Қоғамның -экономикалық саласының философиялық мәселесі


Қоғамның -экономикалық саласы
1. Қоғамның экономикалық саласының философиялық мәселесі
2. Материалдық қоғам дамуының негізі.
3. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы. Формацияның негізгі элементтері. Базис және қондырма, олардың диалектикасы.
1. Қоғамның экономикалық саласының философиялық мәселесі
Қоғам өмірі - алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық.
Қоғамдық-экономикалық формацияның негізгі элементтерінің құрылымын, оның мәнінің негізін, сапалық өзгешелігін сипаттау үшін, негізгі, шешуші қатынастарды негізгі емес, туынды қатынастардан айыру қажет.
Қоғамдық - экономикалық формациялар деген не? Ол - өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бр құбылыс. Өйткені тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан тұрады, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін әлеуметтік-экономикалық формация дейміз.
Қоғамдық-экономикалық формация - қоғамның тарихи типі, ол белгілі бір өндіріс әдісіне негізделеді және адамзаттың дүниежүзі тарихының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, құл иеленушілік құрылыс, феодализм және капитализм құрылыс ормациясына қарай дамуының сатысы болып табылады.
Қоғамдық-экономикалық формация біріншіден, тарихтың бір кезеңін өзгелерінен айыра білуге және «жалпы қоғам» туралы пайымдаулардың орнына белгілі бір формациялардың шеңберінде тарихи оқиғаларды зерттеуге мүмкіндік береді; екіншіден, өндіріс дамуының деңгейлес сатысында болып отырған әртүрлі елдердің (мысалы, капитал. Англия, Франция, ГФР-дің, АҚШ-тың ) жалпы және елеулі ерекшеліктерін ашып көрсетуге, олай болса, зерттеуде жалпы ғылым қайталанбайтын өлшемдерді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл өлшемдерді қоғамдық ғылымға қолдануды субьективистер теріске шығарады; үшіншіден, қоғамды-қоғамдық құбылыстардың (семьяның, мемлекеттің, шіркеудің) жай ғана жиынтығы, ал тарихи процесті-әртүрлі факторлардың (табиғи жағдайлардың немесе оқу-ағарту ісінің, сауданы дамытудың немесе данышпан адам тууының және т. б. ) ықпалының нәтижесі деп қарастыратын эклетикалық теорияларға қарама-қарсы, қоғамдық-экономикалық формация ұғымы адамзат қоғамын, оның дамуындағы әрбір кезеңінде барлық қоғамдық құбылыстарды олардың табиғи бірлігін және өндіріс әдісі негізіндегі өзара іс-қимылын қоса қамтитын біртұтас «әлеуметтік организм» ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Ол ұғымды дүниеге әкелген Маркс емес. Құлдық қоғам, феодалдық қоғам, капитализм, тіпті социализм ұғымдары Маркске дейін болған. Маркс олардың олардың тек ғылыми даму заңдылығын көрсетті, сырын ашты. Бір формация екінші формациямен қалай алмасып отырғанын көрсетті. Оның негізі өндіріс тәсіліне жатыр. Олай болса, олардың өзгеріп, дамуының обьективті заңдылықтары бар деді. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Бірақ Маркс баласы даму тарихын оған дейінгі белгілі бес формациямен ғана шектеді. Жаңа пікір қоспады. Мұнысы өмірге де, диалектикаға да қайшы еді.
2. Материалдық өндіріс - қоғам дамуының негізі. Өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы
Өндіріс - өмірге қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатында адамдардың табиғатты түрлендіруін сипаттайтын адам мен табиғат арасындаға зат алмасуын бейнелейтін ұғым. Қажетін тек табиғи өнімдер арқылы қанағаттандыратын жауарлардың адамдардың артықшылықғы өмірге қажет нәрселердің бәрін-тамақ, киім, тұрғын үй және тағы басқаларды өздері өндіреді. Осылай өндіріс адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларына ортақ адамзаттың өмір сүруінің табиғи, қажетті шарты болып табылады.
Кез келген затты өндіруге үш нәрсе қажет, оны жасауға жұмсалатын формаға келтіру үшін қолданылатын еңбек құралдары, адамның мақсатты қызметі, оның еңбегі. Материалдық игіліктерді өндіру кезінде адамдар үнемі бірлесіп қызмет істейді және олар бір-бірімен өзара байланыста, қоғамдық қатынаста болады, сондықтан материалдық игіліктер өндіру әрқашан қоғамдық өндіріс блып табылады.
К. Маркс қоғамдық өндірісті бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы материалдық игіліктер өндірісі мен руханибайлықтар өндірісінң бірлігі, жиынтығы ретінде қарастырылады. Мұнда материалдық игіліктер өндірісті қоғам дамуының басты, шешуші күші мен рухани байлықтар өндірісінің негізі болып табылатындығын зерттеп, дәлелдеп берді. Материалдық игіліктер өндірісіне екі түрлі қатынастар тән: өндіргіш күштер - адамның табиғатқа үстемдік ету дәрежесін бейнелейді (бұл өндіріс процесінің мазмұнын көрсетеді) ; өндірістік қатынастар материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастарды бейнелейді (материалдық өндіріс процесінің қоғамдық сипатын көрсетеді) . Бұл екі жақтың өзара қарым-қатынасы өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму дәрежесіне сәйкес келу заңымен анықталады. Өндіріс белгілі бір тарихи өндіріс тәсілі ретінде өмір сүреді. Өндіріс дегеніміз - кез келген өндіріс тәсіліне тән кейбір жалпылама сәттердідаралауға және сипаттауға мүмкіндік беретін абстракция. Өндіріс өндірілгенді бөлумен, айырбастаумен, тұтынумен тұтас бірлікте.
Өндіргіш күштер- тарихи процестің негізгі және анықтаушы дерегін білдіретін тарихтағы материалистік ұғынудың басты категорияларының бірі. Өндіргіш күштердің қызметі тек қоғамға қажет материалдық игіліктерді өндірумен ғана шектелмейді, себебі қатынастармен бірге олар - қоғам мен табиғат арасындағы обьективті материалдық қатынастардың сипатын, яғни өндіріс процесінде адамдардың қоғам мүддесіне сай табиғатты игеру дәрежесін бейнелейді. Өндіргіш күштер бір-бірімен өзара тығыз байланысты еңбек пен жанды еңбектің бірлігі, яғни табиғат заттарынан адамның өскелең талап-тілектерін өтеуге қажет материалдық игіліктер, өндірілетін өндірістің заттай және жеке элементтерінің жиынтығы болып табылады.
Өндірістік қатынастар - адамдардың материалдық өндіріс процесіне араласатын және обьективті экономикалық, әлеуметік заңдардыңөмір сүруінің негізі болып саналатын, адам санасынан тыс материалдық қатынастарды бейнелейтін ұғымдарының бірі. Өндірістік қатынастардың жұмыс істеуі мен дамуы жөніндегі заңдарды ашу марксизмге ғылыми критерийге жауап беретін қоғамға деген көзқарастар жүйесін нақтылауға мүмкіндік берді.
Қоғамның дамуының қозғаушы күштері - қоғамның өмір сүруі мен әрекет етуін қамтамасыз ететін мәнді, қажетті, ұзақ ықпал ететін себептері. Тарихты қате тұрғыдан түсінушілер қоғам дамуының қозғаушы күштерін идеалдық талаптануға, адамдардың тарихи қызметінің табиғатынан, сыртқы ортадан, табиғаттан тыс немесе иррационалдық күштерден, түрлі факторлардың механикалық қиыстандыруынан көреді. Тарихты диалектикалық негізде түсінетін ойшылдар саяси және руханилыққа қатынасында қоғамның дамуының қозғаушы күштердің алғашқылығын және анықтаушы сипатын, сонымен бірге саяси мен руханилықтың белсенділігін, шартты дербестігін дәлелдеп берді, тарихтың шешуші қозғаушы күші ретінде халық бұқарасының рөлін ашып көрсетті.
Қоғамның қозғаушы күштері жөніндегі мәселенің принципті маңызы бар. Өйткені, бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дамуының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Ғылыми философияда халық бұқарасы қоғамның бірден-бір нақтылы жасампаз, ілгері бастырушы қозғаушы, өндіруші, материалдық және рухани игілікті жасап, әлеуметтік болмыс жағдайларын туғызушы, қоғамды өзгертуші күш деп саналады.
Әр түрлі құқылық жағдайларға қарамастан, халық бұқарасының негізін таптық қоғамдарда еңбекші бұқара (құл иеленушілік қоғамда - құлдар, феодализмде - жартылай бостандығы бар шаруалар мен ұсақ қолөнершілер, капиталистік қоғамда - жұмысшы табы, шаруалар, ұсақ қолөнершілер, еңбекші интеллигенция) құрайды. Еңбекші бұқара жалпы халық бұқарасыныңең ұйымдасқан белсенді бөлігі. Өйткені, ол барлық қозғалыстың ең белсенді жақтаушысы болады.
Қоғам дамуының қозғаушы күштері қатарына қоғамдық қайшылықтар, оны шешуге бағытталған әлеуметтік субьектілердің прогрессивті қызметі, ондай қызметтің (мұқтаждық, мүдде) түрткі болған күштері жатады. Құрылымды - функционалдық аспект тұрғысынан қоғам дамуының қозғаушы күштері табиғи (демографиялық және географиялық) және қоғамдық факторларға бөлінеді; қоғамдық фактор материалдық - экономикалыққа, әлеуметтікке, саяси және руханилыққа, обьективті және субьективтілікке жіктеледі. Басты жалпы тарихтық қозғаушы күш - материалдық өмірдің өндіріс тәсілі.
Қоғамның даму процесі, оның жоғары қарай ілгері бсуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама-қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқынды секірістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтың жиынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы-тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған. Мысалы, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштер дәрежесіне және сипатына сәйкес келу заңының негізінде экономикалық қайшылықарды шешу өндірісті дамытуға әсер етіп қана қоймай, басқа да барлық қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды өзгертуге ықпал жасайды.
Құл иеленушілік формация неге құлады? Оған құлдардың ынтасы төмен болып, қоғамның даму қарқының бәсеңдеуі себеп болды. Өйткені құлдар өз жұмысынан қанағат алмады. Олар тек сөйлей білетін құрал-саймандарға теңгерілді. Казармалық деп аталған социализм неге күйзеліске ұшырады? Ол да сондай. Өндірістегі жұмысшылар, ауыл селодағы шаруалар өз еңбегінің тиімді нәтижесін көрмеді. Олардың жалақысы ұжымның жұмыс нәтижесіне тікелей байланысты болмады. Жұмысы өнімді ме, әлде жоқ па-айлық ақы оған қарамастан белгіленген мөлшермен кедергісіз жүріп жатты. Бұл жағдай тіпті өнім шығармай-ақ жұмыс істемей-ақ жалақы алатын алаяқтарды туғызды. Қоғамдық меншік, байлық талан-таражға түсті, даму процесі қайырлады. Сондықтан қоғамға түбегейлі әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер қажет болды. Соның түрлі жолдары іздестірілуде. Онсыз қоғам тұйыққа тіреледі. Сөйтіп, қоғамды ғылыми тану, оның даму заңдылықтарын ашу - оны көрегендікпен басқарудың бірден-бір негізі. Әлеуметтік философия бізге осыны үйретеді. Ал халық бұқарасы, оның ревволюциялық практикасы болса, ол қоғамды өзгертудің, жаңа өмір, қолайлы қоғам құрудың алуан түрлі атқаратын қызметтің әр уақытта негізгі, қозғаушы күші болып қала береді. Әрине, халық бұқарасы барлық жағдайда бірдей болмағандықтан, бұл белгілер оның әр түрлі элементтеріне бірдей тиісті емес, бірақ бұл элементтер оның жалпы жиынтығы емес, бірақ оның жалпы жиынтығына тән.
Материалдық - экономикалық мүдде (қажеттілік) - адамдарда қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен олардың материалдық қажеттерінің арасындағы байланысты бейнелейтін, оларды іс-әрекетке құлшындыратын қозғаушы факторларды іздестіру. Капиталистік қоғамда жеке меншік капиталистер мен жалдама жұмысшылардың экономикалық мүдделер арасында қарама-қайшылықты туғызады. Бірақ үстем таптар ол қайшылықтарды бәсеңдетудің түрлі жолдарын іздестіруде. Социализм кезінде өндіріс саласында істейтін қызметкерлер жасаған болғандықтан, әрбір еңбеккер қоғамдық өндірістің нәтижесіне бірдей мүдделі болуға тиіс дедік, бірақ ол принцип іс жүзіне аспай келді. Сонымен қатар, барлық қоғамның әрбір кәсіпорынның, жеке қызметкерлердің мүдделері бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Кәсіпорындарда өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі басқару, аксионерлік тәртіпке көшу әрбір еңбеккерді материалдық жағынан ынталандыру арқылы жүргізіледі. Экономикалық-жігерін арттыратын тауарлы ақша қатысың әркімнің өз қолындағы жеке меншігі екенін өмір көрсетуде.
Қоғамда материалдық-экономикалық мүдделерден басқа рухани мүдделер де бар. Рухани мүдделер - қоғамның эстетикалық, адамгершілік, діни мүдделері - оның білімге, мәдениетке, оқуға ұмтылуы. Материалдық және рухани мүдделер бір-бірімен тығыз байланысты болып, олар бір-біріне ықпал етеді. Кейде рухани мүдделердің де дамуы барысында материалдық мүдделерден артта қалып қоюы, не одан озып кетуі де мүмкін. Сондықтан рухани мүдденің дамуы көкейтесті мәселе болып есептеледі.
Қоғам табиғаттың бір бөлігі болған соң ол да обьективтік заңдылыққа бағынады. Бірақ қоғам саналы адамдар қауымдастығы болғандықтан оның дамуына субьективтік факторлар екпінді әсер етеді. Ол қоғам дамуын не тездетеді, не баяулатады, тіпті басқа жаққа бетін бұрып та жібереді. Бұл қоға заңдылықтарын жоққа шығармайды, тек оның ерекшелігі ретінде қаралады.
Өз жағдайларына қарай мүдделер жеке және қоғамдық болып бөлінеді. Олардың бір-бірімен қатысы диалектикалық жекелік, өзгешелік қажеттерге сәйкес пе, жоқ па, ақыл-парасатты ма әлде басқа ма, болып бөлінеді. Әрине, мүдделердің бұлай бөлінуі мәңгілік емес, шартты. Мүдделердің қалыптасу барысында іштей қайшылықтар да болады, өйткені олар қоғамның сапалық өзгеруіне және тарихи жағдайларға байланысты. Олардың дамуында да өсу, жоғарылау, не басқа да сарындары болады.
Мүдделердің өзгеру негізіне обьективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Сондықтан мүдделердің де жоғарылау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы күшіне енеді.
Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүделеррі арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта-ықыласы, көзқарастары жүзеге асырылады. Қоғамдағы қалыптасқан немесе етек алған қайшылықтар қалай шешілуі керек, ол үшін қандай әдіс-айла қолдану керек, бұлардың бәрі қоғамдық ынта-ықыласта бейнеленеді. Мүдделер мен ынта-ықылас, көзқарас арасында тығыз байланыс бар. Қоғам неғұрлым жоғры дамыған сайын ондағы сан салалы прогресті күрделендіру арқылы ауқымды ілгерілеу бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субьективті факторларға тікелей байланысты екенін байқаймыз.
Формацияның негізгі элементтері. Базис және қондырма, олардың диалектикасы.
Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін белгілі бір қажетті қатынастарды жасайды. Сол қатынастардың негізгісі - өндірістік қатынастар. «Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы - дейді Маркс, - қоғамның экономикалық құрылымының реалдық базисі болып табыладв, заңды және саяси қондырма осыған негізделеді және оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді». Осыдан келіп, «базис» және «қондырма» деген ұғымдар тындайды.
Базис - қоғамның өндіргіш күштерінің белгілі бір даму сатысына сәйкес келетін, экономикалық құрылымы, өндірістік қатынастардыңжиынтығы. Базис -экономикалық формацияның басты сипаты, қыры, түп тамыры. Оның негізі - меншікке қатынас. Меншік бар жерде қоғам бар, қоғам бар жерде формация, базис, оның қорғаушысы - қондырма өмір сүреді.
Базис өндіргіш күштердің сипатына сәйкес өзгеріп отырады. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда экономикалық базистен басқа техникалық базисте бар. Ол белгілі бір өндіргіш күштерді ұйымдастырудағы өндіріс құралдары мен адамдардың өндірістік-техникалық қатынастарының жиынтығын құрайды. Әрбір жаңақоғамды құрудың басты міндеті-өзіне қажетті әрі сәйкес материалдық-техникалық базисті жасау болып табылады. Техникалық бизнес - қоғам дамуының өлшемі, бірақ ол қоғамның әлеуметтік сипатын анықтай алмайды.
Егерде техника белгілі бір өндірістік қатынастарға еніп, жұмыс істесе, сонда ғана ол әлеуметтік рөл атқарады, бірақ ол өндірістік қатынастарсыз жеке-дара болмайды. Батыс идеологтары, технократиялық концепцияның өкілдері: Р. Арон, Д. Белл, У. Ростоу, З. Бжезинский техниканы өзінше ерекше белгілі бір өндірістік қатынастар жүйесінен, тіпті қоғамнан бөлек тұрған, әлеуметтік процесс ретінде қарастырады. З. Бжезинскийдің пікірінше, техника өз дамуында ішкі логикалық заңына ғана бағынады. Ол әлеуметтік прогресті адамның мінез-құлқын, қоғам мұраттарын анықтаушы, оны ілгері бастыратын фактор ретінде қарастырмайды. Оның ойынша, экономика қоғам өмірінде шешуші басты рөл атқармайды, социологтар техниканы сыңаржақ әсірелеп, қоғамның материалдық іргетасы болып табылатын экономикалық қатынастардың маңызын жоққа шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz