Философияда сана мәселесі



1. Философияда сана мәселесі. Сананың құрылымы мен мәні
2. Сана бейнелеудің ең жоғары формасы.
3. Сананың тарихи сипаты.
4. Сана және тіл.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Сана оның пайда болуы мен мәні.
1. Философияда сана мәселесі. Сананың құрылымы мен мәні
2. Сана бейнелеудің ең жоғары формасы.
3. Сананың тарихи сипаты.
4. Сана және тіл.
5. Сана және өзіндік сана.
6. Сана және бейсаналық.

1. Философияда сана мәселесі. Сананың құрылымы мен мәні
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой.
Адамзат игіліндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім
құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым-
осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Обьективтік дүниеде сананың баламасы
жоқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын
ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулері бұл пікірді
мойындамаған.
Сана адам миына байланысты болады, ал ми-оның мекені. Сана –адам миы
қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлері жанарларда да бар. Ао сана
тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық
дүниененің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Сананың миға бар екенін
мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс
деген жалған пікір таратқандар да болған ол махист Р. Авенариус.
Дін иелері сананы материядан тыс, дербес, мәңгі өмір сүретін, ешқашан
өлмейтін құбылыс деп қарастырған. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүрген
шыбынға балаған. Халқымыздың шыбынжанды деген сөзі осындай ұғымнан
туындаған.
Идеалист философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес
өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын,
дамуын қарастыратын күш деп түсінді. Кейбір материалистер сана барлық
материяда бар деп түсінген. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген Д. Скоттың
түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп
қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректің
hule – материя, zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған. Енді
материалистер дүниенің бірлігі оның материалдығында екенін ұғына алмай,
сананы да материаға балаған. Мәселен, Фогт, Бюхнер, Молешотт деген немістің
жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан еттің
бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт ойдың
миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Әрине, ой
да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой-мидың рухани жемісі де, өт-бауырдың
материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идяның қарама-қарсы
екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К. Маркс пен
Энгельс мұндай пікірді тұрпайы материализм деп атап, сынға алды.
Адам мимен ойлайды. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да,
психикалық қызмет те жоқ. Мысалы, бас миының үлкен жарты шары операция
арқылы алынып тасталған құрбақа сол операцияға дейінгі қалпында бақылдап,
шыбын-шіркей ұстап жеп тіршілік ете береді екен. Ал сондай операциядан
өткен көгершін ағаш бұтағында отыратын және тура ұшып кете алатын
болғанмен, түрлі тітіркендіргіштерге жауап бере алмай, жем қабылдаудан
мүлде қалады екен. Ал енді бас миы алынып тасталған ит мүлде дәрменсіз
мүгедекке айналады. Олай болса, бұл тәжірибелер бас мидың тіршілікте
атқаратын қызметі жан-жануарлардың даму сатысы жоғарлаған сайын арта
түсетінін көрсетеді. Бірақ, бұдан келіп, ми ойды, сананы тудырушы, оның
қайнар көзі деуге болмайды. Ми ойды өзінен-өзі тасқындатып тудырмайды. Ой
мидың ішінен қайнап шықпайды. Сананы тудыратын – обьективті ақиқат.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі
арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қадлай
пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы обьективті
ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп
нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Біздің сананмыз – сыртқы дүниенің
бейлену нәтижесі. Сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын
болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет
үшін аса қажет. Материалдық практикалық қызмет – адам өмірінің негізі
десек, онда сананың шығуы, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық
іс-әрекет, еңбек, қызмет болмақ.
2. Сана бейнелеудің ең жоғары формасы.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді.
Олардың ойынша, адам санасында обьективті дүниеде кездеспейтін, қате,
жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, дию, су перісі ұғымдар болады.
Сонда обьективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан
пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан келіп идеалистер
сананың құдіретін айтпақ болады. Ал енді оларды діни адамдар өздігінше
ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да
ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген
қорытынды шығарады. Қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да
негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетеіледі. Мұның бәрі
сананың тікелей мидан емес, ми арқылы обьективтік дүниеден бейнеленіп
алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін
байқатады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер
ететін – сыртқы дүние. Сол арқылы орталық жүйке жүйелер арқылы адам миына
жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине адам ми арқылы ойлайды,
бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми-ең алдымен обьктивті
ақиқатты сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен обьективті
ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдықбейнесі.
Мұны Гегель де мойындаған. Бұл дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың
мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Сана - материядан
мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Адам санасы обьективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес.
Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқада жағдайлар әсер етеді.
Сондықтан адам бір нәрсені көріп тұрып, толып жатқан ойға шомады. Сөйтіп
обьективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам обьективті өмірді шын да,
жалған да, дұрыс та, бұрыс та бейнелейді. Танымда эмоцияның орны ерекше. Ал
адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол саналы құбылыс
емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине көрегендік түстерде
болады. Оның себептері басқаша.
Әрбір адамның психикасында санасыздық та (иррационалдық), ақылсыздық та
(нерационалдық) әрекеттер бар. Оның ауқымы кең. Адам әр ісін, әр қадамын
ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен,
ойламай-ақ дәлме-дәл жүзеге асырады. Шопенгауэр, Ницше санасыздық
(иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырғаққа бағындырады. Ал Зигмунд Фрейд
ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын
айтады. Интуицияның өзі де толық санасыздық емес. Бірақта адамда, екі түрлі
құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі – ол (id) (моральдық қасиет), екіншісі
мен (ego) (тәртіптілік). Ego–ті қыспақта ұстайд, оған ерік бермейді дей
келіп, З. Фрейд өзі id-ті қолдайтынын айтады. Сондықтан З. Фрейдтің үлкен
ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды
демекпіз. Р. Авенариустың пікірінше, сана мидың жемісі емес, ол –
принциптік координация бойынша сырттан келген дайын құбылыс. Сондағы мен
дегені – адам, оның санасы, сезімі, ал мен емес дегені – обьективтік
дүние. Одан соң ол мен және мен емес арасында байланыс бар. Осы
байланыстың түп негізі, оның ойынша мен ал мен емес менсіз өмір сүре
алмайды. Бұл әрине субьективті пікір. Керісінше, мен мен емеске
бағынышты.
Адам бойындағы барлық күшін обьективті дүниеден алады. Соны сезіну, тану,
білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толықтырады.
Сонымен, сана дегеніміз – обьективті дүниенің адам миында пайда болатын
субьективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.

Бейнелеу барлық материя тән қасиет. Обьективті өмір сүретін заттар,
құбылыстар, процестер бір-біріне үнемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия сана мәселесі
Болмыс формалары
Онтология мәселелері
Қоғамдық сана формалары
Философия теориялық тұрғыдан тұжырымдалған дүниетаным
Дүниеге көзқарас түрлері
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары
Сана туралы әртүрлі көзқарас
Философиядағы болмыс және сана ұғымдары
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Пәндер