Тонау қылмыстарын тергеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
«Тонау қылмыстарын тергеу» деген тақырыпта диплом жұмысына берілген
Пікір
Бұл жұмыс маңызды тақырыпта жоспарға қатысты жазылған. Қарастыруға тиісті негізгі сұрақтарды қамтыған. Ұсынылған әдебиеттерді дұрыс қолданған және түсінікті тілде жазылған.
Диплом жұмысын қорғауға жіберуге болады.
«Тонау қылмыстарын тергеу» атты
тақырыпқа жазылған диплом
жұмысына берілген
РЕЦЕНЗИЯ
Диплом жұмысында тонау қылмыстарын тергеуге байланысты тонауды тергеудің жалпы мәселелері, қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамалары мен тергеуші мен анықтау органдары арасындағы байланыс, сараптама тағайындау сияқты атқарылуға тиісті негізгі жұмыстар нақты мәліметтермен анықталып көрсетілген.
Тонау қылмыстарын тергеу барысында тергеушінің атқаруына тиісті жұмыстар қатары көрсетілуімен бірге оның өкілеттілігінің шектері мен құқықтарына байланысты мәліметтер анықталған.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі төрт тараудан және қортындыдан тұрады.
Жұмыста тонау қылмыстарын тергеуге байланысты жүргізілетін оқиға болған жерді қарау, күдіктіні ұстау, жеке тінтуді жүргізу мен жауап алу сараптама тағайындау, тонау әрекеттеріне байланысты атқарылатын басқа да тергеу жұмыстарының ұйымдастырылуымен жүргізілуінің нақты жағдайлары ғылыми негізделген әдістер бойынша ашып көрсетілген.
Диплом жұмысының жоспары дұрыс құрылған, жұмыс жоспары бойынша жазыла отырып, нақты мысалдар келтіру арқылы толықтырылған. Сонымен қатар жұмыста кемшіліктер де бар:
1) Тонау қылмыстарын тергеу барысында аткарылуға тиіс оқиға болған жерді қарау жұмыстары қатары өз ретімен көрсетілмеген.
2) Жұмысты редакциялау кезінде орфографиялық және грамматикалық қателіктер жіберген.
Диплом жұмысы берілген тәртіпке сай жазылған, қанағаттанарлық.
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы «Тонау қылмыстарын тергеу» тақырыбы бойынша дайындалған.
Жұмыста қолданылатын негізгі сөздер: тонау, тергеу әдістері, криминалистикалық сипаттама, өзара байланыс, жауап алу, оқиға болған жерді қарау, жоспарлау, болжам, сараптама.
Жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден-әдебиеттер саны 33 тұрады.
Жұмыс көлемі 56 бет.
Жұмыста азаматтар мен ұйымдардың мүліктік құқығына нұсқан келтіретін тонау әрекеттерін тергеу әдістеріне байланысты сұрақтар қаралады.
Жұмыста негізінен қылмыстың осы түріне байланысты қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері, тергеуші мен анықтау органдары арасындағы өзара байланыс және тонаудың криминалистикалық сипаттамасына қатысты мәселелерге жауап беріледі. Жұмыста оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіні куәландыру, жәбірленушіден жауап алу, куәлар, күдікті, түрлі сараптама тағайындау, басқа да тергеу жұмыстары әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері, сонымен қатар, іске қатысты болжамдар ұсыну мен тергеуді жоспарлаудың негізгі жағдайларына байланысты мәселелерге жауап беріледі.
Жұмыста тергеу практикасы материалдары қолданылды.
М А 3 М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
I ТАРАУ. ТОНАУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. 1 Тонаудың қылмыстық - құқықтық және криминалистикалық
сипаттамасы . . . 5
1. 2 Қылмыстық іс қозғау және дәлелдеуге қажетті жағдайлар . . . 8
1. 3 Тергеуші мен анықтау органдары арасындағы байланыс . . . 11
II ТАРАУ. ТЕРГЕУДІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ.
2. 1 Оқиға болған жерді қарау . . . 15
2. 2 Жәбірленушіден жауап алу мен куәландыру . . . 19
2. 3 Куәлардан жауап алу . . . 23
III ТАРАУ. ІС БОЙЫНША ОДАН ӘРІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫ.
3. 1 Іс бойынша болжамдар құру және тергеуді жоспарлау . . . 26
3. 2 Күдіктіні ұстау, жеке тінту және жауап алу . . . 27
3. 3 Сараптама тағайындау . . . 29
3. 4 Басқа да тергеу әрекеттері . . . 32
ІҮ ТАРАУ. ТОНАУ ЖӘНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУ
4. 1 Тонау және қарақшылық қылмыстарын жүргізу кезіндегі шешілетін жалпы мәселелер . . . 36
4. 2 Алғашқы тергеу әрекеті және іздестіру шаралары . . . 42
4. 3 Тонау және қарақшылық қылмыстарын болдырмауда тергеуішінің қолданатын шаралары . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 55
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең құнды байлығы ретінде көрсетілген. Осы байлыққа қарсы жасалатын кез-келген қылмысқа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары, тергеу жұмыстары т. б құқық қорғау қызметінің өзекті мәселесі ретінде қарастырыла отырып, өте жоғары мамандандырылған дәреже жүзеге асырылуға тиіс.
Алайда, осы бағытта жүргізілетін жұмыстар бойынша жоғары нәтижелерге жетуді құқық қорғау органдары жұмысының аса жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылуы мен қажетті және жоғарғы талаптарға жауап беретін құқықтық негізісіз қабылдау мүмкін емес. Соңғы жылдары осы мәселелерге байланысты көптеген шешуші қадамдар жасалды. Оған дәлел 1998 жылдың 1-қаңтарынан пайдалануға мүмкіндік алған жаңадан қабылданған Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі және тергеу аппаратының қайта құрылуы, соттық сараптама органдарының жұмыстарындағы өзгерістер.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты халыққа арнауында мемлекет алдында тұрған стратегиялық бағыттың өзекті мәселесі ретінде:
«Құқық қорғау органдары мен соттық билік реформасын жандандыра жүргізу;
- заңның шын мәніндегі бірден-бір биіктігі мен заңды бұлжытпай орындаушы азаматтарды қылмыскерлерден қорғау, керісінше билік пен заңның барлық күшін заңсыз жолмен жасалған молшылықта өмір сүрушілерге қарсы қолдану қажеттігі». (7, 51-52 бет) .
Қазіргі кездегі Қазақстанда жасалатын криминалды әрекеттер қатарында жиі кездесетін бірден-бір қылмыс түрі-тонаушылық әрекеттері. Соңғы жылдары тонау қылмыстары санының күрт өсуі мен көп жағдайда қылмыстың ашылмай қалуы жағдайлары, тонауды тергеу мен ашуға байланысты мәселелердің басты назарда болуына мегзейді. Барлық тонау қылмыстарының түгелге дерлігін, тіпті барлығын ашу тергеу жұмысындағы аса көргендік пен жоғары дәрежесін талап етеді. Осы талаптарға жауап беретін яғни, тергеу және жедел-іздестіру органдары жұмысшыларының біліктілігі дәрежесін арттыру мен түрлі қылмыстың жасалу практикасын оқып үйрететін және олармен күрес әдістері, пайдаланылатын табиғи-техникалық және гуманитарлық ғылымдар негізінде жасалып, сарапталатын әдістер мен алдын алу, қылмыстарды ашу шараларын оқытушы бірден-бір сала криминалистика. Қылмыстылық әлеміндегі тонаушылықтың өсуі, оны тергеу мен толық ашу жұмыстарындағы қиындықтар, осыларға байланысты туындаған тонауды ашу әдістері мен тергеуді терең оқып үйренуге деген құштарлық менің бітіру жұмысын осы тақырыпта жазуыма себепкер болды.
Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бір қылмыстың алдын алу және қылмысты ерекеттерді жою болып табылады, сол үшін барша құқық қорғау орғандары біріге отырып жұмыс жүргізеді, күреседі. Алайда кейбір жекелей қылмыстар бүгінгі күні өрши түсуде, осы қылмыстарды болдырмау үшін прокуратура, сот, ішкі істер орғандарын техникалық құралдармен, қазіргі заманға сай алуан түрлі компьютерлі техникамен қамтамасыз ету керек. Соңғы кезде түрлі заңдар қабылданып, бұл заңдар әлі өзінің толығынан өз орнын таба алмай отыр. Бүгінде заң орғандарының жауапкершілігін арттыру керек. Барлық шыққан заңдар қандай да болмасын қылмыстармен күресу үшін қажет. Адамдар бостандығы заңмен қорғалады, ешқандай заңды бұзған құқық бұзушы жауапкершіліктен құтылмау керек.
Азаматтардың жеке меншігіне денсаулығына қарсы қылмыстар қауіпті қылмыстар қатарына жатады. Аса қауіпті қылмыстар қатарына тонау және қарақшылық қылмыстарын айтамыз, олар азамат мүлкін алумен қатар, азамат денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді.
Практикада көбіне тонау және қарақшылық қылмыстағы бойынша өз уақытында алғашқы қылмысты іс қозғалмайды, дұрыс тергеу әрекеті жүргізілмейді, осыған орай оларды ашуға мүмкіндік қиынға түседі. Жоғарылардың негізінде айтайын дегенім қазіргі нарық ырқына көшу кезеңінде біздің егеменді еліміз Қазақстан мемлекетінде, өзге көршілес тәуелсіз мемлекеттердегідей қиыншлықтар көптеп кездесуде. Экономикалық дағдарыс барысында көптеген түрлі бұрындары естіп білмеген қылмыстарды естудеміз. Экономикалық қылмыстар көбеймесе, азаяр түрі жоқ. Рэкет атаулы өмірі естімеген қылмыс бүгінгі күні теледидар, радио, баспасөз беттерінен естіп оқып, көріп жүрміз. Осы қылмыстар сияқты қылмыстардың бірі жіңіл жолмен пайда табу кезін ойлаған азаматтардың мүлкін тонау болып отыр.
Көбіне бұл қылмыстарды жасаушылар жастар екендігін айтқым келеді, осы атап айтқан қылмыстарды болдырмау шараларының бірі қылмыстың алдын алу, түрлі насихаттар жүргізу, қылмыс болған жағдайда оқиға болған жерге дер уақытында жетіп, қылмыс ізін суытпай тұрып, шұғыл оперативті шараларды жүргізіп, дер кезінде қылмысты ашу болып табылады.
Аталған қылмыстарды ашу барысында оқиға болған жерді қарау, іздер, аяқ киім іздері, айғақты заттарды алу, жәбірленуші мен куәлардан жауап алу қылмыстың ашылуына зор үлесін тигізеді.
Кіріспе сөзімді аяқтай отырып "Тонау және қарақшылық қылмыстары бойыша тергеу әрекетін жүргізу" тақырыбы бойынша менің бітіру жұмысым төрт тарау және қорытындыдан тұратындығын айтқым келеді.
Жұмысты жазуда осы тақырыпқа байланысты арнайы материалдар мен нормативтік актілер қолданылды. Сонымен қатар Алматы қаласы Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасының тергеу практикасы материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар қазіргі кезде қолдануға ұсынылған профессор Р. Сапарғалиевтің "Заң терминдерінің түсінігі" Алматы -1995 жыл, доцент А. Ибраеваның "Заң терминдерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі" Алматы -1996 жыл, доцент М. Ш. Жүзбаевтің "Қылмыстың күн бойынша альбом-схемасы" Алматы -1996 жыл, доцент Р. Орынбаевтің "Қылмыстың арнаулы субьектісі" Алматы -1977 ж. сияқты еңбектері пайдаланылды.
I ТАРАУ. ТОНАУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. 1 Тонаудың қылмыстық - құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 178- бабына байланысты тонаудың ұрлықтан айырмашылығы «бөтен мүлікті ашық ұрлау» екендігі көрсетіледі.
Тонау, яғни, мүлікті ашық ұрлау дегеніміз - мүлік біреулердің күзетінде болғанда болмаса, мүлікті иеленушінің көзінше ұрласа немесе басқа азаматтардың қатысында, яғни, кінәлінің әрекетінің қылмыстылығын дәлелдеп беретін болса.
Мүлікті ашық тонау кінәлінің аса қауіптілігін немесе асқан жауыздығын дәлелдейді.
Сондықтан тонау ұрлыққа қарағанда қатаң жазаланады.
Енді тонау мен қарақшылықтың арасындағы айырмашылыққа тоқталайық.
Тонау ашық түрдегі ұрлық бола отырып, мемлекеттің, қоғамның немесе азаматтардың жеке мүлкін еркін пайдалануымен немесе өзінің қалауынша иелік етуімен, аяқталған болып есептеледі. Тонаудың өзіне тән белгісі (күдікті) кінәлінің мемлекеттің, қоғамың немесе азаматтардың жеке мүлкін жәбірленушінің өміріне қауіп төндірілмейтіндей күш қолдануы арқылы иеленуі.
Қарақшылық-бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. (ҚРҚК 179-бап. )
Қарақшылық ұрлықтың бір түрі бола отырып, адамның өмірі мен денсаулығы сияқты объектілерге де қол сұғушылық болып табылады.
Қарақшылықта күш көрсету мемлекеттің, қоғамның, жеке азаматтардың мүлкін иелену құралы бола отырып, уақытқа байланысты мүлікке иелік етумен ұштасады. Осындай ерекшеліктерін басшылыққа отырып, сонымен қатар жеке азаматтардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында қарақшылық әрекетті, қылмыскердің жәбірленуші жақтарға келтірген нақты залалы бар ма, осыларға қарамастан объектіге шабуыл жасаған кезінен аяқталған қылмыс ретінде қарайды.
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының қылмыстық-құқықтық сипаттамасынан айырмашылығы қылмыстың жалпы түсінігіне сырттай ғана қатысты болмайтындығы
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы тек қылмыстың жалпы ұғымымен емес, белгілі уақыт аралығыда белгілі бір аймақта немесе белгілі бір мемлекетте, елге жасалған қылмысты толық оқу мен іске байланысты материалдарды барынша байыту және түрлі қылмыстың өзіне тән түрлі белгілерін криминалистикалық ерешеліктері бойынша саралау» (21, 365 бет)
Қазіргі кезеңдегі қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын оқып үйрену негізі 60-жылдардың соңынан бастап дамыды. Криминалистикалық сипаттаманың ең алғашқы анықтамасы «қылмыстың жекеленген түрлерінің ерекшеліктері (криминалистикалық сипатқа ие), яғни ғылыми нұсқауларды құрастыру мен тергеу практикасының мазмұндылығы үшін» (35, 437 бет) қажет деп тапқан Л. А. Сергеевтің тұжырымынан басталады.
Мұндай нұсқаулардың одан әрі дамуы көптеген ғалым-криминалистердің жұмыстарында жалғасын тапты. Осындай жұмыстардың арасында біздің көзқарасымызша толыққанды, нақты болып табылатын анықтама Г. А. Мозговых берген анықтамасы: «Бұл - қылмыстың белгілі бір түрін сипаттайтын, Бұларды білу белгілі бір түрге жататын қылмысты нақты тергеу мен оны табысты ашу үшін қажетті алғы шарттардың жиынтығы» (26, 124 бет)
Осындай криминалистикалық маңызға ие белгілер мен ерекшеліктер тонауға байланысты айтылғанда ең алдымен мынандай мәселелерге тоқталу қажет. Тонауды жиі жасайтындар негізінен 16 мен 30 жас арасындағы азаматтар.
Статистика көрсеткеніндей тонаудың 90 пайызы азаматтардың жеке мүлкін пайдаланып кету мақсатында жасалады да, ал 10 пайызы мемлекеттің және қоғамның мүлкін пайдалану мақсатында жасалады. Мемлекеттің және қоғамның мүлкіне қол сұғу сирек кездеседі. Алайда бұл қылмыстар (әдетте) 2-3 адам қатысатын, сирек те болса 4 адам қатысып, алдын-ала мұқият дайындалған ұйымдасқан топтармен жасалады. Мұндай топтардың басшылары көбінесе бұрын сотталған адамдар болып келеді. Жасалған барлық тонау қылмыстарын, жасалған орыны бойынша топтарға бөлуге болады.
Бірінші топқа көшеде тонаушылық жатады. Бұлар қаралуға тиіс тонау әрекеттерінің басым бөлігін құрайды, әдетте кешкісін, түнгі уақытта, нашар жарықтандырылған көшелер мен елсіз аймақтарда, демалыс орындарында жасалады.
Тонауға ұшырайтын құралдар қымбат және зәру заттар, әдетте адамдар тағынатын, ақша, ұсақ-түйек күнделікті керек заттар. Тонаудың негізгі әдістері: қорқыту, ұрып-соғу, бас киімді шешіп алу, сөмкені жұлып кету болып табылады. Мұндай әрекеттер әдетте жәбірленуші қорғанышсыз болғанда немесе мас болғанда жасалады.
Өзіне ыңғайлы деп тапқан адамды кездестіргенде қылмыскерлер оны қуып жетіп қоршап алады. Содан соң қорқытып немесе ұрып-соғып заттарын алып кетеді. (23, 433-434 бет)
Осындай оқиғалар қатарында қылмыскер өзі таңдаған адамға көбінесе жақсы әсер бере отырып әрекет жасайды. Мысалы: уақытты сұрайды, қаланың бір жақтарын сұрауы немесе шылымды тұтатуға оттық сұрауы мүмкін т. б.
Мысалы, азамат Н. Умуров өзінің досы Марат пен Құрманбекпен бірге Алматы қаласындағы «Мерей» бірлестігінің қасында өтіп бара жатқан азамат Ә. И. Цайзерден оттық беруін өтінеді. Ол тоқтағанда олар жақындап келіп, оны қорқытып үстіндегі күртешесі мен жылы кеудешесін шешіп алған.
Тонаудың екінші тобына автокөлік жүргізушілері мен таксистерді тонау жатады.
Тонаудың бұл түрінің үлесі көп емес, алайда көлік иелеріне көрсетілетін күш қолдану мен материалдық шығын үлкендігі және автокөлік авариясының қауіптілігі тонаудың бұл түрінің қауіптілігінің дәлелі. Тонаудың бұл түрі әдетте түнде және арнайы топтармен жасалады. Қылмыскерлер өз көліктерінде немесе ұрланған көлікте отырып өз қылмыстарын жасауға қажетті жағдай туғанда жәбірленушінің бағалы затын күш қолданып, болмаса онсыз тартып алып, қашып кетеді.
Тонаудың үшінші тобына тұрғын үйге басып кіру жатады. Мұндай қылмыстың 4/3-і ұйымдасқан топтармен жасалады. Мұндай жағдайларда тонауға ұшырайтын құралдар: антиквариаттар, көп мәлшердегі ақша, бағалы заттар т. б
Қылмыскерлер пәтерлерге қоңырау береді егер ешкім жауап қатпаса, есікті сындырып ішке енеді де тонайды, егер есікті кәрі адамдар немесе балалар ашса оларды ұрып-соғып, байлап керек заттарын ұрлап кетеді.
Мұндай қылмыстар әдетте күндіз, мейрам күндері, яғни тұрғындар пәтерлерінде болмаған мезгілде, болмаса көршілер мен балалар ғана болғанда жасалады. Пәтерлерді тонауда қылмыскерлер көбінесе аяқ астынан әрекет етуге тырысады.
Пәтерлерді тонауға әрекет еткенде қылмыскерлер ішке енуге кедергі болмау үшін көбінесе өздерін үй басқармасы қызметкерлері, пошта, су құбырлары, жәбірленушілермен таныс, бірге жұмыс істейтін адамдар ретінде көрсетеді. Көп жағдайда пәтер тонаушылар өздерінің сыртқы пішіндерін өзгертеді. (қара көзілдіріктер, жасанды шаштар, мұрт, сақал т. б) Өйткені куәгерлер мен жәбірленушілер өздерінінің түстерін анық білмеуі үшін. Қылмыс жасауда уақытқа байланысты дәлелдер қызығушылық тудырады. «А. Я. Целищеваның жұмысындағы «тонау негізінен кешкісін (18 сағаттан 24 дейін) -67% шамасында, күндіз (12-16 сағ) аралығында 20%, түнде (00-06 сағ ) -10%, ертеңгілік уақытта (6-12 сағ) 5%, көп емес» деген деректер келтірілген.
Тонауда жәбірленушілер арасында белгілі бір шектеу болмаған. Алайда қылмыскерлер көбінесе әйелдер мен балаларға, кәрілерге және мас күйіндегілерге шабуыл жасайды.
Тонауда жәбірленушілердің төртінші тобын қоғамның бай адамдары құрайды. Оның ішінде көп мәлшердегі ақша иелері, қымбат, бағалы заттарды иеленушілер, валюта иелері. Көп жағдайда олар өздерінің мінездерімен, әрекеттерімен қылмыскерлер назарын өздеріне аударады. Мысалы баға үшін саудаласпайды, үлкен купондармен есеп айырысады, қалың әмиандарын қалталарынан шығарады, қымбат заттар сатып алады т. б.
Мемлекеттің, қоғамның, жеке меншік комерциялық күзетпелі объектілерді тонауда әдетте жәбірленушінің жеке басшының жағдайы ешқандай роль атқармайды. Бұл жағдайда қол сұғуға бағытталған объектінің мүліктік жағдайы мен мүлік күзетінің қаншалықты мықты екендігі қылмыскермен анықталады да осы жағдайлар ескеріле отырып тонау жүзеге асырылады.
Тонауға байланысты іс жүргізуде анықталуға тиіс жағдайлар:
1. Мүлікті иелену мақсатында күш қолдану, қорқыту жағдайлары орын алды ма;
2. Қылмыс құрамы бар ма, болса қандай-тонау, қарақшылық, бандитизм т. б;
3. Шабуыл жасау қай жерде болды: көшеде, пәтерде, автокөлікте, аулада т. б;
4. Шабуыл қашан жасалды (күніз, тәулік уақыты) ;
5. Кімге шабуыл жасалды, кімге күш, қорқыту көрсетілді, сонымен қатар қандай мүлікке (мемлекттік, қоғамдық, азаматтық мүлкіне) ;
6. Қандай құралдың, сайманның көмегімен жасалды;
7. Шабуылды кім жасады, күш көрсетті ме, болмаса күш қолданам деп қорқытты ма;
8. Әрекетті тонау деп табуға қандай нақты жағдайлар, белгілер дәлел;
9. Осы қалада, ауылда, ауданда тонауға жағдай жасаушы себептер мен жағдайлар;
10. Тонаудың алдын алу мен жоюдың қандай профилактикалық шараларын қолдануға болады.
«Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы-қылмысты тергеудің жеке-дербес саласы бола отырып, » - Г. А. Морозовыхтың атап көрсеткеніндей: «дәлелдеу пәніне байланысты - қызметтік роль атқарады» (26. 125 бет)
Криминалистиканың жалпыланып дәлелденгені, нақтыланған белгілері мен алдыңғы жасалған және сәтті ашылған істердің ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, тергеуші ғылыми-негізделген болжамдар негізінде іске байланысты барлық жағдайлар мен дәлелдеу пәніне кіретін және әрекеттің нақты болғандығын сипаттайтын өз болжамын ұсынады.
1. 2 Қылмыстық іс қозғау және дәлелдеуге қажетті жағдайлар.
Тонауға байланысты қылмыстық іс-істі қозғауға қажетті нақты негіздер мен жағдайлар болғанда қозғалады.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 177- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау негізіне жататындар:
1. азаматтардың арызы:
2. кінәсін мойындап келу:
3. мемлекет органы лауазымды адамының немесе ұйымдардың басқару функциясы қызметкерінің хабарламасы бойынша:
4. жаппай хабарлау құралдарының хабарламасы бойынша:
5. қылмыстық іс қозғауға құқылы органдардың, лауазымды адамдардың қылмыстық іс қозғауға негіз болатын бірден-бір айғақ табуы.
Қылмыстық іс қозғаудың негізіне-қылмыс белгілерін нақты көрсетуші, жеткілікті дәлелдер жатады.
«Қылмыстық іс қозғау туралы сұрақты дұрыс шешу үшін қылмыстың жасалғандығы фактісінің айқындығы, оның үстіне қылмысты кең көлемде зерттеу емес, қылмыс белгілерің бар-жоқтығын анықтау, яғни, қылмыстың жасалу мүмкіндігі негізге алынады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстық іс қозғау сатысында алдын ала тергеу жүргізу үшін қажетті негіздердің барлығы анықталады, алайда мұның өзі істің басқа сатыда қаралуына негіз болмауы мүмкін» (33, 11 бет)
Қылмыстық іс-іске байланысты материалдарда қылмыстың белгілері байқалғанда-ақ қозғалуға тиіс, ал іс бойынша жағдайлардың өрбуі мен жалғасуы, салдары бұған әсер етпейді.
Дер кезінде қозғалған қылмыстық іс тергеушінің іске байланысты тергеу жұмыстарын нақты дәлелдермен толықтыруына, кінәлілерді табуына, сонымен қатар қылмыс ізінің жойылуы және қылмысқа қатысты жағдайлардың өзгертілуіне жол бермейді. Қылмысты ашудың сәттілігі тікелей-қылмыстық істің дер кезінде қозғалуына байланысты.
ҚР ҚІЖК-нің 177-190 баптарында қылмыстық іс жүргізудің реті мен оның негіздері, арызды қарау мен оның мерзімдері, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық әрекет, хабарламалар және қылмыстық із кесу органдарының оларды тіркеу, қарау және тергеу мен осыларға байланысты сәйкестендірілген қылмыстық іс жүргізу шешімін бекіту мәселелері толық көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz