Қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
1-Тарау. Қарақшылық құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
1. 1. Қарақшылықтың объектісі
1. 2. Қарақшылықтың объективтік жағы
1. 3. Қарақшылықтың субъективтік
1. 4. Қарақшылықтың субъектісі
1. 5. Қарақшылықтың криминологиялық сипаттамасы
2-Тарау. Қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдары
2. 1. Қарақшылық қылмысының сараланған құрамдары
2. 2. Қарақшылық қылмысының аса сараланған құрамдары
3-Тарау. Қарақшылық қылмысының құрамын ұқсас құрамдардан ажырату
3. 1. Қарақшылық және тонау
3. 2. Қарақшылық және бандитизм
3. 3. Қарақшылық және қорқытып алушылық
3. 4. Қарақшылық және бұзақылық
3. 5. Қарақшылық және пайдакүнемдік адам өлтіру
Қорытынды
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 2-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Жеке меншік институты қатынастарын жан-жақты нығайту жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыра беру қажеттігін Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетті1. Жолдауда барлық деңгейлерде жеке меншік институты қатынастарына құрмет сезімін тәрбиелеу керектігі, ол үшін мемлекеттің, білім беру мен сот жүйесінің қолындағы барлық тұтқалар атаулыны және тағы басқаларын пайдалану қажеттігі көзделді. Сондай-ақ Ел басшымыздың азаматтық қоғам институттарының сындарлы рөліне үлкен үміт артатыны тілге тиек етіп айтылды. Өйткені жеке меншік институтын нығайту дегеніміз - бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (АК 188-баптың 3-тармағы) .
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасағанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Айталық, бұрын біреудің мүлкін иемдену үшін ұры пәтерге немесе үйге иесі жоқта кіретін, ал қазір ұрлықты ашықтан-ашық жасау, басқаша айтқанда, қарақшылық пен тонау көбейді.
Әрине, мұндай әдіске көшкен қылмыскерлер жасырын ұрлауды да тоқтатқан жоқ, дегенмен қазір есікті бұзып ашу, үй иелерін жарақаттау немесе өлтіру, мүлікті иемдену өсіп барады.
Бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі уақытта халық нарықтық экономикаға бой үйретіп, өзінің қажеттілігі үшін мүлікті қанша керек болса, сонша алуда. Бұл мүлік біреудің еңбегімен, маңдай терісімен келген деп есептесек, біреулер оны арамтамақтық (паразиттік) жолмен оны өз меншігіне айналдыруға тырысады. Ал қарақшылықта мұндай әрекеттердің нәтижесінде, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп туады. Сондықтан бұл қылмыс бірден екі объектіге бағытталған.
Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкцияның түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысанының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден - әртүрлі меншік нысандарында, қол сұғылатын ұқсас іс-әрекеттерді біріңғай саралауды белгілеген; екіншіден - меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін - қылмыстың ауырлататын немесе жеңілдететін нысандарын ескере отырып, оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты, ол қарақшылыққа жауаптылықты көздейтін заңнаманың осы қылмыспен күресу міндетіне сәйкес келу мәселесін зерттеу. Тергеу және сот практикаларын, заңнаманы және теориялық аспектілерді зерттей келе, бірқатар ұсыныстарды, заңнаманы жетілдіру мақсатында ұсынуға тырыстық.
Сот практикасын, теорияны зерттей келе, қарақшылық шабуылын саралауда, оны басқа ұқсас қылмыстардан ажыратуда кететін қателіктерді жою мақсатында бірқатар ұсыныстарды енгізуге талпындық.
Практикалық және теориялық аспектілерді зерттей келе, мынадай проблемаларды нақтылауға тура келді: қылмыстық құқықтағы даулы мәселе, қарақшылыққа жауаптылық көздейтін норманың орны туралы, қарақшылық және талан-тараж түсініктерінің ара қатынасы туралы, қарақшылықтың сараланған құрамына бірқатар нормаларды енгізу туралы және т. б.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- қарақшылық қылмысының құрамына заңи талдау жасау, яғни тонаудың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын анықтау;
- қарақшылық қылмысын өзге де ұқсас қылмыстардан айырмашылығын ашып көрсету;
- қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдарын талдау.
Сонымен қатар әдебиеттерді және сот практикасын зерттей келе, мынадай түсініктерді ашуға мүмкіндік туды: шабуыл жасау, күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту, оның өмірге және денсаулыққа қауіптілігі, қарақшылықтың аяқталу кезеңі, қылмысты жасау мотиві мен мақсаты, әртүрлі дене жарақатын және қарақшылық шабуылы кезіндегі адам өлтіруді саралау, қарақшылықты ұқсас қылмыстардан ажырату.
1-Тарау. Қарақшылық құрамының қылмыстық-құқықтық
сипаттамасы
- Қарақшылықтың объектісі
Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын объектіге қылмыстық қол сұқпауы мүмкін емес. Сондықтан да қылмысты қол сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық, тәжірбиелік маңызы зор. Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені, қылмыстық-құқылық қорғау объектісіне әрқашанда өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объекті маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыста қауіпті болып саналады.
Бізге белгілі қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз2. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың маңыздылық дәрежесіде қылмыстық заңдарды ретімен орналастыру үшін аса қажет. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жалпы объектісі деп таниды.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 2-бабының 2-тармағында «осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады» - деп көрсетілген3. Яғни, мұның өзі қолданылып жүрген қылмыстық заңдар бойынша белгілі бір қорғауға алынған қоғамдық қатынастар ғана қылмыстың жалпы объектісі болып табылатынын көрсетеді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісін жете білу үшін қылмыстың объектісін жалпы, топтық және тікелей деп бөлу қағидасы қалыптасқан. Осыған орай, біздің мақсатымыз қарақшылықтың объектісін білу үшін оның маңызын және атқаратын рөлін, қызметін түгел ашу мақсатымен қарақшылықтың жалпы, топтық және тікелей объектісін анықтауымыздың қажеттілігі туындауда.
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі - меншік иесінің иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі - меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез-келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды.
Қарақшылық құрамы меншікке қарсы қылмыстардың бірі болып тұр. Және талан-таражға салу нысанының ішіндегі ең қауіпті құрамы болып саналады. Өйткені, қарақшылық жоғарыда аталып кеткендей кінәлінің қоғамға яғни, басқа адамдарға шабуыл жасай отырып жасалады.
Қазіргі кезде талан-тараждың түсінігі Қазақстан Республикасының жаңа Қлымыстық кодексінде өзінің заңдық бекімін тапты. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінде былай делінген: “Осы Кодекстің баптарында ұрлау деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады”.
Заңмен берілген анықтамадан талан-тараждың объективтік жағынан сипаттайтын мына нышандарды бөліп алуға болады:
а) мүлікті алу;
б) алудың заңға қайшылығы;
в) алудың қайтарымсыз болуы;
г) пайдакүнемдік мақсат.
“Алу” түсінігі талан-тараждың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу сәтін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқы процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен, талан-тараждалған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың (жақтардың) әлеуметтік байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертумен ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.
“Талан-тараждау кезінде жалпы тәртіп бойынша мүлік басқа біреудің, яғни меншік иесінің немесе меншік иесі өкілеттік берген адамның заңдық иелігінен айырылады”4.
Талан-тараж күш қолданып немесе күш қолданбай және ашық немесе жасырын түрде жасалады.
Қарақшылық күш қолданып жасалатын қылмыстарға жатады.
Алып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Талан-тараждағы материалдық залал тікелей нақты зала түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының “Ұрлау істері жөніндегі сот тәжірибесі туралы” 11 шілде 2003 жылғы №8 нормативтік қаулысында былай делінген: “қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оның меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасаған кездегі мемлекеттік, жеке сауда, нарықтық немесе комиссиондық бағаларға сүйену қажет. Бағасы болмаған жағдайда мүліктің құны сараптаманың қорытындысы негізінде анықталады”.
Шабуыл жасау деп кінәлі адамның жәбірленушіге кенеттен, оның қарсылығын тойтару мақсатында өте үрдіс түрде күш қолдануы болып табылады. Сонымен қатар талан-тараж нысанының басқа құрамдарында мысалы: тонауда, ұрлауда немесе тағы басқаларда объектісі тек қандайда бір зат болатын болса, ал қарақшылықта екі бірдей объекті орын алып отыр, ол: біріншіден қандайда бір зат болса, екіншіден адамның өмірі және денсаулығы болып отыр. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қастандық жасауда емес, сол қастандықты жасау тәсілінде - шабулыға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады.
Осыған қатысты бірқатар ғалымдардың көзқарастары бар. Н. Д. Дурмановтың ойынша, күш қолдану арқылы қарақшылықты жасау кезінде қылмыстың объектісі меншікпен қоса, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы да (жеке адамның бас бостандығы, тәніне қол сұқпаушылығы) құрайды5.
Өйткені, қарақшылықтағы күш қолдану жәбірленушінің (қарсылық көрсеткенде) оның денсаулығына немесе жеке басына зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, П. П. Михайленко және Р. И. Тевлиннің көзқарасы бойынша, қарақшылық кезінде қолданылған күш маңызды және қоғамға қауіпті болып табылады6.
Қарақшылық кезіндегі күш қолдану мемлекеттік мүлікті немесе азаматтардың жеке мүлкін иелену құралы болып табылады. Мысалы, қылмыскердің ұйымдасқан тобы пышақпен қаруланған, яғни тапаншаны иелену мақсатында М. деген азаматтың үйіне кірген. Қылмыскерлер М. байлап және өлтіреміз деп қорқыта отырып тапаншаны беруін талап етті. М. онда тапаншаның жоқтығын айтады, қылмыскерлер үйді тінтіген және тапаншаны таппаған. Қылмыскерлер жәбірленушінің өзге де мүліктерін иеленбестен, қылмыс болған жерден жасырынып қалған7.
Сонымен, қарақшылықтың тікелей объектісі - мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік, ал күш қолдану арқылы тонауды жасау кезіндегі осы қосымша тікелей объектісі меншікпен қоса жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы (жеке бас бостандығы, тәніне қол сұқпаушылық) құрайды8.
Ал, қарақшылықтың заты - объективтік белгілі бір экономикалық, шаруашылық, материалдық құндылығы бар әртүрлі заттар, сонымен қатар, материалдық құндылықтың балама ретінде қызмет етеін заттар, мысалы: ақшалар, облигация, сондай-ақ тауарлық айналымнан алынған заттар (қару, бағалы металдар) жатады.
Заң әдебиеттерінде кейбір авторлар былай деген, мемлекеттік және жеке меншік қылмысты ққолсұғушылықтың заты болып құжаттар және заттар болуы мүмкін, сондай-ақ материалдық құндылығы жоқ, бірақ мүлікті алуға құқық беретін құжаттар (мысалы, сақтау камерасына берілген затты алу түбіртегі, тауарды алу накладнойы және т. б. ) 9.
Бірақ-та, қылмыстық-құқықтық әдебиетте өзге көзқарас бар, яғни көрнсетілген құжаттар қылмыстық құқықтық қолсұғушылықтың заты ретінде емес, қарақшылықтың құрамы ретінде қарастырылған. Мысалы, Т. Л. Сергеевтің айтуынша, қылмыскердің заңсыз баюына бұл құжаттар емес, осы құжаттарды пайдалану нәтижесінде алынған материалдық құндылықтар қызмет етеді10.
Қарақшылық қылмысының Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 179-бабының 1-бөлігінде мынадай анықтама берілген: “қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау”.
Кейбір кеңестік авторлар қарақшылықты бөтеннің мүлкін күш қолданып, ұрлаудың бір түріне жатқызған. Мысалы, В. Д. Меньшагин былай деп айтты: “қарақшылық пен ұрлықты ажыратудың басты және негізгі белгісі, ол яғни ұрлықта адамның жеке басына күш қолданбай ұрлық жасалады. Ал қарақшылықта адамның жеке мүлкіне күш қолдану арқылы ұрлық жасалады”11.
Ал Б. С. Никифоров және В. Д. Филимонова қарақшылыққа В. Д. Меньшагиннің берген анықтамасын дұрыс емес дейді. Олардың ойынша, қарақшылық - ол мүлікті ұрлау емес, ең бастысы мүлікті иеленіп алу мақсатында шабуыл жасау. Мұнда қарақшылық ең бастысы жәбірленушінің жеке басына бағытталған, сондықтан да ол қоғамға қауіпті болып саналады.
Кейбір авторлар мұнымен келіспей, басқа тұжырымды ұстанған. Мысалы, М. М. Исаевтың айтуы бойынша, қарақшылықты шабуыл жасаған сәттен бастап аяқталған қылмыс деп санау дұрыс емес. Өйткені, бұл қылмыстың объектісі жеке адам емес, бөтен мүлік болып табылады және қарақшылық талан-тараждың бір түрі болып табылады.
Аталған көрнекті ғалымдардың ойлары жан-жақтан қысымға алына берді. Көптеген авторлар мына позицияны ұстанды, яғни қарақшылық көптеген мүліктік қылмыстардан айырмашылығы, ең бірінші меншікке қарсы бағытталған. Сонымен қатар жәбірленушінің жеке басына да қарсы бағытталған. Сондықтан заң шығарушы бұл қылмысты шабуыл жасаған сәттен бастап аяқталғын қылмыс ретінде саралағанды жөн көрген. Бұл жерде шабуыл жасап отырған адамның жәбірленушіден белгілі бір мүлікті, затты алды ма, алған жоқ па? Маңызы жоқ. Тек шабуыл жасаса болды, қылмыс аяқталған болып есептеледі.
Қарақшылықтың объектісі - күрделі қылмыстар қатарына жатады. Онда бөтен мүлікке ғана емес, жәбірленушінің өз басына қастандық жасалады, бұл жағдайда қарақшылықтың құрамы үшін факультативтік емес, міндетті екі объектінің болуы қажет. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қастандық жасауда ғана емес, сол қастандықты жасау тәсілінде - шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады. Адамның өз басы, денсаулығы, бұл жерде, қарақшылықтың екінші маңызды объектісі болып табылады12.
Тікелей объектіні және оның қылмыс затымен ара қатынасын анықтауда криминалистер арасында бірдей көзқарастар жоқ. Екі әртүрлі концепциялар бар: кейбір заңгерлер қоғамдық қатынастарды қылмыстың жалпы объектісі ретінде қабылдап, оны нақты құрамдағы тікелей объекті ретінде қабылдаудан бас тартады. Социалистік және жеке меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қатынас ретіндегі меншік емес, ол материалдық заттар, мүлік жатады деді13.
Қарама қарсы концепцияны жықтаушылардың ойынша, қылмыстың тікелей объектісі ретінде жалпылама немесе оның бір бөлігінде қоғамдық қатынастар жатады.
ҚР Жоғарғы Сотының “Ұрлау істері жөніндегі сот тәжірибесі туралы” 11 шілде 2003 жылғы №8 нормативтік қаулысына сәйкес қарақшылық шабуылы кезіндегі жәбірленушіні өлтіру қылмыстардың жиынтығы бойынша, яғни Қылмыстық кодекстің 179 және 96-баптарындағы тиісті бөлімдері бойынша саралауды қажет етеді.
Егер қарақшылық шабуылы кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса, айыптының әрекеті толығымен Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлімімен сараланады. Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 103-бабымен қосымша саралауды қажет етпейді.
Қарпақшылық объектісінің құрамына адам өмірін жатқызу, бұл адам өлтіруді, соның ішінде пайдакүнемдік мақсатпен адам өлтіруді тек қарақшылықпен шабуыл жасау белгісін беретін еді. Бұл орайда адам өлтіру, жеке адамға қарсы бағытталған ауыр қылмыс ретінде, одан жеңіл қылмыстың (қарақшылық сияқты) бір бөлігі бола алмайды. Сондықтан бөтеннің мүлкін алу мақсатында жасалған адам өлтіру, қасақана адам өлтірудің сараланған құрамын береді және қандай бір жағдайларға байланысты қарақшылықтың құрамымен сіңірілмейді14.
Заң қарақшылықтың белгілерін анықтай келе, оның құрамына адам өміріне қауіпті күш қолдануды қосқан, яғни қарақшылық сонымен қатар жеке адамның өміріне қарсы бағытталған. Сонымен қатар, бұл орайда заң денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде де ол адам өміріне қауіпті болуы мүмкін дегенді айтады. Бірақ бұл адам өмірін денсаулыққа ауыр зиян келтірудің объектісі ретінде санауға негіз бермейді15. Сондықтан да қарақшылық меншікке қарсы бағытталған талан-тараж қылмыстарнының ішіндегі ең ауыры. Сондықтан да оның аяқталу сәті шабуыл жасаған сәттен бастап бітеді.
Қарақшылықты формальді құрам ретінде қарастыра келе, оны күрделі қылмыстар қатарына жатқызуға болады. Онда жәбірленушінің мүлкіне ғана емес, жеке басына да қастандық жасалады. Бұл жағдайда екі объектінің де міндетті болуы шарт. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қастандық жасауда ғана емес, сол қастандықты жассау тәсілінде - шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады. Адамның өз басы, оның денсаулығы бұл жерде, қарақшылықтың екінші маңызды объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісі және заты ұқсас, бірақ бірдей түсінік емес. Сондықтан қылмыс объектісі мен затын ажыратып алу қажет. Қарақшылықпен шабуыл жасаудың заты мүлік деп танылады, яғни ол өз иесінің мұқтаждығы не тікелей (тағам, жиһаз, автокөлік, құнды қағаздар және басқалар) қанағаттандыра алатын материалдық әлемдегі заттар. Олар адамға өз пайдасын тигізетіндей мүмкіндігі болуға тиіс. Соған байланысты олар қандай да бір тұтынушылық құнға ие болады, олар мүлік ретінде экономикалық қасиетпен сипатталады.
Қарақшылықтың заты ретінде өзінің тұтынушылық бағасы болмайтын, бірақ оны иеленушіге қандай да бір материалдық игілік беретін заттар болуы мүмкін. Мысалы, ақша, облигация, мемлекеттік заем, лотореялық билеттер, жинақтау кітапшасы, аккредитив және т. б. бағалы қағаздар мен құжаттар. Бұл көзқарас қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде толықтай құптау тапты.
Д. Н. Розенберг, мысалы, былай деп жазды: “құжаттар мүліктік қылмыстардың заты ретінде тек мүліктік құқықтарды, мүлікті алуға құқық бергенде ғана бола алады, мысалы, ұсынушыдағы чек, жүкті сақтауға бергені туралы түбіртек. Мүліктік қылмыстардың затын мұндай түсіну мүліктік қылмыстар түсінігімен сәйкес келеді”16.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz