Отбасы ұғымы, ата-ана құқығынан айыру жолдары


Отбасы құқығының негіздері
Отбасы құқығының ұғымы, отбасылық құқықтық қатынастың субъектілері мен объектілері туралы, сонан соң некеге тұрған кезде ерлі-зайыптыларлың құқықтық жағдайлары қандай, егер неке шарты жасалатын болса қандай тәртіппен жасалу керек, ата - аналар өздерінің ата аналық құқықтары мен міндеттерінен қандай жағдайларда айырылады деген ұғымдарға негізгі түсініктер беру.
1. Отбасылық-құқықтық қатынастар ұғымы, субъектілері мен объектілері
2. Неке ұғымы, некеге отыру, некені тоқтату және некені бұзу.
3. Отбасы ұғымы, ата-ана құқығынан айыру жолдары.
1. Отбасылық-құқықтық қатынастар ұғымы, субъектілері мен объектілері. Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз - құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды айтамыз.
Неке отбасы заңдары:
1. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тануды белгілейді;
2. Отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
3. Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4. Азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Бұл мәселелер негізінен «ҚР неке және отбасы туралы» 1998 жылғы заңымен реттеледі.
Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне мыналар жатады:
1. ерлі-зайыптылар;
2. балалар;
3. Басқа отбасы мүшлелері мен жақын туыстары;
4. Заңмен белгіленген басқа да адамдар.
Обасылық құқықтық қатынастардың объектілеріне жататындар:
1. отбасы мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;
2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою.
3. ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т. б.
Неке отбасы заңдары мына қағидаларға негізделген:
1. Еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндігі;
2. Отбасында ерлі-зайыптылар құқығының теңдігі;
3. Отбасы ісіне басқа біреулердің орынсыз араласуына жол бермеу;
4. Отбасылық мәселелерді екі жақты келісім арқылы шешу;
5. балаларды отбасында тәрбиелеу, олардың дамуына жағдай жасау;
6. Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2. Неке ұғымы, некеге отыру, некені тоқтату және некені бұзу. Неке дегеніміз - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда беогіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі негізінде жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағын айтамыз.
Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекеттік органдардың кітабына жазылады да, арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүкті болу, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және т. б. жағдайларда) неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін.
Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің екі жақты келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жастан бастап белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылға дейін төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге отырушылардың келісімімен және ата-аналардың немесе қорғаншылардың келісімімен мүмкін болады.
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұрушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Некеге отыруға мынадай жағдайларда жол берілмейді:
- бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса;
- ата тегі бойынша;
- бала асырап алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына;
- біреуі болса да сот психикалық ауыру немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар арасында.
Неке мынадай жағдайларда тоқтатылады:
- Ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініштері бойынша;
- Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаза болуы кезінде.
Әйелінің жүкті кезінде және бала дүниеге келгеннен кейін бір жыл бойы, әйелінің рұқсатынсыз некені бұзу туралы ерінің іс қозғауға құқығы жоқ.
Неке мынадай жағдайларда бұзылады:
Азаматтық хал актілерін жазу органдарына жазған ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер екінші адам:
- сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;
- сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса;
- қылмыс жасағаны үшін үш жылдан артық мерзімге сотталса бұзылады.
3. Отбасы ұғымы, ата-ана құқығынан айыру жолдары. Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Бала деп он сегіз жасқа толмаған тұлға танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz