Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде



1. Қоғам туралы түсінік және оның құрылымы. Әлеуметтік философияның пәні және қызметі (функциялары).
2. Әлеуметтік философия қоғам туралы арнайы ғылымдардың методологиясы
3. Қоғам ұғымы. Қоғам дамуының негізгі концепциялары.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе
ретінде

1. Қоғам туралы түсінік және оның құрылымы. Әлеуметтік философияның пәні
және қызметі (функциялары).
2. Әлеуметтік философия қоғам туралы арнайы ғылымдардың методологиясы
3. Қоғам ұғымы. Қоғам дамуының негізгі концепциялары.

1. Қоғам туралы түсінік және оның құрылымы. Әлеуметтік философияның пәні
және функциялары. Әлеуметтік философия тек әлеуметтік және жеке
(индивидуалданған) адам болмысы мәселелерімен айналысады. Алайда оның бұл
мәселелердің бүкіл кешененіне қатынасы бар екені де белгілі. Әлеуметтік
және индивидуалды болмысқа тарих та, мәдениетте, жеке адам болмысы да
кіреді. Тарихтың, мәдениеттің, экономиканың және жеке философиялары бар
екенін ескерсек, оның зерттеу аймағын анықтауға қиынға түседі. Қазіргі
кезде әлеуметтік философия деп атайтын бүкіл қоғам туралы дүниетанымнан
келіп шығады. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтік
философиядан алда тұрған бір ғана аймақ бар. Бұл философиялық білім аймағы
– тарих философиясы. Тарих философиясы деген сөз – бүкіл тарихқа
құштарлық болып табылады.
Тарих туралы философиялық пайымдау тарихының өзі тарих заңдылықтары туралы,
логикасы туралы, қозғаушы күші туралы сұрақтарды алға тартады. Тарихтың
қозғаушы күштерін, логикасын, заңдылықтарын және тағы басқа ашу және игеру
- мұның бәрі Тарих даналығына құштарлық ретіндегі тарих философиясының
пәндік аймағын құрайды.
Тарих туралы философиялық пайымдаудың қалыптасуы мен дамуына толық
болмасада оның кейбір негізгі сәттеріне тоқталу жөн болар. Гегельдің атақты
Тарих философиясы бойынша лекциялар еңбегіндегі тарих ғылымы дамуының
жалпы дәуіріне сүйенеміз. Гегель тарихи таным дамуының үш кезеңін бөліп
көрсетеді.
1) Антик дәуірінде Геродот және Фукидидтен басталып, кейінгі ортағасырлар
мен Жаңғырту дәуіріне дейін жалғасқан бастапқы тарихнама.
2) Жаман заман мен Ағартушылық дәуіріндегі сыншыл тарихнама.
3) Философиялық тарих.
Фукидид және Геродот заманынан бері Тарих оқиғалардың тізбегі ретінде
көрінеді. Алғашқы, бастапқы тарихнама оқиғаны тарихи үдерістің
клеткасы, басты ұясы ретіндегі көзқарасын санаға сіңірді. Бұл тарихнаманың
екінші маңызды жаңалығы, оқиғалардың пайда болуын, іске асуын, дамуын уақыт
ағынында қарастырады. Топос (грекше topos- орын) және Хронос
(грекше xrovos - уақыт) уақыт ағымында өткен оқиға - міне, антиктік
дәстүрдің әлемдік тарихнамаға бергені.
Ортағасырларда фиолософиялық, гуманитарлық білімдер дамығандығын
ұмытпауымыз керек (мысалы, философия мен риторика үшін үлкен маңызы бар
дәлелдеуші қатаң логиканың, онтологияның, герменевтиканың, заңгерліктің
дамуы).
Ортағасырлардан бастап тарих философиясы тарих даналығына құштарлық
ретінде қалыптаса бастады. Даналық қана құдаймен байланысты кәсіп ретінде
түсіндірілді. Діни канондар апологеттері мен шіркеу иелерінің бұл даналықты
игерудегі діни емес білімге тыйым салып, адамдардың оны тану
мүмкіндіктеріне шектеу салғанына қарамастан әралуан тарихи оқиғалардың
артынлда не бар деген мәселе қойылуының өзі тарих мәнін философиялық
игерудің онан арғы дамуын бекітті.
Антик заманынан бері қоғамның мемлекеттік-құқықтық және саяси құрылымының
теориясы мен тарихының әділетті қо,ам және билік туралы ілімдердің маңызы
арта түсті. Осылардың негізінде қоғам мен адам туралы философиялық
дәуірінде ерекше қырынан көрініп, әлеуметтік философияның ішкі ядросын
құрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.
Гегель бойынша сыншыл тарихнама Жаңа заман және Ағартушылық дәуірінде
қалыптасты. Бұл философия мен гуманитарлық ой тарихының ғұлама білгірі
негізделген ескертпе еді. Мысал ретінде Вольтердің тарихи ғылымға
көзқарасын алуға болады. Философиялық білім тарихында ол алғаш рет тарих
философиясы, мәдениет, прогресс (бұл термин Вольтерге дейінгі
философтар жұмыстарында – мысалы, Ф. Бэкон адамның табиғатты ғылымдар
дамуының, математиканың, физиканың және арқасында игеруі идеясымен
байланысты) ұғымдарын айналымға енгізгендігімен белгілі.
Вольтердің пікірінше, тарих философиясы ең алдымен, Жалпы әлемдік тарихты
құру ұмтылысы. Екіншіден, ғалым-тарихшылар ойларын сыни тұрғыдан пайымдау
(сондықтан да Гегель бұл кезеңді сыншыл тарихнама деп атайды). Үшіншіден,
заңдар мәселесін, тарихи үдеріс логикасын оның дамуында және әсіресе оның
болашағында ашу.
Енді Гегельдің теориясы мен өзге де ойшылдар көзқарастарын
талдауды қоя тұрайық. Тарих философиялық пайымдаудың негізгі мазмұны мен
мәнін не құрайтынын айқындадық. Бұл көрсетілген тарихтың мақсаты, логикасы,
заңдылықтары, оның мәні мәселелері, сонымен қатар қазіргі философиялық
тілмен айтқанда тарихи ойлау мен танымның теориялық-методологиялық
мәселелері.
Сонымен, ең алдымен тарих философиясының дамуы, сонымен қатар, қоғамның
саяси-құқықтық ұйымдасуы жөнінде ілімдердің зор ықпалы философияда пәндік
тұрғыда анықталған білімнің ерекше аймағы бөлініп шығуына алып келді. Бұл
сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысынң
логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен,
жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық
пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен
байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп аталды.
Әлеуметтік философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары (Н.А. Бердяев,
И.А. Ильин, П.А. Флоренский, С.Н. Булгаков) пікірлерін атап өткен жоқ.
Осылардың қатарына жатқызуға болатын С.Л. Франктың (1877-1905) әлеуметтік
философияға қатысты пайымдауларына тоқталайық. 1929 жылы ол өзінің
шығармаларының бірі – Қоғамның рухани негіздері атты кітабын жариялады.
Ол мынандай анықтама береді: ... әлеуметтік философия мәселесі-бұл қоғам
деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде
және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді.
Оның пікірінше, әлеуметтік философия – қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі
негіздерін зерттеумен айналысатын философиялық таным. Әлеуметтік
философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен
нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады. Әлеуметтік философия адамның
қоғамдық өмірінің барлық әлемдерінің - тарих, мәдениет, дін, саясат,
құқық, экономика әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін
философиялық білім саласы.
С.Л. Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы –
қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және
қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаменталды
құндылықтарына қатынасы.
2. Әлеуметтік философия қоғам туралы арнайы ғылымдардың методологиясы
Әлеуметтік философия арнайы авторлармен келісе отырып, оның дүниетанымдық
қызмет атқарады, ол әлеуметтік әлемді бейнелеп қана қоймай оның саналы
бейнесі ретінде оны жаратады да.
Екіншіден, - методологиялық функция атқарады. Әлеуметтік философия мұны
пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып, әлеуметтік
құбылыстарды тануда методологиялық бағдалар мен жалпы философиялық
принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады. Мысалы,
диалектика принципі (тарихилық принципі, абстрактылы нақтыға өту принципі
және басқалары) мен синергетика принципі (бүтін, органикалық, өзін-өзі
басқарушы және өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің жүйелік-құрылымдық ұйымның
жалпы теориясы) жатады.
Әлеуметтік танымның методологиялық бағдарында герменевтиканы да ұғыну мен
түсіндіру философиясы ретіндегі маңызы зор.
Әлеуметік философияның үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі
болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек
бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін
қалыптастыра отырып, бір нәрсе ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық
ерекшеліктерімен айрықшаланады.
Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін
пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішіне белгілі
дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді:әлеуметтік философия, біріншіден,
танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетінтәрбиелейді;
екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір құндылық
бағдарларын тәрбиелейді, қалыптастырады.
Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы
әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына
қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.
Сонымен, әлеуметтік философия, ең алдымен Тарихтағы қоғамдық болмыстың
онтологиялық негіздерін зерттеумен айналысатын философиялық білім бөлігі.
Адамдардың қоғамдық өмірі де, яғни экономикалық, саяси, мемлекеттік-
құқықтық және әлеуметтік-мәдени өмірі де, ең алдымен Тарих ағымында өтеді.
Ол біздің әлеуметтік болмысымыздың ерекше үйі. Қоғамдық өмірдің
заңдылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәні мен мақсаты туралы барлық
сұрақтар – бұл біздің тарихи болмысымыздың мәні, заңдылықтары, логикасы
туралы сұрақтар. Осы Тарихта және тек Жерде ғана адамдар өз болмысының
негізін жаратады, ол туралы ойды дамытады және барлық методологиялық
мәселелерді қарастырады. Оның үстіне бұл ілімдер, концепциялар,
көзқарастар өздерінің қандай да бір тарихи уақыт кезеңдеріне
жатқызылғандықтарынан және олардың өткінші, өзгеруші сипаттарына орай
белгілі бір тарихи өлшемге ие болады. Сондықтан да егер тарих философиясы
бойынша лекцияларында айтылған, философия – оймен ұсталып қалған дәуір
дейтін Гегель пікірін назарға алар болсақ, онда бұл пікір ең алдымен
әлеуметтік философияға өте сәйкес келер еді.
Кез келген философиялық білімнің метафоралық білім екендігін ескерте
кетейік.
Метафора деген не? В.И. Дальдің Түсіндірме сөздігі метафораны бөтенше
сөз деп түсіндіреді.
Әлеуметтік нақтылықты зерттей отырып, философия адамдар әлемінде жүріп
жатқан нәрселерді адекватты сөзбен, ұғымдық-категориялық тілмен бкйнелеуге
ұмтылады. Тарихи тұрғыда бұл басым метафоралар өзгеріске түсіп отырады.
Гегель дәуірінде әлеуметтік өмір заңдылықтарын білдіретін Сөз, халықтар
рухы, еркіндік ұғымдарымен байланысты болды. Маркс үшін қоғамның тарихи
дамуы мәнін бейнелейтін метафора қоғамдық-экономикалық формация ұғымы
болды. Қазіргі әлеуметтік философияның негізгі метафоралары қатарына
мәдениет, өркениет, этнос, менталитет, құндылықтар ұғымдарын
жатқызуға болады. Қазіргі әлеуметтік философия негізінен мәдениет
философиясы болып табылады.
Мұндай сапада ол өзінің өткен дамуы, принциптері мен методологиясы
тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірдің барлық өзекті мәселелерін
талдап, шешуге ұмтылады. Қазіргі бағдардағы өзгерістерді ескере отырып,
әлеуметтік философия өзінің методологиялық құмарлығын заманға бейімдеп,
төзімділігімен көзге түседі.
Әлеуметтік философия қоғамның оның дамуының философиялық-методологиялық
теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық
құбылыстарды, процестерді зерттеп талдағанда оның негізгі мәселесін шешу
тұрғысынан қарайды. Ал, социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп,
талдау біртұтас, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін- өзі қозғаушы,
өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап,
арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным
Таным теориясы мәселелері
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия пәні
Диалектика және таным теориясының негіздері
Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі
Диалектика-таным теориясы
Танымның объектісі - қоршаған орта
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Танымның философиялық тұғырнамалары
Пәндер