Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Ақша қаражаттар есебін жүргізудің маңызы мен қызметтері ... ... ... .. 6
1.2 Ақшалай қаражат: қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай
қаражатты түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ. АҚША ҚАРАЖАТТАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1 Касса операцияларының есебі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі ... ... ... ... 22
2.3 Валюталық операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.4 Қаржылық есепкерлікте ақша қаражаттарының есебін ашып
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
КІРІСПЕ

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды, тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек, ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады.
Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады.
Егер де мміле сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептілік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлері жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік техноогиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 4 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда адам еңбегінің нәтижесі - өнім. Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз, сату және сатып алу жолымен айырбасқа арналған формасы. Осылардың нәтижесінде ақша пайда болады. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама ролін атқару.
Ақша қаражаттар қозғалысының есебінің мақсаты:
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын дұрыс, уақытылы есепке алу. Бұл мақсатты орындау үшін, курстық жұмыста келесідей тапсырмалар қойылып белгілі дәрежеде шешіледі.
- Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы;
- Ақша қаражаттар есебін жүргізудің маңызы мен қызметтеріҢ
- Ақшалай қаражат: қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу;
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы заң (Салық Кодексі)
2. Стандарты бухгалтерского учета Республики Казахстан, (№ 4) Алматы, 2001г.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы заң
4. Бабич А.М., Павлова Л.Н. «Денежное обращение» Москва, 2000г.
5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А, Пласкова Н.С. «Международные стандарты учета и финансовой отчетности» Москва, 2005г.
6. Вводный курс по МСФО. Отчет о движении денежных средств. Модуль 5 // Евразийский вестник аудитора // №12, 2003г.
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» Алматы, Экономика, 2001ж.
8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы, Экономикс, 2003ж.
9. ҚЕХС бойынша шоттар жоспары // Бухгалтер бюллетені // №3, қаңтар, 2006ж.
10. Міржақыпова С.Т. «Банктердегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2004ж.
11. Мәжітов Д. «Ақша айналысы – экономиканың айнасы» // Егемен Қазақстан // 15 желтоқсан, 2004ж.
12. Мырзабеков Ш. «Ақша – экономиканың қан айналымы» // Егемен Қазақстан // 19 мамыр, 2004ж.
13. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2005ж.
14. Нурсеитов Э. «МСФО 7, Отчеты о движении денежных средств» // Файл бухгалтера // №41 (138), 7-13 октября, 2003г.
15. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003ж.
16 Төлешова Г.Қ. «Дамыған қаржылық есеп» Алматы, Экономика 2005ж.
17. Толешова Г.К. «Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами», часть 1, Алматы, 2004г.
18. Хегай И.В. «Дисконтирование денежных потоков для целей учета» // МСФО // №4, 2003г.
19. Черемицына «Приложения №41, 42 Отчет о движении денег» // Бюллетень бухгалтера // №4, 5, январь, 2006г.
20. Насырова М.Р., Тоқсанбай С.Р., Құлпыбаев С.Қ., Гуляева С.П. «Қазіргі экономикалық орысша – қазақша түсіндірме сөздік, анықтамалық» Алматы, 2003ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І. Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы

1. Ақша қаражаттар есебін жүргізудің маңызы мен қызметтері ... ... ... .. 6
2. Ақшалай қаражат: қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай
қаражатты түгендеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..8

ІІ. Ақша қаражаттармен есеп айырысу

операцияларының есебі жӘне түрлері
2.1 Касса операцияларының есебі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар
есебі ... ... ... ... 22
2.3 Валюталық операциялар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4 Қаржылық есепкерлікте ақша қаражаттарының есебін ашып
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...32

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..35

Кіріспе

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет
жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік
құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Егер де заңды, тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік
көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек, ақшасыз тәртіпте айырысуларды
жүзеге асырады.
Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле
бойынша шартты түрде пайдаланылады.
Егер де мміле сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем
ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір
төлемнің сомасы 4000 айлық есептілік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын
ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен
де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып
бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың
кейбір операция түрлері жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға
байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік техноогиялық процестерді
заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап
етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып
көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп 4 бухгалтерлік есеп
стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол
ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп 7 қаржылық есеп беру
стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге
дейінгі салымдар кіреді.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда адам
еңбегінің нәтижесі - өнім. Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі –
тауар. Тауар дегеніміз, сату және сатып алу жолымен айырбасқа арналған
формасы. Осылардың нәтижесінде ақша пайда болады. Ақша деген тауардың
жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен
тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар немесе ақша деген тауар өндіру мен
оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар,
оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама ролін атқару.
Ақша қаражаттар қозғалысының есебінің мақсаты:
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын дұрыс, уақытылы есепке алу. Бұл
мақсатты орындау үшін, курстық жұмыста келесідей тапсырмалар қойылып
белгілі дәрежеде шешіледі.
- Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы;
- Ақша қаражаттар есебін жүргізудің маңызы мен қызметтеріҢ
- Ақшалай қаражат: қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты
түгендеу;
- Ақша қаражаттармен есеп айырысу операцияларының есебі және
түрлері;
- Касса операцияларының есебі және түрлері;
- Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі;
- Валюталық операциялар есебі;
- Қаржылық есепкерлікте ақша қаражаттарының есебін ашып көрсету.

І. Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы

1. Ақша қаражаттар есебін жүргізудің маңызы мен қызметтері

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік есеп
және аудит әдістемесі департаментінің №4 Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есе - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші
бабында: Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі
операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы
ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни
субъектінің қаржы жағдайыңдағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді
делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: Заңды тұлғалар, субъектілер
(банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті
кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (ягни сонымен бірге)
тапсырады делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе
бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысы
түрлі операциялар паңда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма
әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп,
жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару
үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын
жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар
мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне
қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-
қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі
белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай
қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгаятерлік есебін жүргізу мен
оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақы-тылы дер кезінде
есептеу.
2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді
пайдалануды бақылау.
3. Есеп айырысу, төлеу тәрттібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның
немесе фирманың, ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақша тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқарады. Бұл ақшаның
алғашқы қызметі. Ақша ең алдымен қоғамда өндірілген барлық тауарлардың
құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас
құралы қызметін атқарады. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда
болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес қиялдағы
яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі таурадың құнын өлшеу оны ақшаға
айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына
айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Ақшаның тауар
айналысында атқаратын 2-қызметі – айпалыс құралы. Басқаша айтқанда,
тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады.
Сонымен қатар ақшаның келесі қызметі – қор жинау және байлық құру құралы.
Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті
мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әртүрлі жағдайларға
байланысты тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін.
Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері
өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша мөлшерін қосып,
кейде керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Қорыта айтқанда,
ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметі арқылы ұлттық табысты
қалыптастыру, бөлу және қайта бақылау процестері жүреді.

1.2 Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу

Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау;
субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік
шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбэсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін
жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері
жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне
қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей
байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай
функцияларды орындауы тиіс:
- ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
- қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
- касса тек қажетті қалдықты сақтау;
- кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
- ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
Түсімді бақылау.
1. Ақшалай шығындарды бақылау.
2. Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
3. Кассалық қалдықты салыстыру.
4. Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
5. Кассалық қалдықты салыстыру.
6. Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.
Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар-
жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау санап шығу жолымен
түгендейді. Түгендеу қорытындыларын Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу
актісімен жеке ресімдейді.
Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші
субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес
өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол
билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте
кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа
құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы
жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда)
олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап,
ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден
барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома
жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты
түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытындысы бухгалтерлік есептің
мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің
табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша
бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.

Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу
нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Комиссия ұйым кассасындағы тұрған
ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның
бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы
мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұжым бухгалтериясына
беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу
басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттардың сақталуы үшін жауап беретін
материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық
бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған
материалдарға жауапты (қолма-қол ақшаны, ақшалай қаражаттарды тапсырған
материалдарға жауапты адамға, ақшаны, ақшалай қаражаттарды қабылдаған
материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).
Түгендеуді өткізгенде мыналарды тексеру қажет: кассирмен толық материалдық
жауапкершілік туралы шарт жасалды ма немесе одан Кассирдің міндетемесі
алынды ма, кассаның жарақтандырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын
талаптарға сай ма?
Мысалы. Кассаны түгендегенде 150 теңге мөлшерінде артық шығу табылды, бұл
жағдайда кірістік кассалық ордер жазылады және олар мынандай жазбалармен
рәсімделеді.
1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты шот дебеті
6160 Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табысшот кредиті 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:
- анықталған кем шығу сомасына шығындық кассалық ордер жазылады 2940 Кем
шығу,құндылықты бүлдіру шот дебеті
1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты шот кредиті 5000 тн.;
- кем шығу кассир есебіне қойылды.
1255Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар шот дебеті.
2940 Кем шығу,құндылықты бүлдіру шығындары шот кредиті 5000 тенге;
1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты шот дебеті
- кассирдің кем шығуды өтеуі (кірістік кассалық ордер жазылады)
1255 Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар
шот кредиті
5000 тенге.

ІІ. Ақша қаражаттармен есеп айырысу операцияларының есебі

және түрлері
2.1 Касса операцияларының есебі және түрлері
Банктер үшін қолма-қол ақшаларды басқару қаржы нарығының күрделілігіне
байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық міндеттеріне
кіреді. Сенімділікті қамтамасыз ету (қолма-қол ақшаларды қабылдау, жалған
ақшаларды тану), сондай-ақ иелік ету, нақты валютаны айырбастау және сату
қызметтері несие мекемелерінің міндеттеріне кіреді. Сөйтіп банкте көптеген
төлем тәртіптері жүзеге асырылады. Клиенттер - заңды тұлғалар, кәсіпкерлер
қолма-қол ақшаларды өздерінің есеп айырысу шотына төлемдерді жүргізу
мақсатында салады, ал мысалы, жеке тұлғалар қолма-қол ақшаларды депозиттік
шотқа олар бойынша пайыз (сыйақы) алу үшін салады.
Кассалық операциялар - бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын
қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық
кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын
банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айырысуын
жүргізу бойынша қызмет көрсетуі - бұл кассадан ақшаны беру, қабылдау және
сақтау.
Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999
жылғы 15 қарашадағы №394 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінің кассалық операцияларын жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Олар бойынша келесілер қарастырылған:
- кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
- ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
- ақшаның төлемқабілеттілігін анықтау тәртібі;
- зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою
тәртібі.
Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды өңдеу
және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшелер
құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі
касса және т.б. Банктер банктік зандылықтарға сәйкес кассалық және басқа да
банктік операцияларды жүзеге асыру үшін банк орналаспаған жерден де есеп-
кассалық бөлімшелерді ашуға құқылы.
Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің құндылықтар мен
қолма-қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс және шығыс кассалық
құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім қызметкерлерінің үкімі
негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір кассирді жұмысқа қабылдау
кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жасалады. Жұмыс
күнінің басында операциялық касса кассирлері касса меңгерушісінен аванс
ретінде белгілі бір қолма-қол ақша сомасын алады және жұмыс күні соңында
оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн ішіндегі барлық кассалық
операциялар аяқталғаннан кейін кассирлер бухгалтерия қызметкерлерінің
мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының жалпы сомасын салыстырып,
одан кейін құндылықтар мен қолма-қол ақшаларды ақша қоймасына өткізеді.
Кассалық операциялар бойынша барлық құжаттар банк мекемесінің
бухгалтериясында алдын ала тексерілгеннен кейін кассирлерге түседі.
Клиенттерден банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық
құжаттармен жүргізіледі.
Басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толтырылған кіріс
кассалық құжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді, ол кіріс кассалық
құжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойынша
кассалық журналда ақша сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-
бақылаушыға өткізеді. Өз кезегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық
құжатты қабылдағаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның
растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы
құжатта көрсетілген соманың растығын салыстырады, содан кейін кіріс бойынша
бас журналға қол қойып тіркейді.
Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексергеннен кейін клиентті шақырып, одан
көрсетілген соманы қабылдап алады. Содан кейін құжатта көрсетілген соманы
нақты сомамен салыстырып, сәйкес келген жағдайда кассир құжатқа қолын
қойып, түбіртекке немесе кіріс ордерінің көшірмесіне мөр қойып, оны ақша
салған тұлғаға береді. Егер өткізілген ақша мен көрсетілген сома арасында
сәйкессіздік байқалса, онда өткізілген құжат қайта рәсімделіп, кассалық
журналға өзгерістер енгізіледі. Кассир қолма-қол ақшаны қабылдағаннан кейін
Хабарландырудан түбіртекті және ордер кесіп алады және түбіртекті ақша
енгізушіге береді, ал кассир қолымен расталған ордер ақшаның нақты түсуін
кіріс бойынша кассалық журналда белгілейтін және келесі күні көшірмемен
бірге клиентке берілетін бухгалтерия қызметкеріне бағытталады. Осыдан,
клиенттер шотына енгізілген сомалар бойынша соңғыларға екі құжат ұсынылады
- түбіртек және ордер. Бөлек операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына
түсуі Кіріс кассалық ордерлерді жасау жолымен рәсімделуі мүмкін.
Егер клиент белгілі бір себептерге байланысты ақшаны кассаға өткізбеген
жағдайда, онда кассир көрсетілген соманы касса журналынан сызып тастау үшін
бухгалтер-бақылаушыға кіріс кассалық құжаттарды қайтарады, ал құжаттардың
өзі жойылады.
Жұмыс күнінің соңында кассир кіріс кассалық құжат негізінде бір күн
ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың қалдығы туралы есептілік
анықтамасын жасап, олардағы мәліметтерді нақты қабылданған сомамен
салыстырады. Анықтамаға кассир қолын қояды және онда көрсетілген кассалық
айналым кассалық журналдағы жазбалармен салыстырылады.
Кассир жұмыс күнінің соңында касса меңгерушісіне анықтама және кіріс
құжаттарымен бірге қабылданған ақшаларды буып-түйіп өткізеді. Кассир нақты
құндылықтар мен есептілік құжаттар арасындағы сәйкессіздікті анықтағаннан
кейін касса меңгерушісіне хабарлайды, ал нақты сәйкессіздік бойынша акт
жасалады.
Касса меңгерушісі қабылданған соманы анықтама және кіріс құжаттарымен
салыстырып, қолын қояды. Сонымен қатар жұмыс күні ішінде қабылданған барлық
ақша сомалары операциялық кассаға кірістеліп, сол жұмыс күні ішінде
клиенттердің сәйкес шоттарына есептелуі қажет.
Қолма-қол ақшаларды кірістеген кезде келесі шоттар корреспонденциясы
жасалады:
- Клиент - заңды тұлғадан кассаға ақшаны кірістеу:
Дт 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
- Депозиторлардан ақша қаражаттарын салымның сәйкес шатына кірістеу:
Дт 1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты
Кт 2211, 2223 Клиенттердің салымдары
- Чектік кітапшалардың құнын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
Дт 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Кт 4920 Өзге кірістер
- Қолма-қол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен комиссиялық табыс
түскен кезде:
Дт 1010 кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Кт 4600 Комиссиялық кірістер
Клиенттердің банктік шотынан қолма-қол ақша беру ақшалай чектер және шығыс
кассалық ордерлермен жүзеге асырылады.
Басқа да құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Жоғарыда айтылғандай, касса меңгерушісі шығыс операцияларын жүзеге асыру
үшін кассирлерге қажетті соманы есептеп береді. Одан кейін касса
меңгерушісі операциялық кассада ақша қалдығын тексеруі және күн басындағы
есеп бойынша операциялық кассадағы қолма-қол ақшалар мен басқа да
құндылықтардың есебі кітапшасындағы мәліметтермен сәйкестігіне көз жеткізуі
қажет.
Клиент қолма-қол ақша алу үшін толтырылған кассалық құжаттарды өзіне қызмет
көрсетуші бухгалтерия қызметкеріне ұсынады, ол сәйкес тексеру және рәсімдеу
жүргізгеннен кейін шығыс бойынша кассалық журналда чек сомасын немесе шығыс
кассалық ордерді жазу үшін оларды кассирге, бухгалтер-бақылаушыға өткізеді.
Және клиентке ақшалай чектен бақылау маркасын береді, ал чектің өзін
бухгалтерия қызметкерлері кассирге өткізеді. Шығыс құжаттарын алғаннан
кейін, бухгалтер-бақылаушы келесілерді жүргізуге міндетті:
- банктің ақшалай құжаттарына қол қоюға өкілеттілігі бар жауапты
тұлғалардың қолын растап, тексеру;
- санмен көрсетілген соманы жазбаша көрсетілген сомамен салыстыру;
- клиенттің лауазымды тұлғаларының қолын және олардың растығын тексереді.
Кейін шығыс кассалық құжаттар кассирге өткізіледі, ол келесілерді
тексереді:
- қолма-қол ақша алу кезінде клиенттердің құжаттағы қолын және клиенттің
жеке куәлігін тексереді;
- берілетін қолма-қол ақша сомасын салыстырады;
- кассаға ұсынылатын бақылау маркасының нөмірін ақшалай чектегі нөмірмен
салыстырып, оған бақылау маркасын жабыстырады.
- клиент көзінше берілетін, дайын ақша сомасын қайта есептеп береді және
шығыс құжатына қолын қояды.
Жұмыс күнінің соңында кассир есепке қабылданған қолма-қол ақша сомасын
шығыс құжаттар сомасы және қолма-қол ақша қалдықтарымен салыстырады, содан
кейін бір күн ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың қалдығы туралы
есептілік анықтамасын құрайды, қолын қояды және кассалық айналымды
бухгалтер-бақылаушының кассалық журналындағы жазбалармен салыстырады.
Салыстырып тексеру касса журналында кассирдің және кассир анықтамасында
бухгалтер-бақылаушылар қолдарымен рәсімделеді. Сәйкессіздік анықталған
жағдайда кассир ол туралы касса меңгерушісіне хабарлап, түсінікхат жазып,
нақты сәйкессіздік бойынша акт жасайды. Сол күні кем шыққан ақша сомасын
кассир өзі өтеуі қажет, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда кассир
жетіспеушілікті өтеудің нақты мерзімін көрсетіп міндеттеме толтыруы қажет.
Егер шығыс операцияларын касса меңгерушісі орындаса, онда бір күн ішіндегі
кассалық айналым және құндылықтардың қалдығы туралы есептілік анықтамасы
жасалмайды, ал шығыс бойынша барлық айналымдар бір күн ішіндегі кассалық
айналым туралы жиынтық анықтамаға енгізіледі.
Кассир қолма-қол ақша мен бір күн ішіндегі шығыс кассалық құжаттар қалдығын
есептілік анықтамасымен бірге касса меңгерушісіне қабылданған және
өткізілген ақша есебінің кітабына қол қою арқылы өткізеді. Меңгеруші
тексеріп, есептілік анықтамасына қолын қойып, оны касса күніндегі
құжаттарға тіркеп тігу үшін жібереді.
Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жұмсау үшін келесі бухгалтерлік
жазбалар жасалады:
- Клиент - заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру:
Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Кт 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
- Банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде:
Дт 2854 Банк қызметкерлерімен есеп айырысу
Кт 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
- Несиені қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде:
Дт 1411, 1417 Клиенттерге қысқа және ұзақ мерзімге берілген
қарыздар
Кт 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалар ақша қой-масында
келесілерді тексеруге міндетті:
- сақталатын құндылықтардың, кітаптар мен құжаттардың қоймаға
енгізілуін;
- айналым кассасы мен басқа да құндылықтардың нақтылығы бухгалтерлік есеп
мәліметтері мен құндылықтар есебі кітабында көрсетілген
қалдықтармен сәйкес келуін.
Қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін касса
бөлмесі бөлек орналасып, жабдықталуы керек. Акша коймасы - бұл ақша
қаражаттары және басқа құндылықтар мен құжаттарды сақтау мақсатында
кассалық жұмыс үшін банктерде арнайы ұйымдастырылатын бөлме. Кассалық қойма
есігі ішкі жағынан жабылуы қажет. Әрбір кассирдің жұмыс орны кабиналармен
бөлектенуі қажет. Кассирлердің столы құлыпталатын ұяшықтардан тұруы керек.
Кассирлерді кілтпен құлыпталатын сейфтермен, металл шкафтар немесе арнайы
арбалармен қамтамасыз ету қажет. Кассирлер орнынан уақытша шығып кеткен
кездерінде қолма-қол ақшаларды ашық түрде тастап кетулеріне болмайды.
Айналым кассасының қолма-қол ақшасы сақталатын ақша қоймасы үш кілтпен және
коды бар құлыппен ашылып, жабылады. Құндылықтардың сақталуына жауапты
лауазымды тұлғалар ақша қоймасын ашпастан бұрын қауіпсіздік қызметі
өкілінің қатысуымен есіктің зақымдалмауын, құлыптың ақаусыздығын тексеріп,
одан кейін журналға қолдарын қоюы қажет. Есіктің және құлыптың
зақымдалғандығы анықталған жағдайда, сондай-ақ ақша қоймасына кіруге әрекет
ету күдігі туындаса, құндылықтарды сақтауға жауап-ты тұлғалардың қолдары
қойылып акт жасалады, сонымен қатар банк басқармасының басшысына
хабарлайды.
Ақша қоймасы ішіндегі ақша және басқа да құндылықтар темір тордан тұратын
және құлыппен жабылатын металл стеллаждарда сақталуы қажет.
Ақша қоймасында мына заттар бөлек сақталуы керек:
- операциялық кассаның қолма-қол ақшалары. Сонымен қатар операциялық касса
ақшасы есебінен берілетін алдын ала дайындалған ақша қаражаты
операциялық кассаның басқа құндылықтарынан бөлек сақталуы керек;
- шетел валютасы (чектер);
- алтын, платина және басқа да бағалы металдар;
- басқа да құндылықтар.
Касса меңгерушісі әрбір бөлек шкафтарды, стеллаждарды, сөрелерді кілтпен
құлыптауы керек.
Кассада 7339 Әр түрлі құндылықтар және құжаттар баланстан тыс шотында
есептелінетін ақша қоймасында қатаң есептілік бланкісінің есебі
жүргізіледі. Құндылықтарды қабылдап, өткізу қолма-қол ақша операциялары
сияқты сәйкес құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Олар кіріс және шығыс
баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Банкте жұмыс күні аяқталғаннан кейін клиенттерден ақша қабылдау үшін кешкі
касса ашылуы мүмкін. Кешкі кассаға түскен қолма-қол ақша клиенттердің
шотына келесі операциялық күннен кешіктірілмей есепке алынады. Кешкі
кассалар кәсіпорындар мен ұйымдарға жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз
етеді, бір күн ішінде түскен ақшалай түсімді өткізуге мүмкіндік береді,
банкке ақшаның түсуін жеделдетеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан банк клиенттердің шотына ақша қаражатын уақытында есепке алу үшін
және клиенттерге жағдай жасау үшін ақша айналымын жеделдету мақсатында
сауда және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай түсімін инкассолау
бойынша жұмыстарды орындайды.
Инкассоляу - бұл кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің кассасына қолма-қол
ақша мен құндылықтарды жинау. Барлық банктерде инкассаторлық аппарат,
сонымен қатар құндылықтарды тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары болады.
Ақшалай түсім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің шарты бойынша
инкассоланады. Инкассолау шарты жасалған әрбір ұйымға түсім көлеміне
байланысты реттік нөмірі бар сомалар беріледі. Келісілген уақытта банктің
инкассаторлары ұйымдарды аралап шығады.
Кешкі кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау аяқталған бойда қабылданған қолма-
қол ақшаны кассалық журнал мәліметтерімен немесе кассалық аппараттың
бақылау лентасын кіріс қүжаттарының сомасымен салыстырады.
Келесі күннің ертеңінде қабылданған ақша мен құжаттар касса меңгерушісіне
өткізіледі. Салыстырып тексеруден кейін барлық мәліметтер сәйкес келген
жағдайда, құжаттарды оларды шотта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Қаржылық талдау
Тұтыну қоры, қалыптастыру және пайдалану
Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті
Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары
Пәндер