Дефектология


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Дефектологияның салалары
  2. Сурдопедагогика
  3. Тифлопедагогика
  4. Олигофренопедагогика
  5. Логопедия
  1. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Дефектология (лат. defectus - жетімсіздік және гр. λόγος - ілім) - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.

Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т. б. ) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.

Дефектология невропатология, генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-да Дефектология жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының , Киев педагогика және психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады.

Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика - мылқау балаларға, тифлопедагогика - зағип балаларға, олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.

1. Сурдопедагогика - мылқау балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Оған құлағы нашар және мүлде естімейтін балалар кіреді. Оларға білім беру барысында қолмен сөйлеу құралы кіреді. Әріптерді қолмен көрсету түрі:

2. Тифлопедагогика - педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған (зағип) балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Көру қабілеттері төмен немесе мүлде көрмейтін балалар ерекше тәрбие мен білімді талап етеді.

Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидактикалық оқыту принциптеріне, көру қабілетінің кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды.
Тифлопедагогика ғылымының міндеттері: көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиникалық тұрғыдан зерттеу.

Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат - өмірлік тәжірибесі мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеум. дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотех. жабдықтар, т. б. жатады.

Көру кемістігі бар жандар үшін оқу құралы:

3. Олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.

Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ гасыр басына катысты.

Олигофренопедагогика мазмұны болып табылатыны:

1. балалардағы ақыл-ой қалып қойғандық мэні, аномалды баланың ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық зерттеудің жолдары мен құралдары туралы ілім;

2. ақыл-ой дамуынан қалып қойған баланы оқытудың теориясы (дидактика) ;

3. көмекші мектептердегі ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды оқытудың гылыми негіздемесі;

4. мектеп курсының пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып қойган балаларды білім мен дағдыларға оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі;

5. ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларда еңбекке с2тті енгізуі мен социалистік жатакхананың ережелерін орындауына қажетті жа5ымды өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістердің негіздемесі.

4. Логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.

Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды.

Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді.

Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі.

Қорытынды

Дефектологияның - арнайы педагогиканың міндеті - жүйелі түрде балалар дамуындағы ақауды, кемшілікті жою, реттеу, коррекциялау, танымдық, қимыл қозғалыстық, және бастың кемшіліктерін реттеу саласында жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология ғылымы
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дефектология жеке ғылым саласы ретінде
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы мекемелер
Дефектология пәнінің негізі
Дефектология ғылымына жалпы түсінік
«Дефектология және логопедия негіздері»
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Балалардың дыбыс айту ерешеліктері
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz