Ойынның психологиялық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1. Ойын іс-әрекетінің балаларға психологиялық әсері

2. Ойынның теориялық мәні

3. Ойынның психологиялық негіздері

4. Психологиялық ойындар

  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, психология ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Психологияны дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.

Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, баланың ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттігі. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Баланың психологиясында сапалы өзгерістер туғызады. «Ой-ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін, тәрбиешілердің, жалпы ұстаздардың қолданатын басты әдісі ойын болуы керек. Ойынның сабақтағы орны бірнеше факторларға байланысты: баланың дайындығына, меңгерілетін материалға, сабақтың мақсатына. Ойынның нәтижесіне жету тәрбиешіге байланысты. Тәрбиешінің балаға деген сенімі, көзқарасы дұрыс болса, олар ойынды ғана емес, басқа да жағдайларда өздерін көрсете алады.

Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт»-дейді Е. А. Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.

1. Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттейді.

Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылды:

Міндеттері:

  1. 1. Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
  2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
  3. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
  4. 4. Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.

Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиял деңгейі, балабақшада тәрбиеленбейтін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиял деңгейлеріне қарағанда жоғары.

Балабақшада ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті онда тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиял деңгейінің жоғары болуының алғы шарты.

2. Ойынның теориялық мәні:

Ойын іс-әрекет туралы Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес психологтарының теориялары кеңінен қарастырылады. Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті туралыК. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, К. Бюллер, З. Фрейд және т. б. көптеген зерттеушілер мен ойшылдардың көзқарастары қосып қарастырылады.

Теориялық бөліміне белгілі психолог-мамандардың теориялық ілімдері өз үлестерін қосты. Олар: Л. С. Выготский., К. Д. Ушинский., А. П. Усова., Д. Б. Эльконин. Ерте кезден-ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып білудің белсенді іс әрекеттің, алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте- бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс- әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңінен бастап бала өзін, қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап сезу, байқап тану арқылы емес, тікелей араласып іс- әрекетке көшуін нақты қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі, іс- әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс- әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде- ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған.

Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я. Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк, т. б ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Я. Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді. «Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе соғырлым жақсы ұйыктайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет. »

Я. Коменский «Ұлы Дидактика» еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады. Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек. Ал білім олардың есінде жақсы сақталатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді.

3. Баланың басты психикалық іс-әрекеті - ойын. Төменгі сынып балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын бірден тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгерілгендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта : «Баламен ойнама шаршарсың», «Бала - құлыншақ, бала - ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді», - деп тегін айтылмаған. Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.

М. Жұмабаев бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс.

  1. Психологиялық ойындар

«Кім жоғын тауып ал»

Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенің тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып дәл осылай қиялдаңыз немесе ұйықтар алдына тіпті күні бойы осылай армандаңыз».

«Бірге ән айту» жаттығуы.

Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап дөнгелене тұрады да, ыңылдау арқылы кез - келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте - бірне дөнгелектің ортасына бір - біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана олар бір - біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі - ойыншылардың хормен әндетуі.

Егер тренинг кезінде ойыншылар шаршай бастаса, осы жаттығуды орындату керек.

«Не жетіспейді?»

Бұл ойынды балалар стол басына келгенде ұсынуға болады. Біріншіден, үстөлде сүреттер жатыр не бар, соны зейін қойып, карап алыңыздар және естерінде сақтандар деп ескертуіміз керек Мысалы:

жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ

баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды, балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді» - деген.

7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қаурыт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнасада шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі. Ойын арқылы бала айнала қоршаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді, зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық процестерді біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Осы жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі - оқу- тәрбие жұмысының нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемі.

Ойын оқушылар сабақтан жалыққан кезде олар сергітіп, сабаққа ынталандыра түсу үшін пайдаланылды.

Осы ойын түрлері « не үшін қажет?» деген сұраққа атақты психологтер өз енбектерінде былай деп жауап береді:

1- ден, «ойын мінез -құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д. Б. Эльконин.

2- ден, әйгілі психолог А. Н. Леонтьевтің айтуы бойынша, ойын іс - әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылад

Ойыншылардың шаршағанын басу.

Ойыншылардың бұлшық еттерін босаңсытып және психотехникалық демалысты ұйымдастыру үшін әр түрлі жаттығулар жасалғаны жөн. Мысалы, «Баспана» жаттығуын жасауға болады.

«Баспана» жаттығуы.

Тренингке қатысушылар орындықтарына жайғасады, олар денелерін бос ұстап, көздерін жұмады. Жағымды, жай дауыспен психолог былай дейді: «Сіздің қай кезде де жата кететін жайлы баспанаңыз бар делік. Мысалы таудың етегінде лашығыңыз бар деп есептеңіз және оны сізден басқа еш жан білмейді. Ойша осы жерді суреттеңіз. Сіз ол жерде демала аласыз, музыка тыңдайсыз және досыңызбен әңгімелесе аласыз. Сіз барлық мәселелер мен қиындықтарды ойламай демалғаңыз келген кезде

Осыдан кейін жазуын ішіне қаратып орап, билетті пакетке салады. Психолог билеттерді араластырады. Топ дөңгелене отырады, ал билеттер салыңған пакетті орындыққа қойып, орындықты дөнгеленген ойыншылардың ортасына қояды. Жүргізуші пакеттен билет суыратын ойыншыны таңдайды. Ол пакеттен билетті суырып алып оқиды да, сол билеттегі қасиеттер кімге лайық болса сол адамға билетті ұсынады. «Сыйлыққа» ие болған ойыншы да билетті оқып, «сыйлықты» берген ойыншыға алғысын білдіреді де, өзі билет суырады. Сол билетке лайық адамға билетті ұсынады. Ойын осылайша жалғаса береді. Ойыншылардың билетте көрсетілген қасиеттерді іштей оқымауын психолог қадағалаған жөн. Осындай жағдайда ғана ойын тартымды әрі қызықты болып өтеді. Ойын шусыз, тыныш өтсе де өте қызықсыз болады. Сонымен қатар «сыйлықты» айналдырып 2-3 адамға бере беруге болмайды.

Себебі өзге ойыншылардың іштері пысып, өздерін қажетсіз сезіне бастайды.

3- ден, «ойын мінез -құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д. Б. Эльконин.

Ойын элементерін қолдану

Төменде ұсынылатын жаттығулар ойын құрамдастары мен белсенді тындау техникалары арқылы, тиімді қарым - қатынас тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Ұсынып отырған оқу құралы білім беру үйымдарының әдіскерлеріне, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектеп психологтарына, арналған.

«Әйнек арқылы ойыны»

Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым - ишарамен, мимикамен келесі адамдарға жеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және жазылған мәтіннің

сәйкестік денгейі қарым - қатынас орната білуге болады.

«Пікір - талас» ойыны.

Топ «үштікке», яғни, үш -ұштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі. Қатысушылардың біреуі «керең және мылқау» рөлін ойнайды: ол ештене естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның қатысушы құзырында көру, ым - ишара, пантомимика бар, екінші қатысушы «керен және сал адамның» рөлін ойнайды: ол сөлей және көре алады; үшіншісі: «соқыр және мылқау». Ол тек естуге және көрсетуге қабілетті. . барлық үштікке ұсынылатын тапсырма:

кездесу орны, уақыта және мақсаты жайында келісу.

«Карусель» ойыны.

Топ мүшелері «карусель» принципі бойынша, яғни, бір - біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал, сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.

Ситуация мысалдары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Бала психикасының дамуына ойынның әсер етуі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Дидактикалық ойынның бала дамуына ықпалы
Ойын феномен ретінде.ойынның психологиялық негіздері
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Балада ойын әрекеті және оның түрлері
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту
Баланың дамуындағы ойынның әлеуметтік–педагогикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz