Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

  1. Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібінің теориялық негіздері . . . 7Тауарлар мен көлік құралдарын Кеден кодексіндегі кедендік рәсімдеу түсінігі, мазмұны, тәртібі. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау принциптері, нысандары мен тәртібі.
  2. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау механизмін талдау33Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау механизмі (Қызылорда облысы бойынша) .
  3. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру жолдары59Кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын жетілдірудің кейбір аспектілері. Қазақстан Республикасының интеграциялық қауымдастықтарға кіруде кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауға өзгеріс енгізу шаралары.

Қорытынды. . 72

Қолданылған әдебиеттер77

Қосымша

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі экономикалық даму ұлттық экономикалардың елдер арасындағы аймақтық және бірлескен шаруааралық кешенге интеграциялаудың айқын көрінетін тенденциямен, сондай-ақ кең еркін сауда аумағын құруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді айырбастау, қаржылық ресурстардың қозғалуы бойынша халықаралық келісімдер маңыздылығын арттыруға ұмтылумен сипатталады. Материалдық құндылықтар мен қаржы құралдарының айналымын реттейтін жалпыға ортақ ережелері бар қаржы нарығы қалыптасып келеді. Барлық елдерде ұлттық экономика біршама ашық бола келе, әлемдік еңбек бөлінісі мен халықаралық бәсекелестікке қосылуда.

Сыртқы экономикалық байланыстар объективті шартталған болып, экономикалық өсудің ең маңызды факторына айналды. Көптеген елдерде міне осылар ұлттық экономиканың жағдайын анықтайды, және де бұл беталыс болашақта өседі.

Ең серпінді дамитын, сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларына уақтылы қызмет көрсететін кеден қызметі сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік басқару органдары жүйесінде ерекше орын алады. Бұл сыртқы экономикалық байланыстар масштабының кеңеюімен шартталған.

Сонымен қатар «кедендік жүйе» атқаратын қызметтің маңыздылығы - Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсетін табыс бөлігінің ең тұрақты көзі кедендік салықтар мен жиналымдар болып табылады.

Кеден жүйесінің қызметін ұйымдастырудың негізгі элементтері кеден қызметінің тиімді құрылымын және оның органдарын Қазақстан Республикасы аймағында орналастыру нұсқасын таңдау болып табылады.

Кеден органдарының бірыңғай жүйесінің қағидалары «кеден ісін», бірыңғай кеден саясатын, бірыңғай кеден аумағын, бірыңғай кеден заңдылығын, бірыңғай тарифтік реттеу мен оның экономикалық саясат шараларымен үйлесуін ұйымдастыру және жүзеге асыруға негізделген біртекті қағидалармен тығыз байланысты.

Алғашқы кезекте кеден қызметі мемлекеттік шекараны кесіп өтіушілерге бағытталды. Өйткені, алдымен жалпы қоғамның мүддесін, содан кейін әрбір жекелеген азаматтардың, олардың жай-күйі мен қауіпсіздігін қорғауға тиісті болды. КСРО кезінде кеден тек мемлекеттік шекараны кесіп өтушілер үшін ішкі сауда қызметін шектеуді сақтауға, тауарлар мен мүліктерді бақылауды жүзеге асыруға жауапты орган ретінде ғана жұмыс істейтін. Бұл міндет әрқашанда екінші кезекте қалып отыратын.

Бүгінде біз өткенге көз сала отырып, Казақстанның кеден қызметінің қалыптасу кезендеріндегі қиыншылық жылдарды іштей еске аламыз. Алайда, біз сол қиыншылықтарды жеңіп шығып, он жыл ішінде көп тер төктік, зияндар мен табыстар да болды, нәтижесінде жаңа саланы көтеріп, әлемдік деңгейде де өз орнымызды таптық.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Республикасының жас кеден қызметі жылдан жылға өзінің саласын кеңейте отырып, мемлекетіміздің экономикалық мүддесін қорғауға, өзінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға барынша үлесін қосып келеді. Сонымен қатар кеден органдары үшін жоғары білікті кадрлар дайындауға да зор көңіл бөлініп, мыңдаған мамандар тәуелсіз мемлекетіміздің шекарасындағы сенімді калқан болып қалыптасты.

Дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдаған себебім - бұл кеден қызметін ұйымдастыру мен дамытудың негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді ішкі және шекаралық кеден бақылауын жүзеге асырудың тиісті шараларын анықтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тақырып тікелей тауар өндірушілер, жөнелтушілер мен қабылдаушыларға максималды жақын орналасқан кедендік рәсімдеу орындарының жаңа тұжырымдамасын енгізумен тығыз байланысты. Бұл ішкі кедендердің әкелінетін (әкетілетін) тауарлар мен көлік құралдарын жалпы көлемін өңдеудегі үлесін көбейту және шекарадағы өткізу пунктерінің жүктеулілігін азайту жолымен қамтамасыз етіледі.

Кедендік рәсімдеу - бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тұлғалар жүзеге асыратын әрекеттер мен процедуралар жиынтығы.

Сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы сауда ең алдымен заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып өтуімен байланысты. Мұндай тауарлар мен көлік құралдары міндетті түрде кедендік бақылаудан өтеді.

Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілерінде сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесі кеден органдарының атқаратын ролі мен орны анықталып, олардың мақсаттары мен функциялары құрылды.

Кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау кеден органдарының маңызды функцияларының бірі болып табылады. Өйткені кеден органдарының лауазымды тұлғалары тауарлар мен көлік құралдарының құжаттарын, ҚР кеден шекарасы арқылы өткен жүктерді, көліктерді кедендік қарау, тексеруден өткізеді, шектеу шаралары қолданылған тауарлардың өтуін қадағалап отырады, шектеу қойылған тауарлардың шекарадан кіру немесе шығуын тоқтатуды қамтамасыз етеді (есірткі, қару-жарақ, психотроптық заттар) .

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты кедендік саясатты іске асыруда мемлекетіміздің кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүргізудің маңыздылығын ашып қарастыру, жүзеге асыру тәртібін анық көрсету, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау механизмін зерттеу және оны жетілдірудің жолдарын, әдістерін ұсыну болып табылады.

Дипломдық жұмысымның бірінші тарауында ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауда қолданылатын түсініктерді, жүргізу тәртібін, нысандарын ашып көрсетіп, мәселенің нормативтік-құқықтық негізін анықтадым.

Екінші тарауда ҚР кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүргізудегі алатын орнын, негізгі мақсаттары мен міндеттерін, механизмін, атқаратын функцияларын Қызылорда облысының кеден органдары үлгісінде қарастырдым; республика бойынша өткен жылдары істеген қызметінің қорытындыларын талдап, жеткен жетістіктерін кестелер, диаграммалар арқылы көрсеттім; қазіргі кездегі кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын, әдістерін табу қажеттілігін белгіледім.

Үшінші тарау ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын жеңілдету әдістерін, оған кететін уақытты қысқарту және кеден төлемдері мен алымдарын өндіріп алудың ең тиімді жолдарын, жетілдірудің кейбір аспектілерін қарастырады. Сонымен қатар Қазақстанның әр түрлі интеграциялық қауымдастықтарға кіруде, халықаралық келісім-шарттар жасасуға қатысатын елдер арасында кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларын жүргізудің оңайлатылған, жеңілдетілген тәртібін қолдануды енгізу, тауарларды тасымалдау кезінде СЭҚ қатысушыларының қақтығысып қалатын кедендік бөгеттерді жою сияқты мәселелерді шешу үшін шаралар қолдану, ол шаралардың іске асырылуын қадағалап, халықаралық кедендік қызметтесуді жетілдірудің ұсыныстары жасалды.

  1. Тауарлар мен кӨлік құралдарын кеден шекарасы арқылы Өткізу тӘртібінің теориялық негіздері

1. 1. Тауарлар мен көлік құралдарын Кеден кодексіндегі кедендік рәсімдеу түсінігі, мазмұны, тәртібі

Сыртқы экономикалық қызмет және ең алдымен сыртқы сауда елдің кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізуімен тығыз байланысты. Сонымен қатар тауарлар мен көлік құралдары кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудан өткізіледі. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу механизмі мен мәнін түсіну үшін осы процестермен байланысты негізгі терминдер мен түсініктердің мағынасын ескерген жөн:

Қазақстан Республикасының кедендік аймағын құрлық аймағы, аймақтық сулар (теңіз) мен ішкі сулар, оның үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік шельфінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және кеден ісі аймағындағы Қазақстан Республикасының ерекше заңнамасы бар басқа да объектілер құрайды.

Кедендік шекара - бұл Қазақстан Республикасының кедендік аймағының шектерін айқындайтын түзу және оның үстімен өтетін вертикальды кеңістік. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасының, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлерінің шектері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады.

Тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін заттар, соның ішінде ақпарат тасушылар, валюта құндылықтары, электр, жылу және тағы басқа энергия түрлері, көлік құралдары.

Көлік құралдары - халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолданылатын теңіз, ішкі сулар, әуе кемелері, механикалық көлік құралы және де сол көлік құралдарымен бірге тасымалданатын олардың техникалық паспорты немесе техникалық формулярында көрсетілген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтары мен жабдықтары, құятын сиымдылықтардағы жанармай материалдары мен суытатын сұйықтықтар.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу - Қазақстан Республикасының кедендік аймағына кез-келген әдістермен тауарлар мен көлік құралдарын әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан әкету әрекеттерін жүзеге асыру, сонымен қатар халықаралық пошта жөнелтулері, құбыр көлігін және электр тасымалдауын қолдану.

Қазақстандық тауар - Қазақстан Республикасында толықтай жасалған, Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеу шарттарға сәйкес қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аймағына еркін айналым үшін шығарылған, Кеден кодексіне сай мемлекет меншігіне айналған тауар.

Шетелдік тауар - қазақстандық емес тауар.

Тауар тасымалдаушы тұлға - өз атынан немесе басқа бір адамның нұсқауымен сыртқы экономикалық келісім-шарт жасайтын адам; егер Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарды өткізу қазақстандық тұлға сыртқы экономикалық келісім-шартты жасамай жүзеге асырса, кедендік бақылаудан өтіп жатқан тауарды Қазақстан Республикасы аумағында пайдалану және иелену құқығы бар адам болып табылады.

Мәлімдеуші - тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін тұлға немесе тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан мәлімдейтін, ұсынатын өкілді кеден брокері.

Сыртқы экономикалық қызмет немесе сыртқы сауданы жүзеге асыру кезінде пайда болатын жағдайлар, қатынастар мен байланыстардың көптүрлілігі әр түрлі тауарлар, тұлғалардың құқықтық мәртебесін, олардың өзара, мемлекетпен, оның органдарымен, соның ішінде кеден органдарымен қатынасының тәртібін айқындайтын заңдылықтар мен нормативтік актармен реттеледі.

СЭҚ арқасында мемлекеттің бюджетке табыс түсіру, қажетті құрал-жабдықтар, шикізат, материалдар, алдыңғы қатарлы технологиялар мен өз экономикасын қайта құру үшін, халықты қамсыздандыру үшін басқа да тауарларды сатып алу, өз тауарларын экспорттау, өз қызметтерінің басқа да бағыттарымен келістіре отырып өзінің сыртқы саясатын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Сондықтан да мемлекеттің СЭҚ белгіленген тәртіпке сай жүзеге асырылуында қызығушылығы бар.

СЭҚ заңды сақтайтын қатысушылар оны жүзеге асырудың белгіленген тәртібін біле тұра, оны орындап жүруі міндетті. Ең алдымен бұл кедендік бақылау пәні болып табылатын және тауарлар мен көлік құралдарын дұрыс кедендік рәсімдеу үшін қажетті мәселелерге қатысты:

  • шаруашылық субъект ретінде сәйкес мемлекеттік органдарда тіркелу жолымен СЭҚ айналысуға рұқсат алу;
  • тауарды өндіру, сатып алу, сату туралы, тауар айырбастау (бартерлік) операциялар туралы, тасымалдау, тиеу-түсіру, сақтандыру және тауарларды сақтау, сараптаумен, т. с. с. байланысты басқа да операциялар туралы келісім-шарттар, соның ішінде халықаралық контрактілер жасасу;
  • белгілібір тауар түрін импорты немесе экспортына сәйкес лицензиялар, белгілібір тауар санын немесе белгілібір (сандық немесе құндық квоталардың) сомасын әкетуге немесе әкелуге, яғни экономикалық саясат шараларын орындауға рұқсат алу;
  • ТМД СЭҚ ТН сай тауардың атауына, сапасына, санына, жіктелуіне, құнына, оның құрамдық элементтеріне, жеткізу, сақтандыру, тасымалдау және т. с. с. шарттарға қарай бүкіл қажетті мәселелерді көрсететін тауармен бірге жүретін, көліктік және тағы басқа құжаттарды рәсімдеу;
  • тиісті салықтар, кедендік баждар мен жиналымдарды төлеу немесе оның кепілдігін ұсыну;
  • тауарлар мен құжаттарды келісілген жерге және уақытында жеткізу;
  • кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру үшін кеден органдарына тауарларды мәлімдеу;
  • тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына немесе кедендік бақылау аймағының басқа орындарына, сол кезеңдегі сақтау, тасымалдау, айналым және т. с. с. орындарға орналастыру;
  • тауаларды еркін айналымға шығарғаннан кейін немесе басқа кедендік режимге орналастырғаннан кейін тауарларды билік ету және т. с. с.

Кедендік режим - бұл Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не оның шекарасынан тыс жерде тасымалдау, қолдану мақсатына байланысты тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден ісі аймағындағы мәртебесін айқындайтын Кеден кодексінде белгіленген нормалар жиынтығы.

Белгіленген тәртіпті орындаған кезде тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасынан кедергісіз өте алады.

Бірақ тәжірибе көрсеткендей, СЭҚ жүзеге асыру тәртібіне қатысты мемлекет белгілеген талаптарын адал орындауға СЭҚ қатысушыларының көбісі ұмтылғанымен, олардың бір бөлігі әдейі немесе білмегендікпен қателіктер жіберіп, нормалар мен ережелерді орындамайды. Бұл республикалық кірістерді жоғалтуға, кеден органдары мен басқа да республикалық ведомстволар жұмысының ұйымдаспаушылығына және т. б. әкеліп соғады.

Мемлекет сыртқы, ішкі, экономикалық, қаржы, салық, сыртқы сауда, кедендік, әскери саясатты, сондай-ақ мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа қауіпсіздік түрін қамтамасыз ету аймағындағы саясатты жүзеге асыруға ұмтылғандықтан, ол кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын кеден органдарының көмегімен СЭҚ барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау ғана емес, оларға жүктелген міндеттерді адал орындауын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

Кедендік рәсімдеу - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тұлғалар жүзеге асыратын әрекеттер мен процедуралар жиынтығы1.

Кедендік рәсімдеу СЭҚ қатысушыларының барлық тауарлар мен көлік құралдарын міндетті түрде мәлімдеу (кеден органдарына мәліметтерді ұсыну) туралы заңдылығының талаптарын орындауға негізделеді. Мәлімдеу ауызша, электрондық немесе жазбаша түрдегі кедендік мәлімдемесін, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау үшін қажетті басқа да құжаттар мен мәліметтерді ұсыну болып табылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу, әкету және транзиті кезінде мәлімдеушілердің әр түрлі жағдайлармен қақтығысуына байланысты нысаны, мазмұны, уақыт аралығы және т. б. бойынша, соның ішінде мәлімдеуші таңдаған кедендік режим түріне байланысты мәлімдеу процесінің қатты өзгешілігі болуы мүмкін. Сәйкесінше кедендік рәсімдеу процесі де әрбір нақты жағдайда ерекше болады, бірақ та жалпы алғанда оның маңызы өзгермей қалады - тауар жөнінде мәліметтерді, оны кеден шекарасы арқылы өткізу туралы қабылданған шешімдерді, оны әрі қарай бақылау процедурасы немесе еркін айналымға шығаруды құжаттық бекіту.

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу мына әрекеттерді қамтиды:

  • мәлімдеушіден ауызша арызды алу және оны бекіту, тауарлар мен көлік құралдарының кедендік мақсаттар үшін қажетті барлық өлшемдері мен оларды тасымалдау (көліктік, тауармен қоса жүретін, басқа да коммерциялық құжаттар, жүк кеден мәлімдемесі немесе қысқаша мәлімдеме), оларды қолданудың мәлімдеуші таңдаған кедендік режим жөнінде мәліметтері бар құжатарды не олардың электрондық көшірмесінің есебін жүргізу мен тіркеу;
  • әрбір кедендік режим үшін белгіленген тәртіпке сай белгілібір мәліметтерді кедендік мәлімдемеге және басқа да құжаттарға енгізу, сол мәліметтерді кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және оның жеке нөмірлік мөрімен бекіту;
  • түрлі құжаттарды құру (жеткізуді бақылау құжаттары және т. б. ) ;
  • қабылдауды рәсімдеу, тауарлады УСҚ әкелу мен берудің есебін жүргізу;
  • тауарлар мен көлік құралдарын УСҚ уақытша сақтауы кезінде сынамалар мен үлгілерді алу туралы құжаттарды рәсімдеу;
  • тауарлар мен көлік құралдарына қатысты шешімдерді қабылдау және оларды бекіту;
  • тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді аяқтау фактісін құжаттарда растау.

Кедендiк рәсiмдеудiң тәртiбi. Кедендiк рәсiмдеу процедурасы алдын-ала операциялар мен негiзгi кедендiк рәсiмдеуден тұрады2.

Алдын-ала операциялар. Алдын-ала операциялардың мақсаты тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi кедендiк рәсiмдеудi тездету және оларды белгiлi бiр режимге орналастыруды жеңiлдету болып табылады.

Алдын-ала кедендiк рәсiмдеу кезiнде лауазымды тұлғалар:

- Қазақстан Республикасы кедендiк аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелу кезiнде кеден шекарасынан өтуi туралы хабарламаны қабылдайды;

- Қазақстан Республикасы кедендiк аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуi туралы хабарламаны қабылдайды;

- кедендiк бақылаумен тауарларды жеткiзу ережелерiне сай тауарларды жеткiзудi рәсiмдейді;

- тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзу орнынан келуi жөнiнде хабарламаны қабылдайды;

- тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыруды рәсiмдейді және оны бақылайды;

- қысқаша декларацияны қабылдайды;

- тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алады;

- тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнында, уақытша сақтау қоймасында орналасу шарттарының сақталуын бақылау және есебiн жүргiзуi;

- негiзгi кедендiк рәсiмдеудi жүзеге асырушы лауазымды тұлғаларға рәсiмделген құжаттар мен мәлiметтердi бередi.

Тауарларды автомобильдi көлiкпен әкелу кезiнде шекаралық және көлiктiк бақылауды жүзеге асырғаннан кейiн және тасымалдаушының Қазақстан Республиканың кеден шекарасынан өтуі жөнiнде хабар бергенiнен кейiн алдын-ала операцияларға жататын бiрқатар қажеттi iс-әрекет iске асырылады:

- кедендiк мақсатта қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының шекарасында тексеру мен рәсiмдеу;

- Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес тауарларды әкелуге рұқсат (лицензия) бойынша жүзеге асырылатын болмаса және оны шекарада ұсыну қажет болмаса, Қазақстан Республикасына сондай тауарларды әкелуге рұқсаттарды (лицензияларды) ұсыну;

- кеден органы қызметкерiнiң тауар жеткiзу құжаттарында белгiлер қою арқылы әрбiр көлiк құралда тасымалданатын әр тауардың атауын, салмағын, көлемiн, фактуралық құнын бекiту;

- көлiк құралдарын тексерiп қарау, ал кейбiр жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексеру;

- кедендiк бақылау үшiн қажеттi тауар мен көлiк құралдарының жүк және басқа да операциялары;

- Қазақстан Республикасының кеден заңдылығында белгiленген тәртiпке сай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу.

Негiзгi кедендiк рәсiмдеу. Негiзгi кедендiк рәсiмдеудiң мақсаты тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр режимге орналастыру, сол режим талаптарына сәйкес тауарларды шығару және сол режимнiң әрекет етуiн аяқтау болып табылады.

Кедендiк режимдi мәлiмдеу үшiн ақырғы мерзiм - тауарлардың келуi туралы хабарламаны қабылдау мезетiнен 15 күн ішінде.

Негiзгi кедендiк рәсiмдеу тауар қабылдаушы және жiберушiсi тiркелген кеденде, я болмаса әрекет ету аймағының кеденi рұқсатымен басқа да жерлерде жүзеге асырылады. Негiзгi кедендiк рәсiмдеу кезiнде тауар кедендiк бақылау аймағында орналасуы қажет.

Тауарлар мен көлік құралдарының негiзгi кедендiк рәсiмделуі бес кезеңдi қамтиды (схема 1) :

  1. Кедендiк декларацияларды қабылдау, тiркеу және есебiн жүргiзу кезеңi.
  2. ТМД СЭҚ ТН сай тауар кодын және шығу елiн анықтау дұрыстығын, сондай-ақ бейтарифтiк реттеу шараларының орындалуын бақылау кезеңi.
  3. Валюталық бақылау мен кеден құнын бақылау кезеңi.
  4. Кеден төлемдерiн бақылау кезеңi.
  5. Тексеру және шығару кезеңi.

Схема 1. Негізгі кедендік рәсімдеудің кезеңдері.

1-кезең. Кедендiк декрацияларды қабылдау, тiркеу және есебiн жүргiзу. Кедендiк декларацияларды қабылдау, тiркеу және есебiн жүргiзу кезеңiнде кедендiк декларация мен ҚР кеден органына мiндеттi түрде ұсынылуға тиiстi басқа да құжаттарды, сондай-ақ кедендiк декларацияның электронды көшiрмесiн қабылдау, кедендiк декларация мен оның электронды көшiрмесiнiң жалпы тексерілуi мен оған нөмiрдi бекiту жүзеге асырылады.

2-кезең. Тауарлардың кодын анықтау дұрыстығы мен бейтарифтiк реттеу шараларының орындалуын бақылау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға қазақстан республикасы)
Республикасының кеден аумағына әкелінуі
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Кеден органдарындағы кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің теориялық аспектілері
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу, төлеу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz