Аэрофототүсіріс негіздері


Жоспары
Кіріспе
1. Аэрофототүсіріс негіздері.
2. Аэрофотосуреттердің геометриялық қасиеттері.
3. Аэрофототүсірісті жасау.
4. Аэросуреттерді дешифрлеу.
5. Геологиялық дешифрлеудің ерекшеліктері.
Қорытынды
Кіріспе
Аэрофототүсіріс негіздері. Ұшатын аппараттардан жер бетін фотографияға түсіру материалдарын пайдалана отырып, карта немесе план жасау үшін орындалатын жұмыстар жиынтығы аэрофототүсіріс болып саналады. Қазіргі кезде аэрофототүсіріс 1:5000 және одан ұсақ масштабтарға топографиялық карталарды жасаудың негізгі әдісі болып отыр; оны жерге орналастыруда, инженерлік зерттеу, геологиялық барлау жұмыстарында және т. с. с. кең қолданады.
Топографиялық карталардың түпнұсқаларын жасауда қолданылып жүрген әдістеріне қарай аэрофототүсіріс құрама және стереотопографиялық болып екі түрге бөлінеді.
Құрама аэрофототүсірісте картаның контур бөлігін көбінесе аэрофототүсірістің материалдарын ғылыми өңдеу арқылы жасайды, ал жер бедерін фотопланға немесе фотосхемаға далада түсіреді. Осы әдісті жазық аудандарды және көбінесе ірі масштабтағы түсірістерде және де ұшудың сапасы стереотопографиялық түсірісті жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданады.
Стереотопографиялық аэрофототүсіріс - бұл аэрофототүсіріс материалдары арқылы топографиялық картаның түпнұсқасын жасауға қажетті жұмыстар жиынтығы. Құрама түсірістермен салыстырғанда осы әдісті қолданғанда далалық топографиялық жұмыстардың шамасы аз болады. Стереотопографиялық түсірісте аэросуреттерді өңдеу аспаптары жергілікті жердің моделін стереоскопиялық есептеуге негізделген.
Стереотопографиялық аэрофототүсірістің артықшылығы мынада: далалық топографиялық жұмыстарды едәуір қысқарту, түсірілетін ауданның физикалық-георафиялық жағдайына тәуелсіз жұмыстардың бірқалыпты дәлдігін сақтау, және ақырында, барлық жұмыстар циклін жыл бойына біркелкі бөлу.
1. Аэрофототүсіріс негіздері
Топографияық карталар мен пландарды аэрофототүсіріс әдістерімен жасау өзара байланысты мынадай жұмыстардан: ұшу-түсіру, далалық фотолабораториялық, топографиялық-геодезиялық жэне фотограмметриялық жұмыстарынан құрастырылады.
Ұшу-түсіру жұмыстарына ұшу-түсіргі және навигация аппаратураларын даярлау, жергілікті жерді фотографиялау жатады.
Далалық фотолабораториялық жұмыстар жанасқан аэросуреттерді алу мақсатында жүргізілетін фотографиялық өңдеуден және аэрофототүсірістің сапасын тексеруден тұрады.
Далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды аэросуретте кескінделген жергілікті жердегі нүктелердің координаталарын және биіктік белгілерін анықтау үшін орындайды. Олар фотосуреттегі жергілікті жердің кесінделген объектілерінің сипаттамаларын табудан, түсініп білуден және анықтау жұмыстарынан тұратын далалық дешифрлеуден тұрады.
Фотограмметриялық ғылыми өңдеу жұмыстарына арнайы аспаптармен далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстардың мәліметтерін пайдаланып, аэросуреттер арқылы топографиялық карталар мен пландар жасау жатады.
2. Аэрофотосуреттердің геометриялық қасиеттері
Әрбір фотосурет проекцияның орталығы арқылы өтетін тура сызықты проекциялық сәулелердің көмегімен құрылатын жер бетінің орталық проекциясы болып саналады. Геометриялық схемадан көрініп тұрғандай жер бетіндегі әрбір нүктенің А, О, В аэросуреттегі кескіні жергілікті жердегі осы нүктелерден шығатын проекциялық сәулелердің аэросуреттің жазықтығымен қиылысуынан, пайда болады. Аэросуреттің жазықтығына перпендикуляр OSo сәулесі аэрофотоаппараттың негізгі сәулесі немесе оптикалық осі болады, ал о нүктесі аэросуреттің негізгі нүктесі деп аталады; аэрофотосуреттегі оның орны суреттегі басылып шығарылған қарама-қарсы координаталық белгілерді қосатын сызықтардың қиылысу нүктесі болады. Себебі әрбір аэросурет жер бетінің орталық проекциясы, ал топографиялық карталардағы жергілікті жердің кескіні - ортогональ проекциясы болып табылады, сондықтан аэросуреттерді топографиялық карталарды жасау үшін қолданғанда бір нүктенің орталық ортогональ проекциясындағы координаталар арасындағы байланысты анықтау қажет.
Аэросуреттің бұрмалануы. Жергілікті жердегі А нүктесі шартты горизонтпен М салыстырғанда +һ салыстырмалы биіктікте орналасқан делік. А 0 нүктесі А нүктесінің ортогональ проекциясы, ал ао және а осы нүктелердің Р аэросуретіндегі тиісті орталық проекциялары болады. Бұл жағдайда аа 0 =бь қашықтығы бұрмалану болады, себебі а нүктесінің аэросуреттегі, яғни А нүктесінің шартты М горизонттан салыстырмалы биіктігі он, болғандығынан пайда болған. Жер бедері әсерінен аэросуреттің бұрмалануы шартты горизонттан теріс салыстырмалы биіктіктегі нүктелер үшін өзінің сипаты және шамасы жағынан таңбалары теріс болып табылады. Тек қана аэросуреттің бір нүктесінде п, яғни тік сызық проекциясы болатын объективтің центрі арқылы өтетін нүктеде, жер бедері әсерінен бұрмалану болмайды, яғни 6һ =0. Суреттен контурды планға немесе картаға түсіргенде нүктелердің орнына жер бедері үшін түзетулер енгізіледі. Түзетулер шамасын суреттің орта деңгей бетімен салыстырғанда, көтерілгенде суреттің негізгі нүктесінің бағытына қарай, ал төмендегенде кері бағытта енгізеді.
Аэросуреттің кескініне аэрофотоаппараттың оптикалық осінің вертикальдан ауытқуы әсерін тигізеді. Горизонталь жазықтықтан бір-біріне тең түзу кесінділер AB=BC=CO=OD алынды делік, ал аэрофотоаппараттың оптикалық осі oSO вертикальдан а бұрышына ауытқыған болсын. Жергілікті жердің осы кесінділері орталық проекцияда аэросурет жазықтығында ah, be, со және od сәйкес кесінділері болып кескінделеді; ал айда олардың өлшемдері бірдей болмайды.
Суреттің бағдарлау элементтері. Аэросуреттер арқылы карта мен планды жасау нүктелердің координаталарын анықтау үшін, тағы да басқа инженерлік есептерді шешу үшін, проекция ортасының кеңістіктегі координаталарын және де фотографиялау кезіндегі сурет жазықтығының орнын білу үшін қажет.
Аэросурет жазықтығының орнын проекциялау центрі арқылы анықтайтын шамалар ішкі бағдарлау элементтері деп аталады. Олар проекция центрінің орнын аэрофотоаппараттың фокустық қашықтығы және аэросуреттің негізгі нүктесінің тікбұрышты координаталар жүйесіндегі қарама-қарсы координаталар белгілерін қосатын түзу сызықтармен пайда болған х 0 , уо координаталары арқылы анықтайды.
Лабораториялық зерттеуде және АФА-ны жөндеуде жоғары дәлдікпен оның фокустық қашықтығын анықтайды, сонымен қатар хо, уо координаталары миллиметрдің жүздің бірнеше бөлігінен аспайтындай етіліп алынады.
Қабылданған координаталар жүйесінде аэросуреттің кеңістіктегі орнын анықтайтын шамалар сыртқы бағдарлау элементтері деп аталады. Ол: үш ұзындық және үш бұрыштық элементтен тұрады.
Жеке суретке геометриялық талдау жасағанда сыртқы бағдарлау элементтеріне мыналарды жатқызады: xs, ys, фотографиялау нүктесінің координаталары, оның ішінде проекция центрі бар; а -суреттің көлбеулік бұрышы немесе негізгі сәуленің тік сызықтан ауытқу бұрышы; А - негізгі сәуле бағытының диорекциондық бұрышы, яғни X осі мен негізгі сәуленің ХУ жазықтығындағы проекциясы арасындағы бұрыш; р - аэросуреттің іегізгі сәуле төңірегіндегі бұрылу бұрышы, яғни суреттегі негізгі вертикаль мен У осі арасындағы бұрыш.
Аэросуретті сыртқы бағдарлаудың ұзындық элементтері, яғни самолеттің ұшу биіктігі және проекция центрінің пландық координаталары радио биіктік өлшеуіш пен радио қашықтық өлшеуіш жүйелерін қолданып аэрофотографиялау кезінде анықталуы мүмкін. Бағдарлаудың бұрыштық элементтері әдетте белгісіз болады.
Фотографиялау кезінде болған сыртқы бағдарлаудың барлық элементтерін қалпына келтіру, сонымен қатар жергілікті жердің кеңістіктегі дұрыс бағдарланған геометриялық моделін алу аспаптармен немесе аналитикалық әдіспен жасалынады. Ол үшін координаталары белгілі бірнеше тірек нүктелері болуы қажет.
3. Аэрофототүсіріс жасау
Азрофототүсіріс жұмыстары авиация министірлігінің авияциялық отрядтарымен арнайы келісім шарттары арқылы жасалады, Топографиялық
аэрофототүсірісті жасау және олардың материалдын әзірлеу үшін, немесе аэрофототүсірістерді фотограмметриялық өңдеу үшін мемлекеттік геодизиялық бақылаудың территориялық инспекциясынан рұқсат алу керек. Сонымен топографиялық түсіндіреді және олардың пландық-биіктік негіздеуін орындау үшін координаталар жүйесін келісіп шешеді.
Аэрофототүсіріс процесі алдында аэрофототүсірті маршруттарының орнын, жұмыстардың мөлшері мен мерзімін белгілейді, аэрофототүсірістің негізгі параметрлерін есептеп шығарады, ұшу картасын жасайды, аэрофототүсірті және навигациялау жабдықтарының түзулігін тексереді, жергілікті жермен танысады.
Стереотопографиялық аэрофототүсіріс арнайы топографиялық аэрофотоаппараттар түрімен жүргізіледі. Аэрофотоаппараттар бір фотосуретті алуға қажетті жұмыстар циклінің ұзақтығымен сипатталады.
Қазіргі кезде АФА-да ол 1, 5-2 с-қа созылады.
Фотокамераның объективі жергілікті жерді анық геометриялық дұрыс кескіндеу үшін қолданбалы рама жазықтығында құру қызметін атқарады. Фотоаппараттың затворы фотокамераға жарықты түсірудің ұзақтығын реттейді. Қолданбалы раманың төрт жылжымайтын қабырғалары таңбалы координаталар белгілері болып саналады, олар фотосуреттің тікбұрышты координаталар жүйесін анықтайды. Қолданбалы раманың өлшемі аэросуреттің форматына сәйкес болады. АФА-ның кең таралған кадрлар форматтары 18X18, 23X23, 30X30 см.
Аэрофотоаппараттарды негізгі оптикалық осьті тік жағдайға автоматты түрде келтіру үшін гидротұрақтандыру қондырғысымен жабдықтайды. Бұдан басқа, олардың жергілікті жердің жарықталғандығына байланысты түсіру уақытын автоматтандыру үшін арнайы құрылғылары болады. Аэрофототүсіріс жұмыстарымен қатар фотографиялау биіктігін радио биіктік өлшеуіштермен және үшу биіктігінің шайқалуын статоскоппен анықтайды. Осы аспаптардың көрсетуі әрбір аэросуретті фотографиялау кезінде белгіленеді.
Аэрофотоаппараттың фокустық қашықтығын, форматтың масштабын және аэросуреттің өзара қайта беттесуін геологиялық барлау жұмыстарының әр кезеңіне, фотограмметриялық өлшеулердің қажетті дәлдігіне, жер жағдайына және аэрофотографиялау нәтижелерін фотосуреттер арқылы анықтаудың дұрыстығына байланысты белгілейді.
Ұшу-түсіру жұмыстарын аэрофототүсіріске дайындалған карта бойынша навигациялық аспаптар көмегімен жүргізеді. Самолетті бірінші маршрутқа шығарады. Командалық аспапқа фотографиялау аралығын және затвордың суретке түсіру шамасын енгізеді, аэрофотоаппаратты жұмыс жағдайына келтіріп, оны белгілі бір бұрышқа бұрады да фотоаппараттың осін вертикаль жағдайға келтіреді. Әр маршрут үшін ұшып-кіру, жарма және шығу бағдарлары болады. Аэрофототүсірілетін учаскеге жақындағанда радио биіктік өлшеуішті, статоскопты және гидротұрақтандырғыш фотоқұрылғыны қосады.
Фототүсіру жұмыстарының шеттерін жобаланған трассадағы су жиналу бассейндерінің орналасу шеттеріне байланысты белгілейді. Аэрофототүсіру жұмыстарының негізгі параметрлерін, мөлшерін және істелу мерзімін заказ беруші белгілейді. Аэрофототүсірістің параметрлерін фотографиялау масштабына 1 : т, аэрофотоаппараттың фокустық қашықтығына f K және маршруттың орнын еске алып аэросуреттердің өзара берілген бойлық және көлденең қайта жабылуына байланысты анықтайды. Аэрофототүсірті жабдықтарын іріктеп алу және параметрлерін есептеп шығаруды заказ берушімен бірге ұшу-түсіруші отряд трассаның картада белгіленген әр маршруттың фотографиялау жазықтығының орта орнына немесе жер төсемінің негізгі үйінділері мен жазбаларының орналасу варианттарына және трасса ауданына жақын жатқан су жиналу бассейндеріне байланысты жасайды.
Маршруттың шектес аэрофотосуреттерінің өзара бойлық қайта беттесуі, ал параллель маршруттарының көлденең қайта беттесуі болады. Жергілікті жердің аэросуреттерінің аттас жалпы кескінделетін учаскелерінің өзара бойлық қайта беттесуі 60%-ке, ал көлденең қайта беттесуі 20-40%-ке тең болады деп қабылданады. Олар аэросуреттің қайта беттесу өлшемінің оның қабырғасының ұзындығына қатынасымен белгіленеді.
Самолеттің бағытын аэрофототүсіріс кезінде өткен жылдардағы түсірістердің фотосуреттерінен жасалынған ұшу картасы немесе фотосхема арқылы анықтайды. Түсірістің картадағы маршрут орнын және негізгі параметрлерін фотографиялаудың орта масштабына байланысты анықтайды, ал ол аэрофотокамераның фокустық қашықтығымен және самолеттің ұшу биіктігімен анықталады.
Трассалау зонасында биіктік өзгерісі едәуір болғанда аэрофототүсіріс бірнеше абсолют биіктіктер немесе трассанын көлбеулігіне параллель учаске сызықтарының бойымен жүргізілуі тиіс. Мұндай жағдайда аэрофототүсіріс тапсырмасында тек қана оның масштабын көрсетіп қоймай, тағы да жобалау жұмыстарының зонасы мен аэрофототүсірістің көлбеу жерлеріндегі аэрофототүсірістің берілген масштабының тұрақсыздану шектері көрсетіледі.
Стереотопографиялық аэрофототүсірісте жер бедерін бейнелеп түсіру фотограмметриялық әдіспен лаборатория жағдайында жасалынады. Ол үшін далада тек қана бірсыпыра контур нүктелердің биіктік белгілерін анықтау қажет, яғни биіктік дайындығын жасау керек; аэросуретте танылған контур нүктелері биіктік тану белгілері деп аталады.
Стереотопографиялық түсірісте биіктік дайындау тірек нүктелерінің биіктік тану белгілерінің биіктігін табудан тұрады, олардың саны және анықтау дәлдігі топографиялық картаның масштабына, жер бедері қимасына, фотограмметриялық өндірудің тәсіліне жэне ұшу-түсіру жұмыстарының сапасына байланысты болады. Нұсқауларда ескертілгендей әрбір екі қайта беттескен аэросуретте төрт биіктік тану белгілерін анықтау керек.
Биіктік тану белгілерін контурдың аэросуретте оңай айырып танылатын ашық жерлерінен таңдайды, өйткені беткейлер мен жер бедерінің тік еңіс жерлерінен ғылыми өңдеу кезінде қателік кетуі мүмкін.
Мүмкіндігінше биіктік белгілерді су иінінде анықтаған дұрыс, мұның өзі жер бедерінің суретін салу жөніндегі одан кейінгі жұмысты нақтылайды және биіктік нүктелерді ғылыми өңдеу әдісімен түсіруге қосымша мүмкіндіктер береді. Аэросуреттерді стереоскопиялық қарау кезінде міндетті түрде биіктік белгілерін тану керек. Таным объектісін нақтылау үшін түйреуден басқа, жергілікті жердің және жер бедерінің элементтерінің қысқаша сипаттамасы жазылады.
Белгілердің биіктіктерін анықтау үшін геометриялық, тригонометриялық немесе барометрлік нивелирлеу пайдаланылады, мұның өзі жергілікті жердің талап етілетін дәлдігіне және физикалық-географиялық жағдайларына байланысты. Аэросуреттерден тікелей фотоплан дайындау мүмкін емес, өйткені олардың масштабтары әр түрлі және жер бедеріне, нормальдан фотоға түсіру кезінде аэрофотоаппараттың оптикалық осінің ауытқушылығы салдарынан бұрмаланады. Оларды бір масштабқа келтіру және бұрмалауды жою үшін трансформациялау жүргізіледі, ол үшін әрбір аэросуретте координаталары белгілі төрт контурлық нүктелер болуы қажет.
Аэросуреттерде танылған жергілікті жердің контурлы нүктелерінің координаталары тірек жүйесі пункттеріне аэротүсіргілерді байланыстыра отырып алынады; далалық суреттерде танылатын нүктелер пландық танымдық белгілер деп аталады. Фотограммометрияның қазіргі заманғы әдістері аэротүсіргілердің сұлбалық нүктелерін трансформациялау үшін қажетті көптеген координаталардың пландық геодезиялық негізін фотограмметриялық топтау жолымен ғылыми өңдеу жағдайында алуға мүмкіндік береді. Далада пландық танымдық белгілердің тек фотограмметриялық желілерді негіздеуге қажет мөлшерін ғана орнатады. Пландық танымдық белгілердің санымен олардың арасындағы қашықтық жасалатын картаның және аэросуреттің масштабына, жергілікті жердің бедеріне, танымдық белгілердің пландық негізіне, оларды орналастырудың фотограмметриялық жиілендіру әдісіне байланысты. Даладағы танымдық белгілердің арасындағы қашықтықтар әр түрлі болады, мысалы, 1 : 5000 масштабты карта үшін-3, 5 км-ден 22 км-ге дейін, 1 : 1 масштабты карта үшін- 1, 5 км-ден 9 км-ге дейін.
Пландық белгілердің координаталарын алу үшін тура және кері белгілерді, теодолиттік жүрістерді және т. б. қолданады. Пландық таным белгілерінің бекітуінің типтік схемалары топографиялық түсіргі жөніндегі тиісті нұсқауларда көрсетіледі.
Аэросуреттерде жердің орналасу жағдайын анықтау үшін жергілікті жердің белгіленген контурларын жергілікті жерден айырып таниды да аэросуреттерге ине шаншып белгілейді. Аэросуреттерді екінші жағынан шаншылған жерді қоршап шеңбер жүргізіп, оның жанынан жергілікті жердің ең жақын контурына қатынасы тұрғысынан таным белгісінің орналасуының сұлбасын жасайды. Оның үстіне, таным объектісін нақтылай түсу үшін сұлбаның жанында тиісінше түсініктеме жазу болады.
Фотограмметриялық жиілік жүйелерін одан әрі дамытудың қажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін контурлық нүктелерді танып-білудегі жіберілетін қателік жасалып отырған топографиялық картаның масштабында 0, 1 мм-ден аспауы тиіс. Пландық таным белгілері ретінде аэросуреттерде анық бейнеленген жергілікті жердің айқын контурларын таңдап алу керек. Пландық танымдық белгілер жергілікті жерде ағаш діңгектерге бекітіледі.
Фотограмметриялық ғылыми өңдеу жұмыстары. Ғылыми өңдеу жұмыстарының міндеті-жергілікті жердің топографиялық планын жасау үшін аэротүсіргілерді біржола өңдеу болып табылады. Бұл жұмыстарға аэротүсіргілердегі бұрмаланушылықтарды түзету, оларды бір масштабқа келтіру, пландардың түп-нұсқаларын жасау және стереотопографиялық түсіру кезінде жер бедерін салу енеді.
Трансформациялау үшін қажетті тірек нүктелері далалық геодезиялық жұмыстар процесінде алынуы мүмкін. Алайда бұл көп енбек пен уақыт жұмсауды талап етеді, сондықтан түсіргіні негіздеу үшін қажетті тірек нүктелерінің шектеулі мөлшерін ғана анықтайды. Тірек нүктелерін трансформациялау үшін қажетті мөлшерде одан әрі жиілендіру ғылыми өңдеу жағдайларында триангуляциялық жүйелерді, аэросуреттерден алынатын бұрыштық элементтерді құрудың көмегімен жасалады. Контурлық нүктелердің жағдайын анықтаудың мұндай әдісі фототриангуляция деп аталады; мұнда нүктелердің орналасу жағдайы планның жазықтығында ғана болса, ол жазықтық, ал нүктелердің орналасу жағдайы кеңістікте ғана белгіленсе, онда кеңістіктік болуы мүмкін. Фототриангуляциялау әдісі аэросуреттің нөлдік бұрмалау нүктелерінен жүргізілген бағыттардың арасындағы бұрыштар жергілікті жердегі сондай бағыттардың арасындағы горизонталь бұрыштарға тең болуына негізделген.
Аэросуреттердің еңкіш бұрышы шағын пландық аэротүсіргіде және биіктіктерінің айырмашылығы аз жергілікті жердің бедері кезінде, нөлдік бұрмалаушылықтардың нүктелерінің орнына түсіргінің басты нүктесін немесе оның жанындағы бұл жағдайда орталық нүкте деп аталатын кез келген контурлық нүкте пайдаланылса, онда іс жүзінде бағыттарда елеулі қателіктер болмайды. Биіктіктерінде үлкен айырмашылықтар бар таулы жер үшін фототриангуляциялық торларды құру кезінде бағыттардың бастамасын надир нүктесі атқарады.
Маршруттық фототриангуляцияны алаңның 55%-тен астамын бойлай қамтыған аэросуреттерден тікелей құруға болады. Мұның өзі әрбір түсіргіде үш мәрте қамту аймағының болуына мүмкіндік береді, соның арқасында сабақтас екі түсіргіде әрбір аэротүсіргінің орталық нүктесі бейнеленеді. Мысалы, С2 нүктесі II түсіргінің центрі I және III түсіргіде бейнеленеді. Әрбір түсіргіде оның орталық нүктесін және көршілес түсіргілердің танымдық орталық нүктелерін инемен шаншып белгілейді және осы нүктелерді жалғастыратын сызықтар базистер немесе бастапқы бағдарлағыш бағыттар деп аталады. С{С 2 , С 2 Сз, С 3 С 4 және тағы басқа сызықтар осындай бағыттар болып табылады. Әрбір түсіргідегі С орталық нүктелері шаншылған жерлер айқын көрінетін 1 жэне 2, 3 және 4 контурлық нүктелерін анықтайды; оларды байланыстырушы нүктелер деп атайды. Содан соң әрбір аэротүсіргінің орталық нүктесінен осы түсіргіде танылған барлық
байланыстырушы нүктелерге бағыттар жүргізеді. Осыдан кейін қағаз бетінде түсіргілердегі барлық базистердің, мысалы, С 1 С 2 базисінің орташа мәніне қарағанда 1-2 см үлкен көлемде бірінші базисті құрады және кальканың көмегімен осы базиске аэротүсіргілерден сол базистің ұштарынан аттас нүктелерге сызылған бағыттарды көшіреді. Мұндай бағыттардың қиылысатын жерлерінде 1 және 2, 3 және 4 т. б. нүктелердін пландық орналасу жағдайы алынады.
Осылайша CjC 2 бірінші базисі түсірілген масштабта бағдарланбаған жазықтық фототриангуляцияның торын алуға болады. Мұндай тор аэросуреттерді трансформациялау және фотопландарды жасау үшін, пландық негіз ретінде пайдалану үшін, оны редукциялау, яғни тиісті масштабқа келтіру және координаталардың қабылданған жүйесіне қатысты тиістісін бағдарлау үшін қажет. Торды редукциялау үшін оның ортасында координаталары жергілікті жерге тиісті геодезиялық өлшеулерден аңықталған ең кем дегенде екі нүкте болуы қажет, мұндай нүктелер әдетте.
4. Аэросуреттерді дешифрлеу
Аэросуреттерді дешифрлеу оларда бейнеленген объектілерді және жергілікті жердің контурларын картаға түсіру үшін танып, айыра білуден тұрады. Өйткені аэросуреттерде қажетсіз ұсақ-түйектердің және сонымен қатар картаға түсірілуге тиісті көптеген маңызды объектілер: өткелдер, көпірлер, құдықтар, байланыс желілері және т. б. көрінбей қалуы мүмкін. Оның үстіне, аэросуреттер бойынша ағаш жыныстарын, жолдарды, батпақтын өтуге болатын тұстарын, құрылыстардың сипатын және т. б. анықтау тікелей қосымша зерттеуді қажет етеді.
Аэросуреттерді дешифрлеу объектілердің және жер контурларының мазмұны мен сипаты туралы түсінік беретін айқын белгілерге негізделген. Бұл белгілер-бейненің пішіні, көлемдері мен өңі. Аэросуреттерде бейнеленген объектілер мен контурлардың пішіні олардың дешифрлеу кезінде ең бір сенімді белгілері болып табылады. Мысалы, кескіннің пішіні арқылы өзендер мен тауларды оңай табуға болады. Дешифрленетін объектілердің өлшемдері пішінімен қатар аэросуреттердегі кескіндер туралы біздің түсініктерімізді толықтырады және ажыратудың сапасын жоғарылатады. Аэросуреттерде жасанды құрылыстар тікбұрышты жол сияқты созылған сызықтар түрінде кескінделеді, сондықтан оларды дешифрлеу кескінінің өлшемін есепке алғанда едәуір жоғарылайды. Объектілердің суреттегі еңі басқа белгілермен қатар аэросуреттерді айыруға қосымша мүмкіндіктер туғызады, себебі олар түсірілген объектілердің спектральды шағылдырғыштық қабілетін сипаттайды. Суреттің өңі жергілікті жердің топырақ-өсімдік жамылғысын, әсіресе орманды массивтерді танып білу үшін ерекше маңызды.
Суреттерді дешифрлеуді жеңілдетудің қосымша белгілеріне объектілердін көлеңкелері, олардың биіктігі мен өзара байланысы жатады. Көлеңкенің өлшемі және құрылыстың биіктігі туралы тұжырым, оның нақты өлшемі жөнінде түсінік береді. Жолдың өзенмен қиылысқан жері көбінесе көпірдің немесе өткелдің бар екенін көрсетеді.
Аэросуреттерді дешифрлеудің дәлдігін арттыру үшін оларды стереоскоппен қарайды да, кескінделген объектілердің ұзындық өлшемдерін өлшейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz