Бұлшықеттердің жіктелуі



1. Дененің екіжақты симметрия принципі бойынша құрылуына сәйкес бұлшықеттер жұп болады немесе екі симметриялы жартыдан тұрады (мысалы, m. trspezius).
2. Құрылысы сегментті тұлғада көптеген бұлшықеттер (қабырғааралық. Омыртқалардың қысқа бұлшықеттері) сегментті болып келеді немесе материяның іздерін сақтайды (тік іш бұлшықеттері). Іштің жалпақ бұлшықеттері сүйекті сегменттердің - қабырғалардың редук-циялануы себепті сегменттік қабырғааралық бұлшықеттерден тұтас құрастыруға айнала қосылып-бірігуінен түзілген.
3. Бұлшықет қозғалысы екі пункт арасындағы (punctum fixum et punctum mobile) ең төте қашықтық болып табылатын түзу сызық бойымен жалғасатындықтан, бұлшықеттердің өздері де осы нүктелер арасындағы ең қысқа қашықтық бойымен орналасады. Сондықтан бұлшықеттің беку нүктесін, сондай-ақ бұлшықет жиырылғанда қозғалмалы пункт озғалмайтын пункте тартылатынын біле отырып, осы бұлшықет қозғалысының қай жаққа қарай жасалатынын және оның қызметін әруақытта алдын ала айтуға болады.
4. Бұлшықеттер буын арқылы асып өтіп, айналу біліктеріне белгілі бір қатынаста болады, бұлшықеттердің қызметі осыған байланысты.
Көбіне бұлшықеттер өздерінің талшықтары немесе олардың күшін теңдестіруші арқылы әруақытта буындағы өзі айнала қозғалатын білікті шамамен тік бұрыш жасай айқастырады. Егер фронталды білігі бар бірбілікті буында бұлшықет вертикалды, яғни білікке перпендикулярлы жатса, онда ол бүгу қозғалысын, flехіо (қимылдаушы бөліктер арасындағы бұрышты кішірейту) жасайды. Егер бұлшықет вертикалды, бірақ жазғыш жағында жатса, онда ол жазу, ехtensio (толық жазылғанда бұрыштың 180° дейін үлкеюі), қозғалысын жасайды.
Буында басқа горизонталды білік (сагитталды) болған жағдайда екі бұлшықет - антагонистері күшінің теңестірушісі де осылайша орналасып,

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ.
1. Дененің екіжақты симметрия принципі бойынша құрылуына сәйкес
бұлшықеттер жұп болады немесе екі симметриялы жартыдан тұрады (мысалы,
m. trspezius).
2. Құрылысы сегментті тұлғада көптеген бұлшықеттер (қабырғааралық.
Омыртқалардың қысқа бұлшықеттері) сегментті болып келеді немесе
материяның іздерін сақтайды (тік іш бұлшықеттері). Іштің жалпақ
бұлшықеттері сүйекті сегменттердің - қабырғалардың редук-циялануы себепті
сегменттік қабырғааралық бұлшықеттерден тұтас құрастыруға айнала қосылып-
бірігуінен түзілген.
3. Бұлшықет қозғалысы екі пункт арасындағы (punctum fixum et punctum
mobile) ең төте қашықтық болып табылатын түзу сызық бойымен
жалғасатындықтан, бұлшықеттердің өздері де осы нүктелер арасындағы ең қысқа
қашықтық бойымен орналасады. Сондықтан бұлшықеттің беку нүктесін,
сондай-ақ бұлшықет жиырылғанда қозғалмалы пункт озғалмайтын пункте
тартылатынын біле отырып, осы бұлшықет қозғалысының қай жаққа қарай
жасалатынын және оның қызметін әруақытта алдын ала айтуға болады.
4. Бұлшықеттер буын арқылы асып өтіп, айналу біліктеріне белгілі бір
қатынаста болады, бұлшықеттердің қызметі осыған байланысты.
Көбіне бұлшықеттер өздерінің талшықтары немесе олардың күшін
теңдестіруші арқылы әруақытта буындағы өзі айнала қозғалатын білікті
шамамен тік бұрыш жасай айқастырады. Егер фронталды білігі бар бірбілікті
буында бұлшықет вертикалды, яғни білікке перпендикулярлы жатса, онда ол
бүгу қозғалысын, flехіо (қимылдаушы бөліктер арасындағы бұрышты кішірейту)
жасайды. Егер бұлшықет вертикалды, бірақ жазғыш жағында жатса, онда ол
жазу, ехtensio (толық жазылғанда бұрыштың 180° дейін үлкеюі), қозғалысын
жасайды.
Буында басқа горизонталды білік (сагитталды) болған жағдайда екі бұлшықет
- антагонистері күшінің теңестірушісі де осылайша орналасып, сагиталды
білікті буын бүйірлері бойымен айқастыруы керек (кәрі жілік-білезік
буынындағы сияқты). Бұл жағдайда, егер бұлшықеттер немесе олардың
теңдестірушісі сагтитталды білікке перпендикулярлы және одан медиалды
жатса, онда олар ортаңғы сызыққа әкелу, adductio, қозғалысын, егер
латералды жатса, онда одан әкету, abductio қозғалысын жасайды. Ақырында,
егер буында тағы да " вертикалды білік болса, онда бұлшықеттер оны
перпендикулярлы немесе қиғаш қиып өтіп, ішке қарай (қол-аяқтарда -
pronatio) және сыртқа қарай (қол-аяқтарда - supinatio) айналу қозғалыстарын
жасайды. Сөйтіп, буында қанша айналу білігі барын білсек, қызметі жағынан
қандай бұлшықеттер болатынын және олар буын айналасында қалай орналасатынын
айта аламыз. Бұлшықеттердің айналу біліктеріне сәйкес орналасуын білудің
практикалық маңызы бар. Мысалы, егер фронталды біліктің алдында жатқан
бүккіш бұлшықетті артқа ауыстырсақ, онда ол жазған бұлшықет сияқты қызмет
атқара бастайды, бұны жансызданған бұлшықеттердің қызметін толықтыру үшін
сіңірлерді ауыстырып салу операцщларын жасағанда пайдаланады.
Бұлшықеттердің жіктелуі. Сансыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуық)
пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болады. Пішіні жағынан
бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп беледі. Ұзын бұлшықеттер
қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяқтарда
кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі
қарынша, venter бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті -
басы, саput, ал екінші шеті – құйрық, саuda деп аталады. Ұзын
бұлшыкеттердің сіңірі - tendо, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.
Ұзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен (көпбасты) басталады,
бұл олардың тірегін күшейтеді. Екібасты, biceps, үшбасты, triceps және
төртбасты, guadriceps, бұлшықеттер болады. Әр текті немесе бірнеше
миотомдардан дамыған бұлшықеттер қосылып-тұтасқанда олардың арасында аралық
сіңірлі дәнекерлер, intersecciones tendineae қалады. Мұндай бұлшықеттердің
(көпқарыншалы) екі (мысалы, m. Rectus abdominis) немесе одан көп (мысалы,
m. Rectus abdominis) қарыншалары болады. Бұлшықеттер аяқталатын сіңірлердің
саны да өзгеріп отырады. Мәселен, қол мен аяқтың бүккіш және жазғыш
бұлшықеттерінде бірнешеден сіңір (4-ке дейін) болады, сол себепті бір
бұлшықет қарыншасының жиырылуы бірден бірнеше саусаққа қозғалу эффектісін
беріп, сол арқылы бұлшықеттер жұмысын үнемдеп жасауға қол жетеді.
Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның жалпақ сіңір
немесе апоневроз, aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады.
Бұлшықеттердің басқа пішінділері де болады: шаршы (m. quadratus),
ұшбұрышты (m. triangularis), пирамидалық (m.pyramidalis), дөңгелек (жұмыр)
(m. teres), дельтатәрізді (m. deltoideus), (m. serratus), қамбалатәрізді
(m. soleus) және т.б.
Талшықтардың атқаратын қызметіне байланысты бағыты бойынша талшықтары тік
параллелді (m. rectus), қиғаш (m. obiguus) көлденең (m. transversus),
дөңгелек (m. orbicularis), орналасқан бұлшықеттер болады. Соңғы бұлшықеттер
тесікті қоршап тұратын қысқыш немесе сфинктер түзеді. Егер қиғаш талшықтар
сіңірге бір жағынан байланысатын болса, онда бір қауырсынды бұлшықет
түзіледі. Талшықтардың сіңірге ерекше қатынасы жартылай сіңірлі (m.
semitendinosus) және жартылай жарғақты (m. semimembrsnosus) бұлшықеттер де
байқалады.
Бұлшықеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар (extensores),
әкелушілер (ratatores), әкетушілер (pronatoros), айналдырушылар
(ratatores), ішке (рrоnatores) және сыртқа қарай айналдырушылар
(supinatores) деп бөлінеді.
Бұлшықеттер буындарға (бір, екі немесе бірнешеу) қатынасы бойынша бір,
екі немесе көпбуынды деп аталады. Ұзындау келетін көпбуынды бұлшықеттер
бірбуынды бұлшықеттерге қарағанда беткей орналасады. Орналасу жағдайына
қарай бұлшықеттер беткей және терең, сыртқы және ішкі, латералды және
медиалды деп бөлінеді.

ЖЕКЕ МИОЛОГИЯ
Арқа бұлшықеттері

Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының
дорсалды бөлімдерінен пайда бодған аутохтонды бұлшықет жиынын құрайды,
оған бастан (висцералды) және қолдан арқаға (трункопеталды) ауысқан
бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі - беткей және терең -
қабат болып орналасады (121, 122— суреттер).

Беткей бұлшықеттер.
1. Иық беллеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер: а) желбезек текті
трапеция тәрізді бұлшықет: тұлғаға бастан ауысқан, сондықтан XI бассүйек
нервімен m.accessorius нервтендіріледі; ә) арқаның аса жалиақ,
бұлшықеті трункопеталды: тұлғаға қолдан ауысқан, сондықтан иық өрімімен
нервтендіріледі; б) m. levator scapulae және m.rhomboideus, трункофигулды;
тұлғадан иық белдеуіне ауысқан, иық өрімінің қысқа тармақтарымен
нервтендіріледі.
2. Қабырғаларға бекитін бұлшықеет бұлардың екеуі де тұлғаның кейін қарай
ығысқан
венгралды бұлшықеттерінің туындылары. Олар бассүйск нервтерінің алдыңғы
тармақтарынан нервтендіріледі.
3. Терең бұлшықеттер. Филогенез үрдісінде біліктік қаңқаны қамтамасыз
ететін бұлшықеттер, қаңка сияқты бірінші пайда болады, сондықтан адам
онтогонезінде де олар бәрінен бұрын пайда болады және қарапайым құрылысын
сақтап, тереңде жатады. Олар шығу тегі
жағынан былайша бөлінеді:
1. Миотомдардың дорсалды бөлімдерінен пайда болған, сондықтан жұлын
нервтерінің артқы тармақтарымен нервтендірілетін аутохтонды бұлшықеттер.
2. Жұлын нервтерінің алдынғы тармақтарымен нервтендірілетін
вентральтекті терең бұлшықеттер.
Арқаның беткей бұлшықеттері. Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін
бұлшықеттер екі қабат болып орналасады, олардың ең беткісі екі жалпақ
бұлшықеттен: трапециятәрізді бұлшықеттен және арқаның аса жалпақ
бұлшықетінен тұрады.
1. Трапециятәрізді бұлшықет, т.trapezius. Ол шүйдеге дейін арқаның
жоғарғы бөлігін алып жатады және ұшбұрыш пішінді келеді. Трапеуиятәрізді
екі бұлшықетті қоса алғанда трапеция пішіні түзіледі, бұлшықеттің аты
осыдан шыққан. Бұлшықет барлық кеуде омыртқалылардың қылқанды
өсінділерінен, lig. nuchae және шүйде сүйектің linae nuchae superior-нан
басталады. Оның жоғарғы талшықтары төмен түсіп, бұғананың
акромиалды шетіне бекиді, ортаңғы талшықтар горизонталды жүріп,
acronmion-ға барады, ал төменгілері жоғары көтеріліп, латералды
бағытталып spina scapulat-ге барады.
Қызметі. Бұлшықеттің жоғарғы талшықтары иық белдеуін жоғары көтереді, бұл
кезде жауырын, қолды горизонталды сызықтан жоғары көтергендей, өзінің
төменгі бұрышымен латералды жаққа қарай бұрылады. Төменгі талшықтар
жауырынды темен түсіреді. Барлық талшықтар жиырылғанда бұлшықет иық
белдеулерін артқа және ортаға қарай тартады, бұлшыкеттер екі жағында
жиырылса, екі жауырың өзара жақындайды.
2. Арқаның аса жалпақ бұлшықеті, т. Latissinmus dorsi, өзyің жоғарғы
бөлігімен трапециятәрізді бұлшықеттің төменгі ідетінің астында
жатып, арқаның бүкіл төменгі бөлігін алып жатады. Ол соңғы төрт (кейде
бес және алты) кеуде, барлық бел және сегізкөз
омыртқаларынан, сондай-ақ мықын қырынын артқы бөлігінен, төрт тісше арқылы
төменгі төрт қабырғадан басталады. Бұл тісшелер іштің сыртқы қиғаш
бұлшықеттерінің артқы тісшелерімен кезектесіп отырады. Арқаның аса
жалпақ бұлшықетінің талшықтары басталған жерінен жоғары және латералды
түйісетін бағытта жүріп, тоқпан жіліктің crista tuberculi minoris-на
бекиді.
Өзінің басталатвш бөлігінде, арқаның аса жалпақ бұлшық еттері бел
аймағында fascia thoracolumbalis-пен қолсылып – бітіскен ауқымды апоневроз
түзеді.
Ьаіік-пен косылып-бітіскен аукымды апоиевроз түзеді.
Қызметі. Иықты жазып, пронациялайды, көтерілген қолды түсіреді. Бұлшыкет
тоқпан жілік арқылы әсер етіп, иық белдеуін де сол бағытта қозғалтады.
Бұлшықет қабырғаға бекитіндіктен, қол қозғалмай тұрған жағдайда кеуде
торын кеңейтіп, тыныс алуға, сондай-ақ тұлғаны қолға тартып, жақындатуға
(мысалы, арқанмен жоғары өрмелегенде) жәрдемдеседі. Маймылдар тұлғасын
жоғары тартып көтере алатындықтан, денесін бұтақтан бұтаққа лақтырып
жеткізе алады (қолдың көмегімен жүру-брахиация), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлшық еттер туралы ілім – Myologia
Бұлшықет ағзасы. Бұлшықеттердің жіктелуі
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Лимфатикалық түйіндердің құрылысы, жіктелісі, Лимфақұрылымы. Лимфаның қозғалуына ісер ететін факторлар. Іш, жамбас және аяқ аймақтарынан лимфаның ағуы
Адам қаңқасының құрылысы
Балалардағы бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, бронхты астма
Балалардың церебральды сал ауруын зерттеу тарихы
Тіс қатары ақауының жіктелуі
Буындардың биомеханикасы
Пәндер