Дүниені философиялық тұрғыдан түсіну негіздері



Жоспар
1. Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні болмыстың негізгі түрлері
2. Материя және оның өмір сүру формалары. Материя туралы философиялық түсінік, оның дүниетанымдық және методологиялық маңызы.
3. Қозғалыс.материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалыс формалары және олардың бір.бірімен диалектикалық өзара қатынасы.
4. Кеңістік пен уақыт . материяның өмір сүру формалары. Кеңістік пен уақыт туралы осы заманғы жаратылыс ғылыми теориялар.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дүниені философиялық тұрғыдан түсіну негіздері
Жоспар
1. Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні болмыстың
негізгі түрлері
2. Материя және оның өмір сүру формалары. Материя туралы философиялық
түсінік, оның дүниетанымдық және методологиялық маңызы.
3. Қозғалыс-материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалыс формалары және олардың
бір-бірімен диалектикалық өзара қатынасы.
4. Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүру формалары. Кеңістік пен уақыт
туралы осы заманғы жаратылыс ғылыми теориялар.

1. Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні.
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік
әрекетке араласады. Адамдар табиғатпен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның
толысып жатқанына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде
сақталатынын да анық аңғарады.
Болмысы ұғымы-философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол
бар болу, өмір сүру проблемасын қамтиды. Болмыс түсінігінің арғы
түбірінде болу, бар болу деген мағынаның жатқанын байқауға болады.
Осы заманғыфилософиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын
аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс- адамның санасына тәуелсіз, тысқары
өмір сүретін обьективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада
болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір сүретінінің барлығын – материалдық
дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан
сезімін қамтиды. Болмыс – бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін
реальды дүниенің (шынайы дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды
философиялық ұғым. Тұтас дүние туралы ой толғағанда бар болумен, болмыспен
ғана шектелсек, сыңаржақты болар едік. Бар болу жоқ болуға ауысуы, өмір
сүру өмірден кетуге әкеліп соғуы немесе керісінше, болмаудан болуға, жоқтың
өмірге келуіне жағдай тууы мүмкін. Ендеше, болмыс туралы айтқанда
болмыссыздық ұғымын қоса алған абзал болар еді. Олар өзара тұтастықта,
ажырамас ауыспалы диалектикалық байланыста болады. Болмыс пен
болмыссыздықтың арақатынасы салыстырмалы мәнге ие болады.
Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде
қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.з.б. УІ-Уғғ). Оның пікірінше
болмыс дегеніміз –бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу –
болмыссыздық. Ол әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына,
мәңгілігіне, бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Көне грек философы Гераклит- дүниенің мәңгі қозғалыста екендігін айтады.
Гераклит дүниені алаулап, лапылдап жанатын, енді бірде өшуге бет алып,
бықсып барып қайта тұтанып, жанатын мәңгілік от есебінде қарастырады. Ол
болмысқа қарама-қайшылықтар мен олардың өзара әрекеттесуі тән екендігін
айтады. Болмыс өзгермелі. Болмыс пен болмыссыздық ажырамас бірлікте, өмір
сүреді. Бірі екнішісін тудырады, бірі екнішісіне өтіп, өзгеріп, құбылып
отырады. Бәрі өткінші, бәрі өзгермелі деп үйретеді.
Көне грек Левкипп пен оның ілімін жалғастырушы шәкірті Демокрит (б.з.б. 460-
370) болса, бүкіл дүниенің, әлемдегі барлық заттардың түпнегізі – ең ұсақ
бөлінбейтін бөлшек-атом деп көрсетті. Барлық заттар мен құбылыстар
атомдардан құралады. Олар бір-бірінен бостық арқылы ажыратылады.
Антикалық дәуірдің ұлы философтардың бірі Платонның (б.з.б. 427-347) ойынша
болмыс дегеніміз-мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани
идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түпнегізі, оларды
анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі өткінші, пайда болады, тозады,
өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінің күңгірт
бейнесі ғана.
Неміс классикалық философиясының аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс –
абсолютті идея деп тұжырымдады. Ол Платон ілімін жалғастыра отырып,
болмыс мәселесіне обьективті идеиализм тұрғысынан келгенімен, болмыс
ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды. Л. Фейербах
болса шынайы болмыс – табиғат, ал табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі –
адам деп есептеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс философияға қоғамдық болмыс
деп аталатын жаңа ұғым енгізді. Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы
обьективті заңдылықтарға бағынады және оның материалдық негізі бар деп
тұжырымдады.
ХХ ғасырда пайда болып, өріс алуан түрлі философиялық ағымдардың арасында
болмыс мәселесінне ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қарастырған
экзистенциализм - өмір сүру философиясы болады. Оның түпнегізі, басты
мәселесі-адам, оның осы заманғы шиленіскен қайшылықтар мен тарихи-
әлеуметтік апаттарға толы жағдайда өмір сүру мүмкіндігі.
Дүние тұрақты, тұтас нәрсе ретінде адамның ссанасынан тыс және оның еркінен
тәуелсіз өмір сүреді. Әр адам күнделікті тіршілігінде табиғатпен, қоғаммен,
басқа адамдармен өзінің ортақ бірлігін іздеуге тырысады. Заттар мен
құбылыстардың арасында ортақтық барма, оларды не біріктіреді деген
сұрақтарға философтардың жасаған қорытындысы: табиғат заттары, рухани
құбылыстар, қоғам және табиғат, түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе-
олардың бар екендігі, өмір сүріп отырғандығын және де олардың жеке-жеке,
өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние
құрамында екендігі.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған саяды:
табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар-бәрі тыңөмір сүреді, бірақ өмір сүру
түрлері әр қылы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шесізде тұрақты дүниенің
тұтас бірлігін құрайды.
Сонымен, табиғат дүниесі болған, бар және бола береді: адам, қоғам пайда
болғаннан бері бар, бола да бермек дейміз.
Болмыс мәселесінің үшінші қыры – дүниеде бардың, өмір сүретінің бәрі –
нақты ақиқат; бұл ақиқаттың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол
адам санасынан нақты бейнесін таба алады дегенге келеді. Оны былай
тұжырымдайды: 1) дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір
сүреді: 2) табиғат және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам –бәрі
әртүрлі болғанымен тең өмір сүреді; 3) дүние- ақиқат және ол адамдардың
санасы мен іс-әрекетінен нақты көрінісін таба алады.
Болмыстың негізгі түрлері
Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты
болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің, құрылымдар
мен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін
қамтиды.
Болмыстың түрлері туралы философия үшін өте маңызды. Философияның негізгі
мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу
үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Болмыстың негізгі түрлері:
1) табиғат болмысы немесе заттар және процестер болмысы, ол өз кезегінде
табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер
болмысына бөлінеді;
2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік
болмысына жіктеледі:
3) рухани болмыс;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі
жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның,
қажетті алғышарттарының, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі.
Адамның өмір тіршілігіні, қызмет әрекетінің негізі – табиғи заттары мен
табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам
санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны танып-білу,
игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын
құдіретті өзгертуші күшке айналды. Бұрын табиғатта дәл сондай дайын күйінде
болмаған, адамдар өз қолы мен ақыл-ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген
жаңа заттар мен процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болды.
Ғылымда мұны екінші табиғат деп те атайды.
Бірінші табиғаттың ерекшелігі неде? Табиғат адам атаулы пайда болғанға
дейін өмір сүреді. Адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол өз
болмысының тәуелсіздігін сақтайды. Табиғаттың өзінен тәуелсіз, санасынан
тысқары, дербес өмір сүретінін, оының өзінен көп бұрын пайда болғанын толық
мойындап, сенімді тұжырым жасаған да- адамдар.
Табиғат-обьективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың өмірі мен қызметі
де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер, яғни
екінші табиғат та пайда бола алмас еді. Екіншіден, екәнші табиғат
дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі, білімі пайдаланылады.
Үшіншіден, екінші табиғат бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге
келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-
мүдделерінен туындайды. Оның қоғамдық -әлеуметтік маңызы, атқарар міндеті,
алар орны бар деген сөз. Екінші табиғат бірінші табиғаттың заңдылықтарына
бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі, еңбегі,
тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру
мақсатында жасалады. екінші табиғат болмысы – табиғи – рухани -
әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Бір жағынан, қоғам мен екінші
табиғаттың үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын
жоймайды, екінші жағынан, бірінші табиғат пен екінші табиғаттың ортақ
заңдылығын, біртұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара
байланысын сақтап, реттеп отыру да заманымыздың өзекті жалпы адамзаттық
мәселесі болып табылады.
Адамдар болмысы жекеленген адамдар санасы тұрғысынан алғанда нақтылы,
обьективті. Адамдар жекеленген санасынан тысқары, тәуелсіз өмір сүреді.
Бірақ адам болмысы санадан, рухтан мүлдем тәуелсіз болмайды. Адам болмысы –
заттың, табиғилық пен руханилықтың дербестік пен қауымдастықтың, жеке кісі
мен қоғамның өзара қайшылықта ажырамас бірлігі.
Енді рухани болмысқа тоқталатын болсақ. Руханилық - өзінің өмір сүруі мен
көрінісінің нақты түрлері жөнінен сан алуан болып келетін сана мен
санасыздық процестерін қамтитын көптүрліктің біртұтастығы. Оның құрамына
табиғи тіл мен табалық (символдық) жүйелер түрінде іс жүзіне асырылған,
материалдандырылған білім кіреді. Сондай-ақ адамдар арасындағы қатынастар
– ізгілік, шығармашылық, құқылық өлшемдер мен процестер де рухани өнімдер
қатарына жатады. Рухани болмысты шартты түрде үлкен топқа – жеке адамдардың
тіршілігінен ажыратып қарауға болмайтын дербестенген руханилыққа және дара
адамнан тысқары өмір сүретін обьективтендірілген руханилыққа бөлуге болады.
Біріншісі – басқаша айтқанда, дараланған адамның санасы. Ол нақты адаммен
бірге пайда болып, бірге өмір сүреді, сыртқы дүниені бейнелейді. Сана
арқылы адам табиғи және әлеуметтік ортадағы өз орнын, басқа адамдармен
қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін аңғарып, бағдарлайды. Бұл
тұрғыдан келгенде жеке адамның санасын өзіндік сана деп қарастыруға
болмайды.Адам санасы, өзімен бірге пайда болып, өзімен бірге өледі.
Адамның рухани тұтастығы, бүкіл психикалық әрекеті санамен қоса санасыздық
процестерін қамтиды. Санасыздық та сана сияқты нақтылы, ақиқат, дербес
рухани болмыстың ажырамас бөлігі.
Обьективтендірілген рухани болмыс жеке адамдардың санасынан тысқары өмір
сүреді және материалдық құбылыстардан көрініс табады. Материалданған рухани
өнімдер мен процестер, сөздер, дыбыстар табиғи және жасанды тілдер арқылы
іс жүзіне асады. Мәселен тіл – дербес және обьективтендіріліген рухани
болмыстардың бірлігі болып табылады.
Тіл мен сананың, тіл мен ойдың байланысы өте тығыз. Тіл арқылы сана
қызметінің сыртқы, обьективтендірілген нәтижелері көрініс табады. Тілдің
таңбалары, әріптері, дыбыстары, сөздері, сөйлемдері, оның құрылымдары,
ережелері – бәрі нақты ақиқат. Олар – жеке адамдардың санасынан оқшауланған
ақиқат. Тіл – ұлттық болмыстың басты белгісі.
Рухани болмыстың обьективтендірілуі қалай жүзеге асады дейтін болсақ, ең
әуелі белгілі ой, идея, пікір жеке адамның санасында дербес пайда болады.
Одан кейін адам тәжірибесіне, біліміне, қабілетіне, мүмкіндіктеріне сүйене
отырып, ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді: тіл
арқылыөрнектейді, жоба жасайды, нотаға түсіреді, сурет салады,
материалдарды жасайды.
Болмыстың негізгі өмір сүру, көрініс табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән
заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, социология сияқты
сан алуан ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Олар белсенді түрде
өзара қарым-қатынасқа түсіп, тұтас байланыс құрайды, бір-біріне өтіп
отырады. Дүние болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте тұра, үнемі
қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы. Адам оны игеру үстінде, игілікке
пайдалану ниетінде іздене бермек.
3.Материя және оның өмір сүру формалары.
Материя ұғымы-дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Эстетика мәселесі мен міндеттері
Танымның философиялық тұғырнамалары
Философия мен мәдениет
Философия дүниетаным ретінде
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философидағы сана мәселесі
Пәндер