Диалектика әмбебап байланыстар мен даму туралы ілім
1. Даму ұғымы. Даму мен прогресс. Прогресс және регресс.
2. Диалектика теория мен методология ретінде
3. Диалектиканың негізгі принциптері.
4. Диалектиканың заңдары мен категориялары.

Тақырыбы: Диалектика әмбебап байланыстар мен даму туралы ілім.
Диалектиканың заңдары мен категориялары.
1. Даму ұғымы. Даму мен прогресс. Прогресс және регресс.
2. Диалектика теория мен методология ретінде
3. Диалектиканың негізгі принциптері.
4. Диалектиканың заңдары мен категориялары.
1. Даму ұғымы. Даму мен прогресс. Прогресс және регресс.
Кеңестік қоғамда орныққан философия диалектиканы даму туралы ең толық әрі
жан-жақты ілім деп қарайтын. Ол марксистік деп есептелді. Маркстің
еңбектерінде дамуды бүкіл болмыстың универсалдық айқындығы екендігі жөнінде
тікелей анықмаларды кездестірмейміз. Ф.Энгельстің еңбектерінде ондай ой
бар. Екіншіден, Энгельстің Табиғат диалектикасында әлемдегі қозғалыс -
өзгерістердің циклдік айналмалы екендігі жөнінде де жорамал бар. Ал бұл
идея қаншалықты даму идеясымен ұштаса алады?.
Даму – мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын
ауытырудың дамыда болатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген
түрде сақталатындығында. Материяның өмір сүру тәсілі түріндегі қозғалыс еш
нәрседен пайда болмайды және жоғалып кетпейді, мәңгі өмір сүреді, басы да,
аяғы да жоқ. Сонымен бірге қозғалыс әрқашан бірнәрсенің екіншісіне қарай
қозғалуы (бағытталған) яғни, басталуы мен аяқталуы бар әртүрлі заттардың,
процестердің және басқалардың қозғалысы ретінде өмір сүреді.
Күнделікті айтылып жүрген сөздің мазмұнында даму қозғалыс пен өзгерістен
ажыратылады. Қарапайым ойлаудың түсінігі бойынша даму, ол қозғалыстың
бағыттылығы. Ол бағыт қарапайымдылықтан күрделікке қарай өрістейтін
қозғалыс, не өзгерістің түрі. Адамдардың іс-әрекеті көп жағдайда тірі
тіршіліктің формаларымен байланысты. Өсімдіктер мен жануарлардың барлық
түрлері туу, өсу, қалыптасып толысқан дәрежесіне жетіп, ақырында
жоғалатынын олар біледі. Ғылым пайда болғаннан бері әлемдік, космостық
процестердің де белгілі бір даму жолынан өтетіндігін біле бастағандай.
Ғылымда күн жүйесінің эволюциялық жолмен пайда болғандығы жайлы И. Кант
айқандай, одан кейін де пайда болған деген жорамалдар бар. Тіршіліктің
пайда болуы, оның эволюциялық теориясы өз алдына (Ч. Дарвин).
Адамдық бағалаудың өзі де онтологиялық негізге сүйенеді, онда ақиқат мазмұн
бар. Тірі тіршіліктің организмдік құрылымы да, оған сай сыртқы дүниемен
байланысы, қызметі өзінен гөрі қарапайым жансыз заттармен
салыстырғандакөптегене жаңа қасиеттер туғызатыны айқын. Жанды тіршілік өз
бойында жансыз дүниенің де қасиеттерін сақтайды. Олар тіршіліктің жаңа
қызметтеріне оған ғана тән жаңа қасиеттеріне бағынышты.
Болмыстағы жеке дербес тұтастықтар болсын, бүкіл әлемдік тұтастық болсын
үнемі, мәңгі шексіз дами бере алмайды, олардың дамуы кері кету кезеңімен де
ауысады. Даму - әлемдегі сан алуандылықтардың болу шарты, үнемі бұрын
болмаған жаңа нәрселердің туып жатуының жолы. Кемеліне келген нәрселердің
туып жатуы, олардың өсіп, қалыптасып, кмелденуі, сонан кейін кері кетіп,
жоғалуы қозғалыс, өзгерістердің ішкі мәні. Қозғалыстың, өзгерістің не
нәрсе екендігін дамудың мазмұны арқылы білеміз. Даму қозғалыс пен өзгеріске
нақты мазмұн береді.
Ғылымда жанды тіршілік барлық уақытта болған және бола береді дейтін
көзқарастар бар. Жанды материя, немесе тіршілік жансыз материядан туа
алмайды деген сөз. Оның негізінде жансыз материя деген жоқ нәрсе, бүкіл
космос жанды, бүкіл космоста руханилықтың нышаны бар, бірақ оның әр
деңгейінде, қабаттарында руханилықтың дәрежесі де әртүрлі деп түсінетін
көзқарастар да айтылады. Шын мағынасында даму деп бұрын айтылып жүрген
қарапайымдылықтан күрделікке қарай өзгеруді түсінген дұрыс болар. Кері
кетушілік күрделіліктің ыдырауы, жойылуы – даму емес, оның шегіне жетіп
аяқталуы, жоғалуы. Оларды шарты мағынада прогресс пен регресс деп атайды.
Регресс сондықтан да даму емес. Оның себебі регресс болмыс формаларының сан
алуандылығына емес, біркелкілігіне апаратын жол. Мысалы, руханилықтан,
руханисыздыққа, тірліктен өлікке ауысуды даму деп түсіну қиынырақ болар.
Даму идеясын кең әрі терең мағынада талдаған Гегель оны тек әлемдік Рухтың
болу жолы деп қараған. Табиғат Рухтың нәтижесі болғандықтан онда Гегельдің
түсінуінше даму жоқ. Рух өзінің жетілмеген де, жетілгенде формаларын
табиғатта кеңістік жағынан бір-бірімен қатар орналастыра береді. Олардың
тарихи пайда болу тәртібі сақталмайды. Тек адамдар қоғамы пайда болғанда
Рух табиғатта оянып, уақыттық формасына ауысады. Дамудың негізгі көріну
формасы уақыт. ХХ ғасырда осы көзқарасты француз ойшылы Ж.П. Сартр
қолдаған. Оның ойынша барлық даму диалектикасы адамдар қоғамының
өзгеруінде.
Дамудың іштей қалай өтетіндігін ішкі құрылымын логикалық тұрғыда анықтауда
Гегельдің үлесі мол. Төменгі, қарапайым форманың оны теріске шығарып пайда
болатын күрделі формамен арақатынасын ол Aufhebung (орысша тәржімесі –
снятие) деген терминмен көрсеткен. Қазақша балама термин ретінде шартты
мағынада өзгертіп сақтау деуге болар. Оның мазмұны: –өзінің тууына, пайда
болуына жағдай болған Қарапайым нәрсені күрделі форма әрі теріске шығарып,
әрі өзгерген түрде өз құрамында сақтауы. Мысалы; Қозғалыстың физикалық,
химиялық, формалары тірі организмнің құрамында өз функцияларын сақтайды,
бірақ олардың заңдылықтары организмнің тіршілігін қамтамасыз ету қызметіне
бағынышты, соның ішкі бөлігі ретінде қызмет етед.
Даму процесі дамудағы болмыс формасының өзін-өзі терістеуі, өзінің белгілі
бір қалпын кезеңін, мазмұнын мансұт етуі арқылы жаңа бір қалыпқа, кезеңге,
формаға ауысуы, бірақ мансұқ ету-жою емес, оның өзінің өзгерген түрде
қалуы. Даму ешуақытта тарихи құралған мазмұнды түгелімен талақ етпейді,
оның кезеңнен кезеңге, қалыптан қалыпқа ауысудағы қол жеткен негізгі жүгін
артқа тастап кетпейді Дамудағы болмыстың өзінің өздігін сақтауы - өзін
үнемі қайта туғызып, қайта қорытып, өңдеп, отыруы, ол тек солай жаңарады.
2. Диалектика теория мен методология ретінде.
Дүние-табиғат, заттар дүниесі болсын, рухани дүнеие болсын-үздіксіз
өзгерісте, қозғалыста, дамуда ма, жоқ, онда тыныштық, тепе-теңдік,
өзгермеушілік басым ба? деген сұрақ философияның өзекті, оның сананың
материяға қатынасын қарастыратын негізгі проблемаларымен қатар қойылатын
дүниетанымдық, методологиялық маңызы зор мәселелердің бірі болып табылады.
Диалектикалық көзқарас табиғаттың, әлеуметтік дүниенің, рухани
құбылыстардың дамуын терең де жан-жақты қарастырады, ол тұтас философиялық
дүниетанымның түп қазығы, алтын өзегі деуге болады.
Болмысты бүкіл әлемдік құбылыстарды – табиғатты, қоғамды және адамның ой-
санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланыста қарастыратын
философиялық ілім дамудың философиялық теориясы, яғни диалектика болып
табылады. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебап
заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оны қоршаған
ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де
болып табылады. Даму дегеніміз Дамудың қайнар көзі қайда?, Құбылыстар
неге дамиды? деген сияқты сұрақтар диалектика үшін аса маңызды.
Көне грек (антикалық) философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық
формасы дүниеге келіп, қалыптасты. Қозғалыстың түп табиғатын аңғаруға
ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен-ақ (Парменит, Зенон) байқалған болатын.
Сократ қарама-қарсы пікірлерді айта келе, ақиқатқа жетуді, айтыса білуді,
дәлелді, дәйекті сөз жүйесімен қарсыласты жеңуді диалектика деп ұғынды.
Платон мен Аристотель дүниенің дамуының қайнар көзін, себептерін табуға
ұмтылды. Дүниедегі бардың бәрі қарама-қайшылықтардан тұрады, өзара
байланысты болады.
Дүние дегеніміздің өзі – мәңгілік пен өтпелілік, өмір мен өлім, пайда болу
мен жойылу, бірігу мен ыдырау.
Диалектиканың екінші тарихи формасы неміс классикалық философиясында
идеалистік негізде қалыптасты. Бұл ағымның өкілдері: Кант, Фихте, Шеллинг,
Гегель дүниеге деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама-
қарсы қойды. Диалектиканы дамытуға, Г.Гегельдің қосқан үлесі өте зор. Ол
бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея (әлемдік ақыл-
ой) деп білді. Абсолюттік идея өзіндік қозғалыста болады, ол дамуының әр
кезеңінде табиғат, адам болмысы түрінде нақты көрініс табады. Өзіндік
дамудың қайнар көзі – ішкі қарама-қайшылық деп білді.Ол диалектиканың
заңдарын тұжырымдап, оның категорияларының логикалық жүйесін жасады.
Гегельдің диалектикасы обьективтік идеализмге негізделген. Оның пікірінше,
қозғалыста тұрған, дамуда болатын шынайы, адам санасынан тысқары тұрған
заттар мен құбылыстар емес, рузанилық, идея, түсініктер, ақыл-ой ғана.
Гегельдің диалектикасы басымен төмен қарап теріс тұр еді (Маркс). Оны
аяғынан тұрғызып, оң сипат беру қажет болды. Мұның мәні – гегель
диалектикасына материалистік тұрғыдан келіп, оның негізіне табиғат пен
адамзат қоғамының обьективті диалектикасын жатқызу деген сөз. Бұны жаңа
мазмұнда, жаңа сипатта дамытушы К. Маркс, Ф. Энгельс болды. Олар
диалектиканың тарихи үшінші формасын – материалистік диалектиканы өмірге
келтірді.
Диалектиканың жалпы заңдары обьективті дүниеге де, рухани салаға, адам ақыл-
ойы мен санасына да ортақ, тұрақты әрі мәнді байланыстарды қамтиды. Осы
тұрғыдан алғанда философия тарихында қалыптасқан обьективті диалектика және
субьективті диалектика ұғымдарын ажыратады. Обьективті диалектика
обьективті шындықтың құбылыстары мен процестеріне қатысты заңды
байланыстарды қарастырады. Ал субьективті диалектика ой-өрістің, сананың,
таным процесінің өзгеруі мен дамуындағы заңды байланыстарды қамтиды.
Субьективті диалектика – обьективті диалектиканың бейнеленуі. Обьективті
дүние мен рухани дүниенің арасындағы қарым-қатынас диалектиканың осы екі
бұтағының өзара байланысынан көрініс табады.
3. Диалектиканың негізгі принциптері. Диалектика болса метафизиканың
сыңаржақтылығын, кемістігін ашып көрсете отырып, даму процесін танып
білудің, философиялық ойлау жүйесінің формалары мен заңдары туралы жан-
жақты, терең мазмұнды диалектикалық логика ілімін қалыптастырып, оның
негізгі принциптерін айқындап берді. Ол принциптер мыналар: 1) даму
принципі. Оның мәні дүниеде қозғалыстан, дамудан тысқары ештеңе де жоқ,
ендеше обьектіні даму, қозғалыс үстінде қарастыру қажкт, ол кеше қалай еді,
бүгін қандай, ертең қалай болмақ, осыны басшылыққа алған жөн; 2) жалпы
байланыс принципі. Дүниеде байланыстан тысқары, оқшау тұрған ештеңе жоқ,
ендеше обьектінің барлық жағын, барлық байланысын зерттеген дұрыс; 3)
обьектіні практикамен тығыз байланыста қарастыру керек, сонда ғана оның
мәні, орны, қасиеті айқындалмақ; 4) нақтылық принципі. Әр обьектінің
өзіндік ерекшелігіне, өмір сүріп отырған жағдайына баса назар аудара отырып
қана, ол туралы шынайы пікір қалыптастыруға болады.

Ғылыми таным пайда болудан әлдеқайда ерте заманда адамдардың ойлауында заң
туралы, өмірдегі заңдылықтар жайлы белгілі бір түсініктері болған. Ол
түсініктер әлеуметтік өмірде де, табиғаттағы құбылыстарда да белгілі бір
қатынастардың бұлжымай қайталанып, үнемі болып отыратындығына байланысты.
Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің орнықты бір тәртіппен ауысып отыруы,
соған байланысты табиғаттағы өзгерістер, әрбір жеке тіршіліктің, өмірдің
ерте ме, кеш пе өліммен аяқталатыны көптеген болмыстың міндетті түрде
болатын ырғақтары осындай түсініктердің негізі.
Бірақ алғашқы заң туралы түсініктер мен сезімдер табиғаттың заңдарын
білуден және меңгеруден гөрі адамдардың өздері ұстанған қатал тәртіптерден
туындайды. Заң – мәннің белгілі бір деңгейі. Ол мәннің құбылыстардан
арылған таза қалпы емес. Заң мәңді құбылыс. Заң - құбылыстарда кқрінетін
құбылыстық түрде іске асатын мән. Сондықтан мән өзінің заңдық деңгейінде
құбылыстардың белгілі бір қатынастары болып көрінеді. Сол себептен мән
заңдық деңгейде құбылыстардың белгілері, айқындықтары.
Заңдылықты заңмен теңестіруге болмайды. Заңдылықты көптеген заңдардың
жиынтық әрекетінің нәтижесі деп түсіну қажет. Өзінің әрекет ету өрісі
бойынша заңдар жалпыға бірдей, жалпы және жеке заңдар болып бөлінеді. Жеке
заңдар – тіл заңдары, педагогика, психология, анатомия әртүрлі ғылым
заңдары. Жалпы заңдар - физика, биология, кибернетика т.б. ғылымдардың
заңдары. Ал философияның заңдары – ең жалпы, өте жалпы заңдар. Олар бүкіл
әлемге таралады.
Ғылым заңдары табиғат, қоғам және ой заңдары болып бөлінеді. Обьективті
заңдарды жоюға немесе өзгертуге болмйды, бірақ ол заңдарыды дұрыс білгеннен
соң адамдар көп пайда алады. Мәселен, Ньютон ашқан бүкіләлемдік тартылыс
заңының басты ерекшелігі – оның обьективті сипатқа ие екендігі. Заңдар
адамның еркінен, санасынан тәуелді емес, құбылыстардың өздеріне ғана тән
тұрақты, мәнді байланыстарды сипаттап көрсетеді. Әрине заңдар қамту ауқымы
жағынан әрқилы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы тек физикалық обьектілер
арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл заң қоғамдық құбылыстарға немесе
рухани дүниеге тарамайды. Ал диалектиканың заңдары болса ең жалпы сипатқа
ие, олар обьективті дүниеге де, рухани процестерге де бірдей тарайды,
бәріне ортақ.
Диалектиканың негізгі заңдары мен негізгі емес заңдарын ажыратамыз. Дамудың
диалектикалық тұжырымасының мәнін ашатын үш заңға тоқталамыз. Олар: қарама-
қарсылықтың бірлігі мен күресі, мөлшер және сапа өзгерістерінің өзара
ауысуы, терістеуді терістеу.
Диалектиканың негізгі емес деп аталатын заңдары дамудың және өзіндік
дамудың жеке жақтарын ашып көрсетеді. Оларға мән мен құбылыс, жеке мен
жалпы, мазмұн мен түр, себеп пен салдар, мүмкіндік пен шындық, қажеттілік
пен кездейсоқтық арасындағы диалектикалық өзара байланыстар жатады.
Диалектиканың негізгі үш заңы да белгілі бір категориялар арқылы
тұжырымдалады, олар арқылы өзінің бай мазмұнын анықтайды. Мысалы, мөлшер
және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңында мөлшер, сапа, өлшем, секіріс
сияқты категориялар әрекет етеді.
Категория – дүниені танудың сатылары мен формалары. Категория деген әр
ғылымдардың негізгі ұғымдары. Философияның негізгі категориялары – ең жалпы
ұғымдары болып табылады. Олар методологиялық және дүниетанымдық мазмұнмен
байтылады. Философияның категориялары көп: материя, сана, қозғалыс,
кеңістік, даму, диалектика, уақыт, себептілік, заңдылық, айырмашылық,
қайшылық, өлшем, сапа. Философиялық категориялар болмыстың қасиетімен
байланысын ең жалпы түрде береді.
Адамдар ойлауының бұл формалары, олардан тыс, оларға тәуелсіз өмірдің ең
жалпы, ең универсалдық жақтарын көрсетеді. Осындай сырьқы және адамның өз
болмысының ең жалпы жақтарын немесе айқындықтарын қырларын көрсететін адам
ойлауының формалары категориялар деп аталады. Категориялар ойлаудағы
ұғымдар емес. Олар ойлаудың ең жалпы формалары. Себебі ол категориялардың
мазмұны екінің бірінде ұғымдық дәрежеге жете бермейді, тіпті сезімдік
дәрежеде болуы да мүмкін. Сол дәреженің өзінде де олар сыртқы және ішкі
дүние туралы тәжірибенің сұрыпталған әрі жіктелген формалары. Соның
арқасында олар адамның дүниемен қатынасында ненеің негізі, мәнді, қажетті
және тұрақты, ал ненің екінші қатардағы, кездейсоқ және тұрақсыз екендігін
ажыратып, оның ойлауына, іс-әрекетіне бағыт беретін жалпы көрсеткіштер.
Олардың мазмұнының тереңдігі мен ақиқаттығы тарихи өзгермелі нәрсе.
Енді диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категориялар жүйесіне
тоқталайық.
Жекеше, өзгеше, жалпы. Затттың, құбылыстың, процестің өзіне ғана тән
қайталанбайтын ерекшеліктері жекеше деген ұғымды білдіреді. Көпше дегеніміз-
белгілі бір құбылыстар тобына ортақ маңызы ұқсас белгілер жиынтығы.
Көпшенің ауқымы мен қарымы әр деңгейде болып келеді. Қамту ауқымы өте кең
көлемді көпшені жалпы деп атайды. Сонда бөлек дегеніміз тұтас зат, құбылыс,
процесс есебінде жекеше мен көпшенің бірлігі, оған жекеше және өзгелермен
ортақ, ұқсас көпше белгілер де тән. Өзгеше деген категория жекеше мен
көпшенің арасындағы диалектикалық байланысты білдіре отырып, осы
екеуініңарасындағы дәнекерлік қызметті атқарады. Жылқыбаев – студент, ол
Қазақстан Республикасының азаматы дейтін болсақ, мұнда Жылқыбаев – жекеше,
студент - өзгеше, ал қазақстан Республикасының азаматы – жалпы болып
табылады.
Философия тарихында жекеше мен жалпының өзара байланысына қатысты әртүрлі
пікірлер ағымдар орын алған еді. Мәселен, реализм бағытын ұстаған
философтар көпше, жалпы жекешеден тәуелсіз, дербес өмір сүреді деп
есептейді. Бұлардың тобы (Платон) көпше, жалпы тек рухани, идеалдық формада
ғана өмір сүреді десе, екнішібір топтағылар (мысалы, Зенон) жалпы, көпше
қашанда материалдық мән-мағынаға ие дегентұжырымға келеді. Реалистердің
пікірінше, жекеше деген өмірде, тіршілікте жоқ нәрсе, егер бар болса ол
көпшенің, жалпының арқасында пайда болады және де жекеше өткінші, уақытша,
ал жалпы тұрақты әрі мәңгі (Гегель).
Реализмге қарама-қарсы пікір айтқан номиналистік ағымға жататын
философтардың ойынша, дүниеде тек жекешеғана реалды, шынайы өмір сүреді.
Орман деген, адам деген жоқ, нақты бір ағаш, нақты бір адам ғана бар. Жалпы
деген ұғым адамның ақыл-ойының, қиялының жемісі (Ульям Оккам) Егер жалпы
шынайы өмір сүрмейтін болса, тек атау, белгілеу ғана болса, онда материя
деген де жоқ, оны ешкім ешқашан түйсініп, нақты қабылдаған жоқ (Дж.
Беркли).
Себеп дегеніміз-екінші бір құбылысқа себепші болатын, оны туғызатын
құбылысты белгілейтін философиялық категория. Салдар дегеніміз-себепьтің
әсер ету нәтижесі, себеп туғызған құбылысты белгілейтін философиялық
категория. Себептерді білу – ғылыми болжамның негізі.
Себеп-салдарлық байланыстың негізгі сипаттары:
1. Себеп әрқашан уақытқа тәуелді салдардан бұрынжүреді. Салдар кейіннен
көрінеді. Салдарсебептің соңғы нәтижесі. Мысалы, организге микроб түссе, ол
сонан соң ауырады. Аурудыңсебебі микроб болады.
2. Себептілік үшін салдардың себептен кейін көрінуі ғана емес, оның
себептен туылуы керек. Себеп салдарды өмірге келтіреді.
3. Себеп пен сылтауды айыру керек. Сылтау салдарды туғызбайды, олардың
байланысы уақытша ғана. Мысалы, 8 Наурызға сыйлық берсе, 8 Наурыз
-сыйлыққа тек сылтау, себеп емес.
Детерминизм және индетерминизм. Детерминизм бұл дүниедегі танымдық және
методологиялық принцип, оған салсақ дүниедегі бәрі өзара байланыста және
себепті шарттастықта. Яғни, табиғатттағы ықтималдық бар оқиғаларды тануға,
түсінуге және алдын-ала болжамдауға мүмкіндік туады. Индетерминизм
детерминизмге қарама-қарсы болып, себептілікті терістейді.
Қажеттілік пен кездейсоқтық. Қажеттілік дегеніміз - материалдық
ұйымдастларды құраушы, ішкі табиғи элементтермен шарттасқан, өзінің өмір
сүру себебі бар қасиеттер мен байланыстар. Қажеттілік ішкі байланыстар
арасындағы күштен салдардың шарасыз шығатынын білдіреді. Кездейсоқтық
дегеніміз - өзінің өмір сүру себебі ішкі жағдайлармен шарттасқан қасиеттер
мен байланыстар көрінуі міндетті емес, олар болуы не болмауы мүмкін. ХУІІІ
ғасырдағы француз материалистер қажеттілігі ғанабар, кездейсоқтық жоқ
деген. Қажеттілік материалдық дүниедегі құбылыстардың өздеріне тән келеді,
адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз, обьективті түрде өмір сүреді.
Мұның өзі адамдар табиғат пен қоғам құбылыстарында болатын қажеттілікті өз
дегенінше жасай да, жоя да алмайды деген сөз.
Мән мен құбылыс. Мән дегеніміз- құбылыстар тобының біртұтас, ішкі, жетекші
байланысын көрсетуге арналған философиялық категориялар. Құбылыс дегеніміз
- мәннің сыртқы көрінісі. Мән әрқашан да құбылыстардың ішкі бірлігі
ретінде көрінеді.
Мән құбылыстар арасындағы обьективті ішкі байланыстар мен қатынастар
түрінде шығады, ал олар логикалық ойда бейнеленіп, теориялық танымның басты
обьектісі болады. Мәнді ашпайынша, құбылысты дұрыс түсіну мүмкін емес,
таным процесінде құбылыс – сезім мүшелері арқылы қабылдауға лайық. Мән
сезім мүшелері берген мәліметтерге сүйеніп, абстрактілі ойлауға лайық.
Мазмұн мен форма. Барлық құбылыстардың мазмұны мен формасы болады. Белгілі
бір затты, құбылысты, процесті құратын элементтердің, жақтардың,
байланыстардың, қатынастардың жиынтығы мазмұн деп түсінеді. Мазмұн мен түр
бір тұтас болып, ажырамастай болады. Түр – мазмұнның ұйымдасуы, құрылымы,
оны құрайтын қарапайым бөлшектер. Мәселен, атомның мазмұны – оң зарядталған
ядро мен оның төңірегінде белгілі энергетикалық деңгейде қозғалатын теріс
зарядтағы электрондар. Ал түр дегеніміз осы бөлшектердің өзара орналасуы,
құрылымдық тәртібі. Тірі организмнің мазмұны, оның бойындағы зат алмасу
процесі, оны құрайтын түрлі органдар, ал түрі-зат алмасу процесінің іске
асу тәсілі органдардың өзара байланысы.
Түрлер ішкі және сыртқы формалар болып бөлінеді. Мәселен, кітаптың өз
мазмұнын баяндайтын әдеби, ішкі формасымен қатар сыртқы формасы да, жасалу
формасы болады. Түр мазмұн үшін жалпы түрде емес. Тек белгілі бір шекке
дейін ғана қалай болса, солай бола алады. Мысалы, мебельдің, киімнің,
сағаттың, кітаптың сондайлардың белгілі бір шектен шығып кеткенде бұл
заттар тұтынуға жарамсыз болып қалады.
Мазмұнның басымдылық рөлі мынандан байқалады: форманың сипатын және оның
өзгеруін белгілеп отырады. Форманың қандай болуы-ол мазмұнға байланысты
мазмұнның өзгеруі оның формасын да өзгертеді.
Мүмкіндік пен шындық және ықтималдық. Мүмкіндік - әлі жүзеге аспаған, бірақ
жүзеге асуы ықтамал құбылыс. Шындық дегеніміз - мүмкіндіктің заңды,
обьективті, қажетті тұрғыда жүзеге асқан түрі, нақты бар құбылыс. Мүмкіндік
пен шындықтың өзара байланысы көптеген қатынастар туғызады. Шындық -
барлық жағынан алғанда іске асқан мүмкіндік, ол даму процесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz