Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ҚР ҰБ несиелік нарықтың жай-күйіне тоқсан сайын жүргізетін зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, банкретдің несиелік саясатты жұмсарту себептерінің бірі сапалы заемшылардың тапшылығы болып табылады. Екішіден, қазақстандық ірі банктердің бірі - БТА Банкін қайта құрылымдау - қазақстандық банк жүйесінің болашағында айқындық болмау кезеңінің аяқталғанының белгісі болды және осы арқылы банктердің тәуекелге тәбетін ұлғайтуға ынталандырды.
2010 жылы банктерден алынған ақпарат бойынша несиелік ресурстарға корпаративтік сектор тарапынын да, сол сияқты жеке тұлғалар тарапынын да сұраныстың өскені байқалады. Бұл ретте, егер ірі және шағын бизнес тарапынан несиелік ресурстарға сұраныстың төмендегені байқалса, орташа бизнес тарапынан ұлғаю байқалады. Ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныстың төмендеуі банктердің қатаң несиелік саясатымен, сондай-ақ банктердің негізінен айналым қаражаттарын қаржыландыруға және қазіргі борыштарды қайта құрылымдауға қысқа мерзімді кредиттер берумен түсіндіріледі, оның салдары ретінде көптеген ірі кәсіпорындар өз ресурстарын пайдалануды артық санайды. Банктердің ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуды қаламауы екі негізгі фактормен түсіндіріледі - сапалы заемшылардың және жобаларды несиелеу үшін ұзақ мерзімді ресурстардың жетіспеуі.
Дағдарыс неғұрлым елеулі теріс салдарларының бірі несиелік портфель сапасының төмендігі болып қалуда, оның себебі несиелік тәуекелдерді негізінен 2009 жылы - 2010 жылдың басында материалдандыру болып табылады. Несиелік портфель сапасының төмендігі және салыстырмалы түрде алғанда тәуекелдің жоғарғы деңгейі банктердің несиелік белсенділігін тежейтін факторлар болып қалуда. Сонымен бір мезгілде 2010 жылдың үшінші тоқсанының нәтижелері бойынша банктердің несиелік белсенділігінің бірқатар жандануы байқалады, оған негізгі себептердің бірі БТА Банкін қайта құрылымдаудың табысты аяқталуы болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қазiргi кездегi коммерциялық банктiң қызметiндегi несиелiк саясаттың рөлiн айқындаудан және оны үнемi жетiлдiру қажеттiлiгiнен тұрады. Банктер үнемi өзiнiң несиелiк саясатын нарықтық жағдайлардың өзгерiсiне байланысты қарастырып отыру қажет.
Осы аталған мақсатқа сай алдымызға мынандай мiндеттердi қойдық:
- несиелік саясат туралы түсінік беру, несиелік саясаттың элементтерін нақтылау;
- коммерциялық банктердің пайдасын құрудағы несиелік саясаттың алатын орнын анықтау;
- коммерциялық банктің несиелік портфелінің сапасына талдау жасап, оны басқаруыда мақсаттарын анықтау;
- несиелік портфельдің сапасын жақсарту жолдарын сипаттау;
- несие саясатының өзгеруі және несие портфелінің сапасын талдау;
- банк секторының несиелік белсенділігін айқындайтын факторларға және
несиелік тәуекелдерге баға беру;
- банктердегі несиелік саясаттың шетелдік тәжірибесімен таныстыру;
- Қазақстан Республикасының екiншi деңгейiндегi банктердiң несиелiк саясатын жетiлдiру жолдары.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы несиелік саясаттың нәтижесі ретіндегі коммерциялық банктер мен несие алушылар арасындағы қатынастар.
Зерттеу обьектiсi болып екінші деңгейлі банктердің несиелiк саясаты алынды, ал зерттеу мәселесi ретiнде несиелiк саясаттың мазмұны мен оны жетiлдiру жолдры қарастырылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу процесінде статистикалық, экономикалық, ғылыми-техникалық материалдар және тақырыпқа қатысты барлық жарияланымдар пайдаланылды.
Жұмыстың мазмұнын ашуда теориялық әдістемелік негіз ретінде шетел және отандық экономист ғалымдардың еңбектері және т. б. сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативті құқық актілері, ғылыми әдебиет, кезеңдік басылым материалдары мен жинақтары қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаналығы:
- коммерциялық банктердің несиелік саясат тиімділігін арттыру бағытының теориялық аспектілері қарастырылды;
- несие саясатының өзгеруі және несие портфелінің сапасын талданды;
- банк секторының несиелік белсенділігін айқындайтын факторларға және несиелік тәуекелдерге баға берілді;
- қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясат тиімділігін арттыру бағыттары айқындалды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеулер коммерциялық банктерде несиелік саясатты қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге, жүргізілетін несиелік операциялардың көлемін келешкте кеңейту үшін алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшін маңыздылығы мен салдарын анықтауға несиелеу процесінде туындайтын тәуекелділік деңгейін төмендету жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың құрамы. Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды, үш тарау мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясат тиімділігін арттыру бағытының теориялық аспектілері
1. 1 Коммерциялық банктердiң несиелік саясаты және оның негізгі мазмұны
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында алғанда, несиеліқ саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратеғиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын белгілейді [1, 4-8 беттер] .
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуы тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиеліқ саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкiндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жүмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын [2, 6 бет] .
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің кешенді үйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ежелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін кұрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік кабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық иновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиеліқ саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеғен несиелік қызметкерлердің кұзыретін сақтауға бақылау жасау; банктiң несиелiк портфелiнiң жағдайына және оның iшiнде проблемалық несиеге койылатын жалпы бақылау) [3, 45 бет] .
Iшкi несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялык мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң соның негізінде банк кызметкерлерінің қажеттi несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нүсқаулықтары жасалады.
Несиелік нұсқаулықтар мен стандарттарды жасаудын бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты жане соған сәйкес нұсқаулыктарды бекітеді.
Несиелік саясат нссиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлык несиелердің несиелік кұжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін [4, 72 бет] .
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитетің шешетін мәселелері мынадай:
- несие алуға берген клиенттін өтінішін және несиелік кызметкердiң несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін аныктап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені кайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шарттарын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктін несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінін хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргiзедi.
Несиелік саясатта карыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуеклдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды каржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс [5, 44 бет] .
Банк қызметкерлерiн несиелік саясатпен таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұскаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудін негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтiң басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады.
Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді басқару;
- несиелеуге бақылау жасау;
- құзыретті бөлу принциптері;
- несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
- несиелеудін жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардын принциптері;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Iс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш кұжат түрінде көруге болады:
- несиелеу саясаты;
- несиелеу стандарты;
- несиелеу нұскаулыктары.
сондай-ақ аталмыш үш кұжат ерекше бір қүжатта - «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын белімшелер жұмыскерлерінің кызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік кызметті жүзеге асыратын барлык қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
- карыз алушының каржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен камтамасыз етілуіне койылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- кұжаттардың толтырылуына койылатын талаптар;
- несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалык немесе тұтыну несиелері бойынша) .
Барлық банктер бойынша қүжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі кұжаттар үлгілсрі жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т. б. жатады.
Несиелік нүскаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритмін анықтайтын іс-әрекеттер кезегін суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік кызметтің нақты бір бағыттарына жатады. Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік кабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мұмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезендері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
- несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің кызметкерлері үшін аныктама материал және нұскаулық ретінде болу;
- несиелік бөлімдердін жетекшілері үшін несиелік нұскаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау кұралы;
- несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерiнiң тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
- коммерциялық банктердің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.
Несие саясатының бірқатар элементтері несие саясатының түрлері туралы айтуға мәжбүрлейді. Несие саясатының түрлері туралы мәселе тың, жаңа отандық және шетелдік экономика әдебиетінде егжей-тегжейлі қарастырылмаған. Сол себепті ол жөнінде толық мағлұмат берейік. Комерциялық банктің несие саясаты төмендегідей жіктеледі.
Несиелік саясат түрлерін сыныптамалаудың негізінде түрлі критерийлер жатыр. Бұл жерде ұсынылған сыныптаманың жалғыз еместігін атап өткен де маңызды. Өзге критерийлерге қарай несие саясатының басқа да түрлерін топтастыруға болады.
Несиелік саясат банктердің ең алдымен банк пен оның клиенттері арасындағы қарым-қатынасты реттеуіне, басқаруына, ұтымды ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қайтарымды негіздегі ресурстарды тартуға және оларды банк клиенттерін несиелеу үшін инвестиция жасауға қажет. Бұл жерде банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың негізі де несиелік саясат екенін атап өткен жөн.
Несиелік саясат агрессиялық, дәстүрлі және классикалық болып келеді. Несиелік саясат түрін таңдау кезінде банк алдымен өз капиталын өсіруді, табысын көбейтуді көздейді, онда сан қырлы стратегия жатуы мүмкін (кесте 1) .
Кесте 1
Коммерциялық банктің несие саясатының критерийлері бойынша жіктелуі*
Заңды тұлғаларға қатысты саясат
Халықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты
Тұтыну несиеін ұсыну бойынша
Мемлекеттік несие бойынша
Ипотекалық несие бойынша
Банк несиеі бойынша
Халықаралық несие бойынша
Қысқа мерзімді несие бойынша
Ұзақ мерзімді несие бойынша
Агрессивті несие саясаты;
Дәстүрлі, классикалық
Мақсатты несие ұсыну бойынша
Мақсатсыз несие ұсыну бойынша
Ақша рыногында
Қаржы рыногында
Капитал рыногында
Банк жүргізетін несие саясаты:
Жергілікті, аймақтық деңгейде
Ұлттық деңгейде
Халықаралық деңгейде
Несие берудегі несие саясаты;
өнеркәсіп кәсіпорны (ауыр, жеңіл, тамақ өнеркәсібі) ;
сауда ұйымы;
құрылыс ұйымы;
көлік кәсіпорны;
ауыл шаруашылық ұйымы;
өткізу-жабдықтау ұйымы;
байланыс кәсіпорны және т. б.
Қамтамасыз етілген несие беру бойынша
Қамтамасыз етілмеген несие беру бойынша
Төмендегідей несие берудегі саясаты:
-стандартты несие
жеңілдікті несие
проблемалық несие (жоғары пайызбен)
Қалдығы бойынша несие бергенде
Айналымы бойынша несие бергенде
*Дерек көзі: Автормен құрастырылған
Осы айтылғандарды қорытындылай келе мынадай анықтама беруге болады. Несиелік саясат - банктің өз клиенттеріне несие беру жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір уақыт аралығында өз стратегиясын жүзеге асыру үшін жасаған шаралар жүйесі. Несиелік саясат несиеті реттеу жұмысының негізі ретінде, біріншіден, несиелік қарым-қатынастарды дамыту барысындағы басым бағыттарды, екіншіден, несие жетіктерінің жұмыс істеуін анықтайды.
Түрлеріне қарамастан банктің несие саясатының ішкі құрылымы болады. Біздің пікірімізше, комерциялық банктегі несие саясатының негізгі элементтері мыналар:
- несиелік процестің негізгі бағыттарын әзірлеу жөніндегі банк стратегиясы;
- несие беруді ұйымдастыру жөніндегі банк тактикасы;
- несиелік саясаттың орындалуын бақылау.
Шетелдік экономикалық оқулықтарда несиелік процесті ұйымдастырудағы банктің стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік беретін несиелік саясат бойынша құжат әзірлеу (меморандум) жиі ұсынылады.
Мысалы, Дүниежүзілік банктің «Банк ісі және инвестицияны қаржыландыру» (Н. Бруктің редакциясымен) деген басылымында несиелік саясат бойынша басшылыққа алатын құжат жасауды ұсынады. Онда несие бойынша көрсетілетін құжаттама және несие бөлімі қызметкерінің міндеттері анықталады. Біздің ойымызша, мұндай жұмыстың аясы тар. Бұл жерде банктің несиелік саясаты несие жұмыстарын ұйымдастырудың тактикасы мен ғана шектеледі. Жоғарыда келтірілген ұстанымға қарағанда комерциялық банктегі оңтайлы несие саясатын жасаудың теориялық моделінің негізгі ережелерін қалыптастыру қажет болып көрінеді.
Несиелік саясаты әдістемелік тұрғыда оңтайландырудың отандық және әлемдік тәжірибесін, талаптарын ескере отырып, комерциялық банктегі несиелік саясатты қалыптастырудың төмендегідей нұсқасын ұсынуға болады:
- несиелік саясаттың жалпы ережелері мен мақсаттары;
- несиелік операцияларды басқару аппараты және банк қызметкерлерінің өкілеттілігі;
- несиелік келісім-шарттың әр түрлі кезеңдерінде несиелік процесті ұйымдастыру;
- банктік бақылау және несиелік процесті басқару.
Несиелік саясатты қалыптастыру және несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы әдістемелік міндетті талаптардан туған бұл теориялық модельді біз комерциялық банктегі несиелік саясатты оңтайландырудың қажеттілігіне байланысты ұсындық. Біздің ойымызша, мұнда комерциялық банктің несиелік саладағы стратегиясын анықтайтын «Несиелік саясаттың негізгі ережелері мен мақсаттары» болу керек. Одан кейінгі бағыттар банк қызметкерлерінің несиелік операцияларды басқару жұмысында банктің тактикасын анықтайды, банктің нақты операцияларын және клиентпен арадағы келісім-шарттың ұйымдастырудың жолдарын нақтылайды, несиелік процесті бақылау және басқару шараларының жүйесін белгілейді. Несиелік саясатты қалыптастырудың теориялық моделінің әрбір бағыты өзара тығыз байланысты және несиелік саясатты қалыптастырып, несиелік процесті ұйымдастыруда міндетті болып табылады, ұтымды несиелік саясаттың мәнін ашу үшін қажет.
Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік құралдарды таңдаудың басым бағыттарымен, екіншіден, банк қызметкерлерінің практикалық іс-қимылын белгілейтін және осы басым бағыттарды өмірге енгізетін нормалармен, ережелермен анықталады. Бұл жерде тәуекелді (оның ішінде несиелік) басқару қабілеттілігі нақты несиелік келісімдердің шарттарын жасаумен айналысатын банк басшылығының бөліктілігіне және қызметкерлердің сыныптамалық деңгейіне байланысты [6, 24-28 беттер] .
Жалпы, несиелік саясат стратегиясы нақты банктің несие нарығындағы басым бағыттарын, ұстанымдары мен мақсаттарын көздесе, ал тактикасы - несиелік келісім жасау, несиелік процесті ұйымдастыру кезінде осы банктің жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданатын қаржылық және басқа құралдары. Сөйтіп, несиелік саясат банктің несиелік бөлімшелеріндегі тиімді жұмыстың қажетті алғышарттарын жасайды, қызметкерлердің күш-қуатын біріктіріп, ұйымдастырады, қателіктер мен тиімсіз шешім қабылдаудан сақтандырады. Несиелік саясаттың элементтері несиелік саясаттың ұйымдастыру нысандарында, яғни оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерінде нақты қолданылады.
1. 2 Коммерциялық банктердің несиелік саясатының құру қағидалары
Банктердің несиелік саясаты және стратегиясы. Қазіргі нарықтық экономиканың дамуы жағдайында, Қазақстандағы банк жүйесін реформалау, заңды және жеке тұлғаларды несиелеу мәселесі екінші деңгейдегі банктердің өз несиелік саясатына сай жүргізіледі.
Несиелік саясат - банктің жалпы даму стратегиясының ішінде несиелік қызметті ұйымдастырудың негізін қалайды. Несиелік саясатты несиелік процестің жүргізілу тәртібі мен ұстанымдары, оны іске асыру әдістері, сонымен қатар осыған сай құжаттамаларға қажетті шарттар анықтайды. Банктің ішкі несиелік саясатының мақсаты - өз мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету, несиелік операцияларды жүргізгенде тәуекелдерді азайту [7, 33 бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz