Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары



ЖОСПАР
1. Философия, оның пәні және қоғамдағы рөлі.
2. Дүниетаным, оның қоғамдық тарихи сипаты. Дүниетанымның тарихи типтері: миф, дін және философия. Философиялық дүниетанымның ерекшелігі.
3. Философияның негізгі мәселелері. Материализм және идеализм.
4. Философия пәні және функциялары.
5. Философия методология ретінде.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ РЕТІНДЕ.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

ЖОСПАР
1. Философия, оның пәні және қоғамдағы рөлі.
2. Дүниетаным, оның қоғамдық тарихи сипаты. Дүниетанымның тарихи
типтері: миф, дін және философия. Философиялық дүниетанымның ерекшелігі.
3. Философияның негізгі мәселелері. Материализм және идеализм.
4. Философия пәні және функциялары.
5. Философия методология ретінде.
6. Диалектика және метафизика.
7. Философия және ғылым.

1. Философия оның пәні және қоғамдағы рөлі. Философия ғылымы нені
зерттейді? Философия - адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол
біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден
бастап, ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңейген сайын
философияда тереңдей түсті. Философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан
философия басқа ғылымдар сияқты обьектифті факторларға сүйенеді. Басқа
ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия – дін мен
ғылым екеуінің арасында дәнекер дейтін көзқарастар кездеседі. Әрине
философия - өз алдына ғылым. Ол алдымен, дүниетанымдық, теориялық,
методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары -
табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы
заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін
қалыптастырады. Сол мақсатқа жетудеде ол басқа ғылымдар сияқты қоғам
тарихында өз орны бар ғылым ретінде өмір сүреді.
Философия ғылымдарының заңдылықтары басқа ғылымдар заңдылықтарын
жоққа шығармайды.
Бұл гректің екі сөзінен: mifos – аңыз, logos-ілім. Мифологиямен
бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді.
Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін
ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр
нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі
толмады. Ондайларды Пифогордың сөзімен айтқанда философ деп атады. Бұл
гректің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio-сүйемін, sophio-даналық,
екеуі қосылып философия деген сөзді туғызады). Арабтар бұл сөзді тіліне
жеңілдетіп фәлсафа деп атаған. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік
позиция, іс-әрекет.
Адам санасын оятуда мифлогияның да рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол
зерек адамдардың даналық қиялымен дүниеге келіп, одан әрі ізденіс жасауына
түрткі болды. Егер мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын
бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерделеу,
сын көзбен қарау, талдау негінде дүниеге келді. Философия барлық
ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп
атаған. Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы
ретінде бой көрсетті. Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат
жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп
атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика
(гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos –мән туралы
ілім), гносеология (гр, gnosis – таным туралы ілім), аксиология (гр. Axios-
құндылық туралы ілім) болып қалыптасты.
Аристотелдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығынандағы
әр алуандылықты игеруге бағытталған философиялық білім түсінігімен тығыз
байланысты (аристотельің болмыс ұғымын қалай түсінгені туралы сөз
болады). Физика жаратылысты, натуралды табиғатты, оның заттар мен
үрдестердегі сыртқы көрінісін зерттейді. Демек метафизиканың үлесіне бұл
құбылыстардан кейін орналасқан, олардың арғы жағындағы нәрсе тииесілі.
Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың,
үрдістердің сыртқы көрінісінің арғы жағында мәнділік орналасқан. Метафизика
осы мәнділікті, болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезімдік таным
деңгейінен тыс, тікелей және жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты
зерттейді. Демек, арғы жаққа үңілу жасырын нақты мәнділікті ашуға
бағытталған беслсенді танымдық ойлау қозғалысы пайымдаушы күш. Ал М.
Хайдеггер : ... Метафизка – бұл мәнділікті жеке және тұтас түрінде
принципалды тану. Бірақ бұл дефиницияны мәселесінің қойылу ретінде ғана
бағалауға болады, яғни мынандай сұрақ қойылады: бар нәрсе болмысының мәні
деген не? (Хайдеггер М. Кант и проблема метафизики М., 1997. – 5-8 с.)
Демек, осыдан күрделі сұрақтар тізбегі құралып, не өмір сүреді? деген
мәселе туындайды. ХХ ғасырдың ұлы философиясының пайымдауынша тіл ең соңғы
негіз, дамзат болмысының нақты тұрағы және сонымен қатар, оны игерудің
жалғыз универсалды құралы болып табылады.
Қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай,
сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер
қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді
терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды және оларға жету
әрекеттерінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның
қажеттілігі шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауға, оны өзгертуіне
көмек беретін ғылым. Мысалы, физика бір энергияның түрінен екіншісіне
ауысуына мүмкіндік береді, химия табиғатта жоқ нәрсені қала синтездеуді
үйретеді, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай жасайды,
техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын дайындайды, байланыс жүйесін,
ғарыш кемелерін және жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады. Ғылымның осы
барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемді белгілі дәрежеде
түсінуге септігін тигізгенімен дүниетанымның орнын алмастыра алмайды.
Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, сонымен бірге қоғамның
тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен
деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұны бәрі білімнің ерекше жүйесі
– философияны игеруді қажет етеді.
2 Дүниетаным, оның қоғамдық тарихи сипаты. Дүниетанымның тарихи
типтері: миф, дін және философия. Философиялық дүниетанымның ерекшелігі.
Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті
өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешектң болжаудан туындайды.Ондай
міндеттерді абыздар атқарған. Бірақ дүниеге көзқарас біркелкі емес. Ол жай
қарапайым, ғылыми, діни, прогресшіл, не кертартпа, нәсілшілдік, ұлтшылдық,
не интернационалистік сипатта кездеседі. Дүниеге көзқарас – дүниені
көзқарас сезімінен, танымынан, нанымынан тұрады. Обьективтік шындық адамға
түрлі әсер туғызады: сезіну, күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану,
қорқу, ренжу, нешаттану, қуану, масаттану. Осылардың барлығы адамдардың
интеллекті мен эмоциясына тікелей байланысты. Дүниеге көзқарастың түбірі
негізі теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет. Наным - көзқарастың
өзегі. Бірақ наным да түрліше болады. Діни көзқараста нанымға негізделген.
Адам бір нәрсеге иланбайынша, оның ісі тыңғылықты, нәтижелі болмайды.
Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio - латын сөзі, ой
арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау).
Олай болса, философия – дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық
қоғамның шеңберінде дүниеге келеді. Оны біз мифология деп атаймыз. (mitos –
грек сөзі, баян, аңыз).
Миф – табиғат, қоғам және адам эөніндегі алғашқы тұрпайы
фантастикалық түсініктер ( phantasia - грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы
қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың
әртүрлі күштеріне қрсы тұра алмауы, сонымен қатарөзінің өмірге деген
қажеттерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну
іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап
шығарды. Дүниенің пайда болуымен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік
пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы сияқтарды сұрақтардың
жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген.
Әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады.
Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos - грек сөзі, әлем,
genesis- грек сөзі сөзі6 дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе
Дүниенің алғашқы жағдаы хаос (chaos- грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы
дүние) арқылы көресетілді. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос
жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары
дүниеге келді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін
атап өтуге болады?
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде
өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты
құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар
қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretismos – грек
сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).
Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай
қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін
бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам
сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін
аспаннан жауған нөсердің мифтк Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны
жөніндегі қиялы ойлары.
Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта,
әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында
антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos – грек сөзі, адам, centrum
– латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі).
Бұл мифтер: Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген
кезде оның денесінен Дүние жаратылады, - деген пікір айтады.
Көне заманда Күн мен Ай, Аспан мен Жұлдыздар жөніндегі аңыздар
адамдардың өмірінде кең орын алған. Күн сәулесінің жер бетіндегі
тіршіліктің өміріне тигізетін шешуші рөлі сол заманда-ақ анықталып, Күн
Құдайы негізгі табынатын құдайлардың біріне айналған. Мысалы, біздің
ертедегі бабаларымыз аспанға (тәңір, қытайша – тян) табынып: Жер мен
тіршілікті, адамды жаратқан – сол аспан Құдайы, - деп есептеген.
Жағалай қоршаған ортадағы өзгерістер, қайталау, үрдестері, жыл
маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкінуі, дауыл, топан су,
құбылстары көне мифтерде жұлдыздар мен планеталардың орналасуымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері
Көне Греция философиясы
Көне Греция философиясы жайлы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Зар заман философиясы
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Мұсылман философиясы
Пәндер