атты әскер жасақталды. Сондай-ақ отты қарумен қаруланған атқыштық әске жасақталды. Мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге арнайы бүкіл сословиелік Земдік Жиналыстар шақырылды.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың орта шенінде Крепостниктік құқық қалыптасты.

1558-1583 жылдары Ресей Литвамен Балтық теңізіне шығу үшін Ливондық соғысты жүргізіп, сәтсіздікпен аяқталған болатын. Дон, Терека және Орал өзендері бойында бірте-бірте казак ауылдары пайда болып, 1570 жылы Дон казак әскері, 1571 жылы Орал казак әскері, 1577 жылы Тер казак әскері құрылған болатын. 1581 жылы казак атаманы Ермак жорығымен Сібір жерлері игеріледі.

Оңтүстік орыс иеліктері ХҮІ және ХҮІІ ғасырларда көшпелі тайпалар мен қырым татарларының шабуылдауында боды.

ХҮІІ ғасыр басынан Ресейде Бұлыңғырлық кезеңі басталады. Ол жалпыхалықтық күш біріктіру шақырылып, польша интервенттерін талқандап Собор шешімімен Романовтар әулеті билік басына келді(1613 жылдың 21 ақпаны).

Романовтар әулетінің алғашқы өкілі Михаил Федорович тұсында казактар Шығыс Сібірді игеріп, Тынық мұхитына жол ашылды. ХҮІІ ғасырдың орта шеніне қарай орыс елдімекендері Приамур, Охот теңізі жағалауларында, Чукоткада пайда болды. 1654 жылы Украина автономды құқықты мемлекет ретіндке Ресей мемлекеті құрамына енді. Алексей Михайлович тұсында капиталистік қатынастар, сауда дамыған Еуропаның ықпал ете бастауы байқалды.

Әлемде коллонияларды иемденіп үлгерген батыс елдерінің технологиялық, әскери салада артықшылығы байқалды. Ресей бұл сәтте теңіз сауда жолына шығу, әскер мен басқарудың жаңа формасын ойлап табу қажет болды.

Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңеюі (1682-1796)

Петр І елдің ішкі және сыртқы саясатына радикалды жаңа өзгерістер жасады. 1700-1721 жылдар арлығында өткен Солтүстік соғыс нәтижесінде қуатты швд армиясы талқандалып, ХҮІ ғасырда айырылған жерлер қайтарылды.

Осы соғыстағы жеңістен кейін Сенат ұсынысымен 1721 жылдың 22 қазанында Петр І қабылдауымен Жалпыресейлік император титулы белгіленді. Осы кезден ақпан төңкерісіне дейін бұл титул жалғасып келді:

v Пётр I Алексеевич 1721 -- 1725

v Екатерина I Алексеевна 1725 -- 1727

v Пётр II Алексеевич 1727 -- 1730

v Анна Иоанновна 1730 -- 1740

v Иван VI Антонович 1740 -- 1741

v Елизавета Петровна 1741 -- 1761

v Пётр III Фёдорович 1761 -- 1762

v Екатерина II Алексеевна 1762 -- 1796

v Павел I Петрович 1796 -- 1801

v Александр I Павлович 1801 -- 1825

v Николай I Павлович 1825 -- 1855

v Александр II Николаевич 1855 -- 1881

v Александр III Александрович 1881 -- 1894

v Николай II Александрович 1894 -- 1917

Нева жағасына жаңа портты қала Санкт-Петербург бой көтерген болатын.1712 жылы Ресей астанасы осы қалаға көшірілді.

Петр І реформалары әскерді, басқару саласын, білім жүйесін модернизациялады. Ресейде басшылығы император болатын абсолюттік монархия орнатылды. Императорға тіпті шіркеу де бағынышты болды. Боярлар өз еркіндіктерін толық жоғалтып, дворяндарға айналды. Петр І қайтыс болғаннан ейін двор төңкерістерінің дәуірі басталды.

Елизавета Петровна тұсында билік тұрақтанды. Мәскеу университеті құрылды. Орыс әскерлері Жетіжылдық соғыста (1756-1763) Пруссиялықтарға қарсы сәтті күресті. Ұлы Екатерина тұсында Ресей Түркиямен Қара теңізге шығуға күрес жүргізді. Ең алғаш қағаз ақша қолданысқа енді(ассигнация). Американы игеру басталды.

Ресей ХІХ ғасырдың бірінші жартысынды (1796-1856)

ХҮІІІ ғасырда Ресей Францияға қарсы одаққа кіріп, Наполеон соғыстарына қатысты. Еуропадағы одақтастары жеңілгеннен кейін 1812 жылғы Отан соғысы басталды. Наполеонның мәскеуді алғанына қарамастан соғыс оның жартымиллиондық әскерінің жеңілуімен аяқталды.

1813 жылы Ресей Француз ықпалындағы Германия жерлерін босатып, Парижге кіреді.

Соғыстан кейін Ресейге көтеріліс идеялары ене бастады. Нәтижесінде 1825 жылы декабристердің көтеріліс жасауға деген әрекетімен аяқталды. Көтерілістен шошынған Николай І бүкіл билікті өз қоластына топтастырып, елдің саяси, экономикалық мәдени өмірлерін бақылауға алады.

1853-1856 жылдар аралығында өткен Қырым соғысында Ресей өзінен әскери-техникалық жағынан жоғары батыс елдерінен жеңіліс табады.

ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856-1892)

Александр ІІ тұсында Ресейде крепостниктік прво жойылады. 1860-1870 жылдары елді модернизациялау мақстында реформалар жүргізілді.

Осы кезеңде түрік езгісінен оңтүстік слваяндарды құтқару, жаңа жерлерді иемдену сияқты мақсаттармен 1877-1878 жылдары Түрктермен соғыс жүргізді. Нәтижесінде түрік езгісінен Болгария, Сербия, Черногория мемлекеттері босатылды.

Билік басына келген Алесандр ІІІ самодержавиелік билікті одан әрі тереңдетті. Радикалдар репрессияға ұшырап, революцияға қатыстылар өлім жазасына кесілді.

Халықаралық қатынастарда Александар ІІІ даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге ұмтылды. Мәселен Гаагтағы келісім, Ұлыбританиямен жақындасу(1887), Франциямен жақындасу(1893). Осы арқылы оны Еуропада "бітімгер" деген атпен танитын болды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892-1922)

Ресей тарихының бұл кезеңі жылдам қарқынмен экономиканың дамуымен ерекшеленді. Донец бассейні ауыр өндірістің орталығына айналды. Реформаторлық (кадеттер т.б.) және революциялық ( эсерлер, большевиктер) бағыттағы партиялар пайда болды.

1904-1905 жылдары Ресей империясы Орыс-жапон соғысы мен Қиыр Шығыста ауыр, ұятты жеңіліс тапты.

1905-1907 жылдары экономикалық және саяси өмірге наразы халық революцилар ұйымдастырды.

1914 жылы Ресей І Дүниежүзілі соғысқа кірді. Соғыс нәтижесі 1917 жылғы монархияны ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ресей мемлекетінің тарихы жайлы
Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы
«Ресей және кеңес мемлекетінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы
Ресей Федерациясының тарихы
Монғол мемлекетінің құрылу тарихы
Ғұн мемлекетінің саяси тарихы
Польша мемлекетінің тарихы
Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы
Ресей
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь