Азаматтық құқығының негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық құқығының негіздері

Азаматтық құқығының ұғымы туралы, ол қандай принциптерге сүйенеді және жүйесі қандай, оның субъектілері мен объектілерін нақты көрсету және өкілдің әрекеттері қандай жолдармен жүзеге асырылу керектігі жөнінде негізгі түсініктер беру.

1. Азаматтық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі және принциптері

2. Азаматтық-құқықтық қатынас объектілері мен субъектілері

3. Өкілдік пен сенімхаттың түсінігі, жасалу мерзімі

Азаматтық құқық - бұл тауар- ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Азаматтық құқықтың пәні ретінде тауарлы ақшалай және қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік және мүліктік емес қатынастар болады. Жүйесі жағынан өзге құқық салалары ретінде жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқықтың принциптері:

  • Қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
  • Меншікке қол сұқпаушылық;
  • Жеке істерге кімнің де болса араласпауы;
  • Азаматтық құқықтарды кедергіссіз жүзеге асыру;
  • Нұқсан келтірілген құқықтарды қалпына келтіру;
  • Азаматтық құқықты қорғау.

2. Азаматтық-құқықтық қатынас объектілері мен субъектілері Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар.

Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.

Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.

Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т. б. жатады.

2. Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.

3. Өкілдік пен сенімхаттың түсінігі, жасалу мерзімі Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.

Өкілдіктің негізгі белгілері:

1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.

Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.

Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңының 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.

Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.

4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері. Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.

Өкілеттік туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы) ; уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т. с. с. ) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы) .

3. Сенімхаттың нысаны мен мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады.

Азаматтық сотта азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра алады. Сотта өкіл болып сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға бола алады.

Сотта тапсырма (кепіл) бойынша төмендегі тұлғалар өкіл бола алады:

1) Қорғаушы;

2) Заңды тұлға қызметкерлері;

3) Уәкілдігі бар кәсіби одақ - осы кәсіптік одақ құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын тұлғалардың, жұмысшылардың қызметкерлердің істері бойынша;

4) Сол ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға заңмен, ережемен құқық берілген уәкілетті ұйымдар;

5) Тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқық берілген уәкілетті органдар;

6) Басқа қатысушылардың уәкілеттігі бойынша қатысушы.

Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және депутаттар өкіл бола алмайды. Сотта іс жүргізу уәкілеттігі өкілге уәкілеттік беруші атынан барлық істерді жүргізуге құқық береді. Бірақ, оның талап арызға қол қоюға, талап арыздан толық немесе жартылай бас тартуға, талап мазмұнын өзгертуге, сот шешіміне шағымдануына, уәкілдікті басқа тұлғаға беруіне, сот шешімінің орындалуын талап етуіне құқығы жоқ.

Осы аталған әрекеттерді жүзеге асыру үшін оның құқығы өкілеттік берушінің сенімхатында көрсетілуі керек. Өкілдің уәкілеттігі заңға сәйкес рәсімделген сенімхатпен жасалады.

Әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың құқықтар, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері сотта олардың ата-аналарымен, асырап алушыларымен, қамқоршысылары немесе қорғаншыларымен сотта уәкілеттік құжаттарын көрсете отырып жүзеге асырылады. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың ісі бойынша өкілеттікті оның мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асырып отырған адам ала алады.

Заңды өкілдер уәкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін, уәкілдік берушіге тиесілі құқықтарды заңда көрсетілген шектеулермен жүзеге асыра алады. Заңды өкілдер сотта іс жүргізуді басқа өкілге бере алады.

Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Сенімхатты пайдалану кезінде уәкілдік және өкілетті деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдік өкілдік беруші атынан іс-әрекетуке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әреукеттерінің шеңбері болып табылады.

Өкілеттіктің сипатына қарай сенімхаттар бір рет қолдануға жарамды, яғни бір ғана мәміле жасасуға немесе бір ғана әрекет жасауға арналған (мысалы, бір ғана айдың айлық ақысын алу) ; біртекті мәмілелер жасауға арналған арнайы (мысалы, шикізат сатып алу) ; немесе ұзақ уақыт бойы бір ғана әрекетті жасауға арналған (мысалы, заңды тұлға атынан шарт жасау) ; негізгі - белгілі бір аумақта барлық заңды әрекеттерді жасау немесе заңды тұлғаның филиалындағы мүлікті басқару үшін арналған; әмбе-бап (универсалды) - сенім берушінің барлық құқықтарын жүзеге асыру үшін арналған деп бөлінеді. Сенімхат үшінші жақпен құқықтық қатынасқа түспей-ақ сенім берушінің мүлкін пайжалануға және билік етуге берілуі мүмкін (мысалы, автомобильді басқаруға сенімхат беру) .

Сенімхаттарды заңды тұлғалар мемлекеттік органдар жүргізген коммерциялық, инвестициалық тентерлері, аукциондар және мемлекеттік меншіктегі объектілерді және мемлекеттік акция пакетін сату кезінде кеңінен қолданады. Заңды тұлғалардың өкілдері осы мәмілелердің қатысушылары ретінде тіркелу үшін құрамында өкілеттігін растайтын сенімхат бар құжаттар тізімін көрсетулері қажет.

Коммерциялық сферада сенімхатты қолдану үшін екі жағдайға көңіл бөлу қажет.

Біріншіден, сенімхатта сенім беруші мен өкілдікті алушы туралы мәліметтер толық көрсетілуі қажет (азаматтардың толық аты-жөні немесе заңды тұлғалардық толық атауы), берілген уақыты, тұлғалардың қолы, екіншіден, сенімхатта өкілдің өкілеттігі анық көрсетілуі тиіс.

Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады.

Нотариалды куәландырылған сенімхаттарға төмендегі сенімхаттар теңестіріледі:

1) Госпитальда, санаторияларда және тағы басқа әскери емделу орындарында жатқан әскери қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың, осы госпитальдағы, санаторидегі және басқа да әскери емделу орындарының басшылары, медицина бөлімі бойынша орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлер куәландырған сенімхаттары;

2) Нотариалды қызмет жасайтын мемлекеттік нотариалды кеңселердің немесе басқа да органдары жоқ әскери бөлімдердің, мекемелердің және әскери оқыту бөлімдерінің әскери қызметкерлерінің және олардың жанұя мүшелерінің осы бөлім, мекеме басшылары немесе начальниктері куәландырған сенімхаттары;

3) Бас бостандығынан айрылғандардың мекеме басшысы куәландырған сенімхаттары;

4) Осы мекеме басшылары куәландырған тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмлетке толған әрекет қабілеттігі бар азаматтардың сенімхаттары.

Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын жергілті басқару орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz